Серектас тауының Қалмаққырылған аталуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Баянауыл өңіріндегі қазақ.жоңғар соғысы ... ..4
2. Серектас тауының “қалмаққырылған” аталуы ... ... ... ... ...8
3. Баянауыл өңіріндегі қазақ.жоңғар соғысына қатысқан қазақ батырлары ...
3.1. Олжабай батыр ... ... ... ... ... ... .14
3.2. Жасыбай батыр ... ... ... ... ... ... .15
3.3. Шоқпар батыр ... ... ... ... ... ... 15
3.4. Бөгенбай батыр ... ... ... ... ... .16
3.5. Тұрсынбай Ертісбайұлы ... ... ...16
3.6. Байғозы Наймантайұлы ... ... ... 17
3.7. Қабанбай батыр ... ... ... ... ... ... ...18
3.8. Наурызбай батыр ... ... ... ...18
3.9. Жәнібек батыр ... ... ... ... ...19
3.10. Гауһар батыр ... ... ... ... ..19
3.11. Баян батыр ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3.12. Жарылғап батыр ... ... ... ... ...20
3.13. Малайсары батыр ... ... ... ... ... 21
3.14. Жидебай батыр ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... 25
Қазақстанның әр түкпірінде кездесетін жер атаулары. Жоңғар-қазақ соғыстарында қазақтардың ойрат тайпаларының әскерлеріне қарсы соққы беріп, жау қолы жеңілген жерлер солай аталған.
Қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Қалмаққырылған өзені, Павлодар облысы Май ауданындағы, Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Қалмаққырылған аталатын ауылдар қазақ жерінің тәуелсіздігі үшін күрестің куәсі болған тарихи мекендер.
ХҮІІІ ғасырдың 20 жылдарына қарай жоңғарлар қазақ жерінің орасан көп бөлігін басып алды. Жоңғарлар мен қазақтар иеліктерінің арасындағы шамамен алғандағы шекара Ұлытау, Балхаш көлі мен Шу, Талас өзендері арасындағы өңір болды. Үмбетей жырау өз толғауларында жоңғарлардың Баянауыл, Қызылтау, Абралы,Шыңғыс таулары мен Қара Ертіс бойындағы мамырықты және Алатауды қалай жаулап алғаны суреттеген
1. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи XVII-XVIII вв. А., 1991.
2. Златкин И. Я. История Джунгарского ханства. М, 1983;
3. Галиев В.З. Хан Джангир и Орбулакская битва. А., 1998.
4. Кузембайулы А., Абилев Е. История Казахстана (С древнейших времен до 20-х годов XX века). Алматы, 1996
5. А.Нухұлы «Баянаула перзенттері» кітабы
6. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, “Олжабай батыр”, “Абылай хан”. Тарихи жырлар, 1-т., А., 1993.
7. Қазақстан тарихы. 5-томдық. 3-том., 1-бөлім. 1,2,3,6,7,8-тараулар.
8. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 5-бөлім
9. Қазақстан тарихы. Очерк. 184-194-бб.
10. Историческая наука Советского Казахстана (1917—1960 гг.). Очерки становления и развития. А., 1990;
11. Козыбаев И. М. Историография Казахстана: уроки истории. А., 1990;
12. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1991; Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа.Ташкент,1925;
13. Т.А.Еңсебаев. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер,1-бөлім, 2001, 98-104-бб;
14. http://malimetter.kz/
15. http://67.astana-bilim.kz/
16. https://kk.wikipedia.org/wiki/
17. Қазақ тарихи жырларының мәселелері Қазақ энциклопедиясы 7- том,
А., 1979;

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Серектас тауының Қалмаққырылған аталуы

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары. Секция: Тарих

Жетекшісі: ------------------------тарих пәнінің мұғалімі

---- қаласы ----- оқу жылы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Баянауыл өңіріндегі қазақ-жоңғар соғысы ... ... ... ... ... ... ...4
2. Серектас тауының "қалмаққырылған" аталуы ... ... ... ... ...8
3. Баянауыл өңіріндегі қазақ-жоңғар соғысына қатысқан
қазақ батырлары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
3.1. Олжабай батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
3.2. Жасыбай батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
3.3. Шоқпар батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3.4. Бөгенбай батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
3.5. Тұрсынбай Ертісбайұлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
3.6. Байғозы Наймантайұлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.7. Қабанбай батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.8. Наурызбай батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.9. Жәнібек батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.10. Гауһар батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.11. Баян батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3.12. Жарылғап батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.13. Малайсары батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..21
3.14. Жидебай батыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..25

Аннотация

Зерттеудің мақсаты: Жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі Серектас тауының Қалмаққырылған аталуын анықтау және елімізді, жерімізді қорғаудағы осы өңірдегі батырлар туралы мәліметтерді тереңірек зерттеп, өзіндік ғылыми дәлел жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Серектас тауының Қалмаққырылған аталуын анықтау.
2. В.А. Моисеевтің, И. Я. Златкиннің еңбектерін оқу ,шайқас жайлы мағлұмат алу,талқылау.
3. Зерттеудің түпкі мақсатына жету үшін Баянауыл өлкесіне жолға шығу.
4. Ақшиман ауылындағы қариялармен сұхбаттасу.
5.Серектас тауында болған шайқасқа қатысқан батырларды анықтау.
6. Басқа 2 өңірде болған Қалмаққырылған соғысын,Баянауыл өңіріндегі Серектас тауында өткен қалмақ-қазақ шайқасымен салыстыру.
7. Алынған мәліметтерді қалпына келтіру.
8.Серектас тауында болған қазақ-қалмақ шайқасына қатысқан батырларды жинақтау арқылы кітап түрінде кескіндеу.
Гипотеза:
Егер ғалымдардың деректеріндегі Баянауыл өңіріндегі Қалмаққырылған шайқасын жан-жақты зерттесек , сол заманның әрбір ауылында алдыға тартар батыры немесе азаматы болғандығы шындыққа жанасатындығы дәлелденеді.

Зерттеудің кезеңдері мен ғылыми әдістемесі:
1. Кітапханалардан мәліметтер іздеу.
2. Мұражайға барып мәліметтер жинап салыстырмалы талдау жасау.
3. Баянауыл өңіріндегі Қалмаққырылған шайқасы туралы хабары мол тұрғындарымен кездесіп, мәліметтер жинау.
4. Шайқас болған жерге аяқ басу.

Зерттеудің жаңашылдығы мен нәтижесі:
1. Серектас тауының Қалмаққырылған аталу себебін анықтадық.
2. Баянауыл өңіріндегі Серектас, Қызылтау өңірін аралап қариялардан мәлімет жинадық .
3. Олжабай, Жасыбай батырлармен бірге соғысқан өзге батырлардың болғанын анықтадық.
4. В.А. Моисеевтің, И. Я. Златкиннің еңбектерін оқып мәліметтер алдық.
5. Серектас тауында болған қазақ-қалмақ шайқасына қатысқан батырларды жинақтау арқылы кітап түрінде кескіндедік.

1
КІРІСПЕ

Қалмаққырылған - Қазақстанның әр түкпірінде кездесетін жер атаулары. Жоңғар-қазақ соғыстарында қазақтардың ойрат тайпаларының әскерлеріне қарсы соққы беріп, жау қолы жеңілген жерлер солай аталған.
Қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Қалмаққырылған өзені, Павлодар облысы Май ауданындағы, Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Қалмаққырылған аталатын ауылдар қазақ жерінің тәуелсіздігі үшін күрестің куәсі болған тарихи мекендер.
ХҮІІІ ғасырдың 20 жылдарына қарай жоңғарлар қазақ жерінің орасан көп бөлігін басып алды. Жоңғарлар мен қазақтар иеліктерінің арасындағы шамамен алғандағы шекара Ұлытау, Балхаш көлі мен Шу, Талас өзендері арасындағы өңір болды. Үмбетей жырау өз толғауларында жоңғарлардың Баянауыл, Қызылтау, Абралы,Шыңғыс таулары мен Қара Ертіс бойындағы мамырықты және Алатауды қалай жаулап алғаны суреттеген. (карта)

Қазақстан аумағына жоңғар шапқыншылығы 1725 жылға дейін жалғасады. 1725 жылдан кейін үш жүздің қазақ батырлары өз күштерін біріктіріп, бірнеше рет: 1725 жылы - Алакөлдің жанында, 1726 жылы - Бұланты көлінің, 1728 жылы - Шұбар теңіздің, 1729 жылы - Аңырақай жанындағы шайқастарға қатысады, нәтижесінде осы ұрыстарға жоңғарлар жеңіліске ұшырайды.

2
Патшайым Анна Иоанновна 1731 жылғы 19 ақпандағы Кіші жүздің қазақтарын Ресей империясының қарамағына қабылдау туралы грамотасымен оларға басқа мемлекеттердің басып кіруінен қорғауға кепілдік береді, ол Ресейдің басқа бодандарынан реніш пен соққы көрмейтіндеріне уәде береді. Бірақ Ресей бодандары - Еділ бойы қалмақтары 1731 жылдан кейін де Кіші жүздің көшпенді қазақтарына деген шапқыншылықтарын тоқтатпайды.
Қазақ сұлтандары мен қалмақ тайшалары арасындағы өзара қарым-қатынастары барлық кезде бейбіт достықта бола қоймаған: олар бір-біріне жортуыл жасап, малдарын алып қашатын, адамдарын тұтқынға алатын. Патша үкіметі өзінің қалауынша біресе қазақтардың, біресе қалмақтардың жағына шығып отырады да, сол арқылы бірінің қарсыласына соққы беруін көздейтін. Айталық 1763 жылдың күзінде Ресей империясының үкіметі Қалмақ ханы Дондық - Дашыға қазақтарға қарсы шығып, оларға жортуылдар үшін сазайын тарқызуға рұқсат етеді. 1771 жылғы 24 қаңтарда Мемлекеттік кеңесте Екатерина ІІ-нің қатысуымен қалмақтардың бір бөлігінің Жоңғарияға кетуі туралы хабарламалары жарияланып, оларды Еділге қарай қайтаруға бар күш салу жөнінде шешім қабылданады. Осы шешімге байланысты қазақтарға оларды қуып баруға ұсыныс жасалды.
Патшалық Ресей 1740 жылы Орынборда ресейлік бодандыққа ресми түрде қабылданған Орта жүздің қазақтарына жоңғарлардың 1741 жылғы кезекті шапқыншылығында көмектескен жоқ. Қазақтарды өзінің бодандары етіп сынаған қуатты империя жоңғарлардың Ертіс әскер шебі бойындағы жортуылын көріп қол ұшын бермеді,өз бекіністерінен басқыншыларға қарсы бір де бір оқ атқан жоқ. Сөйтіп қазақтардың Ресей империясының бодандығына кіруі оларға әскери көмек әкелмеді. Өз жерлерінен жоңғарларды қуып шығу қазақтардың өз ісі болып қала береді. Жоңғарлардың шапқыншылығына байланысты 1740-1741 жылдардағы оқиғалар қазақтарға Ресей үкіметінің тарапынан көмек күту қиынға түсетінін көрсетті.Цин әскерлерінің Қазақстанмен шекаралас аудандарға басып кіруі осыны тағы да дәлелдеді.(Сулейменов Р.Б.,Моисеев В.А., 1988,138-бет).

3
1. Баянауыл өңіріндегі қазақ - жоңғар соғысы

1732 жылдың жазында Сарыарқа даласына Уса-Сереннің басшылығымен Қара Ертіс аңғарынан Зайсан арқылы жоңғар әскерлері басып кіре бастады.Жоңғарлардың 7 мың адамға дейін жететін ірі әскер топтары Орта жүздің Баянауыл,Қарқаралы, Ерейментау аймақтарындағы ауылдарға шабуыл жасады. Арғындар Бөгенбай батырдың қолбасшылығымен және наймандар Қабанбай батырдың басшылығымен шапқыншыларға тойтарыс беру үшін өз әскери күштерін жинауға кірісті. Екібастұз ауданында бұрынғы Қарасу кеңшарының аумағында Бөгенбай тауы бар. Аңызда айтылғандай , ол Бөгенбай батырдың құрметіне осылай аталған болатын, батыр бұл жерді өз әскерін жинау үшін таңдапты.Осы ауданда Ертіс-Қарағанды каналы бойында (бұрынғы Ә.Х.Марғұлан атындағы кеңшар)Қабанбай шоқысы бар.Ұрысқа дайындалған Қабанбай батыр осы шоқының жан-жағында өз әскерін орналастырмақ болған.
Шешуші шайқас 1733 жылы Өлеңті өзені мен Ереймен тауы арасында болған. Ғасырлар бойғы дәстүр бойынша бұл ұрыс екі ең үздік батырлардың ат үстінде жекпе-жек айқасынан басталған. Бұл батырлардың алдын-ала дайындығы,күш сынасуы болған. Жекпе-жек күрестің жазылмаған заңдары бойынша қарсыластарға бір үлгідегі қарумен: сүңгіге қарсы найзамен,қылышқа қарсы семсермен шығуға болатын. Жауынгерлер қолдарына найза ұстап қарама-қарсы атпен шабатын,олардың мақсаты қарсыласын ерден құлату болды. Жекпе-жек батырлардың біреуі қаза болғанға шейін созыла беретін. Жеңген жеңілгеннің атына,қаруына,сауыт-сайманына және әскери белдігіне ие болатын.
Осылайша Уәли сұлтанның ұлы, Абылай сұлтанның немересі 20 жасар Әбілмансұрдың (Сабалақтың) жұлдызы жанады, осы жекпе-жектен кейін халық оған Абылай сұлтан деп ат қояды. Шапқыншыларды жеңіп, қазақтар Қазақстаннан жоңғарларды қуып шығады. Баянауылға жеңіспен қайтқан жауынгерлерге Қанжығалы руының атақты билері Абыз мен Шомақ Сабындыкөлінің жағасында салтанатты той жасаған, оған өз үйірлерінен 90 семіз бие бөлген. Сонымен, ойраттардың 1732 жылы Орта жүзге қарсы шыққан жорығы сәтсіз аяқталады. Орыс елшісі Л.Угримов 1731-1733 жылдары Жоңғарияға барғаннан кейін ойрат әскерлері үлкен шығынға батып, түгелдерлік сонда қалып қоя жаздады,- деп мәлімдеген болатын.
Қазақтың үш жүзі ішінде Орта жүздің халқы көп және мықты еді. Ұлы жүздің жерлерін басып алғаннан кейін Жоңғария бірнеше жыл бойы Орта жүздің аумағына басып кіруге дайындалады. Ойраттар Қазақстанға баса көктеп шабуыл жасауды 1739 жылдың көктемінде бастауды жоспарлайды. Бірақ 1738-1739 жылдардың қатты суық қысы бұл жоспарларын жүзеге астыртпайды.

4

1740 жылы 11 желтоқсанда 20 мыңдай жоңғар әскері Септен ноянның басшылығымен Нор-Зайсан көлінен жорыққа шығып, орыстардың Ямыш әскери бекінісіне 80 шақырым жерде тоқтайды. Әскер Ертістің оң жағында қыстамақшы болады, өйткені ол жақтан қазақ көштерінің өмірлік маңызы бар орталықтарын шабуды көздеген. Септеннің әскери топтарында қонтайжы Галдан-Цереннің ұлы-14 жасар Лама - Доржи болатын.
1741 жылдың қаңтар айында ойрат елшілігінің Лама-Даши басшылығымен Сібірдің губернаторы П.Бутурлинмен келіссөздері өтеді. Елшілер патша шенеуіктерінен қазақ руларының саны туралы сұрап алады, олардың көшпелі жерлерін анықтайды, қазақтарды орыс бекіністерінен өткізбеуді өтінеді. П.Бутурлин келіссөздер барысында жоңғар елшілеріне қазақтарды бекіністерден өткізбеуімен қатар, ол барлық бекіністерге Қазақ ордасының дұшпандық ниетті адамдары келгенде, мұқият болып, барлық жерлерде қарауылдар қоюға өзі бекіткен жарлықтар жіберген туралы мәлімдеді. (Моисеев В.А., 1991,117-бет). Сонымен Сібір өкіметі Орта жүзге қарсы басқыншылық іс-әрекеттер жасауға Галдан-Церенге жағдай тудырады.
1740 жылдың аяғында 2000 адамнан тұратын әскери топ Әбілмәмбет ханның басшылығымен жоңғарларға қарсы шығып, 1741 жылдың басында Ертіс өзенінің сол жағасында шайқасын бастады. Бірақ бұл шайқас Галдан Цереннің жоспарларына ықпал еткен жоқ, Септен басқарған әскер Абылай сұлтанның Есіл бойындағы және Әбілмәмбет ханның Елек өзенінің жоғары ағысындағы көштерінің тас талқаның шығарады. Барақ сұлтан мен Жәнібек батырдың көштеріне де шабуыл жасалады. Жоңғарлар Кіші жүздің Ырғыз бойындағы мекендерін де шапты. 1741 жылдың қысында Есілде Септен әскерлері мен Орта жүз қазақтары арасында бір-бірінің күштері тең келмейтін соғыс болады,ол Абылайдың тұтқынға алынуымен аяқталады.1741 жылғы көктемнің аяғында жоңғарлар көп малмен және 3000 тұтқынмен отанына қайтып оралады.
1741 жылғы бірінші маусымда Ямыш бекінісінің комендантына ойрат Ургудзжун Галзат келіп,мынадай хабар әкеледі. Ол,Септен ноен,барлық әскерімен Зенгор жеріне ойдағыдай қайтып келді...өзімен бірге Септен қазақ ордасынан тұтқындар мен торғоуттарды(қазақтарда тұтқында тұрғандар.-Т.Е.) ала келген,еркектер мен әйелдер саны 3000 адам шамалы,ер адамдары- бірыңғай жастар,ересектерін зәбірлеп өлтіруде.(Моисеев В.А.,1991,119-бет).
Абылайдың тұтқындалғанына жауап ретінде қазақтың Орта жүзінің жасақтары Олжабай батырдың бастауымен сол 1741 жылы Жоңғар хандығының аумағына екпінді шабуыл жасап, ойраттың бас қолбасшысы Септеннің ұлысының быт-шытын шығарады. Бұл жолы Олжабай тұтқынға алғандарды ерекше ерлік көрсеткен сарбаздарға бұрынғыдай бөліп берген жоқ, Абылай сұлтанға айырбастап алам деп,оларды бірге ұстап,күзетке алады.

5
А.Моисеевтің Джунгарское ханство и казахи в ХҮІІ-ХҮІІІ веках еңбегіндегі ІҮ бөлімінде Вторжение джунгарсих феодалов в Казахстан и среднюю Азию в 1936-45гг. и политика России бөлімінде қазақ - жоңғар соғыстары туралы айтылады. Орыс тарихшысы Попов 1740 жылдардағы Жоңғар хандығының басшысы Қалдан Сереннің 80 000-дейін оқпен атылатын қарумен қаруланған әскері бар екендігін жаза келіп , Қытаймен, Жоңғармен шарт жасағандығы айтылады. Жоңғарлар тіпті Орта жүзді өзіне бағындыруға тырысқан. 1741 жылы жазда Орта жүз бен Кіші жүздің хандары Жоңғар хандығымен қарым - қатынасты жақсарту үшін кеңеске жиналады. Көпшілігі бейбіт келісім жасауды ұсынып, Жоңғар хандығына 3 елші жібереді. Жоңғарлар оған қарсы мынадай талаптар қояды. Аманат ретінде 10 адамды малымен, үйімен жіберуін, оның ішінде Барақ сұлтанды, Жәнібек батырды т.б. Екіншіден, Башқұрттардың көтеріліс басшысы Қарасақалды ұстап беруін талап етеді Осы талаптарды орындамаса соғысқа дайын болуын талап етеді Қалдан Серен Орта жүз ханы Әбілмәмбетке хат жібереді. Ол хатта былай жазылған: Кеуендерге жол ашық болсын. Егер осы талапты орындамасаңдар Орта жүз бен Кіші жүзге өз әскерлерімді жіберемін.
1739-1740 ж. қысында 30000 қолды басқарған Септен мен Сары Манжа оңтүстiк (Сырдариядан) және солтүстiк (Ертiстен) бағыттардан шабуылдап, Орта жүз жерiне басып кiредi.
Жоңғарлар 1743 жылы Уса-Серен бастаған қалың қолды қазақ жеріне аттандырады. Олар Қара Ертіс арқылы Зайсанға келіп, одан Аягөз, Қарқаралы, Баянауыл тауларын бойлап, Ерейментауға жетеді. Орта жүз қолы Мұзбел тауына жиналады. Екі жақ Өлеңті өзені мен Кәрітау аралығындағы жалпақ аңғарда кездеседі.
Жоңғарлар Ертіс өзені жағындағы Баянауыл далаларын басып аламыз деп әрекет жасайды. Қазақтар жауға тойтарыс беру үшін шұғыл қосын ұйымдастырады. Арғындардың әскерін Олжабай батыр Төлебайұлы басқарса, жеке әскери топтардың басында Олжабайдың жиені Бәсентиін Жасыбай батыр, Едіге, Жәуке , Алпыс, Жаңабек, Көшет,Дулат,Жалаңтөс батырлар тұрады.(Приймак Д.,1982,39-бет).Орта жүз жасақтары бұрынырақ жиналады. Қыпшақтан ұйымдасқан қолды- әйгілі ер Қошқарбай; Қоңыраттарды - Көктінұлы Барақ; Көбек батырлар; Найман қолын Қаракерей Қабанбай;Екі шекті, Тоқал арғындар жасақтарын Шақшақұлы Жәнібек; Бес Мейрамнан жиналғандарды Шерубай, Айдабол, Толыбай, Қаракесек, Сенкібай, Жарылғап батырлар; Атығай мен Қарауылдың жасағын Жәпек, Бәсетиіндерді Сырым Малайсары; Қаңжығалыларды Бөгенбай батырдың өзі, оған нөкері Жантай, Сейітқұл, Атан; Тобықтыларды Балғаз бен Базарлы батырлар бастап келеді.
Соғысқа бірінші болып Жасыбай батырдың сарбаздары түседі.Оның әскери тобы тау шатқалында тұрып, қарсыластарды өздеріне тым жақындатып алып, қолдарына найза мен қылыш ұстап, тосқауылдан шыға келген. Жау қаша жөнеліп, Сабынды көлдің жанында ғана есін жиған. Күні бойы қан төгіс шайқас болған.Қорғанып жатқан қазақтар шығынға ұшыраған.
6
Осылайша,шайқас Баянауылдан Ақшиман жеріне(Баянауылдан 95 км жерде) ауысады. Бұл жерде Олжабайдың әскері жоңғарды қоршауға алып, оларды қыра бастайды. Сол кезден бері бұл жер Қалмаққырылған деп аталады, яғни қалмақтар қырылған жер деп түсіну керек. Олжабай батырдың бесінші буын ұрпағы академик Ә.Х.Марғұлан (1904-1985) өзінің атақты бабасы туралы былай деп жазады: Олжабай батырдың есімімен қазақтың тарихи аңыздарында тағы бір атаулы оқиғаны байланыстырады, ол Шідерті өзенінің жоғары ағымындағы Шүршітқырған қонысында(қазір бұл жер-Қарағанды облысы Молодежный ауданының аумағы) болған. XVIII ғасырдың ортасында бұл жерге қытай басқыншылары басып кіргендіктен, Олжабай батыр бар Орта жүзге ұран тастап, үлкен әскер жинайды, күтпеген қонақтармен қантөгіс айқасқа түсіп, оларды жеңіліске ұшыратады. Қазақтар маньчжурлерді шүршіттер деп атаған.Шүршітқырған шоқысы Шідерті өзенінің бастауында орналасқан. 1756 жылы Қытай әскерінің алғы әскери топтарының бірі циндерге қарсы көтеріліске шыққан жоңғар басшысы Әмірсананы тұтқына алу мақсатымен Сарыарқаға жіберілген болатын. Осы отрядты талқандау және қытайлардың қаза болған жері Шүршітқырған деген ат алды.

7
2. Серектас тауының "қалмаққырылған" аталуы

Сонау қиын замандарда уақытша жоңғар шапқыншыларына қалдырған Баянауыл жеріне бірінші көшті бастап Олжабай батыр (1709-1783) қоныс аударады. (Батыр Олжабайдың қыстауы Жасыбай көлінің жағасында орналасқан, қазіргі кезде Баянауыл туристік базасы орналасқан жер).
1903 жылдағы қырғыздардың жер пайдалануы жөніндегі материалдарда да солай көрсетілген: приход рода Басентиін приходится на начало ХVIII века; "По видимому, Басентиинские роды пришли в Павлодарский уезд из Туркестана раньше Суюндуковских родов"; "Внук младшего сына Айдабола - Олжабай батыр, служивший Абылайхану, в 1730 году появился в Баянаульских горах. Олжабай здесь достал калмыков, которые после долголетней борьбы были отброшены киргизами на юг.Аңырақай жеңісінен кейін Шорманның атасы Сәти мен Шоқпар батыр қаржас руын бастап осы өңірге жеткен екен де, елін Баян - ауылдың оңтүстігіндегі Желтау, Қызылтау - ларға, сол уақытта Олжабай батыр Айдабол руын Ащы өзенінің бойына қоныстандырған екен. Содан кейін күш біріктіріп қалмақтарды әуелі Баянауыл сілеміне қарай қуып, жеңістен кейін Қалмаққырылған деп ат қойылған Серектас тауына апарып тыққан екен.
1730 жылы Баянаула тауларында жоңғар басқыншыларына қарсы үлкен ұлт азаттық көтеріліс басталған уақытта, қазақтың ұлы қолбасшысы Бөгенбай мен Олжабай батырлар бастаған қол, Баянауыл тауларында бекініс құрады. Олар осы жерде Қалдан - Сереннің алдыңғы қолына үлкен тойтарыс бере бастайды . Кейін 1732 жылы Малайсары батыр, Олжабай батыр, Бөгенбай батыр (Қанжығалы) қазіргі Ақшиман (Сиректас) ауылының территориясындағы тауларда шешуші айқасқа шығады.
М.Ж.Көпейұлы жинап қалдырған аңыз мәлiметтерi "Қалмаққырылған" соғысы тарихын толықтыра түседi. Қызылтаудың бауырында (Қызылтау - Баянауыл тауының оңтүстiк шығысындағы 55 км. қашық жердегi биіктігі 1055 м. тау- Ә.Қ.) Олжабай қалмақты қойдай қамап қырған жерi "қалмаққырған" атанып кеткен. Жасыбай батыр мен Олжабай батыр,мұнда Баянауылды жаудан қорғамақ болып, екi батыр екi асу бойын күзетуге уағдаласады. Қазақтардың қолбасшысы Олжабай батыр Жасыбай батырға жауынгерлерімен келе жатқан қалмақ қолының алдынан шығып, олардың жолын бөгеп, бері жібермеуді тапсырады. Мыңға толмайтын жасақты бастаған Жасыбай батыр жаумен асқан ерлікпен соғысады. Шайқаста ойсырай жеңіліп, қырғынға ұшыраған жаудың тірі қалғандары қазақтарды енді күшпен жеңе алмасын түсініп, жымысқы айлаға көшеді. Бұл өмірдегі қазақтардың бас батыры мерт етсе, қазақтар жеңілмесе де сағы сынады. Аңдаусызда сауытының желке тұсындағы ашық жерінен қалмақтың оғы тиіп, содан қаза болады. Ол былай болған: Жасыбай сауытын шешіп, демалуға отыра бергенде қалмақтың Құба мергені жартаста тығылып тұрып, садағымен Жасыбай батырды атып мерт қылған.

8
Олжабай батыр жырында:
Келген жол мен шұбырып,
Есепсіз жолда қырылып,
Баян тауын жанапты,
Қайқайып садақ тартқанда,
Қалмақтың тиіп сұм оғы,
Жасыбай қалды жығылып - деген жолдар бұл мәліметтерді растайды.Аңғал батыр Жасыбай құлап түсіп,басын көтеріп серіктестеріне өсиет айтады: Ердің құнын Олжабай жоқтасын, басыма Малайсары белгі орнатсын, артымда қалған жетімдерге Бөгенбай көз салсын. Сөйтеді де, ерен батыр көз жұмады...
Осы кезде, Аңырақай шайқасынан кейін Баянауылға жеңіспен қайтқан жауынгерлерге Қанжығалы руының атақты билері Абыз мен Шомақ Сабындыкөлінің жағасында салтанатты той жасаған, оған өз үйірлерінен 90 семіз бие бөлген. Осы шайқаста Олжабай, Бөгенбай, Малайсары батырлар жауды ойсырата жеңген болатын. Оларға Жасыбай батыр дүние салды деп Қаз дауысты Қазыбек бидің баласы Бекболат кісі жібереді. Мұны естiген Олжабай қырғын болған таудың шатқалына әскерiмен жетiп, Шойынды көлiнiң басында қалмақтарды талқандайды. Зеңбіректермен және мылтықпен жете қаруланған жоңғардың қалын қолы қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады. Бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғыста жоңғарлар ондаған мың қолынан айырылып, ойсырай жеңілді. Жеңілген қалмақтардың ұлардай шулап, жалбарынған дауыстарынан тау іші күңіренеді. Сонда Олжабай батыр: Сендердің бәріңді қосқанда, өлген Жасыбай батырдың шынтағына тұрмайсыңдар деп, жауынгерлеріне жауды аяған жаралы екенін ескертеді. Қалмақтардың бұл жолы қырылғаны сонша, өліктері жолдың ұзына бойына шашылып қалады (Н.Я.Коншин). Орны толмас қазаны естіп, қабақтарына қар жауып өкінген батырларға Бұқар жырау төгілген жырмен көңіл айтады. Қалың қол қайыса аза тұтып, Жасыбай батырдың денесін әскери құрметпен Шойынкөлдің жағасына жерлейді. Бөгенбай, Олжабай, Малайсары батырлар басына белгісі ретінде үш жас қайың ағашын отырғызады. Сол қайыңдар бүгінгі күнге дейін өсіп тұр. Бір қызығы,сол қайыңдардың бірі, дәл
9
моланың үстінде жас кейпінде өсіп тұрғаны.Үш батыр Шойынды көлді ескерткіш ретінде Жасыбай көлі аталсын деп ұйғарады, міне, күні бүгінге осы атау сол күйінде, Жасыбай көлі болып аталып келеді.

Жасыбайдың қазасы өтісімен, қалмақтарды қуып жетіп қырып салған, содан Серектас деген жер атауы күні бүгінге дейін Қалмаққырылған аталып кетіпті. Мақсатымызға жету үшін Баянауыл өңіріне сапарға шықтық. Серектас тауы Баянауылдан 95 шақырым жерде, Таудың батысына қарай Май ауданының Ақшиман ауылы орналасқан.
Бұл атауға қатысты әңгіме, аңыздар шертетін қариялар әлі баршылық. Жергілікті халқымыздың қилы тағдыры жайлы кезінде жазылып қалған тарихы болмаса да осы атаулар мен қариялардың әңгімелеріне қарап, көптеген жәйттерге қарауымызға болады. Біздің жолымыз болды деп ойлаймыз. Ақтан Айман атамен және Нұрлыбаев Жарқынбай Нұрлыбайұлы аталармен кездестік. Ақсақалдарымыздың шежірелері мен әңгімелеріне сүйеніп, біз Май,Баянауыл аудандарында жоңғарлармен соғыста ерлік көрсеткен қырыққа жуық халық батырлары болғанын анықтаған сияқтымыз.Осы өңірдегі
10
Серектас тауының Қалмаққырылған аталуы,ерлік көрсеткен батырлар жайлы тереңірек зерделеу мақсатында,қарияларды әңгімеге тарттық:
-Жарқынбай ата, осы өңірде қазақ-жоңғар шайқастары болғаны белгілі.
Мына Серектас тауының қалмаққырылған аталуы туралы әңгімелеп
беріңізші:
- Алғашқыда бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Май өңірінде туризмді дамытуға арналған жобалар
Ғасыр шайқасы - аңырақай
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Жалаңтөс пен Жәңгір
Әбілқайыр хан(Мұқамбет Ғази Бахадүр хан)
Серіктас тауындағы қазақ- жоңғар соғысына қатысқан батырлар
Арқас - тарихи тау
Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан
Ұлытау аймағындағы туризм
Кіші жүз ханы Әбілқайыр
Пәндер