Жүнсіздендіру және күлдеу үрдістері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті

Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Жүнсіздендіру және күлдеу үрдістері.

Орындаған: Даулетұлы Қ.
Тобы: ТК - 321 Б
Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей, 2015 жыл
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды

Кіріспе
Жас терімен жұмыс істегенде, кейде жүнінен айыру қиынға түседі. Бұндай жағдайда теріні кішкене борпылдақтандыруға болады. Бұл үшін терідегі еттерді тазартып, терінің, бахтармасын аздап жуып, бахтарманы бахтармаға беттестіріп, қосақтайды, оның көбірек тұрғаны жақсы. Бұл операция сәтті өту үшін, 15 қосақталған теріден аз болмау қажет. Сосын теріні тығыздау үшін үстіне жүк қойып, 20-40 сағатқа қалдырады. Шеберханада төмен температура және тері аз болса, престе көбірек ұстайды. Жылудың әсерінен бахтарма созылады да, шелдеу оңай жүреді. Толық созылған бахтарма кірлеу сұр түске боялады. Егер аз тері өнделіп жатса, оны қосақтап қоюға болмайды, теріні жайған бойы 20-30 сағаттай суда қалдырады.

Негізгі бөлім
Жүнсіздендіру үрдісі (терінің түкті жабынын кетіру) екі сатыдан тұрады:
1. Алдын-ала жүннің және терінің беткі қабатының қыртысының өзеңмен байланысын әлсірету;
2. Жүнді жүн алатын машина арқылы механикалық жолмен алып тастау.
Жүнсіздендірудің бұл әдісі көбінесе жүні мол майда шикізаттардан (ешкі, қой, терілері) хромдық, сонымен қатар юфть және аяқ киімнің астыңғы бөлігіне арналған былғары өндірісінде де қолданылады.
Түк пен қыртыстың өзеңмен байланысын алдын-ала әлсірету үшін химиялық немесе ферментативтік әдістер жүргізіледі. Химиялық әдістермен жүннен арылту кезінде, (шикізаттарды сілтілік реагенттермен өңдеу) терінің астар жағына жағатын қоспаны немесе жүннен арылту мен күлдеудің біріккен әдістерін пайдаланады.
Жүнсіздендірудің басқа әдісі - жүн түгін бір жола жою (еріту). Химиялық әдіс арқылы түктің өзеңмен байланысын әлсірету немесе түкті түгел жою кезінде жүннен химиялық реагенттермен әсер ету, түктегі кератиннің дисульфидті байланыстары арқылы жүргізіледі.
Шикізаттардың ферменттер арқылы жүннен арылту негізіне қыртыс пен өзеңнің арасындағы кейбір ақуыздарды (мукоид, альбулин, глобулин) еріту жатады. Сол себепті түк пен өзеңнің байланысы әлсірейді. Күлдеу үрдісінде өзең, өзара байланысқан көптеген өзгерістерге ұшырайды. Күлдеу сұйықтарының құрамдас бөліктері өзеңнің ақуыздарымен өзара химиялық байланысады, колагеннің құрылысындағы кейбір молекулалар арасындағы байланыстардың бірен-сараны қайтымсыз бұзылады, өзең қатты ісінеді, өзеңнің талшықтары арасындағы ақуыздар ерітіндіге ауысады, шикізаттарда аз мөлшерде болатын табиғи май сілтілік реагенттердің әсері етуімен көпіршіктенеді. Осының нәтижесінде, өзеннің микроқұрылымында және одан өңделген былғарының қасиетінде мәнді өзгерістер болады. Қазіргі кезде ірі қара мал терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары өндірісінде біріккен күлдеу және жүннен күйдіру арқылы арылту әдісі кеңінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теріні бояу және бояғыштар
Былғары өңдеу кәсіпорындарының ақаба суларының құралу ерекшеліктері және оларды канализациялау жолдары
Былғары мен үлбірдің құрамы мен қасиеттері
Қалдықтарды қайта өңдеу. Жүн мен қылшықты өңдеу. Стандартты емес шикізатты және спилокты өңдеу
Тері шикізатын өндіру жайлы
Былғары және мех шикізатының тағайындалуы
Жүн. Жүн шикізаты, өнімдері
Батпақтың химиялық құрамы
Қалдықтарды қайта өңдеу
Радиациялық экологияның теориялық негіздері
Пәндер