Қазақстан Республикасындағы қаржы қатынастарына анализ жасау және бағалау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны:
:
Мазмұны: 1 Қаржы қызметі туралы жалпы түсінік
1. 1. Қаржының қалыптасу тарихына шолу
1. 2. Қаржының мәні мен қажеттілігінің теориялық аспектілері
1. 3. Қаржы қоғамдық дамуға әсер ететін механизм ретінде
:

4

7

8

Мазмұны: 2 Қазақстан Республикасындағы қаржы қатынастарына анализ жасау және бағалау
2. 1. Қаржы жүйесінің даму сатылары
2. 2. Қаржы нарығының құрамына анализ жасау
2. 3. Қаржы жүйесі. ҚР және шетелдік қаржы жүйелерін талдау
:

12

14

24

Мазмұны:
:
Мазмұны: 3 Қаржы қызметін дамыту жолдары
:
Мазмұны: 3. 1. Қазақстандағы қаржыны дамытудың жолдары
: 28
Мазмұны: 3. 2. Шетелдік тәжәрибемен салыстыру, оны қолданысқа енгізу
: 35
Мазмұны:
:
Мазмұны: Қорытынды
: 39
Мазмұны:
:
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер
: 41

Кіріспе

Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады.

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығыңдары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.

Қаржы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.

Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.

Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің үғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Қаржы қатынастарының алғашқы бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макро деңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

1 Қаржы қызметі туралы жалпы түсінік

1. 1. Қаржының қалыптасу тарихына шолу

Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған француздың «finance» сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады [1] .

Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б. э. д. 430-365 жж. ) болды.

Аристотельдің (б. э. д. 384-322 жж. ) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту саласы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады.

Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл саласын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да каржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді [1] .

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығыңдары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.

Экономикалық категория ретінде қаржыға тән сипаттар:

  • ақшалы сипат;
  • тарату сипаты;
  • қор құру сипаты;
  • мақсатты сипат;
  • эквивалентті сипат.

Қаржы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.

Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.

Қаржы қоғамның даму қажеттіліктеріне байланысты объективті түрде керек. Мемлекет қаржы қатынастарының объективтік қажеттілігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысанын қолдануы мүмкін: әр түрлі төлем түрлерін енгізу және жою, қаржы ресурстарының пайдалану нысанын өзгерту және т. б.

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттілігін ғана емес, сонымен бірге оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қаржының функциялары жөнінде жиі екі тұжырымдама қолданылады:

бөлу және ұдайы өндіріс концепциялары.

Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды [2] .

Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарьп тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.

Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі- қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.

Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субъектілер болып келеді [3] .

Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

- өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;

- елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;

- қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;

- қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.

Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу жәнс қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін камтамасыз етеді.

Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.

Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтык қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді.

2-ші тұжырымдамаға сәйкес қаржы 3 функцияны атқарады:

- ақша қорларын қалыптастыру,

- ақша қорларын пайдалану;

- бақылау.

Бірақ, ғылыми әдебиеттерде қаржыларға бұл функциялардан басқа да функциялар тән екенін табуға болады: өндірістік, ынталандырушы, реттеуші және т. б.

1. 2. Қаржының мәні мен қажеттілігінің теориялық аспектілері

Қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану үрдісіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржының пайда болуы натуралды шаруашылықтан тауар-ақша айырбасына өтумен және мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарды кажететуімен тығыз байланыста қалыптасты.

Қаржының маңызды нышаны болып ақша қаражаттарының нақты қозғалысындағы қаржы қатынастарының ақшалай мағынада берілуі табылады.

Ұдайы өндіріс үрдерісі бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну тәрізді кезеңдері аркылы жүзеге асады. Қаржы ғылымының теориядарының бірінде қаржының пайда болуын ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңімен байланыстырады, осы кезеңде қоғамдық өнімнің құнын мақсатты және субъектілерге өндірілілген өнімнен өз үлесін бөлу арқылы жузеге асады. Сондықтан, экономикалық категория ретінде қаржының маңызды нышаны болып қаржылық қатынастардың бөлгіштік сипаты танылады.

Ақша қаражаттарының нақты қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші кезендерінде, яғни бөлу және айырбас процесінде басталады.

Екінші кезеңде құнның ақшалай түрдегі қозғалысы тауар қозғалысынан жекеленген түрде болады және бір иеленушіден екіншіге ауысуымен сипатталады. Үшінші кезеңде бөлінген құн ақшалай нысанда тауар түріне айырбасталады.

Сонымен, ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңіңде құнның ақшалай түрдегі қозғалысы - бір жақты, ал үшінші кезеңінде екі жақты қозғалыста болады, олардың біреуі ақшалай түрінде, ал екіншісі тауар түрінде болады.

Ұдайы өндіріс үдерісінің үшінші кезеңінде негізінен айырбас операциялары болғандықтан, олар тек бағалы құралдарды кажетсінеді және мұнда баға тәрізді экономикалық категорияның механизмі қызмет жасайды.

Қаржы қатынастары қатынасатын бастапқы сала болып жиынтық қоғамдық өнім құнының алғашқы бөлу үдерісі саналады, ол келесідей элементтерден түрады:

С - өндіріс құрал-жабдықтарының шығындалған құны;

V - еңбек ақы; М - қосымша өнім.

Мүнда ақшалай табыстар мен жинақтардың әр түрлі нысандарының құрылуы байқалады. Құн одан әрі қаржы негізі түрінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлініп оны мақсатты пайдалану жүзеге асырылады.

Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе мынадай анықтама беруте болады: қаржы - бұл мемлекет пен шаруашылык, жүргізуші субъектілерде ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға, оларды қогамның әлеуметтік және басқа да қажеттіктерін қанағаттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісіне пайдалануеа байланысты жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық, байлықтың бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша катынастары. Қаржының кызмет етуінің шарты болып акшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі болып мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қамтамасыз ететін ресурстарға деген қажеттік болып танылады.

1. 3. Қаржы қоғамдық дамуға әсер ететін механизм ретінде

Қаржының қоғамдағы атқаратын рөлі өте үлкен және маңызды болып табылады. Олардың көмегімен өсудің қарқындылығы, салалардағы технологияның жетістігі, ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы және ұлттық шаруашылықтың басқа салаларындағы жетістіктер қамтамасыз етіледі. Олар өндірістің негізгі күші - жұмысшыларды қалыптастыруға және сапалы өзгертуге қатысады.

Қаржы өндіргіш күштердің қарқынды дамуына әсерін тигізеді, қоғамдық өндірістің құрылымын өзгертуге, оны күшейтуге және капиталды орталықтандыруды күшейтуге көмектеседі. Жұмыс күші жаңа сипатқа, жағдайға ие болады: оның квалификациясы өзгереді, құрылымы және қажетіліктері өзгереді.

Өндіріс сферасындағы және оның кадрлық құрамындағы өзгерістер қаржының үлкен рөлі туралы айтып отыр. Яғни, қаржылар адам өмірінің экономикалық және әлеуметтік құрылымының жаңа қоғамдық формасына өту кезіндегі қажетті өндіргіш күштердің деңгейімен қамтамасыз ете алады. Мұндайда қаржылар басқа қоғамға өтуге материалды мүмкіндіктер береді. [5]

Қаржының мәні мен рөлі қоғамдық дамудың түрлі сатыларында өзгеріске ұшырап отырды.

Қазіргі уақыттағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қаржының рөлі келесі бағыттардан көрінеді:

  • Отандық капиталды жинақтау саясатын белсендендіру;
  • Экономиканы дамыту және күшейту мақсатындағы бюджеттік және салық саясаттарының қолданылуы;
  • Мемлекеттің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерінің дамуын мен сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламаларды мемлекеттік қолдау;
  • Өндірістік инвестициялау мақсатында қаржы нарығының мүмкіндіктерін пайдалану;
  • Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік бағытын күшейту;
  • Қоғамдағы әр түрлі топтарға байланысты әлеуметтік әділеттілікке жету. [6]

Мемлекет қаржыны шаруашылықтың қоғамдық нысандарын қолдау үшін пайдаланады: мемлекеттің экономикалық секторын дамыту үшін; білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамыту үшін; көптеген әлеуметтік, экономикалық бағдарламалады жүзеге асыру үшін.

Қаржысыз кеңейтілген негізде өндірістік капиталдардың жеке және қоғамдық толық айналымын қамтамасыз ету, экономиканың салалық және аумақтық құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді тезірек енгізуді ынталандыру, басқа қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес.

Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді. Сондықтан өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен өңірлерге ерекше көңіл аударылып, оларға қаржылық ресурстарды қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресурстар орталықтың, өңірлердің, шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.

Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржылық қатынастар елеулі дәрежеде «қоғамдық тауарлар» деп аталынатындарды - мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау жатады.

Қаржы мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды береді.

Кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыра отырып қаржы құнның санаттарын(ақшалай және тауарлы түрдегі) ауыстыру үрдісін қамтамасыз етеді. Тек тауарлардың қозғалысының құндылықты санаты(категориясы) ғана ақша айналымы мен бөлістірушілік сипаттағы экономикалық қатынастарды туындатады.

Қаржы қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады.

Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, түпкілікті табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтастырып, жүзеге асырады. Қаржының көмегімен қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. [7]

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қаржы бұл ақша қатынастарының құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың атқаратын ролі экономикалық қатынастар жағдайындағы ақша қатынастарының орнына байланысты болып табылады. Бірақ барлық ақша қатынастары қаржылық қатынастарды сипаттамайды. Қаржылардың ақшадан айырмашылығы олардың мазмұнында емес, атқаратын функциялары бойынша ерекшеленеді. [2]

Қаржылар негізінен ақшалай кірістер мен қорларды қалыптастыра отырып, мемлекет пен кәсіпорындарды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаржы ұлттық табысты қалыптастыру мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Олар өндіріске, бөлістіруге және тұтынуға тікелей әсер етеді. Өндірісті дамытумен байланысты қажеттіліктерді, жұмысшы мен оның жанұясының қажеттіліктерін, үй шаруашылығы мен кәсіпорынның қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, қаржы құнның нысанын алмастыру үрдісін (тауарлы, ақшалай) қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің қаржысы қоғамдық қажеттіліктерді (қорғаныс, білім, басқару, мәдениет және т. б. ) және халықтың жеке топтарын әлеуметтік қорғауды (жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, жүктілігі бойынша жәрдем және т. б. ) қамтамасыз ете отырып, меншік нысанының алмасу үрдісін жалпы мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етеді. Мемлекеттің дәстүрлі функцияларынан басқа мемлекеттің шаруашылық үрдістерді реттеу функциясын атқарады яғни республикалық бюджет арқылы жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайызы және ІЖӨ 20 пайыздан астамы бөлістіріледі.

Бұл өз кезегінде ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісін жоспарлауға және экономиканың басым бағыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар субъективті жеке шешім қабылдаған жағдайда қаржыландыру тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржының атқаратын ролінің арта түскенін айта кеткен жөн. Ол төмендегі жағдайларға байланысты орын алды:

Біріншіден, дәстүрлі кәсіпорын топтарымен қатар шаруашылық субъектлер қалыптасқан жағдайда қаржылық қатынастардың жаңа топтары қалыптасады. Осы уақытта олардың арасындағы байланыс шиеленісе түседі.

Екіншіден, қаржылар ақша қатынастарының жеке аясы болып табылады. Қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып ақшалар қаржының материалдық негізі болып, айналыс құралы функциясын атқарады яғни капиталға айналады.

Үшіншіден, микро деңгейде қаржылардың ролі төмендеп, макродеңгейде олардың мәні артады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік несиені заңсыз алу
Салықтық бақылаудың классификациясы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Валюталық операцияларды тіркеу
Банктік қызметті ұйымдастыру
Ауыл шаруашылығы проблемаларының шешу жолдарын
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорынның бизнесін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz