20-21 ғ. былғары өңдеу жаңалықтары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: 20-21 ғ. былғары өңдеу жаңалықтары
Орындаған: Даулетұлы Қ.
Тобы: ТК - 321
Тексерген: Бауыржанова А. З.
Семей, 2016 жыл
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қорытынды
Кіріспе
Адамзаттың дамуына байланысты былғарыны өңдеу әдістері де өзгеріс тапқан. Алдымен былғарыны алу туралы қысқаша айта кетсек жөң. Былғары- мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т. б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан - шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді.
Негізгі бөлім
18 ғ аяғына дейін былғары өңдеудің механикалық тәсілін қолданған. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен өңдейді. Өңдеутерінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді. Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс айларында әр 1 кг теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 гтұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне қыста 5, 7-6, 6 кг, ал жазда 8, 2-10, 2 кг тұз, ал сиыр терісіне қыста 3, 3-5 кг, ал жазда 5-6, 2 кг. тұз жұмсалады. Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді. Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады, құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады. Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады. Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады. Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бір-бірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200 шақты теріні қоюға болады. Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып кетпеуі керек. Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды. Тері шіри бастағанда оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек. Жақсы теріден жүн түспейді, ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып кетеді. Ондай теріні қолдануға болмайды. Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке қарай орналастырып, сосын көлеңкеде кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп қояды. Оны күннің астында не ыстық пештің қасында кептіруге болмайды. Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс. Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің қажеті жоқ), оның жүнін ішке қаратып, соңғы рет кептіреді. Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz