Windows’98 операциялық жүйесi жайлы



Windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Windows жүйесінің негізгі функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 WINDOWS жүесінің негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жұмыс столы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Белгішелер, жарлықтар, бумалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... «Тышқан» тәрізді графикалық сілтеме ... ... ... ... ... ... ... ... . Мәлімет алмастыру буфері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Windows.ті іске қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Windows жүйесімен жұмысты аяқтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
WINDOWS’98 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСI ... ... ... ... ... ... ... ... .
ЖҰМЫС ҮСТЕЛIНIҢ ОБЪЕКТIЛЕРI ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жаңа объектiлердi құру тәсiлдерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Бумалармен және файлдармен жұмыс жасаудың негiзгi амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Корзинаны тазарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Терезелермен орындалатын негізгі операциялар
Бұған дейін айтыоғандай , Windows жүйесіндегі кез келген программа терезе ішінде орындалады, сол себепті тереземен атқарылатын амалдарды (көлемін өхгерту, экран бетінде жылжыту, терезені үлкейту және кішірейту) орындай білу қажет.
Терезенің аумағын өзгерту
Терезенің көлемін кез келген бағытта өзгерту мүмкіндігі бар. Тышқан курсорын терезенің төрт жақтауының кез келгеніне орналастырғанда, ол тілсыздық күйіне келеді.
Тышқан курсоры өзінің сыртқы бейнесін өзгертісімен, яғни екі жақты көлденең тілсыздыққа айналысымен, терезенің енін өзгерте аламыз. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің тік жақтауын солға не оңға жылжыту («ал да, тасы» принцмпі бойынша) керек. Тышқанның батырмасын жіберсеңіздер, терезе енінің өзгергенін көресіздер.
Ал терезенің ұзындығы мен енін қатар өзгерту үшін, тышқан курсорын терезенің төрт бұрышының біріне, яғни қабырға сызықтары қиылысқан жеріне алып бару керек. Бұл сәтте курсор екі жақты көлбеу тілсызық түріне келеді де, ол өз бкезегінде терезе аумағын алдыңғы айтылған тәсілмен бірдей екі бағытта өзгерту мүмкіндігін береді.
Терезенің орнын ауыстыру
Терезенің экран бетімен жылжытып, оның орнын ауыстыру үшін курсорды тақырып жолына алып барамыз. Мұндайда курсордың сыртқы пішіні өзгермеуі тиіс, бірақ бағыттауыш тілсыздық ұшы көк тіктөртбұрышқа түскенде ғана операцияны орындауға болады. Ол үшін тышқан батырмасын басып, оны сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, «ал да, тасы» принципі бойынша курсорды жаңа орынға жылжытамыз. Курсорды жіберген сәтте терезе жылжып барған жаңа орында бекітіліп сақталып қалады.
Терезелерді басқару
Windows қолданбалы программаларының барлық терезелерінде тақырып аймағының сол жағында орналасқан терезелерді басқаруға арналған жүйелік меню батырмасы шертсек, Жүйелік меню ашылады.
1.Шәріпбаев А. Информатика Астана – 2003.
2.Каймин В.А. Информатика: Учебник. М., 2001.
3.Конюхоеский П.В., Колесова Д.Н. идр. Экономическая информатика: Учебник. М.;СПб.,2001.
4.Острейковский В.А. Информатика. М., 2000.
5.АлексеевА.П. Информатика-2002. М., 2002.
6.Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқулов А. Информатикадан 30 сабақ.
Алматы, 2002.
7.ЕржаковК, ҚараевЖ., СтифутжаН. Информатика, 7-сынып. Алматы, 2001.
8.Камардинов О. Информатика. Бірінші бөлім. Шымкент, 2000.
9.Макарова Н.В. Информатика: Учебник. М., 2001.

Мазмұны

Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .

1. Windows жүйесіндегі терезелерді 3
пайдалану ... ... ... ... ... ... . ... 4
1.1 Windows жүйесіндегі жұмыс істеу 4
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... 5
1.2 Windows жүйесінің негізгі
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 WINDOWS жүесінің негізгі
ұғымдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.1 Жұмыс столы 5
2.2 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..6
2.3 ... ... ... ... ... . Белгішелер, жарлықтар, 7
2.4 бумалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.5 Тышқан тәрізді графикалық сілтеме 11
2.6 ... ... ... ... ... ... ... ... . Мәлімет алмастыру 12
буфері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
2. Windows-ті іске 13
қосу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..15
1.1 ... ... ... . Windows жүйесімен жұмысты аяқтау 19
1.2 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
2.1 21

WINDOWS’98 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ 24
2.2 ЖҮЙЕСI ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
ЖҰМЫС ҮСТЕЛIНIҢ
ОБЪЕКТIЛЕРI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жаңа объектiлердi құру
тәсiлдерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
Бумалармен және файлдармен жұмыс жасаудың негiзгi
амалдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
Корзинаны тазарту
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...


Windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану
 
Терезелермен орындалатын негізгі операциялар
Бұған дейін айтыоғандай , Windows жүйесіндегі кез келген программа
терезе ішінде орындалады, сол себепті тереземен  атқарылатын амалдарды
(көлемін өхгерту, экран бетінде жылжыту, терезені үлкейту және кішірейту)
орындай білу қажет.
Терезенің аумағын өзгерту
Терезенің көлемін кез келген бағытта өзгерту мүмкіндігі бар. Тышқан
курсорын терезенің төрт жақтауының кез келгеніне орналастырғанда, ол
тілсыздық күйіне келеді.
Тышқан курсоры өзінің сыртқы бейнесін өзгертісімен, яғни екі жақты
көлденең тілсыздыққа айналысымен, терезенің енін өзгерте аламыз. Тышқанның
сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің тік жақтауын солға не оңға
жылжыту (ал да, тасы принцмпі бойынша) керек. Тышқанның батырмасын
жіберсеңіздер, терезе енінің өзгергенін көресіздер.
Ал терезенің ұзындығы мен енін қатар өзгерту үшін, тышқан курсорын
терезенің төрт бұрышының біріне, яғни қабырға сызықтары қиылысқан жеріне
алып бару керек. Бұл сәтте курсор екі жақты көлбеу тілсызық түріне келеді
де, ол өз бкезегінде терезе аумағын алдыңғы айтылған тәсілмен бірдей екі
бағытта өзгерту мүмкіндігін береді.
Терезенің орнын ауыстыру
Терезенің экран бетімен жылжытып, оның орнын ауыстыру үшін курсорды
тақырып жолына алып барамыз. Мұндайда курсордың сыртқы пішіні өзгермеуі
тиіс, бірақ бағыттауыш тілсыздық ұшы көк тіктөртбұрышқа түскенде ғана
операцияны  орындауға болады. Ол үшін тышқан батырмасын басып, оны сол
басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, ал да, тасы принципі бойынша
курсорды жаңа орынға жылжытамыз. Курсорды жіберген сәтте терезе жылжып
барған жаңа орында бекітіліп сақталып қалады.
Терезелерді басқару
Windows қолданбалы программаларының барлық терезелерінде тақырып
аймағының сол жағында орналасқан терезелерді басқаруға арналған жүйелік
меню батырмасы шертсек, Жүйелік меню ашылады.
   Востановить
   Переместить
   Размер
_ свернуть
   Развернуть
Х закрыть         alt+f4

 
Жүйелік меню
 
         Программа терезесінің жүйелік менюінің үш командасы басқару
батырмаларының орындайтын әрекетін қайталайды.
1.     кішірейту
2.     үлкейту-қалпына келтіру батырмалары
3.     жабу батырмасы
Қажетті команданы жүйелік менюден таңдау немесе соған сәйкес батырманы
шерту бірдей жұмыс атқарады. Мөлшері және Жылжыту тәрізді екі команда
терезенің көлемін перне арқылы басқаруға арналған.
 
1.1 Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері.
 
1981 жылы MS(PC)-DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір
мезгілде пайда болып,әрбір компьютерге орналастырылған болатын.
MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған
болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстіне MS-DOS
операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана
алатын еді.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни
пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол
атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз
жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар
пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте
күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды
теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман
программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай
дәрежеге көтеріле алмайды.
Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық
жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі
жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

1.2 Windows жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы,
жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару
құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар. Ол жұмыс
кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
-компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
-файылдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
-қолданбалы программаларды іске қосу.
Бұған қоса WINDOWS жүйесі:
         -бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
         -әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын;
         -масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді;
         -мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды;
         -біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады

1.3 WINDOWS жүесінің негізгі ұғымдары

Терезе экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар
орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару
әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша
өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл
терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның
бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше
терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән
жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып
жасалған. Егер терезені жбатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде
болып жұмыс істеп тұрған программаың жұмысы да аяқталады.  
         Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады,
сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда
терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде) айналу сызықтары деп аталатын
элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне
симай сыртта орналасқан информацияның бар екенін көрсетеді.
         Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш
түрлі болады:
         -толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;
         -қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін
алып тұрады;
         -белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге
айналып кеткен.

2.1 Жұмыс столы – екінші негізгі ұғым.
Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер
Windows, OS2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі
OS, т.б.) интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі
өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар,
мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш,
өшіргіш, т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сіздіғ қалауыңызша, столда әр
түрлі күйде орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен
жабылуы мүмкін немесе ештеңе төмелмей таза болуы да ықтимал.
Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың
орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы бейнесі экранда жүзеге
асырылып отыр.
Windows ортасында жұымс столының рөлін дисплей экраны
атқарады. Онды жұмыс істейтін программалардың терезелері,
құжаттардың жеке файлдары белгілер (немесе шартбелгілер) түрінде
орналасқан ( - сурет).
Өзіңіздің жұмыс столыңызды реттеп таза ұстауыңыз сияқты
экранда да қоқырсып жатқан столда жұмыс істеу тіптен ыңғайсыз.
Қажетті құжаттарды, құрал-жабдықтарды жоғалтып алмайтындай экранда
артық зат ұстамай жұмыс істеуге көңіл бөлейік.

2.2. Белгішелер, жарлықтар, бумалар

Белгіше (Icon) – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар
кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экрандағы
программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы
мүмкін. Әо белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол
қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады.
Экранда мынадай белгішелер кездеседі:
• қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;
• белгілі бір топтар белгішесі;
• функциялар белгішесі.
Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас
жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы
каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез
арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға,
файлды да жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда
негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар және т.б.)
өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен
қатынас жасау Shortcut файлында сақталған информацияның
көмегімен іске асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың
(каталогтың) өзі орналастырылған болса, онда олардың бірін жою
командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал, егер де
сіз жұмыс столынан Shortcut белгішесін орналастырып, оны
артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық файл
жойылады да, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.
Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98) және программалық
топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы
мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір
объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады.
Бума - каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады.
Каталог - файлдарға арналған контейнер, программалық топ - жеке
программаларға арналған, контейнер, т.с.с. Әрине, мұндай контейнерлер
әр объект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын
амалдар біртектес бола береді (мысалға, жою, көшіру және т.б.).

2.3. Тышқан тәрізді графикалық сілтеме

Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге
болады, бірақ тышқан тетігінмен басқарылатын графиктік
сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын (бірге)
қолдану өте тиімді. Сол бетімен тышқанды жылжыту экран
бетіндегі тышқан сілтемесінің, яғни курсорының жылжуымен сай келеді.

Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс
барысында негізінен (көбінесе) оның сол жақтағы, ал анда-санда
оңжақтағы батырмасы пайдаланылады. Тышқан тетігінің ортағы
батырмасы (егер бар болса) Windows ортасының тек кейбір
программаларымен жұмыс істеуде пайдаланылады.
Тышқан тетігімен ең негізгі операция – экран бетімен
курсордың (сілтеменің) қозғалуы болып табылады. Бұл дайындық
операциясы, ол өздігінен ешқандай әрекет-амал орындамайды.
Келесі операция – шерту (Click). Бұл операция сілтемені экран
бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады,
мысалы, сілтемені графиктік элементтің белгішесіне жеткізіп,
шерту операциясын орындауға болады. Шерту деп тышқанның сол
жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады.
Жоғарыда айтып өйткеніміздей, Windows жүйесінде әдетте
жұмыс істеу кезінде негізінен тышқанның сол жақ батырмасы
кеңінен қолданылады. Сондықтан, алдағы уақытта, тышқан батырмасын
жай шерту дегеніміз - тышқанның сол жақ батырмасын басып
жылдам қайта қоя беру.
Бұл әрекет меню пункттерінің бірін таңдау, объектілерді
белгілеу немесе жол курсорын қалаған орынға жедел көшіру
кездерінде және терезелерді екпінді етіп жұмысқа қосу кезінде
және т.б. қолданылады.
Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ
батырмасын жылдам түрде екі рет шерту әрекеті жатады (Double-
click). Оның жұмыс істеуі негізінен тышқанды жай шерту
әрекетіне өте ұқсас, яғни тықшан сілтемесі керекті элементке
апарылғаннан соң, тез арада тышқанның батырмасын екі рет сырт
еткізу қажет болады. Бұл әрекет алғаш тышқанмен жұмыс істей
бастаған адамға күрделі операция болып табылады. Оның ерекшелігі
тышқанды екі рет жылдам шерту аралығында өте аз уақыт
өтуі тиіс, ол секундтың оннан біәр бөлігіндей ғана уақыт. Егер
ол аралықта көп уақыт өтіп кетсе, онда Windows жүйесі бұл
әрекетті жекеленген екі бөлек шерту деп түсінеді. Ал егер
бұл амал дұрыс орындалса, онда Windows жүйесі бірден
белгіленген операцияны (үнсіз келісім бойынша, көбінесе белгілі
бір программаны, құжатты екпінді етіп іске қосу) іске асыра
бастайды.
Келесі операция - тасымалдау (Drag&Drop). Ол терезелер мен
шартбелгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға тасымалдайды
және терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады.
Объектілердің тасымалдау амалы былай орындалады: сілтемені орны
ауыстырылатын элементке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын
басып, оны сол басулы күйінде ұстап тұрып, сілтемені қалаған
жаңа орынға жеткіземіз, сонан соң батырманы қоя береміз.

2.4. Мәлімет алмастыру буфері

Өзінің жұмыс істеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен
құжаттар арасында мәліметтер алмасуға арналған компьютердің жедел
жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipboard) ретінде
пайдаланылады. Буфер (дәнекер жад) әртүрлі программалар немесе
құжаттар арасында керекті шағын көлемді мәліметтерді
тасымалдап, олардың фрагменттерін, бір-біріне ауысытырп отыру
үшін пайдаланылады. Алмастырылатын мәліметтер ретінде мәтін
үзінділері (фрагменттер), сурет, кесте және т.б. объектілер алынуы
мүмкін.
Point-and-Click (көрсету және шерту) принциптері. Бұл
принцип бойынша графикалық технологияларды көптеген операцияларды
орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып, оның
сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен
төмендегі әрекеттерді орындауға болады:
• программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту, үлкейту
және бұрынғы қалпына келтіру;
• көлденең орналасқан меню пункттерін таңдау;
• экранға шығатын меню командаларын таңдау;
• аспаптар тақтасы командаларын таңдау;
• мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;
• командалық батырмасын басу, таңдау;
• ауыстырып қосқыштың мәнін өзгерту;
• мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын
өзгерту;
• мәтін енізілетін өріс жолдарының бірін таңдап, оған
мәлімет енгізу және көптеген басқа әрекеттер.
Select (ерекшелеу, белгілеу) принципі. Программалар терезесінде
құжатпен жұмыс істеу барысында біге үнемі мәтін фрагменттерімен,
үзінділермен (мәтіннің белгілі бір бөлігімен, суретпен,
кестелермен) әр түрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол
операциялар мынадай іс-әрекеттерден тұрады:
• фрагментті көшіру, тасымалдау, жою, олардың қаріптерін,
мөлшерін өзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп
қараңғылау т.б. Мұндай операциялар екіге бөлініп
орындалады: ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз
керек (яғни құжаттың қай бөлігін өңдейтінімізді программаға
хабарлау), ал сонан соң нақты команданы орындау (мысалы,
фрагментті жою немесе оның қаріпін өзгерту). Оның түріне
немесе программа талабына сай фрагментті әр түрлі
тәсілдермен белгілейді. Мысалы, мәтін бөлігін (смволды,
сөзді, жолды, абзацты, т.б.) тышқанның көмегімен немесе
арнайы перне (Shift) және бағыттауыш тілсызық символдар
арқылы белгіленіп алуға болады. Графиктік түрдегі
фрагменттерді белгілеуде, әдетте сол бөлікке сілтемені
алып барып, тышқанды шертуді қолданады.
Егер белгілеу барысында қандайда бір қате жіберілсе, онда
фрагменттен тыс жерде (ал кейде фрагменттің өзінде де) тышқанды
жай шерту жеткілікті - мұның нәтижесінде белгілеу әрекеті
алынып тасталынады, яғни орындалмайды.
Жұмыс істеуді жаңадан үйреніп жүргендер ешбір объектіні
белгілеместен команда орындауға тырысады. Мұндай істің нәтижесі
қандай болмақ? Кейде бұл команда орындаусыз қалады (мысалы,
буферге белгіленбеген фрагментті алуға болмайды); кейде команда
ескерілмей, еленбей де қалады (мысалы, қаріпті өзгертуде); кейде
команда үнсіз келісім бойынша орындалып та (мысалы, абзацты
форматтауда) кетеді. Сондықтан, осындай қателерден аулақ болу
үшін, фрагментті алдын ала белгілеп алуды ешқашанда естен
шығармау керек!
Drag-&-Drop принципі (тасымалдау және барған орнында қалдыру).
Бұл әдіспен өңделініп жатқан құжаттың белгіленген үзігін,
белгішені (пиктограмманы), терезені басқа орынға ауыстыруға
немесе олардың көшіресін алуға болады.
Мысалы, егер де суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып
белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бөлігіне
жеткізіп, оның сол немесе оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа
орынға ауыстыруға болады. Батырманы босатқан мезетте сурет
қиығы жаңа орынға бекітіледі. Егер оны ауыстыру барысында
Ctrl пернесін басып тұратын болсақ, онда жаңа орынға сол
сурет фргаменттің көшірмесі орналасады (көшіріледі). Осындай
жолмен үнемі көшіру мен орнын ауыстыру амалдарын қатар
қолдануға тура келеді. Мысалы, көп элементтері ұқсас болып
келген күрделі схеманың суретін салу үшін оның бір элементін
сызып алып (айталық, тіктөртбұрыш), сонан соң Drag-and-Drop
режимінде оның санын көбейте отырып, көшірмесін алуға болады.
Ақырында осы әдіспен тасымалдау режимінде экрандағы элементтердің
шеттерін тегістеп түзетуге болады.
Windows жүйесінде Drag-and-Drop әдісімен келесі
операцияларды орындау жиі жүргізіледі:
• үлкейтілмеген терезелер мен белгішелердің (пиктограммаларды)
орнын ауыстыру. Көп жағдайларда, тышқанның сол жақ
батырмасымен бірге Ctrl пернесін бассақ, онда программалық
элементтерді бір топтан екінші топқа көшіруге болады;
• графикалық редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген
фрагменттің жаңа орынға ауыстыру немесе оның көшірмесін
алу. Әдетте, мұндай фрагмент рөлін көбіне басқа графиктік
файлдан мәтіндік құжатқа қойылуға тиіс бейне суреттер
атқарады;
• Word редакторында мәтіндік информацияның белгіленген
фрагментін басқа жерге ауыстыру немесе оның көшірмесін алу;

• суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру және
көшірмелерін алу;
• мәтін беттеріндегі абзацтың жаңа жолын және оның оң жақ,
сол жақ шекараларын көлденең сызғыштың жоғарғы және
төменгі кішкене ұшбұрыштарын тасымалдау арқылы тағайындау;
• дайын белгішелер (пиктограммалар) жиынынан әрбір адам өзі
қолданатын құрал-саймандар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелер, оның дамуы және түрлері туралы ақпарат
WІNDOWS 98 жүйесінің негізгі функциялары
Операциялық жүйеге сипаттама
Операциялық жүйелер
Windows 2000
Қаптама терезесінің құрылымы
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
Windows операциялық жүйесінің бір-бірінен артықшылығы
Информатика 10 сынып
Windows жүйесі туралы
Пәндер