Тыныс алу мүшелеріне әсер етуші дәрілік заттар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау» пәнінен жазылған «Тыныс алу мүшелеріне әсер етуші дәрілік заттар» атты курстық жұмысым 29 беттен тұрады.

Курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.


Жоспар:

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Әдебиетке шолу . . . 4

ІІІ Негізгі бөлім

3. 1 Жоғары тыныс жолдары аурулары . . . 6

3. 2 Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер . . . 16

3. 3 Тыныс алу орталығының аналептиктері . . . 24

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

І. Кіріспе.

Адам мен жануарлардың ортасында әртүрлі ауруларды қоздыратын микроорганизмдер кең таралған. Қазіргі күнде осындай қоздырғыштардың 1000-нан астам түрі белгілі. Ауруларды қоздыратын микроорганизмдердің тобына қарапайымдылар, бактериялар, спирохеталар. рикетсиялар, вирустар, саңырауқұлактар кіреді. Ауруларды қоздыратын микроорганизмдермен күресу үшін әр түрлі дәрілік препараттарды пайдаланады. Бұл препараттар келесі топтарға жатады:

  • залалсыздандырған заттар - ортадағы зиянды микроорганизмдерді жояды;
  • антисептикалык заттар - адамға енген аурудың қоздырғышына әсер етеді;
  • химиотерапевтік заттар - адам мен жануарлар ағзасының жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының және ісік жасушаларының тіршілігін тежейді, ал микроорганизмдердің негізгі процестеріне әсер етпейді.

Дәрілік препараттарды қолданып ауруларды емдеу химиотерапия деп аталады. Химиотерапияның негізгі кезендері: 1909 ж. сальварсан деген бірінші химиялық препарат ауруды емдеу үшін ұсынылды. 1935 ж. сульфамидтік препараттарды, 1942 ж. антибиотиктерді, 1945-1950 жж. туберкулезға қарсы әсер ететін химиялық заттарды, 50-ші жылдардан бастап ісіктерді емдеу үшін химиялық заттарды клиникада кеңінен пайдаланатын болды.

Химиялық заттар бактерияларға, вирустарға, саңырауқұлақтарға, ісіктерге әсер етеді, бактерицидтік және бактериостатикалық топқа бөлінеді.

Бактерицидтік заттар микроорганизмнің тез өлуіне себеп болады. микроорганизмдердің цитоплазмалық ақуыздарын өзгертеді, ақуыз молекуласы олардың әсерінен қайтымсыз денатурацияланады. Бұл заттардың әсерінің ерекшелігі болмайды, әр түрлі микроорганизмдерге әсер етеді. Бактерицидтік заттар адам ақуыздарымен де әрекеттеседі, сондықтан олардың әсерінен адам ағзасының ұлпалары да зақымдануы мүмкін. Бактерицидтік заттарды дезинфекция үшін пайдаланады.

Бактериостатикалық заттар микроорганизмнің биохимиялық процестеріне әсер етеді, олардың дамуы мен өсуін тежейді. Микроорганизмдердің өсуі мен ұрпақтануы үшін қолайсыз жағдай туады. Бактериостатикалық зат белгілі бір микробтың түріне ғана өзінің әсерін көрсетеді, себебі әр түрлі микробтардың зат алмасу процестерінде айырмашылығы табылған. Бактериостатикалық заттың әсерінен адам ұлпалары зақымданбайды.

Адам мен жануарлардағы жұқпалы ауруларды емдеу үшін кең пайдаланатын заттардың тобына антибиотиктер жатады. Бірінші рет антибиотик препараты екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қолданбалы пайдаланылды. Сол уақыттан химиятерапия тарихында жаңа кезең басталды

ІІ. Әдебиетке шолу

Тақырып бойынша қарастырылған төмендегі әдебиеттерге шолу жасадым: Ж. Шоқыбаевтың «Химиялық препаратты мал шаруашылығында қолдану» кітабында мал шаруашылығына зиян келтірілген насекомдарға, мал ауруларына, ішек құрттарына қарсы қолданылатын химиялық препараттар жайлы жан-жақты сөз болады.

Қ. Б. Орынтаев Д. Е, Арзымбетов Зардапты анаэробтар тудыратын инфекциялық аурулар оқу құралында анаэробтардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері мен оларды өсіру ерекшеліктері туралы мәліметтер келтірілген. Ауылшаруашылық жануарларының кейбір инфекциялық ауруларына сипаттама берілген, қоздырушылардың биологиялық қасиеттері, зертханалық әне ажыратып балау әдістері дәйектелген.

Ғ. Абсатиров, Т. Боранбаева Ветеринариялық микробиология практикумында жануарлардың жұқпалы ауруларын зертханалық жағдайда анықтау әдістері қарастрылған. Зертханалық - тәжірибелік сабақтар өткізу барысында пайдаланылған қажетті құрал-жабдықтар мен жұқпалы аурулардың қоздырушыларының морфологиялық, бактериологиялық, биохимиялық, серологиялық, патогендік қасиеттерін анықтау тәсілдері жазылған.

Н. А. Заманбеков А. А. Байниязов Фитофармакология оқулығының жалпы бөлімінде дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы, химиялық құрамының өзгергіштігі, фармакологиялық белсенді заттар, дәрілік өсімдіктерді іздестіру, олардың қоры, тиімді пайдалану, дәрілік өсімдіктердің шикізаттарына дәрілерді дайындау әдістері және дайындау процесінің негіздері туралы мәліметтер толығымен айтылады. Арнайы бөлімінде жекелеген дәрілік өсімдіктердің малдың әртүрлі ауруларына қарсы әсер етуі жан жақты жазылған.

Ж. І. Қазиев Ветеринариялық рентгенология оқулығында жануарлардың ауруларын алдын алуда және дәл анықтап балауда кеңінен қолдануы туралы баяндалады. Бұл оқулықта рентген физикасы, рентген техникасы мен рентген сәулесінің көмегімен жүргізілетін тәсілдерді пайдаланыа, жануарларды зерттеу жолдары жазылған.

Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы оқулығында жануарлар мен құстардың ауруларын анықтау үшін уақыт талабына сай келетін клиникалық, лабораториялық, арнайы зерттеу әдістері келтіріліп, оларды іс жүзінде қолданудың нәтижесінде дұрыс диагноз қою жолдары және малды диспансерлеу негіздері баяндалған. Оқулық «Ветеринариялық медицина» және «Ветринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының студенттері мен малдәрігерлік мамандарына арналған. Пікір жазған ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Қожанов К. Н.

Ж. С. Кіркімбаева, Қ. Б. Орынтаев Малдың жұқпалы ауруларын балау оқулығында жануарлардың жұқпалы ауру қоздырушыларын морфологиялық, тинкториялдық, өсінділік, биохимиялық, антигендік және патогендік қасиеттері бойынша ажырату әдістемелері берілген

Фармакология оқулығы екі бөлімнен тұрады: жалпы фармакология және жеке фармакология. Жалпы фармакология дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары, олардың фармадинамикасы мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, әсер ету түрлері, дәрілік заттардың организмдегі биотранформациясы, егу, бөліну жолдары және басқа да мәселелері айтылады. Жеке фармакологияда әрбір жеке дәрілік заттың жоғарыда аталғандардан басқа физикалық, химиялық қасиеттері, әсер ету ерекшеліктері жан-жақты, егжей-тегжейлі сөз болады.

М. А. Молдағалиев, Ө. К. Есқожаев, Н. А. Заманбеков Жануарлар ішкі аурулары оқулығында жануарлар мен құс терісі бағалы аңдардың ішкі аурулары толығымен қамтылған. Жануарлар ауруларын диагностикалау, емдеу мен сақтандырудың заман талабына сай әдістері келтірілген.

Б. Т. Толысбаев, Р. Ж. Мықтыбаева Ветеринариялық санитарлық микробиология оқулығында микробиология ғылымының даму кезеңдерін, санитриялық микробиологияның міндеттерімен санитарлық биологиялық лабораториялар және бес бөлімнен тұратынын жазып көрсеткен.

С. Қ. Шәуенов «Зоотехника негіздері» кітабында морфология мен физиология мал шаруашылығындағы зоогигиенасы берілген. Деректемедегі суреттер сол әдебиеттерден алынған, соңында тіршіліктануға байланысты қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздік те бар.

К. Қожановтың «Жиі кездесетін төл аурулары және оларды емдеу әдістері» оқулығында малда кездесетін ауруларды анықтау, сақтандыру шаралары, комплексті түрде емдеу әдісі туралы баяндалады.

«Ветеринария негіздері» кітабында профессор А. Қ. Бұлашев мал организміндегі физиологиялық процесстердің өту ерекшеліктері, анықталған ауруларға ем шаралар жасау баяндалады.

Б. Қ. Ілиясовтың «Алғашқы ветеринариялық жәрдем» кітабында мал мен жануарларды бекемдеу, ветеринарияда қолданылатын дәрі-дәрмектар, мал ауруларына көрсетілген алғашқы ветеринариялық жәрдем туралы жазылған.

«Медициналық және ветеринариялық биотехнология» атты оқу құралы ҚазҰУ-дың биология факультетінде автор оқитын дәрістер материалдарының негізінде жазылған. Оқу құралында медицина мен ветеринарияда пайдаланылатын заттардың құрылымы, қасиеттері, қызметі, иммундық жүйенің құрылысы, негізгі элементтері туралы жалпы түсініктер берілген. Антибиотиктер, гормондар, дәрілік белоктық препараттар мен вакциналарды алудың биотехнологиялық тәсілдері келтірілген. Молекулалық диагностика мен молекулалық емдеу әдістері қарастырылған.

ІІІ Негізгі бөлім

3. 1 Жоғары тыныс жолдары аурулары

Тыныстану жүйесі ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі: малдарды күту мен азықтандыру технологиясы бұзылуларынан организмнің сыртқы әсерлерге қарсылық күшінің төмендеуі (уыз еметін және сүтпен қореқтенетін кезеңдерде азықтандыру мөлшерлерін сақтамау, ыстықтық-ылғал тәртібінің бұзылуы, салқын тигізу, ауаның шаңдануы немесе газданып кетуі, серуендетпеу т. б. ) және микроорганизмдер әсері.

Тыныстану жүйесі ауруларын дұрыс және дер кезінде анықтап, оларға нәтижелі ем қолданып, алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін тыныс жолдары мен өкпенің атқаратын әр алуан қызметтерінің физиологиялық мәнін анық түсіне білу керек. Тыныстану ағзалары жүйке жүйесі, қан және лимфа арқылы организмдегі барлық жүйелермен өте тығыз байланыста. Тыныстану ағзалары дерттелінсе, жүрек қан-тамыр; азық қорыту, несеп шығару және басқа да жүйелердің қызметтері өзгереді. Тыныстану ағзалары ауырса, өкпелерге ауаның аз келуінен алмасуы нашарлап, ентігу пайда болады. Ауа алмасуы бұзылғанда өкпе қызметінің кемістік белгілері үш түрлі дәрежеде өтеді: 1- ентігу, малға ауыр жұмыс істегеннен кейін ғана пайда болады; 2 -ентігу, малға аздап болса да салмақ түсіргеннен кейін де байқалынады; 3 - ентігу, жұмыс істемей тыныштық күйінде тұрса да тұрақты естіліп тұрады. Өкпелер кемістіктері бірінші және екінші дәрежелерінде өтсе, газ алмасуының бұзылғандығы онша сезілмей, кемістігі өтелініп, оттегінің жетіспеушілігі байқалмайды. Өкпелер кемістіктері үшінші дәрежеде өтсе, ұлпаларда ауаның жеткіліксіздігі (гипоксия) басталады, яғни қан мен ұлпалардың оттегімен қанығулары төмендейді, осы құбылыстардың сырт белгілері ретінде малда жалпы әлсіздік пайда болып, көрнекті кілегейлі қабықтары көгереді; бұл кемістіктер малды талмаға душар етіп (коматозды жағдайға) өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Малдың жас шамалары мен түрлеріне байланысты өтетін тыныстану жүйесі ауруларының кейбір ерекшеліктерін есепке алған жөн. Төлдерде тыныстану жүйесі аурулары айқын белгілермен өтіп, көбінесе өлім-жітіммен аяқталады. Тақ тұяқты малдарда өкпе қабынулары, ағзалардың морфологиялық құрылысының ерекшеліктеріне байланысты, ылғи да кең таралып тез өтуімен сипатталады (альвеолар беттерінің үлкендігі, қылта-мыршалардың көпшілігі, өкпелердің бөліктік кесіндіге бөлінбеуі, дәнекер және шеміршекті ұлпалардың жақсы жетілмеуі т. б. ) . Тыныстану жүйесі ауруларын, анатомиялық принципке негіз деп, екі топқа бөледі (бөліну жеке таблицада келтірілген) . Олар тыныс жолдарының ауруларына (танау қуыстарының қабынулары, гаймор қуыстарының қабынулары, сірі қабықтардың қуыстарына ауаның толуы, сірі қабықтардың қуысына сары судың жиналуы, өкпені ауаның кернеуі) бөлінеді.

Ринит (Rhinitis) - танаулардың кілегейлі қабықтарының қабынуылары. Танау қабынулары қабынбаның сипаттарына байланысты кілегейлі қабығы бетінің қабынуына (катаральный), фибриннің кілегейлі қабығына жиналып қабаттануына (крупозный) және бездердің қабынуына (фолликулярный) ; өтуіне байланысты -жіті және созылмалы; пайда болуына байланысты - негізгі және туындаған түрлерге бөлінеді. Бұл аурумен малдың дерлік барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Мал көбінесе катаральді қабынумен ауырады, крупозды және фолликулярлы қабынулар сиректеу кездеседі, ал кездескен жағдайларда жылқыларда болады.

Себептері. Танаудың қабынуларына малды күту мең азықтандыру тәртібінің бұзылулары себепкер болады. Шошқалар мен ірі қара малдарда танаудың қабынулары, көп жағдайларда, механикалық, ыстық-суықтың немесе химиялық қоздырғыштардың әсер етулерінен пайда болады (құрғақ азықтарды жегенде көтерілген шаңмен тыныстану, аммиакпен қаныққан ауамен не ыстық бумен тыныстану, ыстық азықты суытпай жегізу, аммиак ерітіндісімен өңделінген сүрлем шөптерді тез арада жегізу т. б. ) . Ал қой мен жылқыда танаудың қабынулары, күннің ыстық кезінде шаң жолдармен топтап айдағаннан пайда болады.

Танаудың қабынуларына салқын тию де себепкер болуы мүмкін (жел өті, ылғалдылық т. б. ) . Танаудың крупозды және фолликулярлы түрлерде қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер (стрептококктар, стафилококктар, вирустар) және организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі (аллергия) аса маңызды орын алады.

Танау қабынуларын бейімдейтін жағдайлар - азықтың құнарсыздығы, атап айтқанда, рациондағы каротиннің не ретинолдың аздығы, мал қораларының ластануы (ауадағы бактериялардың қалыптан тыс көбейіп кетуі т. б. ) . Танаудың туындаған түрде қабынулары басқа індетті, құрт немесе жұқпалы емес аурулардың асқынуларынан пайда болады.

Дамуы. Танаудың кілегейлі қабықтарының қабынулары танау жолдарын ісіндіріп, экссудатқа толтырады, сөйтіп ауаның өтуіне кедергі жасайды да, тыныстану кемістіктерін туғызады. Қабынудан бұзылған зат алмасуының қалдықтары мен өрбіген микробтар уыттары қан мен лимфаға сіңіп, организмді уландырады, жалпы жабырқандырып қызуын көтереді. Себептерін жойып ем қолданбаса, қабынулар көршілес орналасқан косалқы қуыстарға, жұтқыншақ пен көмейге ауысып жайылып кетуі мүмкін.

Симптомдары. Танаудың кілегейлі кабықтары беттерінің қабынулары жіті түрде өтсе, малда аздаған ғана жабырқаушылықтың белгілері байқалады, дене қызуы қалыпты шама төңірегінде болып не 0, 5-1 0 С дейін ғана көтеріледі, азыққа деген зауқы көп өзгермейді не аздап қана төмендейді. Мал пысқырынады.

Емі. Фермада, танаулары қабынған ауру малдар пайда бола бастаса оларды тудырған, не себепкер болған жағдайларды жоюға әрекет жасайды. Көңілді, әсіресе қорадағы ыстықтық-ылғалдылық тәртібін сақтауға, жел өтін туғызбауға бөледі, малдардың астын төсенішпен қамтамасыз етіп, ауадағы жиналған артық аммиакты және күкіртті сүтекті азайтуға шаралар қолданады. Шаң басқан, не өткір иісті азықтарды бермейді. Азықтарды аммиакты сумен өңдеу ережелерінін қатал сақталуын қадағалайды. Танаулардың кілегейлі қабықтары талаурана қабынғанда танау қуыстарын 0, 25 %-ды новокаин, 3 %-ды бор қышқылы, 5 %-ды натрийдің бикарбонат ерітінділерімен немесе өсімдік майына дайындалған 2 %-ды ментол ерітінділерімен жуып-шаяды. Экссудаттың кепкен қабығын аталынған ертінділердің біреумен мақтаны дымқылдап алып тастайды. Танаудың қабынуының бастапқы кезеңінде танау қуыстарына кезекпе-кезек майдаланған стрептоцид, норсульфазол, сульфадимезин, этазол не висмут нитратының ұнтақтарын үрлеп енгізеді. Қабыну созылмалы түрде өтсе танау жолдарын бір апта бойы тәулігіне бір реттен 1 %-ды күміс нитраты ертіндісімен не хлорлы цинкпен жуып-шайып тұрады. Итке пипеткамен танауына 1 %-ды минтолдың майдағы ерітіндісін тамызады. Қабыну крупозды не фолликулярлы түрде өтетін болса, онда танаулардың өздерін емдеумен қатар бір дүркін антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қолданған жөн. Егерде ринит инфекциялык және инвазиялық аурулардан болған болса, онда дәрі-дәрмектермен емдеуден бөлек осы аурулармен тиісті күресу шараларын жүргізеді. Сақтандырудың мағынасы малдарды өсіру технологиясын, күтім және азықтандырудың ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Көңілді, әсіресе кілегей қабықтарын тітіркендіретін себептерді (шаң-тозаң, ыстық ауа, өткір иісті азықтар, аммиак, көп жиналған ауа т. б. ) азайтуға көбірек көңіл бөледі. Жоғарғы жақ қуыстарының кілегейлі қабықтары қабынуы (Гайморит-Hiqhmoritis) және маңдай қуысының қабынуы (Фронтит-Frontitis) сирек кездеседі, ал кездескен жағдайда басқа аурулардың зардабынан пайда болады.

Себептері. Қосалқы қуыстардың кілегейлі қабықтары, айналасындағы жағалай жалғасып жатқан ағзалар - танаулар, бет сүйектері, тіс, көмей және жұтқыншақ дерттенгенде, олардан таралған ауру қоздырғыштары (микробтар) қабындырады. Суық тию және А витаминінің жеткіліксіздігі аурудың дамуына себепкер болады.

Дамуы. Қосалқы қуыстарға түрлі экссудаттың (катаральді, қоймалжың-іріңді т. б. ) жиналуына байланысты денеге қабынба уыттары тарап, тыныстану, азық қорыту, қан айналу жүйелері қызметтерін бұзады.

Симптомдары. Қабынбалардың екеуі де, көбінесе созылмалы түрде өтеді және ылғида сыңар жақтары ғана дерттелінеді. Зақымдану дәрежесіне байланысты ауру малдар жабығады, мазасызданады, азыққа тәбеті тартпайды, өнімділігі және жұмысқа қабілеттілігі нашарлайды, дене қызуы қалыпты шаманың жоғарғы көрсеткіштер деңгейінде болады не аздап көтеріледі. Бір жақ танауынан қоймалжың, ірінді өткір, сасық иісті ақпалар ағады. Ақпа мал басын еңкейткенде көбейе түседі. Гаймор және маңдай қуыстарын қолмен басқанда малдар ауырсынып мазасызданады. Балғашықпен тықылдатқанда анық естілетін ашық дүңкіл дыбыстың орнына бәсеңденген күңгірт дыбыс естіледі. Кей жағдайларда әсіресе қабынулар созылмалы түрде өткенде қосалқы қуыстар тұсындағы сүйектердің пішін үйлесімдері өзгеріп кетеді.

Балау. Ауруға тән сырт белгілеріне негізделеді. Емі: Қосалқы қуыстар қабықтарының қабынуын жоюға бағытталады. Ауру жіті өткен жағдайда қолданатын емнен жақсы нәтиже алу үшін аурудың бастапқы кезеңінде оны тудырған себептерді жойған жөн. Созылмалы түрде өтетін қабынуда хирургиялық ем қолданылады: жақ және маңдай қуыстарын, жылқыларда болатын ауалы қапшықтарын теседі. Тескен тесіктер арқылы жиналған экссудатты сыртқа шығарып, қуыстарды бірнеше қайтара микробтарға қарсы қолданылатын дәрілермеи 0, 2 %-ды этакридин ерітіндісімен жуып-шаяды. Осы әрекеттермен қатар бір дүркін антибиотиктер және сульфаниламид препараттарымен емдейді.

Аэроцистит (Catarrhus sacci aerophoqi) - жылқыда ауа қапшықтарының катаральды қабынуы. Ауру ауалы қапшықтардың кілегейлі қабықтарының талаурана (катаральді) немесе талаурана (катаральді) іріңді қабынуымен және ауа қапшықтары қуысына экссудаттың жиналуымен сипатталады.

Себептері. Ауру ылғи да, қосалқы ретінде жұтқыншақ және шықшыт бездері (паротит) қабынғанда ауру қоздырғыштарының, оларды жалғастырып тұратын, Евстахиев өзекшесі арқылы таралғандығынан пайда болады. Аурудың пайда болуына ауа қапшықтары тұстарының ұрылып зақымдалуы не өткір заттар мен тесілуі себепкер болады.

Симптомдары. Ауру жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрде өткенде ауру мал жабығады, азыққа тәбеті төмендейді, ауырсынады, ауалы қапшықтардың тұсы домбығып ісінеді, басын көтеріп ұстап, мойнын созып тұрады. Созылмалы түрде өткенде ылғи танау тесіктерінің бір жағынан қоймалжың кілегейлі-іріңді, көбінесе сасық иісті ақпа ағып тұрады. Басын еңкейткенде не қапшықтар тұсын басқанда ақпа көбейе түседі. Ауалы қапшықтардың қабынуы ылғи да сыңар түрде өтеді. Қапшық қуысына экссудат көп жиналған кезде қатты ентікпе пайда болады. Жиналған экссудатты қуыс ине арқылы сыртқа шығарса, ентікпе басылады.

Емі. Антибиотиктер енгізеді. Қабыну созылмалы түрде өтсе, хирургиялық ем қолданады. Қапшықты тесіп микробтарға қарсы қолданатын дәрілермен ішін жуып-шаяды.

Сақтандыру. Жылқыларды желке тұсының ұрынуынан, жарақаттануынан сақтайды. Ринитті, гайморитті, фронтитті, фарингитті, құлақ маңы, безінің қабынуын дер кезінде емдейді.

Ларингит (Larynqitis) - көмей кілегей қабығының қабынуы. Пайда болу себептеріне байланысты өздігінен және туындаған, өту барысы бойынша жіті және созылмалы, экссудаттың сипаты бойынша катаральді және крупозды (фибринді) түрлеріне бөлінеді. Катаральді (шырышты қабының) қабыну малдардың дерлік барлық түрлерінде де кездесе береді, ал крупозды қабыну сирек кездеседі, кездескен жағдайдың өзінде көбінесе жылқылар арасында ғана байқалады.

Себептері. Өздігінен пайда болатын көмей қабынуы Малдарды азықтандыру және күту технологиясының бұзылғандығынан болады. Ауруды 150 тікелей тудыратын себептер де біршама бар, олар: суыққа шалдықтыру, көмей кілегей қабықтарына тітіркендіргіштердің әсер етуі, ірі қара малды тастай суық сумен суғару, шошқаларды ыстықтай азықтандыру, көп мезгіл тітіркендіргіш газдармен, шаң-тозаңды ауамен тыныс алдыру. Малдарды спирт-сыра қайнату өндірісі қалдықтарымен азықтандыруға организмді бірте-бірте үйретпей, аяқ асты көшіру жаппай ауруға ұшыратады. Көмей қабынуы малдарға дәрілерді аузы арқылы күштеп бергенде не өңешке зонд енгізгенде де пайда болуы мүмкін. Крупозды қабыну көмей кілегей қабықтарына күшті тітіркендіргіштердің әсер етуінен (аммиак, қышқылдар, сілтілер, ыстык түтін, қызып тұрған малдарға суық ауамен тыныс алдыру т. б. ) дамиды. Ауруды тудыруға малдарды бағып-күтуді нәзіктендіру және ретинолдың жеткіліксіздігі бейімдейді. Көмейдің қосымша туындаған түрдегі қабынуы басқа аурулардың асқынғандығының белгілері ретінде пайда болады. Крупозды қабынудың дамуына қоздырғыш микроорганизмдер мен дененің аллергиялық күйінің әсері көп.

Дамуы. Қабыну көмейдің кілегей қабықтарын ісіндіріп, қуысына экссудатты жинағандықтан оның саңлауы тарылып тыныстану процесін қиындатады. Егер, ауруды тудырған себептерді жоймаса не тиісті ем қолданбаса, ауаның жеткіліксіздігінен және қабынба қалдықтарымен дененің улануынан малдар тұншығып өліп қалуы мүмкін.

Симптомдары. Көмей катаральді түрде кабынғанда аурудың жалпы күй-жайы көп өзгермейді не аздаған ғана жабырқағандық байқалады, азыққа деген тәбеті де бірқалыпты, аздап төмендеуі мүмкін, дене қызуы қалыпты шама деңгейінде болады, не аздап қана көтеріледі (субфебрильді) . Жылқылар мен ірі қара малдар мойындарын созып, бастарын еңкейтіңкіреп ұстайды. Көмей тұсын сипағанда, тез қимыл жасағанда аурудың бастапқы күндері құрғақ жөтел пайда болады, кейінірек ол қақырықты күркіл жөтелге айналады. Крупозды қабынғанда жалпы жабырқағандық белгілері айқын көрінеді, азыққа тәбеті жоқ, дене қызуы 1-2°С дейін көтеріледі, тыныс алысы ауырлап ысқырынып шығады, көмейді қолмен басқанда қатты ауырсынады, көмейдің тұсы ісініп домбығады, жөтелгенде фибрин талшықты қақырық түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эфферентті нерв ұштарына әсер ететін заттар
Жеткіншек жастағы балалардың психикасына психотропты заттардың әсері
Препараттың токсикалық әсері
Қанның ұюы
Дәрілік заттар түрлері
Дәрілік түрді ағзаға енгізу жолы және агрегаттық жағдайы бойынша жіктелуі
Жалпы фармакология
Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларының дәрілік өсімдіктері
Алғашқы ветеринариялық көмек
Altheae officinalis L (Дәрілік жалбызтікен) өсімдігі вегетативитік мүшелерінің онтоморфозгенезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz