Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары


Жоспар:
І. Кіріспе
1. Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары
ІІ. Негізгі бөлім
2. Қазақстандағы мамандарды даярлайтын оқу орындары
3. "Тұран" университетіндегі туризм факультеінде мамандарды даярлау
4. "Қазақтың Спорт және Туризм Академиясындағы" туризм факультетіндегі мамандарды даярлау
5. Туризм саласы үшін мамандар даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындарының саны
6. Туризм саласы үшін жоғары білім бар мамандар даярлау
7. Туризм саласы үшін орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Туристік кадрларды даярлау Қазақстанда әскери уақытқа дейін де жүргізілген. Негізінен туризм ұйымдастырушыларды, нұсқаушыларды және әр түрлі туризм түріне байланысты нұсқаушыларды, экскурсоводтарды даярлайтын. Бұл жұмыс Дүние жүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Ол кезде 1949 жылы туризмді Бір бүкілодақтық спорттық КСРО классификациясына енгізген. Санатты-спортсмендерді, туризм саласы бойынша спорт шеберлерді даярлау басталды.
Адамдардың көбісі саяхаттарға шыға бастады, туристік базаға келе бастады. Туризм саласында нұсқаушылар керек болды. Сөйтіп, Қазақстанда көптеген нұсқаушылар курсы, дәрістер және мектептер жұмыс істей бастады.
1966-1967 оқу жылында туризм бойынша Алматы облысының кеңесі тау туризмінің нұсқаушыларын даярлайтын мектепті ұйымдастырды. Оқу талабы өте қатал болды. Сондықтан оқуды 30 оқушы бастайтын болса, олардың тек 5 оқушысы туристік базада сынақтан өткен соң туризм нұсқаушысы деген куәлігіне ие болған. \2\
1968 жылдан 1990 жылға дейін әр жаз сайын Республикалық тау туризмінің нұсқаушысы атты мектебі жұмыс істейтін. Ол 1973 жылға дейін "Горельник" туристік базасымен базаланған. "Горельник" базасы Кіші Алматы шатқалында орналасқан. Көп жылдар бойы мектеп жетекшісі Қазақстандық туризм және альпинизм энтузиасты, спорт шебері В. М. Зимин болды. Ол республикада туристік кадрларды даярлауға көптеген үлесін қосты. 1974 жылдан бастап мектеп "Горный садовод" ауылының қасындағы Қотырбұлақ шатқалындағы "Алматау" турбазасымен базаланды. 1968 жылдары туризм саласы бойынша орталық Кеңес "Подготовка общественных туристких кадров" атты құрамасын шығарды. Бұл құрамада туризм бойынша кадрлардың жағдайы, сонымен қатар оқу жоспарлары, нұсқаушыларды даярлау, туристік ұйымдастырушыларды даярлаудың бағдарламалары, кіші туризм нұсқаушыларын даярлау, нұсқаушы-оқытушыларды даярлау, үлкен нұсқаушыларды даярлау, туризм түрі бойынша оқытушыларды даярлау, туристік саяхаттардың нұсқаушыларын даярлау және де жарыстық төрелерді даярлау бағдарламалары басылған. \2\
1968 жылдан бастап бүкіл КСРО-да және Қазақстанда бір жүйе бойынша жүзеге асты.
Бағыттаушылардың басым бөлігі, орта нұсқаушыларды даярлау бағдарламасымен даярланды. Бұл бағдарлама 2 негізгі туризм түрлері бойынша бөлімінен тұрады:
1) массалық туризм жұмысшының негізгі бағыты
2) тәрбие-оқу дайындық
Теориялық және практикалық жүйеде оқу жүргізілді. Практикалық сабақтың көбісі 12-14 күндік күндізгі саяхат болды, ол 3 санатты қиындық дәреже көрсеткіші.
Қазақстанда Республикалық мектепте келесі көрсеткіштер бойынша нұсқаушылар даярланған:
1982 жыл - 20 адам;
1983 жыл - 30 адам;
1984 жыл - 29 адам;
1985 жыл - 19 адам;
1988 жыл - 20 адам;
1990 жыл - 28 адам; \1\
22 жылдың ішінде мектеп 1000-нан астам тау, су, шайтанарба нұсқаушыларын даярлады. Сонымен қатар туризмнің барлық саласы бойынша Қазақстанда Алматы облыстық және қалалық дәрістер туризм нұсқаушыларын даярлады. Сөйтіп, 1985 жылы жоғарғы нұсқаушы дайындықты 5 қазақстандық "Шахимардан" бүкілодақтық дәрістен өтті. Сол жылы сол жерде 4 қазақстандық дайындықтан өтіп жатты. 1985 жылы Алматы облысының туризм және экскурсия кеңесінде 96 оқушы тау туризмінде даярланып жатты, ал Шығыс-Қазақстан облысында - 172 адам тау туризмінде даярланып жатты. \1\
Негізгі бөлім
1987 жылы Алматы облыстық тау туризмі бойынша кеңес өтті. Оған 19 адам қатысты. 1988 жылы Алма-Атылық саяхат және экскурсия бюросы 6-айлық курсқа шақырды. Ол курста тау және су туризмінің нұсқаушылары даярланатын болды. Курсқа 18 жасқа толған және саяхат жасаудан 1-ші қиындық дәрежелі тұлғалар шақырылды. Тапсырушылар комиссияға мынандай куәліктерді тапсырды: өтініш-анкета, анықтама, саяхатқа шыққанын дәлелдейтін құжат, учаскелік дәрігерден медециналық анықтама, жұмыс орнынан анықтама, орта білім алғаны туралы аттестат немес дипломның көшірмесі, 3 фотосурет (3х4 см) . Дәрістер және семинарлар жұмыс күндері кешкісін өткізілген, ал практикалық сабақ демалыс күндері жүргізіліп отырған. \2\
1989 жылы қазақстандық туристер бүкілодақтық семинарларда даярланған.
Қазақстанда экономикалық туризмді дамыту үшін республика бойынша шет елдік азаматтардың шағын топтарын саяхатқа шақыру керек болды. Ал осы туристердің ең басты қызығушылығы Қазақстанның табиғаты мен тарихы және де белсенді туристік саяхаттар.
Практиканың көрсеткіштері бойынша Қазақстандағы турфирмалардың көбісі, мысалы, Қазтуркеңес, Интурист және БМТ "Спутник", визалық, жарнамалық, шет елдік азаматтарды қабылдаушылық, паспорттық көзқарастары жақсы дамымаған. Тек Алматы қаласында ғана 50 шақты туристік маршруттар бар. Ал турфирмалардың көбісі шет елдерге танымал емес.
Бірақ уақыт өте келе туризм саласы бойынша көзқарас өзгере бастады. Олар түсінді осы салада мамандарды даярлау керек екенін. Сонымен қатар туристік маман даярлайтын вуздар халықаралық қолдаумен, құрал-жабдықтармен, ғылыми-тәжірибелік базамен, үлкен санатты профессор-оқытушылармен қамтамасыз етілді.
Қазіргі кезде Қазақстанда туризм саласы бойынша мамандарды даярлайтын келесі оқу орындары қызмет көрсетуде:
1. Аль-Фараби атындағы Қазақстанның ұлттық мемлекеттік университеті география факультетіндегі туризм бөлімшесі (Алматы қаласы) .
2. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіндегі эколо-география факультетінде халықаралық туризм бөлімшесі (Алматы қаласы) .
3. Қазақстанның мемлекеттік халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер университеті (Алматы қаласы) .
4. Алматы технология және бизнес институты (Алматы қаласы) .
5. Х. А. Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университеті (Түркістан қаласы) .
6. Россиялық халықаралық туризм академиясы, Қазақстандағы фелиалында (Алматы қаласы) .
7. Мәскеулік мемлекеттік әлеуметтік университеті, Қазақстандағы филиалында (Алматы қаласы) .
8. Мәскеулік мемлекеттік қызмет көрсету және сату академиясы, Қазақстандағы филиалында (Талдықорған қаласы) .
9. Санк-Петербургтік гуманитарлық профодақ университеті, Қазақстандағы фелиалында (Алматы қаласы) .
10. Қазақстан-Американ университеті (Алматы қаласы) .
11. Мәскеулік инновация менеджменті академиясы, Қазақстандағы филиалы (Алматы қаласы) .
12. "Тұран" университетінің туризм факультеті (Алматы қаласы) .
13. Орталық-Азия университетінің гуманитарлық факультеті (Алматы қаласы) .
14. Алматы коммерциялық институт (Алматы қаласы) .
15. Қазақтың Спорт және Туризм Академиясында, туризм және серфис кафедрасы (Алматы қаласы)
16. "Унат" университеті (Алматы қаласы) .
17. Қарағанды экономикалық университет (Қарағанды қаласы) .
18. Алматы экономикалық университет (Алматы қаласы) .
Қазақстан Республикасының туризм саласы бойынша мамандандыру әлемдік жүйе интеграциясы әлі болған жоқ. Бірақ та, туризм саласы бойынша мамандарды даярлаған кезде халықаралық жүйемен байланыстыру керек деген көзқарас қалыптасуда. \2\
1997 жылдың соңында Минск қаласында "Туристкое пространство СНГ" атты кеңес өтті.
Бұл кеңсете біркелкі СНГ туристік аумақтың болуы қарастырылды. Сонымен қатар транспорттық және экскурсиялық маршруттардың бірігуі туралы көзқарастар болды. Туристік кадрларды дайындаудың стандарттары мен бағдарламалары шешілмегенше туризм саласы тоқырауға ұшырайды.
"Тұран" университеті. "Тұран" университеті жоғары оқу орны болып 1992 жылдың 25 шілдесінде қалыптасты (регистрациялық куәләгі №676, гогреестр ҚР №19526393) . "Білім беру" және "Шаруашылық қатынастар мен аукционерлік қоғам" құқықтарының жүйісінде қалыптасты. Қазіргі уақытта "Тұран" қоғамдастары ҚР "Жоғары білім беру" жүйесімен және университет жүйесімен жүргізіледі.
Университеттің басты мақсаты - экономика саласы бойынша мамандарды даярлау, бизнес саласы бойынша мамандарды даярлау, құқық және туризм саласы бойнша мамандарды даярлау болып табылады. "Тұран" университеті өзінің сабақтарын дәріс және практика жүзінде жүзеге асырады.
"Тұран" университетінің басты білім беру кампоненттерінің негізін келесі көрсеткіштер құрайды:
а) университеттегі ғылыми-техникалық паркте тәжірибелер, ғылыми жұмыстар, оқу-әдістемелі жұмыстар жүргізу;
ә) тиімді және ыңғайлы оқу жоспарларын ұйымдастыру, қазіргі заманға сай;
б) студенттік қызметті қатты қадағалау, себебі ол университеттің негізгі көзі болып табылады;
в) оқытушы мамандар арасынан ең жақсысын таңдап алып, оқу жүйесінің құрамын жасау;
Университет төрт факультет бойынша мамандарды даярлайды:
- эканомика және финанс факультету;
- бизнес және менеджмент факультеті;
- құқық факультеті;
- туризм факультеті, 0702 - "Туризмдегі экономика және менеджмент" мамандық бойынша студенттерді даярлайды. Студенттер оқу орнын аяқтағанда, оларға "Туризм менеджері" атты атақ беріледі.
Студенттердің қалауы бойынша ақырғы оқу курсында олар келесі мамандықтарды таңдап алуға мүмкіндігі бар:
1. Қазақстан азаматтарының рекреациялық-танымдық мақсат бойынша басқа шет елге шығуды ұйымдастыру мен экономика.
2. Қазақстан Республикасындағы шоп-туризмді ұйымдастыру мен экономика.
3. Белсенді саяхаттың түрімен шетел туризімін ұйымдастыру мен экономика.
4. Қонақ үй менеджменті.
Туризм саласы бойынша мамандарды даярлау барысында жоғарғы санатты оқытушылардың мынандай оқу сабақтарымен жүзеге асырылады:
- мамандыққа кіріспе
- аймақтық-туристік жүйе негіздері
- туристік бизнесті картографиялық қамтамасыз ету
- географиялық туризм негіздері
- экскурсия негіздері
- туристік бизнесті ұйымдастыру
- белсенді туризм түрінің техника және тактика негіздері
- қонақ үй менеджменті және т. б.
Әр факультетте екі оқу жүйесі жүргізіледі: күндізгі және сырттан. Қалаушылар екінші жоғарғы білім ала алады, егер ІІІ курсқа бірден түсіп өз мамандығы бойынша арнайы жүйемен жұмыс істесе.
Ең басында студенттердің арасында таңдау жүргізіледі. Ол тест және сөйлесу арқылы жүзеге асырылады. Жыл сайын осы факультет абиатуренттері көбеюде. Осы университетте Алматы және шетел мамандарымен бір қатарда жұмыс істеушілер оқытады.
"Тұран" университетінің бітірушілеріне шетел мемлекеттірің қолдауы бар және мамандығы, лицензиясы және жоғары оқу бітіргені туралы диплом беріледі.
"Тұран" университетін аяқтаушылар менеджмент, бас менеджер, туристік фирмаларда бастық болып жұмыс істей алады. Оқу барысында практикада студенттерді турфирмаларға апару мақсатында көптеген студенттер ІІІ курста менеджер болып жұмыс істейді.
"Тұран" университетіндегі болашақта мамандандырылған кәсіпкерлер шығу үшін студенттердің оқуға деген талпынысы, тәртібі және даярлау сатысы ықпал етеді \2\
Қазақтың Спорт және Туризм Академиясы. Туризм кафедрасының қалыптасуы 1998 жылы басталған. 1998 жылы 28 қазанда вуздың аты Қазақтың дене шынықтыру институты Қазақтың спорт және туризм академиясына ауыстырылған болатын. Тек қана вуздың аты ғана өзгермеді. Сонымен қатар Білім және денсаулық Министрлігінің 1998 жылы 24 желтоқсанда қаулысы бойынша Қазақтың спорт және туризм академиясына туризм саласында кафедралар қосылды. Олар:
0619 - халықаралық туризм
0902 - спорт және экономикалық туризм
0618 - мәдени-әлеуметтік қызмет көрсету және туризм
Сонымен қатар туризм индустриясын зерттейтін ғылыми-тәжірибелік орталық құрылды. Ал Қазақтың спорт және туризм академиясы ұлттық спорт пен туризмді дамытуға арналған бағдарламалар мен жоспарларға қолдау және көмек көрсетті. Осы жетістіктер "Қазақстан - 2030" бағдарламасында белгіленген. \3\
1999 жылы кафедра басқарушысы болып педагогика ғылымының кандидаты, доцент, тау туризмі бойынша шебер
В. Н. Вуколов келді. Ол 1967 жылдан бастап туризм саласында мамандарды даярлау мәселелерін зерттеген. Ал 1999 жылы зерттеудің үш деңгейі жүзеге асты.
Бірінші деңгейде (1967-1981 жж. ) туристік қызметті зерттеу, вузға дейінгі мектеп оқушыларын даярлау, туристік кадрларды даярлаудың мазмұны мен методикасы.
Ал екінші деңгейде (1982-1992 жж. ) Қазақстан Республикасының туристік рекреациялық мәліметтерді жинау және талқылау, Жетісуды туристік бөлік ретінде дамыту және бағдарламалар жасау, оқу үрдісін дамыту, оқушыларды арнайы дайындау бағдарламаларын жүзеге асыру.
Үшінші деңгей (1993-1999 жж. ) эксперименттік жұмыс қосылды - конструкциялау, жүзеге асыру, қорытындыны анализдеу, Қазақстандағы туризм индустриясының қызметінің үрдісі арнайы даярланған студенттерді даярлау. \3\
Бірінші мәліметтердің жиналуы автордың 1967 жылы нұсқаушы болып жұмыс істеп жүрген кезінде басталды. Ол Қазақстанның "Горельник", "Иссык", "Алма-Тау", "Баян-Аул", "Қазақстан", "Ыстық-Көл" базаларында нұсқаушы болып жұмыс істеген. Ал 1974 жылдан Қазақстанның республикалық туризм нұсқаушы мектебіндегі бүкілодақтық, республикалық және облыстық семинарларында туристік кадрлар бойынша эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Тағы да "Тұран", Абай атындағы ұлттық институттың туризм кафедрасымен, әл-Фараба атындағы ұлттық университеттің туризм кафедрасымен бірге жүзеге асты.
Бүкіл зерттеуге 4850 туристер, 390 туризм және алпинизм бойынша нұсқаушылар, 2150 орта білім алушы мектеп, лицей және гимназия оқушылары, 1650 студент, 230 оқытушы, 129 вуз оқытушылары қатысқан. Базалық болып халықаралық алпинистік лагерь "Хан-Тенгри", туристік фирма "Туран Азия", алматылық гимназиялар №№ 25, 79, 134, "Тұран" лицейі, "Тұран" университетінің туризм факультеті болып табылды. Зерттеуге Н. Р. Мальцев, Л. В. Жемчужникова, Р. М. Бокишева, Ю. Н. Экемсеева, М. Ж. Рахимбекова қатысты.
Туризм менеджерін туризм факультетінде даярлау үшін менеджер саласымен тығыз байланыстыру керек деген қорытынды шығарылды. Осы мәліметтер негізгі талап ететін, тенденциялар, туризм саласында менеджерлерді қолдана алатын арнайы даярланған мамандарды даярлау. Осының бәрі теориялық және практикалық жүйеде іске асырылады.
Мамандарды даярлау моделі мәселелерді қарау мақсатында жүзеге асырылуы тиіс. Және де вуздағы қажетті кантинентпен қамтамасыз ету.
Мамандарды даярлау тек бес дәрежеге байланысты жүзеге асырылады:
1. студенттердің құрамын ұйымдастыру, белгіленген маманның талаптары;
2. факультеттің оқу кестесін құру және арнайы даярланған оқытушыларымен жүзеге асыру;
3. оқу кестесіне кіретін тәрбиелік кесте құру;
4. тәрбиелік кестені жүзеге асыратын арнайы кесте құру және оны жүзеге асыра алатын оқу құралдарын қолдану;
5. ұйымды-методикалық талаптардың құрамы мен қалыптасыуын қадағалау және оқытушылар деңгейі, оқу-тәрбиелік ұйымның жұмысының жүргізілуі. \3
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz