Кеңес дәуіріндегі заң ғылымы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Кеңес Дәуіріндегі Заң Ғылымы
2. Кеңес дәуірі 1918 - 1940 жылдары
3. 1941 - 1945 жылдары
4. 1946 -1959 жылдары
5. 1960 - 1985 жылдары
6. 1986 - 1991 жылдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) - Еуропада 1922 жылдан 1991 жылға дейiн және Азия бар болған мемлекет. КСРО 1/6 бөлiгi мекенделетiн орналасты кептiр және 1917 жылға Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiсiз орналасатын және (Карстың жерi, Түркия қазiр) кейбiр басқа аумақ аумақтағы әлемiнiң елiн аудан бойынша өзi iрi болды, бiрақ шамшатпен, Оңтүстiк Сағалинмен және Курилдермен ғалициямен, Закарпатьемен, Пруссияның бiр бөлiгi, Северндермен. Кеңес одағы құрамында Қазақстан да болған.
Кеңес Дәуіріндегі Заң Ғылымы
Кеңес дәуірінде де заң ғылымының негізгі салалары - азаматтық, қылмыстық, сот құқықтары орыстық жүйемен қалыптастырылды. Әдет-ғұрып заңдарына күйе жағылып, олардың сан ғасырлар бойы қазақ қоғамына қызмет етіп келгені ескерілмей, қайта ескіліктің сарқыншақтары деген желеумен тәрік етілді. Сөйтіп, Қазақстандағы заң ғылымы Тамырынан ажыратылып, батыстық жүйеге көшті. Батыстық жүйе қазақ халқы үшін пайдалы ма, жоқ па, ол жағын зерделеген ешкім болмады. Дегенмен, батыстық үрдісте даму сипатына қарамастан заң ілімін, заң құрылысын жете танып, зерделейтін отандық ғылым қалыптаса бастады. Отандық заң ғылымы, негізінен, кеңестік сипатта жүйеленді. Қазақстанда кеңестік дәуірде заң ғылымы-ның негізгі салалары - азаматтық, қылмыстық және сот құқықтары қалыптасып дамыды. Оның үстіне мүлде жаңа құқықтық салалар пайда болды. Олар: жер, су, орман, кен, табиғат қорғау, еңбек, еңбекпен түзеу, тұрғын үй, шаруашылық, мемлекеттілік, әкімшілік, ұжымшар, кеңшар, көлік құқықтары.
Кеңес дәуірі
1918 - 1940 жылдары
Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік қатынастарда түбiрлi өзгерiстер жүзеге асырылды. Барлық жердi мемлекет меншiгiне алу, помещиктер жерлерiн тәркiлеу, жердi шаруаларға тегiн беру туралы декрет жарияланды. Кеңестiк дәуiрдiң алғашқы кезеңдерiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекеттік меншiгiне айналдыру, қоғамдастыру iсiне басшылық жасау мақсатымен социалистік мемлекеттік органдар, оның iшiнде халық шаруашылық органдары құрылды. Банктер, iрi өнеркәсiп орындары, көлiк, т. б. шаруашылықтың шешушi салалары мемлекет меншiгiне көштi. Сөйтiп, өндiрiс құрал-жабдығына социалдық меншiктi орнату, халық шаруашылығын жоспарлы дамыту, аймақтардың экономикасын КСРО халық шаруашылығы кешенiнiң бiр бөлiгi ретiнде өркендету, т. б. негiздерiнде социалдық экономикалық жүйесi қалыптаса бастады. Қазақ өлкесiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекет меншiгiне алу, жердi тәркiлеу үдерiсi саяси, экономикалық, әлеуметтік өзiндiк ерекшелiктерге байланысты 20-жылдардың бас кезiне дейiн созылды. Бұл кезеңде өлкеде халық шаруашылығының барлық салалары бойынша мемлекет меншiгiне алынған кәсiпорындар саны 1 мыңға жуықтады. Олардың iшiнде iрiлерi: Қазақ (қырғыз) кен өнеркәсiбi акционерлік қоғамы, Кендi Алтай кәсiпорындары, Екiбастұз көмiр кендерi, Спасск мыс қорыту зауыты, Атбасар мыс кенiнiң зауыттары мен кенiштерi, Қарағанды мен Байқоңыр кендерi, Орал - Жем өңiрiнiң мұнай кәсiпшiлiктерi.
Қазақ халқы Азамат соғысына (1918 - 1920) жаппай қатыспағанымен, ерiксiз араласуға мәжбүр болды. Қазақ жерi ақтар мен қызылдардың майдан шебiне айналды. Бұған қоса қазақтарға қарсы азық түлiк майданы, “Азық-түлiк армиясының” және “Соғыс коммунизм саясатының” шабуылы салдарынан халық үркiншiлiк кезеңдi бастан кешiрдi. Шаруашылығы күйреп, шаңырағы шайқалған қазақтар 20-жылдардың басында ашаршылыққа ұшырады. Азамат соғысынан кейiнгi кезеңде Қазақстанда күйзелген халық шаруашылығын Жаңа экономикалық саясат (НЭП) негiзiнде шаруашылықтарды қалпына келтiру жұмыстары өрiстетiлдi. Ең алдымен, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң маңызды түрлерiн өндiрудi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейге жеткiзу көзделдi. Жер-су, т. б. реформалар жүргiзiлдi. Орта Азия республикалары мен Қазақстанның мемлекеттік-аумақтық жiгi межелендi. Қазақстанның аумағы 2, 7 млн. км2 болып белгiлендi, халқы 5, 4 млн. адамға жеттi. 1926 - 1928 жылдары қазақ ауылдарында 1370 мың гектар шабындық, 1250 гектар егiндiк жер қайта бөлiндi. 1927 - 1928 жылдары республикада халық шаруашылығын қалпына келтiру аяқталып, өнеркәсiптi индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезеңiне аяқ басты. Экономиканың аграрлы бөлiмi Кеңес мемлекетiнiң экономикалық дамуындағы ең басты мақсат - индустрияландырудың жылдамдатылуын демеуге тиiс болды. 20-жылдардың аяғында басталған ұжымдастыру шаруаларды өнеркәсiптен мүлдем алшақтатты (қ. Ұжымдық шаруашылық) . Iрi социалистік егiн шаруашылығын құруға ұмтылу “тәрбиелiк маңызға” ие болды. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылдың көктемiнде аяқталады деп ұйғарылды. Жосықсыз жылдамдатылған үдерiс 1925 - 32 ж. ел басқарған Ф. И. Голощекиннiң арандатушылық тәжiрибесiне айналды. Ұжымдастырудың ең ауыр зардаптарының бiрi байларды тәркiлеу болды. “Аша тұяқ қалмасын, асыра сiлтеу болмасын” деген ұранмен басталған ұжымдастыру кезiнде қазақтардың малы тiгерге тұяқ қалдырылмай сыпырып алынды. 1930 жылғы 15 наурызға дейiн Қазақстанда 3113 адам сотталып, қамауға алынды, 2450 шаруа қоныс аударды. Қазақстан аумағы Кеңес мемлекетiнiң басқа аймақтарындағы “кулактардың жер аударылатын” мекенiне айналды. Шаруалардың басына түскен жазалаудың алдында астық дайындау науқаны жүргiзiлiп, астық қоры, тұқымдық қоры тәркiлендi. Мұның арты күнкөрiстiк iшiп-жемiнен айрылған қазақ халқын жоңғар шапқыншылығы кезiндегi “ақтабан шұбырындымен” салыстыруға болатын алапат ашаршылыққа соқтырды. Ашаршылық пен оның ауыр зардабы құрбандарының саны 1 млн. 750 мың адамға, яки бүкiл қазақ халқының 40%-на жеттi. 1 010 мың қазақ тарихи отанын тастап үдере көшуге мәжбүр болды. Үкiметтiң солақай белсендiлiкпен малды қырғынға ұшыратуы салдарынан қазақ қоғамының негiзгi азық-түлiк қоры болып табылатын дәстүрлi мал шаруашылығы қатты күйзелiске ұшырады. Малшы көшпендiлердi сәтсiз отырықшыландыру ұжымшарларға соққы болып тидi.
1-бесжылдық (1929 - 32) тұсында Қазақстанда 40 өнеркәсiп iске қосылды, өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемі 3, 2 есе артты. Оның жеке салалары: түстi металлургия өнiмi 6, 1 есе, құрылыс материалдары - 6, 9, химия - 5, 3, металл өңдеу - 4, отын - 3, 1 есе өстi.
2-бесжылдық (1933 - 37) кезiнде Қазақстанның табиғи қорларын қарқынды игеру iсi жалғастырылды. Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл, Ақтөбе химия комбинаттары, Қарағанды көмiр алабының шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, т. б. барлығы 120 өнеркәсiп пайдалануға берiлдi. Олардың арасында алдымен ұзындығы 1500 км Түркiстан - Сiбiр темiр жолы (Түрксiб) өлке экономикасының өсуiне зор ықпал еттi. Республикада тамақ өнеркәсiбi де даму жолына түстi. Семейде ет-консервi, Гурьев (қазiргi Атырау) пен Арал қалаларында балық, Алматыда жемiс-жидек, Петропавл, Ақтөбе, Шымкент, Қарағандыда ет комбинаттары салынды. Жеңiл және жергiлiктi өнеркәсiп салаларында да ондаған кәсiпорындар бой көтердi. 1938 - 1940 жылдары 700 кәсiпорын iске қосылды. 1940 жылы Қарағанды көмiр алабының өндiрiсi 1913 жылмен салыстырғанда 77, 5 есе көбейiп, 6460 мың т-ға жеттi. Ембi мұнай кәсiпшiлiктерiнiң өндiрiстiк қорлары жаңартылды. 1940 жылы республикада 700 мың т мұнай өндiрiлдi. Қарағанды, Алматы, Балқаш, Шымкент электр станциялары, Үлбi су электр станциясы пайдалануға берiлдi. Өскемен электр стансасы, бiрнеше жылу-электр станциялары салына бастады. 1940 жылы 632, 4 млн. кВт сағ, яғни 1928 жылғы деңгейден 85 есе артық электр қуаты өндiрiлдi. Жалпы алғанда республиканың өнеркәсiп өнiмi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейден 13 есе, ал ауыр өнеркәсiп бойынша 20 есеге жуық артты. Халық шаруашылығының жалпы өнiмiнде өнеркәсiптiң үлес салмағы 60% болды (1940) .
1941 - 1945 жылдары
2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1941-45) республика алдына айрықша қиын, кезек күттiрмейтiн және бiр-бiрiмен байланысты мiндеттер қойылды. Бұл КСРО-ның батыс аудандарынан көшiрiлген өнеркәсiп орындарын қабылдау, оларды тиiстi жерлерге тездетiп орналастыру, өнiм өндiрудi кiдiрiссiз жолға қою болатын. Экономиканы түгелдей соғыс жағдайына бейiмдеу, өндiрiс қуаттарын үнемi арттыру, майданды барлық керектi заттармен қамтамасыз ету қажет болды. Республика бұл мәселелердi ойдағыдай шештi. 1941 жылдың 4-тоқсанында және 1942 жылдың басында Орта Азия мен Қазақстанға көшiрiлген 250 кәсiпорынның жартысынан астамы (142) Қазақстанға орналастырылды. Көшiрiлген және жаңадан салынған зауыттар мен фабрикаларды iске қосу нәтижесiнде жұмыс iстеп тұрған негiзгi қорлардың өндiрiстiк қуаты бiршама артты. Жаңа өнеркәсiп салалары пайда болды, олар: қара металлургия, мұнай өндiру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, станок жасау, кен және шахта жабдықтарын өндiру, сығымдағыш-автомат шығару, шағын литражды моторлар, прокат, құбырлар, сымдар, жасанды талшық жасау, т. б. Мата, жүн иiру, тоқыма заттар, шұлық, метиз-фурнитура, айна, кондитер, жемiс-консервi, темекi және шай өлшейтiн өндiрiстер жұмыс iстедi. Соғыс жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Қазақ металлургия зауыты, Текелi полиметалл комбинаты, Қарағанды көмiр шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, Гурьев (қазiргi Атырау) мұнай айыру зауыты, кен байыту фабрикалары, кенiштер, Қаратау кен-химия комбинаты, электр станциялары, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi орындары, жүздеген км темір жол желiлерi iске қосылды. Түстi металлургия өнiмдерiнiң маңызы артты, мыс өнiмдерiн өндiру 1, 5 есе өстi. Қазақстан ел қорғанысына аса қажеттi қорғасын беретiн негiзгi базаға айналды. Қысқа мерзiм iшiнде мыс пен қорғасын қақтамаларын өндiру игерiлдi. Балқаш жұмысшылары мыс өндiрудi 10 есе, молибдендi 20 есе, түстi металл қақтамасын 2 есе арттырды. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Жездi марганец кенiшi ел қара металлургиясының қажеттерiн едәуiр дәрежеде қанағаттандырып отырды. Қазақ металлургия зауыты 1944 жылы желтоқсанда тұңғыш рет болат бердi. Республика майдан мен тылды көмiрмен, мұнаймен, түстi және қара металдармен жабдықтау жөнiндегi жетекшi базалардың бiрiне айналды. Елдi көмiрмен жабдықтайтын кен орнының бiрi ретiнде Қарағанды көмiр алабын дамытуға баса назар аударылды. Соғыс кезiнде Қарағанды кеншiлерi 34 млн. т-дан астам көмiр өндiрдi, Оңтүстік Оралға берiлетiн кокстелетiн көмiр көлемі 90% өстi. Қазақстанның мұнай өндiрiсi бүкiл соғыс жылдары майданды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз еттi. Гурьев мұнай айыру зауыты iске қосылуына байланысты әскери техника жоғары октанды бензинмен және сапалы жағар маймен қамтамасыз етiле бастады. Қазақстанның отын және металлургия өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дамыды. Соғыс жылдарында Қаратау кен-химия зауыты (1944), Қарағанды синтетикалық каучук зауыты (1943), Қостанай жасанды талшық зауыты, Гурьев (Атырау) мұнай айыру зауыты (1945) салынды. Алматы ауыр машина жасау зауыты, Шымкент пресс-автоматтар зауыты, Целиноград (Астана) “Қазақ ауыл шаруашылық машинасы”, Орал арматура зауыттары жалпы одақтық маңызға ие болды. Армияны киiм-кешекпен және соғыс жабдықтарымен, ал халықты күнделiктi тұтыну заттарымен жабдықтаған жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң маңызы ерекше. Маман жұмысшылар мен қызметкерлердiң соғысқа кетуiне байланысты кәсiпорындарды жұмыс күшiмен қамтамасыз ету қиындай түстi. Әйелдердi, жас жеткiншектердi, қарт кiсiлердi жұмысқа тартуға тура келдi. Қазақстанда соғыс жылдары 102 мың жас жұмысшы тәрбиелендi. 1945 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнде iстейтiндердiң саны 255, 4 мың адамға жеттi. Соғыстың алғашқы жылында қорғаныс қорына республика халқынан түскен ақша мөлшері 700 млн. сомнан асты. Соғыс кезiндегi қиындықтарға қарамастан 1945 жылы мұнай өндiру 1940 жылмен салыстырғанда 1, 3 есе, көмiр - 1, 7, электр энергиясын өндiру 1, 8 есе артты. Соғыс жылдарында республикада ауыл шаруашылығы салалары тез дамыды. 1942-1943 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс көлемі 1 млн. га-дан астам ұлғайды. Қазақстан ауылдары мен деревнялары зор жiгермен еңбек еттi. Республика шаруашылықтары мемлекетке 5839 мың т астық, оның iшiнде 3568 мың т бидай, 241 мың т картоп, 174 мың т көкөнiс, 1389 мың т қант қызылшасы, 323 мың т мақта, 738 мың т мал мен құс етiн, 1146 мың т сүт, 64 мың т жүн өткiздi.
1946 -1959 жылдары
Көлiк пен байланыс жүйесiн дамыту жөнiнде қыруар жұмыстар жүргiзiлдi. Республика аумағында темір жолдың пайдалану ұзындығы 1631 км-ге, жүк тасымалы 5, 7 млн. т-ға жеттi. Уралды көмiрмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарған Қарталы - Ақмола (Астана) темір жол желiсi қатарға қосылды. Гурьев (Атырау) - Қандағаш, Жамбыл (Тараз) - Шолақтау темір жол желiлерi пайдалануға берiлдi. Күрделi құрылыс көлемi ұлғайды.
2-бесжылдықта барлық салалар бойынша 721 млн. сом күрделi қаржы игерiлсе, 4 жарым жыл iшiнде (1941 - 1946) 981 млн. сом игерiлдi. Соғыстан кейiнгi бесжылдықтарда (1946 - 1960) Қазақстан экономикасы бейбiт жағдайға көшiрiлiп, қандай да болсын халық шаруашылығы мәселелерiн шеше алатын, одақтың негiзгi ауыл шаруашылығы базаларының бiрiне айналды. Жаудың басып алуынан (оккупациядан) зардап шеккен және өнеркәсiптiң соғысқа дейiнгi дәрежесiне 1949 жылдың аяғында ғана жеткен аудандардан Қазақстан халық шаруашылығының өзгешелiгi сонда, ол қалпына келтiру кезеңiне соқпай, бұрынғысынша ұдайы өндiрiс негiзiнде дамыды. Қазақстан бұл аудандарға металл, отын, шикiзат қорларын, құрылыс материалдарын, жабдық, азық-түлiк, асыл тұқымды мал, т. б. жөнелтiп тұрды.
4-бесжылдықта (1946 - 50) өнеркәсiптiң “А” тобы салаларын және ауыл шаруашылығын өркендету үшiн республикада барлық күрделi қаржының тиiсiнше 40, 2%-ы және 14, 2%-ы пайдаланылды. Одақтық өнеркәсiптiң жалпы өнiмiнiң 1940 - 1950 жылдары өсу қарқыны 17, 3% болса, Қазақстан өнеркәсiбiнiң өсу қарқыны 23, 2%-ға жеттi. Кәсiпорындардың саны 4 мыңға жеттi. Осы жылдары Қазақ металлургия, Балқаш мыс қорыту, Балқаш кен-металлургия зауыттары, Лениногор (Риддер) қорғасын комбинаты, Шымкент қорғасын, Өскемен қорғасын-мырыш, Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары мен Ақтөбе химия комбинаты, Жамбыл (Тараз) суперфосфат зауыты, мұнай өндiретiн Қаратон және Мұнайлы кәсiпшiлiктерi, т. б. кәсiпорындар салынып, өндiрiстiк қуаттары кеңейтiлдi. Машина жасау және метал өңдеу өнеркәсiбi негiзiнен қайта құрылды. Темір жолдың пайдаланылатын бөлiгiнiң ұзындығы Қазақстан аумағында 1940 жылы 6, 6 мың км болса, 1945 жылы 8, 2 мың км-ге, 1950 жылы 8, 4 мың км-ге, 1960 жылы 11, 5 мың км-ге жеттi. Өзен және автомобиль көлiгi жедел дамыды. Жүк тасымалы 1950 жылы 1945 жылмен салыстырғанда 1, 9 есе артты. Республиканың 21 қаласында автомобиль қатынасы орнады. 1950 жылы мемлекеттік және кооперативтік бөлшек сауда тауар айналымы 1940 жылы деңгейiнен 48% өстi. Тұрғын үй құрылысының қарқыны жеделдетiлдi. Қала мен жұмысшы қыстақтарының тұрғын үй қоры 5 млн. м2-ден астам өстi, ауылдық жерлерде 100 мың м2 үй салынды. 1946 жылы оқу-ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыруға бөлiнген қаржы 1013, 2 млн. сом болса, 1950 жылы 1734, 9 млн. сомға жеттi, яки 70%-дай көбейдi.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайды. Мысалы, кеңшарлар саны 1940 жылғы 194-тiң орнына, 1950 жылы 269-ға жеттi. Ұжымшарлардағы ауыл шаруашылығы жұмыстарын техникалық жағынан жарақтандыру 70%-ға (1940 жылы 57, 2%) жеттi. Кеңшарлардағы трактор парктерiнiң қуаты 2 есе, комбайндар - 2, 7 есе, негiзгi қорлар 3, 9 есе өстi. Осының негiзiнде кеңшарлардың егiс көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк туды (1945 жылы - 630, 0 га, 1950 жылы - 1150, 6 мың га) . 1950 жылы ұжымшарларды iрiлендiру негiзiнде ауыл шаруаларын шоғырландыру басталды. Әр ұжымшарға келетiн егiс көлемі 2 есе ұлғайып, 2000 га-ға жеттi. Орта есеппен бiр ұжымшарға келетiн мал саны 3 есе өстi. 1946 - 1960 жылдары iрi қара саны 26, 6%, қой мен ешкi - 75, 9% өстi. Дәндi дақылдардың жалпы түсiмi 1950 жылы 4, 8 млн. ц, астық шығымдылығы әр га-да 4, 3-тен, 7, 9 ц-ге артты. Мемлекетке астық сату 2 есе, iрi қара саны 1, 3, қой мен ешкi саны 2, 2 есе көбейдi. 1954 жылдың көктемiнен бастап тың және тыңайған жерлердi игеру жұмыстары басталды. 1954 - 1955 жылдары 34 астық кеңшары құрылды. Тыңды игеру үшiн (1954 - 1956) республикаға сырттан барлығы 640 мыңнан астам адам келдi. 1954 - 1958 жылдары ауыл шаруашылығын механикаландыруға, өндiрiстiк үйлер мен құрылыстар салуға 9, 7 млрд. сом қаржы бөлiндi, бұл өткен бесжылдықтарға қарағанда 2, 5 есе артық. 1960 жылдың аяғына қарай Қазақстанда 25 млн. га тың және тыңайған жерлер игерiлдi. Сол жылдың басында Қазақстанда 333 кеңшар болды. Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 1950 жылғы деңгейден 2, 8 есе, оның iшiнде егiншiлiкте 3, 3 есе, мал шаруашалығында 1, 9 есе артты. Дәндi дақылдардың егiс көлемі 1950 жылы 6, 0 млн. га-дан 1960 ж. 21, 9 млн. га-ға жеттi. Мемлекетке астық сату 1960 жылы 10, 5 млн. т-дан асты (1950 ж. 2, 1 млн. т) . Алайда тың игерудiң пайдалы жақтарымен қатар экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салдарлары да болды. Тың көтеру әлеуметтік тұрғыдан бiрқатар керi әсерлерге ұшыратты. Тың және тыңайған жерлердi игеру одақтың басқа аймақтарындағы еңбек қорларын тарту арқылы атқарылғандықтан iс жүзiнде бақылаусыз көшi-қон қозғалысы туды. Тың игерген аймақтың жергiлiктi тұрғындарына балалары оқитын мектептердiң, өздерi iстейтiн ұжымшарлардың жабылып қалуына байланысты туған жерлерiн тастап кетуге мәжбүр болды. Соның салдарынан республиканың жергiлiктi тұрғындарының үлес салмағы 30%-ға дейiн азайды. Қазақ тiлiнiң дамуы мен қазақ этносының әлеуметтік-мәдени институттарына қатер туды.
5-бесжылдықта республикада 200-ге жуық iрi кәсiпорын қатарға қосылды. Қарағанды металлургия зауыты, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты салына бастады. Жаңа көмiрлi аудандар (Саран, Шерубай - Нұра, Шахан) игерiлдi. Екiбастұз кенiнде алғашқы iрi көмiр қимасы пайдалануға берiлдi. Өскемен су электр станциясы iске қосылды, Бұқтырма СЭС-нiң құрылысы басталды. Мұнай және газ өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дамыды. Химия өнеркәсiбi Қазақстанның ауыл шаруашылығын және Орта Азия республикаларын фосфор тыңайтқыштарымен қамтамасыз етуге негiзделдi. Қарағанды синтетикалық каучук зауыты ауыр өнеркәсiптi органикалық синтез өнiмдерiмен, құрылыс индустриясын кальций карбидiмен қамтамасыз еттi. Республикада құрылыс жұмыстары кең өрiс алды. 1960 жылдың қаңтарына қарай Қазақстанда 398 кiрпiш, 119 әк зауыттары, 221 қабырға блоктарын өндiретiн кәсiпорындар, 895 бейруда құрылыс материалдарын өндiретiн өңдеушi кәсiпорындар жұмыс iстедi. 1958 ж. Алматы, Өскемен, Қарағанды қалаларында алғашқы телеқондырғылардан бейнехабар берiле бастады.
1960 - 1985 жылдары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz