Мұражай педагогикасы



І Негізгі бөлім
«Мұражай педагогикасы» . жасөспірімдердің тәрбиесін жан.жақты шыңдайтын ғылым
1.1 Мұражай педагогикасы тарихы және Қазақстанда пайда болуы.
1.2 Мұражай педагогикасының пәні, міндеті және әдіснамасы.
1.3 Мұражайлық.педагогикалық қызметтің мәні ,құрылымы және түрлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мұражай адам қоғамы дамуының белгілі кезеңінде пайда болып, оның қызмет атқарушы үшін экономиканың даму деңгейі, ғылым, білім, қоғам санасының белгілі жағдайы сияқты және тағы басқа әлеуметтік институттардың құрылуының ерекше жағдайы қажет. Алайда кез келген тарихи кезеңде мұражайлық жиындар көрілім үшін арналып, келушілерді терең тәрбиелік және білім беру әсеріне бөледі. Сондықтан мұражайлардың білім беру немесе ағартушылық қызметі тарихи тұрғыдан бекемделді.
Ғылым ретінде педагогиканың өзіндік көпғасырлық тарихы бар және онда мұражайлық іс тәжірбиесіне ыңғайландыруға қажетті теориялық және тәжірбиелік білімдердің елеулі бөліктері жинақталған. Кең әлеуметтік-мәдени тұрғыда мәселелердің құрылымы мен шешілуі ХХғасырдың аяғында бекітілген мұражай педагогикасының ғылыми білімнің өз бетінше қызмет жасай алатын саласы ретінде қарастырылу үрдісін айғақтайды. Мұражай педагогикасының дәл біздің заманымызда өзін танытып, мұражай қызметкерлерін даярлаудың бұлжымас бөлігіне айналуы жайдан-жай емес.
Құл иеленуші кезеңде «пейдагогос» (pais-сәби, ago- жүргіземін) грек сөзімен ақсүйектердің бұйыруымен балаларға қарау, олармен ойнау, мектепке апару ісімен айналысқан құлдарды атаған. Кейін балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселелерімен айналысқан адамдарды педагог деп атай бастады. Бұл сөзден тәрбие беру туралы ғылымның педагогика деген атауы қалыптасты.
1658 жылы Я.А.Коменский өзінің «Orbis Sensilium Hictus» еңбегінде алғаш рет мұражай құндылықтарының көрнекі құрал ретіндегі педагогикалық аспектілерін ашып көрсетті.
1.Оспанова Ә. Мектеп және мұражай педагогикасы – 2009.
2.Тойлыбаева Ұ. Мұражай ісі – танымға жол // Мәдени мұра. – 2013.
3.Жанбетов Қ. Мұражай – тәрбие мектебі // Мәдени мұра. – 2013.
4 Майгельдиева Ш. М., Омаров Д. К. Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырудағы мұражайлардың ролі // Молодой ученый. — 2014. — №20.1. — С. 42-44.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І Негізгі бөлім
Мұражай педагогикасы - жасөспірімдердің тәрбиесін жан-жақты шыңдайтын ғылым
1.1 Мұражай педагогикасы тарихы және Қазақстанда пайда болуы.
1.2 Мұражай педагогикасының пәні, міндеті және әдіснамасы.
1.3 Мұражайлық-педагогикалық қызметтің мәні ,құрылымы және түрлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тәрбиесіз берілген білім - жетім
Егеменді еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны ерекше. Тарихымызды терең зерттеп, оның тәжірибиесінен тағлым алу Қазақстанда патриотизм қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі
Елбасымыз Н.Назарбаев Өлке тарихының қасиетті мекені атты еңбегінен.
Ата-бабамыздың ақыл мен парасатқа толы мұраларын жоғалтпай сақтап, бала тәрбиесіне пайдалана білудің алар орны ерекше. Осы орайда ашылған түрлі бағыттағы мұражайлар бүгінгі ұрпақтың өткенді танып - саралап, бүгінге сыни көзбен қарап, болашаққа көз жүгіртуіне жол ашуда. Мұражайдағы жәдігерлер оқу - тәрбие жұмыстарын жүргізуге көп көмегін тигізуде. Себебі оқушыға көп мағлұматты ауызша жеткізгеннен, бір нәрсені көзбен көрсету көкейге қонымдырақ болатыны ғылымда дәлелденген [1] .
Туған жер алдындағы, оны жайлаған ел алдындағы парызды қастерлеу сезімі ғылыми жаңалықтар мен хабарламалардан ғана емес, көне - көз мұраны көріп, көңілге тоқу арқылы да тәрбиеленеді емес па?! деген Өзбекәлі Жәнібеков ағамыздың пікірі мұражай ісінің ұлт болашағы мен бала тәрбиесінде алар орны ерекше екенін сипаттайды.
1.1 Мұражай педагогисы тарихы және Қазақстанда пайда болуы.
Мұражай адам қоғамы дамуының белгілі кезеңінде пайда болып, оның қызмет атқарушы үшін экономиканың даму деңгейі, ғылым, білім, қоғам санасының белгілі жағдайы сияқты және тағы басқа әлеуметтік институттардың құрылуының ерекше жағдайы қажет. Алайда кез келген тарихи кезеңде мұражайлық жиындар көрілім үшін арналып, келушілерді терең тәрбиелік және білім беру әсеріне бөледі. Сондықтан мұражайлардың білім беру немесе ағартушылық қызметі тарихи тұрғыдан бекемделді.
Ғылым ретінде педагогиканың өзіндік көпғасырлық тарихы бар және онда мұражайлық іс тәжірбиесіне ыңғайландыруға қажетті теориялық және тәжірбиелік білімдердің елеулі бөліктері жинақталған. Кең әлеуметтік-мәдени тұрғыда мәселелердің құрылымы мен шешілуі ХХғасырдың аяғында бекітілген мұражай педагогикасының ғылыми білімнің өз бетінше қызмет жасай алатын саласы ретінде қарастырылу үрдісін айғақтайды. Мұражай педагогикасының дәл біздің заманымызда өзін танытып, мұражай қызметкерлерін даярлаудың бұлжымас бөлігіне айналуы жайдан-жай емес.
Құл иеленуші кезеңде пейдагогос (pais-сәби, ago- жүргіземін) грек сөзімен ақсүйектердің бұйыруымен балаларға қарау, олармен ойнау, мектепке апару ісімен айналысқан құлдарды атаған. Кейін балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселелерімен айналысқан адамдарды педагог деп атай бастады. Бұл сөзден тәрбие беру туралы ғылымның педагогика деген атауы қалыптасты.
1658 жылы Я.А.Коменский өзінің Orbis Sensilium Hictus еңбегінде алғаш рет мұражай құндылықтарының көрнекі құрал ретіндегі педагогикалық аспектілерін ашып көрсетті.
Мұражайлардың мақсаты төмендегідей болды:
o өнерді қоғамның барлық жігіне тарату;
o көркем білімнің деңгейін көтеру;
o индустриалдық өнердің сапасын жоғарылату.
1880 жылдары мұражайларда оқушыларды ғылыми - техникалық және көркемдікке оқыту мен тәрбиелеу бойынша бірлескен жұмысты қамтамасыз ету үшін мектеп мұғалімдерін өзара қатынас қызметі құрылды. Қоғамның барлық жігіне әсер ететіндей деңгейде мұражай мен мектепті біртұтас жүйеге айналдырған Г.Коль болды. Ол мұражайдың білім беру жүйесіндегі рөлін айқын түсіне отырып, былай деген: Мұражай мен галереялар алдарына білімдік мақсат қоймайынша, тиімсіз және адам жалықтыратын мекеме болып қала береді.
Г.Кольдің бұл ұстанымы мұражайдың білім беру жүйесіндегі рөлін айқындап берді десек болады.Бұл тұрғыда Англияда алғашқы білім беру жүйесіндегі кәсіби мұражай болды.
Англиядағы мұражайлар Америка Құрама Штаттарында мұражай ісінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Бұған бірінен соң бірі Нью-Йорк, Бостон, Филадельфия, Чикагода ашылған мұражайлар дәлел бола алады. Бұл мұражайлардың барлығы дерлік білімдік мақсатта құрылып, тіпті кейбірлерінде мұражай мұғалімі қызметі енгізілді. 1920 жылы прагматикалық идеологияның үстемдік құруымен мұражайлар педагогикалық мұражайға айнала бастайды. Мұражайлық педагогика терминін мұражайлар мен мектептердің өзара әрекеттесу мәселелерімен айналысқан Г.Фрейденталь 1931 жылы Мұражай - білім беру - мектеп кітабында қолданған болатын.
Мұражайлық педагогиканың неміс жақтаушыларының ерен жүйріктер қатарында А.Лихтварк мұражайды мектеп тәрізді білім беру орны деп санаған.
1887 жылы А.Лихтварктың бастамасымен мектептердегі эстетикалық тәрбие беруге Гамбургтық жәрдемдесу одағы құрылды, бұл өз кезегінде А.Лихтваркқа мектеп мұғалімдеріне арнап сабақ беру мүмкіндігін береді, ол мұғалімнің педагогикалық жетістігі өнермен қарым-қатынас жасау қажеттілігімен және көркемөнер шығармашылығын өз дүниесіндегі күйзеліс арқылы жалпылай қабылдау және талдау жасаумен тікелей байланысты деп санаған.Осылайша келушіге өнермен қарым - қатынас жасауға жәрдемдесетін арнайы қызметкерлерді - делдардарды даярлау идеясы пайда болады. Кейін келе олар мұражайлық педагогтар деп атала бастады, яғни мұражайлық ортада білім беру үрдісін қалыптастыра алу қабілеттері мен педагогикалық білімі бар мұражайлық мамандар.
ХХ ғасырдың басында неміс мұражайларында жинақталған білім беру тәжірбиесі Г.Кершенштейнерге педагогикалық қызметтің концепциясын тұжырымдаған Білім беру теориясы ( Theorie der Bildung, 1931) атты еңбек жазуға жағдай жасайды. Сонымен қатар Г.Кешенштейнер бүгінгі күннің өзінде өзекті саналатын мұражай қызметінің білім беру қағидаларын құрастырған болатын:
* мұражайлық-педагогикалық үрдіс мектептік білім беру жоспарының қағидасы бойынша құрылуы тиіс;
* мұражайлық - педагогикалық үрдістің әдістемесі білім беру, білім беру нысанның психологиялық жай - күйімен және білім беру үрдісінің мақсаттарының мазмұнды логикасымен айқындалуы абзал;
* мұражай келушілерге барлық қолжетімді педагогикалық - көмекші құралдар (мәтіндік түсініктеме, кинофильм, макеттер және т.б.) арқылы технологиялық немесе шығармашылық үрдістерді өз көзімен көріп білуге мүмкіндік беруі тиіс.
Германияда 1920 -1930 жылдары мұражай мен мектеп арасындағы өзара әрекеттесу мәселесін шешумен тәрбие мен білім берудің Орталық институты айналысқан болатын.Осы кезеңде бірнеше басылымдар жарық көрді,олардың ең маңыздысы Г.Кленканың Мұражай және мектеп (1927) деп аталатын әдіснамалық оқу құралы, мұражай ішінде мектептік сабақтарды ұйымдастырудың даярлау кезеңдері, жүргізілуі және бекітілуі, олардың табыстылығының шарттары қарастырылған Г.Фройдентальдың кітабы:
мұражайға әрбір келіп - кетудің нақты мақсаты болуы керек;
мұғалімдер мен оқушылар даярланып келуді талап ететін байсалды жұмыс екенін түсінулері қажет;
мұражайлардағы сабақтарға алдын ала дайындық пен оқушылардың шаршамай,қабылдауға даяр кезінде, яғни мектептік сабақ беру үрдісі барысында қатысу керек;
оқушының ғана емес, есейген адамның түсінуіне ауыр саналатын шолу экскурсиялардан бас тарту керек;
экскурсиялық көрме үшін арналған заттарды оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде таңдау қажет;
мұражайға келудің нәтижесі ретінде оқушылардың өз бетімен жасалған шығармашылығы сияқты шарттары қарастырылған педагогикалық әдіснама ұсынған.
Берлиннің этнографиялық мұражайында 1939-1944 жылдары Мектеп және мұражай деген бөлім болған, оның басшысы А.Рейхвейн мұражайдағы жетістікті педагогикалық қызмет мынадай ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы керек деп қорытынды жасады:
мұражайдағы экспозиция мектептегі білім беру мәселелерін ескере отырып жасалынуы керек;
бүкіл сынып оқушылары мен мұғалімнің экспозицияны келіп көруі мұражаймен шешілуі тиіс,
мұражайлық кеңістікте мұғалім мен сынып оқушылары арасында жақсы шығармашылық байланыс орнауы керек;
өздерінің шығармашылық бірлестіктерінің жұмысында мұғалімдер мұражайға көңіл бөлулері тиіс;
мұражайдың ғылыми қызметкерлері мұғалімдерді даярлау қызметімен айналысуы қажет;
білім беру мекемесі сияқты мұражай түрлі бағыттағы мұғалімдерге қолжетімді болуы керек.
Сонымен қатар А.Рейхвейн мектеп талап еткен тақырыптарға сәйкес жалпы мұражайлық коллекция негізінде дидактикалық экспозицияларды құру қажеттілігі туралы айтқан болатын.
Соғысқа дейінгі Германия тарихы мұражайлық-педагогикалық қызметтің дамуы мен мұражайлық педагогика феноменін түсінуден көрініс тапқан неміс қоғамының белсенді әрекеттеріне толы болды. Германияның ғалым-тәжірбие адамдарымен мұражайда балалардың болуына қолайлы жағдай жасау мәселелері (А.Лихтварктың мұражайлық диалогтарының әдіснамасы); мұражайлық бағыт - бағдарды дамытатын жұмыс дәптерлері көмегімен мұражайлық мәдениеттің құрылуы; мектептік оқу жоспарының (Г.Кершенштейнер) қағидасы негізінде мұражайлық білім беру үрдісін құрылымдау; мұражайлық кәсіпті ұйымдастыру және мұражай мен мектептің бірігуінің үлгісін жасау (Г.Фрондеталь) мәселелері пысықталып отырды.
Мұражайлардың білім беру тәжірбиесінде мұражайлық - педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың негізгі түрі саналатын экскурсия бекітілді. Жалпы, Германиядағы мұражайлардың білім беру қызметі ғылыми зерттеу мен ағартушылық жұмыстың нысанына айналуына септігін тигізген мұражай ісі мен педагогиканың өзара әрекеттесу үрдісіне үздіксіз қызығушылықты жоғарыда аталған мәселелер дәлелдейді.[1]
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Қазақстан Ресей Империясының құрамына түбегейлі енді. Сәйкесінше, Ресейде өтіп жатқан барлық саяси, экономикалық және мәдени қайта құрулар Қазақстанға да бағытталды.
Қазақстанның экономикасы мен мәдениетіндегі түбегейлі өзгерістер Қазан революциясынан кейін басталды. Кеңестік биліктің алғашқы жылдарында (1917-1925жж.) қазақстандық мұражайларға әлеуметтік - мәдени қызметтердің өзгеруі, жаңа қоғамның құрылуында олардың маңыздылығын арттыру, өткен уақытта негізінен сауатсыз болған тұрғындарды тәрбиелеу тән болды. Кеңес билігінің алғашқы жылдарында Қазақстанның мұражайлық желісін бұрынғыдай Орынборда қызмет еткен Орталық өлкетану мұражайы басқарды. 1992 жылы мұражайдың мынадай бөлімдері болды: археологиялық, нумизматикалық,палеонтологиялық , әскери - тұрмыстық , жергілікті- тұрмыстық, нақышты өнерлер мен ертедегі орыс ежелгіліктері, тарихи- жаратылыстанымдық.Дәл осы мәдени революция жылдарында Қазақстан аумағында мұражай желілері мен бөлімшерінің пайда болуын статистикалық мәліметтер дәлелдейді.Егер жоғарыда аталғандай , 1913 жылы Қазақстанда 3 мұражай болса, 1927жылы -6, 1937 жылы -19, 1939 жылдың 25 мұражай салынды.
ХХ ғасыр бойында біздің республикамыздағы мәдениет мемлекеттік саясат жүйесіне енгізілген болатын. Оның қызметінің маңызды бағыттарына тұрғындардың мәдени және білім деңгейін арттыру , оның идеялануы жатты. Бұл мұражай қызметі саласындағы саясаттың мақсаттылығын қамтамасыз етіп, елдегі мемлекеттік мұражайлардың басқарылу жүйесін айқындап отырды. Берілген жүйе мәдениетті дамытуды мемлекеттік жоспарлау , орталықтандырылған қаржыландыру, сонымен қатар мұражайлық саланың негізінде құрылып, тігінен басқаруға бағытталған болатын.Ол мұражайлар мен билік органдарының , мұражайлардың құқықтық жағдайын, бағыты мен заңды тәуелділігіне қарамастан , барлық деңгейдегі мемлекеттік мұражайлардың өзара қарым-қатынасын , айқындап отырды.
Мәдениет пен адамның күрделі байланысын зерттеу түрлі ғылыми пәндерді қызықтыру арқасында жүзеге асырылады. Қазіргі жағдайдаа тек рационалды ғана емес, тұлғаның шығармашылық қалыптасуына жағдай жасайтын бірыңғай педагогикалық үрдістегі мәдениеттану аспектісі маңызды саналады.[2]
Осыған байланысты білім берудің теориясы мен тәжірбиесінде мұражайлық педагогикаға көп көңіл бөлінуде. Мұражайлық педагогика мұражай қызметінің бір саласы ретінде бірыңғай білім беру үрдісінде тұлғаны тәрбиеледегі рухани-адамгершілік , азаматтық - патриоттық , тарихи- өлкетанымдық тәрбие беруде үйреншікті болып келеді. Мұражай мен білім беру мекемелерінің ықпалдастығына бағытталған білімнің гуманитарлы жаңаруына ұмтылыс - ХХІ ғасырдың білім беру парадигмасының жаңа мәні. Қазіргі мұражайлық тәжірибешілер жаңа ой-өрісінің қалыптасуына жәрдемдесуді, гуманитарлық идеяларды бекітуді өздерінің міндеті деп біледі. Дәл осы жағдай мұражайлық қызмет түрлерінің алуандығына қарай тарих, мәдениеттану , эстетика , психология, семиотика және басқалармен үйлесетін тәрбиелік ғылым ретінде мұражайлық педагогикасының қалыптасуының ынталандырушысына айналды. Өз кезегінде байланыстың алуан түрлері жүзеге асырылатын ерекше коммуникативті жүйе мен орта ретінде мұражай идеясы пайда болады. Мұражайлық қызметке қатысты заманауи жаңа тәсілдерді іздестіру бүкіл әлемнің мұражай қайраткерлерінен өзара әрекеттесудің интенсификациясына талап етеді. Белсенді байланыстардың орнатылуы нәтижесінде мәдениетті дамыту жолдарында мұражай маңыздылығын талдаудың жаңа сатысына өтуіне, халықтар арасындар өзара түсінушілікті орнатуға және адам бойында адамгершілік сезімін тәрбиелеуге септігін тигізеді.

1.2 Мұражай педагогикасының пәні, міндеті және әдіснамасы.
Мұражай қызметінің адамзат мәдениетінің өзіндік саласы ретінде түсінігінің қалыптасуы Ренессанс дәуіріне жатады. ХІХ ғасырдың аяғында музеология термині пайда болды. Екі грек сөздерінің қосылуынан қалыптасқан бұл термин мұражайлар жайында ілім немесе мұражайлар туралы ғылым деп түсіндіріледі.Мұражай қызметінің аспектісі мұражай педагогикасының ғылыми білімнің жеке өзіндік саласы ретінде бөліп көрсетудің негізінде жатыр және мұражайлардың әлеуметтік- мәдени қызметінің аясы тәрбиелеу, оқыту , білім беру сияқты педагогикалық санаттармен ұштасады.
Мұражай педагогикасының қызметі:

Теориялық
Технологиялық

Суреттемелі немесе түсініктемелі деңгей әлеуметтік-мәдени институттар көлемінде мұражай- педагогикалық қызметінің тәжірбиесін зерттеуге негізделген.
Жобалық деңгей, мұражайлық- педагогикалық қызметтің құқықтық мазмұны мен сипаты айқындалған теориялық тұжырымдамалар, педагогикалық ұсыныстар ,әдістемелік материалдарды жетілдірумен байланысты.

Қайта құру деңгейі,мұражайлық педагогиканың жетістіктерін жетілдіру және қайта құру мақсатында мұражай ісінің тәжірбиесіне енгізуге бағытталған.
Диагностикалық деңгей мұражайлық- педагогикалық қызметтің нәтижелігін қамтамасыз ететін жағдайлар мен себептерді айқындауға негізделген.

Жорамалдау деңгейі мұражай шынайылығын тәжірбиелік зерттеу мен соның негізінде шынайылықтың қайта құру үлгісін құруға негізделген.
Рефлексивті немесе дәлдеуші деңгей, ғылыми зерттеу нәтижелерінің мұражайлық-педагогикалық қызмет тәжірбиесіне және ғылыми теория мен тәжірбиелік деңгейдің әрекеттесуінің кейінгі түзетуге әсер етуін бағалауды көздейді.

Мұражай педагогикасының тұрақты міндеттеріне қарастыруға болады.

Мұражай педагогикасы шетел мемлекеттерінде кеңінен жетілдіріп қолдануда, алайда біздің елде бұл үрдістер қиыншылықпен дамуда. Біздің ойымызша, оның себептерінің бірі болып, мұражайтану әдістерінің басымдығы және дәстүрлі педагогикалық білімдерге назар аудармау саналады. Бүгінгі уақытқа дейін нақты және теориялық материалдарды кеңінен жинастырып, мұражайтану тар кәсіптік әдістен шығып, шынайы фактілердің (мұражайлық заттар мен құндылықтар) талдау және жүйелендіру қажеттілігін сезіне бастайды, алайда, сонымен қатар, түрлі діни және саяси, адамгершілік құндылықтар мен ұлттық дәстүрлер көзқарасындағы жас ерекшеліктері және әлеуметтік деңгейлері әртүрлі адамдарды тәрбиелеу , білім беру және оқыту ісінде педагогика ғылымының көпғасырлық тәжірбиесінен бас тартады.
Мұражай педагогикасының бағыт-бағдары тұлғадан, оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерінен, мүмкіндіктері мен қабілеттерінен басталады. Адам өз қалауы бойынша оны қызықтырған мұражайды таңдайды құндылықтарымен қарым-қатынас жасау уақытын және тәсілін еркін таңдай алады. Мұражай педагогикасының міндеті бірінші кезекте осы қызығушылықтарды жоғары деңгейде және нәтижелі дамыту, сонымен қатар мүмкіндігінше дамыту және байыту болып саналады.
Ғылыми білімнің барлық саласы сияқты мұражай педагогикасы басқа ғылымдармен байланыс орнатпай қызмет ете алмайды. Оның мұражайтану , музеология және педагогиканың тоғысқан жерінде пайда болуының өзі өз кезегінде социогенетика,психолонгвистика ,биохимия ,биофизика сияқты зерттеудің үлкен ғылыми бағытының қалыптасуын айқындайды.
Мұражай педагогикасы дамуының қайнар көздеріне:

Мұражай педагогикасы қоғамдық ғалымдармен әрі жаратылыстану ғылымдарымен байланысты. Жаратылыстану ғылымдарымен байланысты археология , зоология , геология , биология және басқаларына қатысы бар мұражайдың арнайы бағынан көрінеді .Сәйкесінше мұражай бағдары мұражай педагогикасының тарих , этнография , әдебиет , өнертану сияқты гумантитарлық ғылымдармен тікелей байланысты айқындалады [3].
Мұражай педагогикасы түрлі әлеуметтік және жас ерекшелігіндегі келушілер топтарының қажеттілігін сараптайды , олардың экспозициларды қабылдау ерекшеліктерін зерттейді және олармен жұмыс істеудің сараланған әдістерін өңдейді . Белгілі жайғдайда ол экспозияцияның мазмұнына қажеттті түзетулер енгізеді .
Өзінің пәнаралық сипатына қарай мұражай педагогикасы мұражай тәрбиесі,мұражай білімі, мұражайлық - педагогикалық қызмет, мұражайлық-педагогикалық үрдіс,мұражайлық коммуникация, мұражайлық мәдениет мұражайлық пән сияқты санаттармен тұспа - тұс болып отыр.
Мұражайлық тәрбие мұражайлық педагогиканың санаты ретінде моральды және адамгершілік нормалардың , құндылытардың , тұлғаның сенунің және сапасының құрылыуы үшін жол ашушы ұрпақтың әлеуметтік-мәдени және тарихи тәжербиесн мұражайлық құралдар арқылы ( трансиляция) мақсатты бағытталғаан үрдісін меңзейді.
Мұражайлық оқыту - мұражайлық педагогиканың санаты ретінде мұражайлық ортаның көлемінде арнайы ұйымдастырылған ғылыми білімдер жүйесін , мұражай және мұражай аудиториясының келушілерінің іскерлігі мен дағдыларының берілуінің екіжақты педагогикалық үрдісі
Мұражайлық-педагогикалық қызмет мұражайлық педагогикалық санаты ретінде алдыңғы ұрпақ жинақталған мәдениет пен тәжірбиенің кейінгілерге берілуіне және келушілердің тұлғалық дамуына жағдай жасауға бағытталған мұражай қызыметінің ерекше түрі саналады.
Мұражайлық - педагогикалық үрдіс-мұражайлық педагогиканың санасы ретінде дамытатын және білім беру мәселереін шешуге бағытталған мұражай аудиториясының ұйымдасқан , мақсаты өзара әрекеттесуі.
Мұражайлық коммуникация мұражайлық педагогиканың санаты ретінде келушінің мұражай жәдігерлерімен қарым-қатынаста жасау үрдісін екі тәсіл арқылы ұйымдастырлуын білдіреді: 1)мұражай құндылықтарынын тікелей қабылдау арқылы; 2) делдалдар арқылы ; мұражай қызыметкерлері арқылы.
Мұражайлық педагогикасның негізгі қағидасының негізгі қағидалары қазіргі мұражайлық педагогикалық үрдістердің талаптарынан өздігінен пайда болуда. Қазіргі ғылымда қағида термині қандай да бір теорияның негізгі , бастапқы жағдайы, басқарушы, идея, тәртіп пен іс- әрекеттің негізгі ережесі ретінде анықталады.
Мұражай педагогикасының қағидалары мұражайлық - педагогикалық қызметтің ұйымдастырылуының негізгі талаптары , оның бағыт- бағдарын көрсетеді және мұражайлық-педагогикалық үрдістің құрылуына шығармашылықпен қарауға жәрдемдеседі.
Ғылымилық қағидасы. Бұл қағиданығ басты мақсаты - мұражайға келушілердің әрбіреуінің бұл әлемдегі барлығы заңға бағынышты және қазіргі қоғамда өмір сүріп келе жатқан әрбір адам табиғат пен қоғам дамуының заңдарын білуі қажет екендігін түсінуін.
Тұтастық қағидасына сүйене отырып , мұражайлық зат келушіге ортамен байланысынң алуан түрлілігін көрсетуі керек , ықпалдасуы, толымсыздығы , сапалық ерекшелігі мен оған тән арнайы қолдануы еркешелігімен байланысты автономиялықты көрсетіп, тарихи және мәдени оқиғаларға қатыстыңы туралы түсінік қалыптастырып , сонымен қатар берілген нысанның ғылыми санасынығ алғышарттарын ескеруі қажет.
Жүйелік қағидасы . Мұражай педагогикасында жүйелік қағидасын қолданылуының динамикалық табиғатын белгілейтін кез-келген нысан (зат) элементтерінің көптеген басқа нысандарымен өзара байланысты түсінумен байланыста . Бұл қағида көбінесе өзара және құрушы бірлік (жүйе) арасында қарым-қатынас пен байланыстағы элементтердің бірігуінің бейнелейтін экспозицияларды ,экскурсияларды және мұражайлық-педагогикалық қызыметтің басқа да түрлеріне қатысты қолданылады .
Бірізділк қағидасы . Мұражайлық педагогикалық бұл қағидада мұражайлық коммуникация және мұражайлық - педагогикалық әрекеттесуді ұйымдастыратын көрініс табады.Келушіліердің мұражайлық ортамен қарым-қатынасы біртіндеп құрыла бастайды , қарапа йым және түсінікті құбылыстардан бастап , бірітіндеп ақпаратты күрделендіріп , нәтижиесінде күрделі мәселелер мен ғылыми қорытындыларға әкеледі .Ақпаратты ұсынуда себеп-салдарлық байланыстардың ойластырылуы мен орындалуы , мұражайлық кұндылықтарды және экспозицияны сипаттауда ішкі логиканың болуы нәтижиесінде мұражай келушілерінің бойында ғылыми білімнің қалыптасуына септігін тигізеді .
Бұл қағида келушілерде қандай физикалық , материялды , әлеуметтік жағдайда болуына қарамастан , барлық адамдарға қатысты сыйлы қарым-қатынастың құрылуына ,оларға құрметпен қарауға , қайырымдылықты адамдарға болысуы ниеті ретінде түсінуге , қиыншылықты бар адамдарды жеке топтарға бөлмеуге бағытталған мұражайлық-педагогикалық үрдісті ұйымдастырудан жүзеге асырылуда .
Ашықтық қағидасы. Мұражайлық-педагогикалық әрекеттесу ағартушлық және насихаттау қызыметінің алуан түлелерін қолдануды , мұражайлық - педагогикалық қызыметке бұқаралық жарнамалық өнімді жасауды , кең аудиторияға арналған жұмыстың қоғамдық түрлерін құнды , әлеметтік жобаларды жетілдіруді көздейді қоғам мен адамдар үшін ашықтық қағидасы негізгі құрылады.
Халықтың, қауымның, тұлғаның рухани тәжербиесіне сүйену қағидасы. Бұл қағида адамның әлемге қарым-қатынасын және оның күнделікті өмірілік жағдайларда байланыста әрекет ету амалын таңдауын айқындаутын белгілі әлеуметтік - психологиялық нұсқалаударды , құндылықтық бағдарларды , шынайлықты қабылдау және түсіну ерекшеліктерінің мұражайлық педагогпен ментальды феноменін есепке алуды тұспалдайды. Ментальдік индвидтің , қауымның , халықтың мұның алдындағы әлеметтік-мәдени тәжербиесін өзінде жинақтайды және адамның қандай да болсын әлеуметтік топқа жынысы ,жасы ұлты , мамандығы бойынша жатқызылуын анықтайды.
Субъективті даму қағидасы. Саналы және санасыз бастама адам болмысының қоғамдық сана-сезімі мен ұжымдық санасыздық түріндегі негізінен бөлігінен бастау алады. Жеке және қоғамдық сана арасында үзілмес байланыс және өзара шарттылық бар.
Субъективті даму қағидасына сүйену жеке келушімен немесе келушілердің кішігірім тобымен (3 адамға дейін) мұражайлық - педагогикалық жұмыс барысында жүзеге асырылады. Жеке адамнығ мұражайлық кұндылыұтарды қабылдауының субъективтілігін ескерген жөн , сондықтан оған сұрақ қоюға , талқылауға , ойластыруға және қорытынды жасауға мүмкіндік беру керек[4].
Осылайша мұражайлық педагогиканың қағидалары мұражайлық - педагогалық үрдістің мәнін сипаттап , мұражайлық қызыметкерлердің келушілерімен педагогикалықәрекеттесуінің бағыттарын айқындайды .
Әрбір мұражай педагогиканың қағидалары мұражайлық - педагогиканың қызметті және мұражайлық коммуникацияны ұйымдастыруға негізгі талаптарды құрайды, мұражайлық қызыметкерлердің келушілерімен педагогикалық әрекеттесуінің бағыттарын анықтайды.
Әрбір мұражай оның қызметін реттейтін ережелер мен нормаларды қолдануға тырысты. Мұражайлық заттар мен құндылықтарды сақтау мен қалпына келтіру бойынша , санитарлық және өртке қарсы шаралар қолдану , көрме залдары мен қосалқы бөлмелерде экспозияциялап мен көрмелерді ұйымдастыруда техника қауіпсіздігі ережелер бойынша шектеулер белгіленген кптеген нормативтік құжаттар бар. Олардығ барлыға мұражайылқ- педагогикалық үрдісті материялды - техникалық және шаруашылық жағынан қамтамасыз етуге арналған .
Мұражай педагогикасыны мұражай ісін жандандыруға , оны қоғам үшін ашық қылуға , қазіргі қоғамға кіріктіруге және мұражайлық құндылықтар арқылы адамның рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеудің тиімді тәсіліне айналдыруға мүдделі.
Әдіснама грек тілінен аударғанда әдіс туралы оқыту дегенді білдіреді. Әдіс терминін сөзбе - сөз аударғанда бірдемеге жетер жол , яғни мағнасы бойынша әдіснама бірдемені танудағы оқу болып саналады. Алайда, әдіснаманың басқа да түсініктемесі бар - зерттеулік үрдіс ілімі.
Мұражайлық педагогиканың әдіснамалық мәні түрліше түсіндіріледі: әдісті оқыту туралы ілім, ғылыми зерттеулерде философиялық жағдайлардың тікелей қолданылуы, зерттеулердің арнайы әдістерін жетілдіруге арналған ғылыми тәртіп ретінде қарастырылады. Осы үш көзқарастың барлығы мұражайлық педагогиканың әдіснамасының шекарасын не шамадан тыс кеңейтеді, не шұғыл тарылтады. Қазіргі таңда мұражайлық педагогика әдіснамасының пәні деп мұражайлық-педагогикалық құбылыстарды зерттеу үрдісі мен оның нәтижесі педагогикалық білімдер жүйесі саналады.
Мұражайлық педагогикада әдіснамалық қызметті атқарушы
1.Әдіснамалық білімдер жүйесіне:
Мұражайлық педагогика мәні, мұражайлық педагогиканың санаты, ғылыми білім жүйесіндегі мұражайлық педагогиканың орны, мұражайлық педагогиканың ғылымдар жүйесі,мұражайлық педагогиканың түсіндірмелі- терминологиялық құралы жатады.

2.Жалпы теориялық жүйеге:
Мұражайлық педагогикалық үрдістің заңдары мен заңдылықтарын зерттеу, биологиялық және әлеуметтіктің арақатынасы; мұражайлық педагогикалық үрдісте тұлғаның қалыптасуы; мұражай және мұражайлық аудитория; мұражайлық- педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың түрлері мен тәсілдері және басқалары жатады.

Мұражайдың әлеуметтік қызметі өзара тығыз байланыста және өзара тығыз әрекеттесуде.Құжаттау үрдісі мұражайлардың экспозициялық және мәдени - блімі беру салаларында жалғасын табуда. Экспозиция мұражайлық заттарды жинақтау,зерттеу және суреттеу барысында жүргізілетін сол ғылыми еңбектің арнайы жариялау түрі болып саналады. Экспозиция негізінде білім беру және тәрбиелеу қызметтері жүзеге асырылады. Мұражайдың ағартушылық қызметінің экскурсия,дәріс және басқа да түрлері экспозицияға және онда көрсетілетін заттарға түсініктеме беру ретінде қызмет атқарады.
Қазіргі мұражай педагогикасындағы үлкен көлемді мәселелер педагог-зерттеушілер мен тәжірбиешілердің зерттеулік үрдісті ұйымдастыруға даярлығының негізінде ішкі пәнаралық және ғылымаралық байланыстардың саралануы мен кірігуі негізінде табысты жүзеге асырыла алады. Кез келген саладағы ғылыми таным таныс субьектісінің (зерттеуші) зерттеу үрдісінің барлық элементтерін білуін көздейді.
:: -тақырыпты құрастырып, оның маңыздылығын көрсете алады;
:: -ғылымдағы тақырыптың жетілдіру күйін біледі және қалыптасқан қайшылықтарды анықтай алады;
:: -зерттеу мәселесін құрастыра алады (жауап іздейтін сұрақтар);
:: -мақсатты (қалайтын нәтижеге байланысты) зерттеу нысаны мен пәнін анықтай алады.
Ғылыми зерттеуде мәселеде қалыптасқан сұрақ жорамалданған сызба бойынша жауап ретінде гипотезада көрініс табад: зерттеу пәнін суреттеу, болжамды қайта құрудың шарты және дамудың болжамы. Осыдан зерттеу міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын дәйектеу (теориялық суреттеу) және зерттеудің теориялық үлгісін дамыту, эмпирикалық тәжірбиенің (анықтаушы тәжірбие) зерттелуін қамтамасыз ету және педагогикалық шынайылықтың (құрастырушы тәжірбие) қайта құрылуы.
Ғылыми зерттеудің маңызды белгісі болып қолданбалы терминдердің мағыналығы саналады, өйткені негізгі ұғымдарға қандай мән берілуі,не туралы қарастырып тұрғаны басынан бастап белгілі болуы керек. Бір терминді түрлі мағынада қолдануға болмайды.Зерттеу пәнінің түсіндірмелі сипаты (теориялық суреттеу) зерттеу құбылысының мазмұнды мәнін ашу, теориялық үлгісін және қондырғының өлшемдік-белгісін дамыту шарты болып саналатындықтан маңызды.Соңғысының көмегімен шынайы мұражайлық-педагогикалық нақтылықтың зерттемелі құбылысының күйі және болашақ мұражайлық-педагогикалық қызметтің негізіне әдістемелік материалдар мен тәжірбие бұйрықтар түрінде болтын тәжірбиелік қызмет үшін ұсыныстардың тиімділігі бағаланады.
Әдіснаманы зерттеушінің ойлау өрісін, оның танымдық үрдісінің дамуын сипаттайтын әдістер туралы ілім деп түсіндіруге болады.
Мұражай педагогикасы жинау бойынша зерттеулері мен жүйелендірілген тікелей бақылау әдістерін, мұражайлық заттарды жинақтау, келушілерді зерделеу барысында әлеуметтік әдістерді қолданады, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарына қатысты, өзара құжаттау, салыстырмалы сараптама, типологиялау,сонымен қатар рентгенография,спектография, химиялық сараптама және тәжірбие сияқты түрлі әдістерді қолданады.
Мұражайлық педагогика аспектілерін мұражай қызметінің білім беру - тәрбиелеудің басқа түрлерінде немесеэкспозицияларға қосылу мақсатында мұражайлық заттардың сұрыпталу,жинақталу, зерттелу және сақталу үрдістері барысында ескеру қажет. Мұражайлық - педагогикалық зерттеудің алдында мұражайлық - педагогикалық үрдістің теориялық және әдіснамалық негіздерін жетілдіру, сонымен қатар экспозицияларды даярлау мен экспозицияларда және оқыту бөлмелерінде келушілермен жұмыс барысында бұл зерттеудің нәтижелерін қолдану мүмкіндігін зерттеу тұр.
1.3 Мұражайлық-педагогикалық қызметтің мәні ,құрылымы және түрлері.
Мұражайлық-педагогикалық қызметтің мақсаттарының бірі ретінде адамның бойында адамгершіліктің құрылуының шарты саналатын эстетикалық даму болып отыр. Мұражайлық-педагогикалық үрдістің құрылымында мұражайдың педагогикалық қызметінің үш негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады:
- тәрбиелік қызметтің мазмұнында адамгершілік қасиеттерінің , эстетикалық көзқарастың , әлеуметтік маңызды қарым-қатынастардың, әрекет түрткісі мен ережелерінің құрылуы басты рөл ойнайды. Тәрбиелеу қызметі мұражайлық заттың ақпараттық және экспрессивті қасиеттеріне негізделеді. Ол қоғамның танымдық және мәдени сұрауларымен ескертілген және мұражайлардың экспозициялық және мәдени - білім беру жұмыстарының түрлі тәсілдерінде жүзеге асырылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҰРАЖАЙ АРҚЫЛЫ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мұражайдың шығу тарихы
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Мұражайтану ғылыми пән ретінде
Студенттерді тәрбиелеу жұмысының формалары
Мұражайлардың болашақ тарихы
Жезқазған қаласы
Педагогикалық ізденіс
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы
Пәндер