Көне түріктер



1 Қағанат
2 Жазу
3 Қимақтар
4 Қыпшақтар
5 Ескерткіштер
6 Мүсіндеу өнері
7 Монғол шапқыншылығы
8 Алтын Орда
9 Әмір Темір
10 Ақ Орда
11 Дамуы
Ежелгі ортағасыр кезені (VI-XII-ғ.) казірғі Қазақстан жерлерінде тілдік және саяси жағдайлардын өзгерулеріне тікелей байланысты больш келеді.
Осы кезде осы жерлерде [түркі]]тілдес халықтар этникалық және саяси үстемдікке ие болады. Өзгерістер негізінен [[Орта Азия]|Орталық Азия]] даласының шығыс бөлігінде оқиғаларға байланысты болды. VI-ғасырдың орта шенінде аталған өңірде түрік деп аталатын тайпалар одағының мемлекеті – ұлы Түрік кағанаты бой көтерді.
скери жорыктардың нәтижесінде түріктер Қиыр Шығыста Маньжурияда, Оңтүстік Сібірде Енесайдың жоғарғы ағысы, Орта Азияда Амудариянын жоғары ағысы мен Қара теніз жағалауында Керчь бұғазына дейінгі аумақтарға өз билігін жүргізді. Алып империя VII-ғасырда Шығыс және Батыс Түрік кағанаттары болып екіге бөлінді. Батыс Түрік мемлекеті Орта Азияны. Жонғарияны және Шығыс Түркістанның біраз бөлігін камтыды. Сарыарқа да Батыс түрік қағанатының шекараларына енетін. Сөйтіп, батыс түрік хандарының кол астына отырықшы да, көшпелі де халыктар кірді. VII-ғ. Жетісуда Түргеш мемлекеті. VIII-ғ. карлұк. X-ғ. Қараханидтер мемлекеті пайда болады.
1 Қазақстан тарихы (Ерте заманнан қазіргі кезге дейін) 4-томдық. – Алматы. Т. 1, 1996

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Көне түріктер. Қыпшақ дәуірі
Ежелгі ортағасыр кезені (VI-XII-ғ.) казірғі Қазақстан жерлерінде тілдік
және саяси жағдайлардын өзгерулеріне тікелей байланысты больш келеді.
Осы кезде осы жерлерде [түркі]]тілдес халықтар этникалық және саяси
үстемдікке ие болады. Өзгерістер негізінен [[Орта Азия]Орталық Азия]]
даласының шығыс бөлігінде оқиғаларға байланысты болды. VI-ғасырдың орта
шенінде аталған өңірде түрік деп аталатын тайпалар одағының мемлекеті – ұлы
Түрік кағанаты бой көтерді.
Мазмұны
1 Қағанат
2 Жазу
3 Қимақтар
4 Қыпшақтар
5 Ескерткіштер
6 Мүсіндеу өнері
7 Монғол шапқыншылығы
8 Алтын Орда
9 Әмір Темір
10 Ақ Орда
11 Дамуы
12 Дереккөздер

Қағанат

Әскери жорыктардың нәтижесінде түріктер Қиыр Шығыста Маньжурияда,
Оңтүстік Сібірде Енесайдың жоғарғы ағысы, Орта Азияда Амудариянын жоғары
ағысы мен Қара теніз жағалауында Керчь бұғазына дейінгі аумақтарға өз
билігін жүргізді. Алып империя VII-ғасырда Шығыс және Батыс Түрік
кағанаттары болып екіге бөлінді. Батыс Түрік мемлекеті Орта Азияны.
Жонғарияны және Шығыс Түркістанның біраз бөлігін камтыды. Сарыарқа да Батыс
түрік қағанатының шекараларына енетін. Сөйтіп, батыс түрік хандарының кол
астына отырықшы да, көшпелі де халыктар кірді. VII-ғ. Жетісуда Түргеш
мемлекеті. VIII-ғ. карлұк. X-ғ. Қараханидтер мемлекеті пайда болады.
Жазу

Көне түрік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі – өз жазуын жасауы еді.
VI-VII-ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орта Азиялық және
Қазақстанның тайпалары, сондай-ақ, Төменгі Еділ бойы, Дон өлкесінің,
Солтүстік Кавказда Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпаларының өз
жазулары әлдеқашан пайдалануда болатын. Түріктер әріп-белгілерді шағын ағаш
тақтайшаларға салатын. Елшілер арнайы ғрамоталармен қамтамасыз етілді.
Мәселен, 598-жылы Константинопольдегі император Юстинге келген түрік елшісі
қағанның скиф жазуымен жазылған сәлемін жеткізген.

VII-ғасырдың I-жартысында түріктер арасында соғды жазуының негізінде
геометриялық сызбалардан тұратын 38 белгіден құралған жаңа жазу
қалыптасады. Ол ағашқа немесе тасқа түсіруге өте қолайлы болды.

Көне түркі жазуын алғаш рет Енесай бойында 18-ғасырдың 20-жылдары Петр I-
нің қызметінде болған неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен оның жолсерігі,
тұтқын швед офицері И. Страленберг ашқан еді. Скандинавтық руна жазуына
ұқсас болғандықтан олар түрік жазуын руна жазуы деп атады. Ол ғылымда
солайша қалыптасып калды. Кейін де тағы басқа ашылулар жалғасты. 1889-жылы
дат ғалымы В. Томсен әріптің кілтін тауып, ең алғашқы мәтінді оқыды.
Енесайден басқа түріктердің руна жазуы Моңғолиядан, Жетісудан, Шығыс
Қазақстаннан, Төменгі Еділ бойы, Дон бойы, Солтүстік Кавказдан табылды.
Солардың қатарында ең танымалдары – Білге қаған мен оның інісі Күлтегін
қолбасшыға, Тоныкөкке арналған ескерткіштер.

Түріктердің руна жазуы ұзақ пайдаланылуда болып, XI-XII ғасырларда
қолданыстан шығады. Ғалымдардың пікірінше, түріктердің ислам дінін
қабылдауына байланысты, руна жазуын араб жазуы ығыстырып шығарған.
Қимақтар

Қазақстанның далалы жерлерінде Сырдария мен Балқаштан солтүстікке қарай
VIII-ғасырдан бастап орталығы Ертісте болған қимактар күшейе түседі. Қимақ
билеушісі түріктің ең жоғары атағы – қағанды қабылдайды. X0-ғ. ғалымы әл-
Хорезми былай дейді: Хақан – түріктердің негізгі патшасы. Хақан – көсемнің
көсемі, парсылардағы шаханшах, яки хандардың ханы деген сөз. Қағанның ұлы,
Жанақ ибн Хакан әл-Кимеки атты адам кітап жазып, оны кейін 12-ғасырда араб
географы әл-Идриси қимақ елін сипаттаған еңбегінде пайдаланады. Араб ғалымы
өз еңбегінде қимақтардың қалаларда тұратын, жеке билігі бар билеушілерінің
болғанын жазады. Бұл кезде қимақ мемлекетінің ықпалына қыпшақ тайпалары де
енді.

І-мыңжылдықтың соңындағы осы тайпалардың рөлін С.Г. Кляшторный мен Т.И.
Сұлтанов былайша сипаттайды: 8-10-ғасырларда алдымен Алтайда, Ертіс өңірі
мен Шығыс Қазақстанда, кейін Орал өңірі мен Орталық Қазақстанда қимақтар
мен қыпшақтардың үстемдігі осындай үлкен далалық өңірдеге анықтаушы
факторға айналды.
Қыпшақтар

XI-ғасырдан бастап өлкедегі билік қыпшақтарға өтеді. Осыдан былай
Еділден (Итиль, Волга) Алтайға дейінгі жерлер парсы-араб тілді әдебиеттерде
Дәшті Қыпшак (Қыпшак даласы) деп аталып кетеді. Қыпшақ дәуірі басталып,
қыпшақ тілі диалектісі таралады. Кейін, Еділдің аржағындағы Қара теңіз
жағалауларына дейін қыпшақ тайпалары қоныс тебеді. Сондықтан, қазіргі
ғылымда Қазақстан территориясын Шығыс Дәшті Кыпшаққа жатқызады. XIII-
ғасырда моңғол шапқыншылығы барысында (оған моңғол да, түрік тайпалары да
қатысқан) қыпшақ мемлекеті құласа да, қыпшақ тілі орныға түсіп, жаулап
алушылар тіліне айналып, одан да әрмен тарала түседі.

Шығыс Сарыарқаның әр жерлерінен көне түріктер мен қыпшақтарға тән
археологиялық ескерткіштер табылған.
Ескерткіштер

Азиядағы көне түрік ескерткіштеріне тән ерекшелік – адамды атымен
жерлеген обалар мен ғұрыптык қоршаулар болып табылады. Ескерткіштің осындай
түрлері Сарыарқадан да табылған.

1957 жылы М.Қ. Қадырбаев Тоқырауын өзені бойындағы Егізқойтас сайындағы
(Ақтоғай ауданы) VI-VII-ғасырларда адамды атымен жерлеген обаны зерттеді.
Жерлеу тереңдігі 2 метрге жуық үлкен қабірде (2,10 х 1,90 м) атқарылған.
Адам сүйегі қабірдің солтүстік бөлігінде, жылқынікі оңтүстік бөлігінде
орналасқан. Мәйіт шалқасынан жатқызылып, басы шығысқа қаратылған. Оның жақ
сүйегінің жанында садақ оғының жебесі, кеудесінде қабық қорамсаның қалдығы
табылған. Қорамсаны ілуге арналған темір шығыршық қара-жасыл жібектен
жасалған белбеуге бекітілген. Осы жібек белдіктің іліп қоятын тас бұйымы
мен белбеудің қоладан жасалған тоғасы сияқты қалдықтары табылған. Марқұмның
сол қол саусақтары тұсында темір пышақ болды. Марқұммен о дүниеге бірге
барады деп саналатын құрбандыққа шалынған аты ноқта-жүген кигізіліп,
ерттеліп жатқызылған қалпында жерленген. Жылқы денесімен батысқа
қаратылғанымен мойны солтүстікке қарай бүрылып қойылған. Адам мен жылқы
сүйегінің арасында о дүниелік азық – қой санының сүйектері жатыр. Қабір
топырақ, таспен көміліп, үстіне диаметрі 7 м, биіктігі 0,60 м тас оба
тұрғызылған.

Көне түрік дәуірінін археологиялык ескерткіштеріне ғұрыптык коршаулар да
жатады. Олар VI-IX-ғасырлар аралығында ұзақ уақыт бойы жасалып келді. Көне
түріктік қоршаулар марқұмға (ер адам) арнап ас беру ғұрпын өткізуге
байланысты жасалды.

Қоршау – тігінен орнатылған тас такталардан кұралатын төрт бұрышты
құрылыс. Оның іші тастармен толтырылады. Қоршаудың жанында марқұмның
скульптуралық бейнесі – тас мусін немесе қарапайым тас баган қойылуы
мүмкін. Тас мүсіннің беті шығысқа қаратылады. Кейде одан әрі шығысқа қарай
аласалау тас бағаналар қатары тізіле қойылуы мүмкін. Бұл бағаналар ғылыми
әдебиеттерде балбал деп аталады. Кезінде балбалдар қазылып орнатылса,
қазірде олар құлап қалған. Бірқатар ғалымдар балбалдар өлтірілген
дұшпандарын білдіреді деді. Келесі пікір бойынша, балбалдар ғұрыптық асқа
келген тайпа, ру өкілдерінің ездерінің қатынасқандығын білдіргені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түріктердің діні, наным-сенімдері және салт-дәстүрлері
Қазақстан аумағындағы ежелгі түркі тайпаларының рухани мәдениеті (V-VIII ғ.ғ.)
Түріктердің әдет-ғұрыптары
VI-XII ғғ. түркі халықтардың мәдениеті
Көне түркілер
Көне Түркі мәдениеті (VІ-ІХ ғғ.)
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Түрік қағанатының саяси тарихы
Көне түріктердің діні
Жазба және археологиялық деректер негізінде түрік қағанатының құрылу тарихы мен оның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау
Пәндер