Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ...2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... 3
1.1.Мұражай туралы жалпы түсінік ... .. 3
1.2.Мұражайдың шығу тарихы ... ... ...6
1.3.Қазақстандағы алғашқы мұражайлардың құрылу тарихы және қазіргі жағдайы ... .11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... 19

Қазіргі кезде мұражай әлеуметтік институт ретінде жаңа орын мен бағыт-бағдарға ие болып отыр.Ол тек мәдени мұра мен сақтаудың орталығы ғана емес,қоғамның белсенді элементіне айналды.Мұндай жағдай біздің қазіргі өмірімізде өнер шығармашылығының, өткен заманның тарихи ескерт-кіштерінің мәні мен мағынасын түсінудегі жаңашылдықпен түсіндіріледі.
Өткен тарихымызды танып білмей, болашағымызға бастар жолды айқындау мүмкін емес. Ал өткен тарихымызды бірден-бір баян ететін орын-мұражай. Анығын айтсақ, мұражайды теория емес, практика деп қарауымыз қажет. Өмірдің сол күйіндегі жанды бір кесек бейнесі-өз өлкесінің өткені мен бүгінгісін көзімен көріп, қолымен ұстаған әрбір адам ертеңге ұмтылатыны анық.
Мұражай қазақ жерінде ХІХ ғ орта шенінде пайда болып, Кеңес үкіметі тұсында өз жалғасын тапты.Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар- тарих куәсі, оқу-тәрбие орталығы екендігін дәлелдейді.Қазіргі заманда мұражайлар заман талабына сай дамып келеді. Жаңадан ашылған мұражайлардың да тарихи-тағылымдық маңызы ерекше.
Мұражай жалпы адамзат баласының өмірінде және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рөл атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери,еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып үйренуге оның қызметі зор. Мұражай-табиғи-тарихи, материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштері, ағартушылық және дәріптеу қызметіндегі ескерткіш заттар жинау, тану,сақтау және пайдалану ісімен айналысатын мекеме.

1 Ибраева А. Музейтану: тарих мамандықтарына арналған оқулық,2013.
2. http://el.kz/m/articles/view/content-4189
3. Кайназаровa А.Е. Музейное дело в Казахстане (2-пол. XІX – нач. XX вв.), — Алма-Ата, 1979.
4. Мұстапаева Д.Ө. Қазақстандағы музей ісінің құрылуы. — Түркістан, 2011.
5. Картаева Т. Музей. Ұлттық Энциклопедия. — 6 том. – Алматы, 2005. — 579 б.
6. http://pps.kaznu.kz/kz
7. Ү.Д. Мұңалбаева "Мұражай педогогикасы" , 2013.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ____________________________ ______________________________2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ______________________________ _____________________ 3
1.1.Мұражай туралы жалпы түсінік____________________________ _______ 3
1.2.Мұражайдың шығу тарихы_____________________________ __________6
1.3.Қазақстандағы алғашқы мұражайлардың құрылу тарихы және қазіргі
жағдайы____________________________ __________________________11
ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ _________________________ 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_________________________ _______ 19
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде мұражай әлеуметтік институт ретінде жаңа орын мен бағыт-бағдарға ие болып отыр.Ол тек мәдени мұра мен сақтаудың орталығы ғана емес,қоғамның белсенді элементіне айналды.Мұндай жағдай біздің қазіргі өмірімізде өнер шығармашылығының, өткен заманның тарихи ескерт-кіштерінің мәні мен мағынасын түсінудегі жаңашылдықпен түсіндіріледі.
Өткен тарихымызды танып білмей, болашағымызға бастар жолды айқындау мүмкін емес. Ал өткен тарихымызды бірден-бір баян ететін орын-мұражай. Анығын айтсақ, мұражайды теория емес, практика деп қарауымыз қажет. Өмірдің сол күйіндегі жанды бір кесек бейнесі-өз өлкесінің өткені мен бүгінгісін көзімен көріп, қолымен ұстаған әрбір адам ертеңге ұмтылатыны анық.
Мұражай қазақ жерінде ХІХ ғ орта шенінде пайда болып, Кеңес үкіметі тұсында өз жалғасын тапты.Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар- тарих куәсі, оқу-тәрбие орталығы екендігін дәлелдейді.Қазіргі заманда мұражайлар заман талабына сай дамып келеді. Жаңадан ашылған мұражайлардың да тарихи-тағылымдық маңызы ерекше.
Мұражай жалпы адамзат баласының өмірінде және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рөл атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери,еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып үйренуге оның қызметі зор. Мұражай-табиғи-тарихи, материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштері, ағартушылық және дәріптеу қызметіндегі ескерткіш заттар жинау, тану,сақтау және пайдалану ісімен айналысатын мекеме.
Жұмыстың мақсаты: мұражайлардың шығу тарихын зерттеу, мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау.
Жұмыстың міндеті: мұражайлардың шығу тарихы жайында мол ақпарат беру. Алғашқы мұражайлардың шығу тарихының алғышарттарымен таныстыру.
Жұмыстың өзектілігі: мұрайжай жайында түсінік қалыптастыру үшін, алдымен тарихтан сыр шертетін мұражайлардың тарихын зерттеу.
1.1.Мұражай туралы жалпы түсінік
Мұражай, музей, (грек тілінде museіon - муза сарайы) - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Мұражайдың негізін оның музейлік қоры құрайды. Музей қоры-музей жинағы құрамындағы ғылыми-қосалқы материалдар және музейлік мәні бар заттардың ұйымдасқан жиынтығы. Музей қоры негізгі,ғылыми-көмекші қорлардан тұрады. Ал, музейге қажет емес немесе қайталанып келген заттардан айырбас қоры құрылады. Ал,жаратылыстану музейлерінде аталған қор жиынтығымен қоса шикізат қоры болады. Музей қорларындағы заттар, музей саласына қарай топтастырылып,бүкіл музей жұмысында пайдаланылады.Музей қорына түскен деректік материалдардың түрлік,типтік,көріністік,көрнекілік белгілері арқылы өзара ішкі,сыртқы қажетті байланысы ашылып,сыныпталады.Музей деректерін бұлайша тану әдісі,оларды сақтауға,құжаттауға,экспозицияда пайдалануда және тарихи-мәдени құндылықтар ретінде дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді [1].
Мұражайлардың көптүрлілігі, экспозициялары мен коллекцияларының өзгешелігіне байланысты мұражайлар әр түрлі топтарға жіктеледі. Ғылым әдіснамасында жіктелу(классификациялау) ортақ белгілері бойынша зерттеу нысандарын біріктіру және зерттеу болып табылады. Жүзеге асырылған жіктелудің нәтижесінде жіктелу деп аталатын жүйе пайда болды. Топтау нысандары болып мұражайлар саналатындықтан, мұражайлардың жіктелуі мұражайлардың белгілі бір қасиеттеріне байланысты түрлі топтарға бөлуді көздейді. Мұражай белгілерінің мысалы ретінде мұражайдың негізгі қоғамдық бағытын, жекеменшік түрін,мұражайға бағдарын, мәдени мағыздылығын және тағы басқаларын келтіруге болады.
Жіктелу мұражайлардың белгілі бір түр,бағдар, мәртебе және санатқа жатқызылуын көрсетеді. Мұражай түрі қоғамдық қолданудың сипатымен айқындалады. Бұл белгі бойынша мұражайлар үш негізгі түрге бөлінеді: ғылыми-ағартушылық ,ғылыми және білім беру.
Мұражай жіктелуінің шегі айтарлықтай жылжымалы келеді, олар мұражай қызметінің мақсаты, мұражайлық торы және түрлерінің дамуына байланысты өзгеріп отырады. Белгілі бір топқа жатуы қорлардың жасақталуына, экпозициялардың құрылуына және мұражай шығармашылығының басқа да түрлеріне әсер етеді (1-сурет).
1-сурет. Мұражай жіктелуінің негізгі белгілері
Мұражайлардың бағдары бойынша жіктелуі ен қиын және салаласқан болып есептеледі(2-сурет).Мұражайлардың негізгі бағдарлық топтары ғылыми-білім саласына, өндірістік қызмет саласына, өнер түрлеріне жіктелуімен анықталады.Бағдарлық топты екі немесе одан да көп бағыттарды біріктіретін мұражайлық кешендер құрайды.
2-сурет. Мұражайлардың бағдары бойынша жіктелуі
Қазіргі мұражайлар қызметінің ең маңызды өлшемдерінің бірі - мұра-жай айналасындағы және мұражай ішіндегі құрылымдарды қалыптастыру болып табылады. Мұражайлар ішінде және олармен бірлесе отырып, қалалар мен аймақтарда мұражайлық педагогиканың орталықтары, дәстүрлі мәдениет орталықтары, қоғамдық өмірдің орталықтары, клубтар, қоғамдар құрылуда. Мұражай мен әлеуметтік өзара іс-әрекеттердегі өзгерістер мұражайларды басқару жөніндегі функциялардың бір бөлігін түрлі қауымдастықтарға, қорларға, қоғамдық және жеке ұйымдарға беруде көрініс табады. Түрлі елдерде, оның ішінде, Ресейде де, олардың дамуына ықпал ету мақсатында мұражайлар достарының клубтары мен қоғамдары құрылуда. Меценаттық, демеушілік біртіндеп нақтылы нысанға ие бола бастауда; бүгіндері әлемдік тәжірибеде кең тараған және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Ресейде де белгілі бола бастаған мұражай достарының клубтары немесе қоғамдары құрылады, олар тек қана қаржылық қолдау көрсетіп қоймайды [7].
1.2.Мұражайдың шығу тарихы
Қазіргі мұражай-мәдениеттің рухани ұмытылмасының оның кешегісі мен бүгінгісінің шоғырланған айғағы. Мұражай кеңістігінде келушілер түрлі дәуірлермен, мәдениеттермен, тұлғалармен қарым-қатынасқа түседі. Мұражай- шынайы әлемде адамға хабардар болуға, икемделуге, мәселелерді шешуде жәрдемдесетін әлемнің кішігірім үлгісі.
Мұражай адам қоғамы дамуының белгілі кезеңінде пайда болып, оның қызмет атқаруы үшін экономикалық даму деңгейі, ғылым,білім, қоғам санасының белгілі жағдайы сияқты және тағы басқа әлеуметтік институттардың құрылуының ерекше жағдайы қажет. Алайда кез келген тарихи кезеңде мұражайлық жиындар көрілім үшін арналып, келушілерді терең тәрбиелік білім беру әсерінен бөледі. Сондықтан мұражайлардың білім беру немесе ағартушылық қызметі тарихи тұрғыдан бекемделеді.
"Мұражай" термині гректің mouseion сөзінен аударғанда "Шабыт ғибадатханасы" немесе шабытқа арналған орын деген сөзінен шығып отыр. Алғашқыда бұл ұғым заттарды өнер мен ғылымды негізге ала отырып коллекциялауды білдірді. Алайда киелі алқаппен қоршалып ғибадатхана ретінде саналған гректің мусейонның әлеуметтік феномен ретінде қазіргі мұражаймен еш ортақтығы жоқ. Музаларға арнап ғибадатханаларда бес жылда бір рет ақындар, әншілер, музыканттар, бишілер жарысы ұйымдастырылып отырған. Сол кездегі мусейонның қазіргі мұражаймен ортақтығы тек-грек ғибадатханаларының қазіргі мұражайлар сияқты белгілі құндылықтар жиылған орын саналуында ғана болатын.
Б.э.д шамамен 290 жылы антика заманындағы Александрияда Птоломей білім мекемесі ретінде болған алғаш мусейонның негізін қалады. Оның ішінде тұрғын бөлмелері, ас және оқуға арналған бөлмелер , ботаникалық және зоологиялық бақ, обсерватория және кітапхана болды. Кейін мусейонға білім беру барысында қолданылатын медициналық және астрономиялық қондырғылар, жануарлардың тұлыбы, мүсіндер мен бюсттар қосылды.
Басқа ғылыми мектептерге қарағанда, мусейон мемлекет тарапынан қаржыландырылып отырды және ғалымдар жалақы алып отырды. Бас абызды Птоломей тағайындап отырды.
Мусейондарда құдайлардың, батырлардың, көзге түскен азаматтардың мүсіндері, сондай-ақ қазыналар жинала бастады. Кейде басқа да ғибадатханалар тәрізді мусейондар өз құндылықтарын баршаның назарына ұсынып отырды.
Осылайша антикалық мусейон алғашқы "жәдігерлер"- сый-сияпаттар жиналып отыратын құдайларға сиынатын орын ретіндегі ағартушылық, философиялық мектеп, ежелгі грек мәдениетіне қол жеткізу мақсатында пайда болатын ежелгі римдік ғибадатханалар мен жеке жиындар түріндегі коллекциялық қызметтерді атқарған.
Кейіннен антикалық Римде бұған қосымша ретінде қалаларда бақтарда, римдік моншалар мен театрларда суреттер мен мүсіндер қосылды. Сол кезеңнің бай және танымал адамдардың қаладан тыс үйлерінде өз қонақтарына соғыс кезінде жаулап алған өнер туындуларын тамашалатты.
Антика дәуірінің өнер шығармаларыны тәрбие беру құралдары ретінде саналды. Мұражайлардың пайда болуына Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің ғибадатханаларында орналасқан құдайларды мүсіндеу мен оларға табынушы-лық заттардың пайда болуына септігін тигізген коллекциялау кезеңі алғышарт болды. Діни қызметкерлер өздерінің негізгі қызметтерімен қатар, келішілерге бұл қазыналарды көрсетущі "экскурсияшы" рөлін де атқарды.
Эллиндік кезеңде адамдар өздерінің ғажайып өткен заманның мұрагер-лері ретінде санап, грек мәдениетін айқындайтын заттарды жинастыра отырып, Ежелгі Элладаны қайта жаңғыртуға тырысты. Цицерон және Петроний көпшілік қауымға өнер заттарының коллекциясын көрсетудің белсенді жақтаушылары болып табылады. Өз кезегінде римдік императорлар өз құзырларындағы адамдардың ықыластарын ескере отырып, коллекциялар-ды көпшілікке көрсету мақсатында ғибадатханаларды мұражайға айналдырған арнайы ғимараттар тұрғызды. Орта ғасыр дәуірінде коллекциялау христиандық мәдениеттің нұсқауларына толығымен бағынышты болды. Өнер шығармашылығы мен раритет заттарды жинақтаудың антикалық дәстүрлерін дамыта отырып, Қайта өрлеу дәуірінде коллекциялар жүйелендіріліп, біріктіріліп, мұражайлар пайда болды.
Рим Грецияны жаулап алғаннан кейін Римге грек құндылықтары-мүсіндер және т.б. өнер шығармалары ағыла бастады.
Римде көпшілікке ашық бірінші жеке коллекциялар пайда болды. Мысалы, император Адрианның қала сыртындағы әйгілі Тибуртин үйі(118-138 жж).
Бұл үйді тек Рим азаматтығына жататындар ғана келіп көре алды. Кейін императорлық коллекцяиларды көрсету тәжірибесі Византияда да сақталды. Рим императоры Адриан Греция мен Мысырда көрген өнер шығармалары-ның көшірмесін жасауға бұйрық шығарды. Адрианның қала сыртындағы үйі қазіргі мұражайдың алғышартына айналды.
Ежелгі кезден бастап коллекциялау іске асыруға болатын- ақша, әшекей бұйымдары т.б. құндылығы бар заттарды жинақтау секілді белгілі міндеттерді шешкен болатын(бұл заттар қажетті жағдайда қолданылатын қор ретінде саналып, олардың тарихи және көркемдік құндылығының маңыздылығы болмаған). Коллекциялаудың бұл түрі мұражай ісінің тарихына тікелей еш қатысы жоқ, өйткені қазіргі мұражайлап өз коллекцияларын сату немесе пайда көру мақсатында қолданбайды. Коллекциялаудың ежелгі әлемде құрылған діни және генеалогиялық түрлері христиандық кезеңге де өтті. Олар кейіннен мұражайға айналып отырған коллекциялардың құрылуына себеп болды. Антикалық коллекциялау жүйелендірілмеген сипатта болатын. Оның мақсаты қазіргі мұражайлық коллекциялаудың мақсатынан айтарлықтай ерекшеленген.
Жүйелендірілген коллекциядау Қайта өрлеу дәуірінде басталды. Сол заманның адамына танымал затты зерттеу, үрдістің қалайша болғанын қарастыру тән болды. Географиялық ашулар дәуірі ғылымның дамуына түрткі болған дәстүрлер көзқарастардан тыс әлемнің ашылуына алып келді. Ғылымдардың дамуы әр деңгейде олып, техника,жаратылыстану ғылым салалары қарқынды дамып отырды. Мұның жеке коллекциялауға да әсері болды: натуралилер кабинеті , раритеттер камералары,кунсткамералар мен вундеркамералар пайда болды.
Италияда Ренессанстың алғашқы кезеңінде Лоренцо де Медичи Флоренцияда Мүсіндер Бағын орнатуға бұйрық береді. XVI ғасырда сарайлардың ірі және ұзақ дәліздерінде мүсіндер мен суреттер орналастыру сәнге айналды. 1492 жылы флорентийлік меценат Лоренцо Медичидің көркемөнер шығармаларының жинақтарының тізімі жасалған кезде бұл коллекция " мұражай" деп аталынды. Уақыт өте келе бұл сөзбен тек коллекциялау ғана емес , коллекция орналасқан бөлмелерді де атай бастады. Дәл сол кезден әлеуметтік-мәдени институт ретінде мұражай тарихы басталды.
XVII ғасырда сарайлар салу барысында суреттер , мүсіндер, кітаптар, мен гаврюралар үшін арнайы бөлмелерді салу қарастырылды. Сол кезден бастап "галерея" ұғымы коммерциялық мақсаттарда пайдаланылды. Князьдық оңаша үйлерде өнер шығармашылығы үшін арнайы бөлмелер салына бастады. Бұл бөлмелерді кабинет (фр. cabinet : іргелес бөлме) деп атай бастады.
Алғашында көркемөнердің ұсақ заттарын сақтауа арналған шкаф кабинет деп аталды. Кейін кабинет деп бөлмелерді атай бастады. XVI ғасырдың аяғында кабинеттер алдымен Италияда, содан кейін бүкіл Еуропаға да таралды.
Германияда көркемөнер заттарымен қатар ғажап заттардың- Wunderkammer (ғажайып палата) коллекциясын жасай бастады.
Галереялар мен кабинеттер алғашында түрлі заттар үшін пайдаланылса, XVIІ ғасыр аяғы мен XVIІІ ғасыр басында қоғамдық сипатқа айналды.
XVIІІ ғасырдан бастап "мұражай" ұғымына жәдігерлер орналасқан ғимараттар да жататын болды.
Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуірінен бастап "мұражай" сөзі қазіргі күннің мағынасына ие болды.
Орта ғасырларда зергерлік бұйымдар, мүсіндер және манускриптер сияқты көркемөнер туындылары көпшілікке көрсету мақсатымен монастырь және шіркеулерде орнатылды. VІI ғасырдан бастап ондай жерлер соғыста жаулап алынған заттар да қойыла бастады.
Соғыс уақытында бұл қорлардан өтемақы төленген Осылайша қор көлемі ұлғайып не азайып отырған.
XVIІІ ғасыр жалпыға ашық мұражайлар қоғамдық өмірдің бұлжымас бөлігіне айналды. 1750 жылы Парижде Palais de Luxembourg сарайындағы суреттер аптасына екі рет көпшілік назарына ұсынылып отырды(бірінші кезекте студенттер мен қайраткерлер үшін).
XVIІІ ғасырда аса алып патшалық үйлер минералды мен зергерлік тастары жинаумен айналысты. Олар Медичи(XVIІ ғасыр) мен Людовик XІV Париждегі қазіргі жаратылыс тарихын Ұлттық мұражайының негізін қалаған үлкен коллекция жиналымын жалғастырған болатын. Сән іздеген габсбург-тер, бурбондар, орыс патшалары ерекше заттар иемдену мақсатында қаржы -ларын аямай, өзара бәсекелесті.
Монархтар, принцтер және беделді адамдар минерал іздестіру үшін өз өкілдерін қазба жерлеріне жіберіп отырды және ерекше заттардың үлгісін әкелгендерді жұмысқа қабылдап отырды. Еуропалық корольдік үйлер Еуропа мұражайлардың негізін құраған ірі коллекцияларды жинастырған болатын. Прага, Вена , Санкт-Петербург, Мадрид, Париж және Рим мұражайларының экспозициялары осы коллекциялар негізінде пайда болды. Кейін олар XVIІ ғасырға жататын Франц І корольдік коллекцияның жәдігерлері орналасқан Лувр коллекциясына біріктірілді [7].
Кесте-1. Хронологиялық кесте.
Жыл
Ерекшелігі
1793жыл
Лувр мұражайы ашылып, алғашқы ірі коғамдық мұражайға айналды
1739 жыл
Медичи көркемөнерінің коллекциясы мемлекеттік меншікке өтті
1769жыл
Әлемге әйгілі Ватикан мұражайы ашылды
1764жыл
Екатерина ІІ берлиндік көпес Гоцковскийден сатып суреттердің ірі партиясы Петербурге келген уақыты Эрмитаждың құрылу уақыты болып саналыды
XVIІІ ғасыр
Арнайы мұражайлық ғимараттарды алу құрылысы басталды
1755-1763 жж
Бюринг жобасы бойынша Сан-Суси сурет галереясы салынды
XVIІІ ғасырдың аяғы
Коллекцияларды сақтау және оларды көпшілікке көрсету ғимараттарын "мұражай" деп атай бастады
1827жыл
Сиднейде Австралия мұражайы ашылды
1851жыл
Ағылшын сәулеткері Г.Земпер лондондық Бүкіләлемдік көрмеде "көркемдік шаруашылықтың" арнайы мұражайлар деңгейінде шеберлерді үйретуді ұсынды.
ХХ ғасырдың 60-жылдары
Мұражайдар педогогикалық қызметтер атқара бастады.
ХХ ғасырдың басы
Мұражайлық тәжірибеге мұражайлық коллекцияның қосышасы ретінде саналатын кинофильмдерді көрсетуді қолданыла бастады
1946 жыл
Мұражай ісін дамыту мақсатымен мұражайларды және мұражай мамандарын біріктіретін ICOM құрылды
1963 жыл
Мұражайлық іс бойынша Комитет құрылды
1991 жыл
ЕО мем-де көркемөнертанушы-мамандарға бағытталған визуалды электронды тізім құрылды
Мемориалдық музейлер музей саласының кеш дамыған бағыты. Дегенменде қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде мемориалдық музейлер қалыптасқан. Әсіресе Батыстың, Азияның дамыған елдерінде мемориалдық музейлер туристердің саяхат объектісіне айналған. Дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер мемориалдық музейлерді дамыту арқылы әлемдің музейлер тарихынан ойып орын алып отыр. Мысалы, Лондондағы Виктория мен Альберт музейі тек Ұлыбритания ғана емес, жалпы Европадағы ірі мемориалдық музей. Бұл ағылшын королі мен жұбайы атындағы музей, 1852 жылы Оңтүстік Кенсингтонде негізі қаланған, музей ғимараты викториан стилінде салынған. Музей итальян мүсіншілері Лоренцо Бернини мен Антонио Канов туындыларын, әлемдегі қолданбалы өнер туындыларының әртүрлі бағыттарын кеңінен насихаттайды, онда керамика, шіркеу заттары, тоқыма бұйымдар, музыкалық аспаптар, жиһаздар т.б., барлығы 4 миллион экспонат бар. Әсіресе шыны галереясы, ХІХ ғасыр фотосуреттері галереясы өте танымал. Ал, Микеланджелло Буанарроти, Донателло, Андреа Верроккьо еңбектерінің көшірмелері сақталған. Музейдің осы мемлекеттің туризм саласындағы алатын орны да ерекше.Сондай-ақ Испанияның Мадрид қала-сында орналасқан Королева София музейі, Тиссен-Борнемис музейінің, Батыс елдеріндегі корольдық музейлердің әлемдегі мемориалдық музейлер-дің озық үлгісі ретінде әлемдік музейлер кеңістігінен алатын орны ерекше. Сондай-ақ Ресей мемориалдық музейлері экспозиция жасау ісінде әлемнің озық технологияларын пайдаланып, музей нарығындағы виртуальды музейлер ретінде көшірмесін жасау ісін қолға алып, оны айналымға ендірген.
Мұражай ісі мен қызметін дамыту мақсатында 1889 ж. 20 маусымда халықаралық "Мұражайлар ассоциациясы" құрылды. 1918 ж. Халықаралық мұражайлар Бюросы құрылып, "Музеон" журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО- ның "Музеум" журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық мұражайлар кеңесі ІCOM құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. - 29 мемлекет, 1950 ж. - 43 мемлекет, 1977 ж. - 109 мемлекет, 1999 ж. - 135 мемлекет мұражайлары мүше болды. ІCOM әр үш жылда өзіне мүше бір елде бас қосу өткізеді. 2002 ж. мамыр айынан бастап "Қазақстан мұражайлары" журналы шыға бастады. 1977 ж. Халықаралық мұражайлар Кеңесінің 11 конференциясында 18 мамыр Халықаралық мұражай күні болып белгіленді.
1.3. Қазақстандағы алғашқы мұражайлардың құрылу тарихы және қазіргі
жағдайы
Қазақстан тарихын зерттеуде қол жеткізген табыстар аз емес. Алайда, ғылымның бұл саласында зерттелмей жатқан тың және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер баршылық. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қолы жетіп, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани салаларындағы пайда болған түбегейлі өзгерістер зиялы қауым алдына оларды жаңаша зерделеу міндетін қойды. Осы міндетті жүзеге асыруда өткенді бүгінгі күннің биіктері тұрғысынан тарихи талдаудың маңызы зор. Өйткені қоғам өміріндегі бұрын-соңды болмаған саяси-әлеуметтік өзгерістер тарих ғылымына да сын көзбен үңіліп, оның түбегейлі мәселелеріне жаңаша баға беріп, нақты мұрағаттық тарихи материалдар негізінде жаңа тарихи таным тұрғысынан зерттеуді талап етуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1998 жыл - Халық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz