Үлбір шикізатын бояу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Үлбір шикізатын бояу
Орындаған: Даулетұлы Қ.
Тобы : ТК - 321
Тексерген: Альжаксина Н. Е.
Семей, 2016 жыл
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қорытынды
Кіріспе
Бояу - бұл жүн жабынын табиғи бояумен терендету жолымен әсемдеу. Мех өндірісіндегі көптеген үрдістер сияқты, бояу да бірнеше стадиялардан тұрады. Бояу кезіндегі негізі мәселе - тері тінінің қасиетін сақтап қалу.
Егер жоғары температурада немесе үлкен концентарциялы бояғышта өңделсе, онда ол жарылып, қатқылданып кетеді. Сондықтан суық немесе жылылау бояғышпен бояған дұрыс. Егер сіз бояу техникасын әлі меңгере қоймасаңыз, әлсіз ертіндіден бастап, біртіндеп жоғары концентрациядағы ертіндімен жұмыс істеген дұрыс.
Мехті және дайын өнімді бояу кезінде оның ұзындығы, жұмсақтығы мен жүннің иілгіштігі өте үлкен орын алады. Мамығына қарағанда жоғары талшықты бояу қиынға түседі.
Негізгі бөлім
Табиғи бояғыш заттар дегеніміз - тірі ағзалардан алынатын түсті органикалық қосылыстар. Бұрын бұлар аса маңызды болғанымен, жасанды бояғыштар алынғаннан кейін өте аз қолданылып отыр. Табиғи бояғыш заттардың құрамы өте күрделі. Сондықтан оларды химиялық, органикалық қосылыстар сияқты функционалдық тобы бойынша алифатты және алициклидті қатардың табиғи бояғыш заттары деп ажыратады. Бұларға негізінен қаротиноидтар кіреді, олардың бояғыштық қасиетімен қатар дәрі-дәрмектік қасиеттері де болады.
Дүние жүзінде 5000-нан астам бояғыш заттар өндіріледі. Бұлардың көбі талшықты материалды бояуға жұмсалады. Жасанды жолмен алынған бояғыш заттар түрлі-түстілігіне, материалдың тегіне, бояу тәсіліне, химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: құрамында азотобы ( - N=N-1) бар азобояғыштар, триарилмет; ащы бояғыш заттар, құрамында нитротобы (- NO 2 ) және ортонитрофенолдардың немесе ортонитроанилин туындылары болатын нитробояғыштар, күкіртті бояғыштар - органикалық қосылыстардың күкірт пен күкіртті сілтілермен әрекеттесуінен алынатын өнімдер және басқа бояғыш заттар тобы (индигиодты антрахинонды, полициклды т. б. ) . Физиқалық қасиеттеріне қарай, суда еритін және ерімейтін болып екі топқа бөлінеді. Суда ерітіндер - катионды және анионды деп бөлінеді. Біріншісі - диарилметанды, триарилметанды т. б. бояғыштар, екіншісі - диазо - полиазобояғыштар т. б. . Суда ерімейтін бояғьштарға кубты, күкіртті бояғыштар жатады.
Былғарының және мехтің жартылай фабрикатын, жалпы талшықты материалды бояу кезінде, оларды бояғыштардың ерітіндісіне батырады. Бұл кезде бояғыштар мен талшық арасында әртүрлі күштердің пайда болуы нәтижесінде бояғыштар сіңіріліп, сорылады. Егер бояғыш заттар талшыққа сіңіп, бірақ ол тез сумен шайылып кететін болса, бұл үрдісті бояуға жатқызуға болмайды.
Бояу үрдісі төрт сатыдан тұрады: ерітіндідегі бояғыштың талшықты материалдың бетіне сіңіп диффузиялануы (сыртқы диффузия), талшықтың сыртқы бетіне бояғыштың сорбциясы, талшықтың ішіне бояғыштың диффузиялануы (ішкі диффузия), бояғыштың талшықпен байланысуы.
Осылай қанық бояуға және жартылай фабрикатқа біркелкі бояуға қол жеткізу үшін бояу үрдісінің алғашқы сатыларының өзінде-ақ бояғыш пен ақуыздың тартылу күшін азайтудың маңызы зор. Ал үрдістің аяғында керісінше, өзеңге сіңген бояғыштарды берік ұстап қалуды қамтамасыз ету қажет. Бояу кезінде колагенмен берілетін түстің беріктігі бояғыштың белокпен байланысының табиғатымен анықталады, олар ковалентті, координациялық, сутекті т. б. болуы мүмкін. Талшықта анионды (қышқылдық тура) және катионды (негіздік) бояғыштардың белокпен әрекеттесуі олардың арасындағы иоңдық және сутектік, сондай-ақ Ван-Дер-Ваальс күшінің есебінен деп пайымдалады.
Бұл реакциялардың жүруіне ортаның рН көрсеткіші әсер етеді. Қышқылды бояғыштар колагенге тек қана қышқылды ортада сорбцияланады және ерітіндінің рН көрсеткіші колагеннің изоэлектр нүктесінен төмен болуы керек. Орта неғұрлым қышқылды болса, талшықтағы оң заряд соғұрлым көп, ол қышқылды бояғышты көп сіңіреді. Қышқылдық ортада ақуыздың карбоксил тобы иондалмаған жағдайда болады, талшықтағы оң заряд ең көп мәніне ие болады.
Іс жүзінде қышқылдық бояғыштар рН 1, 3-1, 8 аралығында жақсы бояйды және қанық сіңеді, ал тура бояғыштар қышқылды ортада тұнбаға түседі, сондықтан тура бояғыштармен әлсіз қышқыл немесе бейтарап ортада бояйды. Көбінесе катиондық (негіздік) бояғыштар сілтілік ортада ерімейтін негіз түзеді, сондықтан ол бояғыштарға әлсіз негіздік орта қолайлы. Бояғыштардың молекуласы поляризацияланған дипольдардан тұрғандықтан, белокпен қос байланыстар түзе алады. Белокта диполь болғандықтан, бұл олардың өзара бір-біріне тартылуы талшық пен бояғыш байланысының беріктігіне әсер етеді. Белоктар мен бояғыштардың әртүрлі байланысын (1:1) металл құрамдас бояғыштардың белокпен әрекеттесуінен байқауға болады.
Бояу сутектік көрсөткіш рН 8, 5-9, 0 аралығында жүргізілсе ең жақсы нәтиже алынады. Әдетте тотықтырғыш ретінде сутектің асқын тотығы, ал сілтілік реагент ретінде аммиак қолданылады. Бояу температурасы 35-38°С аралығында. Мұндай температуралық режим анық және таза бояу алуды қамтамасыз өтеді.
Температураны жоғарылату бояудың өзгеруіне және мехтің тері тінінің пластикалық қасиетін төмендетуге себепкер болуы мүмкін. Бояуды СК 12-15, ұзақтығы 2-3 сағат аралығында жүргізеді. Кей кездерде бояу жағу тәсілімен атқарылады. Мехты бояу үшін анилин хлоридін қолдану өз мағынасын жоғалтты, өйткені ол көп еңбек пен уақытты қажет етеді.
Қышқылдық бояулармен бояу. Қышқылдық бояу молекулалары қылшыққа нашар сіңетін болғандықтан олар көпке дейін түкті жабынды бояу үшін қолданылмай келеді. Былғарыны, жүнді, қышқылды бояғыштармен бояу үрдісі жоғары температурада жүргізіледі, ал ондай температура, мех жартылай фабрикатының сапасын бұзуға себеп болады. Сондықтан тәжірибелер негізінде қышқылдық бояғыштар мен мехты терең және қанық бояудың мейлінше төмен температурасы анықталды, ол 40-60°С тең. Бұл әдіс бойынша жартылай фабрикатты бояуға дайыңдаудың маңызы зор. Бояғыштың қылшыққа сіңуін жылдамдату үшін түкті жабынды тотықтырғыш, тотыққыш және көп функциональды заттар бар ерітіндіде өңдейді. Ашық түсті бояу алу үшін пигменттенген түкті жабындыны қосымша катализдік әдіспен ағартады. Бұдан кейін қылшықтың бояумен химиялық әрекеттесуі күшейеді, бояудың жұғымдылығы жоғарылайды. Мұндай әсерді қылшықты тотыққыштармен, мысалы натрий дитионитімен өндеуде де алуға болады.
Түкті жабынды хлор қосылысымен, мысалы, хлораминмен қосымша хлорлау да қышқылдық бояумен бояу кезінде жақсы нәтиже береді. Сондай-ақ, полиакролеинмен өңдеуден соң қышқылдық бояумен бояу кезінде қылшық құрылысында кератин-полиақролеин бояғыш типтес берік комплекс түзіледі. Бұл комплекстің түзілуі бояудың жақсы сіңуін және оның әртүрлі сыртқы әсерге тұрақты болуын қамтамасыз өтеді.
Кубты бояғышпен бояу . Кубты бояғыштармен бояу бірнеше сатыдан тұрады. Біркелкі бояу алу үшін және бояғышты жақсы қолдану үшін мех алдымен жартылай фабрикатты бейтараптайды. Сонда бояғыштардың лейкоқосылыстары қылшыққа жайлап сіңіп, біркелкі бояу алуды қамтамасыз етеді. Бояғышты ерігіш лейкоқосылыстарға дейін тотықтыруды дұрыс жүргізу өте маңызды. Тәжірибеде бұл үрдіс "түссіз" (маточный) ерітінді дайындау деп аталады. Тотықсыздану 65-75°С температурада жүргізіледі. Бұдан жоғары температура бояғыш пен қылшықтың байланысын жоғалтуға, ал төмен температурада ерітілген лейкоқосылыстың түгел тотықсызданбауына, яғни бояуға айналмауына себепкер болады. Тотықтырғыштың негізділігі мен концентрациясын қатты қадағалап отыру керек. Көптеген кубты бояғыштардың лейкоқосылыстары жарық әсеріне және судың кермектігіне сезімтал болады.
Лейкоқосылыстардың тұрақтылығын арттыру олардың диффузиясын жақсартады, тұрақтылығын арттару үшін ерітіндіге натрий дитиониті және аммиак қосады. Натрий дитиониті бояу ерітіндіде лейкоқосылыстың ерте тотығуын болдырмайды, ал аммиак натрий гидросульфитінің бөлінуінен пайда болатын қышқыл заттарды бейтараптайды. Кубты бояғышпен бояғанда ашық түс алу үшін үрдісті 40-42°С, ал басқа түстер алу үшін 60°С температурада жүргізеді. Бояудың соңғы сатысында бояғыш ерітіндіге 30% сутектің асқын тотығының ертіндісін береді. Тотығу бір сағат жүреді. Бұдан кейін ерітінді төгіледі де, жартылай фабрикат жылы сумен шайылады. Кубты бояғыштарды қолдана отырып әртүрлі мехтің түкті жабынын бояуға және әдемі түстер алуға болады.
Активтік және дисперсиялық бояғыштармен бояу . Мехты бояу үшін активтік бояғыштар қолданғанда химиялық, физикалық-химиялық, механикалық әсерлерге тұрақты бояу алуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz