Станция мен тартым ауданының техникалық – экономикалық сипаттамасы


Қосымша 1.
1. Жүк қозғалысының көлемі.
Н-ға
Құрама
пойыздар
Н-ға
Телімдік
пойызы
Н-нан
құрама
пойыздар
Н-нан
телімдік пойызы
2. Жолаушылар қозғалысының көлемі.
Н-ға алыс
сапарлар
пойыздары
Н-ға
жергілікті
пойыздар
Н-нан
алыс
сапарлар
пойыздары
Н-нан
жергілікті
пойыздары
АЛҒАШҚЫ ДЕРЕКТЕР
Нұсқа номері -
Желінің категориясы - I;
Басты жол саны - 1;
Станциялық алаңшаның ұзындығы - 3600;
Жетекші еңісі, : А-Н - 5;
Н-Б - 5;
Жүк вагон паркі, %: 4 білікті - 70;
8 білікті - 30;
Жүк локомотивтінің сериясы - 2ТЭ10Л;
Локомотив депосы - Негізгі;
Локомотивтердің жылдық жүрісі, млн. км - 28;
Вагондарды жөндеу құрылғысы - Вагон депосы;
Жүк ауласын жобалау деректері:
Аз көлемді жүктер, мың. т:
Қабыл. -256;
Жөнел. -234;
Контейнерлік жүктер, мың. т:
Қабыл. -145;
Жөнел. -165;
Ақтарма жүктер, мың. т:
Қабыл. -122;
Жөнел. -132;
Жүк поездының салмағы, т: А-Н:4500;
Н-Б:2700;
Вагондардың жүккөтергіщтігі, т: 4-білікті, (q4) - 77; 8-білікті, (q8) - 178;
ЖОСПАР
Алғашқы деректер . . .
Кіріспе . . .
1. Станция мен тартым ауданының техникалық - экономикалық сипаттамасы . . .
2. Қабылдау - жөнелту жолының пайдалы ұзындығын анықтау . . .
3. Станцияның сұлбаларының нұсқалары . . .
4. Қабылдау - жөнелту парктеріндегі жолдар санын анықтау . . .
5. Сұрыптау және тартымдық жолдар санын анықтау . . .
5. 1. Сұрыптау жолдарының санын анықтау . . .
5. 2. Тартымдық жолдардының санын анықтау . . .
6. Жүк ауласындағы құрылғылардың көлемін анықтау . . .
6. 1. Ыдыстама - даралы жүктер . . .
6. 2. Контейнерлік жүктер . . .
6. 3. Ақтарма жүктер . . .
7. Локомотив шаруашылығының құрылғы көлемін анықтау . . .
8. Вагон шаруашылығының құрылғылар типін анықтау . . .
9. Станция жұмысын ұйымдастыру . . .
10. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еңбек қорғау . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
КІРІСПЕ
Темір жол біздің елімізде көліктің басты түрі, мемлекетке деген маңызы зор. Халықаралық байланыстың дамуына және халықтың, мәдениеттің жоғарлауына, халықтың өзара қатынасын кеңейтуге әсер етті. Темір жол әртүрлі инженерлік құрылғылармен, техникалық құралдармен жабдықталған ең негізгісі темір жол жылжымалы құрамды, локомативті, вагондар шаруашылығы, құрылыс және құрылғы сигналдар электр жабдықтарына байланысты станция тораптары.
Темір жол Қазақстандағы жүк тасымалының негізгі көлік түрі болып табылады.
Бекеттер темір жол транспортының басты элементі болып табылады. Онда парктер, жолаушылар және жүк құрылғылары, локомотив және вагон шаруашылығы, электрмен және сумен қамтамасыз ету құрылғылары, қоймалар, қызметтік-техникалық ғимараттар және т. б. құрылғылар бар.
Станция жолдары темір жол желісіндегі жолдардың 60% ұзындығын алады.
Станция деп - қабылдап-жөнелту, айқастыру, пойыздарды оздыру, жүктерді тиеп-түсіру, жолаушыларға қызмет көрсету және де техникалық операцияларды (пойыздарды тарату-құру, тексеру, экипировкалау, жылжымалы құрамды жөндеу, т. б. ) орындауға қабілетті жеке пунктіні айтамыз.
Телімдік стансалар темір жолдың қауіпсіз және тоқтаусыз жұмысын қамтамастандыру үшін қажет. Осы мақсатта, онда өтпелі поездарды өңдейді, жылжымалы құрамаға техникалық қызмет көрсетеді, поездар қозғалысынатартымды қызмет көрсетіледі (локомотивті жабдықтау не ауыстыру, локомотив бригадасын ауыстыру) . Телімдік стансалар көрші телімдердегі пайда болатын және жоқ болып кететін вагонағымын өңдейді. Халықты және қала кәсіпорындарын тасымалдаумен қамтамасыз ету үшін телімдік стансаларда жүк және жолаушылар құрылғылары, кәсіпорындардың кірме жолдары бар.
«Телімдік станса» деген аттың өзі локомотивтердің (паровоздардың) қатынайтын телімдерінің шекарасы деген мағына береді, олардың ұзақтығы 80 - 130 км болатын, бұл су және отынның щығындануымен анықталатын.
Теміржол көлігін электрлі және тепловозды тартымға ауыстырғаннан кейін, локомотивтердің қатынау қашықтығы 700 - 1000 км дейін ұзарды. Осының нәтижесінде көптеген телімдік стансалар телімнің шекарасы мағынасынан айырылды немесе өз жұмыстарын өзгертті. Телімдік стансалар жергілікті жұмыс көлемі үлкен жүк не жолаушылар стансасына айналды. Бұл деполық стансалар санының азаюына және жөндеу жұмыстары деполардың азында ғана жүргізілуіне әкеліп соқтырды.
Телімдік стансаларда бригаданы ауыстыру локомотивті ажыратусыз жүргізілетін болды, сондықтан мұндай жағдайда «телімдік» атауы локомотив бригадаларының қатынау мағынасына сәйкес келетін болды. Мұндай телімдер ұзындығы локомотив бригадаларының үзіліссіз жұмыс істеу қалпымен анықталады. Жүк және жолаушылар локомотивтерінің қатынау телімі ұзындығы бойынша сәйкес келмейді, сондықтан оларды ауыстыру әр түрлі стансаларда жүргізіледі. Жолаушылар локомотивтері жолаущылар стансасында ауысады.
Телімдік стансалардың бөлінуі: кіре беріс саны бойынша - желілік және торапты (үш не одан да көп жалғанулары болады) ; негізгі парктерінің орналасуы бойынша - көлденең, бойлық және жартылай бойлық типті және жүк, жолаушылар операцияларына арналған құрылғылардың бірінен соң бірі орналасыуымен. Сонымен қатар, телімдік стансаларды қолдану жұмыстың көлемі мен мінезіне қарай, тарту түріне қарай, басты жол санына қарай және кейбір басқа жағдайларға байланысты бөледі. Электрлендірілген желілерде әр түрлі жүйелі тоқтардың түйісуі пайда болатын телімдік стансалар да кездеседі.
Телімдік стансаларды негізгі депомен, локомотивтердің айналу депосымен, локомотив бригадасын ауыстыру бөлімімен үшке бөледі.
- СТАНЦИЯ МЕН ТАРТЫМ АУДАНЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жобаланатын станция I категорилы біржолды желіде орналасқан. Станцияға қызмет көрсететін жүк локомотивының сериясы - 2ТЭ10Л; Жетекші еңісі А-Н 5; Н-Б 5.
Станцияға жақын орналасқан аралықтар поездар қозғалысын реттейтін автоматты блоктау (АБ) құралдармен, бағыттама мен бағдаршамды басқаратын электрленген орталықпен (ЭО) жабдықталған.
Локомотивтің бір жыл ішінде жүрген қашықтығы 28 млн. Шақырымға тең. Жобаланатын телімдік станцияның солтүстігінде елді мекен орналасады. А бағытынан станция арқылы тәулік ішінде 32 өңдеусіз транзит пойыздары өтеді, оның ішінде 2 телімдік, 2 құрама пойыздары. Сонымен қатар, А бағытынан 10 жолаушылар пойызы өтеді. Б бағытынан тәулік ішінде 43 өңдеусіз транзит пойыздары өтеді, оның ішінде 4 телімдік, 3 құрама пойыздары, және де 12 жолаушылар пойыздары өтеді.
Берілген станциялық алаңшаның ұзындығы 3600 м. Жүк пойызының салмағы: А - Н 4500 т, Н - Б 2700 т. Жетекші еңісі: А - Н 5 , Н - Б 5 . 4 - білікті вагондар жүк вагондар паркінің 70% - ды, 8 - білікті вагондар 30% - ды құрайды.
4 - білікті вагонның жүгі мен бірге салмағы 77 т, 8 - білікті вагондікі 178 т. Станцияда жылжыма құрамаларды техникалық тексеру және жөндеу мақсатында негізгі депо орналасады. Станцияға жүк ауласы және кірме жол жалғанады. Жүк ауласы тұйық типті, онда қаптардағы жүктерге арналған ішіне жолдары енгізілген жабық қойма, контейнерлік алаңша және ақтарма жүктер үшін биіктетілген жол орналасады.
- ҚАБЫЛДАУ-ЖӨНЕЛТУ ЖОЛЫНЫҢ ПАЙДАЛЫ ҰЗЫНДЫҒЫН АНЫҚТАУ
Қабылдау - жөнелту жолының пайдалы ұзындығы қатнастағы жүк пойызының ұзындығына байланысты.
Жүк пойызының ұзындығы келесі формуламен анықталады:
мұндағы, -пойыздыңсалмағы, т
, - төрт және сегіз білікті вагонның масса бруттосы, т
, - төрт және сегіз білікті вагонның пайыздық бөлігі
, - төрт және сегіз білікті вагонның ұзындықтары
( =14, 73м. =21, 12м)
- локомотивтің ұзындығы ( =34м)
=2700т
=77т
=178т
=0, 7%
=0, 3%
=14, 73м
=21, 12м
=34м
Станциядағы қабылдап - жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 850 м-ге тең.
- СТАНЦИЯНЫҢ СҰЛБАЛАРЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫ
Станция жобасының құралуын бастамастан бұрын, оның сұлбасын анықтап алу қажет.
Ығыспа жолды
Жартылай ығыспа жолды
Қатарлас жолды
4000
2850
2400
4400
3250
2600
3600
2450
2200
Телімдік станцияның ығыспа жолды типіп таңдаймыз.
Ығыспа типті станция дегеніміз қабылдап-жөнелту парктері екі жақ шетке толық ығысып орналасатын станцияны айтамыз.
Телімдік станцияның жартылай ығыспа жолды типінің ығыспа жолды типінен айырмашылығы- қабылдау-жөнелту парктерінің транзиттік жұп пойыздары жолаушы ғимаратына жақын орналасқан. (шамамен 700м ығыспа жолды типімен салыстырғанда) . Сондықтан парктан шығудың тік жолы П-ОII, П-ОI, және сұрыптау парктері. Мұндай жылжу станцияны қысқа алаңшаға орналасуға мүмкіндік береді, бірақ станцияның маневрлық жұмысын нашарлатады.
4. ҚАБЫЛДАУ-ЖӨНЕЛТУ ПАРКІНДЕГІ ЖОЛДАР САНЫН АНЫҚТАУ
Телімдік станцияларда жолаушы пойыздарынқабылдап жөнелту үшін басты және арнайы жолаушы қабылдау-жөнелту жолдары қолданылады. Жолаушы қабылдау-жөнелту және басты жолдар саны станцияға жалғанатын бғыт санынан кем болмауы тиіс. Және жолаушы пойыздарын пакет пенпачка арқылы өткізу үшін басты жолдыңүстінен қосымша тағы да бір жол қажет.
Жолаушы пойыздарынқабылдап, жөнелтуге арналған жолдар санын анықтаған соң, жүк пойыздарынқабылдап жөнелтуге арналған жолдар санын анықтау қажет. Жолдар санын қозғалыс сипаты мен мөлшеріне, автоматика мен телемеханика құрылымдарына байланысты есептейді.
Қабылдау-жөнелту парктерінде өтпелі жүк пойыздарына арналған жолдар саны тақ және жұп бағыттарына жеке-жеке келесі формуламен анықталады:
(4. 1)
Мұдағы, - пойыздың жолда тұру уақыты, мин
- берілген паркке пойыздардың келуінің есептік интервалы, мин
l - басып озуға арналған жол
Парктерге пойыздар тек бір бағыттан келгенде, есептік интервал келесі формуламен анықталады:
(4. 2)
Мұндағы, - жүк пойыздардың телімде жүруінің интервалы
(автобекітуде 8 не 10 мин, жартылай автобекітуде 20 мин)
- пойыздардыңстанцияға жақындауыныңорташа интервалы
Орташа интервал :
(4. 3)
Мұндағы, және жолаушы
пойыздарының саны
Е - жүк пойыздарын жолаушылар пойыздарымен ауыстыру
коэффициенті (қос жолды желіде 1, 8, дара жолды желіде 1. 3 деп
алса болады)
Бір пойыздың жолда тұру уақыты келесіформуламен анықталады:
(4. 4)
Мұндағы, - пойызды станцияға қабылдағандамаршрутта жүру
уакыты
- қабылдау-жөнелту
жолдарында операцияларды орындау уакыты (транзит
пойыздарына 30 мин, топталған пойыздарға 55 мин)
- пойыздың жөнелтуді күтіп тұру уақыты
-пойызды жөнелткен уақыттан станция жолдарының бос болу
уақытына дейінгі маршруттан өту уақыты.
Жүк пойызды қабылдағанда маршруттыңбос болмауы кслесі формуламен анықталады:
$t_{қаб} = t_{м} + \frac{L_{бл}}{16, 7*V} + \frac{L_{кіру} + L_{бл}^{"}}{16, 7*V_{кіру}}; мин$ (4. 5)
Мұндағы, -қабылдау маршрутын дайындау уақыты (маршрутты
релелік орталықтандыруда 0, 5, электрлік орталықтандыруда 0, 2 мин)
$L_{бл}L_{бл}^{"}$ - 1-ші 2-ші блок-аралықтардыңұзындығы (1000 м)
V , - жүк пойыздардың аралықтардан өту және сганцияға кіру
жылдамдығы ( V =80 км/сағ =40 км/сағ)
- қабылдау-жөнелту жолдарыныңқабылдау
сигналынан шығу бағдаршамына дейінгіқашықтық
- пойызды қабылдау қылтасыныңұзындығы, яғнл қабылдау
жолындағы кіру бағдаршамнан шектік бағанаға дейінгіқашықтық,
м (электрлік тартымда 650 м, тепловоздық тартымда 400 м)
- қабылдау-жөнелту жолыныңұзындығына тең болатын
пойыздыңұзындығы.
Пойыздың жөнелтуді күтіп тұру уақытын ықтималдылық теориясының негізінде келесі формуламен анықтауға болады:
(4. 6)
Мұндағы, - тәулік бойынша жөнелту паркіне келген жүк
пойыздарының саны
- пойыздарды жөнелту интервалдарының алмасу
коэффициенті ( =0, 7-0, 9)
- жүк пойыздыңқозғалысына телімнің максималды өткізу
қабілеті.
Жүк пойыздыңқозғалысына телімнің максималды өткізу қабілетікелесі формуламен анықталады:
(4. 7)
Мұндағы, - параллель кестелі телімнен максимал өткізу
қабілеті (автобекітуде =1440/ , жартылай автобекітуде қос
жолды желіде 72 жұп, дара жолды желіде 48 жұп пойыз)
Пойызды жөнелткендегі маршрутта жүру уақыты келесі формуламен анықталады:
(4. 8)
Мұндағы - маршруты дайындау уақыты
- бағдаршамды ашу уақытынан жүк поезының
қозғалуына дейінгі орташа уақыт ( )
- жолдың босауына дейінгі пойыздың жүру қашықтығы,
бұл қашықтық жолдың пайдалы ұзындығы мен шығу
қылтасының ұзындына тең болады.
- пойыздың станциядан шығуының орташа жылдамдығы
( )
Есептеу бойынша анықталған қабылдау - жөнелту жолдарының саны станция мен тораптарды, жобалау нұсқауларында берілген жолдар санымен салыстырып, көбін алу қажет (5 кесте) .
Кесте 5
12-ге дейін
13-24
25-36
37-48
49-60
61-72
1
1-2
2-3
3-4
4-5
5-6
73-84
85-96
97-108
109-120
121-132
6-7
7-8
8-9
9-10
10-11
Қабылдап-жөнелту паркі - 1 үшін есептеулер
Қабылдап-жөнелту паркі - 2 үшін есептеулер
5. Сұрыптау және тартымдық жолдар санын анықтау
5. 1. Сұрыптау жолдарының санын анықтау
Сұрыптау паркінің жолдары құрастыру жолдарының бағыты бойынша вагондарды жинақтауға, жергілікті және өңделетін вагондарды жинақтауға арналған.
Телімдік және құрама пойыздарды және кірме жолдар мен жүк ауласынан келетін вагондарды бөлшектегенде, вагондар сұрыптау паркінің жолдарына бағыты бойынша жинақталады.
Телімдік және құрама пойыздарды әр бағытқа жинақтау мақсатында, әр бағытқа бір жолдан арналады. Бұл жолдардың ұзындығы қабылдау-жөнелту жолдарының ұзындығынан 10%-ға ұзын болады.
Станцияға жүгін түсіруге келетін вагондарға (жүк ауласына, кірме жолдармен және т. б. ) бір жол арналады. Ал егер снацияға тәулігіне 30 вагоннан жоғары вагон қабылданса, екі жол арналады. Жолдардың ұзындығы пайдалы ұзындықтан кем болуы мүмкін, бірақ ұзындығы 300 метрден кем болуы мүмкін, бірақ ұзындығы 200-300 м болатын жолдар арналады.
1. А бағытына бағытталған телімдік пайыздарға
2. Б бағытына бағытталған телімдік поездарға
3. А бағытына бағытталған құрама поездарға
4. Б бағытына бағытталған құрама поездарға
5. Ақаулы вагондарға
6. Жүк ауласына баратын вагондарға
7. Кірме жолдарға баратын вагондарға
8. Бос вагондарға
1
1
1
1
1
1
1
1, 1*
1, 1*
1, 1*
1, 1*
1, 1*
500 м
300 м
300 м
5. 2. Тартымдық жолдарының санын анықтау
Тартып шығу жолдарының санын өңделетін вагондар мен телімдік және құрама пойыздарды бөлшектеудегі маневр жұмыстарын орындау әдісіне байланысты анықталады:
(5. 1)
Мұндағы, - өңдеуге келетін телімдік және құрама пойыздардың саны
- өз құрастырылымындағы пойыздар саны
- жүк ауласына берілетін вагондар саны
- локомотив шаруашылығына жіберілетін локомотивтердің беру саны
- кірме жолдарға берілетін вагондардың жөнелту саны
- тартып шығу жолының бір құрамамен жұмыс істеп
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz