Қылмыстық құқық



Жоспар:

1.Кіріспе:

1.Негізгі бөлім:

2.1 Қылмыстық құқық материалдың құқықтық негізгі саласы ретінде.

2.2 Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.

2.3 Қылмыстың құрамы: қылмыстың обьектісі; қылмыстың субьектісі; қылмыстың обьектік жағы; қылмыстың субьектік жағы.

3.Қорытынды:

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе:
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык катынастардың реггеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет. Заң талаптарын, құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр. Қазақстан Республикасы Конституциясында сәйкес біздің мемлекетіміз демократиялық құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы, құқық қорғау органдарының маңызы ерекше. Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор. Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық құқық, жалпы бөлім/ Алматы – 2001 ж.
2. Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
3. Даубасов Ш. //Қылмыскерді ұстап беру бойынша көп жақты халықаралық құқықтық механизмдерге Қазақстан Республикасының қатысуы/
Хабаршы №2, 2003 ж.
4. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
5. Қазақстан Республикасының қылмыстық – атқару құқығы /Алматы-2002
6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001
7. Лейкина Н.С. // Личность преступника и уголоная ответственность
М. 1995 г
8. Наумов А.В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.
9. Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
және инжиниринг университет

Экономика және құқық институты
Құқықтану кафедрасы

Пәні: Құқық негіздері
Тақырыбы: Қылмыстық құқық

Тексерген: Кулбаева.М

Орындаған: Мо-09-01 тобының

Студенті: Қазбаев.Б.М

Ақтау.2011

Жоспар:

1.Кіріспе:

1.Негізгі бөлім:

2.1 Қылмыстық құқық материалдың құқықтық негізгі саласы ретінде.

2.2 Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.

2.3 Қылмыстың құрамы: қылмыстың обьектісі; қылмыстың субьектісі; қылмыстың
обьектік жағы; қылмыстың субьектік жағы.

3.Қорытынды:

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе:
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы
Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән
берді. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді,
қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік
ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын
желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола
бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі
айқын.Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз
демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады.
Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық
саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык
катынастардың реггеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға
бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет. Заң талаптарын,
құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың
қасиетті борышы.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде
құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды
міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да
жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды
жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан
айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды
жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық -
нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру
міндеттері түр. Қазақстан Республикасы Конституциясында сәйкес біздің
мемлекетіміз демократиялық құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып
табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы,
құқық қорғау органдарының маңызы ерекше. Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның
тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті
зор. Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу,
орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән
- жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір
болып саналады.

2.1 Қылмыстық құқық материалдың құқықтық негізгі саласы ретінде.
Құқық саласы-өздерінің реттейтін біртектес қоғамдық қатынастардың
ортақ болуы арқылы біріккен құқықтық нормалар мен институттардың
бөлектенген тобы.Сондықтан оларды жіктеп,жеке дара дербес топтар-ға
біріктіру қажет.Құқық нормалары объективті түрде топталады,өйт-кені олар
бірінен-бірі өзі ықпал ететін қоғамдық қатынастардың айыр-машылығына
байланысты ерекшеленеді.Бір келкі қоғамдық қатынас-тарға ықпал ететін
институттардың және кейде мүмкін ,жеке норма-лардың да жиынтығы құқықтық
саласы деп аталады.
Мемлекеттік немесе Конституциялық құқық құқықтың жетекші саласы болып
табылады.Бұған мемлекеттің құрылысын,органдар қызметінің принциптері мен
міндеттерін,мемлекет пен адамның құ-қықтарын,бостандықтары мен
міндеттерін,өкіметтің өкілді органдары-ның сайлану тәртібін және тағы
басқаларды реттейтін құқықтық нормалар мен институттар кіреді.Бұл нормалар
Конституцияда қорға-лып,бекітіледі.
Мемлекеттік құқық-құқықтың жетекші саласы,өйткені ол барлық мемлекеттік
және қоғамдық ұйымдастырудың негіздерін бекітеді.
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару органдарын ұйымдастыру және олардың
атқарушы өкім ету қызметінің барысында пайда болатын қо-ғамдық қатынастарды
реттейді.
Қаржы құқығы-мемлекеттің қаржы қызметінің барысында қалыпта-сатын қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық нориаларының жиынтығы.
Еңбек құқығы-жұмысшылар мен қызметшілердің қоғамдық қатынас-тарын,әкімшілік
пен кәсіподақ арасындағы қатынастарды,еңбек дау-ларын қараудың,еңбекшілерді
қартайған шақта және де ауыр-ған,мүгедек болған немесе асыраушысынан
айрылған жағдайда мате-риалдық қамтамасыз ету тәртібін реттейді.
Азаматтық құқық- ауқымы жағынан ең үлкен құқық саласы,ол азаматтардың
арасындағы жеке қатынастарды:мемлекеттік,коопера-ти втік,қоғамдық
ұйымдардың,азаматтардың арасындағы мүлік туралы,сондай-ақ мүліктік емес те
қатынастарды реттейтіннормаларды қамтиды.
Шаруашылық құқық-шаруашылық қызметке басшылық жасаудың және оны жүзеге
асырудың тәртібін белгілейтін,сонымен бірге әр түрлі ұйымдардың және
олардың бөлімшелерінің арасында қалыптасатын шаруашылық қатынастарды
реттейтін және ұйымды әрі нәтижелі шаруашылық жүргізуді қамтамасыз етуге
бағытталған құқықтық нормалар жиынтығы.
Отбасы құқығы-некеге тұрудың шарты мен тәртібін,оны тоқтату-дың
негіздерін,ерлі-зайыптылардың ата-аналар мен балалардың ,асырап
алынғандарымен және басқа туыстардың арасындағы жеке және мүліктік емес
қатынастарды тәртіптейді.
Бұл саланың нормалары қорғаншы мен қамқоршы,азаматтық хал актілерін тіркеу
тәртібі сияқты мәселелерді қамтиды.
Жер құқығы-құқықтың саласы,оның міндеті қазіргі және келешек ұрпақтың
мүдделері үшін жерді ғылыми негізде,ұтымды және нәтижелі пайдалану мен
қорғауды реттеу,оны пайдаланудың тиімділі-гін арттыруға жағдайлар жасау,жер
пайдаланушы ретінде әр түрлі ұйымдар мен азаматтардың құқықтарын қорғау,жер
қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
Қылмыстық құқық-құқықтың дербес саласы,яғни Қазақстан Республикасы заң
шығарушы органдарының пайымдаған,қандай әрекеттердің қылмыс болып
табылатынын және оны жасағаны үшін қандай жазалар болуы мүмкін екендігін
белгілейтін заң нормаларының жүйесі.
Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен
оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау
болады.Мұндай қозғаушы күштер мемлекет-тің құқық шығармашылық ісі ,үстем
таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық
жұмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді.Сондай бола тұрса да
құқық негіздері дегеніміз-қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде
бекітілген жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-
жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді:
• Құқықтық әдеттер;
• Сот прецеденті үлгілері;
• Құқықтық келісім-шарттар;
• Нормативтік құқықтық актілер;

Негізінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынас-тардың
негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел: Қасым ханның қасқа жолы(XV ғ.), Есім ханның ескі жолы(XVI
ғ.), Тәуке ханның Жеті жарғысы(XVIII ғ.).Сонымен қатар қазақ қоғамында
билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық, құқықтық әдеттерін дамытқан.
Сонымен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де
қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады.
Құқық рецеденті-жоғары мемлекет органдары (сот) қабылдаған нақты шешім.
Құқықтық келісім-шарт екі немесе көп жақты өз еркімен жасалған, ресми түрде
бекітілген,мемлекет күшімен қамтамасыз етіле-тін келісім -шарт.
Нормативтік құқықтық актілер-құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде
қалыптасады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана норма-тивтік
актілер арқылы қалыптасуда.Құқықтың нәр алатын бастауы-Қазақстан
Республикасының Конституциясы.Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар
және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.Одан төмен заңдар
ерекше қатынастарды рет-тейді.Одан кейінгі жай заңдар.Конституцияға
өзгерістер мен қосымша-ларды Республикалық референдум немесе парламент
енгізеді.

Мемлекеттің дамуы-мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің,жеке меншіктің пайда
болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс топқа бөлінуінің
туындысы.Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі
ретінде қалыптасатын,қоғам өмірін қалып-тастырудың нысаны мен оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына
үйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуының ,дамуының бірнеше түрі бар:
1. Шығыс елдерінде (Иран,Индия,Қытай,Араб т.б.)мемлекеттің қалыптасуы
негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты.
Шығыс елдеріндегі мемлекеттің қалыптасу себептеріне:
-ірі ирригациялық жүйелерд жасау;
-оны іске асыру үшін құлдарды ,жұмысшыларды жүйелі түрде топтас-
тыру,біріктіру;
-барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады;
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң,күрделі дамуы,қоғамдық
тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Құқықтың дамуы–адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объек-тивтік
заңдылықтардың бірі.Ол-әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қарым-
қатынастарды реттеп,басқаруы және әлеуметтік нориалардың (әдет-ғұрып,салт-
дәстүр,мораль,діни нормалары) қоғамның даму про-цесінде бірте-бірте
құқықтық нормаларға айналуы.Сонымен қоғамда мемлекеттің өзі
қабылдаған,бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды:заң,заңға тәуелді
келісімдер,шарттық нормалар,заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды.Біріншіден,мемлекеттік қоғамдық меншік-ті реттеу
моральдық,діни нормаларға сүйенеді.Мысалы:Индияда Ману заңына
сүйенсе,мұсылман елдерінде-құран заңына сүйенеді.Екіншіден, жеке меншік
бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы
реттеп отырып басқарады.
Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралытеориялар:
1)Теологиялық теория-мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалып-тасып,дамып
келеді деп түсіндіріледі.
2)Табиғи теория-бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша,
мемлекетті,құрлықты ешкім ойлап тапқан жоқ,олар адаиның өзі сияқ-ты
табиғаттан бастау алып,әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғым-дар деп
атайды.
3)Тарихи теория-осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау
алып,тарихпен бірге жетілген дейді.
4)Патриархалдық теория-мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан
адамзаттардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсатта-рын жүзеге асыру үшін
біріккен одақ деп түсіндіреді.
5)Психологиялық теория-адамдардың психологиялық біріккен көз-қарасы,іс-
әрекеті,мінезі,тәртібі-бәрі келісіп,ұжымдық түрде келісуі.
Мемлекет-белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көнді-ріп
отыратын,бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге
асыратын,барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже қағидаларды
шығарып,қабылдайтын,халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:
1. Мемлекеттік билік-ерекше көпшілік билігі,яғни халық билігі.
2. Мемлекеттің әкімшілік жүйеге бөлінеді,азаматтары,шекарасы белгіленген
әкімшілік-территориялық аумақта тұрады.
3. Ішкі және сыртқы саясатты жүргізуде тәуелсіз.
4. Билік жүргізетін органдардың болуы.Бұл органдарда тек қана басқару
қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекет аумағында тұратындардың
бұлжытпай орындауы.
6. Мемлекеттің басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік
мәселелерді шешу үшін салық жинауы.
Мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді:
1. басқару нысан 2.саяси режим 3.мемлекеттік құрылым нысаны
Басқару нысанына оның жоғарғы,орталық және жергілікті органдары-ның құрылу
жолдары,олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері
мен ерекшеліктері жатады.
Мемлекеттің басқару жолдарымонархия және республика деп екіге
бөлінеді.Монархияда жоғары билік бір адамның қолында болады және бұл билік
мұрагерлікпен беріледі.Мысалы:Англия,Бельгия,Норв егия, Швеция,Жапония және
Дания жатады.
Егер мемлекеттерде жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сйлау-мен белгілі
бір мерзімге құрылатын болса,осындай мемлекеттік басқару формасы
республикалық деп аталады.Қазіргі кезде республи-каның екі формасы
көрсетіледі:президенттік (АҚШ,Франция,Ресей, Түркия,Қазақстан т.б.) және
парламенттік республикалар (Италия).
Мемлекет нысанының екінші элементіне мемлекеттік құрылымның нысаны
жатады.Бұл-мемлекеттің жергілікті әкімшілікке бөлінуі,сол бөлімдердің бір
–бірімен қатынасы және мемлекет пен бөлімдердің арасындағы
байланыстары.Мемлекеттер осы бойынша унитарлы, федеративтікжәне
конфедеративтік болып үшке бөлінеді.
Мемлекеттің нысанының соңғы элементі-саяси режим.Мемлекеттің саяси
режимін,оның қолданатын әдістерінен,азаматтарды құқықтыры мен
бостандықтарының дамуы және кепілдіктері,демократиялық институттарды
қолдануынан білуге болады.Саяси режим демократия-лық,демократияға қарсы
болған режимдер болып бөлінеді.
Мемлекеттердің қызметтері күрделі екі топқа бөлінеді:
Ішкі және сыртқы болып бөлінеді:
1)Мемлекеттің ішкі қызметтеріне:
-экономикалық;
-әлеуметтік;
-қаржы реттеу;
-мәдениет бағытындағы;
-экологиялық;
-құқықтық тәртіпті реттеу жатады.
2)Сыртқы қызметтеріне:
-шет мемлекеттермен екі жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту;
-мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып,жақсарту;
-мәдени және ғылыми –техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;
-дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп,іске асыру;
-мемлекеттің қорғанысын,қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және т.б. жатқызуға
болады.

2.2 Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі
ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстың
жауаптылықтың негізгі мен шектерін сондай – ақ қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қылмыстық құқық басқа да құқық салалары сияқты белгілі бір қоғамдық
қатынастарды реттейді. Қылмыстық құқықтың бірден – бір жалғыз формальды
қайнар көзі – Қылмыстық Кодекс болып табылады. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодекстің 11 - бабын алатын болсақ, онда Қылмыстың бірнеше мәрте
жасалуы деп аталады. Қазақстан Кодексінің 11 - бабының бірінші бөлігіне
сәйкес – жалғаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас
алғанда, бірдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады.Егер адам бұрын
жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін
соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса немесе мұндай қылмыс үшін
қылмыстық жауапқа тартылу мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған
деп танылмайды - деп Қылмыстық Кодекстің 11- бабының үшінші бөлімінде анық
айтылған, сол сияқты, бұл жағдайды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Пленумы да бірнеше рет атап көрсеткен.
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше
бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы
деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана
береді. Қылмыстың кұрамы деп — қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-
әрекеттерді белгілі бір кылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін
кылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан кұралған элементтердің
және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы
оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер
секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы
белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің
болмауына, яғни қылмыс кұрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл
жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын
бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай 4
түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік
жағы. Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы
(187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу,
екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана
істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-
ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ
болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін
абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс
құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген кылмыстың басты
белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері
Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның
Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің,
баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып
көрсетілген. Мүның өзінде диспозициялардың кылмыстың ерекшелігін анықтайтын
және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін
береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортак немесе нақты қылмыс топтарына
тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін
ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы
қылмыстық не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары
Сыбайлас катысып жасалған кылмыстық кұкык бұзушылык үшін жаза тағайындау
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы
Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері
Қылмыстық құқық бұзyшылықтaғы жaзa жайлы
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері
Қылмысқа қатысу түсінігі
Қылмыстық теріс қылық үшін жауаптылық
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Қылмыстық іс-әрекет пен оның зиянды зардаптары арасындағы себептік байланысты анықтау
Пәндер