Қазақ педагогтары



ЖОСПАР

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.

2.1 XVII.XVIII ғғ батыс педагогтары.

2.2 1930.1970 жылдардағы қазақ педагогтары.

III. Қорытынды.
Кіріспе.

30-жылдардың басында кеңестік Ресейде педология ғылымы өріс алды. Педология гректің ( педос- бала, логос-оқыту) бала туралы ғылым деген сөзінен шыққан. Педология ғылымының пайда болуы бала психологиясы мен педогогикасына терең бойлауға байланысты. Бұл туралы ойлар өткен ғаспырдың жиырмасыншы жылдарында Батыс Еуропада С. Холл, В. Приер т.б ал Ресейде А. П. Ничаев т.б жазушылардың еңбектерінде теориялық негізіне баланың дамуы алдында да, адамның да ақылды я ақымақ алғыр немесе болбыр болуына оның биологиялық ішкі өсу жағдайы әсер етеді. Оның негізгі әке шешесінің тұқымына байланысты деп қарады. Бұл идея барлық ғалымда оның ішінде әсіресе қоғамдық ғалымдарда таптық идеология үстемдік етіп тұрған маркстік – лениндік теорияға сай келмеді.
Мектептің жойылу жөніндегі педологтарды ңкөз қарасын әшкерлеуге арналған ВКП (б) орталық комитеттің 1931 жылы 3 қыркүйектегі қаулысында бұл көзқарас қатаң сыңға алынды. Баланы тәрбиелеудегі тектілік мәселесін ғылыми негізсіз деп қарап қоғамдық тәрбиеге, тәрбиедегі ортаның рөліне басты көңіл бөлді. Коммунисттік тәрбиенің негізін салушы Макаренко, Н.К. Крупская еңбектеріне ерекше мән беріліп, комсомол, пионер ұйымдарының рөлін көтеру мәселесін күн тәртібіне мықтап қойылды. Яғни мектептегі оқу тәрбие ісі партиялық таптық тұрғыдан ғана қаралатын болды.
Пайдаланған әдебиеттер:



1. Педагогика оқу құралы Жалпы редакция: Басқарған Құдиярова. А.М. Алматы Дарын 2004 ж.



2. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы ( Оқу құралы) Алматы: Білім: 2003 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.

2.1 XVII-XVIII ғғ батыс педагогтары.

2.2 1930-1970 жылдардағы қазақ педагогтары.

III. Қорытынды.

Кіріспе.

30-жылдардың басында кеңестік Ресейде педология ғылымы өріс алды.
Педология гректің ( педос- бала, логос-оқыту) бала туралы ғылым деген
сөзінен шыққан. Педология ғылымының пайда болуы бала психологиясы мен
педогогикасына терең бойлауға байланысты. Бұл туралы ойлар өткен ғаспырдың
жиырмасыншы жылдарында Батыс Еуропада С. Холл, В. Приер т.б ал Ресейде А.
П. Ничаев т.б жазушылардың еңбектерінде теориялық негізіне баланың дамуы
алдында да, адамның да ақылды я ақымақ алғыр немесе болбыр болуына оның
биологиялық ішкі өсу жағдайы әсер етеді. Оның негізгі әке шешесінің
тұқымына байланысты деп қарады. Бұл идея барлық ғалымда оның ішінде
әсіресе қоғамдық ғалымдарда таптық идеология үстемдік етіп тұрған маркстік
– лениндік теорияға сай келмеді.
Мектептің жойылу жөніндегі педологтарды ңкөз қарасын әшкерлеуге
арналған ВКП (б) орталық комитеттің 1931 жылы 3 қыркүйектегі қаулысында бұл
көзқарас қатаң сыңға алынды. Баланы тәрбиелеудегі тектілік мәселесін ғылыми
негізсіз деп қарап қоғамдық тәрбиеге, тәрбиедегі ортаның рөліне басты көңіл
бөлді. Коммунисттік тәрбиенің негізін салушы Макаренко, Н.К. Крупская
еңбектеріне ерекше мән беріліп, комсомол, пионер ұйымдарының рөлін көтеру
мәселесін күн тәртібіне мықтап қойылды. Яғни мектептегі оқу тәрбие ісі
партиялық таптық тұрғыдан ғана қаралатын болды.

ХVII – XVIII ғғ. Батыс педагогикасының дамуы.

Ян Амос Коменский – Еуропа педагогикасының негізін салушы.
Ян Амос Коменский 28-наурыз, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге
келген. Германияда білім алып, 24 жасында ол туыстар общинасының дін
қызметшісі міндетін атқарды. 1618 жылы Коменский 240 километрге орналасқан
Праганың шығысындағы Фульнекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестантизмге
қарсы куш – католиктік конитрреформация құрылды. 10 жылдық соғыстан кейін
Римдік католиктік дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары
сославия өкілдері Коменскийге соған мүше болып кіру немесе отанын тастап
кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, семьясымен бірге
Лешноға келді. Отанына қайтып орала алмады. 1656 жылы Лешнода оның
қолжазбаларын өртеді. Өмірінің соңғы кезін ол Амстердамда өткізді.
Голландия да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды. 1657
жылы латын тілінде Ұлы дидактика басылды. Я.А. Коменский өмірінің
соңғы төрт жылы ішінде – Адам ісін түзетудің бүкіл-жалпылық Кеңесі атты
еңбегін жариялады. XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып
бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я.А. Коменскийдің ( 1592-
1670 ) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден
бастап Коменскийдің теориялық ой- пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні
бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Коменский дәуірі Еуропада
буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған
соқтығысып өзінің философ – гуманист, қоғам - қайраткері, аса көрнекті
педагог екенін таныта білді.
XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы
түсінген Коменский Еуропадағы оқу – ағарту ісін мүлде қайта құрумен
айналыса бастады. Оның дәлелдеуінше – Балаларды оқыту қажет, біртіндеп
қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық
талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек
латын тілінде емес) жүргізуді ұсынды.
Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту
оқудың ең басты міндеті – деп есептеді.

Джон Локктың педагогикалық ой пікірлері
(1632-1704).
Джон Локк ағылшын философы және педагог. Ол өзің Тәрбие туралы
ойлар атты еңбегінде тәрбиеге көзқарасын айқындайды. Ішкерлік сапасы кең,
ауқымды білімімен ұштастыра білген, өзіне - өзі сенген адамының бейнесін
жасаған. Мәнері сыпайы, нравтық жағынан сенімді көргендер, оның
педагогикасының кейіпкерлері осылар. Ол баланың туа пайда болатын сапасын
жоққа шығарды, ол баланы Таза тақтаға теңеді, оған жазуға да, сызуға да
болады.
Д.Локк болашақ коргендерге қандай да қолөнермен айналысуды, парфюмер
бұйымдарымен, лактаумен, главирлеумен айналысуды ұсынды. Оның педагогикалық
теориясының негізгі бөлігі өтілетін пәннің мазмұнын талдаумен байланысады.
Сондай- ақ, оның практикалық қолданылмалы мәнін аша түскен жөн. Атап
айтқанда, оқудың орталығы көрегендер мен білімділер даярлайды.

Жан – Жак Руссоның педагогикалық теориясы (1712- 1778).
Педагогикадағы догматизммен, схоластикамен, бос сөзділікпен- XVII
ғасырда француз материалистері және ағартушылары Д.Дидро (1713-1789),
К.Гелвеций (1715-1771), Л.Гольбах (1723- 1789), әсіресе Ж.Ж. Руссо (1712-
1778), қажымай күрес жүргізді.
Ж.Ж. Руссо баланың табиғатпен ьайланыста жетілітінін жақтады. Оның
пікірінше тәрбие, Баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік
беруі қажет деді. Руссо тәрбиедегі қаталдықты, сүйіспеншілік пен
ұштастыруды ұйғарды. Тәрбиедегі жоғары идеалдылықты жақтады. Ең бастысы ол
баланың айнала ортаға, өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін,
дамуын ұдайы мұғалім бақылап отыру тәсілдерін ұсынды

Иоганн Генрих Песталоциидің педагогикалы ой- пікірлері (1746-1827)
Швейцария педагогі, демократ, бастауыш оқудың дидактикалық негізін
салушылардың бірі. Ол тәрбие тәрбие табиғаттан туындауы тиіс, сондықтан
тәрбие адам бойындағы табиғат берген рухани және дене күшін баланың сапалық
ерекшелігімен, оның жан – жақты талпыныстарымен ұштастыруы тиіс екенін
дәлелдеді.
Еңбек тәрбиесінде баланы оқытуды Песталоции алдына мақсат етіп қойып,
ұзақ мерзімді бала дамуын қамтамасыз ету жолдарын көрсетті. Ол балалар
күнделікті өсімдікті, құсты, жануарларды күтумен айналыссын – деді. Олар
кендірді және жүнді өңдеуді үйренсін, өздері тұратын ауылдың айналасындағы
үлгілі шаруашылықтарды болсын, басшылармен, шаруашылық иелерімен кездессін,
тікелей практикалық іс үйренсін – деді. Балалар еңбек сабақтарында
шаруашылықты жүргізуді, есептеуді, сауаттылықты үйренуі тиіс – деді.
Ол балалар қоғамдастығын ұйымдастырып, оны үлкен еңбек коллективіне
дейін көтеру қажеттілігін ұсынды. Тәрбие- тәрбиеленушілердің нравтық
қалыптасуының қайнар көзі, негізі болуын талап етті.

Клод Адриан Гельвецийдің педагогикалық ой – пікірлері (1715- 1771)
Гельвеций философ және материалист. Оның даналықтарының негізгілері:
Тәрбие ережесі осындай- талас туғызатын және ешбір анықталмаған күйінде
қала бермек, егер оны қандай да болмасын белгілі бір мақсатқа тұрақты да
тұтас күйге бағыттамас.
Олар: Асқан бір қоғамдық игілік, ерекше қанағаттанарлық рухани
дүние, адамдар санасының көбейіп, олардың айтарлықтай бағытқа ие болуы.
Егер мен адамдар өз тәжірибесінің жемісі, оның нағыз шындық екенін
дәлелдеген болсам, онда мен ешбір күмәнсіз, халық алдына ұлы шындықтың
бетін ашқан болар едім.
Тәрбие, ең бастысы біздің жүрегіміз шашқан жылуын жеткізе білсе, ол
қоғамға және жеке тұлғалар үшін пайдалыда, күнделікті әдетпен дағдыға
айналар еді. Тәрбие құдіретін дәлелдеудің ең күшті құралы – ол біз
тұрақты бақылап жүрген әртүрлі тәрбиенің өзара байланысы және олардың
әртүрлі жемісі мен қорытындысы.
Қазір, біз тұрып жатқан өмірдегі басқару формалары – біздің
тәрбиеміздің бөлігін құрайды.
Әрбір елде адамды қалыптастыру өнері көп жағдайда, басқару формасына
тығыз байланысты, алайда, қандай да бір, қоғамдық тәрбиедегі өзгерістер,
мемлекеттік құрылыстың өзін өзгертпейінше болуы мүмкін емес.
Мен әлі де оқуды, үйренуді жалғастырамын, менің тәрбием әлі
толастаған жоқ. Ол сонда ғана тоқтайды. Сонда ғана, оған менің қабілетім
жетпеген күні мен дүниеден өткеннен кейін, менің барлық өмірім сол, ол-
дәлірек айтсам, ұзақ ғұмырлы тәрбие.

Адольф Дистервегтің тәрбие туралы ойлары
(1790-1866).
Неміс педагогі Адам алған тәрбие, өз мақсатына сонда ғана жетеді және
біткен болып есептеледі, оның күшін және еркін билеп, өзі әрі қарайғы
өмірінде туындатып, жаңартып жинай білсе және оның әдісімен құралын меңгере
білсе, міне тәрбие күші осында.
Нағыз тәрбие – дамудың табиғатқа ұқсас түрін және оның күнделікті
өсіп –жетілуіне ұдайы ұмтылады. Егер талант ерте оянса немесе шамадан тыс
шаршаса соның салдарынан, оның қызметімен іс – қимылы әлсірей бастайды
немесе мезгілсіз тоқтайды. Егер талант, кеш оянса, ол қандай қабілетті
болса да, ешқашан ойлаған мақсатына жете алмайды. Тым ерте және Тым
кеш - бәрібір екеуіде тәрбие үшін зиянды сөздер.
Одан не пайда? Егер тәрбие бізді бұзатын болса, қажеті сол бізді
жақсылыққа бағыттап, оған жеткізсе.

Мишель Монтень және Джон Дьюйдің тәрбие мен оқу туралы ойлары (1533-
1592).
Аса көрнекті француз ойшылы, философиялық скептицизмнің оның адам
танымының шамасы және оның көптеген жағдайларға байланыстылығын жақтайтын
өкілдерінің бірі.
Орта ғасырдағы схоластикалық ғылымның қарсыластарының бірі ретіненде
ол өзінің барлық күшін, шіркеулік әдет – ғұрыптарға жұмсаған, ат төбеліндей
топты әшкерледі. Монтень (философиядағы) заттың өзін, одан пайда болатын
мән мен мазмұнды зерттеп, тәжірибелі ғылым үшін күресті.
Монтеннің дәлелдеуінше, тәрбие баланың жеке тұлға ретінде жан – жақты
дамуын қамтамасыз етеді, ол теориялық білім дене жаттығуларымен толығады,
оның эстетикалық талғамын арттырады, жоғары адамгершілікке баулыды.

Джон Дьюи (1859-1912).
Америка философы, прагматизмнің өкілі, ірі әлеумент танушы және
педагог. XIX ғасырдың соңында сол дәуірдегі мектепке үстемдік еткен,
формализм мен догматизмге қарсы шығып, жаңа мектеп идеясын ұсынды. Бұл
мектептер оқушылардың жеке тәрбиесі және олардың өз бетінше қызығушылығы
негізінде жұмысын бастап, оларға қажетті білімді ойын және еңбек іс-
әрекеті процесінде алатын болады деп –корсетті.
Дьюидың 90 жылдардағы )өткен ғасырда) сол кездегі дәстүрлік әдістерді
сынауды және бастауыш мектептердегі оқу жұмысын ұйымдастыру туралы ойлары,
сол кезең үшін пайдалы болды. Алайда, оның идеяларының АҚШ-тың элементарлық
мектептерінің практикасына көптеп ендірілуі және тағы басқа елдерге
қолданылуы, оған сол үшін оқудың жүйелігін төмендетіп және оның ғылымилығын
бұзады деген айып тағылды. Сөйтіп, IX ғасырдың екінші жартысындағы Дьюидың
прагматикалық педагогикасы үлкен сынға ұшырады. XX ғасырдың басында Дьюи
өзінің прагматикалық филасофиясы және педагогикасы негізінде Тәрбие
дегеніміз – балалар тәрбиесінің таратылуы және түрлендірілуі деген идеясын
ұсынды. Жалпы алғанда, ол балалардың жеке тәрбиесінің жинақталуын,
оқушылардың ғылыми білімді жүйелі меңгеруінен жоғары қояды.

Орыс және кеңес педагогтарының көзқарастары.
Орыс педагогикасында тәрбие туралы ой – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық педагогикалық ойлар
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Балалар және олардың ата-аналарының әрекеттесуімен қазақ тілін меңгерудің тиімді моделін әзірлеу
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
Халықтық тәрбие әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде
Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Педагогика тарихы: пәні мен міндеттері
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
«Өткен дәуірдегі көрнекті педагогтар»
Пәндер