Оршаған ортаны қорғау


Кіріспе

Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптсақан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделегн дамуға өтуге тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамның дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиға және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Негізгі бөлім

Планетадағы тіршілік қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы "Біздің жалпы болашағымыз" атты есебіне "қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге" аяқ басуға шақырды.

Алғаш рет "тұрақты даму" концепциясы ұсынылды.

"Тұрақты даму" дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. "Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұаға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық" (БҰҰ материалдарынан) .

1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы "Тұрақты даму" конференциясын және "ХХІ ғасырдың күн тіртібінен" атта ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция - климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Бұл мәселлерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтардың біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған "Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы" бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н. Ә, Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелердің шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірілді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған итеграциялық процестердің ұйытқысы болды.

"ХХ ғасырдың күн тіртібінің" негізгі бағыттары

Мәселе
Мәселенің қысқаша мәні
Мәселе: 1
Мәселенің қысқаша мәні: 2
Мәселе: Кедейлікпен күрес
Мәселенің қысқаша мәні: Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1, 1 млрд-тан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; қаржылық көмек.
Мәселе: Тұтынудың құрылымын өзгерту
Мәселенің қысқаша мәні: Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі - қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себебі болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
Мәселе: Халық және тұрақтылық
Мәселенің қысқаша мәні: 1993 жылы дүнежүзіндегі халық саны 5, 5 млрд. -тан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы 8 8 млрд. -қа жетеді.
Мәселе: Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту
Мәселенің қысқаша мәні:

Халықтың денсаулығын қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

1) СПИД-пен күреске жұмылдыру;

2) туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес.

3) бала өлімін кеміту;

4) халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;

5) еркектер мен әйелдердің өздерінің балаларының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;

6) халықты ауз су, таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

7) балалардың денсаулығын қорғау;

8) қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан қорғау;

Мәселе: Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)
Мәселенің қысқаша мәні: 2000 жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұрады. Қоғамның урбанизациясы эканомикалық даму процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.
Мәселе: Атмосфераны қорғау
Мәселенің қысқаша мәні: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі - энергияны өндіру мен тұтыну.
Мәселе: Жер ресурс-тарын тиімді пайдалану
Мәселенің қысқаша мәні: Топырақтың құнарлығы су және жер эрозиясымен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауыл шаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т. б.
Мәселе: Ормандарды жоюмен күрес
Мәселенің қысқаша мәні: Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкіметтерге орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, жүзеге асыру керек.
Мәселе: Шөлденумен, құрғақшылықпен күрес
Мәселенің қысқаша мәні: Шөлдену - бұ ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөолену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Мәселе: Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану
Мәселенің қысқаша мәні: Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. т. дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтердің жағдайының нашарлануынан зардап шегеді.
Мәселе: Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану
Мәселенің қысқаша мәні:

Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып отыр. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

1) қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40 литр ауыз сумен қамтамасыз ету;

2) өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

3) барлық ауылдық аудандардың тұоғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету. .

Мәселе: Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру
Мәселенің қысқаша мәні: Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінед қолданылады. 1-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-нің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.
Мәселе: Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою
Мәселенің қысқаша мәні: Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулырдың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5, 2 млн. қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.
Мәселе: Радиоактивті қалдықтарды жою
Мәселенің қысқаша мәні: Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-дің жұмысы нәтижесінде 200 мың м 3 төмен, ал 10 мың м 3 жоғарғы радиоактивті қалдықтар түзіледі.
Мәселе: Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз
Мәселенің қысқаша мәні: Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға, жоғары өмір сүру жағдацына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беру крек. Жастар планета халқының 1/3-не
Мәселе: етудегі рөлі
Мәселенің қысқаша мәні: жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
Мәселе: Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру
Мәселенің қысқаша мәні: Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосфера қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстардың тұтынудың артуы, дмографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т. б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру - адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат бүкіл әлем
«Жылына өнімділігі 1 302 000 тонна құрайтын каталитикалық риформинг қондырғысын жобалау»
Су, су экологиясы жөнінде білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері
Қоқыс қалдықтарын өңдеу
Экологиялық зерттеу және төлқұжат
Экологияны бақылау, зерттеу
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты арнайы өкілетті органдардың іс – әрекетін құқықтық реттеу
Халықаралық табиғатты қорғау одағы
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz