Аң терісі бұйымдарының сипаттамасы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Аң терісі бұйымдарының сипаттамасы.

Орындаған: Даулетұлы Қ.

Тобы : ТК - 321_Б

Тексерген: Утегенова А. О.

Семей, 2015 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Әйелдердің аң терісінен киімі.
  2. Еркектердің аң терісінен киімі.
  3. Балалардың аң терісінен киімі.
  4. Аралас киімнің аң терісі бөлігі.
  1. Қорытынды

Кіріспе

Дайын аң терісі бұйымдарын МЕСТ-нормтаивті -техникалық құжаттама бойынша жүргізеді, ол бес негізгі бөлімдерден тұрады:

Бірінші бөлімде аң терісі бұйымдары жасалуы мүмкін аңтері үлпершек жартылай фабрикаты түрлерінің толық тізімі (өңдеу әдісін көрсетумен), сондай-ақ жеке бөлшектердің өлшену жерлерін белгілеумен бұйым сызулары, бойлары мен өлшемдері берілген;

Екінші бөлімде бұйым сапасын анықтауға қажетті мәліметтер, бұйым сапасына техникалық талаптар, сондай-ақ аң терісі бұйымдарын жасау технологиясы бойынша негізгі мәліметтер берілген;

Үшінші бөлімде белгіленулерін, маталар артикулдарын және оларға стандарт нөмірлерді көрсетумен қолданбалы материалдар; аң тері үлпершегі жартылай фабрикатын іріктеу, бұйымдарды жасау және терілердегі тері матасының біріктенуі, бұйымдардың жеке бөліктеріне астарды жиектьеу, борттарды жасау ережелері; сұрыптар, ақаулар және түстер тобы бойынша бұйымдарды сұрыптауға талаптар берілген. Дайын аң терісі бұйымында сапаны анықтауға арналған негіз бұйым жасалған аң терісі жартылай фабрикатының сұрпы.

Төртінші бөлімде сынау әдістері туралы мәліметтер бар. Үсті мен астардың сапасын органолептикалық жолмен анықтайды. Бұйым өлшемдерін- өлшеу құралының көмегімен;

Бесінші бөлімде аң терісі бұйымдарын қаптауға, таңбалауға, тасымалдауға және сақтауға негізгі талаптар кіреді.

Негізгі бөлім

Әйелдердің аң терісінен киімі.

Әйелдерге арналған аң терісінен киімді МЕСТ 876580 бойынша сұрыптайды. Жартылай фабрикаттың бір түрінен жасалғанда аң терісі және аралас киімнің үсті жүнді жабындының жылтыры, жұмсақтығы, қоюлығы, бұйралану формасы, биіктігі, бояуы, түсі бойынша іріктелуі тиіс. Терінің топографиялық үлескілеріне байланысты, жоғарыда айтылған, қасиеттердің жаратылысты айырмашылықтарына жол беріледі, сондай-ақ бекітілген үлгілерге сәйкес, қаракөлдің сұрыптары және бұйралану топтары, бояуы бойынша аң терісі жартылай фабрикатының әртүрлі түрлерінің сәйкесуіне жол беріледі.

Кряжалар, жұмсақтық топтары, сапа топтары, жылтырлық топтары, түсі мен бояуы, бояу тазалығының дәрежесі, өңдеу түрі бойынша аң терісінен және аралас тігілген киім жасалған аң терісіне нормативті-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Әйелдерге арналған аң терісінен сырт киімдердің сұрыптамасы манто, пальто, жартылай польто, жакеттер, желеткалар.

Манто пальтодан етегінің үлкен қаусырмасымен, түймелердің болмауымен ерекшеленеді, оң полочка сол жақ бүйір тігіне дейін жетуі мүмкін, ал ойықтар сызығы - планка сызығына дейін жетеді. Жеңдердің ойықтарын көбірек кең етеді.

Пальто жартылай пальто мен жакеттер ұзындығымен ерекшеленеді. Пальтоның ұзындығы 112-120 см, жартылай пальто -80-100см, жакет 65-75см. Пальтоның, жартылай пальтоның және жакеттердің қаусырмасы 15см-ден кем емес.

Пальтоны, жартылай пальтоны, жакеттерді боялмаған, боялған қырқылған, жұлынған немес қырылған аң терісінен жасайды: қаракөл, смушка, мерлушка, түбітті-лақ, клем, муаре, түбітті қой, түбітті құлын аң терілерінен және теңіз аңдарының терілерінен, үй қояны, сібір күзені, қара күзен, ондатр, саз құндыз, түлкі, жанат, атжалман, тиін, көртышқан, саршұнақ, су және қойма егеуқұйрығы, зорман, тарбаған, алатышқан, т. б. терілерінен жасайды.

Жакеттерді пальтоға арналған жоғарыда аталған аң терісі жартылай фабрикаттарынан сондай-ақ тиіннің терісінен, ақ қоянның жотасынанқаракөлдің аяқатыран, т. б. жасайды. Жакеттерді тік және белсызғымен жартылай жанасатын деп бөледі.

Әйелдердің сырт киімдерінің өлшемін үш өлшем белгілерімен анықтайды: жүнін сыртқа қаратып арқасының ортасымен екіге бүктеп немесе манекенге кигізіп, бойы, жамбас өлшемі, кеуде өлшемі (см) бойынша.

Әйелдердің пальтосы мен жартылай пальтосы 9 өлшемді және 6 боймен қарастырылады:

1-146, 2-152, 3-158, 4-164, 5-170, 6-176 (тек 50-52 өлшемдер үшін) (кесте11) .

Бұйымдар сұрпын жүнді жабындының күйі бойынша анықтайды. ; ақаулардың болуына байланысты бұйымды ақаулардың төрт тобына бөледі. (бірінші, екінші, үшінші, төртінші)

Кесте 11. Әйелдерге арналған құрама және аң терісінен пальтоның, жартылай пальтоның, жакеттердің бойы мен өлшемі.

Еркектердің аң терісінен киімі.

Еркектердің аң терісінен киімі негізінен жартылай фабрикаттардың келесі түрлерінен жасайды: жартылай қатты жүнді, қатты жүнді, қырқылған және сазқұндыздай боялған қой терісінен, табиғи немесе боялған түбітті ит терісінен. Күртешелер кең таралған, сондай-ақ аң терісінен желеткелерде қолданыс тапқан.

Аң терісінен пиджактарды әдетте стандартты үлгілерде жасайды: әр бортта төрт түймесімен және ілмектерімен екі бортты, екі жартыдан тұратын хлястикпен; жеңдерң екі тігісті, қой терісінен жағасы қырқылған немесе боялған, тік, жатқызылған, бір металл ілмекке және ілмеге түймеленеді. Пиджакта борттан 10см-ден кем емес қашықтықта сол жақ етектің астарында бір ішкі қалта және аң терісі жартылай фабрикатынан қақпақшалармен екі бүйірлік тілікті қалта болу керек. Астары сәтеннен немес аң терісінің арзан түрлерінен. Астар мен үстінің арасында мақтаның, ватиннің немес басқа маталық емес материалдардың қабаты салынады. Үсті жұмсақ және иілгішті тері ұлпасымен; жүнді жабындының түсі, сұрпы бойынша біртекті терілер. Барлық бөліктердің жүнді жабындысы жоғарыдан төменге бағытталуы керек.

Әдетте пиджактарды бес бойлы, алты өлшемді (46-дан 56-ға дейін) етіп шығарады.

Аң терісінен желеткелерді қырқылған және боялған қой терісінен, боялмаған және боялған лақтан, әртүрлі түрдің мерлушкасынан, зорман, атжалман терілерінен дайындайды. Желеткелерді аң терісін ішке қаратып тігеді, желеткенің үсті-матадан (вельвет, плащ матасы, т. б. ) тігіледі.

Тақыр желеткелер (сыртында өңделген тері матасымен) тондық қой терісінен және велюрге өңделген жүнді қой терісінен жасайды. Олар алты өлшемді, төрт бойлы болады. Тақыр желеткелерде бүйір тігістерге 500-800мм ендікті резеңке қойылады.

Балалардың аң терісінен киімі.

Балалардың сыртқы аң терісінен киімі-пальто, пиджактар, куртка (ұл балаларға) .

Жыныстық жасты топ бұл бұйымдардың үлгісін анықтайды. әдетте үш жас ерекшелікті топтарға арналған бұйымдарды (пальтоны) шығарады: мекиепке дейінгі, мектеп жасындағы, жеткіншекті.

Аң терісінен киім мектепке деінгі топқа арналған пальто ұлдар мен қыздарға конструкциясы бойынша шамамен еркешеленбейді. Көбінесе бұл тік немесе аздап кеңейтілген силуэтті пальто. Қыздарға арналған пальто төмен жағынан аздап кеңеюі мүмкін. Ұлдарға арналған пальто қосымша элементтерге ие болуы мүмкін, олар: хлястиктер, иық белгілер, шлицтер, т. б.

Мектеп жасындағы және жеткіншек қыздарға арналған пальто тік, жартылай жабысқан және төменіректе кеңейгенсилуэттерде, бір бортты немесе екі бортты, жеңдері жамалған, реглан типті, құрама болып шығарылады. Жағалары да әр түрлі формада болуы мүмкін: дөңгеленген, шалькамен, капюшонмен, лацкандармен, бөкебай немесе бөкебайға ауысатын тірек түрінде. Қалталары жапсырма, тілікті, қақпақшалармен, қақпақшаларсыз, т. б.

Ұл балаларға арналған курткаларды аң терісі астарымен аң терісінен және тоқыма түрінде жасайды.

Бұйымдардың осы тобын жасау үшін аң терісі жартылай фабрикатының келесі түрлерін қолданады: боялған және боялмаған мысықтың және үй қоянының терілерін; жүнді қой терісін, жүнді үй қоянының терісін, мерлушканы, алатышқанның, саршұнақтың терілерін, тіпті тиін терісінің бастарын да т. б.

Бала бақша және мектепке дейінгі жасқа пальтоны үш өлшеммен (24, 26, 28) және үш боймен (1-8см, 2-86см, 3-110см) шығарады; мектеп жасындағы балаларға жеті өлшеммен (30, 32, 34, 36, 38, 40, 42) және төрт боймен (1-146см, 2-152см, 3-158см, 4-164см) жасайды.

Аралас киімнің аң терісі бөлігі.

Сұрыптамасы: жағалар, манжеттер, жөндеуі (төбесі), аң терсінен астар (етек) . Олардың сұрыптылығын МЕСТ 7069-79 бойынша анықтайды.

Жағаларды үлгілер, жыныс-жасты топтар, өлшемдер, түстер, сұрыптар және ақаулар топтары бойынша бөледі. Үлгілер сән бағытына байланысты болады. Жағаның негізгі бөліктері: отлет (окат), моны (жамау сызығы), ортасы, орталығы, оң және сол шеттері.

Отлет-сыртқы жиек сызығы

Мойны бұйымға тігілетін жағаның ішкі жиек сызығы.

Ортасы-жағаның ұзындығы бойынша ортаңғы сызық; оң және сол шеттері-оның бүйір бөлшектері.

Орталық жалпақтығы бойынша ортаңғы сызық.

Сондай-ақ жағаларды еркектікі, әйелдікі, балалардікі деп топтастырады.

Жағалардың өлшемдерін мойын тесігінің ұзындығымен анықтайды. Әдетте жағалар келесі өлшемдермен ерлер мен әйелдерге 44-60; балаларға 24-48 жасалады.

Өңдеу әдісіне байланысты жағалар боялған, боялмаған, жұлынған немесе қырылған, қырқылған, жүнді жабындысы ерекше өңделген болады.

Ерлердің жағаларын жасауға аң терісі жартылай фабрикатының келесі түрлерін қолданады: өзен құндызының, теңіз мысығының, камшаттың, жүнді иттің, қойдың, қаракөлдің, мерлушканың, жүнді лақтың, лямканың, яхобабаның терілерін, тиіннің, саз құндыздың, үй қоянының, үй мысығының терілерін.

Конструкциясы бойынша ерлердің жағалары тік, лацкандармен тік және шелді болады. Конструкциясы бойынша және сыртқы түрі бойынша әйелдердің жағалары әртүрлі: тік, лацкандармен тік, шалді, жастардікі, тік тұрған. Осы бұйымдарды жасауға шамамен барлық түрлердің (боялмаған, боялған және ерекше өңделген) аңтерісі үлпершегінің жартылай фабрикатын қолданады.

Балалардың жағалары: ұлдарға тік, қыздарға тік және «коломбин» фасонында. Тік жағаларда отлет сызықтар мен горловина, «коломбин» фасонындағы жағаларға қарағанда, азырақ иілген, сондай-ақ ұштарының (овальді, үшкір) формаларымен еркешеленеді. Жағалардың әрбір фасоны өз нөміріне ие. Әдетте балалардың жағаларын аң терісінен жартылай фабрикаттардың арзан түрлерінен жасайды: тиін терісінің жоталарынан, летяга тиінінің терісінен, үй қоянының, ала тышқанның, су егеуқұйрығының, саршұнақтың, мерлушканың, лямканың, жүнді лақтың, қырқылған боялған қой терісінен.

Жартылай фабрикаттардың ақаулары: тесіктер, ажыраулар, сынақтар, таздар, қиықтар. Жүнді жабындының анық ерекшеленетін бояуымен тері үлекілеріжойылуы тиіс, қондырмалары жүнді жабындының сапасы, бағыты, бояуы бойынша мұқият іріктеледі және бұйымның жалпы түсінде ерекшеленбеуі кероек. 0, 2см 2 -тан артық емес ауданды сынықтар мен таздар, сондай-ақ тесіктер, жүнді жабынды жағынан байқалмаса, жойылмайды. Жағаларға қондырмалар ұштарынан 10см, жамау сызығынан 1/3тен артық емес қашықтықта орналасуы керек. 40мм-ден артық жүнді жабындының ұзындығымен және бұйра тоапты теріден жасалған, жағалардың бүкіл жол беріледі.

Алатышқанның, су егеуқұйрығының, атжалманның терісіненжасалған жағалар мақтадан жасалған матаға желімделуі керек.

Түсті және сұр қаракөлдің боялмаған терілерінен жағаларда тері матасын бояуға жол беріледі. Тері матасын бояусыз жағаларды ақ түсті қаракөлден және ашық көгілдір түбітпен «экстра» түсті көгілдір поляр түлкісінің терілерінен жасайды.

Жағалардың бекітілген фасонына және аң терісінен жартылай фабрикатқа байланысты жүнді жабындының бағытына қойылатын талаптар:

- ірі және ұзын жүнді терілерден (түлкі, поляр түлкісі, жанат, т. б. ) - жағаны бойлай бір ұшынан басқасына немесе ұштарынан ортасына қарай;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Былғары өндірісінің шикізаты
Былғары және үлбір шикізаттары
Үлбір және тондық терілерінің жартылай фабрикаттарының көрсеткіштері және оларды анықтау және сұрыптау әдістері
Былғары шикізатын сақтау
Былғары және үлбір тауартануы
Аңдар терісі мен үлбірінің тауарлық көрсеткіші
Тері мен үлбірінің тауарлық көрсеткіші
Тері аяқ – киімдері және былғары – тері тауарлары
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарындағы ерлер қолөнері
Киіз бұйымдарын жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz