Өлеңді оқытудың тиімді жолдары


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жаркент гуманитарлық - техникалық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Өлеңді оқытудың тиімді жолдары»

(қазақ тілі мен оқыту әдістемесі, каллеграфия пәнінен курстық жұмыс)

Мамандығы: 0005000

«Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105013

«Бастауыш білім беру мұғалімі»

Тобы: 412 топ

Орындаған:

Жетекшісі: Құрабалдиева К. Б

Мазмұны

Кіріспе

Ана тілі - ізгілік, адамгершілік пәні . . . 2

І тарау

1. 1 Поэзиялық шығармаларды оқыту әдіс - тәсілдері . . . 3

1. 2 Өлеңнің тәрбиелік мәні . . . 7

ІІ тарау

2. 1 Өлең табиғатын, идеялық мәнін ашу жолдары . . . 9

2. 2 Өлеңді мәнерлеп оқуға баулу . . . 11

2. 3 Поэзия әлеміндегі шығармашылық жұмыстары . . . 12

Қоытынды . . . 14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 15

Жаркент гуманитарлық - техникалық

колледжінің 412 - топ студенті

қазақ тілін

оқыту әдістемесі пәнінен «Өлеңді

оқытудың тиімді жолдары» тақырыбы

бойынша жазған курстық жұмысына

Пікір

Білім алушы өзіне берілген ізденіс зерттеу, шығармашылық жұмыстарын жүргізе білген. Бастауыш сыныптарда көркем шығарманы оқыту жолдарын іс-тәжірибесімен байланыстырып нақты дәлелдермен көрсеткен. Әр шығармаға талдау жүргізіп көркем шығарманы оқыта отырып оқушылардың бойына патриоттық сезімдерін арттыра білді.

Оқу сабақтарында білім мен тәрбие алу үшін қажетті әр түрлі оқу дағдыларын қалыптастыру жолдарын, оқушылармен жүргізілетін түрлі жаттығулар, тілдің заңдылықтарын, ережелерін оқу дағдысын қалыптастыруды меңгеру жолдарын қарастырған.

Оқу дағдысын қалыптастыру, оқытылатын пәндерді тәрбиелік мәнін ашуға қажетті міндетті айқын көрсете білді.

Оқу дағдысын қалыптастыру оқушы жіберетін қателерді анықтап, талдап, топтау жұмыстарын жүргізген.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы: Құрабалдиева К. Б

Бағасы:

Адамгершілік - рухани тәрбиенің маныздылығы.

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы -

еңбек пен ата-ана үлгісі

Ыбырай Алтынсарин

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Ең бастапқы формалары педагогтың студенттермен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, жас ұрпаққа арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.

Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.

Студенттерге ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Мәселен, практикалық сабақта ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.

Студенттерді адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері баулу негізінен қазақ тілі пәні арқылы мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, оқушылар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. / Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Қазақ тілі сабақтарында ертегі арқылы рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, оқушының рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен. /1/

Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Студенттін жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.

«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа…» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.

Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени - ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Қазақ тілі сабақтарында - оқушының адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.

Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.

Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. /2/

Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім пән ретінде жүргізіліп келеді. /5/

«Өзін-өзі тану» пәні - баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді. /3/

Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үйлесіне тимек.

Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті - халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының ерекше. /4/

Мысалы: «Отбасы» аялдамасында тақырыбында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің отбасым» газетінде өзі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл газеттер арқылы ЖТМ пен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі. деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Алға қойған мақсат, студенттің бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», - депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық. /6/

1. 1

Әдебиетті оқыту - ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой - түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай - ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.

Әдебиет - сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.

Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», - делінген.

қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын аудармасыз қазақ тілінде оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жету, Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту.

Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту - айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім.

Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын - жазушылар туралы, олардың поэзиялық шығармалары жайында айтуымыз керек.

Оқушы әдебиет сабағында поэзиялық шығарманы қабылдау керек. Бұл - оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол - оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.

Қандай жақсы поэзиялық шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.

Оқушыдағы осы сезімді ояту - мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс - тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім - болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс - тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының поэзиялық шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.

Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта - ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.

Поэзиялық шығарманы оқытудың басты мақсаттарының бірі - оқушыларды поэзияны сүюге баулу болып табылады. Мұндай жұмыс оқушыларды өз беттерімен өлеңдерді талдауға да дағдыландырады. Поэзиялық шығарманы оқыту міндеттері: оқушының:

- поэзиялық шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;

- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем - дағдылар қалыптастыру;

- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой - пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра.

Әдебиет - ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан поэзиялық шығармадан алынған үзінділерді оқытуда:

а) Өлеңді әуенімен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға, ерекше көңіл бөлу;

ә) Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аудару;

б) Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті үйлесімді, тиімді пайдалану.

в) Тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу, жағымды ахуал жасау.

г) Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдістерді пайдалану.

Поэзия - әлем құбылыстарының жиынтығы. Поэзияны әр оқырман өзінің жанының сүзгісінен өткізуі керек. Ақынның өз өлеңіндегі әуезі, үні, барлық поэзияға құмартушылардың әуезіне, үніне айналмақ. Ақын мен өлеңді мәнерлеп орындаушының үндесігі лирикаға жан бітіреді. Бала қиялының еркіндігі, оның ортаға қатысы, әлем кереметтерін түсінуге құлшынуы өлең құдіретін пайымдау арқылы жүзеге асады. Өлеңді жатқа оқу, оның маңызы мен мұратын ұғу - тек отбасы тәрбиесі мен ұстаздың үздіксіз ізденістің нәтижесінде болатын үрдіс.

Поэзия - өнердің түрі, оның бойында сурет пен үн тоғысы болады. Егер бала өлеңді оқып отырып суретті көре алмаса, поэзия сұлулығына тұшына алмайды; ал егер өлеңдегі музыканы сезбесе, баланың жаны тебіренбейді. Поэзия да өнердің басқа түрлері сияқты адамды рухани жағынан толықтырады, терең толғанысқа түсіреді, сезімін күшейтеді. Өмірге қызығушылығын арттырып, рухани байытатын және оқушыны жас кезінен жеке тұлға болып қалыптасуына, шығармадағы кейіпкер тағдырына қайғырып, қуанып, ортақтасуға әсері болады.

Поэзияны оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым - қатынасында. Әсіресе, оқушылардың көбі поэзиядан гөрі қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойының бәрі айқындалып тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды поэзиялық шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі прозалық шығармаларға қызықтыру, тарту жеңілдірек тиеді.

Поэзиялық шығармаларды өту әдістемесін сөз ете отырып, енді оқушылардың, жасөспірімдердің оларға деген жағымды көзқарасы, қызығушылығын қалай туғызу керек, оның тиімді әдістері қайсы, осы мәселеге тоқталайық. Жоғарыда айтылғандай, поэзияда ақын сезімі өмір сүреді, оқушы оны өз сезімімен қабылдайды. Екі сезім түйіскенде ғана, яғни ақын сезімі мен оқушы сезімі түйіскенде, бір-бірін тапқанда ғана ол туралы сөз қозғау тиімді болмақ. Оқушыларды лириканы сүюге, түсінуге, оны өз еріктерімен оқуға, өмірлік сырлас досы етуге талаптандыру оны оқытудың басты мақсаты болып табылады. Оқушылардың оған деген жағымды көзқарасын қалыптастыру жүйелі жұмысты талап етеді.

Поэзиялық шығарманы оқытудағы қажеттіліктер:

1. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы;

2. Оқушылардың шумақпен, сонан соң түгелімен мәнерлеп оқуы;

3. Сөздікпен жұмыс, орысша аудармасына көңіл аударту;

4. Әдебиет теориясымен жұмыс істеу;

5. Сызба арқылы өлеңнің мазмұнын ашу;

6. Өлең мазмұнын жазбаша жаздыру;

7. Өлең мазмұнын ауызша айтқызу.

1. 2 Мағжан Жұмабаетың «Мен жастарға сенемін »өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау.

Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар. Олай болса, өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен ер мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. «Мен жастарға сенемін» деп асқақтай сөйлейді.

Бірақ біз жастар осы ақын ойын ақтап жүрміз ба?- деген сұрақ көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады. Тәрбиелілікті көрсетеді. Әрине, ондай тәрбиені біз басты ата-анадан, ортамыздан және осы өлеңнен аламыз.

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенмін!-деп жастарды намыстылыққа, қыздарымызды атақ-абыройларына дақ түсірмеуге шақырады. Жастарды ақиқаттың ауылынан алшақтатпай, ар намысын бірінші орынға қоюға үндейді. Намыс-адам тұлғасының күзетшісі. Мағжан да әділетсіздікке қарсы шығып, ар-намысын алға қойып өмірден озбады ма . . . Сондықтан осындай Мағжан салып кеткен өлең жолына жастарды бағыттау үшін тәрбие керек. Сонда ғана сенім ақталып, білім парасатына сай, жастарымызға елдің ары мен намысын таптатпауға, болашақтың тізгінің жастарга сеніп

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін- деп Мағжанның өлеңін өмірлік ұран қылып, бойымызға сіңірер едік. .

2. 1 Өлең табиғатын, идеялық мәнін ашу жолдары

Жастар туралы Мағжан мен Міржақып өлеңіндерінің ерекшелігі

Сәбит Мұқановтың « . . . Мағжанның ақындығын қозғауға екінші себеп Міржақып болуы керек» деген негізсіз емес. Себебі Мағжан мен Міржақыптың да ойы бір жерден шығады. Мәселен, Мағжан өз өлеңнін де жастарға үміт артып, жастардың болмысын сипаттаса, Міржақып «Жастарға» өлеңнін де жастарды оянуға, халыққа қамқоршы басшы болуға шақырады. Міржақыптың

Найзаменен түртсе де,

Жатырсың, қазақ, оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, Алла-ай!-деп жастарды сол кезде оянуға үгіттеп, білімділікке шақырып, сенімсіз кейіп танытса, Мағжанның ойы жастардың бейнесін

Жас қырандар-балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Поэзиялық шығармаларды оқыту
Көркем шығарма бойынша оқушылармен пікір алмасу
Лирикалық шығармалардың түрлері және оның оқытудың мақсаттары
Шет тілдеріне оқытудың инновациялық әдістері жайлы
Оқушыларға лирикалық шығарма оқыту
Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім иірімдері
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Бастауыш мектептегі ана тілі
Лирикалық шығарманы талдау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz