Компьютер құрылымдары
1 Компьютер
2 Компьютер қалай жұмыс істейді және
қайда қолданылады?
1.3. Компьютерге күтім жасау ережелері және
қауіпсіздік техникасы
1.4. Ақпараттың өлшем бірліктері
1.5. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
1.7. Компьютерді қалай дұрыс қосу және өшіру қажет?
1.8. Қандай компьютер сатып алу қажет?

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және т.б.
Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.
Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін ұсынады.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:
Компьютер
Компьютер сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш, яғни есептеуге
арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының
күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық –
бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы Марк-І
машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы
буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы
электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар
пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық
деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана
қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер
жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және
т.б.
Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға,
өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.
Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер,
мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін
ұсынады.
Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981
жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық
шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында
компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды1.
Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады: үстел үстінде тұратын
(DeskTop), ұтқыр (NoteBook), қалтаға салуға келетін (Pocket PC), алақанға
сыятын (Palm PC) және т.б. (1.1-сурет).
1.2. Компьютер қалай жұмыс істейді және
қайда қолданылады?
Компьютер жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар және
бағдарламалау жүйелерінен құралатын бағдарламалық жасақтама көмегімен жұмыс
істейді.
Жүйелік бағдарламалардың негізгісі компьютердің мәліметтерді өңдеу
жөніндегі барлық жұмысын ұйымдастыратын, компьютердің барлық құрылғыларын
басқаратын, компьютер құрылғылары және адам мен компьютер арасында мәлімет
алмасуды жүзеге асыратын амалдық жүйе (АЖ) болып табылады.
Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын компьютерлер қатарына жатады,
олардың қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал қолданылу аясы кеңейіп келеді.
Дербес компьютерлерді желіге біріктіруге болады, бұл ондаған, тіпті
жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып, бір мезгілде ортақ деректер
қорына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді. Электронды пошта құралдары
көмегімен компьютерлерді пайдаланушылар телефон тораптары арқылы басқа
қалаларға мәтіндік және факсимилді хабарламалар жөнелтіп, ірі мәліметтер
банктерінен ақпарат ала алады.
Компьютерге қажетті бағдарламалық жасақтамалар мен қосымша құралдарды
орнатып, сіз одан өзіңізге жұмыста таптырмайтын көмекші жасап ала аласыз.
Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық
иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде
қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс
үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың
үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар
орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта
даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады.
АКТ қашықтан оқыту, арақашықтыққа қарамастан дүниежүзілік ақпараттық-білім
беру ресурстарына қол жеткізу, мультимедиалық оқыту бағдарламаларын,
виртуалды зертханаларды, оқытуды басқару жүйелерін пайдалану арқасында
оқыту үрдісін қарқындандыру арқылы білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік
беріп отыр.
Компьютерді медицинада қолдану науқастарды тіркеуге, сырқат барысын
бақылауға мүмкіндік беріп, алдын ала қарауды жүзеге асырып, нақты диагноз
қоюға көмектеседі. Intenet желілері дәрігерлерді соңғы ғылыми және
тәжірибелік жетістіктерден хабардар етіп, науқастарға қажетті донорлық
мүшелер жөнінде хабарламалар алмасу үшін қолданылады. АКТ сондай-ақ
медицина қызметкерлеріне тәжірбелік дағдыларды меңгерту үшін де
пайдаланылады.
Ғалымдар компьютерді күрделі және қымбатқа түсетін тәжірибелердің үлгісін
жасау үшін қолданады. Бұндай жобаға кез келген өзгерістерді енгізіп,
нәтижесін монитор бейне бетінен бақылауға мүмкіндік бар. Бұндай техника
виртуалды тәжірибелер жүргізіп, зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеуге
мүмкіндік береді, осының арқасында уақыт та, қаражат та үнемделеді.
Компьютер көмегімен қаржылық есептемелер жүргізу – бұл оның банк ісінде
қолданылуының бір мүмкіндігі ғана. Қуатты есептеуіш жүйелер чектерді өңдеу,
әрбір салымның өзгерістерін тіркеу, салымдарды қабылдау және беру,
несиелерді рәсімдеу және салымдарды бір есеп шоттан екіншісіне, бір банктен
өзге банкке ауыстыруға мүмкіндік береді.
Сауда-саттық ісінде компьютерді қолдану сатып алушылармен есеп айырысуды
жылдамдатып қана қоймай, сатылған және қолда бар тауарлар санын бақылап
отыруға, сатып алушылар, жабдықтаушылар жөнінде автоматтандырылған
мәліметтер базасын жүргізуге және т.б. көптеген жұмыстарды атқаруға
көмектеседі.
Компьютер тұрмыста да көптеп көмек көрсетеді: бос уақытты қызықты етіп
өткізуге, электронды пошта арқылы достармен және туыстармен қатынас
жасауға, Intenet арқасында жаңалықтарға қол жеткізуге, үйдегі бухгалтерияны
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
1.3. Компьютерге күтім жасау ережелері және
қауіпсіздік техникасы
Компьютердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге оған күтім жасау
ережелері көмектеседі:
- компьютерді орналастыратын орын таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары
жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстаңыз;
- мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түспейтіндей етіп
орналастырыңыз;
- монитор бейне бетін арнайы ерітінділермен және арнайы шүберектермен
сүртіп отырыңыз;
- тінтуірдің жұмыс бетін шаң-тозаңнан үнемі тазартып отырыңыз;
- компьютер тұрған жайды күн сайын жинастырып отырыңыз.
Аппараттармен, кабельдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезіндегі
абайсыздық электр тогынан зардап шегуге әкеп соқтырып, жабдықтарды күйдіріп
жіберуі мүмкін.
Сондықтан:
- жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға;
- қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қол тигізуге;
- бейне бетке және монитор мен пернетақтаның сырт жағына қол тигізуге;
- монитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап сияқты заттарды қоюға;
- дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.
Күйген иіс шыққан жағдайда жұмысты дереу тоқтатып, құрылғыларды сөндіріп,
техникалық қолдау орталығына жүгіну қажет.
Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс орнында көзге көрінетін ақаулар жоқтығына көз
жеткізіп алыңыз, көру сызығы бейне беттің ортасына келетіндей, пернетақтаны
еңкеймей пайдаланып, бейне бетке шығарылатын ақпаратты оңай қабылдауға
ыңғайлы болатындай етіп орналасыңыз. Монитор мен пернетақтаны биіктігі
бойынша дұрыс орналастырудың маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрған жағдайда
арқа және мойын бұлшық еттеріне салмақ түсуі салдарынан бас ауыруы мүмкін.
Қарапайым бір қағида бар: монитордың жоғарғы шеті көзбен бір деңгейде
болуы, ал осы деңгей мен бейне беттің орталығы арасындағы бұрыш 15 градусты
құрауы тиіс (1.3-сурет).
1. Арқаңызды тік ұстаңыз. Ежелгі кеңес: құныспай тік отырыңыз деген осы
жерде орынды!
2. Иықтарыңызды бос ұстаңыз, шынтақтарыңыз тікбұрыш жасап бүгілген болсын.
3. Басыңызды сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз.
4. Арақашықтықты сақтаңыз. Көз бен монитор бейне беті арасындағы қашықтық
70 см-ден аз болмауы тиіс. Басқаша айтсақ, сіз қолыңызды алдыға созып,
бейне бетке әрең жетуіңіз тиіс.
5. Орындығыңыздың отырғышы жұмсақ болуы, тізелеріңіз тікбұрыш жасап
бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.
Тінтуірмен жұмыс істеу кезінде:
· Білек түзу болуы тиіс. Ешқашан да үстелдің үстінде білегіңізге
сүйенбеңіз. Білек буындарын бүкпеңіз: ол табиғи қалпында болуы тиіс.
· Тінтуірді күш салып қыспаңыз. Бұл бұлшық еттеріңіздің қажетсіз ширығуына
әкеп соғады.
· Тінтуірмен жұмыс істегенде қолыңызды түгелдей созбаңыз. Тінтуірді еркін
қозғалту үшін жеткілікті бос орын болуы тиіс.
Компьютер алдында күніне 5 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Монитор
алдында жұмыс істеген кезде ересек адамдар әр 1 сағат, ал балалар жарты
сағат сайын үзіліс жасап отыруы тиіс.
Үзіліс кезінде көзіңізді тынықтырып, шаршағаныңызды басуға арналған
жаттығулар жасап отырған жөн:
1. Монитордан теріс қараңыз да, көзіңізді жұмып, ашпай тұрып, 10 рет жылдам
көзіңізді қысыңыз. Көзіңізді недәуір үлкен жиілікпен және амплитудамен
ашуға тырысып, 10 рет жақсылап көзіңізді жыпылықтатыңыз. Ең соңында, қатты
таңғалғандағыдай, 10 рет көзіңізді кең ашып, қабағыңызды түйіңіз.
2. Саусақтарыңызға жылу тарайтындай етіп, алақаныңызды күшпен ысқылаңыз.
Саусақ ұштарымен көздеріңіздің жанында шекеңізді дөңгелете уқалаңыз. Бұлай
еткенде оң қолыңыздың саусақтары сағат тілі бағытымен, ал сол қолыңыздың
саусақтары оған
қарсы қозғалуы тиіс. Жартылай жабық қабақтарыңызды еркін ұстаңыз. Бұл
жаттығулар кешені көзге қызмет ететін бұлшық еттер мен тамырларға әсер
етеді.
3. Тағы бір тиімді жаттығулар кешені мынадай: Терезеге қараңыз. Арқаңыз бен
мойныңызды бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір алыс нүктеге қараңыз.
Терең тыныс алып, назарыңызды мұрныңыздың ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы
да алыс нүктеге көз қадаңыз. Тағы да тыныс алып, қайтадан қабағыңыздың
арасына қараңыз.
4. Қабақтарыңызды жартылай жауып, көздеріңізді жаймен айналдырыңыз. Алдымен
бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарай бес-бестен толық айналым жасаңыз.
Осы жаттығуды 30 секунд бойы орындаңыз.
5. Басыңызды оңға, солға, жоғары, төмен айналдырыңыз. Бірнеше айналым
жасаңыз.
6. Әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар
аударыңыз. Көзіңізді 10-20 секундқа жабыңыз. Ойша суреттің ішіне кіріңіз.
Басында рама шеңберіне салынған көріністерді көзіңізге елестетіп, содан соң
раманы ысырып тастап, сол жаққа серуенге аттаныңыз. Осы бір жақта өзіңіздің
жаныңызға жайлы мекен тауып алып, сол жерге жайғасыңыз. Денеңізді еркін
ұстап, жақсы тыныққаныңызды сезініңіз.
1.4. Ақпараттың өлшем бірліктері
Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және
бейнеақпаратпен жұмыс істей алады.
Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі
ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады.
Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге
енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады, ал сыртқы
құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам
қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы
мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады.
Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, яғни екілік разряд болып табылады,
ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады (иә және жоқ, + және –,
сигнал бар және сигнал жоқ).
Әдетте компьютерлердің әмірлері жекелеген биттермен емес, бірден сегіз
битпен жұмыс істейді. Тізбекті сегіз бит байтты құрайды. Бір байтта 256
мүмкін нышанның біреуінің мәнін кодпен жазуға болады. Бұдан гөрі үлкенірек
ақпарат бірліктері килобайт (Кбайт) – 1024 байт; мегабайт (Мбайт) – 1024
Кбайт және 1024 Мбайтқа тең гигабайт болып табылады.
Компьютердегі сандардың барлығы адамдар үйреніп қалғандай он санның емес,
нөл мен бір санының көмегімен ұсынылады. Басқаша айтар болсақ, компьютерлер
екілік есептеу жүйесінде жұмыс істейді. Сандарды компьютерге енгізіп,
шығаруды адамдар үшін үйреншікті болып табылатын ондық жүйеде де жүзеге
асыруға болады, қажетті түрлендірулердің барлығын компьютердегі
бағдарламалар атқарады.
1.5. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша
түрлі құрылғылардың жиынтығы (1.2-сурет).
IBM PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір
жатады.
Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
- ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық
фотокамера, сызбалық планшет);
- ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер);
- енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем,
дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).
Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды1:
- жүйелік (аналық) тақша*;
- процессор*;
- оперативті жады*;
- тұрғылықты диск*;
- алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі;
- CD және DVD диск жетектері;
- бейнесызбалық бейімдеуіш;
- дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш);
- желілік тақша;
- енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар)*;
- қоректендіру блогы*.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша
арқылы өңделеді (1.4-сурет). Аналық тақша – бұл компьютердің барлық
құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша
мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер
тақшада құрастырылған микро схемалар мен компьютердің басқа құрылғылары
қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла
алады.
Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (central
processing unit, CPU) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access
memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең
бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.
Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік
бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор
баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады.
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу
құрылғысы болып табылады (1.5-сурет).Процессор микросхема ретінде ұсынылған
және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар
бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым
шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц)
өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған
желдеткіш (кулер) орнатылады.
Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory
мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді (1.6-сурет). Кез
келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу
кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама
көлемі талап етіледі.
Бұл тұрғылықты дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қол
жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz