Қазақ халқының ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин



1 Ыбырай Алтынсарин
2 Ыбырай Алтынсариннің шежіресі
3 Шеген би
4 Ыбырай Алтынсариннің Абаймен қарым қатынасы
5 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
6 Ыбырай Алтынсариннің педогогикалық қызметі
7 Ыбырай Алтыннсаринның эканомикалық көзқарасы
8 Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі.
9 Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық саяси қызметі
10 Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны
Ыбырай Алтынсаринның өмірбаяны,балалық шағы отбасы туралы мағлуматтар беру.Алтынсариннің қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдыруы,қазақ халқыны сауаттандыру үшін көптеген мектептер ашуға атсалысуы. Ол қазақтардың арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, темір жолдар мен электр қуатының, егіншілік кәсібінің, телеграфтың және әр түрлі қолөнердің пайдасы туралы айтып берумен болды. Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді.Ыбырай Алтынсаринның жалпы алғанда өмір сүрген кезіндегі қазақ халқы үшін атқарған игі істері туралы мағлумат беру.
Міндеттері: Ыбырай Алтынсариннің шежіресі
Ыбырай Алтынсариннің Абаймен қарым қатынасы
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Ыбырай Алтынсариннің педогогикалық қызметі
Ыбырай Алтынсариннің эканомикалық көзқарасы
Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі
Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық саяси
Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны туралы мағлумат беру.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин.

Мақсаты: Ыбырай Алтынсаринның өмірбаяны,балалық шағы отбасы туралы
мағлуматтар беру.Алтынсариннің қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық
мектебінің қалыптасуында терең із қалдыруы,қазақ халқыны сауаттандыру үшін
көптеген мектептер ашуға атсалысуы. Ол қазақтардың арасында ағартушылық
жұмыстарын жүргізіп, темір жолдар мен электр қуатының, егіншілік кәсібінің,
телеграфтың және әр түрлі қолөнердің пайдасы туралы айтып берумен болды.
Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән
берді.Ыбырай Алтынсаринның жалпы алғанда өмір сүрген кезіндегі қазақ халқы
үшін атқарған игі істері туралы мағлумат беру.
Міндеттері: Ыбырай Алтынсариннің шежіресі
Ыбырай Алтынсариннің Абаймен қарым қатынасы
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Ыбырай Алтынсариннің педогогикалық қызметі
Ыбырай Алтынсариннің эканомикалық көзқарасы
Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі
Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық саяси
Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны
туралы мағлумат беру.

Ыбырай Алтынсарин
Шын аты — Ибраһим, — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы,
этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — 2 қараша 1841 жылы Қостанай
облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің
жағасынан топырақ бұйырған.1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ
балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң 1857-1859
жылдары , Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет
атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады. Орынбор
облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.1860 жылы Орынбор
бекінісінде Торғай қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол
мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.Ыбырайдың бүкіл өмірін
арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің
араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864
жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.Ұстаздық-
ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі.
Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда 1868-1874
жылдарда төрт рет уездік судья болып, 1876-179 жылдары торғай уездік
бастығының аға жәрдемшісі қызметін атқарады.Ыбырай инспекторлық қызметке
кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай,
Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін
ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір
салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру
тәсілін ұсыныс етеді.Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш
мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі
ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл
шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын
училищелер ашуға көп күш жұмсайды.

Ыбырай Алтынсарин

Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін
беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда,
Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-
маңызы зор болды.Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын
шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген
баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде
жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің
ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-
әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің Балалар
дүниесін, Л.Н.Толстойдың Әліппе және оқу құралын, Д.И.Тихомировтың
Грамматиканың қарапайым курсын оқу құралы ретінде ұсынды.Ыбырайдің
пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық
мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының
бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның Қазақ хрестоматиясы
атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде Қазақтарға орыс тілін
үйретудің бастауыш құралы жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын
кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Ыбырай –
жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ
жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, технкааны игеруге шақырады,оқу-
білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық
қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал
оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны
айырмайтын көрсоқыр екенін айтады.Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге
керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін
талдап көрсетеді. Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу ақынның
Өнер-білім бар жұрттар деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі
жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр,
ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар
алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге
шақырады .Ыбырай Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын
қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын
қалыптастырды.
1 –тапсырма. Сызбаны толтырыңыз

2 – тапсырма.Сәйкестендір
Ыбырай орыстың қай жазушыларының қай еңбектеріні қазақ балаларына оқулық
етіп көрсетті?

Тақырып: Ыбырай Алтынсариннің шежіресі
Мазмұны: Балғожа Жаңбыршыұлы би. Ыбырай Алтынсариннің атасы. Орта жүздің
Қыпшақ тайпасының Ұзын руынан шыққан. Қазіргі Қостанай облысының Қостанай
ауданында дүниеге келген. 1824 жылы хандық жойылып, Орынбор генерал-
губернаторлығы үш аға сұлтандыққа бөлініп, әр сұлтандық дистанцияларға,
дистанциялар бөлімшелерге бөлінген кезде Балғожа би Жаңбыршыұлы Ұзынқыпшақ
бөлімшесін басқарған. Балғожа Жаңбыршыұлы 1839 жылы хорунжий, 1848 жылы
жүзбасы сотник, 1850 жылы старшина әскери лауазымын алған.Ресей өкіметі
тарапынан Ынталылығы үшін деген алтын медальмен марапатталған. Сонымен
бірге патша өкіметі оған аты жазылған екі тапанша мен қосауызды мылтықты
сыйға тартқан. Балғожа Жаңбыршин - жүзбасы, Қыпшақ руының ұзын тармағын
басқарған. Торғай, Тобыл және Әйет өзендері аралығында көшіп-қонған Орынбор
шекара комиссиясының пікірінше ол "адамдарды басқару жағынан да, жалпы орда
істері жөнінен де, өз руластары алдында өте беделді болған. Ол би ретінде
Шығыс ордада ғана емес, өзге ордаларда да істі қарауға шебер, білгір адам
саналған".Ыбырайдың атасы Балғожамен бірге туған Ханқожаның Ақдәулет,
Қылышбай деген екі баласы болады. Оның баласы Алтынсары 1844 жылы
көтерісшілер қолынан қаза табады. Осыдан соң немересі Ыбырайды өз
тәрбиесіне алған. Балғожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара
комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектеп -
интернатына оқуға береді. Атасы оны жасынан-ақ адалдыққа, тапқырлыққа,
турашылдыққа, шешен-дікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға алып барып,
билік айтқызып қанатын қатайтқан. Ыбырай да жасынан зерек болып, атасын
жерге қаратпай алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленеді. Оның бұл
турашылдық, шешендік қасиеттері Торғайда сот істерін жүргізген кездерінде
айқындала түседі. Қалай дегенде де Ыбырайдай ұл өсіріп, тәрбиелеген Балғожа
есімі ұмытылмақ емес. Бірақ оның аты-жөні Қазақ Совет энциклопедиясына
енбеген. Туған, өлген жылдары белгісіз.
3 – тапсырма. Кестені толтырыңыз

1839 жылы –

1848 жылы

1850 жылы

Шеген би

Ыбырай Алтынсариннің нағашы атасы. Шеген бидің өмірі, билік жүргізу мезгілі
Тәуке хан заманындағы қазақ хандығының пісіп-жетілуі, нығайып аяғынан
тұруы, тұтастығын сақтауы, көршілес елдермен тең өмір сүруімен тығыз
байланысты. Шеген би бабамыз 80-90 жылдай өмір сүрген болуы керек. Оның
өмірге келген мезгілін XVI ғасырдың аяғы не XVII ғасырдың басы деп болжам
жасайды. Атақты Шеген би аумалы-төкпелі, түсініксіздеу мезгілде өмір
сүрген. 1680-1688 жылдар аралығында Тәуке хан тағына отырғанда Шеген Жеті
рудың атақты билерінің бірі болғаны белгілі. Бірінші болып қойылған мәселе
– елдің бірлігі. Тәуке хан билік жүргізудің бұрын болмаған жаңа түрін
енгізуді ұйғарғаны болуы керек - бірінші болып Билер кеңесін құраған. Бұған
қазақтың Ұлы жүзінен, Орта жүзінен, Кіші жүзінен бір-бір биден енген. Кіші
жүздің атынан Шеген би сайланған. Шеген би Жағалбайлы тайпасынан шыққан,
азан шақырып қойған аты – Шербұға. Түбі Мелде бидің ұрпағы. Ел аузында:
Елді ел еткен Мелде би деген сөз қалған. Шеген сол замандағы ғылым мен
мәдениеттің орталығы болған Бұхара, Самарқаннан тәлім-тәрбие алған. Жалпы,
Шеген би туралы ел аузынан естігеніміз – оның мына төрт жол айтқан сөзі:
Елдің емі далада, Даланың емі балада. Баланың емі анада, Тіршілік түбі
Аллада. Профессор Аманжол Күзембайұлы Қостанай жаңалықтары газетінің 2008
жылдың 26 тамызында шыққан Қоғамға қызмет ететін әділ би деген
мақаласында былай дейді: ...Би халықтың ашық даусымен сайланған. Егер би
өзінің шыншылдығы жөнінде халыққа сенімсіздік білдірсе, онда оған адамдар
барып шағынуды қояды және ол би биліктен шығып қалады.Шеген би неше түрлі
сұрақтардың шешімдерін адалдықпен тауып беріп отырған. Әсіресе, жер көлемі
туралы көп мәселелер шешімін тапқан. Ол кезде жайлау, қыстау, сосын мал
ұстайтын қазаққа мал суару үшін өзен көлдің жағалауын жанжал шықпайтын
қылып, қылдай етіп бөліп беру керек болған. Әр руға, тайпаға бөлінген жер
арада алауыздық не өкпе тудырмаған. Бұл Шеген бидің шеберлігі мен оның
әркімге тартпайтын шыншылдығын көрсетеді. Осы ғалым Тарих өз өлкеңнің
тарихынан басталады деген мақаласында: Шеген би өз мезгіліндегі ең ауыр
мәселе – шекара белгілеу мәселесімен айналысқан. Бұл іске шыншылдығымен,
қайсарлығымен, қажырлылығымен кірісіп, өзінің өмірімен қоштасқан. Орыстар
қазақ жерін көбірек алып қалу үшін Шеген биді сатып алу мақсатында сыйлық
деген атпен оған алтын алқа, алтын жүзік, алтынмен көмкерген шапан, қылыш
беріп, шекараны қайта қарасын деп уәкіл адам жіберген. Сонда Шеген би
оған: Алтынан алқа, жүзік тағатын қатын емеспін, қылыш алатын жауынгер
емеспін, шапан жабатын сұлтан емеспін, – деп сыйлықтарын қайтарып
жіберген. Одан кейін Шеген биді ұстап алып, қамап көндіруге тырысқан. Көп
ұстай алмайды, себебі бүкіл Алты алашқа белгілі, сұрауы бар. Босатып
жіберген, бірақ ердің қасын, қанжығасын улап аттандырған. Содан уланып
Шеген би қайтыс болған. Шеген биді сол кездегі қазақ хандығының орталығы
болған Түркістанға, қазақтың ардақты адамдарының қасына жерлеуге алып
шыққаны, бірақ сүйек бұзылып кететін болғасын, басқа жерге жерленгені
баяндалады. Шеген биді қазақ хандығының бірінші заңының іргесін
қалаушылардың бірі депте айтамыз.

4 – тапсырма. Шеген би туралы не білесіз?

Тақырып: Ыбырай Алтынсариннің Абаймен қарым қатынасы.
Мазмұны: Абай мен Ыбырайдың жасаған өмір кезеңдерінде де көп алшақтық жоқ,
төрт-бес жыл ғана айырма бар. Әлеуметтік-саяси өмірдің ұқсас бірлігі де
олардың таным-талғамының бір бағытта өрістеп дамуына қолайлы жағдай
жасаған. М. Әуезовтың айтуынша Абай Алтынсаринды жақсы білген, тіпті кейбір
мәселелер бойынша одан үйренуді де жат санамаған: Абай Ыбырайды жақсы
білген. Кейін Абайдың өзі қадірлегендіктен, Абайдың қолжазбаларының ішіне
Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларынан жасалған аудармалар қоса кірумен
бірге, Ыбырай өлеңдері де үнемі бірге көшіріліп жазылып жүруші еді. Абайдың
өзінің тапсыруы бойынша солай болса керек... Ыбырайдың әрқашан Абай атымен
бірге жазылып, жатталып, таратылып жүруі бүл екеуінің үні бір, үміті бір,
арман бағыты және болашақ тағдыры бір ақын екендіктерін танытушы еді.Қазақ
әдебиеті тарихында табиғат лирикасы жанрының туындап, қанат жаюына Абай мен
Алтынсарин зор үлес қосты. Олар өзіне дейінгі ақындардың жыр мен толғау,
дастандарында табиғат көріністерінің жеке бөлінбей, түйдек-түйдегімен қоса
жырланып келген үлгілерін түңғыш рет жеке алып, түр мен мазмұн жағынан тың
сипат бере білді. Орыс ақыны А. С. Пушкиннің табиғатты жырлау дәстүрін
Алтынсарин қазақ әдебиетіне алғаш рет батыл енгізіп, жаңа сипатты поэзияның
қалыптасуына жол салды. Алтынсаринның табиғат көріністерін адам өмірімен
шебер астастыра бейнелейтін Сәуірде көтерілер рахмет туы өлеңінде мал
баққан көшпелі өмірдің шындық суреттері әсем де нанымды өріледі. Сәуір
айындағы күн нұрымен еріген мұз бен жауын-шашынның жерге нәр беруімен
даланың құлпырған әсем бейнесі, таза ауаға мастанған адам мен жан-
жануарлардың мәре-сәре болуы, мал төлдеп, аққа аузы тиген жұрттың қуаныш-
көңілі, әзілі жарасқан жастар мен кәрілердің шаттығы, көл жағалай ұшқан қаз
бен үйрек, тасыған өзен мен мал даусының жаңғырығы, ынтық жастардың оңашада
бас қосуы - бәрі де реалистік тұрғыда әсерлі сипатталады. Жақындар
құдайымның көктен күні, Тең болар жарлықпенен күн мен түні. Аспаннан
рақымменен күн төнгенде, Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны -деп, Алтынсарин күн
бейнесін бүкіл тіршіліктің қайнар көзі, мейір-шапағаты ретінде ұтымды
суреттеп, Жердің қуануы ұғымын жас баланың ұйқыдан оянып гүлдей жайқалып
шыға келуімен астастырады. Абай Алтынсаринның осы бейнелі сөз тіркесін
Жазғытұры өлеңінде: Күн - күйеу, жер - қалындық сағынысты, Құмары
екеуінің сондай күшті... Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай, Біреуіне біреуі
қосылыспай, Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, Жер толықсып түрленер тоты
құстай... - деп, көркейте жетілдіріп, сомдап қолданады. Осы тұрғыда М.
Әуезовтың: Абайдың кейін жазатын осы алуандас Жазғытұры, Жаз, Күз
Қыс дейтін өлеңдерінің бәрінен біз жаңағы айтылған, Алтынсарин салған тың
жолдың түгелімен қабыл алынып, онан әрі көркейіп, дами түскенін білеміз
деген пікірі өте орынды айтылған (Әуезов М. Көрсетілген еңбегі. 213-6.).
Абай мен Алтынсаринның табиғат лирикалары мағыналық жағынан ұқсас, оларда
жарыса жырлау дәстүрі мен стиль бірлігі ортақ және өлеңдерінің мазмұны мен
құрылысы сабақтас, өзара үндес келеді. Қазақтың ұлы ағартушыларының
адамгершілік ой-тұжырымдары өрнектелген Абайдың Ескендір поэмасы мен
Алтынсаринның Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым атты өлеңі Ескендір
патшаның төңірегінде құрылып, өрбітіледі. Алтынсаринде оқиға желісі
жинақталып, қысқа қайрылса, Абай шығармасы дамымалы мазмұнға құрылған.
Ескендір патшаның уәзірі ретінде Алтынсаринде Қыдыр Ілияс, Абайда ежелгі
грек философы Аристотель алынған. Бұл шығармаларында Абай мен Алтынсарин
дүние жүзін түгел жаулап, адам қанын судай шашқан тойымсыз патшаны
әшкерелейді, сол арқылы бүкіл адамзатқа ой салып, адамгершілікке шақырады,
ізгілікті ту етіп көтереді. Екі ақын да бір тақырыпты өздерінше қайталай
жырлап, адамгершілікті, имандылықты арнайы сөз етеді. Мұндай ұқсастықтар
Абай мен Алтынсарин шығармашылығының бір бағыты - орыс классиктерін
тәржімалау тәжірибесінен де байқалады. Олар орыс әдебиетінің рухы мен
стилін сақтап, қазақ оқырмандарының табиғатына етене жақын етіп аударудың
көркем үлгісін жасады. Абай буған қоса өлеңнің түпнұскалық мән-мазмұнын дәл
беруге, ой-қорытындысын өзгертпей жырлауға ерекше көңіл бөледі. Ал
Алтынсарин дәлдіктен гөрі, мазмұн бірлігін сақтауға зер салған. Абайдың И.
А. Крыловтан аударған Қарға мен түлкі мысалы мазмұны мен стилі жағынан
түпнұскаға мейлінше жақын болып келетін болса, Алтынсарин осы өлеңді Абай
секілді 7- 8 буынды жыр үлгісімен емес, 11 буынды қара өлең түрінде
аударған. Ол Крыловтың ангельский голосок деген тіркесін: сөзің күміс,
алтын десе, енді бірде: сандуғаш, бұлбұлдарды көріп едім деп, қазақ
ұғымына жақындатып алады. Қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік ортасы ортақ,
бір дәуірде өмір сүрген қазақтың екі ұлы ағартушысы туған халқын өнер-
білімге үндеді. Абай ел-жұрттың көкірек-көзін оятпақ болса, Алтынсарин
техника тетіктерін үйренуге шақырды. Олардың жастарды білім алуға, ғылым
жолына түсуге үндеген ой-тұжырымдары өзара өзектес, сабақтас келеді.
5 – тапсырма. Тұлғаларды таны және сәйкестендір.
Асанәлі Әшимов
революция көсемі
Сун ятсен
жырау
Герадот
сақ патшайымы
Ллойд джордж ақын
жазушы
Бұқар
актер
Жамбыл жабаев
англия президенті
Томирис
тарих атасы
Тақырып: Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Мазмұны: Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық
мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай
облысының аумағында дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылған ол атасының —
белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршинның қолында тәрбиеленеді. Ыбырай
бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін
байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып
тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен
жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасын Ыбырай Алтынсариннің еркін
пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол
кітапханада өткізді.
Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек
пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік
ұстанымына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбек сүйгіш
еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек
біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға
талпынды.
1857 жылы ол Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен
бітірді. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тілдерінде еркін сөйлей білді.
Кейінірек халық ағартушысы ретінде өз білімін өзінше оқып, арттыра түсуді
белсенді түрде жалғастыра түсті. Дүние жүзі әдебиетінің классиктері У.
Шекспирдің, И. Гетенің, Д. Байронның, А. Пушкиннің, Н. Гогольдің, М.
Лермонтовтың, Ғ. Низамидің, А. Фирдоусидің, Ә. Науаидың шығармаларын зор
зейін қойып оқыды. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына
орыс педагогы К. Ушинскийдің және чех ойшылы Я. Коменскийдің еңбектерімен
таныс болуы игілікті әсерін тигізді. Ы. Алтынсарин орыстың көрнекті
демократтары Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнің және
басқалардың шығармаларымен де таныс болды.Мектепті бітіріп шыққан халық
ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының қол астында кеңсе қызметкері
болып істеді. Осы жылдар ішінде ол өз халқының сауатын ашып, білімін
көтерудің аса қажет екенін жете түсінді.
6 – тапсырма. Сызбаны аяқтаңыз.

7 – тапсырма. Аралас әріптерден Ыбырайдың еркін сөйлей алған тілдеріні тап.
орыс, араб, татар және парсы
ысор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
бара ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ратат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
сырап ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тақырып: Ыбырай Алтынсариннің педогогикалық қызметі.
Мазмұны: Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса
білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы
жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп
қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқу- шыларына арнап
екі оқу құралын: Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы мен Қырғыздарга
(қазақтарга) орыс тілін уйретуге алғашқы басшылық жазып шықты. Ол қазақ
балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық
басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды
тапсырды. Өзі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындалды.
Ағартушылық идеялары жігерлендірген ол ауыл-ауылды аралап, жергілікті
халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай
мектептер ашу үшін қаржы-қаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы
үлесін Ы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин өмірі
Ыбырай Алтынсариннің шежересі
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі құндылықтар
Ұлы ұстаз мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер
Ы. Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин. Өмірі мен балалық шағы
Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Пәндер