Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы



Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрған руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көппелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Бұл ұлы патшалық Байкалдан Тибетке, Орта Азиядан Қытайдағы Хуанхэ өзеніне дейінгі аралықты мекендеп, сандаған жылдар бойы осы территорияда өз үстемдігін жүргізіп отырды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу процесі басталды.
Заманымыздың І мыңжылдығының басынан Евразия даласында біртіндеп этникалық өзгеріс етек алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда түркі тілдес тайпалардың басқосуы, өз алдына мемлекет құрып дамудың жаңа бір процесін бастан кешуін ерекше айтуға болады. Ал І мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуы және саяси, территориялық тұрақтылықтың нығаюы нәтижесінде жер тұтастығына байланысты бірнеше үлкен мемлекеттер пайда болғаны анық байқалады. Нақтырақ айтсақ, Оңтүстік Сібір, Орталық Азия, төменгі Еділ жағалаулары мен Солтүстік Кавказ аймақтарына байланысты бірінші Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты мен Арал оғыздары хандығы бой көтереді. Осы аталған одақтастар дәуірі тарихта көне түркі дәуірі деп аталады. Тарих толқынында өз ізін жоғалтпай, үнемі даму, ұлғаю, ірілену сияқты процестерді бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі болып табылады. Тілдің пайда болуы мен қалыптасуындағы осындай үзіліссіз,
Әдебиеттер:

Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. —Алматы, 2003.
Tomsen V. Іnscrіptіons de l(Orkhon Dechіffrees // Memoіres de la Socіete Fіnno-Ougrіenne (MSFOu). —Helsіngfors, 1896.
Tomsen V. Gozultmus Orhon yazіtlarі. —Ankara: Turk tarіh kurumu basіmevі, 1993.
Томсен В. Дешифровка орхонских и енисейских надписей // Записки Восточного отделения Русского археологического общество (ЗВОРАО). Т. VІІІ. вып. ІІІ-ІV. —СПб., 1894.
Акишев К.А. Древняя культура саков и усуней долины р. Или. —Алматы, 1963.
Литвинский Б.А. Древнейшие кочевники

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ТАЛАС ӨҢІРІНДЕГІ КӨНЕ ЖАЗБАЛАР – ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖАЗУ
МӘДЕНИЕТІНІҢ БАСТАУЫ

Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті
мәселелердің бірі ретінде тұрған руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін
зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес, бастауын сонау
ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі
көппелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында
құрылды. Бұл ұлы патшалық Байкалдан Тибетке, Орта Азиядан Қытайдағы Хуанхэ
өзеніне дейінгі аралықты мекендеп, сандаған жылдар бойы осы территорияда өз
үстемдігін жүргізіп отырды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына
жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен
шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға
байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі
этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу процесі
басталды.
Заманымыздың І мыңжылдығының басынан Евразия даласында біртіндеп
этникалық өзгеріс етек алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда
түркі тілдес тайпалардың басқосуы, өз алдына мемлекет құрып дамудың жаңа
бір процесін бастан кешуін ерекше айтуға болады. Ал І мыңжылдықтың екінші
жартысынан бастап тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуы және саяси,
территориялық тұрақтылықтың нығаюы нәтижесінде жер тұтастығына байланысты
бірнеше үлкен мемлекеттер пайда болғаны анық байқалады. Нақтырақ айтсақ,
Оңтүстік Сібір, Орталық Азия, төменгі Еділ жағалаулары мен Солтүстік Кавказ
аймақтарына байланысты бірінші Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Батыс
Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты мен Арал оғыздары хандығы бой көтереді. Осы
аталған одақтастар дәуірі тарихта көне түркі дәуірі деп аталады. Тарих
толқынында өз ізін жоғалтпай, үнемі даму, ұлғаю, ірілену сияқты
процестерді бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір
сүріп отырған бүкіл түркі тілдес халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі
болып табылады. Тілдің пайда болуы мен қалыптасуындағы осындай үзіліссіз,
динамикалық дамудың негізінде пайда болған қазақ тілі де түркі ата
тіліміздің негізгі бір бұтағын құрайды.
Орталық Азияны және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркі тілдес ру-
тайпалар бірігіп VІ ғасырдың орта шенінде Түрік қағанаты мемлекетін құрғаны
тарихтан белгілі. Осы қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір
кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат
қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған
дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол
бастаған ержүрек, дана әскер басылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар
ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тониұқұқ,
Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың
кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында
сақтау үшін, сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып
табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық
мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына
ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды.
Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас
батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-
қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер
кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл
санап өсіп жатыр. Бірақ, осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап,
оның ішкі мазмұны мен сырын ұғыну, қазақ халқы үшін құндылығынының
қаншалықты екендігін анықтау соңғы жылдары баяулап кеткені белгілі.
Талас жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған
ескерткіштер қатарын құрайды және де аталған жазба ескерткіштердің тікелей
жалғасы болып табылатын орта ғасырлық мұралар мен тарихи орындар осы таулы-
қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сондықтан да қазақ және өзге түркі
тілдес елдердің тарихын, көне мәдениетін, өркениеті мен мемлекеттігін, тілі
мен діліне қатысты құнды деректерді осы өңірлерден іздестірудің қажетті
екендігін байқауға болады.
Мемлекет тарихын бейнелейтін түркілік руханикалық жазуларды тілдік‚
әдеби, тарихи және саяси-этникалық жақтан жан-жақты зерттеу үшін көне
мұралардың географиялық жағдайын жетік меңгеруіміз керек. Сонымен қатар,
қазақ халқының көне мәдени ошақтары мен тарихи орындарын анықтау, оның мәні
мен мағынасын, құпиялы ішкі сырын білу тек жекелеген зерттеуші ғалымдардың
ғана емес, ол мемлекеттің алдында болашақ ұрпағы үшін міндетті түрде
шешімін табатын проблема болуы керек. Қазақ халқының рухани байлығы оның
тарихымен астасып жатады. Сондықтан да мұндай көнекөз жазба мұраларды
зерттеу мәселесін еліміздің қазыналы оңтүстік өңірінен бастаған дұрыс.
Өйткені, Қазақстанның аймақтарынан табылған тарихи жазба мұралар қазіргі
уақытта облыстық мұражайлар мен арнайы тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау
орындарында мүлдем жоқтың қасы. Ал соңғы жылдары Талас өзені аңғарлары мен
сол аймақтағы таулы-қыратты жерлерге экспедициялар ұйымдастыру мәселесі
мүлдем назардан тыс қалып қойған. Қазіргі Тараз қаласы мен оның оңтүстігін,
Алатау мен Қаратау бөктерлерін, орталық Қазақстандағы Ұлытау мен Болаттау
аймақтарында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізетін шағын экспедициялық топ
құрып, көне жазбаларды іздестірсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талас өңіріндегі көне жазбалар - ежелгі түркі мәдениетінің бастауы
Түркі халықтарының жазба ескерткіші
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері
Түркі Ренессансы және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны
Көне түркі ескерткіштерінің жалпыадамзаттық құндылығын анықтау
Түркі руна жазбалары тұңғыш рет тұтастай зерттелінді
Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштері
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
ТҮРКІ РУНА ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ТҰТАСТЫҚТА ЗЕРТТЕЛІНДІ
Көне түркі мәдениеті жайлы
Пәндер