Модельдеу принциптері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Модельдеу принциптері

Орындаған: Даулетұлы Қ.

Тобы: ТК - 321

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей, 2016 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Қорытынды

Кіріспе

Модель және модельдеу түсінігі.
Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу - объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Модель - көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады. Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы мақсатымыз - басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сеулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты - үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.

Негізгі бөлім

Модельдеу дегеніміз-бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді -айналысады. Модальер адамның дене бітімін сондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімділік заңдарын білу керек. Тігін технологиясын жақсы меңгеруі керек. . Модельдеу екі түрге бөлінеді. Көркемдік және техникалық. Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің суретші-модельері айналысады. Техникалық модельдеу-нобайлар, суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер-конструктор айналысады.

Модельдеудің үш принціпі бар:

  1. Киімнің адамның ішкі және сыртқы кескініне сәйкес болуы
  2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы
  3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдалынылатын материалдың сәйкес болуы

Модельдеудің мақсаты және міндеті-ұлттық дәстүрлерге сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әр қашанда стиль мен дәуірді бейнелейді.
Стиль - киім мәдениеті саласындағы маңызды ұғым. Киімге байланысты үш негізгі стильді ажыратуға болады классикалық (түрлі-түсті тоқыма баумен тігілген және метаел жіп қосылып құрастырылған өрнек) .
Көрсетілген «киім тарихы »диофильм таңдайды. Костюмдер тарихы дәуірге байланысты өзгеріп отырған.
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеу сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шыңдау) өлшепжасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болады. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауйт құлар бар сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлестілігін алдын-ала білуге болады.

Модель дегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш, көлденең және барлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.
Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесін сай сәнді киімдер жасауымыз керек. Француздың белгілі суретшісі-модельері Пьер карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», - деген екен.

Қорытынды

Сонымен, модельдеудің екі түрлі болады:
1) Көркемдік (шығармашылық)
2) Техникалық
Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады.
Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өңдеу түрлерін, модельдің түр мүсін таңдауды, ұсақ-түйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.
Техникалы модельдеу дегеніміз- нобайлар, суреттер фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер-конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекеленген бөлшектерін өзгертеді.
Көйлектердің әр түрлі сызықтарын модельдегенде, бүкпелерді дұрыс орналастыру керек (бүйір сызығына қарай, қалтық ойындысына, мойындыққа, алдыңғы бойдың орта сызығына, бел сызығына қарай) . Бүкпе киім моделіне сыртқы әдемілік берудің сәндік тәсілі болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Никитина Е. Д. Талғатбекова А. Ж. Киімді конструкциялау. - Астан, 2008ж
  2. Асанова А. Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу тенхнологиясы. -Астана, 2008ж
  3. Сатыбалдинова Б. С. Сәлімбаева М. А. Тігін өндірісінің технологиясы. -Астана, 2008ж
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналитикалық модельдеу. имитациялық модельдеу. кластерлық анализ
Сандық және символдық ақпараттарды компьютерлік модельдеу
Сандық және символдық ақпаратты компьютерлік модельдеу
Математикалық бағдарламалау
Сандық және символдық ақпараттарды компьтерлік модельдеу
“Модель” түсінігінің анықтамасы
Виртуалды қайта құру түсінігі
Компьютерлік модельдеу түсінігі
Әдістеме ғылымы
Модельдер құру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz