Үлбір және тондық терілерінің жартылай фабрикаттарының көрсеткіштері және оларды анықтау және сұрыптау әдістері


Үлбір және тондық терілерінің жартылай фабрикаттарының көрсеткіштері және оларды анықтау және сұрыптау әдістері.
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның мақсаты, қазіргі замаңғы үлбір және былғары бұйымдарын тұтынатындардың бір проблемасы болып табылатын мәселе жайлы ақпарат жинап, сол проблеманы шешу жолдарымен оқып танысу. Нарықта тұтынушылар саны жылдан жылға өсіп келеді. Олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өте көп өңдіріс орындары ашылған. Өңдірістердің көбі жеке меншік болғандықтан, өнімдерінің яғни тауардың сапасы үнемі талапқа сай бола бермейді, кейде тіпті тауарларда дефектілер табылып жатады. Осындай жағдайларда тұтынушылардың құқықтары туралы заң бойынша өнімді экспертизаға жөңелту арқылы бұл мәселе реттеледі. Экспертиза жүргізудің қоғам өміріне әкелетін ең бірінші пайдасы, ол өнімнің сапасын арттыру. Бұйымның сапасы деп оның қолданылытын мақсатына байланысты, талаптарға сәйкес болу дәрежесін көрсететін қасиеттер жиынтығын айтамыз. Өнімнің қасиеттері оның өндіру және пайдалану кезінде байқалатын объективтік, өзіндік ерекшеліктерін қарастырамыз. Нарықтық экономиканың негізгі талабы еңбек, шикізат және энергетикалық шығындарды барынша аз жумсай отырып, мейлінше жоғары сапалы және сұранысқа ие өнім алу болып табылады. Стандарттар аң терісі-үлбір шикізатының бірнеше ұқсас түрлеріне немесе біреуіне қойылады. Олардың мазмұнына байланысты құрлымы болады және негізгі үш бөлімнен тұрады: техникалық талаптар; қабылдау тәсілі және зерттеу әдісі; қаптау, таңбалау және тасымалдау.
МЕМСТ-тың бірінші бөлімінде сапасын талап ететін шикізат белгілерінің сипаттамасы мен түрлерінің атауларын, құрайды, сәйкес көрсеткіштер бойынша (өлшеміне, сортына, ақауларына, жүнді жабынның биіктігіне, бояуына және т. б) сорттау тәсілдерін құрайды.
Екінші бөлім шикізатты қабылдау тәсілін және олардың сапасының бақылау әдісін құрайды.
Үшінші бөлімде қаптау, таңбалау және тасымалдау тәсілдері түсіндіріледі немесе қандайда бір шикізат түрлерін таңбалау және қаптау бойынша кәзіргі МЕМСТ-ға сәйкес нұсқау беріледі.
Аң терісі - үлбір шикізатын сұрыптау стандарттармен негізделеді. Терілерді сорттау МЕМСТ - тың талаптарына сәйкес өлшемдерді өлшеу мен сапа құнына негізделген.
Аң терісі - үлбір шикізаттарының сапасы жүнді жабынның жағдайына (үлпілдегіне, жылтырлығына, қалыңдығына, биіктігіне, жібектігіне), былғары тканінің беріктігіне, ақауларға байланысты болады. Сапа құны әдетте органолептикалық әдіспен, яғни жете қадағалаумен жүргізіледі.
Сорттауда теріні түріне, кряжасына, сортына, ақауларына қарай бөледі.
Сол уақытта күрт айқындалған жыныстық және дара өзгергіштікпен терісі қымбат аңдардың жеке түрлері үшін, стандарт терінің өлшемдері, түсі, жүнді жабындының суреті бойынша сұрыптуды енгізеді.
Сұрыптауды жеткілікті жарықта, еңдұрысы күндізгі жарықта (жарқын күн жарығында емес), жеткілікті жалпақ (1м-ден тар еес), тегіс сүргіленген үстелдерде жүргізеді. Электр жарығының спектрін күндізгінің спектріне жақындатаын, күндізгі шам жарықтары қолдануға жол беріледі.
Сұрыптаудың негізгі әдістері.
- Терлердің барлық партиясын түрлер бойынша бөлу.
- Терінің ақауларын және сұрыптарын, түстерін, өлшемдерін, кряждарын анықтау:
Терілерді тексеру барысында жнді жабындысы тегіс және бірқалыпты жататындай етіп сілку қажет. Ұсақ терілерді (сусар, қара күзен, саз күзен, ондатр, т/б) сол қолмен жаясынан, оң қолмен тұмсығынан ұстап, оң қолмен толқы тәрізді қозғалыстармен сілкілейді. Көбірекірі терілерді жаясынан үстелге салады және сол қолмен қысыңқырайды, ал оң қолымен тұмығынан ұстап, толқын тәрізді сілкілейді.
Қылшығы сыртқа бағытталған терілерде сұрыптаушы алдымен жота бөлігінің бойымен жүнді жабындының күйін тексереді, артынан теріні құрссақ жағынан тексереді. Мойын мен жалартын ерекше мұқият тексеру керек, өйткені басқаларға қарағанда, осы үлскілерде күзде қылшығы кешірек жетіледі, көктемде түлеудің басына таман қылшығы сирей бастайды.
Сыртқа былғары ұлпасымен бағытталған терінің сұрыптарын анықтауда басты назар тері ұлпасының күйіне және түсіне, оның тығыздығына және майлылығына бөлінеді.
Ары қарай ақаулар мен олардың өлшемдерін анықтайды. Бұл операция маңызды мәнге ие, өйткені өделмеген терілерде кейбір ақаулар аз байқалады және өңдегеннен кейін ғана анықталады.
Тері ұлпасымен сыртқа бағытталған терілерде сызаттар, тесіктер, қан ұюлар, тістелгендер жақсы көрінеді. Осындай терілерде жүнді жабынның ақауларын анықтау қиынырақ. Қылшықтары сыртқа бағытталған терілерде ақауларды анықтау барысында, қылшығы тегіс және үлпілдеп жататындай етіп, алдын-ала сілкілеу қажет, сонда соғылған жерлер мен ойылған жерлерде тегіс емес қырқылған жүнді жабындының дақтары анық байқалатын болады. Осы түрдегі терілерде қанау, ойылғандар, дақтар және қылшықтардың сиреуі, тесіктер, сызаттар жақсы көрінеді.
Негізгі бөлім
Үлбір жартылай фабрикатының сапасы - үлбір терісін кепілді мерзімде пайдаланатын бұйым етуде эстетикалық және санитарлы-гигиеналық талаптарға сай қасиеттерінің жиынтығы.
Үлбір жартылай фабрикатының негізгі тұтынушылық қасиеті мыналар: әдемілік, беріктік, беріктік, мықты жылу ұстағыш қасиеті. Үлбір терілерінің әдемілігіне, оның эстетикалық көрсеткіштерімен қоса жылтырлығы, жүмсақтығы, мамықтығы, жүнді жабынының биіктігі және тараңқылығы жатады.
Санитарлы-гигиеналық қасиеттері-ауа өткізгіш қабілетін, ылғалдану әсеріне беріктігін сипаттайды.
Үлбір және тондық қой терілерінің жартылай фабрикаты жүнді жабынның былғары тканінің микро-құрлымды құрлысы арқасында бұйымның жылуқорғағыш қасиетін қамтамасыз ететін жылу аккумляторы болып табылады.
Үлбір және тондық қой терілері жартылай фабрикатын келесі әдістермен бағалайды: органолептикалық, тәжірибелі беріктік, инструменталды (зертханалық) .
Сапаның органолептикалық бағасы- үлбір өндірісініде жиі қолданылады; ұқыпты қадағалау жолымен жүзеге асады; созылу; тәжірибелі мамандар мен жұмысшыларды қызықтыратын терінің майысуы және түтілуі; сапаның объективті құны органолептикалық пен жиі сәйкес келеді.
Тәжірибелі беріктік. Бұл әдіс ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде және өңдеудің жаңа технологиясымен үлбірдің жартылай фабрикат бұйымымен өндіріс ішінде қолданылады (бояғыштардың жаңа түрлерін қолданумен) . Үлбір бұйымдарының тәжірибелі партияларынан дайындалып, белгілі бір адамдарға киюге беріледі және біраз күннен кейін қортындысы бақыланады.
Физико-химиялық, химиялық, механикалық әдістер тәжірибесімен зерттеу материалдарын толықтай немесе жартылай бұзылуын қадағалау арқылы өңделген үлбір терісіне комплексті талдау жүргізіледі.
Сапа бағасының инструмендальді әдісі
Сапа бағасының инструментальді (зертханалық) әдісіне микроскопиялық, химиялық және физико-механикалық талдаулар кіреді.
Микроскопиялық талдау. Былғары тканінің кесіндісінде микроскоп арқылы коллаген қылшықтарын, үлбір жартылай фабрикаттарының өңдеу процестерін дұрыс жүргізу үшін пучков бұрыштарының иілімін, олардың бүгілмесін және қылшықтардың тіпті жұқа бөліну дәрежесін үйренеді.
Химиялық талдау.
Химиялық талдаудың көмегімен терідегі ылғалдың, күлдің, майлы заттардың, қышқылдың сандық құрамын (тері ұлпасы мен жүнді жабынды үшін жеке) анықтайды.
Бұл көрсеткіштер МЕСТ- тармен регламенттеледі және белгіленген химиялық құрамдағы аң терісінің жартылай фабрикатын шығаруда міндетті болады, өйткені бұйымдардың киілуі, жасалуға және сақталуға жарамдылығы ф осыларға байланысты.
Ылғалдың құрамы. МЕСТ бойынша тері ұлпасының ылғалдылығы 14-16 % дан аспауы керек. Ылғалдың жоғарлаған құрамы теріні ауырлатады және сақтауда ақуыздардың өзгерісін тудыруы мүмкін. Жартылай фабрикатта ылғалдың төмен құрамы оны қатты, аз иілгіштікті етеді. Натрий хлоридінің үлкен мөлшері терілерде болуы ылғалдың жоғарлауына әкеледі. Өйткені тұз ылғалды тартады.
Ылғалдың мөлшерін тұрақты салмаққа дейін 100-105 о С температурада кептіру шкафында тері үлгісінің ілмесін кептіру арқылы анықталады.
Майдың құрамы шикізаттың түріне байланысты болады. Май мөлшерінің ұлғаюы су әсеріне жартылай фабикаттың төзімділігін жоғарлатады, бұл кезде тері ұлпасы-көбірек иілгішті және жұмсақ. Кептіру шкафында 100-102 о С температурада кейінгі кептірумен, арнайы аппараттарда органикалық еріткіштермен экстрагирлеу жолымен, жүнді жабын мен тері ұлпасы үшін май мөлшерін жеке анықтайды.
Боялмаған өңделген аң терілерінде май құрамын тездетіпанықтаудың жаңа әдісі өңделген (ВНИИМП әдісі), ол көгілдір толуинді бояғыштың қатысуымен, талданатын ерітінділердің оптикалық тығыздығын өлшеу жолымен, еріткішпен экстрагирленген май құрамын коллорияметриялық анықтауға негізделген.
Минералды заттардың құрамы : минералды заттарды зерттелетін зат ілмесін жағу және оны 500-600 о С температурада пеште тізбекті тізбекті қыздыру жолымен анықтайды. Бұл кезде заттың органикалық бөлігі жанады. Күлдің құрамын алдыңғы талдаудың формуласы бойынша май құрамына ұқсас есептейді.
Минералды заттардың құрамын анықтау минералды илеудегі аң терісі жартылай фабрикаттаилеуді жүргізу параметрлеріне байланысты болатын, алюмийнидің немесе хромның байланысқан оксидінің бір шама саны түзіледі. Ақуыздар мен хром неғұрлым көп байланысқан сайын тері ұлпасы соғұрлым көбірек берік және азырақ иілгішті бола түседі. Сондықтан хромның құрамы аң терісі жартылай фабрикаттарының әрбір түрі үшін стандартпен нормаланады. Күлде минерады илеулердің мөлшері әртүрлі әдістердің көмегімен анықталады.
Сонымен қатар, күлдлің құрамына натрий хлориді және өңдеу үдерісінде теріге енгізілуі оны ауырлататын, басқа минералды заттар кіреді.
Тері ұлпасының қышқылдығы- бұл маңызды көрсеткіш, аң терісінен бұйымдардың ұзақ уақыт бойында сақталу қабілетін сипаттайды, өйткені терілерді өңдеуден қалып қойған артық қышқыл сақталу кезінде аң терісін бұзуы мүмкін. Сондықтан қышқыл құрамы стандартпен қатаң нормаланады.
Физико-механикалық талдау. Физикомеханикалық сынақтар көрсеткіштерінің қатарына жататындар: а) тері ұлпасы үшін: созудағы беріктік, иілгіштік, беткі қабаттың беріктігі, т. б; б) қылшықтар үшін: былғануы, қоюлығы, үйкелуге төзімділігі, жылу қорғау қасиеттері, түстің төзімділігі, жүнді жабындының серпімділігі, т. б.
Тері ұлпасының беріктігі. Зерттеулер арнайы кескіштердің көмегімен динаметрлерде кесілетін, қылшықты жабындысыз белбеу үлгілерде жүргізіледі. Ол үшін дайындалған белбеулерді қысқыштарға бекітеді және ажыраудағы жүктеуді анықтай отырып, өсетін жүктеудің әсерінен созады. Одан кейін үлгінің көлденең қима ауданына шекті жүктеу шамасын бөлу жолымен, «созудағы беріктілік шегін» -үлестік жүктеуді анықтайды.
Аң терісі жартылай фабрикатының әртүрлі түрлеріндегі тері ұлпасында беріктіліктің орташа көрсеткіштері 3-кестеде берілген.
Тері ұлпасының иілгіштігі . Өңделген терінің тері ұлпасы қажеті иілгіштік ие болуы керек, яғни теріге өзара перпендикуляр бағыттарда салыстырмалы аздап күш салғанда ол созылуы және өз формасын сақтауы тиіс. Өндіріс шарттарында бұл қасиет потяжка деп аталады.
Иілгіштіктің болуымен терілерде ақауларды жою мүмкіндігі анықталады, бұл аң терісі бұйымдарының сыртқы түрін мәнді дәрежеде жақсартады.
Аң терісінің иілгіштік қасиеттері шикізаттың түріне және теріге химиялық және физикалық әсерлерге байланысты болады және пикелдеуде, ашытуда, майлауда, бөлуде, т. б. қалыптасады.
Иілгішті анықтау әдісінің мәні өзара перпендикуляр бағыттарда теріні тартуға негізделеді. Шамамен өзгермеген жүктеуде тері өлемдері ұлғаятын, аймақ ерекшеленеді. Теріні белгіленген уақытта жүктеусіз қалдыра отырып созылу шамасын табады.
Беткі қабаттың беріктігін анықтау. Бұл анықтау тері ұлпасының беріктігіне аң терісін сынаумен бір уақытта жүргізіледі. Белдікті сынауда терідегі тері ұлпасының оң жағында сызаттар пайда болған сәтте жүктеуді анықтайды.
а) былғануды анықтау. Егер бояудан кейін бетінен бекітілмеген бояғыш жойылмаса, боялған қылшық былғанады. Аң терісінің былғануын арнайы аспапта жүнді жабындысының бетінен құрғақ үйкелуде ақ қағаздың боялу қарқындылығымен анықтайды және төрт балды жүйе бойынша бағаланады. Боялған аң терілерінің бұлғану көрсеткіштері регламенттеледі. МЕСТ-қа сәйкес жол берілетін былғанулар: қара түске боялған терілер үшін 3 баллдан артық емес, басқа тондарға боялған терілер үшін -2 баллдан артық емес.
Тондық қой терісі үшін тері ұлпасының былғануы нормаланады.
б) жүнді жабындының қоюлығын анықтау. Жүнді жабындының қоюлығы тері сапасында негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қылшықтардың қоюлығы терінің әр түрлі топографиялық үлескілерінде әртүрлі және аудан қылшықтар санын есептеумен және РГ-4 радиометриялық густометрдің көмегімен -үш әдіспен қалыңдықтарымен және қылшықтар санаттарының санымен анықталады.
Үлбір аң терісінің жартылай фабрикатының әр бір түрі терілер аудандары, өлшемдері, сұрыптары, кряжалары шектерінде варьирленетін, белгіленген қоюлыққа ие. Жүнді жабындының қоюлығына байланысты үлбір аң терісі мен тондық қой терісі шикізаттарын төрт топқа бөледі.
Қылшықты сөмкелердің зақымдануына байланысты ағзаның салдарынан қылшықтардың түсуі, механикалық өңдеуде (тарау, жиекті қылшықтарды жұлу мен қыру) қылшықтарды бөлшектей соғудың ауданын өзгертудің (отырып қалу, созылу) салдарынан сақтауда және жөндеуде жүнді жабындының қоюлығы біршама өзгереді.
в) үйкелуге жүнді жабындының төзімділігін анықтау. Аң терісінен бұйымдарды пайдалануың шынайы жағдайларына максималды жақын шарттарды жасай отырып, белгіленген уақыт бойында белгіленген жүктеуде арнайы аспапта терілерден арнайы дайындалған үлгілердің үйкеліске сыналуын жүрізеді. Алдын ала үлгі белдіктерді дайындайды, өлшейді және үйкелейтін материал-шинельдік мауытымен үйкеліске ұшыратады. Сынаудан кейін үлгіні өлшейді және салмағын жоғалту бойынша жүнді жабындының төзімділігін анықтайды.
Жүнді жабындысын сондай-ақ шаршаңқы беріктілікке (көп реттік бүктеуге) де санайды, бұл кезде қылшықтың құрлымы бұзылады және беріктігі азаяды. Осы сынаулар аң тері бұйымдарын пайдаланудың шынайы жағдайларын сипаттайды.
Аң терісінің жылу қорғау қасиеттерін анықтау . Аң терісі жартылай фабрикатының, сондай-ақ бұйымдарының жыу қорғау қасиеттері жүнді жабындының ішіндегі инертті ауаның мөлшеріне және тері ұлпасының борпылдағына байланысты болады. Ауа жақсы оқшауланған болып табылады, сондықтан жүнді жабындысында ауа қабаты неғұрлым көбірек болған сайын, қылшықт ың қоюлығына, биіктігіне, формасына байланысты болатын, оның жылу қорғау қасиеттеріде соғұрлым жоғары болады. Бопылдақ тері ұлпасы жылуқорғау қасиеттерін азайтады, өйткені ауа өтуді ұлғайтады.
Сонымен қатар, аң терісін сыртқа қаратып бұйымдарды киюде желге төзімділік, яғни ауа ағынының әсерінде жүнді жабындысында инертті ауаны ұстау қабілеті сияқты көрсеткіш үлкен мәнге ие.
Көбірек «жылысы»- поляр түлкісінің, ақ қоянның, түлкінің, сол түстік бұғының терілері. Мәнсіз жылу қорғау қасиеттеріне - саршұнақ, көртышқан - төмен және сирек жүнді жабындымен терілер ие болады.
Жылу қорғау қасиеттері жүнді жабындының қатпарлануына байланысты, ол неғұрлым азырақ қатпарланса, оның жылу қорғау қасиеттері соғқрлым жоғары болады.
Бояудың жарыққа төзімділігін анықтау. Жүнді жабындыдағы бояудың жарыққа төзімділігі немесе жарыққа беріктілігі теріні бояуға дайындаудың сипатына және бояуда қолданылатын бояғыштардың сәйкестенуіне байланысты болады.
Бояудың жарыққа төзімділігін «Ксено-тестпен» - арнайы арнайы аспаппен анықтайды. Сыналатын үлгі бояудың көрінердей өзгерісіне дейін ксенонды сәулемен сәулеленуіне ұшырайды. Түсін кетіру дәрежесін 1-ден 8-ге дейін балдармен бағалайды. Үлгіде түстің өзгеруін эталонмен салыстыра отырып, визуальді белгілейді. Балл жоғары болған сайын, жарық әсеріндегі бояу соғұрлым берік болады.
Аң терісінің қатпарлануы қылшықтарының серпімділігіне байланысты болады. Тәжірибеде қатпарлануды органолептикалы түрде бағалайды; теріні сілкілейді және жүнді жабындыны қолмен басыңқырайды.
Жүнді жабындының серпімділігін анықтау. Жүнді жабындының маңызды сапа көрсеткіші серпімділігі, мыжылудан кейін бастапқы қалпына қайта келу қабілеті, яғни иілгіштігі болып табылады. Жүнді жабындысының мыжылудағы қалдық деформациясы (қатпарлануы) аң терісі жартылай фабрикатының және тұтастай бұйымның тауарлық қасиеттерін нашарлатады. Оны есептеу формуласы:
Мұндағы С-жүнді жабындының қатпарлану дәрежесі, %; Т 1 -49 Па (0, 5/см 2) қысымда жүнді жабындының биіктігі, мм; Т 2 -берілген қысымда жүнді жабындының биіктігі, мм.
Қылшықтың беріктілігін анықтау. Қылшықтың беріктілігі созуда және бүктеуде беріктіліктің көрсеткіштерімен анықталады. Беріктілікке сынауды динанометрлерде жүргізеді.
Созылуда қылшықтардың беріктілігі екі көрсеткіштермен анықталады: ажырату жүктемесімен және ажырату кернеуімен. Ажыртау жүктері қылшықтың абсалютті беріктілігін сипаттайды, бұл қылшықтардың түріне және санаттарына байланысты 1-150 сН да тербеледі. Қылшықтар әртүрлі микроскопиялық құрылымға ие, сондықтан ажырату жүктемесінің шамасы қылшықтар қалыңдығының тікелей қызметі болып табылмайды, кератин серпімділігінің модуліне және қыртыс қабатының ауданына байланысты болады.
Ажырату кернеуі қылшықтың көлденең қима ауданының бірлігіне келетін ажыраудакүштеуді сипаттайды және қыртысты өзекшелі қабаттардың қатынастарына тәуелді болады. Өзекшесіз қылшық (қойдың түбіті) максималді ажырату кернеуіне, қыртысты қабатсыз (бұғы қылқаны) минималды ажырату кернеуіне ие.
Көп ретті бүктеуде қылшықтың беріктілігі (ұзақмерзімділігі) созатын және бүктецйтін әсерлерде туындайтын кернеуге байланысты болады. Қылшықтардың бүктемесінде туындайтын кернеу олардың сыртқы қабатының деформациясына пропорцианал. Өз кезегінде қылшықтардың сыртқы қабатының деформациясы бүктелген жердегі өзекшенің диаметріне және бүктелу қисығының радиусына байланысты болады. Көп реттік бүктеуде қылшықтардың ұзақ мерзімділігі созатын жүктеулердің шамасынан кері тәуелдікте болады.
Көпреттік бүктеуге қылшықтардың төзімділігі әртүрлі өңдеулерде өзгеруі мүмкін. Осылайша, анилинді бояу нәтижесінде үй қоянындағы қылқанды қылшықтардың сындық деформациясы мәні 3, 61 ден 2, 44 %-ға, яғни 33% төмендейді.
Тері ұлпасымен қылшықтар байланысының беріктілігі маңызды қасиет, оған аң терісі өндірісінде терілерді қайта өңдеу мүмкіндігі сияқты, аң терісі жартылай фабрикатының ескіруге төзімділігі де тәуелді болады. Тері ұлпасымен қылшықтардың байланысы күшті әлсіреген (күшті аққан) аң терілерін, аң терісінің жартылай фабрикатын өндіруге емес, жүнді өткізуге немесе теріні жөндеуге жібереді. Тері ұлпасымен қылшықтар байланысының беріктігі көптеген факторларға байланысты: аң терісінің түріне, қылшықтардың санатына, тері ұлпасында қылшық сөмкелерінің жату тереңдігіне, аулау маусымына. Ол жануардың тіршілігінде (көктемдегі түлеу алдына қарағанда, қыста жоғары) сияқты, аң терісін дайындауда, сақтауда, жөндеуде де өзгеруі мүмкін.
Тері ұлпасымен қылшық байланысының беріктілігі бұл 1мм 2 ауданда тері ұлпасынан
Қылшық шоғырын жұлғанда, бір қылшыққа шығындалатын күштеу.
Эстетикалық көрсеткіштер.
Аң терісі мен тондық қой терісінің сапасын бағалау үшін сондай-ақ эстетикалық көрсеткіштерді де қолданады. Қылшық жабындысының жылтырауы, оның түсі мен реңі, жұмсақтығы, қоюлығы.
Жылтырау қылшықтың жарық сәулелерін айнадай шағылыстыру қабілетін сипаттайды. Түбіттіге қарағанда қылқанды қылшық көбірек қарқынды жылтырауға ие. Түзуге қарағанда, бұйраланған қылшық азырақ жылтырауға ие. Жылтыраудың дәрежесі сондай-ақ, әсіресе, сірқабықтың (қылшықтың ортаңғы қабатының) ыдырауына әкелетін анилинді бояғыштармен, бояу жөндеу технологияларын жүргізудің дұрыстығына да байланысты болады.
Жоғары шағылысу қабілеттеріне және күшті жылтырауға қосмекенді түбітті аңдардың қылқандары ие. Жылтыраудың келесі топтарын ажыратады: қарағанда, күшті жылтыраумен жүнді жабындысы жоғары бағаланады. Жылтырлықты бағалау органолептикалық әдіспен жүргізіледі.
Жүнді жабындысының және қылшықтың жеке топтарының ұзындығы мен биіктігі. Түрге, кряжаға, тұқымға, үлескіге, сұрыпқа, басқа да факторларға байланысты болады. Қылшықтардың ұзындығы эстетикалық және жылу қорғау қасиеттеріне, бұйымдардың ескіруге төзімділігіне әсер етеді. Жүнді жабындының жаратылысты және шынайы биіктігін ажыратады. Жүнді жабындысының биіктігі қылшықтардың үш негізгі топтарының (бағыттайтын, қылқанды және жүндес) биіктігіне және ұзындық бойынша олардың қатынастарына байланысты болады. Қылшықтардың жаратылысты ұзындығы тері ұлпасынан бастап қылшықтардың ұштарына дейін (бұйралану мен бүктелуді назарға алмастан) штангенциркульмен немесе сызғышпен өлшенеді. Қылшықтардың шынай биіктігі- тегістеуден кейінгі қылшықтардың ұзындығы болады.
Шартты түрде терілерді қылшықтардың ұзындығы бойынша келесі топтарға бөледі: ерекше ұзынқылшықты - 90мм-ден жоғары (қасқыр, құну), ұзынқылшықты -50-60 мм (кәмшат, құндыз, түлкі), орташа ұзын қылшықты - 25-50мм (бұлғын, сусар, ондатр, сібір күзені, үй қояны), қысқа қылшықтылар -15-25мм (тиін, зорман, солонгой), ерекше қысқа қылшықтылар -8-15мм(көртышқан, саршұнақ) .
Жүнді жабындының түсі мен реңі. Бұлғын, сусар, қара күзен, тиін, түлкі, т. б. терілерінің табиғи түсі ерекше құндылыққа ие. Пикелдеудің, илеудің, жаюдың және майлаудың дұрыс емес тәртібінде түс өзгері мүмкін. Бұл ластайтын үгінділердің және тотықтыратын майлардың үлкен мөлшерін қолданумен, қышқылдың жоғары концентрациясымен түсіндіріледі. терінің негізгі түсіне қосымша көбінесе әртүрлі реңдері болады. Осылайша, қара қаракөл көбінесе көгілдір, қоңырлау, қызғылт реңдерге ие болуы мүмкін, сондықтан қара қаракөлдің терілерін жөндеуден кейін әрқашан қара түске бояйды. Тері қылшықтарының бояуы жарықтың әсеріне, дымқыл және құрғақ үйкеліске берік болуы керек, терілер былғанған болмауы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz