Күй ерекшеліктері



ЖОСПАР
КҮЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ТАЛДАУ 2
Кіріспе 2
Тарихи шегініс 2
Күйшілік дәстүр 3
Қазақтың бағы 6
Қазақтың жаны 10
Домбыра тамырындағы пәндiк сапалар 11
ДЭККО кездейсоқ пайда болған жанр емес 11
Домбыра аспабының қалыптасуы 12
Домбыра бойындағы әлеуметтiк қызметтер 14
Домбыра әуенi . Қазақ мiнезiмен сабақтас 14
Қазақ дастарқаны берекелi 15
Домбыра өнерi жамандықты аластайды 16
Айнала алуан дыбысқа толы. Бірақ дыбыс атаулының бәрі музыкалық дыбыс емес. Дыбыстың ең жоғары қызметі адамға эстетикалық ләззат, рухани азық сыйлау. Мұндай қызметті - музыкалық дыбыс қана атқарады. Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы – домбыраның бірде күмбірлеген, бірде тыңқ-тыңқ шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сымдай тартылған қос шекте сан ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра көшпелі елдің көнекөз шежірешісі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Домбыра – халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным – сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Күйлер ұрпақ арасындағы сабақтастықтың негізгі факторы болып, уақытаралық қатынастың негізгі құралына айналды.
Қазіргі кездері археологиялық олжалар домбырашылық дәстүрдің тамыры тым әріде жатқанын пайымдайды. Бұған Хорезмде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қос ішекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың күйдірілген саздан жасалған бейнелері куә. Ғалымдар осыдан кемінде II мың жыл бұрынғы бұл бейне-лердегі ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең кең тараған аспаптың бірі болғандығын дә-лелдейді.
Әрине, музыкалық аспаптың болуы, әннің айтылып, күйдің тартылуы қай кезең және қандай орта үшін де музыкалық мәдениетке жарқын айғақ. Ал, егер, ән қосылып шырқалып, күй қосылып тартылса, ондай ортада музыкалық мәдениеттің қалыптасқан дәстүрінің болғанын, ол мәдениет тұтас этностың жадына айналғанын пайымдатады. Дәл осындай көріністерді, дәл осындай сезім күйлерді XYIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған сырт көз жолаушылардың жазбаларынан да ұштастыруға болады. Осынау, аралары бір-екі мың жылдық шалғай кезеңдердегі ұқсастықты ой көзімен салғастыра отырып, көшпелілер мәдениетінің тұрақтылығын пайымдап қана қою жеткіліксіз, ол мәдениеттің шыңдалған тектілігін және шыңдалған өнердің ғана орнықты болатынын мойындауға тура келеді.
Еуразия көшпелілерінің арасында күйдің ерте кезден-ақ тартылатыны жөнінде, оның өзі тәңірлік наным-сеніммен байланысты екені туралы аса мәнді тарихи-этнографиялық деректер бар. Түркі халықтарының қағандық заманында әрбір атар таңды жаңа күймен қарсы алатын дәстүр болған. Яғни, бір жылда 365 жаңа күй туындаған. Жыл бойы туындаған күйлер Ұлыстың ұлы күнгі (наурыздың 22-23 күндері) ұлан- ғайыр тойда тартылып, соның ішінен ұрпаққа мұра етіп қалдырарлық 9 күй таңдалатын болған.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КҮЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ТАЛДАУ 2
Кіріспе 2
Тарихи шегініс 2
Күйшілік дәстүр 3
Қазақтың бағы 6
Қазақтың жаны 10
Домбыра тамырындағы пәндiк сапалар 11
ДЭККО кездейсоқ пайда болған жанр емес 11
Домбыра аспабының қалыптасуы 12
Домбыра бойындағы әлеуметтiк қызметтер 14
Домбыра әуенi - Қазақ мiнезiмен сабақтас 14
Қазақ дастарқаны берекелi 15
Домбыра өнерi жамандықты аластайды 16

КҮЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ТАЛДАУ

Кіріспе

Айнала алуан дыбысқа толы. Бірақ дыбыс атаулының бәрі музыкалық дыбыс
емес. Дыбыстың ең жоғары қызметі адамға эстетикалық ләззат, рухани азық
сыйлау. Мұндай қызметті - музыкалық дыбыс қана атқарады. Кең даланы мекен
еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы – домбыраның
бірде күмбірлеген, бірде тыңқ-тыңқ шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды,
жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады.
Сымдай тартылған қос шекте сан ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл-ойы, көңіл-
күйі жатыр. Домбыра көшпелі елдің көнекөз шежірешісі, көпті көрген қарияның
көкірек күйі. Домбыра – халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен
табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным – сенімдері мен
философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғастырып отырды. Күйлер ұрпақ арасындағы сабақтастықтың негізгі факторы
болып, уақытаралық қатынастың негізгі құралына айналды.

Тарихи шегініс

Қазіргі кездері археологиялық олжалар домбырашылық дәстүрдің тамыры
тым әріде жатқанын пайымдайды. Бұған Хорезмде жүргізілген археологиялық
қазба жұмыстары кезінде табылған қос ішекті аспапта ойнап тұрған
музыканттардың күйдірілген саздан жасалған бейнелері куә. Ғалымдар осыдан
кемінде II мың жыл бұрынғы бұл бейне-лердегі ішекті аспаптың қазақ
домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы
көшпелілер арасында ең кең тараған аспаптың бірі болғандығын дә-лелдейді.
Әрине, музыкалық аспаптың болуы, әннің айтылып, күйдің тартылуы қай
кезең және қандай орта үшін де музыкалық мәдениетке жарқын айғақ. Ал, егер,
ән қосылып шырқалып, күй қосылып тартылса, ондай ортада музыкалық
мәдениеттің қалыптасқан дәстүрінің болғанын, ол мәдениет тұтас этностың
жадына айналғанын пайымдатады. Дәл осындай көріністерді, дәл осындай сезім
күйлерді XYIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған сырт көз жолаушылардың
жазбаларынан да ұштастыруға болады. Осынау, аралары бір-екі мың жылдық
шалғай кезеңдердегі ұқсастықты ой көзімен салғастыра отырып, көшпелілер
мәдениетінің тұрақтылығын пайымдап қана қою жеткіліксіз, ол мәдениеттің
шыңдалған тектілігін және шыңдалған өнердің ғана орнықты болатынын
мойындауға тура келеді.
Еуразия көшпелілерінің арасында күйдің ерте кезден-ақ тартылатыны
жөнінде, оның өзі тәңірлік наным-сеніммен байланысты екені туралы аса мәнді
тарихи-этнографиялық деректер бар. Түркі халықтарының қағандық заманында
әрбір атар таңды жаңа күймен қарсы алатын дәстүр болған. Яғни, бір жылда
365 жаңа күй туындаған. Жыл бойы туындаған күйлер Ұлыстың ұлы күнгі
(наурыздың 22-23 күндері) ұлан- ғайыр тойда тартылып, соның ішінен ұрпаққа
мұра етіп қалдырарлық 9 күй таңдалатын болған.
Қазақ тіліндегі “күй” сөзінің көне түркілік түпкі мағынасы “көк ”
сөзімен тектес. Демек, “күй” деген сөз әу баста Тәңірлік құбылысты
білдірген. Тәңірдің дыбысы деген сенімдегі мағынамен шендес болғаны
аңғарылады.
Күйдің мүмкіндігі саз-сарын арқылы болатын эмоциялық әсермен
шектелмейді, сонымен бірге ақпарлық (информациялық) хабар беретін астарлы
лингвистикалық тілі де бар. Бұл ойды одан әрі тереңдете ден қойсақ,
қазақтың сөйлеу тілінен басқа, қосымша тағы бір тілде – күй тілінде
түсінісе алатын рухани қасиетін аңғаруға болады. Бұған мысал, нәресте
анасының құрсағында жатып күлетінін, анасына әсер ететін құбылыстар оған да
әсер ететінін, анасы естігеннің барлығын еститінін ғылым дәлелдеген.
Сондықтан, аяғы ауыр келіншек-терге дәрігерлер музыка, ал оның ішінде
классикалық музыка тыңдасын дейді. Бұдан түсінетініміз, классикалық музыка
музыканың басқа түрлеріне қарағанда өте күрделі мазмұнды, адамды жақсы
жаққа тәрбиелеп, қатты толғандырады. Яғни, құрсақтағы нәресте күй тыңдап
жүріп туылса, оның жадында күйдегі ақпараттар сақталып қалады. Соның өзі
нәрестені қазақи тәлім-тәрбиеге үйретеді. Күй тыңдап өскен бала әрқашан да
ата-анасын құрметтеп, отанын қорғап, салт-дәстүрін қастерлейді, яғни
жадында қалған ақпаратты жүзеге асырады.

Күйшілік дәстүр

Күйші-домбырашы күйдің әуен-сазына еліктеумен шектелмейді. Ең
бастысы, әрбір күйдің астарындағы дерекке ерекше мән беретіндігін
аңғарамыз. Яғни, қазақтың білікті тыңдаушысы үшін күй тек қана әуен-саз
емес, ең алдымен өмір құбылыстары туралы дерек беруші. Дәстүрлі таным-
түсінік бойынша күй өткен өмірдің тілсіз шежіресі. Қазақ күйлерінің тарихи
пайда болу, даму жолдары, күйдің өмір шындығын бейнелеудегі өзіндік
ерекшеліктері, қазақ күйлерінің сөз өнерімен шендесіп жататын синкретті
сипаты және әрбір күйдің қосарлана айтылатын тарихи шежірелік әңгімелері
сияқты қасиеттері күй өнерінің көркемдік – эстетикалық мәнін саралап
түсінудің бірден-бір кілті. “Музыканың тілі ортақ, музыка интернационалды
өнер, жақсы музыка кез-келген ұлтқа түсінікті” деп келетін пікір ұшқарылау
айтылған. Нағыз төлтума музыканың болмысындағы этникалық сипат сөйлеу
тіліне қарағанда басымдау болады. Ұлттық қасиет пен ұлттық дінді бойына ең
мол сіңірген рухани құбылыс деп музыканы айтуға болады. Музыканың тілі
сөйлеу тілінен мүлде бөлек.
Демек, қазақ күйлерін тыңдаған адам оның сөздік мағы-насына іштей
ілесе алмаса, дәлірек айтқанда, қазақ тілін білмесе, күйдің мән-маңызын,
емеуріні мен астарын толық түсінуі мүмкін емес. Ондай адамның күй тыңдау
барысындағы эстетикалық-эмоциялық әсері де жартыкеш деген сөз. Бәлкім қазақ
күйлерін аспапты музыка ретінде айрықша даралап тұрған қасиеті ретінде осы
ерекшелігін алдымен айтуға болады. Күй аспапты музыка ретінде сөзге
кіріптар емес. Өмір – тіршілік дерегін білдіретін ең мәнді сөз немесе
сөйлем (тезаурус) көп ретте күйдің әуендік буын-ырғағына ғана әсер етеді,
күйдің логикалық құрылымына сөз ықпал ете алмайды. Сондықтан да, күйдің
музыкалық бітімі өзінің біртұтас әуендік жаратылысымен, бас-аяғының
бүтіндігі мен тәнті етеді.

Ер адамға бәрiнен қымбат анасы мен әкесi, алған тәрбиесi мен тарихы және
ұлттық музыкасы мен тiлi қымбат.

Егер осы бес мұраны жетесiне жеткiзiп, құлағына таңдай арқылы тақылдап
құйып отыратын болса, онда ұлттың тектiлiгi сақталып, осы құндылықтарды
тұтас қалпында ұстана бiлсе, отбасындағы береке берiк бекiп, жауға
алдырмайтын қамал болып, сөзсiз құт болған болар едi. Өз тегiн, тiлi мен
домбырасын ұмытса оны менсiнбей қиық көзбен қарайтын болса, ондай халық
бiртiндеп өзiн де ұмытады, қасындағы құрбы жолдастарын да жаңылдырады.
Сөйтiп, ұлттың құнды беделi әлсiреп, құнсыз iшiмiзге кiрген кiрме
тәрбие бiртiндеп күш алып, ұлттық құндылықтарды жояды. Ұлттық құндылықтарды
қорғап, сақтап, дамытып келген күштi құрал домбыра өнерi оны қалыптастырған
фольклор негiзiнде жеткен жанрлардың үлесiн ұмыттырмайтын әуендi үйрену
кезiнде пайда болатын қағидалар арқылы әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер қатар
дамып отырады. Домбыра өнерi оның бойынан шыққан әуен, ата-бабаның аманат
етiп қалдырған аспабы негiзiнде келiп жеткен киесi, кеппеген иiсi аңқып
тұрған өнер бiздiң болашағымызды сақтай алады.

Домбыра өнерi қазақтың арғы тегi
Қазақ халқының құнды менталитетiнiң тамырын домбыра өнерi сақтап
келдi. Дәстүр салт, әдет-ғұрыптарды бойына жинап, ұлттық идея мен
өркениетiн дамытуға үлесiн қосты. Өнер- мәдениетiнде қалыптасқан барлық
құнды қасиеттердi жоғалтпай шанағына жинап, тұтас сақтап бiрiктiрiп әкелдi.
Домбыра өнерi арқылы тiл мен тарих, күй мен шежiре, ән мен терменi, жыр мен
айтыстардың сан түрлерiн кез келген қазақ баласы меңгерiп, әлқисасын айтып
орындай бiлдi. Осындай тұтастықта жаралған өнерлi халық мәдениетiнiң
тамырларынан ажырай бастады. Кейiнгi кiрген түрлi саясат қазақ халқының
тұтас сақталған өнерiн сан түрлi әрекеттерге салып, жiк-жiкке бөлiп, жан-
жаққа бытыратып жiбердi. ұлттық өнердi тарату арқылы ұлттың құндылығын
жойса басқаруға ыңғайлы болатынын бiлдi. Сөйтiп, тұтас қазақ халқын өнер
айтудың құралы болған домбыра аспабынан ажырату арқылы көздеген мақсатына
жете алды. Мұндай өнерлi халықтың мәдениетiн ақсату арқылы
міәңгүрттендiруге ықпал етуге тырысты. Сұмдықты ойлаған, пиғылы жаман кiрме
саясаттар қазақ халқын қолындағы киелi домбыра өнерiнен ажыратып адастыруды
басты мiндетке қойды. Өйткенi, ұлттық идеологияның тамыры домбыра негiзiнде
жатқанын бiлдi. Домбыра қазақтың рухынан жаралған жаны едi, соны түсiнген
кiрме саясат одан айыруды көздедi. Олар қандай киiз үйге бармасын қолында
домбыра, аузынан төгiлген жыр, әңгiме, үлгi, өсиеттердi көрiп құлағымен
естiп бiлдi. ұлы батырлардың ерлiгi мен iстерiн жыраулар жырлап, әрi
баяндап үлгi ретiнде жас ұрпақтарды тәрбиелеп отырды. Мұны түсiнген саясат
бiртiндеп жыршы, термешi, күйшi, хиссашы, айтыскерлердiң көзiн құртуға
әрекет еттi. өйткенi, қолына домбыра ұстап өсиет, нақыл, терме айтушылар
ағартушының мiндетiн атқарып отырғанын сезiп бiлдi. Мұны түсiнген саясат
ұлтты құнды дүниелерiнен ажырату арқылы тәлiм-тәрбиенiң көзiн басқа арнаға
брұуды қарастырды. Сөйтiп, ұйып отырған ұлтты рухани байлығынан ажыратып,
құнды домбыра өнерiнен тараған қасиеттi мәдениетiн жоюға тырысты.
IV ғасырда тасқа қашап салынған домбыраның сурет бейнесi көп нәрсенiң
сырын аша түседi. Домбыра аспабы бар жерде, қазақ халқы бар. Қазақ халқы
бар жерде, домбыра өнерi бар. Домбыра өнерi жоө жерде ұлт та бiртiндеп
жойылады. Домбыра өнерiн қолына ұстап, қазақтыњң қасиеттi өнерiн тудырып,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзiп, оны жалғап әкелген киелi аспапты тұтас қазақ
халқының меңгеруi, оның құнды өнерлерi - ұлттың иесiн сақтайды. Домбыра
өнерiнен ажыратқаннан кейiн бiзге мынадай жаман әдеттердi енгiздi:
көреалмаушылық, түртпектеушiлiк, алауыздық, көмектеспеушiлiк сияқты ара
жiгiн аша беретiн қылықтардың қолтығына су бүркiп отырды. Себебi, өзiнiң
тіл мәдениетiнен ажыраған ел не болса соған еретiнiн бiлдi. Миы бос, ойлау
қабiлетiн ұлтсыздандырып, тыңдайтын жыршы, термешi, күйшi, өсиет
айтушылардан қол үздiрiп, домбыра өнерiне сенiмсiздiкпен қарайтындай
дәрежеге дейiн жеткiздi. Себебi өз тегiн ұмытқан халық өзiн де ұмытады.
Тәуелсiздiкке қолымыз жеткен кезде домбыра өнерi арқылы қалыптасқан
ұлттық құндылықтарымызды тiрiлтiп, қайта жандандыруды қолға алмасақ
өзiмiздiң кiм екенiмiздi танып бiлуден ажырап қалатын күн тууы мүмкiн.
Сондықтан, домбыра өнерi арқылы жеткен құнды мєдениеттiң барлығын бiр жерге
шоғырландырып пән ретiнде мектептер мен жоғарғы оқу орындарына тұрақты
түрде тұтас енгiзу арқылы ойды жүзеге асыруға болады. Бұрын кеіңестiк дәуiр
кедергi болды деп кiнә тағып келдiк, ендi кiм бiзге кедергi болып отыр?
Әлде өз қандастарымыз бұрынғы бойға сiңген саясаттың жетегiнде жүрiп
тiзгiндi бермей отыр ма? Бүгiнгi жастар мен орта буын өкiлдерiнен ұлттық
сана, ұлттық құндылықтардың жетiспеушiлiгiн көруге болатын тәрiздi. Болмаса
тәуелсiз мемлекеттiң тәуелсiз тiлi мен домбыра өнерi кенже қалып, есiкте
сығалап тұрғанын қалай түсiндiруге болады. Мектеп қабырғасы мен жоғарғы оқу
орындарында домбыра өнерi жүйелi түрде сабақ ретiнде өтiлетiн болса ұлттық
ойлау, ұлттыұ құндылықтар жетiлiп, үрмелiп жатқан түйiндердiң мәселелерi
шешiлер едi. Мектеп қабырғасында домбыра өнерiн тұтас сабақ ретiнде жүргiзу
арқылы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытып, ата кәсiп өнерiн
жасөспiрiмдердiң бойына сiңiруге болады. Қазiргi ағарту саласындағы билiкте
отырған басшылар ұлттың құндылылығын ойлаудан гөрi жеке бастың құндылығын
ойлауды тәуiр көредi. Себебi, оларды домбыра өнерiнен дарыған ұлттың құнды
қасиеттерiнен ауызданбай, басқа тәрбиеден қоректенгендердiң қатарына қосқан
дұрысырақ болатын шығар. Өйткенi, олар домбыра өнерi арқылы қалыптасқан би-
шешен, батыр, ақындардың айтқан ерлiгi мен өсиеттерiн бойына сiңiрмей,
қазақи тәрбие алмаған азаматтардан үмiт күтудiң өзi қиын iс болар.
Осындайларды қазақ бiлiп айтқан ғой, бәрiбiр олар тегiне тартпай қоймас
деуiнде шындық бар сияқты. ұлттық құндылығын шала бiлген қазақ ұлтынан гөрi
бiлмей қызық көретiн француз азаматы артық болар. Екi шектiң үнi негiзiнде
шыққан құнды әуеннiң сазымен айтылған жыр, терме, күй, өсиет, айтыс, хисса,
ертегi, толғаулардан нәр алып өспеген ұрпақ бәрiбiр тексiздiгiн көрсетедi.
Сондықтан, оқу ағарту саласы домбыра өнерiн пән ретiнде мемлекеттiк тұрғыда
қадағалап ендiрмесе, бүгiнгi осы тiрлiгiмiздiң ақсауы ұлтсыздануға әкелiп
соқтыруы мүмкiн.
Ұлттық құндылықтарды тамырымен бiрге сүйiп, жанымен берiле жадына
түйiп, оны таратып сөйлете бiлген тұлғалар ұлтымыздың ұлылығын көрсетедi,
ал керiсiнше тәрбие алғандарда мұндай қасиет сақталмайтыны байқалады:
Қорқыт (VIII-IX ғ.), Әл-Фараби (870-950), Қашғари (XI ғ.), Баласағұни (XI
ғ.), Кетбұға (XIII ғ.), Сыпыра жырау (XIV ғ.), Асанқайғы (XIV-XV), Қазтуған
(XV ғ.), Байжiгiт (XVI-XVII), Бұқар жырау (XVIII ғ.), Ақтанбердi жырау
(1668-1762), Төле би (1663-1756), әйтеке би (1644-1700), Қазыбек би (1665-
1765), Абылай (1711-1781), Сырым (1712-1802), Құрманғазы (1823-1896),
Махамбет (1804-1846), Тәттiмбет (1815-1860), Дәулеткерей (1814-1887), Абыл
(1820-1892), Абай (1845-1904), Сартай би, әрi батыр (1710-1805), Қазанғап
(1854-1927), Тоқа (1830-1904), Ықылас (1843-1916), Дина (1861-1955), Сүгiр
(1882-1961), Жаппас (1909-1969), Дәулет (1905-1976), Сүйiнбай (1815-1898),
Бiржан (1825-1897), Ұлбике (1825-1849), Жаяу Мұса (1835-1929), Алтынсарин
(1841-1889), Ақан серi (1843-1913), Нұртуған, Нартай, Нұрпейiс, Жамбыл
(XVIII ғ.), Шәкәрiм (1858-1931), Сара (1878-1916), Кенен (1884-1976), Әмiре
(1888-1934), Сәкен (1894-1938), Әуезов (1897-1961), Сәтбаев (1899-1964),
Жұбанов (1906-1968), Төлебаев (1913-1960), Тiлендиев (1925-1998) т.б.
тұлғалар домбыра өнерi арқылы өздерiнiң iрi iстерiн дамытып, қазақ
мәдениетiне өлмейтiн мәңгiлiк үлестерiн қосты. Ал, осы дәстүрдi бойына
сiңiрiп, жалғастыра бiлген тұлғалар санын саусақпен санауға болады.
Мемлекет қайраткерлерi Н. Назарбаев, Ә. Кекiлбаев, И. Тасмағамбетов, М.
Оспанов, белгiлi ғалым, жазушылар С. Қасқабасов, А. Сейдiмбек, М. Шаханов,
тағы басқа азаматтарды айтуға болады. Демек, домбыра аспабын тыңдап меңгере
бiлген азаматтардың бойында iрiлiк пен ұлтжандылық, көрегендiлiк пен
құндылық қасиеттер сақталады екен. Қазақ елiн, жерiн сақтап өмiр сүремiз
десек домбыра өнерiн үйренiп, өзiнiң құнды дәстүрлерiн жалғастырып, оны
табанды түрде қолға алып, мақтан етiп көтермесек ертең кеш болады.
Көрiп отырғанымыздай жоғарыда айтылған тұлғалар өзiнiң ұлттық мектеп
үрдiсiн жалғап содан тәрбие алуды тұтас ұстана бiлдi. Ал, кейiнгi тұлғалар
жан-жаққа елiктеп өзiнiң ұлттық мектебiн менсiнбей орысқа, немiске, Америка
т.б. елдердiң мєдениетiн қабылдап, соны қайталауға тырысты. Нәтижесiнде
мәңгүрттенiп дүбара халге жетiп өз жерiнде, өз елiнде мемлекеттiк тiл,
қоғам құрып жалынып сұрап алғандай күй кешуде. Оның үстiне қазiргi
жастардың негiзгi бөлiгi азып-тозған ауру, нашақор, жезөкше, қатыгез, ұры,
өтiрiкшi, сатқын, әлсiз ұрпақтар жетiлiп өсiп келедi. Оның басты себебi,
домбыра өнерiнен ажырап, басқа өнерге бас иiп, өз мәдениетiн жатсынудан
туып отырған мәселе.

Қазақтың бағы

Домбыра әрбiр кәсiпқой әншiнiң ғана емес, көптеген дарынды әуесқой
әншiлердiң қолынан түспейдi, - дейдi А.В. Затаевич.

Демек, домбыра аспабы тұтас қазақ халқының қолында, әр үйдiң төрiнде
болғанын көремiз. Домбыра - қазақтың бағы мен жаны болған киелi аспап. Оның
бойынан шыққан үн (ән, терме, жыр, айтыс т.б.) әсiресе, күй өнерi
тыңдаушысы мен орындаушысын рухтандырды. Халқымыздың мұң-мұқтажын бойына
жинап күңiренiп үн қатты, үнге қосып сөз айтты. Ал, оны түсiнетiн жүрек,
сезiнетiн сезiм ғана керек болды. Ондай қасиет тек қана қазақ халқында
болды. Қазақ өз бойындағы жетiстiгi мен кемшiлiктерiн бiлу үшiн алдымен
домбыра өнерi арқылы байқап, сезiп, қадағалап оны тұспалдап, жұмбақ ретiнде
жеткiзiп, бiрiн-бiрi тәрбиелеп отырды. Сонда оның бойы түзелiп, ойы сергiп,
iшкi жан дүниесiндегi ауруы емделдi. Ауруы емделген ұрпақтың санасы мен
жаны тазарып, қазақи мiнезi сақталып, ұлттық бояуы өзгермей тұрақтылық
қалыптасты. Тұрақтылық қалыптасқан жерде ұлттық идеология дамиды. Бүгiнгi
мың құбылған қазақтар сияқты түрленiп өзгерiске ұшыраған жоқ. Ендi
өгермейтiн байырғы қазақтардың ұлылығын қалыптастыру үшiн мектеп
қабырғасынан домбыра өнерiн пән ретiнде енгiзiп, тәрбие көзiн ата кәсiп
негiзiнде қайта жандандыруды қолға алу арқылы жүзеге асыруға болады. Оның
бiр дәлелi ДЭККО жанрын мысалға алуға болады.
XXI - ғасырдағы компьютерлiк өнердiң дамуы және ғаламдану үрдiсi
ұлттық музыкамыздың, аспаптарымыздың сақталуы мен дамуына ықпал ететiнi
даусыз. Домбыра аспабының сақталуы арқылы қазақ менталитетiн, қасиеттерiн
сақтап қала аламыз. Ана тiлiмiздi қорқау қандай қажет болса, домбыраны
қорғау шараларын да мемлекеттiк деңгейде қолға алу қажет. Осы орайда,
домбыраны сақтау және дамытудың мемлекеттiк тұжырымдамасы, тиiстi
бағдарлама, ереже, заңнама сияқты жалпы мемлекеттiк заңды құжаттарды
дайындау керек деп бiлемiн.
Қазақстан халықтары тұтас домбыра аспабын үйренiп меңгеру оны тыңдап
түсiну арқылы оның iшкi жан дүниесiн ұғынуына мүмкiндiк ала алады. Сонымен
бiрге домбыра өнерi тәрбиенiң басты құралы болса, бiлiм оның жалғасы. Әуелi
тәрбие болмай, бiлiм миға қонбайды. Бүгiнгi жастарды парасатты iрi тұлға
етiп қалыптастыру үшiн алдымен домбыра өнерiн 12 жылдық оқу жоспарына
енгiзiп, мектептерде тұтас бiлiм бұлағымен терезесiн тең ұстап қатар дамыту
қажет. Жас кезiнен келешек ұрпақ бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердi
сiңiрiп өсiру арқылы ұлттық құндылықтарды сақтауға болады. ұлттық мәдениетi
жоғары табанды ұлт қатарын көбейтiп, сегiз қырлы бiр сырлы азаматтардың
санын толықтырып өсiру арқылы ұлт қатайып бекидi.
Бұл айтып отырған ұсынысымыздың нәтижесi Алматы қаласында орналасқан
№115 аралас мектептi қайта құрып (1991-1997), ұлттық қазақ орта өнер
мектебiне айналдырып, оның оқу жоспары және тұжырымдамасы мен бағдарламасын
жазып, қолымыз жеткен көрсеткiш, тәжiрибе жұмысындағы табыстар куә бола
алады.

Домбыра аспабын меңгеру арқылы адам ұқыпты, ептi, сезiмтал, түсiнгiш,
жаттампаз, орындаушы жєне єуен ырғақтарының сырлы сырын ұғуға бейiм келедi.
Адамдардың iшкi интонациясы әр түрлi болады, ал домбыра әуенi соларды
реттейдi.
Музыка өнерi адам өмiрiнде маңызды көрсеткiштерге ие Тотынама
iлiмiнде осы тұрғыдан көрiнiс табады. Патша баласының ақыл-есiн тексеру
үшiн ғұламалар оған музыка әуенiн тыңдатып сынақтан өткiзедi: Бала
бесiгiнiң жанына тағы да бiрнеше бесiк қойылады. Бәрiнде де бала бар едi.
Содан соң өнерпаздарға түрлiше күйлер тартқызады. Аспаптар да сан түрлi.
Оның iшiнде тамбур, дутар, кеманшi, барбитон, ребаб жєне қытай аспаптары да
болды. Даңғыраның күндей шалқыған үнiнен соң, кеманшаның түндей қайғылы үнi
естiледi дейдi айтушы Зийа ад-дин Нахшаби. Сол үнге патша баласы ең
бiрiншi болып елiктеп, оның тектi тұқымнан екенiн айқындайды. Сөйтiп бұл
ертегiнiң маңызы өз құнын жоймай тәрбиелiк қуаты дами түскен. Демек ерте
заманның өзiнде ғұламалар музыканың құдiретiн мойындап, оның адам өмiрiне
пайда беретiнiн түсiнген.
...Барлық үлкен-кiшiге өнер үйрету қажет. Өйткенi, тек өнер үйренумен
ғана өз замандастарыңнан дәрежең биiк бола алады. Әр уақытта сен өзiң өн1ер
иесi болып, замандастарыңда сендегi бар қасиет жоқ екенiне көзiң жеткен
жағдайда ғана өзiңдi басқалардан артық деп айтуыңа болады деп өнердiң
құндылығы биiк екенiне баса назар аударып айтады Кабуснамада. Одан әрi
қарай өнер адамының дәрежесi жоғары болатынын қайта-қайта ескертiп отырады
өз еңбегiнде.
... Дарын даналығы мен қадыр-құрметi жєне басқа жұрттан мәртебесi
биiк екенiн сезiнiп, iлiм мен өнердi үйренуге ерiнбей еңбек ететiндi жұрт
данышпан, ақылды, - дейдi Кабуснама. Демек өнердiң - ғылым мен бiлiмнен
де жоғары екенiн аңғаруға болады. Оқуға сенген ұмытшақ... Жазуға сенген
жаңылшақ деп... Естiгенiн ұмытпайтын құлағының тесiгi бар, кеудесiнiң
есiгi бар, ұқпа құлақ жандар болған, - дейдi Мәшңүр Жүсiп. Қазақ халқының
ұлылығы ауыз әдебиетiнде сақталған фольклордың барлығын домбыра өнерi
арқылы бүгiнгi күн үлесiне жеткiздi. Демек қазақтың жазуға құмар болмауында
мән бар секiлдi. өйткенi, жазуды жазып үлгеруден гөрi, ауызша айтуды тез
ұғып қабылдайды. Ал жазу кезiнде көп нәрсенi ұмытады. Бiрiншiден, жазу
кезiнде қаламсап, қағаз және айтушыны ұғу керек. Екiншiден, айтқан сөздi
жадына сақтап тез қағазға түсiру қажет. үшiншiден, айтылған ой қағазға
түстi деп ойлау жүйесiн кейiнге қарай тежейдi. Сөйтiп, адам психологиялық
әлсiздiкке ұшырайды. Ата-бабамыздың құйма құлақтарды ауызша айтып,
тәрбиелеп өсiруiнiң басты жетiстiгi және құндылығын домбыра өнерi арқылы
үйретiп отыруының арқасында болды.

...Өнерлi адамдар iлiм ықпалы күштi болғандықтан, халық арасында
қадiрi асып, үлкен абыройға тез ие болады. Осы жағдайды бiле тұрып, өнер-
бiлiмге немқұрайды қарап, қолды бiр-ақ селтей салу барып тқрған
ақылсыздықтың белгiсi, - дейдi Кабуснама. Оқу мен iлiмге, бiлiм мен
ғылым кеңiстiгiне жету үшiн алдымен өнердi меңгерiп, үйрену арқылы жүзеге
асыруға болады. Демек, адам бiлiмдi бастамас бұрын алдымен өнер кеңiстiгiн
игерiп алуы қажет екен.
Музыка тыңдатпайынша, тәрбие беру, балалық шақтың өзiнде адамның
сүйiп тыңдайтын ән-күйлерiнсiз түрбие беру деген менiң басыма қонбайтын
нәрсе, - деп В.В. Сухомлинский тєрбие саласында өнердiң алатын орнын
ерекше бағалап өз пiкiрiн осылай айтады.
Музыка әуенi белгiлi бiр аспап негiзiнде құралады. Домбыра өнерi
әуенде құрап айтылған сөздi жоғары көтерiп, биiктетiп адамның сыртынан
кеулеп iшкi жан сезiмiне барып ұялайды. Ол аспапты меңгерiп, орындау үшiн
оның бойындағы қасиеттердi бiлу қажет. Сондықтан, домбыра өнерiн тыңдап,
меңгеру арқылы жаның тазарады, өмiрдi сүйiп, қызығушылығың артады. Ойлау
қабiлетiң дамиды, идея тудыруға қалыптастырады. Әр әуеннiң ырғақтары iштегi
сезiмге әсер етiп, миға хабар бередi. Iште қалыптасқан әуендер буырқанып
сыртқа шығуға әрекеттенедi, ондай құбылыстарды жүрек реттейдi. Әр әуеннiң
ырғағы бiрiгiп, тұтастықта сыртқа жиналып бiр мезгiлде шығады.
Егер әрбiр жеке әрiптiң дыбыс екенi рас болса, сол дыбыстардың
бiрiгуi арқылы сөздердiң туындайтыны рас болса, әрбiр сөздiң ойға, санаға
зердеге (мысль, сознание, разум) ұласып жататыны рас болса, онда, адамды
адам еткен дыбыс деп тұжырым жасауға негiз мол. Мұның µзi музыканы да
этникалық тiлiнiң болатынын аңғартады. Соңғы жылдардың ғылыми тәжiрибесi
адам болмысындағы үстем қасиеттер (доминанта) генетикалық факторлардың
нәтижесi емес екенiн анықтады. Адам болмысындағы үстем қасиеттер туа
бiтпейдi немесе тұқым қуаламайды, ең алдымен естуден болатын лингвистикалық
фактордың нәтижесi, - дейдi профессор Цунода. Демек, әр дыбыс нота жазуын
құраса, әр әрiп бiрiгiп сөз жазуын құрайды. Сµз барлық адамды түсiндiрiп
ұқтыруға қарекет етсе, әуен тұтас халықтардың тыңдауына әсер етедi. Әуен
мен сөз бiрiгiп үйренушi мен тыңдаушыларды қызықтырады. Ал, қызығу бар
жерде тәрбие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері
Қаршыға Ахмедиярұлы – тарлан талант
Домбыра туралы
Қазақтың күй өнері
Психикалық күйлердің жіктелуі
Дәстүрлі күйшілік өнер
Спортшыларды жарыстарға жалпы психологиялық дайындаудың негіздері
Жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып оқушыларының ән-күй бағдарламаларында домбыра күйлерін пайдалану процесі әдістері
Қазақ мәдениетіндегі күй өнері
Дәстүрлі музыкалық өнер
Пәндер