Франция туристік нарығының географиясын, курорттық ресурстарын және ерекшеліктерін зерттеу
Кіріспе
1 Франция аймағына физикалық.географиялық сипаттама
1.2 Франция аймағының жер бедері
1.2 Елдің климатының қалыптасу ерекшеліктері
1.3 Табиғат жағдайы және ресурстары
2 Францияның негізгі емдік.сауықтыру орталықтары
2.1 Аймақтағы емдік.сауықтыру туризмінің дамуына әсер етуші факторлар
2.2 Францияның негізгі курорттық аймақтары
3 Францияның танымал курортына сипаттама
3.1 Ля.Боль курортына толық сипаттама
3.2 Франция еліндегі емдік.сауықтыру туризмін дамыту мәселелепрі және оларды шешу жолдары
Қорытынды

Франция Республикасы (фр. République française) — Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жерінің аумағы 674 685 км², бұл әлем бойынша 47 орын. Халық саны 66 млн, тығыздығы 117 адам/км².
Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік-шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік-батыста Испания және Андоррамен шектеседі. Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді. Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді. Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент. Астанасы – Париж.
Францияның бүкіл солтүстік және батыс бөлігі, яғни елдің жартысы ойпандар мен жазықтарда жатыр; орталық және шығыс аудандарында қатты бұзылған орташа таулы массивтер мен көтерілімдер, ал оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында альпілік қатпарлықта пайда болған биік таулар көтеріледі.

1 Глушко А.А. География туризма. – М.: Владивосток, Дальневосточного университета, 2002. – 261 c. – ISBN 5279022535.
2 Франция. Сервер туризма и путешествий «Travel» // Режим доступа: http://archive.travel.ru/france/hotels/ (қаралған күні: 18.03.2017)
3 Все страны мира. Режим доступа: http://www.stranymira.com/francija.html/Франция. (қаралған күні: 19.03.2014)
4 Кусков А.С. Основы туризма. – М.: КНОРУС, 2008. – 141 с.
5 Биржаков М.Б. Введение в туризм: - 8-е изд. – М., СПб.: Невский фонд, ИД «Герда», 2008. – 512с.
6 Кусый, И.А. Вокруг Света. - М.: Издательство «Вокруг света», 2005. –79 c. –ISBN: 5986520297.
7 Александрова, А. Ю. Международный туризм. – М.: Издательство Аспект Пресс, 2004. – 291 с. - ISBN: 5756701893.
8 Франция. Главный новостной портал Казахстана. Режим доступа: http://www.tengrinews.kz (қаралған күні 14.03.2017)

Франция - әлемдегі ең танымал туристік ағым орталығы. Ол халықаралық туристік ағындарың 10 % алады және осы көрсеткіш бойынша әлемдік туристік рынокта алдыңғы орында. Францияда туризмнің үлкен экономикалық маңызы бар. Оның үлесі ЖІӨ-нің 6% жетті. Туристік индустрияда 1 млн-нан артық қызметкер жұмыс жасайды. Егер туризм секторына байланысты салаларда құрылған жұмыс орындарын назарға алатын болсақ бұл көрсеткіш екі есе өседі.
Жалпы туризмің дамуы қандай мемлекет болмасын халықаралық жағдайда достық қарым-қатынастар тарихымен және халықтың әлеуметтік жағдайымен сабақтас ұғым. Туризмді дамытуда алдымен мемлекеттің өзі өзіндік саясат ұстанады, саясаттың негізгі мақсаты - осы туризм жолымен мол қаражат табу, елге көп турист тарту. Осы тұрғыда Францияның емдік-сауықтыру туризмі және әйгілі курорттарының даму жағдайын қарастыру, әрі туризм саласындағы мәселелерін зерделеу жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Франция туристік нарығының географиясын, курорттық ресурстарын және ерекшеліктерін зерттеу.
Қойылған зерттеу мақсаты келесі тапсырмалардың шешілуін қарастырады:
Франция аймағының физикалық-географиялық сипаттамасын оқу;
ел аумағы бойынша туристік аймақтардағы демалуға қолайлы климатын;
туристерге қолайлы табиғат жағдайын;
ел аумағындағы негізгі емдік сауықтыру орталықтарын;
емдік сауықтыру туризмнің дамуына әсер етуші факторларды анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті: берілген тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді зерттеу; зерттеу барысында табылған ақпараттарды пайдалана отырып берілген тақырыпты ашу; Францияның емдік сауықтыру туризмінің дамуын және ерекшеліктерін атап көрсету; Барлық қарастырылған ақпаратты тұжырымдай отырып, шешу жолдары мен ұсыныстарын көрсету.
Зерттеу пәні: курорттану және сауықтыру туризмі.
Зерттеу объектісі: Франция мемлекеті, елдің емдік-сауықтыру туризмі және әйгілі курорты Ля Больдың даму жағдайы.
Жұмыстың құрылымы дәстүрлі формада жазылған: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде Франция аймағына физикалық-географиялық сипаттама беріледі. Соның ішінде жер бедері, климаты мен табиғат жағдайлары және ресурстары жайлы айтылады.
Екінші бөлім Францияның негізгі емдік сауықтыру орталықтарына арналады. Бұл бөлімде аймақтағы емдік сауықтыру туризмінің дамуына әсер етуші факторлар және негізгі курорттық аймақтар жайында толық ақпарат беріледі.
Ал үшінші бөлімде таңдалған курорттық аймақ жайлы ақпарат беріліп, соңынан аймақтағы проблемалардың шешу жолдары мен ұсыныстары айтылады.
1 Франция аймағына физикалық-географиялық сипаттама
1.2 Франция аймағының жер бедері
Франция Республикасы (фр. République française) -- Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен - Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жерінің аумағы 674 685 км², бұл әлем бойынша 47 орын. Халық саны 66 млн, тығыздығы 117 адамкм².
Француздар өз елін гексагон (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік-шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік-батыста Испания және Андоррамен шектеседі. Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым - қатынастарының дамуына оң әсер етеді. Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік - аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер - министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді. Елдегі заң шығарушы орган - екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент. Астанасы - Париж.
Францияның бүкіл солтүстік және батыс бөлігі, яғни елдің жартысы ойпандар мен жазықтарда жатыр; орталық және шығыс аудандарында қатты бұзылған орташа таулы массивтер мен көтерілімдер, ал оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында альпілік қатпарлықта пайда болған биік таулар көтеріледі.
Жазықтар бельгиялық шекарадан Пиренейге дейін созылып жатыр. Ең ірісі - Солтүстік Француздық немесе Париж алабы, елдің солтүстігіндегі тектоникалық ойпаңда жатыр.
Гаронна немесе Аквитан жазығы - елдің оңтүстік-батысында Орталық массив пен Пиреней аралығында тектоникалық ойыста жатыр. Жазық беті Гаронна өзенімен кесілген және мұнда Францияның ең құнарлы жерлері орналасқан. Аквитанияның оңтүстігіне Арманьяк пен Ланмезан көтерілімдері сәйкес келеді. Жазықты сипатқа Ланд ие. Бұл аудан су өткізбейтін жыныс үстіндегі құмдармен құралған, сондықтан да ол қатты батпақтанған. Қазір онда қарағай отырғызылған.
Лангедок жазығы - Аквитанның оңтүстік шығысында және Жерорта теңізі жағасына таяу жатыр. Жаға маңы бөлігіне лагуналар, құмдақтар мен өзен-көлдер сәйкес келеді. Ұзақ уақыт бойы бұл жағалау шөлді болған. Осында тұщы су жеткіліксіз болып, малярия болды. Бірақ 1960 жылдары батпақтарды құрғата бастады, жол, канал, су құбырларын және ірі туристік кешендерді сала бастады.
Шығыста үлкен жазықтар жоқ. Орталық массив пен Альпі және Юраны жіңішке Рона-Сона жазығы, ал Вогезы мен Шварцвальды Жоғарғы Рейн жазығы бөледі. Екеуі борпылдақ жыныстардан құралған. Көлемі аз болса да ауыл шаруашылық маңызы зор. Және Эльзаста калий тұздарының ірі қорлары шоғырланған.
Орталықта, солтүстік-батыста және солтүстік-шығыста ежелгі герциндік массивтер орналасқан. Ең ірісі - Орталық Француз массиві, елдің 16 бөлігін алып жатыр. Геологиялық жағынан бұл Франциядағы ең ежелгі облысы болып табылады. Ол негізінен кристалл жыныстарынан тұрады. Оның 1700 м көтерілген оңтүстік-шығыс шеті - Севенна тауы - Рона өзені мен Лангедока жазығына қарай тік түседі. Орталық массивтің белесті беті жанартау әрекетін анықтайды. Мұндағы көптеген ірі сөнген жанартау конустары көлдерге және лавалы далаға айналған. Болған жанартау әрекетін минералдық көздер растайды - Виша, Мон-Дор, Ла-Бурбуль. Сөнген жанартаулар Санси (1886 м) және Канталь (1858 м) - Орталық массивтің ең биік шыңдары. Жанартаулық облыстар өнімді топырақпен ерекшелінеді.
Альпі - Еуропаның биік тауларының бірі, орташа биіктігі - 3,5-4 мың м. Әсіресе, солтүстік жотасы таңқаларлық - Савой Альпілері, күн сәулесіне шағылған ақ қар мен мұздықтарымен ерекшелінеді. Италиямен шекарада Батыс Еуропаның ең биік нүктесі - Монблан (4807 м). Таудың батыс бөлігі шөгінді жыныстардан құралған, негізінен, әктастардан, ал батысы кристаллды жыныстардан. Көп ғасырлық мұздық, қар мен еріген су әрекеті қатты үгілуге әкелді. Биік жоталары мен массивтері терең әрі кең аңғарлармен бөлінген. Альпі алдарында карст кең таралған.
Пиреней - 2500 м биіктікке көтеріледі. Бірақ оларға шығу қиынға соғады, себебі қатты кристаллдық жыныстардан құралған, жоталары аз тілімденген. Бұрын оларды мұз басқан. Сондықтан көптеген цирктер, карлар мен басқа мұздық пішіндері кездеседі.
Альпі мен Пиреней тау жүйелері су қорына бай және оның субальпілік және альпілік шалғындары жайылым ретінде пайдаланады, ал ормандары орман шаруашылығының негізгі шикізаты болып табылады. Мұнда халықаралық туризм мен альпинизм орталықтары орналасқан.
1.2 Елдің климатының қалыптасу ерекшеліктері
Францияның климаты елдің әр регионында әр түрлі. Әр түрлі болуының басты себебі, оған бір уақытта жерортатеңіздік, құрлықтық, альпілік пен атлант ауданы әсер етуі. Олардың әрқайсысы өз флора мен фаунасының бірегейлігімен, табиғи ландшафтардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Францияның климатын сипаттап жатқанда, оның бірнеше ерекшеліктерін атап өтпеуге болмайды. Мемлекеттің көп бөлігінде ауа температурасының сезілуі термометрде көрсетілген көрсеткіштерден едәуір ерекшеленеді. Мысалға, қыс мезгілінде термометр көрсеткіші +4 С көрсетіп тұрса, ал шын мәнінде далада аяз сезіледі. Мұндай аяз сезілуінің себебі жоғары ылғалдылыққа байланысты. Ал жазда жағдай өзгереді: салыстырмалы түрде төмен температураның өзінде де қапырық сезіледі. Әрі қарай Францияда айлар мен жыл мезгілдеріне байланысты климаттың өзгеруі айтылады.
Көктем мезгілінде. Наурыз айында елде ауа райы құбылмалы келеді. Температура ақырындап көтеріле бастайды (+12С қа дейін), дегенмен жаңбыр жиі жауып тұрады. Сәуір айы елде нағыз романтикалық кезеңдердің бірі болып саналады. Жылы күндер көбейе бастайды, бірақ елдің көп бөлігінде жаңбыр жаууын тоқтамайды. Мамыр айы Францияның климатында жағажай маусымының басталуына ең қолайлы кезең. Жерорта теңізі жағалауында орташа температура +27С жетеді. Бұл кезеңде жауын шашын өте сирек жауады.
Көктем мезгілінде. Наурыз айында елде ауа райы құбылмалы келеді. Температура ақырындап көтеріле бастайды (+12С қа дейін), дегенмен жаңбыр жиі жауып тұрады. ал судың температурасы +23С дейін жылынады. Ал солтүстікте салқындау, бірақ жаздың келгені анық сезіледі.
Шілде жылдың ең ыстық және күншуақты мезгілі. Жаңбыр ел территориясында бұл кезде өте сирек жауады. Күндізгі уақытта ауа температурасының жоғары болғанына қарамастан, түнде аздаған салқындық сезіледі. Бұл айда жергілікті жағажайларда толық аншлаг жағдайы байқалатынын айта кеткен жөн.
Тамыз айына қалыпты, жылы ауа райы тән. Жаздың соңы сирек жауын шашын түсімімен сипатталады.
Қыркүйек айындағы климат ауа температурасының орташа айлық көрсеткішінің біртіндеп төмендеуімен ерекшеленеді. Бұл уақытта курорттық маусым аяқталады және ел тұрғындары ақырындап қалыпты өмірге қайта келе бастайды. Салқын жел мен жаңбыр күшейе бастайды. Ауа температурасы шамамен +20С. Қазан айында тоқтаусыз жаңбыр маусымы басталады. Ал қараша айында қыстың келгені барынша білініп, ауа температурасы +7С дейін төмендеп кетеді.
Желтоқасан айында жаңбырлы және ылғалды ауа райы болады. Қыс басталысымен Францияның барлық аумағында қатты жел соғады. Ауа температурасы орташа алғанда +4С құрайды. Бұл уақытта алғашқы қар жауады, бірақ тез еріп кетеді. Қаңтар жылдың ең жаңбырлы айы, сондықтан бұл уақытта Франция климаты ауаның жоғары ылғалдылығымен ерекшеленеді. Көп аймақтарда ауа температурасы 0С көрсетеді, бірақ елдің оңтүстік жағалауында +13С дейін көрсетуі мүмкін. Ақпан айына ең төменгі температура тән. Қыстың соңы жиі соғатын желмен және жерде ерімей ұзақ жататын қар түріндегі жауын шашынмен бірге жүреді. Ауа температурасы -3, -1С көрсетеді.
Францияның түрлі өңірлеріндегі климат. Егер Франция климаты мен оның өзгеруін өңірлер бойынша қарастыратын болсақ, келесі көріністерді айта кеткен жөн. Мемлекеттің солтүстігінде климат жұмсақ және ылғалды. Бұл өңірге температураның күшті ауытқуы тән емес. Атап айтқанда, егер жазда термометр бағаны +26С жоғары көтірмесе, ал қыста температура орташа алғанда +16С көрсетеді. Қысы жұмсақ және жылы жазымен ерекшеленетін таулы және солтүстік шығыс аймақтарды қоспағанда. Солтүстік батыста Атланттың әсері білінеді, сол себепті бұл жерге көп мөлшерде жаңбыр жауып, жиі батыс желі соғады. Мемлекеттің орталық бөлігі ыстық жазымен, салыстырмалы түрде жұмсақ ылғалды қысымен айрықшаланады. Ауа температурасының жоғарғы көрсеткіші +25С, ал минимум 0С. Жауын шашынның жылдық мөлшері шамамен 600-1000мм көрсеткішке ие. Ал батыс таулы аймақтарындағы түсетін жауын шашын мөлшері бұл көрсеткіштен екі есе жоғары.
Францияның оңтүстігіндегі климат жерорта теңізі аймағының әсерінен қалыптасады. Бұл аймаққа төмен жылдық жауын-шашын мен жоғары орташа температура тән. Аяз бұл аймақта өте сирек. Жылына жүзге жуық күн бойы мұнда Мистраль ретінде белгілі салқын, құрғақ жел соғады.
Корсика аралы мемлекеттің ең ыстық аумағы болып саналады. Жаз мезгілінде бұл жердегі термометр бағаны +27С дейін көтеріледі. Дегенмен, бұл жердің қысы өте салқын. Елдің батыс аймақтарына теңіздік климаттан қоңыржай континенттік өтпелі климат түрі тән. Францияның қыраттық аймақтары салқын және ұзақ қысымен сипатталатын таулы климатымен ерекшеленеді. Биіктік артқан сайын жылдық жауын шашын мөлшері де көбейе береді. Қыс мезгілінде Альпі аудандарында ауа темпертаурасы -2С дейін түссе, жаз мезгілінде +17С жылылықты көрсетеді.
Елдің көпшілік бөлігінің климаты қоңыржай теңіздік, шығысында континенттікке өтпелі, Жерорта теңізі жағалауларында жерортатеңіздік субтропиктік (жазы құрғақ, қысы жауынды). Шығысы мен солтүстік-шығысындағы жазықтар мен аласа таулардағы қаңтар мен ақпан айларындағы орташа температура 1 -- 3°С, батысы мен оңтүстік-батысында - 5 -- 7°С, оңтүстігінде 8 -- 10°С-қа тең. Жазықтардағы шілде мен тамыз айларындағы орташа температура солтүстікте 16 -- 18°С, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте 20 -- 24°С. Жылдық жауын-шашынның ең жоғарғы мөлшері (1500 -- 2000 мм) Альпінің батыс беткейлеріне, Вогез, Севенна мен Пиреней тауларының батыс бөлігіне түседі. Бретань мен Котантен түбектерінде, Батыс Аквитанияда бұл көрсеткіш 800 -- 1200 мм-ге, басқа жазықтарда 600 -- 800 мм-ге тең. Жауын-шашынның ең аз мөлш. (500 -- 800 мм) Рона ойпатына тау аңғарлары мен Жерорта теңізі жағалауларының шығыс бөлігіне түседі.
Жазықтарда тұрақты қар жамылғысы қалыптаспағанмен, жыл сайын қар жауады. Таулардағы тұрақты қар жамылғысы 500 -- 1000 м биіктікте байқалады, 2500 -- 3000 м биіктікте ол 7 айдан 11 айға дейін сақталады. Қрі өзендері -- Луара, Рона, Сена, Гаронна. Елдің солтүстік пен батыс аудандарындағы өзендер кең жазықтармен ағады, жаңбыр суымен толығады, жыл бойы суы мол болып, бетіне мұз қатпайды. Өзендерінде кеме қатынасы бар, бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылған. Альпі мен Пиреней тауларынан басталатын өзендер терең жазықтармен ағып өтеді, қар мен мұздықтардың еріген суымен толығады. Франция аумағында Женева көлінің оңтүстік бөлігі орналасқан, елде басқа ірі көлдер жоқ. Ормандар ел аумағының 27%-ын алып жатыр. Ірі орман массивтері Аквитанияның батысында (негізінен қолмен отырғызылған самырсын ормандары), Париж бассейнінің шығысы мен Альпі және Пиреней тауларында.
1.3 Табиғат жағдайы және ресурстары
Франция аумағының үлкендігіне, климатының қолайлы болуына байланысты пайдалы қазбалардан бастап, күн сәулесі энергиясына дейін үлкен көлемдегі табиғат ресурстарына ие, оларды ұтымды пайдалану нәтижесінде ішкі нарықтың сұранысын толығымен қамтуға жеткілікті.
Францияның барлық табиғат ресурстарын 5 топқа бөлуге болады:
су;
жер;
орман;
минералды;
жел мен күн энергиясы
Су ресурстары. Францияның негізгі су ресурсы көзі Сена, Рона, Гаррона, Луара өзендері болып табылады. Олардың ұзындығы 650 километрден бастап (Гаррона) 1020 километрге дейін (Луара). Өзендердің барлығы өз бастауларын елдің орталық ауданынан немесе таудан (Альпі мен Пиреней) алып, Атлант мұхитына құяды. Өзеннің тұщы су өндіру көзі болуымен қатар елдің экономикасында үлкен маңыз атқарды. Олар тек Францияда ғана емес, сонымен қатар басқа да еуропалық елдерге де тауарларды жеткізу үшін мінсіз көлік арналары.
Сонымен қатар, Рона өзенінде сияқты басқа да өзендерде электроэнергияны қауіпсіз жолмен алатын гидроэлектростанциялар салынған.
Жер ресурстары. Қолайлы климаттық жағдай мен жазықтардың көп болуы Францияның жер ресурстарын максималды түрде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Территорияның 3 бөлігін егістік жерлері алып жатыр, ауданының тағы 23% шалғындар мен жайылымдар ретінде пайдаланылады. Француздар фермерлері бидай, күнбағыс, картоп, алма, қызылша, жүгері, жүзім, тіпті цитрус өсіреді. Жайылымдардың қолжетімділігінің арқасында мал шаруашылығы белсенді дамып келеді.
Орман ресурстары. Өткен ғасырдың ортасынан бастап Франция орман ресурсын үлкейтуге шешім қабылдады. Бұл шешім орман алқаптарының 5 есе үлкеюіне мүмкіндік берді. Қазіргі кезде орман алқаптары ел территориясының төрт бөлігін алып жатыр. Бұл жерде емен, талшын, бүк, қарағай, қайың өседі.
Бұл ел бүгінгі күні өз елін ағашпен қамтамасыз етіп қана қоймай, өзге елдерге экспорттайды, бұл Франция экономикасына тиімді әсер етеді. Сондай-ақ ормандардың көп болуы жабайы жануарлардың көптеген түрлерінің популяциясының ұлғаюына ықпал етеді.
Минералды ресурстар. Барлық еуропалық елдерінің ішінде уран кенішінің ең бай кен орындары Францияда. Одан басқа, елде көмір, табиғи газ, мұнай, түсті металл кені, темір кені, калий тұзы өндіріледі.
Бірақ бұлардың көптігіне қарамастан жедел дамып келе жатқан экономикаға елде бар минералды ресурстар аздық етеді. Үкімет негізгі шикізат пен энергияны импорттауға мәжбүр.
Баламалы энергия көздері. Кез келген басқа да ірі дамыған мемлекет сияқты, Франция да өзіне тиесілі барлық табиғи ресурстарды, соның ішінде дәстүрлі емес ресурстарды да барынша пайдалануға тырысады. Соңғысына күн мен жел энергиясын жатқызуға болады.
АҚШ, Жапония, Италия, Бразилия сияқты Франция да күн және жел электростанциясы құрылысымен кеңінен айналысуда. Сонымен қатар, елде жел қондырғылары өнеркәсіп өндірісі құрылған. Елдің географиялық қолайлы орналасуы толысу энергиясын пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіс әлі жобалану сатысында, кеңінен қолданылмайды.
Франция қойнауы минералды шикізатқа бай, әсіресе, темір рудасына, бокситтерге, калий және тас тұздарына, бірақ отын ресурстары шектеулі. Минералды шикізат пен энергия көздерінің орналасуының оң және теріс жақтары бар. Негізгі көмір, темір рудасы, калий және тас тұздары елдің қиыр солтүстік-шығысында, ал боксит, газ бен мұнай қиыр оңтүстігінде орналасқан. Пайдалы қазбалардың осындай орналасуы аудан аралық байланыстарды қиындатады. Бірақ, басқа жағынан Францияда пайдалы қазбалардың жақсы үйлескен аумақтары бар. Мәселен, Лотарингияда темір руда маңында тас көмір мен тұздар орналасқан, ал оңтүстік-шығысындағы боксит маңында Альпі өзендерінің арзан энергия көздері, елдің солтүстік-шығысындағы көмір гидроэнергия мен газбен үйлеседі. Әлсіз шикізат пен энергия базасы орталық пен солтүстік батыста өнеркәсіптердің дамуына әсер етеді.
Ежелгі геологиялық құрылыммен көптеген пайдалы қазбалар байланысты. Магмалық және метоморфтық шығу тегі бар әтүрлі руда кен орындары эпигерциндік платформада таралған. Тас көмір Францияның солтүстігіндегі герцин тауларының тау алды және тау аралық науаларында, яғни Лотарингия мен Орталық массивте шоғырланған. Жалпы тас көмір қоры көп емес: 2-3 млрд. т, осында сапасы төмен, кокстелген және антрациттер аз. Орталық массивте ірі уран руда қоры барланған; мұнда сурьма, алтын және басқа түсті металлдар алынады.
Мезозойдағы Юра әктас пластында, Лотарингия үстіртінің батысында ірі темір рудасы барланған. Қоры - 4 млрд. т. Рудасы бай емес: 30-33 % темір мен көп фосфор, бірақ пласт қуаттылығы күшті, терең емес. Нанси маңында тас тұзы бар.
Елдің солтүстік пен батыс аудандарындағы өзендер кең жазықтармен ағады, жаңбыр суымен толығады, жыл бойы суы мол болып, бетіне мұз қатпайды. Өзендерінде кеме қатынасы бар, бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылған. Альпі мен Пиреней тауларынан басталатын өзендер терең жазықтармен ағып өтеді, қар мен мұздықтардың еріген суымен толығады. Франция аумағында Женева көлінің оңтүстік бөлігі орналасқан, елде басқа ірі көлдер жоқ. Ормандар ел аумағының 27%-ын алып жатыр. Қрі орман массивтері Аквитанияның батысында (негізінен қолмен отырғызылған самырсын ормандары), Париж бассейнінің шығысы мен Альпі және Пиреней тауларында. Аквитанияның шығысында емен ормандары қолмен отырғызылған талшын ормандарымен үйлеседі, субтропиктік бұталар кездеседі. Елдің солтүстігінде шамшат, емен, шегіршін ормандары өседі. Оңтүстігінде еменнің мәңгі жасыл түрлері, самырсынның оңтүстік түрлерінен құралатын сирек ормандар, гарига мен маквис бұталары басым. Биіктігі орташа тауларда ормандар тау басына дейінгі жерлерді алып жатыр. Орманды аудандарды, тауларды жабайы орман мысығы, түлкі, елік, жабайы шошқа, ақтиін, қоян, бұғылар, ақкістер мекендейді. Биік тауларда тауешкі, жайран, альпі суыры, атжалман кездеседі. Құр, шіл, тауқұдірет, сауысқан, торғайлар, көгершін, жылқышы, қырғи, кезқұйрық, т.б. құстар кең тараған. Оңтүстігінденде фламинго кездеседі. Өзендері мен Францияны қоршаған теңіздерде балық көп. 3 мыңнан астам қорғалатын аумақтар (1975), Ұлттық саяжайлар (Экрен, Севенн, Вануаз, т.б.), көптеген резерваттар мен қорықтар бар.
2 Францияның негізгі емдік-сауықтыру орталықтары
2.1 Аймақтағы емдік-сауықтыру туризмінің дамуына әсер етуші факторлар
Франция сыртқы сауда мен капиталдың экспортында, еңбек күшінің импорты жөнінен және шетел туристернің санынан алдыңғы қатарда. Негізгі елдің кіріс көзі - шетелдік туризм болып табылады. Туристерді Францияның тарихи және табиғи көрікті жерлері қызықтырады: ежелгі қорғандар, шіркеулер, курорттар, орталық массивтің емдік сулары, Альпідегі қысқы туризм базалары және Париж мұражайлары. Францияда 1 млн нан аса автомобиль жолдары, 32 мың км-ден аса темір жолдарымен қамтылған. Жағалау сызығы 5,5 мың км құрайды, бұл көрсеткіш бойынша Европадағы ең үлкен жағажай. Бұл жерде 90 тау шаңғы курорты, 50 мың қонақ үй, 4 мыңға жуық мұражай, шамамен 1,5мың сарай, 40 мыңға жуық таррихи ескерткіштер бар. 2014 жылы елге 93,7 млн. шетелдік туристер келген. Қызмет көрсету саласы өте дамыған. Туризм үшін ең қолайлы мезгіл - көктем мен күздің басы. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін Франция әлемде туристер саны жөнінен бірінші орында еді. Бірақ кейін бұл жағдай өзгерді. Елдегі қымбат туризмнен гөрі адамдар жылы және арзан демалуды таңдаған болған. [1]
Халықаралық туризмнен түсетін табыс 1980-2000 жылдар арасында 8,23 млрд-тан 31,5 млрд АҚШ долларына дейін өсті. 1990 жылдары ұлттық туристік өнімді сату нарығы Жапония, АҚШ, Германия, Ұлыбританияға келді. Соңғы жылдарды Франция нарығында Еуропалық елдер: Италия, Испания, Скандинавия елдері, Ресейдің рөлі артып келеді. Келетін туристерді тасымалдауға автомобиль көлігі басым рөл атқарады. Қонақ үйдегі номер қоры 1 млн жоғары, олардың толу деңгейі 50,3%. Францияда халықаралық туризмді дамыту мәселелерімен туризм бойынша мемлекеттік секретариат айналысады. Мемлекеттік және тәуелсіз туристік ұйымдар арасындағы байланыс Мезонде-ля-Франс ұйымы арқылы жүзеге асырылады. Негізгі мақсаты шетел азаматтарына француз туризмін, әлем бойынша француз тілінің прогресін қамтамасыз етуін және дамуын көрсету болып табылды. Ұйым 70 штаттан тұрады, оған 850 астам ұйым кіреді, ұйымның бас офисі Парижде, 38 офисі Халықаралық байланыспен айналысады, олар 29 елде орналасқан. Бұл офисте 200 адам жүмыспен қамтылған. Бұл ұйымның ерекше белгісі халықаралық және жеке туристік ұйымдардың, сонымен қатар транспорттық, қонақ-үй агенттіктерінің, аймақтық туристік және т.б. мемлекеттік комитеттер жұмыстарын біріктіреді.[2]
Франциядағы туризм ел экономикасының ең маңызды аспектісі. 90 жылдардан бастап Франция әлемнің туристік орталықтарының тізімінде үнемі алғашқы орында келетінін тағы қайталап айтып кету артық етпейді. Туристердің тек аздаған бөлігі ғана Франция территориясын кесіп өтеді (мысалы, демалыстағылар, Солтүстік Европадан Испания курорттарына жол тартқандар), ал көп бөлігі демалу үшін Францияда тұрақтайды.
Францияның туристік тартымдылығы кез келген талғамға сай көрікті жерлерінің көп болуы, ландшафттардың сан алуандылығы, тарихи және көркем мұра байлығы, қоңыржай климат және тасымалдау қолжетімділігі, сондай-ақ тиісті туристік қызмет көрсету (қонақ үй шаруашылығы, ойын сауық парктері) мен транспорттық инфрақұрылымымен сипатталады. Осылайша, әрбір франция бөліктері жеке өзінің көптеген көрікті жерлеріне ие туристік аймақ болып табылады.
Негізгі туристік құрылымдарда (қонақ үй, ресторан, кемпинг, саяхаттау бюросы, термальді курорт, тауға көтергіштер) 700 000 қызметкерлер жұмысқа тартылған.
Францияда 5* категориялы қонақ үй болмауына қарамастан қонақ үй индустриясы да жақсы дамыған, тек 1*, 2*, 3*, 4* және 4* luxe категориялары қарастырылады.
2* - аз мөлшердегі номер қоры және минималды қолайлылық. Номер ауданы 12 шаршы метрден басталады. Номерде душ, туалет, теледидар қамтылған. Бұндай қонақ үйлер әдетте тарихи орталықтан 15-20 минуттық жерде орналасқан.
3* - біразы орталықта орналасқан. Номерлер 15 шаршы метрден басталады, ұлттық стилде безендірілген. Бөлмелерде барлық жағдай жасалған, дегенмен біраз номерде теледидарлар бұрынғыдай төбеде орналасқан. Бұл қонақ үйлердің біраз бөлігін Европадағы 4* категориясына теңестіруге болады.
4* - орталықта ыңғайлы орналасқан, бар, мейрамхана, үлкен холл мен салондары бар. Номерлер классикалық декорацияланған, душтан басқа ванна мен фен бар, 20 шаршы метрден басталады. Осы категориядағы көптеген курортты қонақ үйлерде сонымен қатар бассейн мен сауна бар.
4* Luxe & Palaces - Франциядағы ең жоғарғы категория. Осы деңгейдегі әр қонақ уйдің көптеген әлемдік атақтылар келген өзіндік жеке оқиғасы бар. Бұл жерде үздік мейрамханалар, сән салондары мен тамаша деңгейдегі және өте қымбат сервис ұштасады.[3]
Емдік сауықтыру туризмнің негізі ретінде түрлі ауруларды емдеу міндеті жатыр. Сауықтыру туризмінің ерекшеліктері:
- емдеу мақсатымен туристер куортта кемінде 3 апта болуы керек.
- курортта емделу бағасы қымбат, сондықтан ол негізінен ауқатты клиенттерге және мемлекет немесе ұйым атынан төленетін науқастарға арналған.
- курортқа егде жастағы адамдар келеді. Олар нақты ауруларды емдейтін курорт пен жалпы күшті қалпына келтіруге арнлаған аралас типті курорт арасында таңдау жасайды.
Сондай ақ, туристік нарықты дамыту үшін капитал, технология, кадр мен туристік ресурстардың болуы шарт екенін есте сақтаған жөн.
Курорттардың 4 типі ажыратылады:
- бальнеологиялық ( басты емдік фактор ретінде табиғи минералды сулар пайдаланылады);
- балшықтық (емдік балшық орындарына байланысты);
- климаттық (тау,орман, теңіздік және тб);
- өтпелі (бірнеше табиғи емдік фактор пайдаланатын)
Туризмге әсер ертуші сыртқы және ішкі факторлар. Туризмнің өсуі мен дамуына әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді: білім беру деңгейінің, мәдениет пен халықтың эстетикалық қажеттіліктерінің өсуі. Эстетикалық қажеттілік ретінде адамзаттың тарих, мәдениет, түрлі елдердің өмір сүру шарттарымен танысуға деген ұмтылысты айтуға болады. Сондай ақ, сыртқы факторларға саяси мен құқықтық реттеу, технологиялық өзгерістер, сауда мен транспорттық инфрақұрылымның дамуы, сапарлардың қауіпсіздік шарттарның өзгеруін жатқызуға болады.
Ішкі факторларға (эндогенді) - ең алдымен туризмді дамытуда маңызды рөл атқаратын материалды техникалық факторлар жатады. Бастысы орналастыру орындары, транспорт, тамақтандыру ұйымдары, рекреациялық сферамен байланысты. Ішкі факторларға:
1 сұраныс, ұсыныс пен тарату процесі (турөнімге деген сұранысты тұрақты сұранысқа айналдыру);
2 нарықты сегменттеу рөлін арттыру ( регион ішілік жаңа туристік сегменттің пайда болуы. Сапар арақашықтығын арттыру, каникул өткізу формасының алуан түрлілігі, қысқа уақыт аралығында сапарда болуды арттыру, қалыптасқан туристік аумақта туристік дамудың диверсификациясының өсуі;
3 монополизация процесінің өсуі ( интеграцияның күшеюі, яғни ірі гигант фирмалардың орта және шағын бизнеспен серіктестігінің өсуі, туристік бизнестің глобализациясы және тб);
4 әзірленіп жатқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz