Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе;

I Негізгі бөлім

1. 1) Алматы облысының туризм даму тарихы;

1. 2) Туризм индустриясы түсінігі және ҚР-да дамуы;

1. 3) Қазақстан аумағында және Алматы облысында туристік - рекреациялық ресурстың кластерлік даму жағдайы

1. 4) Алматы облысы туризмінің дамуындағы табиғи алғышарттар

1. 5) Алматы облысындағы туристік индустрияның дамуының ағымдық жағдайын талдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі .

Туристік индустрия-бұл орналастыру мен көлік құралдарының, тамақтану, көңіл көтеру, танымдық, іскерлік, сауықтыру, спорттық және басқа мақсаттағы объектілер, туристік қызметті жүзеге асырушы ұйымдар, сонымен бірге, экскурсиялық және аудармашы - гидтік қызмет көрсететін ұйымдар жиынтығығын білдіретіні мәлім. Сонымен бірге, туризм саласы қоғамның экономикалық және әлеуметтік ұйымдастырылуында маңызды орын алады. Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше, қазіргі кезде туризм индустриясы әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың бірінше жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм индустриясы әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Оның маңызы жылдан- жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде маңызы артуда. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ықпалы бар(турфирмалар, көлік түрлері, мейрамхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т. б. ) . Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады. Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке тсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Туристік кластердің дамуын қолдау мемлекеттік және жеке сектордың кешенді іс-әрекеттеріне, атап айтсақ, өңірді дамытудың қалыпты және серпінді әлеуметтік-экономикалық деңгейіне жету мақсатында бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрудың басымдылығын түсінуге негізделеді. Республика аймақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай кластерлерді құру маңыздылығы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері мен халыққа Жолдауларында бірнеше рет аталып өтілді.

Туристтік индустрияның даму үлесінде елімізде «оңтүстік астанамыз» Алматының алатын орны ерекше. Мысалы, Қазақстанда барлығы 400-дей туристтік фирмалар жұмыс жасаса, оның 114-і Алматы қаласында орналасқан. Сол сияқты басқа да туристтік индустрияға кіретін құрамбөліктердің саны жағынан осы қаладағы үлесі жоғары. Бұл дегеніміз- Алматы қаласының еліміздің туристтік индустриясындағы алатын орны мен маңыздылығының көрсеткіші.

Негізгі мақсаты :Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау.

Негізгі міндеттері :

1) туристік индустрия түсінігінін мәнін ашу;

2) туристтік индустрияның Алматы облысындағы жағдайына талдау жасау;

3) Алматы облысындағы туристтік индустрияның даму болашағына тоқталу және болжам жасау;

1. 1) АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУ ТАРИХЫ

Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды, 1997 жылы Талдықорған облысымен біріктіріліп, нәтижесінде 224 мың шаршы шақырым аумағы бойынша дүниежүзінде 5 орынды иеленеді, бұл Еуропаның Грекия, Венгрия сияқты мемлекеттердің алып жатқан аумағына теңдес. Облыс республиканың оңтүстік-шығыс бөлігін толықтай алуда, бұл Жетысу жері деп аталады. Солтүстігінде Шығыс Қазақстан облысымен шектеседі, бұл шекара келесідей үлкен көлдердің тізбесімен өтеді: суы тұщы-тұзды болып келетін Балқаш көлі, ащы сулы Алакөл, Жалаңашкөл мен тұщы сулы Сасықкөл, Ұялы көлдері. Оңтүстік шығысында бағынбайтын қамалға айналған Солтүстік және Орталық Тянь-Шаньның тау беткейлерімен тәуелсіз Қазақстанның Қырғызстан, Қытай мемлекеттерімен шекарасы өтеді. Жетісу - осы жер арқылы ағып өтіп, Балқаш көліне құятын жеті өзенді білдіретін Қазақстан маржаны. Бұл таңғажайып және қайталанбас өлке. Ертеректе көптеген тайпалардың, халықтардың тарихи тағдыры мен жолдары қиылысқан «Жетісу» деген поэтикалық атауға ие бұл жер таңқаларлық құпияларды арқалауда. Жетісудың табиғи-тарихи кереметтеріне және оның туристік индустриясына сипаттама бермес бұрын, оның туристік тарихына тоқталғанды жөн көрдім.

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 - 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г. И. Белоглазов пен Ф. Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В. Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф. Л. Савин басқарған) Медеу - Көкжайлау - Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В. Зимин, А. Бергрин, Д. Литвинов, Х. Рахимов, Г. Белоглазов, т. б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Республикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды. 1950 - 60 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С. Күдерин, Ү. Үсенов, Н. Дубицкий, В. Г. Хомулло, т. б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты. 1971 - 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.

1978 жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қалаларында туристік автомобиль базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.

1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н. И. Самойленко, С. Әбденбаев, Т. Жездібаев, А. Чукреев, О. Мазбаев, С. Р. Ердәулетов, т. б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т. б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді. 2002 жылы Алматы қаласының 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т. б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.

1. 2) ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚР-ДА ДАМУЫ

«Туризм және туризм индустриясы» түсінігі ұқсас және бір мағыналы сияқты. Ғылыми әдебиеттерде ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтама береді. «Туризм индустриясы» түсінігі өте көлемді және қиын. ССРО кезінде оған бірінші рет П. Г. Олдак анықтама берген: «Туризм индустриясы туризм қызметін сату және құруға маманданған қызмет көрсетуші мекемелермен мінезделеді немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға мамандандырылған экономиканың бөлек саласы. С. Р. Ердаулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық деңгейін анықтайды. «Туризм индустриясы» - таза экономикалық категория болып табылады. И. В. Зорин, В. А. Квартальнов туризм индустриясын шаруашылық құрылымның дербес звеносы деп анықтады; комплексті салалар мен бөлімдерден құралған экономикалық жүйе, олардың функциялары демалыс және көңіл көтерудің барлық түріне қиын және әр түрлі сұранысты қанағаттандырумен шектеледі.

Біздің ойымызша «туризм индустриясы - бұл табиғаттағы рекреациялық байлығына сүйенетін, сервис инфрақұрылымының барлық формалары кіретін демалу және көңіл көтеруге қоғамның сұранысын қанағаттандыратын қиын, шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтің көпқырлы жүйесі.

«Туризм және туризм индустриясы» терминінің анықтамасы жалпы қабылданғаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан және «Туризм индустриясы» терминіне экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм - бұл саяхат, ал саяхат - ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы-географтармен жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм - бұл таза географиялық түсінік.

«Туризм индустриясының» экономикалық мәні бар. Индустрия сөзі үлкен өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (л. т. «industria» - қызмет) . «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сиымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты.

«Туризм индустриясының» ерекше қасиеттері:

Туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясының құрылымын және қазіргі этапта оны басқару құрылымын анықтау қажет. Қазақстанда В. Г. Волошин туризм индустриясының құрылымын көрсетті. Біз Қазақстанның туризм индустриясының альтернативтік, бірыңғайландырылған құрылымын ұсынамыз.

Біздің берген нұсқамыздың негізгі айырмашылығы табиғи рекреациялық потенциалды енгізу. Қазақстан үшін табиғи рекреациялық потенциал факторы оның масштабтылығы, әр түрлілігі және қайталанбайтындығы жағынан тең келмейтін байлық. Қазақстан экономикасының қазіргі даму этабында туризм индустриясына құйылатын қаржының жетіспеушілігі кезінде бұл фактор оның құрылымының басты элементі болуы керек. Көрсетілген құрылым туризм индустриясының қазіргі бөлімін қамтиды және Қазақстан Республикасының жаңа туристік саясаттың құрылуына негіз бола алады. Демек, туризм индустриясы қиын экономикалық жүйе. Қазақстанда туризм индустриясының дамуы мемлекеттің бюджетіне қаржы түсіріп, туризммен байланысты және Қазақстан экономикасының басқа салаларына қатысты қиын әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және басқа проблемаларды шешуге көмектеседі.

Батыста туризмнің әлеуметтік-экономикалық мәнін бұрыннан түсінген. Сондықтан да 20-ғасырдың 80-жылдардың аяғында туристік ұйымдардың әр түрлі эксперттері мен барлық мүмкіндіктегі комиссиялары 2000 жылдары және одан да ары 2025 жылдары туризм қандай болады? - деп болжам жасауға ұмтылған, себебі оның әсерлі даму стратегиясын құрастыру қажет болды. Сол кезде, 80-шы жылдары, туризм өзінің мәні бойынша халықаралық қызмет түрлерінің ең бір алғашқы бірінші дәрежелі болады деп жазылды. Мұны біз оны дамытуға жұмсалып жатқан қаражаттың динамикалық көтерілуінен біле аламыз және де бірінші жоспарға үлкен трансұлттық қаржылық топтар өздерінің транспорт қорымен, қонақ-үй комплекстік байланысымен, электронды есептеуіш және ақпараттық орталықтарыменен ене бастады.

Әлемдік туристік нарықты 2020 жылға дейінгі аралықта маңызды сегменттер есебінде ДСҰ круизді, конгресс туризмді, тақырыптық-қалалық туризм, мәдени туризм, эксклюзивті және спорттық туризм, сондай-ақ жағажайлық демалысты атады. Ал сол кезде әлемде 2020 жылы болжаған туризмнің келу саны 156, 1 млн. адамды құрауы мүмкін.

Қазақстан үшін бұл кезеңде әлемдік туристік нарықта оқиғалы және спорттық туризм маңызды сегмент болып табылады, оған Республикада жеткілікті рекреациялық ресурстары бар.

Әлеуметтік туризм және еңбекшілердің демалысы бойынша халықаралық ассоциациясының президенті Ж. Фошенің ойынша, туризмді дамыту тек қаржылық табыс түсіру негізінде ғана болса және де әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық аспектілерді көрсете алмаса, мұндай жұмыс ұзаққа бармайды, адамдар мен оны қоршаған орта үшін келешегі жоқ деген.

Туризм дамуының ғаламдану концепциясын құрастыру әлемде әлеуметтік мәнге ие, егер де адам дамуының ұзақ мерзімдік болжамына сүйенетін болсақ, онда туризм дамуының максималды дәл ғаламдық концепциясы үшін адам дамуының экологиялық және демографиялық ұзақ мерзімдік болжамдарын анализдеу керек . Ал мұндай ұқсас болжамдарды әр елдің ғалымдары үзбей зерттеп отырады. Вашингтондық «World watch» институты өзінің шығарған жылдық «Әлемнің қазіргі жағдайы 1998» атты баяндамасында мынадай ескертулер бар, яғни әлемдік ресурстарды (қолдану) пайдалану келесі 50 жылдың ішінде бірден көбейеді. Біздің жер шарындағы халық 60 пайызға көбейеді деп болжануда. Сонда 6 миллиардқа жуық адамға тағы да 3, 5 млрд. адам қосылады. Бұл өзімен бірге табиғи ресурстар шығынның көлемін үлкейтеді. Баяндамада айтылғандай, соңғы 50 жылда әлем өзінің орман массивінің тең жартысын жоғалтып алған.

Әрине экономиканың мұндай саласын қарыштатып дамыту үшін көп көлемде табиғи рекреациялық ресурстарды қолдануға тура келеді. Бұл өз кезегінде маңызды проблемаға айналып отыр. АҚШ-та, Еуропада, Қытайда, Үндістанда, Таяу Шығыста және Африкада су қоры азаюда. Баяндамада әлем елдерін планетамызды қоршаған ортаға қажетті экологияны қарастыруға шақырады. Бұл Қазақстан үшін де көкейтесті мәселенің бірі.

Келесі бір адам дамуындағы маңызды, ұзақ мерзімді болжам жер халқының санағы жайындағы демографиялық болжам. 2001 жылы БҰҰ есебі бойынша халықтың саны ұдайы өсіп отырады деп болжаған, яғни 2050 жылы 9, 3 млрд-қа және де 2150 жылы 10 млрд. деңгейінде тұрақталады делінген. Бірақ та кейінгі кездері демографтар жиі-жиі мүлдем басқа болжамдар жасап отыр.

Әрине бұл демографиялық факторлар туризм индустриясының қарыштап дамуына үлкен әсер етуі сөзсіз, себебі түсінікті де.

Келесі бір адам дамуындағы ұзақ мерзімдік маңызды болжам планетамыздағы ғаламдық құрғақтану, бұл өз кезегінде туризм дамуының концепциясын нақтылай түсуге елеулі әсер етеді.

БҰҰ-ның 2002 жылы 21-наурызда шыққан баяндамасында, Судың Дүниежүзілік күнін атап өту кезінде, егер де дәл қазіргідей сол масштабта әлем суды осылай пайдаланатын болса, 2025 жылы 2, 7 млрд. адам су тапшылығына кезігеді делінген. Тағы 2, 5 млрд. адамның тұщы суға жетуі шектелген болады.

Ең бір су жетіспеушілік салдарынан дау-жанжал туындайтын әлемдегі аумақтардың бірі Орта Азия. Сондықтан да Сібірлік өзендердің суын осы аумақтарға бұру мәселесі өте актуальды болып отыр. Бұл мәселе Кеңестік заманда да талқыланып, белгісіз себептермен кейінге ысырылып қойды. Қазіргі кезде бұл «өзендерді бұрмалау» жобасы Қазақстан мен Орта Азияның қызығушылығын тудырып отыр. Егер де бұл жоба іске асар болса, онда аумақта тек қана туризм индустриясын дамытып қана қоймай, бірқатар өзекті мәселелердің шешім табары сөзсіз.

Халықаралық туризмді мамандар біріншіден қызметтер мен тауарлардың халықаралық саудасының бөлігі ретінде қарастырады. Ол кезегінде халықаралық сауда-саттық теориясының абсолюттік басымдылық теориясын; салыстырмалы басымдылық; факторлардың қарым-қатынасын қатыстырады.

Абсолюттік басымдылық халықаралық туризмде маңызды роль атқарады. Керемет табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштер шығу туризмінен басқа елдердің алдында абсолютті басымдылықты байқатады.

Абсолюттік басымдылықты табиғи ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Непал, Қытай, Пәкістан (территорияларында әлемдегі ең биік шыңдар 8 мың метрден жоғары, оның ішінде Эверест те бар), АҚШ (Гранд-Коньон) ; Венесуэла (әлемдегі ең биік сарқырама) және т. б.

Абсолюттік басымдылықты тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Египет (Гиза-Дахшур ауданындағы пирамидалар, ежелгі Фивтер) ; Греция (Афинадағы Акрополь, Бассаедегі Аполлон Эникурейдің храмы) ; Франция (Версальдағы саябақтар мен сарайлар және - Фонтенбло) ; Ресей (Санкт-Петербург, Мәскеудегі - Қызыл алаң және Кремль) ; Қытай (Қытайдың ұлы қорғаны) және т. б.

Жоғарыда аталып кеткен елдер өздерінің абсолютті басымдылықтарын халықаралық туристік нарықта керемет туристік өнім құрап пайдаланып өз секторын қалыптастырады.

Қазақстанда өзінше орналасқан бірқатар табиғи ескерткіштер кейбір абсолютті басымдылықты иемденеді. Мысалы, әлемдегі ең солтүстіктегі таулы шың Хан-Тәңірі, биіктігі - теңіз деңгейінен жеті мың метрден жоғары, әрі Алматы сияқты мегаполистің қасында орналасқан. Жақын маңда аэродром болғандықтан Алматылық турфирмалардың қызметкерлері Алматыдан альпинистерді вертолетпенен 3, 5-4, 5 сағатта Хан-Тәңірінің астына апарып тастай алады. Бұл басқа жеті мың метрлік шыңдары бар елдердің алдындағы айқын басымдылық.

20-шы ғасырдың соңғы 10-жылында ТМД елдерінде туризм индустриясына келген тікелей инвестицияның көлемі үлкен емес. Сондықтан да мамандардың айтуынша мұндай инвестициялардың нәтижесін әзірге Батыс елдері пайдалануда. Басқаларына қарағанда инвестициясының кең тараған түрі жобалы несиелеу, жобаға бірге қатысу; басқаруға келісім шарт жасау.

Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторларға тартымдылығы келесідей басты негіздермен анықталады:

-Потенциалды жоғары пайда коэффициенті.

-Нарықтың үлкен потенциалы.

-Табиғи ресурстарды пайдалану мүмкіндігі.

-Болашақта Шығыс пен Батысты біріктіруші халықаралық транспорттық маршруттық перспективасының болуы.

1997-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының өкілетті ұйымдармен 171 инвестициялық келісім шарт 1240 млн. доллар көлемінде түзілген. Оның ішінде туризм саласына 12, 21 млн. доллар тартылған.

Туризм саласына мұндай аз көлемдегі инвестицияның негізгі себебі:

Қазақстан Республикасы бағдарламасының жоқтығы.

Жеткілікті сервистің және сол жердегі коммуналдық құрал-жабдықтың жоқтығы. Республика территориясындағы транспорттық кестенің оптималды еместігі. Жаңа инвестициялық саясаттың негізгі міндеті - Қазақстандағы өту кезеңінің жағдайында инвестициялаудың қазіргі моделін нақты жағдайларға адаптациялау. Олардың бірі - инвестициялық қаржыландыруды бюджеттік емес көздерінде мобилизациялау. Бұның арқасында дамыған мемлекеттерде капиталды салымдардың және ұлттық шаруашылықтың негізгі бөлігін қамтамассыз етеді.

1. 3) Қазақстан аумағында және Алматы облысында туристік - рекреациялық ресурстың кластерлік даму жағдайы

Еліміз бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдай отырып, алғы қатарлы дамыған елдердің қатарына ену мақсатын көздейтіндігін Елбасының халыққа Жолдауынан байқаймыз. Соның шегінде туризм кластерінің шикізатты емес салалар арасында бірінші орынға қойылуы, бәсекелік артықшылыққа ие болуда тартымдылық мүмкіндігінің жоғарылығын көрсеткендей.

Туристік кластерді дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру мен жобалаудың негізгі міндеті-туристік қызметтің аймақтың кірісін қалыптастырудың маңызды механизмі және аймақтың туристік әлеуетінің басты құрылымдық элементі болып есептелетін жоғары дамыған аймақтық туризм индустриясын жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Кластерлік жүйені дамытудың экономикалық бағыттары
Қазақстан Республикасында туризм индустриясы
Ыстықкөл облысындағы туризм түрлерін дамыту мүмкіндіктерін бағалау
Ішкі туризм туралы ақпарат
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Мемлекеттің әлеуметтік имиджінің туризм индустриясы дамуына әсері
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz