Қазақстандағы ақшаның пайда болуы



Жоспар

Кіріспе.

1. Ақша

Негізгі бөлім.
1. Ақшаның шығу тарихы
2. Қазақстандағы ақшаның пайда болуы
3. Қазіргі кездегі ақша

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе

Ақша – жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталған. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарларға айырбасталды. Құнның ең жоғары ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір таурдың екіншісіне тиді,яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасындағы ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, монғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл (әсіресе, алтын, күміс) өзінің табиғаи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жылпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез-келген
Қолданылған әдебиеттер
1. "Жалпы экономикалық теория" – Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И.
2. "Қазақстан" – ұлттық энциклопедия

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ақша – жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын
көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар,
тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде
пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей
айырбасталған. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай
формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіс
пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып,
басқа тауарлар осы тауарларға айырбасталды. Құнның ең жоғары ақша
формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір таурдың екіншісіне тиді,яғни
ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен
халықтар арасындағы ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты
заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір
халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, монғолдар, т.б.) мал, ертедегі
Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз
атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама
ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі
мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың
ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл
(әсіресе, алтын, күміс) өзінің табиғаи қасиетінің арқасында ақша рөлін
атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жылпыға бірдей балама рөлін
атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды.
Ол кез-келген тауарға айырбасталды.

Негізгі бөлім

Тарихы. Б.з.б. 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты
пайдаланып келсе, б.з. 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды
алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-
руни) жазуы бар теңгелер (б.з. 5 – 6 ғ.) жасап, сауда айналымына кіргізген.
Қазақ елі (қазақ халқы құрған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек
жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі
деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы
қашалған, рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя
бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері,
6 – 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықты қолданылған. Бұл теңгелерде
Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб,
Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда болған. Сонымен қатар Отырар
маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі, сәл ұмтылып,
секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер; екінші бетінде садақ
және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын
мегзеген рәміз) бейнеленген. Екіншісі, үшбұрыш таңбалы (түркінің ана
әулетінің таңбасы) теңгелер. Мұнда соғды жазуымен жазылған сөздерді бедері
өшкендіктен ғалымдар күні бүгінге дейін оқи алмай келеді. Бұлардың да бір
бетіне арыстан бейнесі салынған.
Б.з. 704 – 766 жылдары Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің
бетіне "Түргеш қаған теңгесі" немесе "Түркінің көк ханының теңгесі" деген
анықтама жазулар бар. Бұл – тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет
дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 – 8
ғасырлар аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім
қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы
болған.
Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан және
Орта Азияда сауданың күшті дамуына байланысты ақша шығару, ақша айналымы да
кең етек алды. Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көптеп шығарылды. Соның ішінде
Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында ерекше міндет атқарды. Ол
дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен
бағаланып, сауда айналымына енді.
Монғол жаугершілігінің алғашқы кезінде (1220 – 50) Қазақ жерінде жалпы
сауда қатынасы құлдырап кетті. Соның салдарынан ақша қатынасы да құлдырады.
Ақыры монғол билеушілерінің бас пайдасы үшін, халықтан купчур салық жинап,
хан қазынасын толтыру үшін 1251 жылғы Құрылтай шешімімен алтын динарлар
шығарыла бастады. Бұл теңгелердің құрамында алтын 50 – 60% қана болды.
Алтын мөлшердің көп болмауы оның құнын сол кездегі нақты сауда тауарының
құнымен жақындастыру еді. Салмағы мол алтын ақшалармен қымбат тауарларды
мол мөлшерде сатып алса, салмағы аз, майда алтын ақшалармен ұсақ тауарларды
сатып алатын етіп ақшаны айналымға түсіріп тұрған. Ұсақ саудаға арналған
сыртына күміс жалатқан мыс теңгелердің салмағы 6 – 8 грамм болды. Бетінде
"Мөнгү хани" (хан теңгесі) деген жазуы болды. Бұл ақша 13 жыл бойы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның қажеттілігі, мәні және түрлері
Инфляция туралы ұғым
Ақша айналымы мен оның құрлымы
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Ақша жүйесі жайлы ақпарат
Инфляцияның мәні, түрлерi
АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Қазақстандағы инфляция
Қазіргі экономикалық теориядағы инфляция мәселесі
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері
Пәндер