Тоқыма материалдардың сапасын бағалау өнімнің сапа көрсеткіштері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

1. Кіріспе

2. Тоқыма материалдардың сапасын бағалау

2. 1. Өнімнің сапа көрсеткіштері

2. 2. Стандарт бойынша материалдар сапасын бағалау

2. 2. 1. Тоқыма жаймаларының сапасын бағалау

2. 2. 2. Беймата жаймаларының сапасын бағалау

3. Қорытынды

ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРДЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ

ӨНІМНІҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІ

Өнімнің сапасы - қолдану мақсатына сәйкес берілген сұраныстарды қанағаттандыруға қажеттілігін көрсететін қасиеттер жиынтығы.

Тоқыма материалдардың сапасын толықтай бағалау үшін сапа көрсеткіштерінің құрамасын негіздеп таңдау өте маңызды. Өнімнің сапа көрсеткіші - белгілі бір тұтыну шарттарына қарастырылған бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы.

Киімнің сапасы көптеген факторлармен байланысты болып келеді. Әсіресе киім сапасын тікелей қалыптастыратын факторлар маңызды болып саналады: негізгі материалдардың сапасы, бұйымды жобалау (модельдеу және құрастыру) сапасы, технологиялық өңдеу сапасы.

Негізгі материалдардың (маталардың, трикотаждың, бейматаның) сапасы, олардың қасиеттері (эстетикалық, гигиеналық, беріктік) көбінесе киімнің қасиеттерін анықтайды. Материалдың өзінен киімнің функционалдық қолданысы, тұтынушының жасы және сырт бейнесі, сән бағыты айқындалады. Материалдардың гигиеналық құрама қасиеттері киім астындағы кеңістіктегі микроклимат жағдайына әсерін тигізеді, ал оның салдары адамның жұмыс жасау қабілеттілігіне және жағдайына әсер етеді. Киімнің керекті көлем-кеңістік қалпын жасау мүмкіндігі және оның тұтыну кезеңінде тұрақтылығы материалдардың серпімді- пластикалық қасиеттерімен, олардың қаттылығымен, күлтеленуімен, форма сақтағыштығымен байланысты.

Киімді жобалау сапасы көбіне оның тек қана көлем-кеңістік қалпын және композициясын алдын ала анықтаудан басқа, көркемдік- эстетикалық қасиеттеріне, сонымен қатар бұйымның үнемдік және технологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.

Қолдану көрсеткіштері материалдардың негізгі функцияларын анықтайтын қасиеттерін сипаттайды және олардың қолдану аумағын анықтайды.

Колдану көрсеткіштері өз алдына үш топқа бөлінеді:

- функционалдық (тұтынушылық) - беріктігі, созылғыштығы, қаттылығы, форма сақтағыштығы, қыртыстанбауы, электрленуі;

- гигиеналық - гигроскопиялығы, ылғалдылығы, ылғал жұтқыш- тығы, бу өткізгіштігі, жылу кедергісі;

- сақтагыштық - су итергіштік, отқа төзімділік, шаң өткізгіштік, химиялық заттарды өткізгіштік.

Сенімділік көрсеткіштер материалдың берілген шектікте өзінің қасиеттерін уақыт ішінде сақтау қабілетін сипаттайды. Бүл көрсеткіштерге материалдардың кідіріссіздігі және үзаққа төзімділігі жатады.

Эстетикалық көрсеткіштер форманың тиімділігін, ақпараттық айқындылығын, композицияның бүтіндігін, тоқыма материалдың колористикалық қасиеттерін (сурет, түс, жылтырлық, ақтық, өрім) си- паттайды.

Ақауклық көрсеткіштер жаратылмай қалған материалдардағы ақаулар санын, сонымен қатар түтыну кезінде пайда болатын ақауларды (пиллингіштік, матадағы және тігістердегі жылжымалар) сипаттайды.

Үйлестіру және стандарттау көрсеткіштер өнімнің стандарттық, үйлесімділік және өзіне ғана тән бөлшектермен қанықтылығын, соны- мен қатар басқа бүйымдармен үйлесімдік дәрежесін сипаттайды.

Патенттік және құқықтық көрсеткіштер өнімде қолданылатын техникалық шешімдерді жаңғырту дәрежесін, олардың патенттік қорғалуын сипаттайды.

Экологиялық көрсеткіштер өнімдерді түтыну және қолдану кездерінде қоршаған ортаға зиянды әсер ету дәрежесін сипаттайды.

Материалдардың сапа көрсеткіштерін анықтаудың әртүрлі әдістері бар.

Эксперименталдық әдіспен сапаны бағалау бүйымның қасиеттерін өлшеу арқылы (инструменталды әдіс) жүргізеді. Ақаулар санын не- месе жарамсыз ақаулы бүйымдарды табу және санын есептеу арқылы жүргізіледі.

Органолептикалық әдіс сезім органдарымен қабылдауғанегізделген, сонымен қатар зерттелетін материалды эталонмен салыстыру қажет болады. Мүндай әдістерді дүрыс бағалау мамандардың жинақталған тәжірибесіне және оны бағалайтын маманның біліктілігіне байланы- сты болады.

Эксперттік әдіс 7-12 эксперт-маманнан түратын топтың бағалауды бірге есептеуге негізделген.

Әлеуметтік әдістің мақсаты өнім түтынушылардың пікірін жинауға және талдауға негізделген.

Есеп әдісі материалдың қүрылымына, технологиялық процессіне сонымен қатар, бастапқы шикізаттың қасиеттеріне байланысты оның сапасының көрсеткіштерін анықтауды қарастырады.

Анықталатын көрсеткіштерді таңдау - бүл өнімнің сапасын бағалайтын жалпы әдістеменің бірінші және негізін қалаушы сатысы болып табылады.

Өнімнің сапасын бағалап, шешім қабылдайтын көрсеткіштер ғана анықталатын көрсеткіштер болып табылады. Бүл келесі негізгі принциптерді қолдана отырып жасалынады:

бағалық - көрсеткіштің салмақтылығы, сол көрсеткіштің бар бо- луын қамтамасыз етуге қажетті шығындарға пропорционал болып қабылданады;

эвристикалық (эксперттік) - көрсеткіштердің салмақтылығы ма- мандардан сараптап сүрау негізінде анықталынады;

эксперименталдық - салмағы бағаланатын көрсеткіштің эталондық мәнге жақындау дәрежесінің орташа мәніне пропорционал болып қабылданады;

қиыстырылган - әртүрлі принциптерді қолдана отырып алынған салмақтылықтардың қүрамаларын қолдану болып табылады.

Тәжірибе жүзінде көбінесе өнімнің сапа көрсеткіштерінің салмақ- тылық коэффициенттерін анықтаудың эксперттік әдісі қолданылады.

Сапаның салмақтылық көрсеткіштер коэффициентін эксперттік бағалау келесі негізгі және бірізді орындалатын жүмыстардың саты- ларынан түрады: эксперттер топтарын қалыптастыру, сүрауын дай- ындау, сүрау жүргізу, бағалауды өңдеу, алынған нәтижелерін талдау. Эксперттер топтарын қалыптастырудың маңызы - бағаланатын өнімді жасауда және түтынуда жоғары біліктілігі бар мамандарды таңдап алу, эксперттер сүрауын дайындаудың маңызы - талқыланылатын сүрақтың мәнін, дайындау әдісі мен есеп берудің дүрыс безендірілуі көрсетіліп жазылған, арнайы сүрау қағаздарын немесе анкеталарды қүрастыру болып табылады.

Эксперттерге сүрау жүргізу оларға анкеталарды тарату және жауап- тарды алу сырттай орындалады.

Әдетте эксперттер сапа көрсеткіштеріне рангтік баға береді: ең негізгі көрсеткішті К=1 деп белгіленеді, ал аса маңызды емес көрсеткішті К= п рангімен белгіленеді, мүнда п- көрсеткіштер саны.

Егер эксперт бірнеше көрсеткіштерді тең мәнді деп санаса, онда оларға бірдей рангтер беріледі, олардың қосындысы бірізді орналасқан орындар қосындысына тең болуы тиіс.

Әрбір эксперттің ранг суммасы түрақты және тең болады:

X К = 0, 5 п (п+1) .

Көрсеткіштердің шектеусіз санын эксперттік бағалау мүмкіндігі бар, егер әрбір эксперт маңыздылығы кему ретінде рангілеу арқылы өзінің шектеусіз көрсеткіштер қүрамасын бере алатын болса. Бүл жағдайда эксперттердегі көрсеткіштер саны бірдей болмауы мүмкін. Эксперт баға бермеген көрсекіштер бірдей ең төмен рангке ие бола- ды деп есептеледі. Сонда бір жеткіліксіз баға болғанда, оған п ранг беріледі, екі жеткіліксіз баға болғанда - п- 0. 5, үш баға болғанда - п-1, төрт баға болғанда - п-1, 5.

Эксперттік бағаларды өңдеу - эксперттердің пікірлер келісімін анықтауда және сүраудың әрбір көрсеткіштері бойынша нәтижесіз си- патаммаларды санауға негізделген.

Эксперттер пікір келісімділігін бағалау үшін конкордация коэф- фициентін есептейді:

мұндағы, 8. = £ К . - әрбір көрсеткіш бойынша эксперттердің рангілік бағалардың қосындысы, 8 = (1/ п) £ 8; = 0, 5 (п +1) - барлық көрсеткіштер үшін рангтердің орташа қосындысы, т - эксперттер саны, п - көрсеткіштер саны, Т. = (1/12) £ ( £ 3 -1. ) - кейбір эксперттер- де бірдей рангілі бағалар болатын болса, онда олар үшін бірдейліктің көрсеткішін анықталынады, £ - ) -шы әрбір баға қатарындағы бірдей рангтердің саны.

Егер ^ >0, 6 және ықтималдылығы Р = 0, 95 болса, онда Эксперттер пікірінің келісімділігі қолайлы есептейді.

Конкордация коэффициентінің (^) маңыздылығын Пирсон х2 критериі бойынша бағалайды:

Егер х2 > х2Т болса, онда ^ қабылданған ықтималдылықпен маңызды болады.

Алынған нәтижелерді талдау бағаланатын көрсеткіштердің салмақтылық коэффициенттерін есептеуді қарастырады:

Егер 2 > 1 / п болатын болса, онда көрсеткіштер маңызды деп есептелінеді. Бұл көрсеткіштер берілген өнім үшін анықталынатын көрсеткіштер болып алынады.

Кейбір көрсеткіштер бойынша эксперттердің пікір келісімділігі вариациялық С коэффициент арқылы бағалануы мүмкін. Егер, С< 10% болса, онда эксперттер пікірінің келісімділігі жоғары, ал С =11^15%

- орташадан жоғары, С =16^25% - орташа, С =20^30% - орташадан төмен және С>35% - төмен деп саналады.

СТАНДАРТ БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР САПАСЫН БАҒАЛАУ

Стандарт бойынша материалдар сапасын бағалау, әдетте оның со- ртын бағалау болады.

Сорт - нормативті құжаттарда бекітілген, бір немесе бірнеше сапа көрсеткіштері бойынша белгілі бір өнім түрінің градациясы.

Мата сортын физика - механикалық көрсеткіштері және сыртқы түр ақауларына байланысты анықтайды.

Мақта, зығыр және жүн маталары үшін екі сорт қабылданған ( 1-2), жібек маталары үшін - үш сорт (1-3) . Шектелген белгілері бойынша көптеген физика - механикалық көрсеткіштер (мысалы, үйкеліске түрақтылығы, қыртыстанбауы, ақтық дәрежесі, түстің түрықтылығы) стандарттағы талаптарға сәйкес барлық сорттар үшін бірдей тағайындалған. Бүл көрсеткіштер бойынша дифференциалды әдіспен алынған нақты сынақ көрсеткіштерін стандарт нормаларымен салыстыру арқылы өнімнің сапасын бағалайды. Мүндай бағалаудың нәтижесі ретінде альтернативті шешім қабылдау болып табылады. Физика - механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері бойынша (мы- салы, үзу жүктемесі, ені, арқау және негіз бойынша тығыздығы, беттік тығыздығы) сорттылығын анықтау стандарттарында 2 сортты маталарға 1 сортты маталардың осындай көрсеткіштері бойынша ми- нимальды мөлшерлерден шектік ауытқулар белгіленген.

7. 1-кестеде ауытқулар тек қана азаю бағытында берілген. Мата сортын анықтағанда нормаланған көрсеткіштерінің ауытқулары өсу бағытында есептелінбейді.

Кесте 7. 1 - Әртүрлі маталарға арналған шақтамалы ауытқулар

Көрсеткіш
1-ші сортты маталардың ең минимальды нормасы- нан 2-ші сортты маталарға арналған шақтамалы ауытқулар.
Көрсеткіш: Мақта матасы
1-ші сортты маталардың ең минимальды нормасы- нан 2-ші сортты маталарға арналған шақтамалы ауытқулар.: Зығыр
Жүн матасы
Жібек матасы
Көрсеткіш: МЕМСТ
1-ші сортты маталардың ең минимальды нормасы- нан 2-ші сортты маталарға арналған шақтамалы ауытқулар.: матасы
МЕМСТ
МЕМСТ
Көрсеткіш: 161-75
1-ші сортты маталардың ең минимальды нормасы- нан 2-ші сортты маталарға арналған шақтамалы ауытқулар.:

МЕМСТ

357-75

358-74
187-71
Көрсеткіш: Ені
1-ші сортты маталардың ең минимальды нормасы- нан 2-ші сортты маталарға арналған шақтамалы ауытқулар.: Ені 75 см -ге дейін 1 см (11 балл)
1, 5%

1, 5%

(16балл)

1 см (6-8 балл) және 2 см (10- 18 балл) ені 70 см-ге дейін
Көрсеткіш: 1, 5 см ені 75 см -ден көп (11 балл
1-ші сортты маталардың ең минимальды нормасы- нан 2-ші сортты маталарға арналған шақтамалы ауытқулар.:

3, 0%

(31 балл)

2 см (6-8 балл) және 3см(10-18 балл) ені 70см және одан да жоғары

Негіз бойынша

Көрсеткіш: Тығыздығы (10 см келетін жіп саны)
1-ші сортты маталардың ең минимальды нормасы- нан 2-ші сортты маталарға арналған шақтамалы ауытқулар.: 2, 0% (11 балл)
2, 0%
1-ші сортты малар үшін шақтама жартысынан көп емес (16 балл)

2, 0% (6-8 балл) және 4, 0% (10- 18 балл)

Арқау бойын- ша 1см келетін 1 жіптен (6-8 балл)

Жүн маталардың 2-сорты үшін 1-сорт маталарға міндетті түрде болатын нормаланған ауытқулар келесі көрсеткіштер бойын- ша жіберіледі: майдың мөлшері, жартылай жүн (аралас) маталар қүрамында өсімдіктекті, жасанды және синтетикалық талшықтардың болуы; таза жүн маталарының сіңдіруден және сулы үтіктеуден оты- руы, түстің түрақтылығы.

Мақта, жүн және жібек маталары үшін 2 сортты маталардың ауытқу нормалар деңгейінде болғандықтан оларға қосымша айыптық баллдар қарастырылған.

Егер физика - механикалық көрсеткіштер бойынша бірнеше ауытқулар болатын болса, онда олардан тек қана көп балл қойылғандарды ғана есептейді.

Мақта, жүн және жібек маталарының сортын физика - механикалық көрсеткіштердің және сыртқы түр ақаулардың ауытқуымен белгіленетін айып баллдардың қосындысы бойынша анықтайды.

Көп тараған және жергілікті ақауларды әртүрлі баллдармен ай- ыптайды. Берілген матадан жергілікті ақаулар табылған жағдайда олардың айыптық баллдарын шартты үзындыққа келесі формула бой- ынша есептейді:

БМ = Б' * ^

М у

мүндағы, Б' - ^ үзындықты мата бөлігінің бетіндегі сыртқы түрінің жергілікті ақаулары үшін айыпты баллдардың қосындысы, ^ - матаның шартты үзындығы.

Матаның шартты үзындығы матаның сортын анықтайтын стан- дарттарда көрсетіледі және олардың еніне байланысты болады.

Сыртқы түрдің көп тараған ақаулары бойынша баллдардың қосындысы жіптің нақты үзындығын ескерусіз есептелінеді.

Айыпты баллдардың соңғы қосындысын келесі формула бойынша есептейді:

Б = Б + + Б, 1 м'

мүндағы, Б1 - физико - механикалық көрсеткіштерге арналған айыптық баллдар, Бр- сыртқы түрдің таралған ақауларына арналған айыптық баллдар, Бм- сыртқы түрдің жергілікті ақауларына арналған айыптық баллдар.

Бірінші, екінші және үшінші сортты маталарға арналған айыптық қосындылардың шектері 7. 2 кестеде келтірілген.

Физика-механикалық көрсеткіштер және сыртқы түр ақаулары үшін зығыр маталардың сортын анықтағанда айыптық баллдар берілмейді. Бағалауды барлық физика - механикалық көрсеткіштер бойынша диф- ференциалды түрде жүргізеді, ал сыртқы түр ақауларын шектейді:

бірінші сортты матада таралған ақаулар болмауы қажет, ал жергілікті ақаулар матаның 30 м2 шартты ауданында сегізден аспауы қажет, екінші

сортты матада кең таралған ақау бірден аспауы керек немесе шартты ауданға келетін жергілікті ақаулар 22 аспауы керек, егер екінші сорт- ты матада таралған ақау болатын болса, онда шартты ауданға келетін жергілікті ақаулар 17 аспауы қажет.

Кесте 7. 2 - Айыптардың шектік қосындылары

Мата сорты
Әртүрлі маталарға арналған айыптық баллдардың саны, (көп емес)
Мата сорты: Мақта матасы
Әртүрлі маталарға арналған айыптық баллдардың саны, (көп емес): Жүн матасы
Жібек матасы
Мата сорты: 1-ші
Әртүрлі маталарға арналған айыптық баллдардың саны, (көп емес): 10
1 2
5-7
Мата сорты: 2-ші
Әртүрлі маталарға арналған айыптық баллдардың саны, (көп емес): 30
36
9-17
Мата сорты: 3-ші
Әртүрлі маталарға арналған айыптық баллдардың саны, (көп емес): -
-
25-30

30 м2 шартты аудандағы ақаулар санын қайта есептеу келесі форму- ламен жүргізіледі:

П = П, 3* 103

мұндағы, Пф - Ь (м) ұзындықты және 8 (см) енді мата бетінен анықталған жергілікті ақаулардың нақтылы саны.

Тоқыма жаймаларының сапасын бағалау

Тоқыма жаймалардың сапасын бағалау кезінде физика - механи- калық қасиеттердің көрсеткіштерінің нормаға сәйкестілігі, олардың көркемдік - эстетикалық бағасын төмендететін сыртқы түр ақауларының болуы, түстің тұрақтылығы қарастырылады.

Тоқыма жаймалардың физика-механикалық қасиеттерінің нормалық көрсеткіштері барлық жаймалар түрлеріне, жайманың талшық құрамына, тағайындалуына байланысты қосымша болып бөлінеді. Тоқыма жаймалардың физика-механикалық қасиеттерінің жалпы көрсеткіштеріне: шикізаттың құрамы, әртүрлі тал-шықтардың пайыздық мөлшері, жіптердің сызықтық тығыздығы, көлдеңінен және бойлай жайманы тоқу тығыздығы, үзу жүктемесі жатады. Сыртқы және іш киімдік трикотаж жаймасының қосымша көрсеткіштері - созылғыштығы және үйкеліске тұрақтылығы болып табылады.

Жайма бірде бір көрсеткішке сәйкес келмесе, онда ол ақаулы болып саналады.

Тоқыма жаймалары сыртқы түр ақауларына байланысты бірінші және екінші сортқа бөлінеді. Жайманың сорты 1м2 жаймада табылған ақаулар саны және олардың өлшеміне байланысты қажетті стандарттардың кестесі бойынша қойылады. Екінші сортты жайманың 1м2 ақау үштен көп емес болуы тиіс, сондай - ақ 1м2 келетін маңыздылығы әртүрлі ақаулар болатын болса, онда сорт төменгі сортқа сәйкес ақаулар бой- ынша анықталынады.

1м2 жайманы сорттау кезінде оны ойша төрт бойлай бөлікке бөледі, оның әрбіреуі 0, 25 м2 тең. Егер бір бөліктің ауданында үштен көп ақау бойлай бағытта орналасатын болса, онда бүл бөлік сортсыздыққа жа- тады, ал қалған үш бөлік ақауға және оның өлшеміне байланысты бірінші және екінші болуы мүмкін.

Барлық жайманың салмағынан, бірінші сортты жайманың салмағын алу жолымен оның мөлшерін анықтауға болады, ол сәйкесінше екінші сортты және сортсыздалған бөліктерге сәйкес болып келеді.

Тоқыма жаймаларының сыртқы түр ақаулары негізінен қалыңдығы және ширатылуы біркелкісіз жіптерді қолданудан, жіптердің үзілуінен, машинаның дүрыс жүмыс істемеуінен, сонымен қатар өңдеу процесстері кезінде пайда болады. Жаймаларда ең көп кездесетін ақаулардың бірі: жуандылық пен жіңішкелік, шүбарлылық, ілмектер үзындығынын біркелкісіздігі, түсірілген ілмектер, ілмекті бағаншаларының қиғаштануы, кірленулер мен дақтар. Тоқыма жаймаларының өңдеу үдерістеріндегі ақаулары маталардағы ақауларға сәйкес болып келеді.

Беймата жаймаларының сапасын бағалау

Беймата жаймаларының сапасы олардың типіне және қолданылуына байланысты бағаланады. Беймата жаймаларын екі түрге бөледі: маталық (жайғақты тігілген, жіпті тігілген, мата тігілген, инетесімді, желімденген және қиыстырылған) және күспелі (жайғақты тігілген, инетесімді) . Стандарт бойынша оларды түрмыстық, ыспалық, аяқ- киімдік, аралық, сүзгілік, жиһаздық және күспелік болып бөледі.

Беймата жаймаларын оларды өндіру технологиясына байланы- сты физика - механикалық, физика - химиялық көрсеткіштер және сыртқы түр ақаулары бойынша бағалап, оларды 1 және 2 сорттарға жатқызады.

Тоқылып - тігілген және желімденген жаймалардың норма бой- ынша физика - механикалық көрсеткіштеріне ені, беттік тығыздығы, үзу жүктемесі, үзілу үзаруы, үйкеліске түрақтылығы, қаттылығы, пил- линг түзуге түрақтылығы, қыртыстанбауы, жуудан кейін сызықтық өлшемдердің өзгеруі, сіңдіруі, сонымен қатар химиялық тазалаудан кейін физика - механикалық көрсеткіштердің өзгеруі жатады. Сон- дай - ақ, тоқылып - тігілген жаймалар үшін үзындығы бойынша тігу тығыздығы мөлшерленеді.

Екінші сортты жаймаларда бірінші сорттың минимальды норма- ларынан қалыптасқан ауытқулары жатқызылады. Егер ауытқу өлшемі қажеттіден жоғары болса, онда жаймаларды сортсыздықтарға ауысты- рады.

Жайманың нақты белгіленуіне байланысты сыртқы түр ақаулары бойынша сорттылық бағаланады.

Маталардағы сияқты ақаулар таралған және жергілікті болуы мүмкін. Бірінші сортты жаймаларда келесі таралған ақаулар болмауы қажет: қыртыстар, қажетті аймақтарда түк пен үйпаның жеткіліксіздігі, жайманың немесе суреттің қиғаштануының 3% жоғары болуы, енінің біркелкісіздігі, бойлай және көлдеңінен жолақтылығы, кірленуі, қылпықтылық, түстіреңктілік.

Екінші сортты жаймаларда таралған ақаудың тек біреуі ғана бо- луы қажет. Сонымен қатар, мынандай жергілікті ақаулар болуы тиіс: тесіктер, мата үзындығы бойынша 10 см көп жамаудың болуы, 2 см жоғары майлы дақтар, тігу жіптерінің бесреттік қалыңдауы, матаның үзындығы бойынша 10 см жоғары тігу жібінің үзілуі, аймақтарда түкті ілмектердің жоқтығы. Бірінші сортты жайманың 35м2 шартты ауданда сыртқы түрдің жергілікті ақаулардың саны 12 аспауы керек, ал екінші сортты жаймада - 24 аспау қажет.

Матаның бояуға тұрақтылыгын багалау

Матаның бояуға түрақтылығы қабылданған нормаларға сәйкес болуы керек: МЕМСТ 28000-8, МЕМСТ 29223-91, МЕМСТ 11518-88 (мақта матасы), МЕМСТ 10138-93 (зығыр матасы), МЕМСТ 7779-75 және МЕМСТ 20777-96 (жібек) .

Маталардың әртүрлі физико-химиялық әсерлерге төзімділігін зертханалық сынақтармен МЕМСТ 9733. 0-83 және МЕМСТ 9733. 27- 83 бойынша тексереді және сыналған үлгілерді эталондармен салы- стырып баллмен бағалайды. Эталон ретінде көк және сүр түстердің эталон шкаласы қолданылады.

Көк түстер эталон шкаласы жарық сәулелерінен матаның түсінің өзгеруін және бояу түрақтылығын 1-8 баллдармен бағаланады.

Сүр түстер эталон шкаласы мата түсінің әртүрлі физико-химиялық әсерлерден өзгеруін және бояу түрақтылығы 1-5 баллдармен бағаланады.

Өнімнің сапасы - қолдану мақсатына сәйкес берілген сұраныстарды қанағаттандыруға қажеттілігін көрсететін қасиеттер жиынтығы.

Тоқыма материалдардың сапасын толықтай бағалау үшін сапа көрсеткіштерінің құрамасын негіздеп таңдау өте маңызды. Өнімнің сапа көрсеткіші - белгілі бір тұтыну шарттарына қарастырылған бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы.

Киімнің сапасы көптеген факторлармен байланысты болып келеді. Әсіресе киім сапасын тікелей қалыптастыратын факторлар маңызды болып саналады: негізгі материалдардың сапасы, бұйымды жобалау (модельдеу және құрастыру) сапасы, технологиялық өңдеу сапасы.

Негізгі материалдардың (маталардың, трикотаждың, бейматаның) сапасы, олардың қасиеттері (эстетикалық, гигиеналық, беріктік) көбінесе киімнің қасиеттерін анықтайды. Материалдың өзінен киімнің функционалдық қолданысы, тұтынушының жасы және сырт бейнесі, сән бағыты айқындалады. Материалдардың гигиеналық құрама қасиеттері киім астындағы кеңістіктегі микроклимат жағдайына әсерін тигізеді, ал оның салдары адамның жұмыс жасау қабілеттілігіне және жағдайына әсер етеді. Киімнің керекті көлем-кеңістік қалпын жасау мүмкіндігі және оның тұтыну кезеңінде тұрақтылығы материалдардың серпімді- пластикалық қасиеттерімен, олардың қаттылығымен, күлтеленуімен, форма сақтағыштығымен байланысты.

Киімді жобалау сапасы көбіне оның тек қана көлем-кеңістік қалпын және композициясын алдын ала анықтаудан басқа, көркемдік- эстетикалық қасиеттеріне, сонымен қатар бұйымның үнемдік және технологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.

Қолдану көрсеткіштері материалдардың негізгі функцияларын анықтайтын қасиеттерін сипаттайды және олардың қолдану аумағын анықтайды.

Колдану көрсеткіштері өз алдына үш топқа бөлінеді:

- функционалдық (тұтынушылық) - беріктігі, созылғыштығы, қаттылығы, форма сақтағыштығы, қыртыстанбауы, электрленуі;

- гигиеналық - гигроскопиялығы, ылғалдылығы, ылғал жұтқыш- тығы, бу өткізгіштігі, жылу кедергісі;

- сақтагыштық - су итергіштік, отқа төзімділік, шаң өткізгіштік, химиялық заттарды өткізгіштік.

Сенімділік көрсеткіштер материалдың берілген шектікте өзінің қасиеттерін уақыт ішінде сақтау қабілетін сипаттайды. Бүл көрсеткіштерге материалдардың кідіріссіздігі және үзаққа төзімділігі жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киімнің сапасы және экспертиза
Стандарт бойынша материалдар сапасын бағалау
Маталар сапасының тұтынушылық көрсеткіштері
Сапаны анықтау әдісі
Киімнің сапасы және экспертиза. Оқулық
КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жасанды былғары
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару
Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz