Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу


- ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1-2 лекция. Таќырыбы: Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу.
Жоспары:
1. Тау жыныстар туралы түсінік.
2. Қазақстан жер қойнауында геологиялық даму кезеңіне сәйкес әр түрлі пайдалы қазбалар.
2. Қазақстанның геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктері.
3. Геохронологиялық кесте.
4. Пайдалы қазба кен орындары үш топқа бөлінеді: жанатын, рудалы және рудасыз.
5. Металлургия; қара металлургия, түсті металлургия.
Лекция маќсаты: Қазақстан жер қойнауындағы минералды ресурстардың геологиялық құрылысы мен ерекшеліктерін және пайдалы қазбалар қоры мен географиялық таралу заңдылықтарын анықтау, кен орындарымен таныстыру
Лекция мєтіні:
1. Тау жыныстары туралы түсінік
Петрография - таужыныстар туралы ғылым. Ол таужыныстардың кұрамын, құрылымын, бітімін, қасиеттерін, жатыс жағдайларын, жаралуы мен практикада қолданылуын зерттейді. Таужыныстар әр турлі геологиялық процестер нәтижесінде жер қыртысында немесе оның бетінде пайда болады. Олардың негізгі массасын кұрап, жаралу жағдайы мен қасиеттерін анықтайтындар - таужыныс жасаушы минералдар. Таужыныстарда сонымен қатар басқа сирек (акцессор) минералдар кездесуі мүмкін. олардың құрамы мен саны біршама тұрақсыз келеді.
Егер таужыныс таужыныс жасаушы минералдың белгілі бір агрегатынан ғана тұрса, ол бір минералды немесе мономинералды деп аталады. Мұндай таужыныстардың мысалы ретінде кальциттің кристалл түйірлі агрегатынан тұратын мәрмәрді айтуға болады. Егер таужынысқа бірнеше таужыныс жасаушы минерал кірсе, ол көп минералды немесе полиминералды деп аталады. Мұндай таужыныстардың мысалы ретінде құрамы кварц, калий-натрийлі далашпаттар мен қышқыл плагиоклаз, сонымен қатар биотит пен мұйіз алдамышынан тұратын гранитті айтуға болады.
Таужыныстардың құрылысын құрылымы мен бітімі аныктайды.
Құрылым - таужыныстардың құрылысын олардың минералдық құрамдас бөліктерінің кристалдылық дәрежесіне, абсолют және салыстырмалы өлшемдеріне, пішініне, өзара орналасуы мен бірігу тәсілдеріне байланысты сипаттайтын түсінік.
Бітім - таужынысты құрайтын минералдық агрегаттардың кеңістікте бағдарлану, өзара орналасу және кеңістікті толтыруы бойынша анықталып, оның біркелкілік және тұтастық дәрежесін сипаттайды. Бітімнің морфологиялык бірлігі - минералдық агрегат.
МАГМАЛЫҚ ТАУЖЫНЫСТАР
Аталуынан көрініп тұрғандай, магмалық таужыныстар маманың суынуы мен кристалдануы нәтижесінде жаралады. магма (грек. "магма" - қою зат, қамыр) - жоғары температуралы табиғи иондық силикат немесе алюмосиликат балқыма. Оның құрамына су және ұшпа компоненттер (фтор, хлор, бу, көмірқышқыл газы және т. б. ) кіреді.
Жердің терең қойнауында жаралатын магмалық таужыныстар- интрузивтік немесе тереңдік деп аталады. Егер магма жер бегінде суыса, онда эффузивтік немесе төгілме таужыныстар еп аталады.
Магмалық таужыныстардың құрылымы және бітімі.
Ж аралу жағдайларына байланысты магма толық кейде жартылай кристалдануы мүмкін немесе шыны тәрізді массаға айналады. Осыған байланысты толық кристалды, жартылай кристалды және шыны құрылымдар бөлінеді. Олардың біріншісі - интрузиялық-таужыныстарға, екіншісі - эффузиялықтарға (және кейбір гипабиссал таужыныстарға), ал үшіншісі - жер бетінде жылдам қатайған лаваларға тән.
Интрузиялық таужыныстар
Гранит - орта түйірлі, кейде ірі және ұсақ түйірлі құрылымды, толық кристалды, теренде жаралған таужыныс.
Пегматит - ірі түйірлі, кейде пегматитті (графикалық) құрылымды далашпаттарға бай таужыныс. Құрамы бойынша гранит пегматит, сиенит пегматит және т. б. бөлінеді.
Эффузиялық таужыныстар
Гранит құрамды магманың жер бетіне төгілуі нәтижесінде липарит (риолит) - кайнотипті және липариттті порфир - палеотипті таужыныс жаралады.
Липарит (риолит) - порфирлі құрылымды төгілме таужыныс.
Орташа таужыныстар
Олар плагиоклаздар мен амфиболдардан (мүйізалдамышы) тұрады. Күңгірт түсті минералдарға карағанда ашық түсті минералдардың мөлшері көбірек (плагиоклаздар) болады.
Минералдардың мұндай ара қатынасы таужыныстардың жалпы сұрғылт түстілігін анықтайды. Төгілме таужыныстар арасында ең көп таралғаны - андезиттер.
Интрузиялық таужыныстар
Диорит - тереңде жаралатын, қалыпты құрамды, бітімі тығыз, құрылымы толық кристалды таужыныстар.
Сиенит - сілтілі құрамды орташа тереңцік таужыныс. Оның басты минералдары - ашық-кызыл, ақ, сұр, сарғыш калийлі-натрийлі далашпаттар мен плагиоклаздар.
Эффузиялық таужыныстар
Андезит - әдетте порфирлі құрылымды болып келеді. Біркелкі негізгі масса аясында мөлдір ашық-сұр плагиоклаздар және қара мүйізалдамышы немесе авгиттің жылтыр сеппелері жақсы байқалады.
Негізді таужыныстар
Бұл таужыныстардың басты таужынысжасаушы минералдары - пироксендер мен негізді плагиоклаздар. Сонымен қатар оливин мен мүйізалдамышы кездесуі мүмкін. Түсі күңгірт болады, түсті минералдар мөлшерінің артуы қара рең береді. Негізді таужыныстар ішінде ең көп таралғаны төгілме таужыныс - базальт.
Интрузиялық таужыныстар
Габбро - сұр плагиоклаздардан (орташа алғанда50-55%), және қара түсті (жасыл-қара) пироксендер мен кейде мүйізалдамышынан (45-50 %) тұратын тереңдік толық кристалды таужыныс. Плагиоклаздар арасында әдемі көк және жасыл құлпырма тусті лабрадор жиі кездеседі. Толықтай лабрадордан тұратын габбро лабрадорит деп аталады.
Эффуіиялык таужыныстар
Базальт - афанитті, порфирлі немесе ұсақ кристалды құрылымды (соңғы жагдайда таужыныс долерит деп аталады) қара немесе күңгірт-сұр таужыныс. Таужыныстың қара фонында далашпаттар жиі нүктелер, жылтыр ашық сеппелер түрінде бөлінеді.
Улытранегізді (улытрамафелі) таужыныстар
Олар жер қыртысында аз таралған, эффузиялық баламалары өте сирек (кимберлит, пикрит және пикрит порфирит) . Ультранегізді таужыныстардың тығыздығы жоғары (меншікті імағы 3, 5 г/см 3 шамасында), минералдық құрамында ашық гі далашпаттар жоқ, ал түсті минералдардан тек қана магний темірге бай оливин мен пироксендер болады. Таужыныстардың түсі көбінесе қара болады.
Интрузиялық таужыныстар
Дунит - толық кристалды, әдетте ұсақ және орта түйірлі құрылымды, таужыныстарға сары-жасылдан қараға дейін түс беретін тұтас оливиннен тұратын (70-100%) тереңдік таужыныстар.
Перидотит - толық кристалды, ірі және орта түйірлі құрылымды, оливин (70-30%) мен пироксендерден (ромбылық) атын тереңдік таужыныс.
Пироксенит - толық кристалды, ірі және орта түйірлі құрылымды тереңдік таужыныс. Түсі күңгірт, қара. Таужынысжасаушы минералдары - пироксендер, аздаған мөлшерде оливин (30%-ке дейін) .
Эффузиялық таужыныстар
Кимберлит ультранегізді таужыныс болғанымен, ол және магмалық таужыныстар сынықтарынан, сонымен қатар сыйыстырушы шөгінді таужыныстар сынықтарынан тұрады.
ШӨГІНДІ ТАУЖЫНЫСТАР
Шөгінді таужыныстар магмалық, метаморфтық және көне шөгінді таужыныстар мору өнімдерінін, қайта шөгу жолымен жаралады. Шөгінді таужыныстар туралы ғылымды литология деп атайды.
Сынықты таужыныстар өздерінің құрылымына, яғни оларды кұрайтын сынықтардың өлшемдеріне карай былайша жіктеледі:
- ірі сынықты (грекше "псефос"-"тас") - көлденең өлшемі 1 мм-ден асатын сынықтардан тұрады;
- орташа сынықты немесе құм таужыныстар (грекше "псаммос" - "құм") - өлшемдері 0, 1 мм-ден 1 мм-ге дейінгі сынықтарынан тұрады;
- үсақ сынықты немесе тозаң таужыныстар (грекше "алеврос" - "ұн") диаметрі 0, 1 -ден 0, 01 мм-ге дейінгі бөлшектерден тұрады.
Ірі сынықты таужыныстар
Сынықтарының өлшемдері және пішініне байланысты ірі сынықты таужыныстар ішінде келесі өкілдері бөлінеді:
шойтас (көлденең өлшемі 1000 мм-ден асатын) және дөңбектас (100 мм-ден 1000 мм-ге) - үшкір және жұмыр сынықтар.
шақпатас (үшкір) және малтатас (жұмыр) - өлшемдері 10 мм-ден 100 мм-ге дейінгі сынықтар.
қиыршықтас (үшкір) және гравий (жұмыр) - өлшемдері 1-ден 10 мм дейінгі сынықтар. Цементтелген ірі үшкір сынықтардан тұратын таужыныстар тиісінше брекчия және қиыршықтас, ал жұмыр сынықтардан тұратындары - конгломерат және гравелит деп аталады.
Орташа сынықты таужыныстар
Таужыныстардың бұл тобы өзен аңғарларында, сушара (көл, теңіз) жағалауларында кең дамыған. Олардың қопсық түрдегілері құм, ал цементтелгендері құмтас деп аталады. Құм мен құмтас сондай-ақ құрылыста да кең қолданылады.
¥сақ сынықты таужыныстар
Бұл таужыныстарды құрайтын сынықтардың өлшемі 0, 1 мм-ден 0, 01 мм-ге дейін. Мұндай сьінықтардың қопсық шоғырларын құмайт (алеврит; . ал цементтелгендерін құмайттас (алевролит) деп атайды. Майда тозандардан тұратын өкілдеріне лёсс жатады.
Лёсс - өлшемдері негізінен 0, 05-0, 005 мм болатын кварц, далашпат пен саз бөлшектерінен және әкті қосылыстардан тұратын ашық, сарғыш түсті таужыныстар. Оларда ұсақ, домалақ шоғырлы, әр түрлі пішінді әкті организм қалдығы кездеседі. Лёсс сияқты ұнтақталып жеңіл үгітіледі, оның құрамында карбонат түзілімдері болатындықтан, тұз қышқылы көмегімен оңай ықталады. Құ майттас (алевролит) - қабаттылығы жұқа, парақталған құрылысты таужыныс. Оның түсі мен реңі әр түрлі, саз минералдарынан цементтелген түрлесі жер қыртысында біршама кең таралған. Ол сияқты құрылыста, жол салу құрылысында қолданылады.
Саз таужыныстар
Барлық шөгінді таужыныстар көлемінің 50 % шамасын қамтитын, ең көп таралғаны - саз таужыныстар. Олар өте майда (0, 01мм-ден 0, 001-0, 005 мм-ге дейін) кристалл және аморфты бөлшектерден, әр түрлі саз минералдарынан, кейде хлорит, оксид және алюминий гидрооксидтерінен, опал, кварц және басқа минералдардан тұрады.
Химиялық және органогендік таужыпыстар
Шөгінді таужыныстардың бұл тобы су алаптарында және ерітінділердің жылыстауы (жер бетінен төменге қарай сіңуі) нәтижесінде пайда болады. Химиялық таужыныстардың құрылымы оларды құрайтын минералдардың кристалл өлшемімен анықталады (мысалы: ірі -, орташа -, ұсақ -, майда түйірлі, жер тәріздес, жасырын кристалды) органогендік таужыныстардың құрылымы - организм қалдықтардың сақталуына қатысты сипатталады.
Карбонат таужыныстар
Жердің шөгінді қабығындагы карбонат таужыныстардың үлесі 14 % шамасында. Бұл топшадағы ең көп таралған таужыныс әктас, ол кальциттен тұратындықтан, мономинерал түріне жатады.
Кремнийлі таужыныстар
Олар да карбонат таужыныстар сияқты химиялык (хемогендік), биогендік және аралас жолмен жаралады.
Яшма - терең теңіздерде кремнийдің шөгу нәтижесінде және жанартауларға жақын жерлерде химиялық тұну жолымен жаралатын таужыныс.
Хемогендік саз таужыныстар
Бұл таужыныстарға аллюминий гидрооксидтері -гидраргиллит, диаспор және бемит минералдарынан, сонымен қатар темір гидрооксидінің кейбір қоспаларынан тұратын латерит пен боксит жатады.
Темірлі таужыныстар
Бұл таужыныстар темірдің оксид, гидроксид және карбонат минералдарынан тұратындықтан, шөгінді темір кені болып табылады. Олар темірге бай ультранегізді таужыныстардың химиялық моруына байланысты пайда болады.
Галоидты және сульфат таужыныстар
Олар әр түрлі тұздар ерітінділерінен таза химиялық шөгінді түрінде жаралады. Қалың қатқабаттары жиі кездеседі. Галоид қосылыстары ішінде галит, сильвин, карналлит және т. б. минералдар кең таралған, олар тастұз қабаттарын жасайды. Күкіртқышқыл қосылыстарының ішінде таужыныстарының ішінде ең көп таралғаны гипс минералынан тұратын гипсит таужынысы. Сусызданған гипсит ангидритке айналады.
Каустобиолиттер
Каустобиолитке (каустос - жанғыш, биос - тіршілік, литос - тас) жанғыш қазбалар жатады. Олар өсімдіктер және жануарлар (планктон) қалдықтарының биохимиялық, химиялық жолмен түрленуінен және басқа геологиялық факторлар әсерінен жаралады. Бұл таужыныстар жанғыш қасиеттеріне байланысты зор практикалык мәнге ие. Олар мұнай және көмір (шымтезек, қоңыр көмір. тас көмір, антрацит және жанғыш тақтатас) катарына бөліп. көбінесе жоғары қызулы отын ретінде пайдаланылады.
Мұнай - сары-коңыр, қара-қоңыр немесе қара түсті майлы сұйық. Мұнай тығыздығы 0, 75-1, 00 аралығында өзгереді, кейбір қою асфальт пен битумды массалары ауырлап, суға батады. Мұнай негізінен көміртек пен сутек элементтерінің қосылыстарынан тұратындықтан жалпы көмірсутек деп те аталады.
Торф - қопсық, жер тәріздес, кеуек, сары-қоңыр немесе масса, ол жақсы байқалатын өсімдік калдықтарынан тұрады. . Оның құрамында коспа ретінде әр түрлі мөлшерде терригендік материал қатысады. Батпақ сулы ортада және оттек мөлшерінің жетпеуінен өсімдіктер жартылай шіріп, шымтезекке айналады.
Қоныр көмір - тығыз, жер тәрізді, әдетте жылтырлығы күңгірт қара-коңыр немесе қара жанғыш таужыныс. Түссызығы қара-қоңыр. Өсімдіктердің шірімеген бөліктері мүлдем болмайды. Құрамындағы көміртек мөлшері 60-70% шамасында. Тығыздығы 0, 7 г/см 3 -тен жоғарылайды.
Тас көмір - жер қойнауында жоғарғы қысым және температура жағдайларында органикалық заттардың (қоңыр көмірдің) ары қарай түрленіп, тығыздалу процесінің нәтижесі.
Анграцит - қүрамында көміртек мөлшері 97 %-ке дейін, тығыздығы өте жоғары, сұр-қара түсті, жылтырлыгы жартылай металша, қолға жұқпайды. Тығыздығы 1, 6 г/см'-ге дейін.
Жанғыш тақтатастар -алап түбінде органикалық заттар (20- 60 %) мен саз ұйықтар бір уақытта шөгіп, температура мен қысым әсерінен түрленуі нәтижесінде жаралады. Олар жұқа қабатты, қара-сұр немесе қоңыр түсті болады, жанған кезде битумнің иісі шығады.
МЕТАМОРФТЫҚ ТАУЖЫНЫСТАР
Жер қыртысының төменгі қабаттарында жоғарғы температура, жоғары қысым және әр түрлі газ бен сулы ерітінділер әсерінен шөгінді және магмалық таужыныстары өзгеріске ұшырайды. Таужыныстардың өзгеруі процестерінің жиынтығы метаморфизм деп аталады.
Филлит. Филлиттің минералдық, кұрамы слюдалардың ұсақ кристалдарының пайда болуымен, бастапқы метаморфты қайта туындауын көрсетіп, сипаттайды. Таужынысының атын анықтайтын тақталы (парақша) бітім жақсы көрінелі.
Таужынысына тән белгісі тақтатастылықтың жоғарғы бетінде күшті жібектей жылтырлық, слюда кристалдары анық бағдарлы орналаскан. Олардың түсі әртүрлі: жасыл, сұр, қара. Филлит серицит, хлорит, биотит, кварцтан және дала шпатынан тұрады. Ең көп таралғаны серицит және кварц.
Жасылтақтатастар - түсі бойынша, хлориттің, тальктің, серпентиннің, эпидоттың, актинолиттің катысуымен аталған таужынысы. Бұл минералдар, сонымен қатар альбит, кварц, калыцит, мусковит жасыл тақтатастың таужыныс жасаушы минералдары болып табылады.
Хлоритті тақтатас хлориттен, сонымен қатар тальктен, слюдалардан, кварцтан және басқа минералдардан тұратыи тақтатасты немесе қабыршақты таужыныстары. Олардың түсі жасыл. қолмен сипағанда майлы, каттылығы өте үлкен емес. Хлоритті тақтатастар құрамында магнетиттің жақсы қырланған кристалдары (октаэдрлер) жиі кездеседі.
Талькті тақтатас негізінен тальктің ұсақ иілмелі жапырақшаларынан тұрады. олардың түсі ақ, сұр, жасыл; тырнакпен сызылады. Құрамына байланысты бірнеше баламалары бөлінеді. Таза талькты тақтаттастар талькты тас деп аталады, соңғысы жақсы отқа төзімді және қышқылға төзімді материал ретінде кең колданылады.
Слюдалы тақтатас - терең метаморфталған тақталы таужыныстары. Барлық кристалды тақтатастар - түйірлі таужыныстары; сазды минералдар серицит, хлорит. Кристалды тақтаттастар тақтастылығы мен бүрмелілігімен сипатталады. Кристалды тақтаттастардың таужыныс жасаушы минералдары слюдалар (мусковит, биотит) кварц, анар.
Ең көп таралғандары слюдалы кристалды тақтатастар. Олар слюдалардан және кварцтан тұрады. Егер мусковит кездессе, олар мусковитті таңтатас, ал егер слюда биотит болса - биотитті тақтатас деп аталады. Кристалды тақтаттастарды слюдалардан басқа, қызыл немесе қызыл-күлгін түсті (альмандин) изометрлі анар түйірлері жиі кездеседі.
Амфиболит - негізінен мүйіз алдамышы және дала шпаты (плагиоклаз) одан басқа оларда кварц, анар және т. б. минералдардан тұратын тығыз немесе тақталы таужыныстары. Амфиболиттердің түсі сұр-жасыл, жасылдан қара жасылға дейін қара болып кездеседі.
Кварциттер - кварцтан тұратын шомбал тығыз түйірлі таужыныстары. Олар өте берік және қаттылығы жоғары моруға қарсы тұруымен ерекшеленеді. Кварциттер берік әшекей материал ретінде өте маңызды орын алады.
Мәрмәр бір ғана минералдан - кальциттен тұратын, түйірлі морфты таужынысы. Түйірлерінің ірлігі бойынша: ұсақ-, орта және ірі түйірлі мәрмәр бөлінеді. Олар әктастардың қайта кристалдануынан жаралады. Түсі ақ, сонымен қатар көгілдір, кызыл, жолақты, дақты және басқа мәрмәрлар кездеседі, олардың қаттылығы өте үлкен емес. Тұз кышқылымен (НСІ) әрекеттескенде суықтада қатты әсер етеді. Доломиттердің қайта
кристалдануында доломитті мәрмәр жаралады. Олардың түсі аздап сары. НСІ-мен тек ұнтағы әрекеттеседі.
2. Қазақстанның пайдалы қазбаларының өндірісте қолданылуы.
Республикада түсті металлургия саласына кіретін 7 саланың құрамында 28 кәсіорын жұмыс істейді.
1. Қорғасын-мырыш саласы 12 кәсіпорыннан тұрады, оның 3-і металлургиялық, ал 9-ы кен байыту. Металлургиялық кәсіпорындар - Өскеменнің қорғасын-мырыш, Риддердің полиметаллы, Шығыс Қазақстан мыс химиялық, Зыряновск қорғасын, Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары, Жәйрем, Жезкент және Қарағайлы тау-кен комбинаттары. Республиканың қорғасын-мырыш өндіретін руда қоры едәуір. Қорғасын мен мырыш өндіруде біз дүние жүзі бойынша бесінші орынды аламыз.
Қорғасын зауыттары негізінде ауаны қорғасынмен, мышьякпен, басқа да ауыр металдармен, күкіртпен, көміртек оксидтерімен көп мөлшерде ластайтын көзге жатады.
2. Мыс саласына 3 кәсіпорын-Балқаш, Жезқазған кен байытау комбинаттары, Ертіс мыс балқыту зауыттары кіреді.
Қазіргі кезде мыс балқытурудасы 17 кен орнынан алынады. Дүние жүзі бойынша мыс өндіруде 7-орында. өндірілетін мыстың 92% экспортқа шығарылады. Құрамын «Жезқазған» кен байыту комбинаты мен Жезқазған мыс кен орныдары кіреді, «Жезқазған түсті металл» бірлестігі мыспен қатар қорғасын мен мырыш концентраттарын шығарады және қорғасынды, мырышты, кадмийді, күмісті, никельді, висмутты, ренийді қосымша алады. Өтпелі кезеңдегі экономикалық қиындыққа бұл бірлестік 1995 жылы маусым айынан бастап үкімет шешімімен Оңтүстік Кореяның «Самсунг» корпорациясының басшылығына 5 жыл мерзімге өткізілді. Қазіргі кезде бұл мерзім ұзартылған.
3. Алюминий өндіру саласының 3 кәсіпорны - Павлодар алюминий зауыты (ПАЗ), Торғай мен Қызылоктябрь кен басқармалары бар. Алюминий өндірісіндешикізат ретінде Торғайдың бокситі қолданылады, одан голинозем, ал соңғыдан алюминий алынады.
4. Алтын өндірісі Қазақстанның алтын мен валюта қорын толықтыруға маңызы зор. Бұл салада 6 өнеркәсіп жұмыс істейді. Негізгі алтын өндіретін кәсіпорныдарға алтынның 50%-ын беретін «Қазақалтын», қалғанын «Алтайалтын» 16%, «Майкайалтын»15%, «Ақбақай» 12%, «Бақыршық» 4% комбинаттары жатады. Алтын қоры бойынша дүниежүзінде 6-орында, ТМД елдерінде 3-орында, Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі.
5. Вольфрам-молибден өндірісі «Қазвольфрам» бірлестігінің басқаруында. Вольфрам өндірісін өзімізде дамыту мақсатында жоғары Қайрақты кен орны негізінде бірнеше рудник пен вольфрам өңдейтін комбинат салынып жатыр, тезірек іске қосу жолы қолға алынды. Мысалы, Жамбыл атындағы вольфрам-молибден руднигі менАқжол полиметалл тау-кен байыту комбинатын айтуға болады.
6. Титан-магний өндіретін комбинат Өскемен титан-магний комбинаты. Бұл металдардың қоры елімізде жеткілікті
7. Сирек металдар саласының дамуына Қазақстанда барлық мүмкіншілік бар. Республикада өте құнды ттан рудасы өндірілетін Белогортауруде комбинаты және сирек металдар шығаратын Ақмола мен Каспий төңірегіндегі тау-химия комбинаттарын және оларды балқытатын Ертіс комбинатын атауға болады.
Түсті металлургия өндірісінің бәрі зиянды заттармен биосфераны ластап отыратын көздер.
Түсті металлургияда қалдықтарды пайдалану мен үмендеу проблемалары әлі толық шешілген жоқ
«Қазақойыл» - Қазақстанның мұнай-газ өндіруші ірі кәсіпорны 1997 жылы мартта құрылған. өндірістік тізбектің брлық сатыларында: кеніштерді барлаудан және мұнай-газ өндіруден бастап, ұқсатуға, түпкілікті өнімнің маркетингіне дейін мұнай операцияларын жүргізу; , өндіруді, тасымалдауды, ұқсатуды жүзеге асыратын бірлескен жобаларда мемлекеттің мүддесін қолдау және осындай жаңа жобаларды дайындап іске асыру мақсатын көздейді, мұнай-газ кенішінен түстетін барлық салықтың 25%-дан астамы және экспорттық түсімнің 14%-ы «Қазақойылдың» үлесінде болды. (2001 ж) . компания дүние жүзінің жетекші мұнай-газ компанияларымен тығыз серіктестік қатынас орнатты. Ұлттық компанияның қарамағында мұнай өндіретін екі еншілес кәсіпорын - «Өзенмұнайгаз» және «Қазақойл - Ембі» ашық акционерлік қоғамдары жұиыс істеді. Олар 2001 жылы еншілес Атырау тиісінше 4, 0 және 2, 35 млн тоннадай мұнай өндірді. Комапния «Арман», «Қазақтүрікмұнай», «Қазақойл-Тельф» және «Матин», бірлескен кәсіпорныдарында жиыны 1 млн тонна мұнай өндірді. Мұнай ұқсату секторында ішік рынокты мұнай өнімдерімен молықтыру мәселесін шешуге үлес қосты. 2000 жылы еншілес Атырау мұнай айыру зауытында 2, 2 млн тонна мұнай ұқсатылды, оның 80%-дан астамы «Қазақойлдың» иеншікті қорларынан жеткізілді. Маркетинг аясында компания еншілес кәсіпорын - «Казахойл-Продактс» жекеменшік Шаруашылық Серіктестігін құрды, ол мұнай және мұнай өнімдерін өткізумен, Қазақстан аумағында фирмалық авто және газ құю станцияларының желісін құрумен айналысады. Қазақстанның батыс аймағында және Астана қаласында осындай станциялар ашылды. Экспорттан алынған табысты ұлғайту үшін Тәуелсіз Мемленкеттер Достастығы елдерінің рыноктарын игере бастады. 1999 жылдың аяғынан бастапкомпания Херсон мұнай айыру зауытын басқарады.
Жекешелендіру теңдерінің нәтижесінде зауыт акциясының 90%-ынан астамын иеленеді. Компания әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға, демеушілік көмек көрсетуге баса ден қойып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz