Шошқа тілмесі кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер



I. Кіріспе ... ... ... ... 3.4
II. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ...4.7
III. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3.1 Ауру патогенезі ... ... ... ... ... ... .8.10
3.2 Патологиялық өзгерістер ... ... ... ..11
3.3.Ауруға диагноз қою ... ... ... ... ... ... .12.14
3.4.Сақтық пен күресу шаралары ... .14.15
3.5.Жарып.сою хаттамасы ... ...16.17
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ...18
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ...19
VI. Жол хат ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Шошқаның тілмесі / Erysipelas suum,рожа свиней /-жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы түрде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Ауру қоздырғышын алғаш анықтаған, ажыратып жазған Р.Кох (1878), Леффлер (1881), Л.Пастер және Л.Тьюле (1882). Микробты қоян организмінен өткізіп тірі вакцина дайындаған Л.Пастер (1883), ал тілмеге қарсы қан сарысуын ұсынғандар Лоренц пен Лаптанш(1885). Кейіннен Д.Ф.Конев (1899) өзінің атымен аталған вакцинаны, ал Виноградник ВР-2 вакциналық штамды ұсынды.
Қоздырушысы-Tyrsipelothrix insidiosa-Lactobacillacea тұқымдастығы,
Erysipelothrix туыстастығына жатады.Ұзындығы 0,5-1,5 мкм,көлденеңі- 0,2-0,3 мкм, қозғалмайтын спора және капсула түзбейтін,грам оң, полиморфты қысқа таяқша.E.Insidiosa сыртқы ортаның кез-келген обьектілерінде кездесе-тін (убикветарлы) және соған байланысты морфологиялық, уыттылық, анти-гендік және иммуногендік қасиеттері өзгеріп отыратын микроб.Тығыз қорек-тік ортада S-,R-,O- колонияларын түзеді.Қоздырғышының антигені бойынша 3 түрін A,B,N ажыратады.Ауру қоздырушылық қасиет негізінен А, сирегірек В, өте сирек N-түріне тән. Соңғысы сау жануарларда кездеседі. В түрінің им-муногендік қасиеті өте жоғары болады да, көбінесе вакцина дайындауға пай-даланылады. Лабораториялық жануарлардан ақ тышқан мен көгершін ауыра-ды.
1. Ахметов Ж.Б. «Паталогиялық анатомия» Алматы.Ана тілі-1993ж.
2. Әбутәліков Ә.Асанов. Әр түрлі малдардың жұқпалы ауруы.Орал-1993ж
3. Бакулов И.А. Індеттану және микробиологиялық негіздері.Алматы-1993ж
4. Боль К.Г.,Боль Б.К. Основы патологической анатомий СХЖ.Москва-1961г
5. Визнер Э.Болезнь крупного роготого скота.Москва.Колос-1970г
6. Добин М.А.,Кокуречев.П.Н.Практикум по вет-ной патологической ана-томий и вскрытию.Ленинград.Колос 1976г
7. Жаров А.В,Шинков В.П и др.Патологическая анатомия СХЖ.Москва-2003г
8. Малахов Ю.А,Сабалина Р.Л и др.Эпизоотическая ситуация по бешенст-ве в России.Москва.
9. Жаров А.В,Иванов И.В и др практикум по патологической анатомий СХЖ.Москва-1989г
10. Нуралиев М.М,Есенгалиев Ғ.Ғ.Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауру-ларды балау және күресу шаралары.Орал-1998ж.
11. Кузнецов Г.С,Протов И.А.Мал дәрігерінің анықтамалығы.Алматы-1971ж.
12. Көпбосынов Б.Қ.Мал санитарының кітапшасы.Алматы, «Қайнар», 1978ж.
13. Жанұзақов Н.Ж.Мал фельдшерінің анықтамалығы.Алматы-1985ж.
14. Махышев Т.Құтырыққа қарсы шаралар қолдану/жаршы/2001ж.
15. Махышев Т. Құтыру ауруы туралы мәлімет/жаршы/2001ж.
16. Махышев Т. Құтыру ауруын алдын алу/жаршы/2002ж.
17. Махышев Т.Құтырық ауруының таралуы/жаршы/2002ж
18. Налетов Н.А.Патологичуская физииология и патологическая
анатомия СХЖ.Москва 1970г
19. Канапаткин А.А.,Бакулов И.А. и др Эпизоотология и инфекционные болезний СХЖ.Колос-1984
20. Орлов Ф.М. Инфекционные болезни К.З.С.Москва 1980ж.
21. Сайдуллин Т.Ветеринарлық індеттану /I кітап/ Алматы 1989 ж.
22. Тормис М.Р. Черкассий Б.Л. Болезни животных опасные для человека. Москва-1997 г.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Патологиялық анатомиясы пәнінен жазылған Шошқа тілмесі кезіндегі
патоморфологиялық өзгерістер атты курстық жұмысым 19 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.

ЖОСПАР:

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
II. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..4-7
III. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 8
3.1 Ауру
патогенезі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..8-10
3.2 Патологиялық
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.3.Ауруға диагноз
қою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12-1 4
3.4.Сақтық пен күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-15
3.5.Жарып-сою хаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-17
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .19
VI. Жол хат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

I. Кіріспе

Шошқаның тілмесі Erysipelas suum,рожа свиней -жіті өткенде өлі
тиіп, терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы түрде жүрек пен буындардың
қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Ауру қоздырғышын алғаш анықтаған, ажыратып жазған Р.Кох (1878),
Леффлер (1881), Л.Пастер және Л.Тьюле (1882). Микробты қоян организмінен
өткізіп тірі вакцина дайындаған Л.Пастер (1883), ал тілмеге қарсы қан
сарысуын ұсынғандар Лоренц пен Лаптанш(1885). Кейіннен Д.Ф.Конев (1899)
өзінің атымен аталған вакцинаны, ал Виноградник ВР-2 вакциналық штамды
ұсынды.
Қоздырушысы-Tyrsipelothrix insidiosa-Lactobacillacea тұқымдастығы,
Erysipelothrix туыстастығына жатады.Ұзындығы 0,5-1,5 мкм,көлденеңі- 0,2-0,3
мкм, қозғалмайтын спора және капсула түзбейтін,грам оң, полиморфты қысқа
таяқша.E.Insidiosa сыртқы ортаның кез-келген обьектілерінде кездесе-тін
(убикветарлы) және соған байланысты морфологиялық, уыттылық, анти-гендік
және иммуногендік қасиеттері өзгеріп отыратын микроб.Тығыз қорек-тік ортада
S-,R-,O- колонияларын түзеді.Қоздырғышының антигені бойынша 3 түрін A,B,N
ажыратады.Ауру қоздырушылық қасиет негізінен А, сирегірек В, өте сирек N-
түріне тән. Соңғысы сау жануарларда кездеседі. В түрінің им-муногендік
қасиеті өте жоғары болады да, көбінесе вакцина дайындауға пай-даланылады.
Лабораториялық жануарлардан ақ тышқан мен көгершін ауыра-ды.
Тілме бактериясы жануарлар әлемінде ең кеңінен тараған микробтардың
қатарына жатады. Шошқада тілмеспорадия немесе індет түрінде дүние жүзі-нің
барлық елдерінде дерлік кездеседі.Ауруға көбінесе 3-12 айлық жас шош-қалар
бейім келеді. Сондай-ақ табиғи жағдайда қозы, тауық, үйрек, күрке та-уық,
көгершін, кемірушілер (тышқан,егеуқұйрық) ауырады. Тілмемен адам да
ауырады. Адамда эризипелоид көбінесе алақанында, саусақтарында, тері
асты ұлпаларының суланып қабынуымен, сөл тамырларының кеңеюімен си-
патталады.
Организмге енгеннен кейін тілме бактериялары алғашқы орналасқан
(жұтқыншақ, сөл түйіндері, ішек фолликулалары, жарақаттанған теріде)
жерлерінде көбейіп, бірте-бірте организмнің сезімталдығын арттырады,
аллергияны қоздырады. Егер микроб табиғи төзімділігі жоғары организмге
түссе, дерт сол енген жермен ғана шектеліп, жасырын түрде немесе клиникалық
белгіле-рі айқын білінбей, иммунитет түзумен аяқталады. Алайда сыртқы
ортаның қолайсыз жағдайлары, стресстер ауру

қоздырғышының алғашқы енген жердегі қорғаныс күштерін жеңіп, қанға еніп,
көбейіп, бүкіл денеге тарап, өлі тию процесіне мүмкіндік жасайды.

II. Әдебиетке шолу

Жаров пен Шишковтың мәліметі бойынша шошқа тілмесі-ауру
жануарлардың өлуі, өнімділігінің төмендеуімен, емдік алдын алу мен
сауықтыру шараларына жұмсалатын үлкен экономикалық шығын әкелетін, кең
тараған жұқпалы аурулардың бірі. Ауру қоздырғышы-грамм оң, қозғалмайтын
Eryspelothrix rhusiopathiae. Ауру жұқтыру көбіне ас қорыту трактысы арқылы
жүзеге асады. Аурудың пайда болуы таралуына мен сыртқы орта факторлары
жануар организм резистенттілігінің төмендеуі, азық құрамында минералдық
заттар мен витаминдердің жетіспеуі, жануарлардың ыстық, нашар желдетілетін
қораларда бағылуы, тағы басқалары әсер етеді.
Ж.Оразбековтың мәліметтеріне сүйенсек шошқа тілмесінің қоздыр-ғышы
организмге әр түрлі жолмен түседі. Ауыз арқылы түскенде әуелі көме-кей
безінде және ішектің солитарлы фолликулаларында орналасады, ал тері сызатын
арқылы түскенде-зақымдалған орынның лимфа саңылауында орна-ласады, олардың
айналасында жергілікті қабыну процесі жүріп жатады. Бір-неше күннен кейін
бактериялар қорғаныс кедергілерін бұзып, қанға түседі де бүкіл организмді
қаулап кетеді. Улану реакциясы қызба реакциясын туғыза-ды, тканьдегі зат
алмасу процесі бұзылады, маңызды органдар мен жүрек қан тамыры жүйесі
дистрофияға ұшырайды, өлі еттеніп өзгереді, бұл қан тамыр-ларының бітеліп
қалуына ісіктердің пайда болуына әкеліп соқтырады, ақы-рында жануарлар өліп
кетеді.
Радчуктің жазып қалдырған мәліметтері бойынша шошқа тілмесінің
бактериясы қарғада, торғайда, қоқиқаз және басқа құстарда, итбалық-та,
дельфинде, сондай-ақ иксод кенелерде және зоопарктік сүтқоректі хай-
уанаттарында тиінде, теңбіл бұғыда кездеседі.Өзен және теңіз балықтар үшін
тілме бактериясы-сапрофит.Тілме бактериясына адам да сезімтал, бұл ауру
белгісі бір орында эризипелоид түрінде өтеді, тері қабынады, лимфа жолдары
кеңейеді, бірақ өлі еттенбейді.
Экспериментті жолмен тері астына жұқтырғанда ауруға әсіресе тышқан,
көгершін шалдыққыш келеді, олар 2-5 күннен кейін өледі, үй қояндарының
ауруы біршама төмен, дегенмен көктамырға жұқтырғанда 3-6 күннен кейін өліп
кетіп отырады.
Больдің айтуы бойынша ауру қоздырушысы сора түзбегенмен де сыртқы
орта жағдайына төзімді келеді. Аузы балқытылып бекітілген сұйық қоректік

ортада 17-35 жыл, шіріген өлекседе бірнеше ай, өзен суында-73 тәулік, топы-
рақ тұнбасында-108 тәулік сақталады. Жоғары температураға төзімсіз 50˚С
қыздырғанда 15 минутта, ал 70˚С-5 минутта күшін жояды. Алайда кесек етті
бұқтыру ондағы тілме бактерияларын зарарсыздандырмайды, ал ысталған шошқа
етінде бұл микроб 90 тәуліктен кейін, ал тұздалған шошқа етінде 170 күнге
дейін күшін жоймайды. Тілме бактериясы антибиотиктерге, ультра-күлгін
сәулеге және күйдіргіш натрийге, формальдегид, хлорлы әк сияқты
қолданылатын дезинфектанттардың кәдуілгі ерітінділеріне сезімтал келеді.
Авроровтың мәліметтеріне сүйене отырып ауру қоздырушының бастауы-
ауру және микроб алып жүруші шошқалар.Микроб алып жүрушілерде ауру
қоздырушысы әдетте жұтқыншақ сөл түйіндерінде және ішек фолликулала-
рында орналасып, әр түрлі стресстердің әсіресе протеиннің келіспеушілігі
және сыртқы ортаның ыссылығының әсерінен аурудың клиникалық белгілері
байқалады. Осы себептен шаруашылыққа көбінесе басқа жақтан әкелінбейді, өз
ішінен шығады.
Қоздырушының берілуі факторларына жем, су, нәжіс, төсеніш, күту
құрал-саймандары, өлексе, сойыс өнімдері, топырақ, т.б жатады. Ауру
қоздырғы-шының тасымалдауға кемірушілердің, көк шыбынның, құстардың қатысуы
мүмкін.
Ауру негізінен қоректік жолмен, ал сирегірек жанасу және
трансмиссивтік жолдармен жұғады.
Жаровтың деректері бойынша тілме топырақ инфекциясы болғандықтан
оның таралуында топырақтың алатын орны ерекше. Ауру көбінесе көктемгі жазғы
және бордақылауға бөлінген жас шошқалардың арасында жиі кездеседі. Індеттің
кеңінен жайылып, қарқынды таралуына күннің ыссы және ауаның ылғалды болуы,
шошқаларды жақсы желдетілмейтін тар қораларда ұстауы, тасымалдау,күн өиу,
жемде протеин, витамин, минералды заттар же-тіспеуі сияқты қолайсыз жайттар
әсерін тигізеді. Сонымен, тілменің тұрақты түрде белгілі бір аймақта және
көбінесе жылдың жылы мезгілінде қайтала-нып отыруы аның індеттік ерекшелігі
болып табылады.
Қоздырушының уыттылығы төмендеу немесе ол организмге түскен жағдай-
да ауру жітіден төмен немесе созылмалы түрде байқалып жүректің, буынның
қабынуымен және теріде шектелген қабыну, әр түрлі көлемдегі қызғылт дақ-
тардың пайда болуымен сипатталады. Ауру қоздырушысы тұрақталған жер-лерде
иммунологиялық қорғаныс реакциялары жақсы байқалады.
Б.Т.Толысбаевтың дерегі бойынша шошқа тілмесі-септикалық ант-
ропозоонозды індет ауруы, ауруға ұшыраған жануарлардың қан аралас іші
өтеді, бүйрегі қабынады, кілегей қабықтары қанталайды, талағы ұлғаяды.
Шошқа тілмесі көптеген елде тараған. Шошқа тілмесінің қоздырғышы-

Trysipelothrix zhusiopathiae. Бұл қоздырғыш шошқада, тышқанда, қозыда,
түйетауықта, үйректе, балықта, сондай-ақ адамда табылды.
Шошқа тілмесі қоздырғышының мөлшері 0,2-0,3 х 0,5-1,5 мкм болатын
қысқа таяқша. Жеке дара немесе тізбектер орналасады. Қозғалмайды. Спора мен
капсула құрмайды. Электронскопиялық зерттеулердің мәліметтеріне қа-рағанда
еріген (лизис) клеткаларда протоспоралар көрінеді.
Т.Сайдулдиннің мәліметтеріне сүйенсек шошқа тілмесі-жіті өткен-де
өлі тиіп, терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы түрде жүрек пен бу-
ындардың қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Табиғатта көптеген үй және тағы жануарлардың арасында әсіресе шошқа,
кемірушілер және құстарда тілме микробын алып жүрушілік кеңінен тарал-
ған. Қоздырушысының табиғатта кең таралуы және сыртқы орта жағдайына
төзімділігі аурудың тұрақты қорламасының құрылуын және індеттің табиғи
ошақтарының белгілі бір жерге тұрақтайды. Шаруашылықта тілме анықталған
жағдайда, ол шаруашылық тілме жөнінен сау емес деп есепте-лінеді,шектеу
қойылады. Нұсқауға сәйкес шаруашылыққа шошқаны әкелуге, шығаруға,
зарасыздандырылмаған шошқа өнімдерін, жем-шөпті шығаруға
шектеу қойылады.
Барлық мал басын клиникалық тексеруден өткізіп, аурудың белгісі
барларын оқшаулап, емдейді. Қалған сауларын вакциналап, 10 күн бойына
бақылайды. Қажет болған жағдайда ауырған шошқаларды арнайы жерде сояды.
Олардың етін қайнатқаннан кейін пайдалануға рұқсат етіледі. Әрбір ауру мал
бөлінген сайын шошқа тұрған үйшікті тазалап, жуып, хлорлы әктің тұнбасы-мен
немесе күйдіргіш натрийдің 4 пайыздық ыстық ерітіндісімен
зарасыздандырады,сақтануын қарастырады.
Қ.Көпбосыновтың пікірі бойынша бактериялардың қарқынды көбеюі және
пайда болатын уытты заттардың әсерінен көптеген ағзалар мен ұл-паларда
қабыну, дистрофия процестері кең өрбейді. Аурудың одан әрі асқы-нуының
әсерінен ішкі ағзаларда, теріде зат алмасу бұзылып, домбығу, қан ір-кілу,
қан ұю кездеседі. Ауру жіті өткен жағдайда өлі тиюдің негізгі клини-калық
белгілері анық білініп, өліммен аяқталады.
Аурудың созылмалы түрі өз алдына сирек кездеседі, көбінесе ол жіті,
жіті-ден төмен түрлерінің жалғасы ретінде өтеді. Мұндайда дерт асқынып,
терінің өлі еттенуі, жүректің, буынның қабынулары байқалады. Тірінің өлі
еттенген жерлері бір-бірімен жалғасып қатты, құрғақ қабыршаққа айналып,
іріңдеп тү-сіп қалғанша шошқа жүдеп оңалмайды.
Қонановтың айтуы бойынша індеттік тұтанудың ұзақтығы және шығын
көрсеткіші шошқаны өсірудің технологиялық жүйесіне ауруды жылдам және дәл
балауға, қоздырушының уыттылық және антигендік ерекшеліктеріне, та-

бындағы иммунитеттің құрылымына сауықтыру шараларын ұйымдастыруға
байланысты болады. Әдетте індеттік тұтану қорадағы шошқаны түгел қамты-
майды, ауруға шалдығу көрсеткіші 20-30%-тен аспайды, шығын 55-80%-ке
жетеді.
Интернет (google) сайтынан алынған мәліметтер бойынша шошқа тіл-
месін көптеген елде таралған. Шошқа тілмесі 1882 жылы Пастер ашты. Бұл
қоздырғыш шошқада, тышқанда, түйетауықта, қозыда, балықта, үйректе сон-дай-
ақ адамда табылды. Сондықтан бұл ауруды шошқа тілмесі емес эризипе-лойд деп
атаған дұрыс.
Шошқа тілмесі-септикалық індет ауруы, ұшыраған жануарлардың қан
аралас іші өтеді, сонымен қатар талағы ұлғайып, бүйрегі қабынады.
Тілме бактериясы жануар әлемінде кеңінен таралған. Табиғи жағдайда
шошқаны, қозыны, көгершінді, т.с.с жануарларды ауруды ұшыратады. Бұл
бактерия қарғада, торғайда, қоқиқазда және басқа құстарда, итбалықтарда,
сондай-ақ иксот кенелерде және зоопарк сүтқоректі хайуанаттарда-тиінде,
теңбіл бұғыда кездеседі.Өзен және теңіз балықтары тілме бактериясы-сап-
рофит.
Шошқаны, жылқыны, өгізді немесе қойды гиперимминизациялану арқылы
шошқа тілмесіне қарсы қолданылатын иммунды қанның сарысуы алынады.
Стерильдігі ет-пептон сорпасы құйылған кемінде бес флаконда, агарда,
вазилин майы құйылған ет-пептон бауыр сорпасында өсіріліп тексеріледі. Егер
37˚С температурада он күн бойы ұстап сынағанда стерильді болса, сарысу
пайдалануға жарамды деп есептелінеді.
Зарарсыздығы сыналып отырған сарысуға екі ақ тышқанға(салмағы 15-18г
0,5 мл) мөлшерінде және бір теңіз шошқасына (салмағы 400 грмнан) кем емес
10 мл мөлшерінде тері енгізу арқылы анықталады. Сарысу егілген жа-нуарлар
тірі қалу керек.

III. Негізгі бөлім
3.1 Ауру патогенезі.

Тілменің қоздырушысы организмге әр түрлі жолмен түседі. Ауыз арқылы
түскенде әуелі көмекей безінде және ішектің солитарлы фолликулаларында
орналасады, олардың айналасында жергілікті қабыну процесі жүріп жатады.
Бірнеше күннен кейін бактериялар қорғаныс кедергілерін бұзып, қанға түседі
де, бүкіл организмді қаулуп кетеді. Улану реакциясы да қызба реакциясын
туғызады, тканьдегі зат алмасу процесі де бұзылады. Маңызды органдар мен
жүрек қан тамыр жүйесі дистрофиясы (нәр жетіспеу) ұшырайды, өліеттеніп
өзгереді, бұл қан тамырларының бітеліп қалуына, ісіктердің пайда болуына
әкеліп соқтырады, ақырында жануар өліп кетеді.
Жануар организмі ауру қоздырғышына күшті қарсылық көрсете алатын
жағдайда жиі кездеседі, міне осындай кезде микроб аурудың бастама шағын-да
өзінің уытымен лейкоциттері мен РЭС макрофагтарына шабуылдап, олар-дың
қарсыласуын тежейді, соңғылар микробтарды бойына сіңірегенмен де,
ыдыратқанымен де, түгелдей жойып жібере алмайды(аяқталмаған фагоцитоз)
Агглютининнің, преципиптиннің және комплемент байланыстырғыш заттар-дың
заттардың, антиагрессиндердің пайда болуы және фагоцитоздың анти-телдерімен
біріккен әрекеті ауру қоздырғышын жойып жіберуге мүмкіндік ашады.
Аурудың жасырын кезеңі 2-5 тәулік, кейде одан да ұзаққа созылады.
Шошқаның тілмеге бейімділік дәрежесіне, қоздырушысының уыттылығына және
мөлшеріне, ену жолдарына және сыртқы ортаның жағдайларына бай-ланысты ауру
аса жіті, жіті де төмен, созылмалы түрде өтеді. Сонымен қатар аурудың және
жасырын түрлерін ажыратады.
Аса жіті түрі сиректеу кездесіп, көбінесе 7-10 айлық бордақылауға
қойған жас шошқалардың күтімі нашар болғанда,тасымалдаған кезде байқалады.
Мұндайда ауру мал қатты күйзеліп, қызу көтеріліп, жүрек
жұмысы бірте-бір-те әлсіреп, бірнеше сағаттан кейін өледі.
Аурудың жіті түрі (сепсистік тілме) жануарлардың қан ағуы арқылы
көбінесе індеттік тұтанудың алғашқы кезеңінде жиі кездеседі.Ауру шошқаның
жалпы күйі нашарлап, дене қызуы 42˚С, одан да жоғары көтеріледі. Топтан
бөлініп, көбінесе жатып көп қозғалмай, жүргенде аяқтары тәлтіректеп, жемге
қарамай, іші қатып, дірілдеп, жүрек жұмысы әлсіреп, кейде құсады, ал
торайларда іш өту байқалады.Жүрек жұмысының нашарлауының әсерінен малдың
өкпесі домбығып, демалысы қиындайды, нәтижесінде тамақ асты, мойын, іш
терісі көкшіл тартады. Кейбір шошқаларда ауру басталғаннан кейін 1-2 күн
өткесін, теріде көлемі әр түрлі

әуелі қызғылт, кейіннен қошқыл-қызыл түске өзгеретін дақтар(тілме
эритемасы) пайда болады.Аздап ісінген, онша шектелмеген, алқызыл немесе
көкшіл-қызыл түсті, әртүрлі пішінді дақтар түріндегі тілме эритемасы
дененің әр жерінде (құлақта, мойынында,омырауда, құрсақта, шапта, т.б
жерлерде ) пайда болады. Олар бір-бірімен қосылып, қара-қызыл түсті,
көлемді телімдерге айналады.Бұл жерлерде бірен-саран күлдіреуіктер пайда
болып (терінің жіті серозды қабынуы),олар жарылып қара-қошқыл қабыршақтарға
айналады.Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин үлпектері араласқан,
аздаған мөлдір сарғыш сұйық болады. Ауру жануарларға уақытында ем
көрсетілмесе 2-4 тәуліктен кейін негізінен өліммен аяқталады.
Лимфалық түйіндер серозды қабынады, ұлғаяды, қаны молайып түсі
күңгірт-қызыл тартады, тілік бетінде мол ылғалды болады. Талақ қабынып,
үлкейеді,қызыл – қошқыл тартады, аздап жұмсарады. Мүшенің тілік бетінде
фолликулдар мен трабекулалар көрінбейді.
Қарын мен аш ішек жіті катарлы қабынып ,кілегейлі қабық қою
,жабысқақ кілегеймен бүркеледі, ісінеді, қызарады, кейде нүкте
қанталаулармен кеуленеді. Тоқ ішектің кілегейлі қабығы молайған қан
есебінен қызарады, миндалиналар ,ішек фолликулдары кейде ісінеді.
Паренхималық мүшелерлерде ( бауыр, миокард, қаңқа бұлшық еттері) нәруыздық,
нәруыздық – майлану дистрофияларына тән өзгерістер айқын болады.
Бүйректе қан молайып, мүше түсі өзгеріп, қошқыл-қызыл тартады,
көптеген, онша шектелмеген, қара-қызыл түсті майда нүктелер (серозды
қанараласа қабынған бүйрек денешіктері) есебінен шұбарланады.
Өкпенің ,мидың, жүректің тамырлары қанмен кернеледі, өкпе
домбығады, жүректің оң қарыншасы кеңиді.
Аурудың жітіден төмен түрінде (жітілеу)малдың тілме терісінде
серозды қабыну ошақтарының (есек жем) пайда болуымен сипатталады.
Мұндайда дене қызуы 41˚С, одан да жоғары көтеріліп,
әлсіреп, тәбеті төмендеп, шөлдейді.Бір-екі күннен кейін шошқаның бас және
тұла бойы терісінде көлемі және формасы әр түрлі (төртбұрыш, ромба,
дөңгелек) қабынған, өлшемі 1-4 см, қатты, қызғылт түсті, тері бетінен 3-4
мм гекөтеріліп тұратын ісікшелер пайда болады.Аурудың терідегі түрі
көбінесе зілсіз өтіп, 7-12 тәулікте мал жазылады. Қызғылт дақтар бозарып,
бірте-бірте жойылады, жеңіл түрінде өлі еттеніп орны сарысулы көпіршіктер
пайда болады да,кейінкүлдіреуіктерге айналады. Одан әрі күлдіреуіктер
жарылып , сұрғылт-қошқыл қабыршақтар пайда болады. .Оларда кей жағдайларда
ауру асқынып, өліттенуі мүмкін.

Аурудың созылмалы түрі өз алдына сирек кездеседі, көбінесе ол жіті,
жітіден төмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа тілмесін зерттеу
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Шошқа тілмесі. Тілме
Зат алмасу кезеңдері
Шошқа тілмесі
Шошқа тілмесі. Шаруашылықты аурудан сауықтырудың күнтізбелік жоспары
Шошқа тілмесі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Шошқа тілмесі кезіндегі биопрепараттар жайлы мәлімет
Шошка тілмесі кезіндегі қолданылатын биопрепараттар
«Шошқаның тілме ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Пәндер