Серіктас тауындағы қазақ- жоңғар соғысына қатысқан батырлар


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Құрастырған: 10 «Б» сынып оқушылары

Бауыржанқызы Аружан, Қазел Айым

Екібастұз қаласы мамандандырылған «Зерде»

дарынды балалар мектебі

2016ж

1. Баянауыл өңіріндегі қазақ-жоңғар соғысына қатысқан қазақ

батырлары

  1. Олжабай батыр . . . 2
  2. Жасыбай батыр . . . 7
  3. Бөгенбай батыр . . . 9
  4. Шоқпар Жауғаштыұлы . . . 12
  5. Байғозы Наймантайұлы . . . 14
  6. Жалаңтөс(Сейітқұл) батыр . . . 18
  7. Тұрсынбай батыр . . . 22
  8. Қабанбай батыр . . . 24
  9. Наурызбай Құттымбетұлы(Жалаң) батыр . . . 27
  10. Жәнібек батыр . . . 29
  11. Баян батыр . . . 30
  12. Гауһар батыр қыз . . . 33
  13. Жарылғап батыр . . . 34
  14. Әлтекей Жидебай батыр . . . 35
  15. Малайсары батыр . . . 38
  16. Керней батыр . . .
  17. Аманбай батыр . . .
  18. Жәуке батыр . . .
  19. Көшет батыр . . .
  20. Дулат батыр . . .
  21. Жаңабек батыр . . .
  22. Сәти батыр . . .
  23. Жарасбай батыр . . .
  24. Оразымбет батыр . . .
  25. Қайыпберді батыр . . .
  26. Көлебе батыр . . .
  27. Жебеке батыр . . .
  28. Шақ батыр . . .
  29. Ақсары батыр . . .
  30. Қожым батыр . . .
  31. Лепес батыр . . .
  32. Мойнақ батыр . . .
  33. Қожаберген батыр . . .
  34. Сағындық(Сексен) батыр . . .
  35. Жайнақ(Қаратоқсан) батыр . . .
  36. Айбас(Абыз) батыр . . .
  37. Әбде(Мұрат) батыр . . .
  38. Шаңышқалы Бердіқожа батыр . . .
  39. Шақ батыр . . .

Кіріспе

Қазақ тарихының әрбір кезеңі, яғни ел басынан өткен, халық тағдырында терең із қалдырған тарихи, саяси оқиғалар енді нақты тарихи тұлғалардың-қазақ батырларының бейнесі арқылы, солар өмір кешкен, азаттық жолында арпаласып өткен заман, уақыт кеңістігі арқылы көркем шежіреленеді. Осындай бір белесті де аласапыран кезеңде Кереку-Баян өңірінде туып-өсіп, ерлік көрсеткен, жалпы қазақтың біздің өлкемізге ат басын тіреп, жауды тазартуға ат салысқан үзеңгілес ерлердің ерліктері ерен. Бізге деректер жинақтау барысында қолымызға түскен батырлар саны 40 шақты. Олар:

Олжабай, Жасыбай, Бөгенбай, Едіге, Жәуке, Малайсары,

Байғозы, Шоқпар, Көшет, Дулат, Жалаңтөс(Сейітқұл), Жаңабек, Сәти, Жарасбай, Оразымбет, Тұрсынбай, Қайыпберді, Көлебе, Жебеке, Аманбай, Шақ, Ақсары, Қожым, Лепес, Мойнақ, Қожаберген, Сағындық

(Сексен), Жайнақ(Қаратоқсан), Айбас(Абыз), Әбде(Мұрат), Жәнібек, Баян, Қабанбай, Керней, Жарылғап, Жидебай, Бердіқожа, Шақ, Гауһар, Наурызбай батырлар. Осы батырлардың ішінде тек есімдері ғана белгілі,

өмірбаяны туралы деректер табылмаған батырлар болса, олардың саны

24-ке жетерлік: Көшет, Дулат, Жаңабек, Сәти, Жарасбай, Оразымбет,

Қайыпберді, Көлебе, Жебеке, Шақ, Ақсары, Қожым, Лепес, Мойнақ,

Қожаберген, Сағындық(Сексен), Жайнақ(Қаратоқсан), Айбас(Абыз),

Әбде(Мұрат), Жидебай, Бердіқожа, Шақ, Керней, Аманбай, Жәуке батыр-

лар.

Бұған дейін әр батыр бойынша өлкемізге қатысты жинақталып шығып жүрген Ж. Мардановтың «Қазақ халқының қаһармандары» жинағы және Е. Қ. Жүсіповтың «Мәшһүр - Жүсіп - тарихшы» оқу құралында бірнеше батырлар есімдері қамтылған. Алайда, осы аталған батырлар жөнінде немесе әр батырға қатысты өмірбаяндары, көрсеткен ерліктері жөнінде әлі де болсын материалдардың басын жинақтап, толықтыру өте қажет.

1

1. 1. Олжабай батыр

Олжабай Толыбайұлы (Төлебайұлы) (1709-1785, Ақмола облысы Ерейментаудағы Сілеті өзен бойы) -батыр. Орта жүздің Сүйіндік руынан. Әкесі Толыбай Тәуке ханның билерінің бірі, шешесі Есенбике Төле бидің туысқаны Қаратайдың қызы. Толыбай 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы кезінде оққа ұшып, Олжабай нағашы атасы Қаратай батырдың тәрбиесінде болған.

«Қазақ халқының қаһармандары» жинағында берiлген шежiреде Олжабайдың арғы ата-тегi былай таратылады: Сүйiндiк-Суғыншы-Мамық- Құлболды Айдабол - Малғозы - Толыбай - Олжабай. Ал Мәшһүр-Жүсiп шежiресiнде сәл өзгешелiк бар: Сүйiндiк - Суғыншы - Айдабол - Малғозы - Толыбай - Олжабай .

Олжабайдың ерлігі жайлы қазақ аңыздары мен деректі әңгімелер орыс ғалымдары Ф. А. Шербиннің, Н. Я. Коншиннің, Н. С. Смирнова мен Д. Примактың еңбектерінде баяндалған. Аңыз бойынша ол ең алғаш рет Қаратай батырдың туын ұстап, ұрысқа кірген. Олжабай батыр атты халық жырында оны қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресіне белсене қатысушы, халық қамқоршысы ретінде бейнелейді. Батыр туралы сақталынған деректер әр алуан: Жер аттары (Олжабай асуы, “Олжабай сөресi”, “Шүршiтқырған” . . . ), ресми архив құжаттары, ғалымдар жазбалары (Н. Я. Коншин, Ф. А. Щербина), мұражайлық экспонаттар (Омбы музейiнде сақталулы Жаяу Мұса тапсырған Олжабайдың қылышы, белдiгi, дулығасы, шарайнасы), зерттеушiлердiң еңбектерi (Ә. Х. Марғұлан, Б. Адамбаев, М. Хақанов), қолжазба күйiнде жеткен халық ауыз әдебиетi нұсқалары. Щербина Ф. А. мәлiметi бойынша, Олжабайдың жеңiсiнiң айғағы ретiнде шайқас болған жерде өз бейнесiн тастан қашатқызып, ескерткiш қоятын әдетi болған.

Әйткенмен, қаһарман хақында нақтылы деректер жұтаң тартады. Олжабай батыр ұрпақтарының мәлiмдеуiне қарағанда, О. Толыбайұлының естелiк “Қара кiтабы”, Қалдан Сереннiң қаһарманға сыйға тартқан З жарлығы жай тасы, сары ала туы - Әлкей Марғұланның шешесi Нүриламен бiрге жерленiп кеткен.

Патшалы Ресей тұсында қазақ елiн, жерiн зерттеген орыс ғалымдары Олжабай сынды тарихи тұлғаларды жеке алып қарастыруға мүдделi болмаған, тек жер атауына “Жасыбай асуы” т. т) байланысты тарихи аңыз-әңгімелердi жинастырумен шектелген. С. И. Гуляев А. С. Поповтан естiген соғысы хикаясын алғаш рет баспа бетiнде жариялайды. Ал Н. Я. Коншин бұл аңыз мағлұматын ғана келтiрiп қана қоймай, Олжабайдың батырлық тұрпаты туралы халық арасында сақталынған сипаттама дерегiн де қоса бередi. Ф. А. Щербина өз еңбегiнде мекен қылған жайлау, қыстау орындары туралы құнды мәлiмет қалдырған.

2

Мәшһүр-Жүсiп О. Толыбайұлы тарихына ерекше көңiл бөлiп, қаһарман өмiрiне қатысты аңыз-әңгiме, жыр нұсқаларын қағазға түсiрiп, жинастырып отырған. Жанұялық архивтегi Әлкей Марғұлан жазбасында: “Сүйiндiк Олжабай батыр” ертегiсiн Сақау ақынның айтуынан 1865 жылы жазып алған Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы”, - деген мәлiмет бар. Бұған сүйенiп Олжабай туралы деректердi жинастыру ақынның 7 жасар бала кезiнен басталғанын танимыз.

1907 ж. Қазаннан басылып шыққан “Сарыарқаның кiмдiкi екендiгi” кiтабында Мәшһүр-Жүсiп қалмақтармен соғысып жүрiп қазақ батырлары азат еткен Сарыарқа даласын патшалы Ресейдiң шенеунiктерiне сүйенген орыс шаруаларының тартып алып жатқанын ашық сынайды, өз сөзiнiң дәлелi ретiнде Баянауылды қалмақтардан азат қылған Олжабайдың есiмi Ерейментаудағы мұжықтардың поселкесiне қойылғанын жазады: “Бұл қазақ иесiз жатқан жерге текке келiп ие болған жоқ. Ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен, жаннан кешiп, кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнiбек замандарында қалмақпен жаудай алысып, жаттай салысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздары жау жолында оққа ұшып, өлгенi өлiп, қалғаны қалып, сөйтiп алған жерi еді . . . Бұл Сарыарқа бiздiң қазаққа атасының құны болып, олжа болып тиген едi. Бiреу бiреуге: “Соңымнан қалмастай атаңың құны бар ма едi”, - дейдi ғой. Сондай атамның құны болғаны үшiн, жер-судан айырылып, қаңғып қоныссыз жүргенiме iшiм күйiп, өлсем ойымнан кетер емес. Дүние деген шiркiн көшпелi дегенi осы екен; қазақтың тұлпар мiнiп, ту ұстаған, кейiнгi үрiмi-бұтағына олжа салған батыр ең, ақырында мұжықтың поселкесiнiң аты болды. Ереймен тауындағы Олжабай қаласы атанған қала сол Олжабайдың өлген жерi”. Өз зерттеулерiңде аңыз, шежiре деректерiмен шектелуге мәжбүр болған Мәшһүр Жүсiп шайқас барысында Жасыбай мен Олжабай батырлардың тұрақ қылған мекен атауларын ғана көрсетiп кеткен. Жаяу Мұса дәптерiндегi дерекке сүйенген Ә. Марғұлан тұжырымдауы бойынша, Олжабай 1709 ж. Түркiстанда туып, 1783 ж. Ереймен тауының сыртындағы жазық пен Сiлетi өзенiнiң басында дүниеден өткен. Қаһарманның тарихта бiрнеше есiмi болған: Жаяу Мұса жазбасындағы бала кезiндегi аты - “Алажағы” (“Алажақы”) ; халқының қойған есiмi - “Олжабай”; ту ұстаушы батыр болғандықтан, жасақ арасында таралған лақап аты “Ала ту”; жаудың атқан оғы тимейтiндiгiнен Абылай ханның берген есiмi - “Қу жарғақ”. Олжабай батырдың көшiп-қонған жерлерi туралы мәлiметтер жер-су аттарында, Ф. А. Щербина жазбасында, аңыз-әңгiмелерде шоғырланған. Балалық шағын Түркiстан, Ташкент қалаларында өткiзген Олжабай Ақтабан шұбырынды жылдары басталғанда 12 жасында үйсiндегi нағашысы Қаратай батырдың үйiне барып, сонда ер жетедi. Ал, Орта жүз

3

қазақтары 1723-1725 ж. Бұхара жұртында, шығыс Бұхарадағы Жиделi (тау) -Байсын (қала) жерлерiн мекендейдi . Ф. А. Щербина дерегiнде: “Олжабай қалмақтарды ығыстырып, олардан босаған жерлердi Айдаболдың жетi ұлынан тараған ұрпақтарына бөлiп бердi. Өзi Малқозы тұқымымен әуелi Ақкелiн, Семiзбұғы, Қарағайлы бұлақ (Ақшоқы), Шалқар, Аққұдық, Арқалық, Қызылағаш, Қурайлы бойын алды. Кейiн қытайлардан қауiп туғанда, ол өзiнiң қыстауын Баянауылға ауыстырып, Жасыбай көлiнiң жағасынңа қоныстанады . . . Содан былай ескi қыстауы, негiзiнде, күзеу болып қалады да, тек кейбiр жылдары ғана Ақкелiн тауын қыстайтын болады”.

Олжабайдың Баянауылды мекен қылғанын жер-су аттары да айғақтайды: “Жасыбай көлi”, “Шойынды көл”, “Қарақуық”, “Ескi жұрт” т. с. с. Өмiрiнiң соңында Ереймен тауында ауырып, көз жұмады. Әзiретi күмбезге апарамыз деп сөрелеп қойған жерi - “Олжабай сөресi”, “Олжабай қаласы” - атанып қалады. Мәшһүр-Жүсiп жазбасында Олжабай денесiнiң Көкшетаудағы бiр жайлауға жерленгенi, ол жердiң “Олжабай тамы” аталғаны жайлы мағлұматтар келтiрiледi. Сондай-ақ Олжабай батырдың ұрпағы Шiдертi бойында мекен қылып жатқандығы сөз болады. Ә. Х. Марғұлан мақаласында ел басқарушы болыстардың ХІХ ғ. соңында Олжабай ұрпағының Жасыбай көлi жағасында қоныстанғанын көпсiнiп, оларды Шiдертiге көшiрткенiн жазады.

М. Ж. Көпейұлы аңызына сүйенген Ә. Х. Марғұлан зерттеуiнде ескiше Баянауыл, жаңаша Қарағанды облысы, Молодежный ауданына қарасты “Шүршiтқырған” жерiнде Олжабай батыр Әмiрсананы iздеп келген бiр топ қытай әскерiн алдап бiр жерге жатқызып, тез арада он сан қол жинап, соғыс ашып, қытай әскерiн тегiсiмен қырады. Ал, қытай қолбасшысы Хадаха баяндауында: “Баян тауының батыс жағында, Бэйцзы Дарчжаның айтуынша, оның алдында мыңнан астам қазақ қолы пайда болыпты. Бiзден алты жүз адам қорықпай шабуылға шықты, жауды талқан қылды. Жүз адамды өлтiрдiк, көлiк пен аттарын тартып алдық. Бес адамды тұтқынға алып, азаптадық. Бәрiнiң айтуынша, бiздiң кездескенiмiз Абылайдың қолы екен”, - дейдi .

Бiздiңше, жазба мәлiметтердiң қандай жағдайда қағазға түсiрiлгенiн ескере отырып, 1756 ж. Олжабайдың жасағы Қытай армиясынан бөлiнiп шыққан бiр топ шүршiт әскерiн “шүршiтқырған” жерiнде қоршап алып талқандағанын тарихи шындық деп қабылдаймыз.

Олжабайдың батырлығын танықан тағы бiр ұрысы - Талқы соғысы. Мәшһүр-Жүсiп жазбасындағы қақпасы қалайы, мыс, қорғасын араластыра құйып жасалған “қалмақтын ежелден алынбаған қорғаны” басқа деректерге әртүрлi аталынады: “Темiр қақпа” (Жаяу Мұса жырында ) ; “Талқын, Талқы, Талқы” (Шоқан еңбегiнде) ; “Талқы - Құлжа” (О. Нұралыұлы дастанында) .

4

Талқы шайқасын көзбе-көз көрген француз суретшiсiнiң суреттеуiне сүйенген Ә. Х. Марғұлан тұжырымдауы бойынша, Олжабай Толыбайұлы 1757 ж. Жоңғар тауындағы Талқы қамалында қытайлармен болған соғыста ерлiк көрсетедi. Ал, ғалымдар: Р. Б. Сүлейменов, Б. А. Моисеев “Из истории Казахстана ХVIII века” зерттеуiнде қазақ-қытай соғыстары көбiнесе 1756 ж. ғана болып, 1756- 1757 ж. қыс айлары өзара дайындықта өтiп, 1757 ж. жазында Қазақстан жерiне қайта кiрген Қытай әскерiмен Абылайдың тез арада бiтiмге келгенiн мәлiмдейдi.

Абылай хан әскерiн 3 топқа бөледi. Қалмақ қамалын барлауға шыққан кезеуiлшi топқа бекiнiстегi мергендер оқ атып, Малайсары батыр белiнен жараланып, батырлар шегiнiп кетедi. Ханның өзi ортаншы топ -тосқауылшыларды бастап шабуыл жасаса да, қорғанды бiрнеше күн ала алмай жатады. Сол кезде қатардағы салықшы болып жүрген Олжабай

“Олжабайлап” шауып, жасақты бастап, қолының қос басынан оқ тисе де, туын түсiрместен қорған қақпасына жетiп, қалайы, мыс, қорғасыннан құйып жасалған дарбазасын қылышымен қос қолдап шапқылап турап тастайды. Қалың қол қорған iшiне өтiп, олжаға кенелiп, Олжабай батырдың есiмi “Он сан Орта жүзге” ұран болады.

Тақтасында: «Осы жерде ХҮІІІ ғасырда Олжабай батыр бастаған қазақ қолы қалмақ басқыншыларын ойсырата жеңіп, қазақ жерлерінің тұтастығын және еріктілігін қорғап қалды» деген жазу бар.

Жоңғарлармен, қытайлармен болған шайқастарда ерлiк көрсеткен қаҺарман бейбiт өмiр уақытында өз руының шаруашылығының қамын ойлаған азамат ретiнде танылады. Бұған Олжабайдың Едiге бимен бiрлесiп, 1761 ж. Екатеринаға жазған өтiнiш хаты дәлел болады. Әбілмәмбет хан оған алтын сапты қылыш сыйлаған. Олжабай Абылай ханның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттеріне елеулі үлес қосқан. Ол Түркістан медресесінде оқып, арабша, қалмақша жетік білген. Академик Ә. Марғұланның естеліктерінде Олжабайдың немере інісі Едіге бимен бірге 1762 жылы Екатерина ІІ-ге хат жазғаны атап көрсетілген. Хатта патшайымнан Ертістің шығыс жағындағы қалың орманнан жайылымдық жер сұрағаны айтылады. Олжабайдың өз қолымен жазып қалдырған қара кітабы болған. Онда соғыстар жайлы әңгімеленіп, Қазыбек би, Абылай, Бөгенбай есімдері жиі аталады. Батырдың туы 1937 жылға дейін сақталған. Әйгілі ғалымдар академик Ә. Марғұлан Олжабайдың шөпшегі болса, ақын О. Сүлейменов жетінші ұрпағы.

5

Туған жылы:
1709ж.
Туған жылы:: Туған жері:
1709ж.: Ақмола облысы Ерейментаудағы Сілеті өзен бойы
Туған жылы:: Руы:
1709ж.: Орта жүздің Сүйіндік руынан
Туған жылы:: Отбасы:
1709ж.:

Әкесі-Толыбай Тәуке ханның билерінің бірі.

Шешесі-Есенбике Төле бидің туысқаны Қаратайдың қызы.

Нағашы атасы -Қаратай батыр

Шөпшегі-академик Ә. Марғұлан

7-ші ұрпағы- О. Сүлейменов

Туған жылы:: Қызметі:
1709ж.: Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресіне белсене қатысушы
Туған жылы::

Кімнің деректерінде,

шығармаларында кездеседі:

1709ж.:

Ф. А. Шербиннің, Н. Я. Коншиннің, Н. С. Смирнова мен Д. Примактың,

М. Ж. Көпейұлы еңбектерінде, Жаяу Мұса жазбасында

Туған жылы:: Басқа қандай соғыстарға қатысты:
1709ж.: Талқы соғысы, Шүршітқырған, Аңырақай шайқасы
Туған жылы:: Қайтыс болған жылы, жері:
1709ж.:

1785ж.

Ерейментауындағы

Олжабай қаласы

Туған жылы::

Арғы ата-тегі:

1709ж.: Сүйiндiк-Суғыншы-Мамық- Құлболды Айдабол - Малғозы - Толыбай - Олжабай. Ал Мәшһүр-Жүсiп шежiресiнде сәл өзгешелiк бар: Сүйiндiк-Суғыншы- Айдабол - Малғозы - Толыбай - Олжабай.

6

1. 2. Жасыбай батыр

(шамамен 1716-1741)

Өмірұлы Жасыбай батыр - жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақтың әйгілі батыры. Шыққан тегі - Арғын тайпасының Бәсентиін руы. Әкесі Өмір от ауызды, орақ тілді шешен адам болған екен. Анасы - қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы. Шежіре деректерінде Жасыбай батырды «Олжабайдың жиені» дейтіні де сондықтан. Жасыбай екі ағайынды, інісі Байсары да жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен көзге түскен белгілі батырлардың бірі болған. Жасыбай батыр Баянауыл өңірін қалмақтардан азат етуде үлкен ерлік көрсеткен. Жасыбай батыр жөнінде орыс ғалымы Н. Коншиннің жазбаларында, халық шежірелерінде, аңыз-әңгімелерде, батырдың өзіне арналып шығарылған «Ер Жасыбай» жыр-дастанында біраз мағлұматтар берілген. Соларға қарағанда, ол Олжабайдың жиені ғана емес, жауға бірге шапқан серігі, жақын досы болған. Жастайынан жауырыншылығымен, құралайды көзге атқан мергендігімен аты шыққан. Ол - жауға бірнеше дүркін соққы берген әйгілі батыр. Оған дәлел ретінде

«Шойын» көл туралы деректерге тоқталсақ:

Аң қуып таудан құлап суға кеткен,

Қалмақтың Шойын деген батыр бегі.

Ол күнде бұл тауларды Қалмақ алған,

Қорған ғып әрбір жерге қорған салған.

Тұлпардың екпінімен суға құлап,

Атанып Шойынды көл содан қалған.

(Жамал қожа қолжазбасынан үзінді)

Туған елін, өскен жерін ата жаудан азат ету жорығында сан ерлігімен көзге түсіп, осы игі мақсат жолында қаза тапқан Жасыбай батырдың есімін ардақтаған халқы кейін Баян тауының ол қорғаған асуына - «Жасыбай асуы», Шойын көліне - «Жасыбай көлі» деген ат берді. Ол жерлер қазір де солай аталады.

. .

7

Баянауылдағы Жасыбай асуы бойына қойылған батыр моласын кезінде этнограф-ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов сипаттап жазып кеткен болатын. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның пайымдауынша, 1741 жылы Баянауылда болған шайқаста Олжабай, Жасыбай жасақтары жоңғарларды талқандайды. Жасыбай оққа ұшқан соң, Олжабайдың қалмақтарды тегісімен жойған бір тау «Қалмаққырған» атанады. Ендеше 25 жасында қаза тапқан Жасыбай батыр 1716 жылы дүниеге келген деп жорамалдауға болады.

Туған жылы:
1716 ж.
Туған жылы:: Руы:
1716 ж.:

Арғын тайпасының

Бәсентиін руы

Туған жылы:: Отбасы:
1716 ж.:

Әкесі Өмір- от ауызды, орақ тілді шешен адам.

Анасы - қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы.

Туған жылы:: Қызметі не кім болды:
1716 ж.: Олжабайдың жиені ғана емес, жауға бірге шапқан серігі, жақын досы.
Туған жылы::

Кімнің деректерінде,

шығармаларында кездеседі:

1716 ж.: Орыс ғалымы Н. Коншиннің, Ә. Х. Марғұлан, Ш. Уәлиханов жазбаларында, халық шежірелерінде, аңыз-әңгімелерде, «Ер Жасыбай» жыр-дастанында
Туған жылы:: Басқа қандай соғыстарға қатысты:
1716 ж.: Талқы соғысы, Шүршітқырған, Аңырақай шайқасы
Туған жылы:: Қайтыс болған жылы, жері
1716 ж.:

1741, Баянтауындағы Шойынкөлде

(қазіргі Жасыбай көлі)

8

1. 3 Бөгенбай батыр

(1680-1778)

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті.

Оның атасы - Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.

Жоңғар соғысында атқарған ролі

Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды. Съезде қаралған басты мәселе Жоңғар хандығымен арадағы қатынас болды. Кейбіреулер руларды ғана емес жүздердің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы шығып, оларды қуып шығу керек десе, екінші біреулері жоңғар хандығы жағына шығу керек дегенді айтты. Көп пікірталастан кейінгі шешуші кез келгенде ортаға ашулы, қайсар Бөгенбай батыр шығады. Ақсақалдардың алдына шыққан ол семсерін аяғының астына тастап, көйлеғін айырып, кеудесін ашып жіберіп: "Жауымыздан есемізді қайтарамыз, тоналған жайлауымызды, тұтқындалған балаларымызды көріп қарап отыра алмаймыз, өлсек қолымызға кару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезеңде

9

бастарын төмен түсірғен? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймын. Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты садағымыз бар" , - деді. Бөгенбай батырдың бұл сөзі жоңғар мәселесін шешудің шегі болды. Бұл сөзден кейін ешқайсысы ашық шығып сөйлей алмады. Қазақ жасағының басшысы болып Бөгенбай сайланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурызбай батыр
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар
Қазақ батырларының әскери өнері
Серектас тауының Қалмаққырылған аталуы
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары таихы
Ер бағынан ат бағы артық
Жоңғар-Қазақ соғысындағы Қазақ батырлары
Абылай және қазақ батырларының ерліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz