Қансырау. Дисмургия



І) Кіріспе.
1. Қан ағу, оны тоқтату және құю әдістері.
ІІ) Негізгі бөлім.
2.1 Қансырау және оның түрлері.
2.2 Қансыраудың клиникалық белгілері мен қауіптілігі.
2.3 Қансыруды тоқтату әдістері. Дисмургия.
ІІІ) Қорытынды.
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.
Жараланған қан тамыр өзегінен шыққан қанды – қан кету, қансырау дейді. Жарақаттың, жараланудың қай түрін болсын қарастырады.
Жараланған қан тамырдан аққан қан не сыртқа (терінің сыртына шығып көрініп тұрады), не көзге көрінбей мал ағзасының ішкі құрылымына, қуыстарға буын – бун ағып кетеді. Қансыраудың салдарынан малдың өліміне ұшырау фактілерін, ерте заман адамдары да білген, біліп қана қоймай қан тоқтату әдістерін де пайдаланған.
Мал ағзасына орта есеппен 15 литрге жуық қан бар. Қан – мал денсаулығының оның бар тіршілік болмысының кепілі. Сондықтан қан мәселесіне айрықша қарайды. Мал жараланып қалса, мал дәрігері ең әуелі оның қан құрамына ынта қояды. Ол мал жараланғанына қанша уақыт өткенін біліп алуы шарт. Қаны ақса, қанша аққанына, қалай аққанына ден қояды. Өйткені осы сауалдардың бар әмбесі мал өмірінің шешуші дәнекерлері.
Қансырау себептері көп. Сол себептердің жиі кездесетін бір түрі – жарақаттану, жаралану. Мұндай жағдайға ұшыраған малдың қан тамыры жыртылады, бұзылады, тамыр сыртына қан шыға бастайды. Қанның көп аққаны мал өміріүшін өте қауіпті. Тамырдың қан қысымы көтерілгенде, артериосклероз ауруына шалдыққан ауру малдың қан тамыры жарылып кетуі де ғажап емес. Сондай – ақ сыртқы ауаның қысымы төмендегенде ауру малдың құлағынан , танауынан, тамағынан қан кетуі ықтимал. Сыртқы атмосфералық ауа қысымы ұлғайғанда да қан кетуі мүмкін. Операция кезінде қарынның немесе кеуденің қуыстарынан көлемді ісі алынса, солардың орнынан да қансырап қалуы мүмкін және осындай жағдайлар мал іші суға толып кеткенде, сол суды инемен тесіп (қарынды) шығарғанда да байқалады.
1. Абдулла А.А «Алғашқы ветеринарлық көмек.» Алматы 2013 ж.
2. Ілиясов Б.К. «Алғашқы ветеринарлық жәрдем.» Алматы, 2001ж.
3. Дұрманов Қ.Д., «Жалпы хирургия», Алматы 2006 ж.
4. Муралинов К.К., «Оперативті хирургия», 2006 ж.
5. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия. 2006 ж.
6. Белов А.Д. «Общая ветеринарная хирургия» ,Колос, 1981 г.
7. Уша В.В., Фельдштейн М.А. «Первичная ветеринарная помощь при незаразных болезнях животных.»М., 1988 г.
8. Ілиясов Б.К. «Ветеринарлық хирургия.» Алматы, 2009 ж.
9. Интернет желісі «google.kz»
10. Магда И. И. и др. «Оперативная хирургия с основами топографической анатомии домашних животных.»М.: Колос, 1979 г.;
11. Игісінов С.И., Игісінов Н.С., Қалиева Ж.Ж. «Төтенше жағдайлардағы хирургиялық зақымдану мен аурулар.» – Алматы,
12. Молдағулов М.А., Ермаханов А.Н. және т.б. «Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы.» -Алматы, 2006
13. Абдулла А.А «Ашық механикалық жарақат.» Алматы 2011 ж.
14. Нұрғазы Қ.Ш. «Мал шаруашылығы», Алматы, 2011 ж.
15. Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. «Ветеринария ісін ұйымдастыру.» –Алматы, 2009

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Алғашқы ветеринарлық көмек пәнінен жазылған Қансырау. Дисмургия атты реферат 16 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.

Жоспар:
І) Кіріспе.
1. Қан ағу, оны тоқтату және құю әдістері.
ІІ) Негізгі бөлім.
2.1 Қансырау және оның түрлері.
2.2 Қансыраудың клиникалық белгілері мен қауіптілігі.
2.3 Қансыруды тоқтату әдістері. Дисмургия.
ІІІ) Қорытынды.
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.

І) Кіріспе.
Жараланған қан тамыр өзегінен шыққан қанды - қан кету, қансырау дейді. Жарақаттың, жараланудың қай түрін болсын қарастырады.
Жараланған қан тамырдан аққан қан не сыртқа (терінің сыртына шығып көрініп тұрады), не көзге көрінбей мал ағзасының ішкі құрылымына, қуыстарға буын - бун ағып кетеді. Қансыраудың салдарынан малдың өліміне ұшырау фактілерін, ерте заман адамдары да білген, біліп қана қоймай қан тоқтату әдістерін де пайдаланған.
Мал ағзасына орта есеппен 15 литрге жуық қан бар. Қан - мал денсаулығының оның бар тіршілік болмысының кепілі. Сондықтан қан мәселесіне айрықша қарайды. Мал жараланып қалса, мал дәрігері ең әуелі оның қан құрамына ынта қояды. Ол мал жараланғанына қанша уақыт өткенін біліп алуы шарт. Қаны ақса, қанша аққанына, қалай аққанына ден қояды. Өйткені осы сауалдардың бар әмбесі мал өмірінің шешуші дәнекерлері.
Қансырау себептері көп. Сол себептердің жиі кездесетін бір түрі - жарақаттану, жаралану. Мұндай жағдайға ұшыраған малдың қан тамыры жыртылады, бұзылады, тамыр сыртына қан шыға бастайды. Қанның көп аққаны мал өміріүшін өте қауіпті. Тамырдың қан қысымы көтерілгенде, артериосклероз ауруына шалдыққан ауру малдың қан тамыры жарылып кетуі де ғажап емес. Сондай - ақ сыртқы ауаның қысымы төмендегенде ауру малдың құлағынан , танауынан, тамағынан қан кетуі ықтимал. Сыртқы атмосфералық ауа қысымы ұлғайғанда да қан кетуі мүмкін. Операция кезінде қарынның немесе кеуденің қуыстарынан көлемді ісі алынса, солардың орнынан да қансырап қалуы мүмкін және осындай жағдайлар мал іші суға толып кеткенде, сол суды инемен тесіп (қарынды) шығарғанда да байқалады.
Қан тамырынан қан кету процесі басқада жағдайларда да кездеседі. Сондай жағдайлардың бірі - қан ауруы гемофилия. Гемофилия ауруына төл кезінен шалдыққан мал қанның ұю процесі баяулап, ауру мал әлсін - әлсін қансырай береді. Мұндайға еркек жынысты малдар жиі шалдығады. Танаудан, іштен қан қанды тоқтату өте қиын, төл кезінде осындайларға душар болған малдар кейын өлімге де ұшырайды. Мұндай мал қосымша хирургиялық ауруға шалдықса, оны өлімнен құтқарып қалу өте қиын болады. Сондықтан хирургиялық операция алдында, операция кезінде және операциядан кейын осындай ауруға көп көңіл бөліп отыру қажет. Ауру малдарға аскорбин қышқылын беріп, уақытымен қан құйып отыру, қансырап тұрған жерді тығындап, фибрин пленкаларын кең қолдау арқылы қансырау процесін тоқтату керек.
Әсіресе бауыр ауруына шалдыққан, сарғайып кеткен малға қан құю қажет. Ондай малдарға қан ұюы төмендеп кеткендіктен, операциядан соң ішектен, танаудан қан кетеді. Кейде тері астындағы қан тамырларында қан кетеді. Мұндай жағдайды холемиялық қансырау деп атайды. Сарғайған малды операциядан бұрын қан құйып,азығын жақсартып,жемісіне К С витаминдерін қосып береді.
Айтылған себептерден басқа қансырау қантамырларының әлсіздігінен пайда болу мүмкін,қан тамырының қабырғасы әлсіз болса,тамыр жарылып,қан сыртқа шығады.Фосфор,бензол мен уланғанда,уремия,холемия жағдайына ұшырағанда,орталық жүйке жүйесінің қызметі нашарлағанда,қан тамырының төңірегіне,сыртына шығады. Жүйке және эндоркин мүшелердің қызметі нашарлағанда танаудан,емшектен,ішектен кеткен қанды викарлық қансырау деп атайды.

ІІ) Негізгі бөлім.
2.1 Қансырау және оның түрлері.
Көздің мүйізді қабықшасынан басқа барлық ұлпалар қан тамырлармен қамтамасыз етілген. Сондықтан да ұлпаның механикалық зақымдалуынан қансырау байқалады.
Қансырау. Қансырау ветеринарлық медицинаның ең өзекті мәселесі болып табылады. Қан кеткенде ағзалар мен ұлпалардың оттегімен арнайы қамтамасыз етілуі бұзылады. Аз мөлшердегі қан кетулер малдың өміріне аса қауіп туғызбайды. Ірі қан тамырлардың жарақаттануы қауіпті болып табылады. Алғашқы кезде малдың қан тамырының соғылуы, тынысы жиіленеді, көрінетін кілегей қабықтары бозарып көкшіл тартады, олар жатып қалып, кейіннен жағдайы ауырлап өліп кетуі де мүмкін. Мал түліктерінің қансырауға төзімділігі әр-түрлі болады. Ірі қара малмен, иттер төзімді келеді, ал жылқы қансырауды ауыр көтереді, ауру, арық малдар қансырауға төзімсіз келеді.
Қансырау (haemorrhagia) деп - қан тамыры қабырғасының зақымдалуы немесе өткізгіштігінің бұзылуы нәтижесінде, қан тамырларынан қан кетуді айтады.
Ішкі және сыртқы қансырау
Сыртқы қансырауда қан жараланған сәтте пайда болып, сыртқы ортаға ағады. Мұндай қан кету диагностикасы тез, әрі оңай болады.
Ішкі қансырау. Ішкі қан ағыс сыртынан білінбейді, қан ұлпаларға, дененің табиғи қуыстарына жиналады сондықтан оларды ұлпааралық немесе қуыс қан ағыс дейді. Қанның белгілі бір қуыста жиналуы арнайы атпен белгілі: Егер қан буын қуысына жиналса оны гемартроз, кеуде қуысына жиналса оны гематоракс деп қуыстың атына сәйкес атайды.Осындай қан ағыстарда мал әлсірейді, қан тамырының соғысы жиілеп, көзге көрінетін кілегейлі қабықтары бозарыңқы болады, демікпе байқалады, мал теңселіп, айдауға жүргісі келмей,жатуға тырысады.
Алғашқы қан ағысы - жара пайда болған сәтте болады. Кейде қан бірнеше минуттан әлде сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, оны кешігіп болған қан ағысы дейді.
Қайталанған қан ағысы-алғашқы қан ағысын тоқтатқаннан кейін ол қайталануы мүмкін. Оның себептері-алғашқы аққан қан жөнді тоқталмауында: пайда болған тромб қан ағысымен жұлынып кетуі:қосымша жарақаттану:жараны таңған дәкені өрескел шешу.ауыстыру ;жараның ішінде қалып қойған сүйек сынықтар мен және басқа бөгде заттармен жарақаттану: байланған қан тамырлардың басқа жерден үзілулері.
Септикалық қан ағыс-организм сепсиске ұшыраған жағдайда кездеседі. Оған себеп-қан тамырлардың дегенерацияға ұшыруы, вазоконсрикторлардың жартылай салдануы, организмде тромбокиназа қорытылуының азаюы.
Қансырауды топтастыру.
Қансырау көп топқа бөлінеді: Қан тамырдан ағып жатса оны анатомиялық қансырау дейміз. Бұл топқа артериялық, веналық, каппилярлық, паренхималық қансырау жатады.
Артериялық қансырау малдар үшін өте қатерлі.Себебі,азын аулақ уақыт ішінде қан тоқтату шаралары қолданылмаса, мал көп қан жоғалтып алады.Артериялық тамыр жараланғанда,қан жоғары атқылап,шашып ағады. Қанның түсі шымқай қызыл. Қансырау көп уақытқа созылса, қан шашуы әлсірей бастайды. Қан тамырдың қиылған өзегінің бірінен ғана ақса, кейде қиылған өзегінің екі жағынан да ағуы мүмкін. Мысалы-ұйқы тамыры жараланса, қан қиылған тамырдың екі шетінен де шапшып ағады.
Веналық қансырау. Вена қан тамыры жараланса,қан шапшымай жайлап,біркелкі ағады,түсі қызыл. Қан жараланған тамырдың тек төменгі шетінен ғана ағады. Жүрекке жақын, кеуде қуыстарындағы қан тамыры жараланса,қауіпті жағдай тууы мүмкін. Яғни жараланған тамырға ауа кіріп, ауа эмболиясы атты жағдай туып, мал өлімге шалдығуы ықтимал. Сол себептен кеуде төңірегіндегі жараны тез арада матамен жауып, кеудеге ауа кіруін болдырмау керек. Веналық тамыр жараланғанда қан ағуы өз бетімен тоқтайды немесе жараланған аяқты көтерсе, қан тоқтату үшін соның өзі жеткілікті.
Каппилярлық қансырау деп ұп-ұсақ артерия мен қан тамырларының ең жіңішке бөлімшелерінен аққан қанды айтады. Жараланған жердің ұлпалары қансырап тұрады. Қан ұю процесі нашарламаса, қансырау өз бетімен тоқтайды.
Паренхимиялық қансырау дегеніміз - паренхималық органдар жараланғанда пайда болады. Бұл каппилярлық қансырауға ұқсас, бірақта өте қатерлі, себебі, ұсақ қан тамырларының өзегі жабылмайды. Сондықтан қан тоқтату қиынға түседі. Қансырап тұрған бауырды операция кезінде қара ет, фасция, фибриндік пленкалармен жауып, тығындап, қан тоқтату әрекетін жасаса, өкпенің жараланған жерін тігеді, ал көк бауырды операция кезінде алып тастайды.
Анатомиялық қансыраудан басқа қансырауларды топтастырсақ, механикалық қансырау, тамыр қабырғаларының әр түрлі ауру себептерінен өзгеруі, қан құю процестерінің өзгеруінен, сыртқы атмосфералық қысымының азаюы не ұлғаюы, фосфор, бензол сияқты химиялық заттармен улануы сияқты әр түрлі себептерден қансырау пайда болатынын айтқан жөн.
Сонымен қатар дене сыртына аққан қанды сыртқа қансырау дейді. Ішкі қансырау мен бірге жасырын атты және бір түрлі болатынын айта кеткен артық емес. Жасырын қансыраудың сырт белгісі болмайды да,қансырап тұрған тамырды болжап білу қиын. Ауру малдың жалпы белгілрімен жорамалдар отырып, арнайы бақылау әдістері мен қансыраған жерді анықтайды.
Уақытқа байланысты қансырауды алғашқы қансырау деп бөледі. Алғашқы қансырау мал жарақатқа, жаралануға жалынған кезден басталады. Қайталап қансыраудың өзі екі түрге бөлінеді. Бірі-ерте қайталап қансырау болса, ол жараланғаннан кейін бірнеше сағат немесе екі тәулік ішінде пайда болады. Яғни қан түйіршіктері мен тамыр өзегі бітеліп қалып,қан тоқтағаннан кейін біраз уақыттан соң,қан қысымы көтерілгенде орнынан қозғалып кетіп,қайталап қансырау басталады. Ерте қайталап қансырау жарадағы микробтар жараны іріңдеткенше пайда болады. Ал қансыраудың кеш қайталап пайда болу себебінің бірі - жараның іріңдеуі. Ірің қан тамырының өзегін балқытып жібергендіктен немесе тамырдың ішіндегі қан түйршіктерінен пайда болған тромб балқып қайтадан қансырау басталады. Кеш қайталап қансырау операциядан кейін үшінші күні немесе бірнеше жетіден кейін басталуы мүмкін. Қайталап қансыраудың себептері көп, солардың кейбірі: а) операция кезінде жараланған қан тамыры толық байланбауы; ә) қан қысымы күрт өзгеріп жоғарылап кету; б) қанның ұю процесі нашарлап, химиялық қасиеті өзгеріп, витамин жетіспегендіктен; в) жарадағы құрғап қатып қалған танғышты қалай болса солай жұлып алу; г) жара төңірегіндегі қан тамырына тромб бітеліп қалып және ол ерігенде, жараның іруі, шіруі, жараға анаэробтық микробтардың енуі, сіңуі; ж) жараның ішінде бөтен заттар-тас, темір, ағаш қалуы және олар қан тамырының қабырғасын көп уақыт жатқандықтан тесіп жіберуі.

2.2 Қансыраудың клиникалық белгілері мен қауіптілігі.
Қыңсыраудың белгілері көп - ақ. Қансыраудың белгілері жараланған жердің көлемі, оған байланысты жараланған қан тамыр өзегінің диаметірі. Малдың қансырауына қанша уақыт өтті, қаншалықты қан жоғалтты және жоғалған қан іш құрылымына ақты ма, әлде сыртқа қарай кетті ме, міне осы жағдайлардың бәріне байланысты.
Қансыраудың белгілері екіге бөлінеді. Біріншіден, қанның айырылған малдың жағдайы нашарлап, өзгерсе, оны жалпы өзгеріс белгілері деп, екіншіден, жара төңірегіндегі өзгерістерді жергілікті өзгеріс белгілері деп атайды.
Жерілікті белгілер әр түрлі болады. Бұл белгілерді анықтау үшін қай қан тамырларының жараланғанын, ол тамырдың қасында қандай мүше, қуыс, мүшелерінің тұрғанын, қан құйылған жерде қандай органның қаншалықты нашарлап, өзгеріске ұшырағанын білу ләзім. Бас сүйектің ішіне қан құйылса, малдың аяқтары жансызданып, есінен танады. Кеуде қуысына қан құйылса, малдың тынысы тарылып, кеуденің қан құйылған жағы дем алу, тыныс алу процесінде артта қалып, кеудеге фонендоскоп қойып тыңдаса, өкпе қызметінің шуы әлсірегенін байқауға болады. Қан құйылған кезде соның төңірегіне алақанды қойып, оның үстінен саусақпен шеріп байқаса, дыбыстың сау малдыкынен мүлде өзгеріп, тұншығып шығатынын білуге болады. Осы әдіспен қанның кеуде қуысына қаншалықты көп құйылғанын, өпенің қаншалықты қысылып, тыныс алу процесінен бөлек қалғанын анықтауға болады. Ал осы төңіректі инемен піскілесе, ине кірген жерден кеуде қуысына құйылған қан шыға бастайды. Жүрек қабына құйылған қан жүректің сыртындағы қапты кеңітіп жібереді. Қан құйылуына байланысты жүрек қызметі нашарлап, күре тамырында қан қысымы жоғарылайды. Жүрек құйылған қанның әсерінен қыспаққа алынып, өзіне тән қызметін атқара алмайды. Егер де жедел түрде операция жасап, жүрек қалпы тіліп жиналған қанның тазартпаса, мал өлімге ұшырайды. Жалпы тамыр соғын санаса жиі келеді, бірақ жүрек төңірегін саусақтармен тоқылдатса, жүрек қабының кеңігенін дыбыстан айыруға болады. Осынай дыбыс өзгеріп, дыбыстың тұншығуы көбейе түседі.
Буынға қан құйылған малдың жалпы жағдайы айтарлықтай өзгермейді, қансыраудың жалпы белгілері де көзге түспейді. Бірақта қан құйылған буынның көлемі ұлғайып, аяқтарын қозғалтса, ауру үдей түседі, буынына қан құйылған аяқтарды басу ынғайсыз, мал шыдамайды. Тағы бір белгі - қан құйылған ісіктің екі жағына алақан салып, бір алақанның саусақтарымен ісікті тез түртіп қалса, ісік ішіндегі сұйық екінші қолдың алақанына толқын сияқты келіп соғады.
Қарынның ішкі құрылымы, қуыстарының көлемі үлкен болғандықтан іш қуысындағы органдар, олардың қан тамырлары жараланғанда, қансырау белгілері бірдей пайда болады. Іш қуысындағы органдардың ең сезімталы көк бауыр. Көк бауыр жараланғанда да, асқазан - ішектердің қан тамырлары жараланғанда да, іш қуысына көп болып қан құйылса да, белгілері бірдей - яғни организм қансызданып қалады. Осындай жағдайға іш қуысында орналасқан бауыр, көк бауыр, ұлтабар, ащы ішек пен ток ішек, қуық, жыныс мүшелердің құрылымы ұшырайды.
Іш қуысына қан жиналғанда, сол жерді басса тұншықпа дыбыс пайда болып, ауру мал тұрған орнын ауыстырса, осы дыбыстың естілуі өзгереді. Қарын ішіне қан кеткенде тамыр соғуы және тыныс алуы жиілеп, деміге түседі. Іш құрылымдары қатты ауырады. Ішек - қарынды басып көрсе, олардың еттері жиырылады.
Пальпация жасап, басып көргенде, анықтауға болатын жерлерге қан құйылған, сол жердің көлемі ұлғайып, ісік пайда болады - мұны гематома дейді. Көлеміне байланысты гематоманың бірнеше түрі болады. Терінің әр жерінде нүкте сияқты құйылған қанды - петехия, тері жолақтарын, қан едәуір мөлшерде құйылып көгерген жерді - экхимоз, көлемділеу жайылып, шеттері көрінбейтін белгісіз құйылуды - suggilatio деп атайды. Гематома үлкен болса, ол астында қалған қан тамырын басып, қысып тастайды, содан қан жүрмей қалады да, сол ісіктің төменгі жағын басып қараса, тамыр соғуы жоғалып кетеді. Қан ісігінің бетіндегі тері не көгереді, не бозарып, сұп - суық болып тұрады. Қан ісігі бар жердегі зардап қатты болғандықтан ауру мал шыдай алмай ыңқылдап жатады.
Қан ісігі жараланған қан тамырының өзегімен қатынасып тұрса, тамырдың әр соғуына орай қан ісігі де солқылдап тұрғанын байқауға болады. Уақытында, яғни дер кезінде көмек көрсетілмесе, осындай ісік қан тамырды басып, қысып тастайды да, ісіктен төмен жердегі ұлпаларға қорек зат , оттегі келмегіндіктен өледі, жансызданады.
Қансыраудың сырт түрін білу қиын емес, себебі, шаншып, атқылап тұрған қанды көрген мал дәрігеріқай қан тамырының жарақатқа ұшырағанын біледі. Ал қансыраудың ішкі, әсіресе жасырын түрін анықтау оңайға түспейді. Қансыраудың себебін, түрін анықтау үшін, ауру малдың мәліметтерін жинайды, аурудың белгілері, организмнің жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлпаларды ығыстыру
ҚАН КЕТУ ТУРАЛЫ. ҚАНСЫРАУДЫ ТОПТАСТЫРУ
Балонопастит, фимоз, парафимоз және оның емдері
Қансырауды тоқтату
Асқазан-ішек ауруларының профилактикасы
Жаралардың жіктелуі
Сарпай мен қынаптың жарақаттары
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Қаналмастырушы
Қолдан және аяқтан кеткен қанды қысқа уақытқа, уақытша және тұрақты тоқтату әдістері
Пәндер