Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері



I Кіріспе
Оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері.
II Негізгі бөлім:
1.Танымдық, шығармашылық қабілетті дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау.
2.Оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі.
3.Танымдық, шығармашылық қабілетті дамытудың жолдары мен шарттары.
III Қорытынды
Қазіргі білім берудің басты мақсаты - шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту - мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат - оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет. Шығармашылық дегеніміз - оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін - оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.
Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу. Екінші кезең - қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену - шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жаркент- гуманитарлық-техникалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы :Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың
теориялық негіздері
(қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфиясы)
Мамандығы:0005000 "Бастауыш білім беру"
Біліктілігі: 0105013 "Бастауыш білім бер
Тобы:412 топ
Орындаған:

Жаркент гуманитарлық-техникалық
колледжінің 412 - топ студенті
_____________________ қазақ тілін оқыту
әдістемесі пәнінен: "Білімгерлердің шығрмашылық
қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері" тақырыбы
бойынша жазған курстық жұмысына
Пікір
Білім алушы өзіне берілген тақырыпты кең және ауқымды шығармашылық ізденіспен жүргізген Білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері өзекті мәселе бойынша курстық жұмысқа жоспар құрылып ғылыми түрғыда тақырыпты аша білген. Өз ойын жоспарға сай жүйелі жеткізе білген. Курстық жұмыс тақырыбы заман сай ғылыми тұрғыдан тәжірибеге негізделіп, нақты мысалдармен дәлелденіп жазылған . Білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында инновация технология элементтерін, интерактивтік оқыту әдісін пайдаланудың тиімді жолдары қарастырылған. Шетел педагогтары мен отандық педагогтадың ой тұжырымдары, ой түсініктері негізге алынған.
Жұмыстың баяндау тілі анық, ойы дәлелді жеткізілген.Стильдік жағынан дұрыс, емле,тыныс белгі тұрғысынан сауатты орындалған. Білім алушы өз жобасында іс-тәжірибемен байланыстырып тақырыпты аша білген. Жұмыс рәсемдеуі,жазу мәдениеті эстетикалық талапқа сай.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы: ҚұрабалдиеваК.Б.
Бағасы:__________________

Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында инновация технология элементтерін, интерактивтік оқыту әдісін пайланатудың тиімді жолдары қарастырылады. Шетел педагогтары мен отандық педагогтардың ой тұжырымдары, түсініктері негізге алынады.Оқушылар жылқының жасына, түріне қарай қалай ажыратылатынымен, ат әбзелдерімен танысады және сөздік жұмысы да қоса жүргізіліп кетеді. Әр сөзге мұғалім көмегімен түсініктеме беріледі.
Баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін амал-тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
4-ші сынып оқушыларының танымдық қажетсінуін анықтау
мақсатында төменгідей тест пайдаландым.
Оқушылардың танымдық қажетсінуін анықтау. Тест № 1
5- иә
4 - көбінесе
3- кейде, сирек
2 - білмеймін
1 - жоқ, сәйкес келмейді.
1. Мен білуге тырысамын.
2. Мен өз мүмкіндігіме, қабілетіме сенемін.
3. Жұмысым көп болмаса да, өзімді дамытуға көп уақыт арнаймын.
4. Өз пікірімді, көзқарасымды жеткізуге тырысамын,.
5. Танымдық сұрақтар туындағанда кеңінен отырып пікірлесемін.
6. Сабақта кездесетін кейбір кедергілер менің белсенділігімді реттейді.
7. Проблемалық жағдаяттар танымдық ізденімпаздығымды арттырады.
8. Өзімнің және жолдасымның әрекетін салыстырамын.
9. Ақыл-ой еңбегімен ұзақ уақыт айналыса аламын.
10. Кері байланысты іздеймін, бұл өзімді білу мен бағалауға көмектеседі.
11. Өз білімімді, тәжірибелерді өмірде іске асырамын деп ойлаймын.
12. Өзімнің қызығушылығыма байланысты достар іздеймін.
13. Мен мамандық таңдауға өз білімімнің дәрежесін ескеремін.
14. Мен танымдық ой-өрісімді дамытып отырамын және жақсы нәтижелерге
жетемін.
15. Жауапкершіліктен қорықпаймын.
Оқушылар өздерінің жалпы ұпай санын есептеп шығарады.
Егер сізде 45 ұпайдан жоғары болса, онда сіз қажеттіліктеріңізді белсенді орындайсыз; 36-44 ұпай өзіңізді дамытуға құлшынбайсыз, танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру жолға қойылмаған; 14-35 ұпай - өзіңізді мүлдем дамытпайсыз, оқуға жауапкершілікпен, саналылықпен қараңыз. Өзіңіздің жеке тұлғаңыздың дамуына көп көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Жоғарыда
көрсетілген 15 критерий бойынша әрекет етуге тырысыңыз.
Тест нәтижесінен оқушылардың 20%-і 45 ұпайдан жоғары, 48 %-і 36-44
ұпай жинаса, 32%-і 14-35 ұпай жиналды.
Танымдық қажетсіну ізденімпаздыққа апаратын жол екендігін, оқушы
шығармашылық әрекетке қажетсінбейінше сапалы білім алу мүмкін еместігі
белгілі болғандықтан, оқушылардың өзінің интеллектуалдық, жеке дамуына
кедергі келетін факторларды анықтау мақсатында төмендегідей тест
пайдаландым:
Тест №2
Төмендегі факторларды 5 балдық шкала бойынша бағалаңыздар:
5-иә
4-көбінесе
3-кейде
2-білмеймін
1-жоқ, қосылмайтын.
Ынталандыратын факторлар:
1. Болашақты жоспарлау
2. Алдына мақсаттар қою
3. Өзіңнің жеке дамуына талаптанушылық
4. Өз бетінше білім көтеру
5. Дербестігі мен саналылығының артуы
6. Пікірталастарға қатысу, өзінің пікірін айтуы
7. Мұғалімді үлгі ету
8. Оқу тапсырмасын орындауға әрдайым дайын болу
9. Сыныптастарының өзі жайында пікірлері әсер етеді
Ана тілі пәнінен орындаған шығармашылық жұмыстары оқушылардың ойлау, мәтін құрастыру қабілетінің, өлең шығаруға да төселіп қалғандықтан сөзідік қорының молдығын көрсетті. Өз тәжірибемде шығармашылығын дамытуда мынадай мәселелерге көзім жетті
● Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;
● Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланды;
● Оқуға ынта-ықыласы артты;
● Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;
● Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;
● өз ойын қағазға түсіруді үйренді;
● оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді.
Көрсетілген әдіс-тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне көзім жетті. Осыларды пайлану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бір-бірін тыңдай білуге үйретеді
Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу - бүгінгі күннің мақсаты.
Ана тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемесі мынадай жолармен жүзеге асады.
Мысалы: тапсырмалар оқулықта берілгендей әңгіме, ертегі, өлең, сурет мазмұнына сәйкес құрыла салмай, оқушының ізденушілігін, зерттеушілігін қалыптастыратындай, ойлауға, пайымдауға, үйрететіндей әдістерді қолданған жағдайда олардың танымы мен шығармашылығы дамиды. Олар мынадай тапсырмалар арқылы жүзеге асады: шығарманың кейіпкерін сипаттап бер, олардың іс-әрекетіне сенің көзқарасың қандай, қандай баға бересің, заттар мен обьектілерді салыстыр, ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықта, өлеңді өз сезімдерің мен көңіл күйіңді білдіре шық, неге солай оқығаныңды түсіндір, әңгімені ертегіне өз қалауыңша аяқта, жұмбақты дұрыс шешкеніңді дәлелде, оқиға болған уақытты көз алдыңа елестет және қиялдай отырып суретте, мақал-мәтелдің мазмұнына сәйкес өмірден мысалдар келтір, әңгіме құра деген тапсырмалар беріледі. Осы орындалған тапсырмалар бойынша оқушылардың қабілеттері анықталады. Бұл оқушылардың танымы мен шығармашылығын дамытатын әдістердің ең тиімдісі болып табылады. Сондай-ақ оқыту әдістерінің бірі шығармалар мазмұнына сәйкес диафильм жасау, берілген тақырып бойынша өлең құрастыру, шығарманың белгілі бір үзіндісінің мазмұнына сәйкес ермексазбен мүсіндеу, драмалық көріністер қою, өз жандарынан сценарийлер жазып ойнап шығу, суретке қарап мақал-мәтелдер құрастыру, әңгіме ертегілер жазу сияқты жұмыстар тұрақты жүргізу.
Енді осы жұмыстарды өткізу әдістемесіне тоқталып кетейік.
Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету әдісінің бірі - өлең жазғызуға баулу. Бұл жұмысты жүргізу үшін бірінші сыныптан, яғни баланың сауаты ашылып болған соң жүргізе бастауға болады. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға тапсырма берілуі тиіс. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:
А) у -у - у
Жақсы оқу.
Б) -ға, -ға, -ға,
Бардым ауылға
Ә) Ауылға барамын,
Төлдерді бағамын.
Осы тәртіппен үйретілі бастаған бұл жұмыс кейінен күрделене түседі. Мұғалім өлеңнің бірінші жолын тақтаға жазып қоюы қажет. Мысалы: жаз келді алақай, қалған екінші, үшінші, төртінші жолдары ұйқастарды ескере отырып, балалар айтқан ұсыныстардан ең лайықтысын таңдау арқылы құрылады. Мысалы:
Жаз келді алақай,
Қуанды балақай.
Орманда, тоғайда,
Өсіпті қалақай.
Түрдегі өлең шумағы дүниеге келеді (басқа да варианттары болуы да мүмкін).
Әрине, жұмыс нәтижиелі болуы үшін мұндай әдісті тұрақты түрде және жиі қолданылып отырады. Соның арқасында 3, 4-сыныптарда оқушылар өлең шығаруға төселіп-ақ қалады.
Оқушыларды танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың үйретудің тағы бір жолы - әңгіме, ертегілер жазғызу. Бұл жұмысты төмендегіше бастауға болады. Сынып оқушыларына қағаз таратылып беріледі. Оларға тақтада жазылып тұрған сұрақтардың астына жауап жазатын орын қалдырып, баған түрінде көшіріп алу тапсырылады. Бірінші сұраққа әркім жауапты өзі жазады, сосын жауабын қағаздың жоғары сұрақ жазылған бөлігін бүктеу арқылы көршісі көрмейтіндей етіп жауып, парталас отырған балаға береді. Екінші сұраққа жауапты сол бала жазып, жоғарыдағы ретпен жұмыс жалғаса береді. Ең соңғы сұраққа жауап жазылып біткенде, жұмыс жиналып алынады да, жалпы сынып алдында оқылады. Нәтижиеде қызықты, күлкілі оқиғалар, қысқа мазмұнды әңгімелер туып жатады.
Сұрақтар мына төмендегідей болуы мүмкін:
- Ол кім?не?
- Ол қандай?
- Қайда барды?
- Кімді (нені) кездестіреді?
- Оқиға немен аяқталды?
- Не туралы сөйлесті?
- Әрі қарай не болды?
Сынып жоғарылаған сайын әртүрлі тақырыптарға, олардың ішінде фантастикалықтары да бар, әңгімелер жазуды тапсыруға болады.
Мысалы мынадай тақырыптар:Бұл өте қызықты, Ең қымбат нәрсе, Сұлулық деген не?, Мен қалай құмырсқа болдым, сондай-ақ, өзіңді бір сәт үй мүлкінің бірімін деп есептеп, соның атынан Менің бір күнім және бір түнім деген тақырыпта ертегі жаз т.б.с.с. Мысалы: Менің атым - Қасық. Мен Алматының заводынан шықтым. Біз он екі ағайынды болатынбыз. Біздерді Сәуле апай дүкеннен сатып алды. Ол кісі бізді өте жақсы көретін. Әдемі сөреге жинайтын, жақсы кісілер келгенде сол қонақтардың алдына қоятын. Бірде апайдың баласы менің бір інімнің басын майыстырып сындырып қойды. Бәріміз қатты ренжідік. Ал апай баласымен ұзақ сөйлесті. Ертеңінде ол біздерді қолына алып, жұмсақ шүберекпен сүртті. Біз оны баланың кешірім сұрағаны деп түсіндік. Осы тәріздес жұмыстар балалардың қиялын шарықтатып, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіндігіне көзіміз жетеді. Оқу сабақтарын түрлендіріп, оларға дамытушылық сипат беретін жұмыстардың бірі - диафильм жасату. Диафильм - суретті шығарма. Онда сурет тірек ретінде пайдаланылады. Диафильм жасауға лайықты деп табылған тақырып мазмұны бөліктерге бөлінеді. Сосын бір бет қағаз алып, оны төртке бүктеу тапсырылады. Ол бөліктерге шығарманың бөліктерінің мазмұнына сәйкес суреттер салады. Әр бөлікке ат қойып, оны титрлар түрінде жазу тапсырылады. Сынып жоғарылаған сайын оқушылар алдына қойылатын мақсаттар да күрделене береді.
Мысалы:
- тақырыпты қызықты эпизодтарға бөл, белгіле;
- диафильм кадрларының ретін көз алдыңа елестет;
- оларды альбом бетіне сал;
- әр кадрға қысқа (мәтін-титр) құрастыр;
- кадрлардағы сюжеттер бойынша әңгімелеп бер.
Диафильм құрастыру баланың зейінін, байқампаздығын тәрбиелеп, ойын тілін, шығармашылығын дамытады. Негізгіні анықтап, логиканы қатаң сақтай білуге, өз ойын жүйелеп беруге үйретеді. Бастауыш мектеп оқушыларының арасынада үлкен бір қызығушылық туғызатын шығармашылық жұмыстың түрі - мүсіндеу. Оқып отырған шығармадағы өзіне ұнаған, өзіне әсер еткен кейіпкерлердің мүсінін жатқызу арқылы оқушылардың шығармашылық әрекеттің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ ету, интуиция, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады. Бұл жұмысты топтарда ұйымдастыру қолайлы. Шығарма ең алдымен оқылады, бөліктерге бөлінеді. Сосын бір үзіндіні компазиция түрінде ермексаздан бейнелеу тапсырылады. Жұмыс аяқталған соң, әр топ өз компазициясы арқылы не айтқылары келгендерін түсіндіріп береді.
Келесі бір ерекше тоқталуды қажет ететін жұмыс түрі - драмалау. Бұл жұмыс бастауыш сынып мұғалімдері арасында көп қолданыла бермейді. Драмалау қоршаған ортадан, оқиғадан өз көрген-білгендерін, көңіл-күйлерін, алған әсерлерін білдіруге асық тұратын кіші жастағы оқушыларға өте жақын деп ойлаймыз. Бұл туралы Л.С. Выготский ..драма басқа шығармашылық жұмыстарға қарағанда балаға жақындау, өйткені ол ойынмен тікелей байланысты, оның тұла бойында шығармашылықтың әртүрлі элементтері бар, - деген Шығарманың кейіпкерін сахналау үшін оны түсіну, оның образына ене білу қажет. Ол баладан үлкен саналылықты талап етеді.
Сахналау - тек кейіпкердің сөзін жаттап айтып беру емес, кейіпкердің бейнесін, айтар ойын жеткізе алу. Өзіңді сол адамдай сезіну болып табылады. Бұл жұмыс арқылы бала өмірлік тәжірибе жинақтайды, өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Драмалауға дайындау үшін сабақта аздаған уақыт бөлінеді. Ол кезде оқушылар сыныптағы заттардан қажетті реквизиттер әзірлейді, рөлдерін бөледі, дайындық жасайды. Көріністің өзі 10-15 минуттай уақыт алады. Соңынан ұйымдастырылған пікір-таласта кімнің қалай ойнағандары, қандай кемшілік жібергендері талқыланады. Басқаша жақсы ойнай алатын актерлер де шығып жатады. Демек, шығармашылық жұмыс жалғасын тауып жатады деген сөз.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар және мақал-мәтелдермен жұмысты жаңаша миниатюра. Оларда салыстыру арқылы пайда болатын образдар беріледі. Сондықтан оларды шешу кезінде баланың логикалық ойы дамиды. Жұмбақтармен жұмыс оның шешуін тауып қоюмен шектелмей, салыстырылып отырылған обьектілердің заттар мен құбылыстардың ұқсас белгілерін, айырмашылықтарын ажыратуға ұласуы, одан әрі қарай шешімнің дұрыстығын дәлелдеумен аяқталуы қажет. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін дамытуға, шығармашылығын арттыруға ықпал ететін жұмыстың бірі - шығарма жазғызу. Өкінішке орай, мектептердегі шығармаға, оны жазғызуға деген көзқарас пен әңгіме көңілге қона бермейді. Біріншіден, шығарма тек үйрету шығармалары ретінде 3, 4-сыныптарда ғана жазыла бастайды. Жазу жұмысы схема бойынша жүргізіледі. Мысалы: шығарма мәтінін не шығарма жазғызуға арналған суреттің мазмұнын мұғалімнің оқып немесе айтып беруі. Жоспар құрып, тақтаға жазып қою. Көп жағдайда мұғалім өзі жазып, алдын-ала дайындалып әкелген жоспар ұсынылады. Пайдалануға берілетін тірек сөздерді тақтаға жазып қояды. Содан кейін жоспар, тірек сөздерді пайдалана отырып бір-екі оқушы, мұғалімнің өзі әңгімелеп береді. Тек осындай дайындық жұмыстарынан соң ғана, шығарма жазу басталады. Нәтижиесінде шығармашылықтан туған дүние емес, бір-бірінен аумаған егіз қозыдай жаттығулар өмірге келіп жүр. Мұндай шығармада оқушылар өздері білетін, күнделікті пайдаланып жүрген сөздерден құрастырылған қысқа сөйлемдерді жаза салады. Ойын, сезімдерін, көзқарастарын білдіре жазу, біріншіден, талап етілмесе, екіншіден, жаман баға алудан жүрексінеді.
Жоспар
I Кіріспе
Оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері.
II Негізгі бөлім:
1.Танымдық, шығармашылық қабілетті дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау.
2.Оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі.
3.Танымдық, шығармашылық қабілетті дамытудың жолдары мен шарттары.
III Қорытынды
Шығармашылық қабілетті дамытудағы мұғалімнің іс- әрекеті.
Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана
шәкірт жанына нұр ұялата алады.
Ахмет Байтұрсынұлы
Қазіргі білім берудің басты мақсаты - шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту - мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат - оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет. Шығармашылық дегеніміз - оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін - оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.
Бірінші кезең - жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу. Екінші кезең - қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену - шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.
1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).
2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).
3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.
Үшінші кезең - тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі . Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.
Сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетідей жадайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді. Сабақ барысында мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Әдіскер-ғалым Қ.Тасболатов "Проблемалық ситуация тудыру - оқушыларға сұрақ қойып, оны шешу ғана емес, мұндағы сұрақ оқушыға бейтаныс, өздігінен ізденіп, өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс" дейді. Бұл орайда оқушыларға танымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық – адамның іс-әрекетінің жоғары формасы
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңыздылығы
Оқушылардың жеке пәндерін оқыту үдерісінде танымдық міндеттерін қалыптастыру
Бастауыш сынып математикасында проблемалық технологияны қолдану
Пәндер