Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Кіріспе 3
1Бюджеттен тыс қорлардың теориялық негіздері
1.1. Бюджеттен тыс қорлардың пайда болу жағдайы 5
1.2. Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні мен мазмұны 6
1.3. Шетел тәжірибесіндегі бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету ерекшеліктері 9
2Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
2.1 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу негіздері 12
2.2 Экономикалық бағыттағы бюджеттен тыс қорлардың ел экономикасына әсері 15
2.3 Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлардың қазіргі жағдайы 26
3 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың экономикаға тигізетін әсері және оларды жетілдіру жолдары 29
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32

Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көлемі бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым мінездемесі, тұрғындардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайы туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзіне салықтар (90%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік несие – бұл мемлекет бюджетіне ақша қаражаттарын толтырудың әдісі болып табылады.
Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғаты мен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге,оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны, мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарғапайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.

1. Ильясов.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Жоғарғы оқу орнына арналған оқулық. - Алматы, 2007ж.
2. Кулпыбаев С.К., Баязитова Ш. Қаржы теориясы. Оқу құралы. - Алматы: Мерей, 2001.
3. Мельников В.Д., Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 220 бет
4. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Н.С., Комягин Б.И. / Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Кеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455
5. Берстембаева Р. Финансы зарубежных государств, А.
6. Бюджетная система России: Учебник для вузов/ Под ред. проф. Г.Б. Поляка. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.
7. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы: Учебник. - А.,2001
8. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – А., 1995
9. Мельников В.Д. Основы финансов: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005. – 560 с.
10. Рынок ценных бумаг / Под ред. В.И.Галанова, А.И.Басова. М.: Финансы и статистика, 2000 .
11. Фадейкина Н.В., Апсалямов Н.А., Азылканова С.А. Современная бюджетная политика Казахстана – Новосибирск: СИФБД, 2004. – 265 с.
12. Фреймер П. Страхование жизни: перспективы развития. - М.: Изд. МЭУ, 2003. - С. 116.
13. Шахов В.В. Введение в страхование. Изд. 2-ое. Учебн.пособие. - М: Финансы и статистика, 2000.

Мазмұны:
Кіріспе
3
1Бюджеттен тыс қорлардың теориялық негіздері
1.1. Бюджеттен тыс қорлардың пайда болу жағдайы
5
1.2. Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні мен мазмұны
6
1.3. Шетел тәжірибесіндегі бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету ерекшеліктері
9
2Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
0.1 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу негіздері
12
0.2 Экономикалық бағыттағы бюджеттен тыс қорлардың ел экономикасына әсері
15
0.3 Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлардың қазіргі жағдайы
26
2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың экономикаға тигізетін әсері және оларды жетілдіру жолдары
29
Қорытынды
31
Қолданылған әдебиеттер тізімі
32
Кіріспе
Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көлемі бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым мінездемесі, тұрғындардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайы туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзіне салықтар (90%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік несие - бұл мемлекет бюджетіне ақша қаражаттарын толтырудың әдісі болып табылады.
Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғаты мен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге,оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Бюджеттен тыс қорлар - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны, мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарғапайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржылық ресурстарды ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджеттік қаражаттар жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджеттік қормен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің катаң белгілі бір максаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекеттарапынан қаржылық ресурстарды қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. 1991 жылдан бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржылық ресурстардың бір бөлігін окшауландыру, мемлекеттік бюджеттерді оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде Бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық орғандарына аударуды қажет етті; бұл максатқа Экономиканытұрактандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді жәнетиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мүктаждарга жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сактандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың - Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар максатты арналымы болды.
1 Бюджеттен тыс қорлардың теориялық негіздері
1.1Бюджеттен тыс қорлардың пайда болу жағдайы
Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржылық ресурстарды ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджеттік қаражаттар жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджеттік қормен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.

Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрактандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одактық-республикалық қоры уақытша қызмет етті - бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінін мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қайтарусыз тәртіппен ақшалай қаражатгардың бір бөлігін салудың қосымша міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс) күнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін шалады - олардың ұдайы өндіріс пен түтынудағы мүмкіндіктерін тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуды қолдау қорында). Қорларга аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара салынады және Бұл күшсалмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, Бұл қорды қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт межелдемесінде баламасыз болып табылатын қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдцелеріне қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл коғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпы мемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір максатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін болабастайды. Сөйтіп, бюджеттентыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы бюджеттентыс қорлардыңжұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржылық қатынастардың Бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.
Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржылық қатынастарды саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік эртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілері бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші-кон, құқықтық тәртіпке жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар; басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік (жергілікті) болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар - экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар коғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар - бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік деңгейде қалыптасатын қорлар.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұксас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ак бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералдық-республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке еңгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу үдерісін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді бейнелеп көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизаңиялық валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын арнаулы қорлар термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың максатты арналымын баса көрсетеді.
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің қарауында болады, бұл қаржылық ресурстардың оқшауланған бөлігін басқару, оларды ұтымды, максатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне жәрдемдеседі. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді: әлемдік практикада қорлар дербес - биліктің өкілетті орғандарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік орғандарына максатты қаржыландыру мэселелерін тез шешуге, дер кезінде жағдаяттың өзгерісіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржылық ресурстардың едәуір көлемі қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы 2005 жылдың басында елдің ішкі жалпы өнімінің 16%-ына, 2009 жылдың басында 18%-ына жетті (Ұлттық қор мен дамудың мемлекеттік институттарын есепке ала отырып).
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды максатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді. Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйёсі реформалауға жиі ұшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында Мақсатты қаржыландыру қоры бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Сондықтан болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге: зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл), Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл), мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл), әлеуметтік сактандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл) байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте калпына келе бастады
2.2 Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні мен мазмұны
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функционалды-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі.
Бюджеттен тыс қорлар мынандай белгілер бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша - әлеуметтік (зейнетақы қоры, мемелекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры) экономикалық (жол қоры, жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры), ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші-қон, құқық қорғауға жәрдемдесу, мәдени арналым және басқалары;
басқару деңгейі бойынша - мемлекетаралық, мемлекеттік және аймақтық (жергілікті).
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілікті, соның ішінде халықаралық қорлар ұқсас болғанымен өзінің мақсаты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты ажырату қорлары болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар бойы, мемлекеттік бюджеткеенгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жұйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал,резервтік капитал, амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын, арнаулы қорлар термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің басқаруында болады, мұның өзі қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін басқаруға, оларды ұтымды , мақсатты пайдалануына бақылау жасауға мүмкіндік туғызады. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың басқарылуында шоғырландырылған мақсатты қаржыларды басқарып ұйымдастыруға жағдай жасайды: дүние жүзлік практикада қорларды басқару автономды түрде яғни биліктің өкілетті органдардың араласуынсыз түрінде болады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландырудың мәселелерін тез шешуге, ахуалдың өзгеруіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір ауқымы қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы елдің ішкі өнімінің 10-12% жетті.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара бөлшектер, төлем қабілетінсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік - экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1996 жылдан бастап қаржы саясатының мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру жағына өзгерумен байланысты мақсатқа сәйкес емес деп мойындалды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүние жүзлік практика орталықсыздандырудың және қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына кідертуге болмайтын бақылауды қамтамасыз ету кезіндегі оларды жедел басқару үшін мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін растайды.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық табысты қайта бөлудің негізгі құралы. Осы элемент арқылы ұлттық табыстың 40 %-ға дейінгі бөлігі қайта бөлінеді. Саяси және әлеуметтік экономикалық қатынастардағы жалпы мемлекеттік шығындардың маңыздылары және ең ірі кірістері мемлекеттік бюджетті құрайды. Мемлекеттік бюджеттің негізгі кірістері салықтардан құралады (мемлекеттік кірістің 70-90%-ын салық құрайды). Франциядан басқа нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің (Францияның мемлекеттік бюджетінің негізгі құралу көзін ҚҚС құрайды) бюджетінің көп бөлігін тікелей салықтар құрайды. Ал дамушы елдерде ол орынды жанама салықтар алады. Оларға: ҚҚС, акциз, кедендік алымдар жатады. Жанама салықтар тұрақты түсімдер ретінде қарастырылады, себебі салықтық тәртіп орын алған жағдайда олардан бас тарту мүмкіндіктері болмайды. Сонымен қатар халық табысының төменділігі, кірістерге әсер ететін инструменттердің әртүрлілігі және кірістерді төмендету мүмкіндігінің бар болуы тікелей салықтарды мемлекеттік бюджеттің құралу көзі ретінде енгізуге жол берілмейді.
Шығыстар бөлігі мына мақсаттарға бағытталады:
әскери мақсаттарға;
мемлекеттің экономикаға араласуына;
мемлекеттік аппаратты материалды қамтамасыз етуге;
әлеуметтік шығындар;
дамушы елдерге субсидиялар мен несиелер.
Жергілікті қаржылар мемлекеттік құрылымға және әкімшілік бөлінуге байланысты құралады. Федералды мемлекеттердің жалпы мемлекеттік қаржы жүйесінде жергілікті бюджеттің үлесі 40-50%, ал унитарлы мемлекеттерде 30 %-ға жуығы. Мүліктік салықтар жергілікті бюджеттің негізгі құралу көзі болып табылады. Сонымен қатар жергілікті бюджетке қаржылық ресурстар, мемлекеттік бюджеттен және тең дәрежелі бюджеттерден келетін қаржылар құрайды. Жергілікті бюджеттердің шығындары көбінесе әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымға бағытталады.
Арнайы бюджеттен тыс қорларға мемлекеттік бюджетке тәуелсіз зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және басқа да мақсатты қорлар жатады. Дамыған елдерде ірі арнайы қорлар саны 30-дан 80-ге дейін.
Бағыттарына байланысты оларды келесі топтарға жіктейді:
әлеуметтік;
экономикалық;
ғылыми-зерттеушілік;
несиелік;
жеке және мүліктік сақтандыру қорлар;
әскери-саяси;
мемлекетаралық.
Шет елдердің қаржылық жүйесінде арнайы қорлар маңызды орын алады. Францияда арнайы қорлардың мөлшері мемлекеттік бюджет мөлшеріне шамалас, ал Жапонияда мемлекеттік шығындардың жартысынан көп бөлігі арнайы қорлардан қаржыландырылады.
Арнайы қорлар:
отандық кәсіпорындарды несиелендіру, субсидияландыру және қаржыландыру;
табиғат қорғау шараларын қаржыландыру (табиғат ластанғаны үшін айыппұлдардан және басқа да арнайы көздерден);
өтемақы, зейнетақы төлеу және жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды субсидияландыру, несиелендіру;
несиелендіру, соның ішінде шетелдік мемлекеттерді қосқандағы шетелдік серіктестіктерді несиелендіру.
Қаржылық тұрақсыздық орын алған жағдайда үкімет осы қорларды пайдалануға тырысады. Бұл шара қаржы жүйесінің тұрақтандыруға жол береді. Қаржыландыру көздері тұрақты және уақытша болып жіктеледі. Қорлардың ең басты құралу көзі арнайы алымдар мен салықтар болып табылады. Арнайы қорлар мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден субсидиялар негізінде де қаржыландыру мүмкін.
Германияның бюджеттік жүйесі үш бөлімнен құралады: федералды бюджет; аймақтық бюджет (16); жер бюджеті (11 мыңнан астам қауым). Сонымен қатар, қаржылық жүйеге арнайы үкіметтік және бюджеттен тыс қорлар кіреді: темір жол Федералды қоры (Bundesbank) және Федералды пошта (Bundespost), мемлекеттік ұйымдар, әлеуметтік сақтандыру мекемелері, федералды жұмыспен қамту мекемесі.
Федералды бюджет федерацияның жоспарлы табыстардан және жоспарлы шығыстардан құралады. 1980 жылдардың басында федералды бюджет арқылы ЖІӨ-нің жартысына дейін қайта бөлінді.
Ұлыбританияның қаржы жүйесі 4 звенодан тұрады:мемлекеттік бюджет,жергілікті бюджет,арнайы бюджеттен тыс қорлар,мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы.Ұлыбритания - унитарлы мемлекет және оның бюджет жүйесі екі деңгейге ие.Елдің мемлекеттік бюджеті екі бөлімнен тұрады:ағымдағы түсімдер мен олардың шығыстарынан тұратын консолидацияланған қор;капитал қозғалысымен байланысты мемлекеттің кірістері мен шығыстарынан тұратын ұлттық қарыз қоры.
2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
2.1 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу негіздері
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Сондықтан болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге:
зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл);
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл);
мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл);
әлеуметтік сактандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл) байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте калпына келе бастады
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуы.
1997 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасынды зейнетақымен қамту Заңы жарық көрді.Ол өз күшіне 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енді. Заң екі бөліктен тұрды:
1) Жинақтаушы;
2) Ұрпақтардың бірігіп төлеуі (солидарлы).
Социалистік елдер аясында бірінші рет міндетті зейнетақы жүйесін мемлекет тарапынан қатаң қадағалау жүргізілі бастады. Бұл өз алдына зейнетақы қорларын,зейнетақы ативтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (ЗАИБЖҰ) жұмысын бақылауға мүмкіндік берді. 1998 жылда Қазақстанда 8 ЗАИБЖҰ және 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 12 мемлекеттік емес қорлар, 5 кастодиан- банктер пайда болды. Бір жылдың ішінде бүкіл зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы құрылды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі -23,5 млрд. теңгені құрады. 1999 жылы қаржы құралдарының тізімі ұлғайды. Соның арқасында ЗАИБЖҰ-лар зейнетақы активтері арқылы шетелдік корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік алды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі - 64,5млрд. теңгені құрады. Жиннақтаушы зейнетақы қорларының орта жылдық табысы 41,38%-ды құрады. Бұл жоғарғы көрсеткіш бағамдық айырмашылық негізінде қол жеткізілді. Біз білетініміздей 2000 жыл корпоративті бағалы қағаздар жылы болды.Зейнетақы активтерін бұл салаға инвестициялау жүйенің табысты жұмыс жасауына әкелді. Бұл өзгерістермен қатар 2000 жылы зейнетақы жұйесінің нормативтік - құқықтық базасы жақсарды. 2000-2002 жылдардың арасында ЗАИБЖҰ-ның жалпы саны өзгермеді. Бұл олардың нарықтағы қажетсіздігімен, сонымен қатар мемлекет тарпынан қойылған қатаң талаптармен түсіндіріледі. 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап ЗАИБЖҰ-ның жарғылық капиталының көлемі 150 млн. теңгені құрайтын болды. 2003 жылы Қазақстан Республикасында зейнетақамен қамту туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер негізінде зейнетақы қорлары зейнетақа активтерін өздері басқаруға мүмкіншілік алды, бұл өз алдына шығындарды азйтуға мүмкіндік берді. Қазақстандық зейнетақы жүйесінің құрылуы және дамуы барысында халықтың оған деген сенімі күшейе түсті және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының саны көбейе бастады. Осының негізінде зейнетақы жарналарының көлемі (міндетті зейнетақы бойынша) 2005 жылдың 1 тамызында 7239818 млрд. теңгені құрады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
- Ашық
- корпоративтік болуы мүмкін.
1 . Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
2 Корпоративтік ЖЗҚ-ы сол ЖЗҚ-ның құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы - қызметкерлері үшін құрылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары акционерлік қоғам нысанында құрылады. ЖЗҚ-ы уәкілетті органмен белгілеген келісім бойынша , ол белгілеген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы.
ЖЗҚ-ның құрылтайшылары болып, ҚР-ның резиденттері - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ ҚР-ның Үкіметі ашық ЖЗҚ-ның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
ЖЗҚ - н мемлекеттік тіркеуді, сондай ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен тлықтырулар енгізуді уәклетті органның рұқсаты болған жағдайда ҚР-ның заңдарына сәйкес әділет органдары жүзеге асырады.
Рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік - құқықтық актілерімен белгіленеді.
ЖЗҚ-ның атауында Жинақтаушы зейнетақы қоры деген сөздер болуы тиіс. ЖЗҚ-ның өз атауында ұлттық, орталық, үкіметтік, сақтық, сақтандырушы деген сөздер қандай тілде болса да толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тиым салынады. Жағылық капиталдың жүз проценті ҚР-ның Үкіметіне тиесілі болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында мемлекеттік деген сөз қолданыла алады.
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицезиялауды ҚР-ынң заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
ЖЗҚ-ның жарғылық капиталынның ең төменгі мөлшерін , оны қалыптастырудың тәртібі мен құрамын уәкілетті орган белгілейді.
ЖЗҚ-ның жрғылық капиталы ақшамен төленеді. Құрылтайшылар өз капиталы шегінде жарғылық капиталға ақша салады, ЖЗҚ-ның акцияларын төлейді.
ЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақалары:
1. Инвестициялық табыстың 15 процентінен;
2. Айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда аудиторлық ұйым жүргізеді. жыл қорытындысы бойынша аудиторлық есеп жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есептілігігнің ажырамасбөлігі болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы туралы ауиторлық ұйымның аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. Жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттеің жинақтарын құру мақсатында және мемлекеттік және жергілікті бюджетке әлемдік бағаның әсерін төмендету мақсатында құрылады. Осыған сәйкес қорлар екі функцияны атқарады: жинақтаушы және тұрақты.
Қор мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы үрдісіне оған шикізат секторы қйымдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге де міндетті төлемдердің түсімдері негізінде қалыптасады:
oo корпоративті табыс салығы
oo қосымша құнға салық
oo үстеме пайда салығы, бонустар, роялти
oo ҚР келісілген келісім шарт негізіндегі өнімді бөлу бойынша үлесі.
Қор келесі түсімдер арқылы құрылады.
1) Республикалық және жергілікті бюджеттеің жоспарланған түсімдерінің 10% көлеміндегі арнайы трансферттер
2) Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер
3) ҚР заңымен шектелмеген басқада кірістер мен түсімдер
Қордың қаражаттары келесі бағыттарға жұмсалады:
1) Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жыл бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдерінің арасындағы айырма түрінде анықталатын республикалық бюджет шығының өтеу үшін
2) Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер.
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығындарды жабуға.
Қорды басқаруды келесі мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Қазастан Республикасының Президенті:
1) ҚР ұлттық банктін басқару бойынша Кеңес құрамын құрайды
2) қор мәселелері бойынша Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді.
3) қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады
4) ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітілген құжаттарды бағыттайды;
5) қордың қызметімен байланысты басқа да өкілдіктерді атқарады.
5.1 Экономикалық бағыттағы бюджеттен тыс қорлардың ел экономикасына әсері
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi [2].
Осы мәселелердi шешу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері болып табылады.
ҚР-ның Ұлттық коры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдык емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі.
Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Ұлттық қордың атқаратын функциялары:
1) жинақтау функциясы - қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді.
2) тұрақтандыру функциясы - шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған.
Үкімет жүргізген бюджеттік реформаға сәйкес барлық мұнай табысы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қорға түседі, бұл мұнайға деген жоғары бағаның арқасында ғана қаржыландырылатын бюджет шығысының ақталмаған өсімін ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) қаражаты 2009 жылғы 31 желтоқсанға 4 500 703 126 мың теңгені құрады. Ұлттық қордың таза активтері 4 009 528 878 мың теңгені (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.
2009 жылы Ұлттық қорға 1 378 100 414 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) - 1 371 362 802 мың теңге, оның 467 377 170 мың теңгесі (3 329 148 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастауқайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қордың тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын оперциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) - 6 083 054 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 654 091 мың теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер - 919 317 487 мың теңге.
Ұлттық қорды басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2 898 030 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz