Қазіргі кезде киім тігу өңдірісінде көптеп қолдаңылатын жануарлардан алынатын шикізаттардың бір түрлері


Кіріспе
Менің курстық жұмысымның мақсаты қазіргі кезде киім тігу өңдірісінде көптеп қолдаңылатын жануарлардан алынатын шикізаттардың бір түрлері: үлбір және жүн материалдарының алыну жолдары, олардың физикалық және химиялық қасиеттері, қолдану аясы жайлы толығырақ ақпарат жинап, айқындау.
Терінің атқаратын қызметі жануарлар организмін сыртқы ортадан, механикалық химиялық және бактериялық әсерлерден қорғайды, жылу алмасуды реттейді сезіну органдары болып, сонымен қатар жануардың тіршілігіндегі өңделген заттарды денеден бөліп шығару қызметін атқарады.
Тері қасиеттері, организмнің сыртқы орта әсеріне сәйкестенудің және оның тері құрылымының ерекшеліктерінің әсерінің жоғарғы үлгісі ретінде қызмет ете алады. Жануарлардың өмір сүру жағдайына, климаттық факторларға, жыл мезгілдеріне байланысты теріде, өнімнің тауарлық құндылығына және өңдеу тәсілдеріне әсер ететін айтарлықтай өзгерістер болып тұрады. Жануарлар тері құрылымы, өзінің жоғарғы сапасына және қысқы жағдайына байланысты, сонан соң мезгілдік өзгеріс ерекшеліктері тұрғысынан, қарастырылады. Мехтық терілері тері ткані және жүн жабынына бөлінеді.
Терілерінің мехтік шикізаты екі топқа бөлінеді: 1-ші топқа қаракөл қойлары қозыларының өлі туған және туғаннан кейінгі үш күңдік қозыларының терісі жатады. 2-ші топқа қырқылған немесе жүндес қойлардың терілері жатады. Қаракөл мех шикізатына қаракөл тұқымды қойлардың қозылардың терісі алынады. Түрлердің жүңді жабыны ерекше әдемі жалтыраған, бұйра-бұйра, ирек әртүрлі формада болып келеді, оны елтірі деп атайды. Елтірі - туғаннан кейін 2-3 күн ішінде сойылған қозы терісі. Елтірі қойдың қаракөл, Соколов, Рапштилов деген тұқымдарының қозыларынан ғана алынады. Бұлардың ішінде ең сапалысы және көп өндірілетіні - қаракөл елтірісі. Соңдықтан елтіріні әдетте қаракөл деп атайды. Елтірінің шелі жұқа және терісі ете берік, елтіріден тігілген киімнің жеңіл және мықты болуы осы қасиетіне байланысты. Қозы туғаннан кейін 7-12 күнге дейін сойылмаса, жүні өскендіктен бұйрасы тарқалып, елтірінің сапасы төмендейді. Енесі буаздығының 135-140 күндерінде сойылып алынған қозының елтірісі қаракүлше деп аталады, олар жоғары бағаланады. Елтірінің сапасы мен құңдылығы түгінің бұйралылығына, түсіне, мөлшеріне байланысты. Елтірі бұйра гүлінің жалпақтығына қарай ұсақ бұйра гүлді (ені 4, 5 мм-ге дейін), орташа гүлді (ені 4, 5-7 мм), ірі бүйра гүлді (7 мм-ден артық) деп бөлінеді. Орташа бұйра гүлді елтірі сапалылығы жағынан жоғары бағаланады.
Елтірі түсіне қарай қара, сүр қызғылт қоңыр (суыр) болып келеді. Жүннің өн бойының түсі біркелкі болмайтын, түгінің түбі қоңыр, үш жағы бірте-бірте көгілдір, ақырында ақшыл келетін елтіріні сұыр деп атайды. Жүннің бұйра-сына қарай моншақ гүлді және толқын бұйралысы жоғары бағаланады. Мұнымен қатар серпімділігі де елтірінің қасиеттерінің бірі. Жүні сирек елтірінің бұйрасы тез жазылып кетеді.
Елтірі сапасы және оны өндіруде Қазақстан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін алады. Мехтік шикізатқа қаракөл қойларынан басқа терісі мех жасауға жарамды қой тұқымдары пайдаланылады. Олар: қазақтың арқар-мериносы, етті, биязы жүнді қой түқымдары. Қазақтың солтүстік мериносы да жүндес етті бағытқа жатады.
1 ҮЛБІР
1. 1 Үлбір шикізатының сипаттамасы
Үлбір - үлпілдек, мамық және биязылау жүңді жануарлардың өңделген терісі. Үлбірге түкті жабыны сапалы үй жануарларының (биязы және биязылау жүндіқойдың, қаракөл қозысының, қоянның, түбітті ешкі лағының, құлынның, бұзаудың), кейбір теңіз жануарлары (теңіз мысығы, итбалық) мен құстардың (баклаңдар, аққулар) терісі жатады. Үлбір сапасы мен пайдалану реті оларды өндеу ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Үлбірден жылы да әсем, әрі көп киіс беретін бас киім, сырт киім, жаға тігеді.
Үлбір өндіру үшін терідегі қыртысты бұзбай сақтау керек. Егер ол бұзылса, түктің өзеңмен байланысы нашарлап, кейініректе түгі түсіп қалатын болады.
Мех өнеркәсібінде өңделетін шикізаттарды негізінен мына топтарға бөлуге болады:мехтық шикізат( мехтық және тондық қой терілер, қаракөл елтірілілері, қозы, лақтар, қоян, мысық, ит, құлын және т. б ) ; бағалы аң терілері (қара күзен, тиін, сусар, түлкі, саз құндызы, қама, оңдатра және т. б ) теңіз жануарлары терілері (теңіз мысығы, тюлень, ит балық ) .
Мех шикізатының ішінде ең көп өңделіп өндірілген мехтық және тондық қой терілері. Бұл шикізаттардан, адам игілігіне жарайтын көптеген өнімдер (бас киім, сыртқы киім, жағалар, балалар және әйелдер пальтосы, ерлердің күртелері, аяқ киімдер, спорттық бұйымдар және т. б) өндіріледі.
Осыған байланысты мех өнеркәсібін илеу-бояу және пішу-тігу өндірістерінде бөледі. Мех фабрикаларында шикізат заттардың, көптеген түрлерін ауданына, қалыңдығына, жүнінің ұзындығына, реңіне, жұмсақтығына, бұйрасына қарап өңдейді. Жануардың бір түрінің өзінде өскен өлкесіне, жасына, жынысына, сою мезгіліне, ақауларына, алғашқы өңдеу тәсілдеріне байланысты ерекшеліктері болады.
Кейбір жағдайларда мехтік жартылай фабрикаттан өңдеуден /илеуден/ соң кептірмей бояйды. Боялған соң кептіріліп әрлеу операцияларынан өтеді. Бұл тәсіл үздіксіз деп аталады. Үзілісті және үздіксіз тәсілдердің процесстерінің орындалу реті мынадай.
Үзілісті тәсіл-жібіту, шелдеу, пикелдеу, илеу, майлау, кептіру, әрлеу операциялары, бояуға дайындау, бояу, шаю, кептіру, әрлеу операциялары.
Үздіксіз тәсіл-жібіту, шелдеу, пикелдеу, илеу, бояуға дайындау, бояу, майлау, кептіру, жұмсарту, әрлеу операциялары.
Мех өңдеудің үздіксіз тәсілінің бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден өндіріс айналымы қысқарады, еңбек өнімділігі артады, жұмысшылар саны азаяды. Екіншіден бұл тәсіл өндірісті дұрыс та, тиімді ұйымдастыруға, механизациялауға, автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Мехтік, тондық қой терілері негізінен үздіксіз тәсілмен өндіріледі, өте жұмсақтықты қажет ететін қаракөл қой терілері, қоян терілері үзілісті тәсілмен өндіріледі. Мех өндірісінің барлық технологиялық процесстерін 2 топқа бөлуге болады. Бірінші тобы шикізаттың қасиеттерін өзгертетін химиялық және физико -химиялық құбылыстар негізінде жүргізілетін процесстер. Бұларға жібіту, илеу, пикелдеу, майдан арылту, ашытқымен өңдеу, кептіру, бейтараптау, басқылау, бояу және т. б процесстер жатады.
Екінші топ-механикалық прцесстер :шелдеу, жұмсарту, жүнді қырқу тарау, жүнді тазарту, тегістеу және т. б . Бұл бөлу шартты түрде ғана, себебі кейбір процесстерді жүргізген кезде, механикалық және физико-химиялық әсерлер бірге болады. Әдетте, бірінші топ процесстері өндірістік Партиядағы белгілі мөлшердегі шикізатта бірмезгілде жүргізіледі. Өндірістік партияны құрастыру өте жауапты жұмыс. Түрі, массасы немесе ауданы мен қалыңдығы бір, сақтау тәсілдері, тығыздығы мен сорттылығы ұқсас, сапасы бір деңгейде, жүн жабыны бірдей және белгілі бір өнім шығару мақсатында тері шикізаттарынан құрастырылады.
Жүннің майлылығы жоғары, жүні босаған, шикізаттар бөлек топтастырылып жеке партия түрінде өңделеді. Әдетте, өндірістік партиялар көлемі өндіріс жабдықтары мен қондырғыларының йымдылығына байланысты тұрақты болып келеді. Мысалы, 5000 дм 2 сйымдылығы баркаста 250-300 қой терісі немесе 3000-4000 қоян терісі өңделеді. Екінші тпо процесстері, әдетте, бір-бірлеп жүргізіледі, мысалы, шелдеу, жүнді қырқу, тарау. Кейбір жағдайларда, жұмсарту, сілкілеп тазарту процесстері тобымен жүргізіледі.
Мех терілерінің жеке түрлері. Үй қояны терілері ең көп дайындалатын шикізат. Себебі өте өсімтал әрі тез жетіліп көп шығын талап етпейді. Қоянның көптеген түрлері болады.
Негізгілері төмендегілер:
Шиншилла - жүн жабыны қалың, биік және жұмсақ сұрғылт түсті. Қылшық жүндерінің ұшы қоңырқай.
Шампань - жүн жабыны біркелкі ақшыл сұрғылт түсті.
Флонур - жүн жабыны жұмсақ, қалың, биік, сұрдан қарасұрға дейін болады. Үлкен ақ қоян - жүні жабыны қардан аппақ болады. Қоянның аралас тұқымдарының терілері аса бағаланбайды.
Жүн жабынына байланысты 4 сортқа бөлінеді, табиғи боялған, қырқылған күйінде өндірісте қолданыла береді.
Қаракөл қой тері шикізаты негізінен екі топқа бөлінеді: 1. елтірі; 2. Қой терілері; бұл топқа бұғы терілері де жатады.
Қаракөл тұқымды қойларының қозыларының жүнді жабыны ерекше әдемі жылтыраған, бұйра-бұйра, ирек әртүрлі формада болып келеді.
Қаракөлше - тууына 10 - 15 күн бұрын іш тастаған немесе арнайы сойылып алынған қозы терілері.
Қаракөлше - туғаннан соң 3 күн ішінде сойылып дайындалған қозы елтірісі. Елтірінің сапасы мен құндылығы түгінің бұйралығына, түсіне ауданына байланысты. Елтірі бұйра гүлінің жалпақтығына қарай ұсақ бұйра гүлді (ені 4, 5 мм-ге дейін) орташа гүлді (ені 4, 5-7 мм), ірі бұйра гүлді (7 мм-ден артық) деп бөлінеді. Орташа бұйра гүлді елтірі сапалылығы жағынан жоғары бағаланады.
Елтірі түріне қарай қара, сұр қызғылт, қоңыр(сұр) көк болып келеді. Жүнінің өн бойының түгі біркелкі болмайтын түгінің түбі қоңыр, үш жағы бірте-бірте көгілдір, ақырында ақшыл келетін лтіріні суыр деп атайды.
Жүнінің бұйралығына қарай моншақ гүлді және толқын бұйралысы жоғары бағаланады. Мұнымен қатар жүнінің тығыздығы мен серпімділігі де елтірінің қасиеттерінің бірі.
Мехтық шикізатқа қаракөл қойларының басқа терісі мех жасауға жарамды қой тұқымдары да пайдаланылады. Олар: қазақтың арқар мериносы, етті, биязы жүнді қой тұқымдары.
Цыған қойы - өте ерте заманнан бері келе жатқан биязылау жүнді қой тұқымдарының бірі. Негізгі ерекшелігі табиғаттың қатаң жағдайына төзімді. Бұл қойлардың терілерін өңдеп жүнін түрлендіру арқылы саз құндызы, қабылан, кәмшат терілеріне ұқсатып имитациялауға болады.
Тон жасауға жүні қылшықты, ірілеу қой тұқымдарының терілері алынады. Олардан тон, тұлып басқа да жүні ішіне қараған, өзеңі өңделген киімдер жасалынады. Тон өндірісінің шикізаты ретінд етті- майлы қой тұқымдары еділбай, дегерес және қазақтың ұяң жүнді қойлары жатады.
Еділбай қойы - жергілікті қазақы қойлардың ішіндегі ең ірісі, жүннің сапасы сапасы жағынан тәуірі. Қылшық жүнді табиғатқа жақсы бейімделеді.
Теңіз жануарлар терісі. Теңіз жануарларының ішінен теңіз мысығының терісі сапасы жағынан ерекше орын алады. Қылшың жүні теріліп, түбіт жүні қара түске боялған соң немесе жабағы түрінде әйелдер пальтосы үшін, жаға, бас киімдер және басқа бұйымдар жасауға қолданылады. Мехтық тюлен терілері ерлердің бас киімдеріне күртелері үшін қолданылады.
1. 2 Үлбір өңдеу технологиясы
Mexтi өңдеудегі басты мақсат - мал терісінен алынған шикізаттан әртүрлі қажетті өнім алу. Барлық түрдегі шикізаттар мехтік өңдеуге жарамды болып табылады. Бipaқ әрқайсысының өзіне тән қасиеті бар. Сондықтан оны тұтас мехтік-мамық шикізат жіктемесі (классификациясы) дейді. Ол екі негізгі классификациядан тұрады: мамықты сою кезіндегі және оның өлшемі бойынша. Біз соңғы классификацияны пайдаланамыз. Ceбeбi, тepiні өңдеудің практикалық маңызы өте зор.
Mеxтiк шикізат ipi, орташа және ұсақ болып бөлінеді.
Ipi шикізатқа - қой, бұзау, теңіз мысығы, итбалық, түлен, қасқыр, ит және т. б. жатады.
Орташа шикізатқа - қаракөл, елтірі, лақ, мерлушка, қоян, құндыз, түлкі, қара сусар және т. б. жатады.
Ұсақ шикізатқа - ала тышқан, көр тышқан, бұлғын және т. б. жатады.
Бipiншi топтағы терілердің ерекшелiгi - олардың ipi өлшемділігінде. Ipi терінің ең жақсы бөлігі - жота, құйымшақ тұсы және мойын. Негізгіде бүйір мен бауыр тepiciндегi жүн сиректеу. Бip терінің өзінде-ақ жүнді жабынның бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Бұны пішкен кезде ескерген жөн. Енді кeйбip тері түрлерімен толығырақ танысамыз.
Мехтік қой тepici - қой және қошқар тepiлepi. Олар қырқылған және қырқылмаған болуы мүмкін. Өнім жасаған кезде табиғи түpдегі және қара, қоңыр, сұр, сарғыш және т. б. түске боялған қой тepiлерiн қолданады. Қой терісінен әйелдер мен балалар пальтоларын, жағалар, бас киімдер жасайды.
Сүт еметін бұзау тepici - әлі шөп жей алмайтын жас бұзау терілері. Қасқырдың терісін қыста аулап алады. Жүнді жабыны қалың, биік, әртүрлі жұмсақтықта және жібектей болады. Мехтің түci қара және ақшыл көктен қара жиренге дейін болуы керек. Одан бас киім, әйел және балалар пальтосын жасайды.
Орташа топтағы теpiлерді пішілуіне байланысты бірнеше топшаларға бөледі:
а) Қаракөл терісі - eлтipi, қаракөл, мерлушка, қаракөл-қаракөлше және басқалары.
б) Бағалы мамық мехтік тepi - қара күзен, бұлғын, сусар, күзен, түлкі, құндыз, кәмшат және басқалары.
в) Мысық, қоян, аңдардың тepiлepi.
Бұл тoптағы терілердің өлшемі әркелкі. Бip өнімге орташа есеппен 15-тен 40-қа дейін тepi кeтyi мүмкін. Бұйраланған топқа қозы, қойдың бағалы қаракөл тұқымы мен ірі қылшықты қойдың (бағалы) қозысының тepici жатады. Ең бағалы терілерге: қаракөл, қаракөл-қаракөлше, елтірі жатады. Осы топтағы терінің ерекшелігі жүнді жабыны құйымшақ тұсынан мойынына қарай бағытталған, бұйралығы да осыған сай келген. Бұйрасының тығыздығы, түpi, пішінi тepі сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады. Тері бұйрасының түріне байланысты үш топқа бөлінеді: бағалы - валек, боб, гривка; арзаны - моншақ бұйра, ұсақ және ipi сақиналар, деформацияланған - берік бұйралар.
Валек - ең бағалысы -. Олар қылшықтардан тұрады. Валектің қылшығы екі топқа бөлінеді: жабатын - ол бұйраның сыртқы бөлігінен тұрады және оның пішінін анықтайды, eкіншіci шығып тұратын - бұйраның iшкi бөлігi. Вальканың күштілігін жабатын қылшық бұйралық дәрежесін көрсетеді. Ол сақина пішініне қанша жақын келсе, сонша мықтырақ келеді. Егер қылшық доға тәріздес және бұйралығы аз болса, онда валек борпылдақ болады. Терінің әдемілігі мен бағалылығын валектің биіктігі, ұзындығы және ені арқылы анықтайды. Ені бойынша: енді (8 мм жоғары), орташа ( 4-8 мм) және қысқа (4 мм-ге дейін) ; ұзындығы бойынша: қысқа (12-20 мм), орташа (12-53 мм), ұзын (33 мм-ден жоғары) ; биіктігі бойынша: биік (енінін биік), жартылай дөңгеленген (биіктігі енімен бірдей), тегіс (енінен кіші ) . О рташа және ұсақ өлшемдегі жартылай дөңгеленген валька бұйра тepici - ең бағалысы болып болып саналады.
Боб - өте қатты қысқартылған валекті елестететін бұйра.
Гривка - орталығы сызықтан, eкi жағы да тіс бұрышпен таралатын бұйра қылшық. Олар симметриялы және ассиметриялы болуы мүмкін. Гривка ені бойынша: тарлау (4 мм -ге дейін), орташа (4-8 мм), енді (20-30 мм) және ұзын (30 мм жоғары) болады. Тар және ұзын гривкалы валек терісін кирпук дейді. Олар әдемі суреттегідей болады және жоғары бағаланады. Енділеу гривка терісі, бағалы болып саналады.
Домалақ тәрізді бұйра нeгiзгi бүгіліңкірек келген, ал жоғары жағында бұғақша пайда болады. Ұсақ сақиналы бұйра. Heгiзгi ақырындап берілген, жоғарғы жағы ұсақ сақина болып бітіп, тeгic тepiгe қарсы жатады. Ал ipi сақинада негізіндегі бұйрасы берілмеген. Олар ipi сақина түзеді және теріге қарсы орналасқан. Жартылай сақиналығының бұйрасы доға тәріздес болады.
Моншақ тәріздес бұйра спираль тәрізді бұйраланған. Олар қылшығы өсіп кеткен төменгі сорттағы қаракөлмен сәйкестеу. Ұлу тәріздес бұйралы терілер арзан бағалығы жатады. Киіз тәріздес орайы мен бұйрасы тepi тініне қысылған. Орайдағы бұйраның қылшықтары әр жаққа бағытталған. Бұндай терілердің бұйралары ұйпа-тұйпа болады. Қысылған бұйраларды «жабысқан қылшық» деп атайды. Бұйраның сапасын тығыздығы көрсетеді. Егер қылшықты алақанмен ұстаған кезде бұйраның биіктігін байқасаңыз, ол оның тығыздығы деп түсініңіз, ал беріктігі айтарлықтай болмаса, орташа тығыздықты, беріктігін мүлдем сезбесеңіз, онда тығыздығы нашар деп саналады. Енді біз осы топтағы терілерді жеке қарастырамыз.
Қаракөлше - бұл тұсақ пен бұғының төлінің терісі, олар жергілікті және таза тұқымды қаракөл қойларынан алынады. Бұл осы топтағы бағалы шикізат.
Қаракөл - бұл қаракөл тұқымды қойдың 1-ден 3 жасқа дейінгі қозысының терісі. Таза тұқымды қаракөлдің жүнді жабыны жұмсақ, жібектей жылтыраған болады. Жергілікті қаракөл арзандау бағалы шикізат, оның жүнді жабыны ірі, жібектігі аз және шыны түсті. Қаракөлден әйел пальтосын, пелерин, жаркет, палантин, ер адамның бас киімін және жағалар жасайды.
Мерлушка - бұл бірінші жүнді жабынды қозы терісі. Тұқымына байланысты орыс және қазақы болып бөлінеді. Орыс мерлушкасының жүнді жабынының пішіні боб, сақина-моншақ тәрізді болады. Бірақ таралған бұйрасыз мерлушкалар да кездеседі. Орыс мерлушкасының жүнді жабынының сапасы қазақы мерлушкадан жақсы. Мерлушканы қара, қоңыр, сарғыш түске бояйды. Негізінен ер адам пиджагін, бас киімдер жасайды.
Лақ - жүнді жабыны қара және қоңыр түске боялған және табиғи көкшіл-сұр түстегі ешкі төлінің терісі. Лақ терісін жүнді жабынының ерекшелігіне байланысты келесі топтарға бөледі:
Жағалық - ол талшықты жүнді жабынымен сипатталады, тегістелген лақтың терісі шыны түсті, ақшыл түсті жүнді жабынның биіктігі 4 см ден жоғары; жалаңаш жері де сирек, төмен, әлсіз байланатын жүнді жабыны болады. Лақтың терісінен әйел мен балалар пальтосын жасайды.
Лямка - ірі қылшықты тұқымды қойдың қозысының терісі, жүнді жабыны ұзын және қысқа, мөлдір түсті, биіктігі мен пішіні ұсақ және орташа көлемде болуы мүмкін. Лямканың жүнді жабынының әркелкілігінен қандай да бір өнім жасағанда бірдей тері алу өте қиын. Сондыктан лямкадан кішілеу өнімдер жасайды. Мысалы: бас киімдер мен балалар пальтолары.
Енді біз қымбат мамықтық терілерді қарастырамыз.
Жабайы және тордағы қара күзен терісі - жүнді жабынының түсі бойынша айтарлықтай өзгеше. Жабайы қара күзеннің екі түрі бар: европалық және америкалық.
Европалық қара күзен Европа елдерінде мекендейді. Америкалық қара күзен торда ұстау жағдайында өсіріледі. Қара күзеннің түсі қоңыр және ақшыл-қоңыр болып келеді, тіпті әртүрлі ашық-қарадан қара қоңыр түске дейін болуы мүмкін. Олар сұр, көкшіл-сұр, сарғыш, қара, қара дақты түсте болады. Жонарқа, құймышақ тұсы терілерінің жүнді жабыны - жылтыр. Бауыр терісінің жүнді жабыны сирек және қысқа. Қара күзенді көлемі бойынша: ұсақ тері (3-4, 5 кв. дм. ), орташа ( 44, 5-6 кв. дм), ірі ( 6-8 кв. дм), ерекше ірі (8-9, 5 кв. дм) және одан да ерекше (9, 5 кв. дм - ден жоғары) деп бөледі.
Күзен, сусар, бұлғын терілерінің ерекшелігі - орайының ақ және сары түсті болуы, жүнді жабын бағытының әр жаққа қарай таратылуы және жұмсақ, қалың, жалтырауық жүнді жабыны мен тері тінінің жұмсақ әрі жеңілдігі болып табылады. Бұндай тері өте бағалы және де әдемі. Сондықтан осындай теріден палантин, пелерин, шарф, бас киімдер, кейде тон және мехтік пальто да жасайды.
Құндыз терісінің жүнді жабыны орташа биіктікте. Ол ірі, толық, жылтыр, қоңыр түсті, қалың, тығыз және қара - қоңыр мамықтан тұрады. Ең жақсысы бауыр терісі болып саналады. Мамықтың қылшығы қалың болады.
Сондықтан терілерді жонарқасы бойынша кесіп түтікпен сыпырып алады. Құндыздың мамығының қылшығы жұқа болады. Құндыз терісі қырқылған және қырқылмаған, боялған және табиғи түрде (боялмаған) қолданылады. Оны қоңыр, сарғыш, қара түске бояйды. Құндыздан әйел пальтосын, жағалар, бас киімдер және т. б. дайындайды.
Кәмшат және құндыз терілері керемет жылу сақтағыш қасиеттерімен ерекшеленеді. Жүнді жабаны тығыз, орташа қатты және әдемі келеді. Бұлардан ерлер мен әйел жағаларын, бас киімдер жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz