Сахара шөлі



Кіріспе

І. Сахара шөліне физикалық.географиялық баға беру.
2.1 Географиялық орны мен ерекшелігі
2.2 Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары
2.3 Жер бедері
2.4 Климаты
2.5 Су қоры
2.6 Топырақ және өсімдік жамылғысы
2.7 Жануарлар әлемі
2.8 Сахараның құрылымдық.морфологиялық айырмашылықтары (Батыс Сахара, Орталық Сахара, Орталық таулы аудандар, Шығыс Сахара)

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сахара – дүние жүзіндегі ең ыстық шөлдердің бір. Оның зор кеңістігіне алғаш рет тап болған адам қандай сезімде болатыны анық. Күннің өте үлкен отты шары көкжиек үстіне көтерілгенде шөл қызады. Құмның ыстықтығы сондай, түйенің құс аяғы ғана оның аптабын сезбейді – тасқа қол тигізу қиын... Құмның қызуынан ауа да қызады. Оның үстінде ауаның құрғақтығы соншама, одан ерін күйіп, жарыла бастайды. Көгілдір аспан күңгірт тартып, ауа мүлде тымық күйге енеді. Талтүстегі нағыз үрейлі аптап басталады.
Күндізгі адам төзгісіз аптап сүйектен өтетін түнгі суықпен алмасады. Температураның кенет төмендеуі нәтижесінде шөл бетінде бірден-бір ылғал көзі–шық тамшылары пайда болады.
Жер бетіндегі ең әйгілі де, үлкен шөлдің ашылмаған жұмбақтарына, ерекше табиғи жағдайы қызықпайтын адам табылмас. Шынында Сахара – ерекше табиғи жағдайы мен көптеген халық коныстанған, таңғажайып ежелгі тарихтан тұратын тұтас аумақ. Шексіз кеңістігі мен қатал ландшафттары оны одан аса ерекшелендіреді.
Сахара туралы шексіз көптеген ғылыми есептер, жұмыстар, кітаптар жазған. Яғни шөлді зерттеу көп ғалымдарды аса қызықтырған.
Бұл курстық жұмыста Сахара шөл болып табылатындықтан, ал шөлдердің даму, қалыптасу үрдістері, биологиялық жағдайлары да ұқас болып келетіндіктен, алдымен шөлдерге жалпы түсінік беріледі. Яғни Сахара шөлін қарастырмас бұрын шөл дегеніміз не екенін анықталынады. Одан кейін Сахараның географиялық орнына, геологиялық құрылысына, жер бедеріне, климат және су ресурстарына, флора және фаунасына сипаттама беріледі. Ары қарай шөлге антропогендік фактордың әсерін қарастырылады.
Сахара – тек ғана өлі шөл ғана емес, бұл - ертегідегі қалалар секілді көрінетін ғажайып көпірлі, мұнаралы қатпарлықты ландшафтар, бұл – мыңжылдық гүлдейтін ағаштары бар далалы алқап, бұл – алтынды түстес құмдақты дюналар. Шөл өзінің ерекше анағұрлым жасырынды, тыныш және басқа жер шары облыстарымен салыстырғанда қозғалмалы тіршілігін кешеді. Өзендер пайда болып, қайта кеуіп кетеді. Жаңбыр мен желдер тауларды бұзады. Құрғақ жерлер құнарлы болып, кейн оны құрғақшылық қайта құртады. Мұнда осы аймақтың қатал климаттық жағдайына бейімделіп, үйреніп кеткен жануарлар мекендеп, өсімдіктер өседі. Егер ұзақ ыстық айлар бойы тіршілік тоқтап қалғандай көрінсе, жаңбырлы уақыттарда тіршілік қызу үстінде болады.
Тұрақтылық пен шыдамдылық шөлдегі өмірді сипаттайды. Адам шөлде жүз мың жылдай тіршілік етуде. Осы уақыт бойы адам да, басқа да тіршілік иелері секілді климаттық барлық ауытқуын көтеріп келеді.
Сахара - Атлант мұхиты жағалауынан шығысқақарай бүкіл Африка арқылы және Қызыл теңізге дейін 5 мың шақырымға созылып жатыр. Сахара оңтүстіктен солтүстікке қарай 2 мың шақырымға созылып, Жерорта теңізі жағалауында оны құмы ежелгі Рим қалаларының қираған орнын басқады.
Мұндай үлкен кеңістіктегі алуан түрлі шөл беті әртүрлі тау жыныстарынан тұрады. Ұшы-қиыры жоқ сусыз жазықтардың бетін үлкен, жұмыр және шағыл тастар басып жатады - бұл тасты шөл. Сахараның нақ ортасында Тибести және Ахаггар ткалы үстірттері орналасқан. Желдің әрекетінен жартастар таңқаларлық пішінге ие болған. Жел жұмыр тастар мен құмды ұшырып, жартастардың бетіне соғады, құмтастағы сызаттарды тереңдете түседі. Сахара жер көлемінің шамамен 20%-ын құмды шөлдералып жатыр. Бұл құм төбелерден тұратын орасан зор құм теңізі. Құм төбелердің өсімдік жамылғысы жоқ бөлігі ұдайы көшумен болады. Басқа құмдар қозғалмайды. Оларды өте ұзын тамырлы өсімдіктер бекітіп тұрады. Сахара да сазды шөлдер де бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Петров М. П., Пустыни земного шара, Л., 1973; Капо-Рей Р.,
2. Французская Сахара, пер. с франц., М., 1958;
3. Сахара. [Сб. ст.], пер. с нем., М., 1971;
4. Силин-Бекчурин А. И., Подземные воды Северной Африки, М., 1962;
5. Furon R., Le Sahara. Géologic ressources minérales, 2 éd., P., 1964;
6. «http://ru.wikipedia.org/wiki/»Категория: Пустыня Сахара
7. Сахара. – науч. издание (ред Фадеев ЛА). – М.: Наука, 1971. – 144 с.
8. Нахтигаль, Г. – Сахара и Судан.: Результаты шестилетнего путешествия в Африке. – М.: Наука, 1987. – 306 с.
9. Галеш, И. – Сахара – не только песок. – научное издание. – М.: Наука, 1986. 144 с.
10. Физическая география материков и океанов: Учеб. для геогр. Спец ун-ов/ Ю.Г. Ермаков, Г.М. Игнатьев, Л.И. Куракова и др; Под общей ред. А.М. Рябчикова. – М.: Высш. шк., 1988. – 592 с.
11. Власова Т.В., Физическая география материков. Евразия, Африка. – Учебник для студентов географических специальностей пед. институтов. – Изд. 3-е, перераб. и доп. М.: «Просвещение», 1975.
12. И.Б. Галай. - Физическая география материков и океанов, І часть. - Минск. – 1988 г.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Сахара шөлі

Кіріспе

І. Сахара шөліне физикалық-географиялық баға беру.
2.1 Географиялық орны мен ерекшелігі
2.2 Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары
2.3 Жер бедері
2.4 Климаты
2.5 Су қоры
2.6 Топырақ және өсімдік жамылғысы
2.7 Жануарлар әлемі
2.8 Сахараның құрылымдық-морфологиялық айырмашылықтары (Батыс Сахара,
Орталық Сахара, Орталық таулы аудандар, Шығыс Сахара)

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сахара – дүние жүзіндегі ең ыстық шөлдердің бір. Оның зор
кеңістігіне алғаш рет тап болған адам қандай сезімде болатыны анық. Күннің
өте үлкен отты шары көкжиек үстіне көтерілгенде шөл қызады. Құмның
ыстықтығы сондай, түйенің құс аяғы ғана оның аптабын сезбейді – тасқа қол
тигізу қиын... Құмның қызуынан ауа да қызады. Оның үстінде ауаның
құрғақтығы соншама, одан ерін күйіп, жарыла бастайды. Көгілдір аспан
күңгірт тартып, ауа мүлде тымық күйге енеді. Талтүстегі нағыз үрейлі аптап
басталады.
Күндізгі адам төзгісіз аптап сүйектен өтетін түнгі суықпен алмасады.
Температураның кенет төмендеуі нәтижесінде шөл бетінде бірден-бір ылғал
көзі–шық тамшылары пайда болады.
Жер бетіндегі ең әйгілі де, үлкен шөлдің ашылмаған жұмбақтарына, ерекше
табиғи жағдайы қызықпайтын адам табылмас. Шынында Сахара – ерекше табиғи
жағдайы мен көптеген халық коныстанған, таңғажайып ежелгі тарихтан тұратын
тұтас аумақ. Шексіз кеңістігі мен қатал ландшафттары оны одан аса
ерекшелендіреді.
Сахара туралы шексіз көптеген ғылыми есептер, жұмыстар, кітаптар жазған.
Яғни шөлді зерттеу көп ғалымдарды аса қызықтырған.
Бұл курстық жұмыста Сахара шөл болып табылатындықтан, ал шөлдердің даму,
қалыптасу үрдістері, биологиялық жағдайлары да ұқас болып келетіндіктен,
алдымен шөлдерге жалпы түсінік беріледі. Яғни Сахара шөлін қарастырмас
бұрын шөл дегеніміз не екенін анықталынады. Одан кейін Сахараның
географиялық орнына, геологиялық құрылысына, жер бедеріне, климат және су
ресурстарына, флора және фаунасына сипаттама беріледі. Ары қарай шөлге
антропогендік фактордың әсерін қарастырылады.
Сахара – тек ғана өлі шөл ғана емес, бұл - ертегідегі қалалар секілді
көрінетін ғажайып көпірлі, мұнаралы қатпарлықты ландшафтар, бұл – мыңжылдық
гүлдейтін ағаштары бар далалы алқап, бұл – алтынды түстес құмдақты дюналар.
Шөл өзінің ерекше анағұрлым жасырынды, тыныш және басқа жер шары
облыстарымен салыстырғанда қозғалмалы тіршілігін кешеді. Өзендер пайда
болып, қайта кеуіп кетеді. Жаңбыр мен желдер тауларды бұзады. Құрғақ жерлер
құнарлы болып, кейн оны құрғақшылық қайта құртады. Мұнда осы аймақтың қатал
климаттық жағдайына бейімделіп, үйреніп кеткен жануарлар мекендеп,
өсімдіктер өседі. Егер ұзақ ыстық айлар бойы тіршілік тоқтап қалғандай
көрінсе, жаңбырлы уақыттарда тіршілік қызу үстінде болады.
Тұрақтылық пен шыдамдылық шөлдегі өмірді сипаттайды. Адам шөлде жүз мың
жылдай тіршілік етуде. Осы уақыт бойы адам да, басқа да тіршілік иелері
секілді климаттық барлық ауытқуын көтеріп келеді.
Сахара - Атлант мұхиты жағалауынан шығысқақарай бүкіл Африка арқылы және
Қызыл теңізге дейін 5 мың шақырымға созылып жатыр. Сахара оңтүстіктен
солтүстікке қарай 2 мың шақырымға созылып, Жерорта теңізі жағалауында оны
құмы ежелгі Рим қалаларының қираған орнын басқады.
Мұндай үлкен кеңістіктегі алуан түрлі шөл беті әртүрлі тау жыныстарынан
тұрады. Ұшы-қиыры жоқ сусыз жазықтардың бетін үлкен, жұмыр және шағыл
тастар басып жатады - бұл тасты шөл. Сахараның нақ ортасында Тибести және
Ахаггар ткалы үстірттері орналасқан. Желдің әрекетінен жартастар
таңқаларлық пішінге ие болған. Жел жұмыр тастар мен құмды ұшырып,
жартастардың бетіне соғады, құмтастағы сызаттарды тереңдете түседі. Сахара
жер көлемінің шамамен 20%-ын құмды шөлдералып жатыр. Бұл құм төбелерден
тұратын орасан зор құм теңізі. Құм төбелердің өсімдік жамылғысы жоқ бөлігі
ұдайы көшумен болады. Басқа құмдар қозғалмайды. Оларды өте ұзын тамырлы
өсімдіктер бекітіп тұрады. Сахара да сазды шөлдер де бар.
Тропиктік шөлде тұтас өсімдік жамылғыс жоқ. Тасты бөліктерде өсмдіктер
жартастардың сызаттары мен жарықтарында ғана өседі. Құмды бөліктерде сирек
өсімдік жамылғысы түзеді. Мұнда жүзген, селеу және басқа да өсімдіктер
өседі. Бір қарағанда шөлде тіршілік жоқ секілді көрінеді. Алайда ол олай
емес, мұнда ұсақ бунақденелерден бастап, шаяндар, өрмекшілер, кесірткілер,
жыландар, құстар түрлері кездеседі. Сүтқоректілер де баршылық. Ұзақ уақыт
бойы су тапшылығына төзу – шөлде тіршілік етудің басты шарты. Қалың тері
жамылғысы жануарлардың өз ылғауын сақтауға септігін тигізеді. Денесінің
пішіні олардың болмашы сызаттар мен құм ішіне жасырынуға мүмкіндік береді.
Сахараны ежелден көшпелі тайпалар мекендеген. Жазиралар ертеден керуендер
тынығатын орын болған. Онда жер асты сулары жер бетіне жақын орналасқан.
Аумақта құрма пальмасы өседі. Ніл атырауы – Сахараның ең ежелгі және үлкен
жазирасы.
Соңғы жылдары тропикалық шөлдердің көлемі тез өсіп келеді. Сахараның өзі
ғана саванналардың көлемі есебінен жыл сайын 1 млн шаршы шақырымға ұлғаюда.
Мұны шөлдену үрдісі деп атайды.

ІІ. Сахара шөліне физикалық географиялық баға беру

2.1 Географиялық орны мен ерекшелігі
Саха́ра (араб. صحراء‎‎) — Жер бетіндегі ең ірі шөл. Сахара" ежелгі арабтың
ас-сахра деген сөзінен шыққан, ол шөл, шөлді дала деген мағынаны
білдіреді. Шөлді сөзінің өзі өсімдікті жазығы жоқ аймақ дегенді мағынаны
білдіреді. Өте ежелгі ұғым, әйгілі солтүстікафрика шөлі ретінде б.з.д. І
ғасырдан бері мерзімделіп келе жатады. Сахара – бұл шөлді мұхит. Бұл
көзқарас саяхатшы-зерттеушілер үшін Үлкен Шығыс Эрг шексіз құмды төбелі
шөлі ашылған соң, XVIII ғасырда пайда болған. XIX ғасырдың ортасында
Александр Гумбольдт Сахараны Үндістанға дейін созылған құмды шөл деп
тұжырымдағанының өзі де жеткілікті. Көптеген тараған көзқарастарға сүйесек,
Сахараның жалпы ауданының 20%-ын құмдақты шөлдер алып жатыр. Сахараны
көлемі мен бұрынғы тарихына сүйеніп, жиі әйгілі шөл деп атайды. Дүние
жүзінде бірде-бір шөл өзінің шекарасы, аумағы бойынша Сахараға тең
келмейді. Оның шекарасын әртүрлі географиялық белгілерге қарап анықтаған.
Осыған орай шөлдің ауданы 6,2 млн шаршы шақырымнан 11 млн шақырымға дейін
ауытқиды. Кейбір әдебиет көздерінде 8,6 млн шаршы шақырым, 9 млн шаршы
шақырымға жуық деп беріледі. Ол Африка материгі аумағының 30% алып жатыр,
салыстырмалы түрде, Бразилияның аумағынан сәл үлкен. Сахара африка
материгінің солтүстік бөлігінде орналасқан, Ол Атлант мұхитынан Ніл
өзенінің батыс аңғарына дейін 5 мың шақырымнан астам жерге дейін созылған
немесе шығыста Қызыл теңіздің жағалауына дейін созылады. Солтүстік шекарасы
Сахаралық Атлас тауларының оңтүстік бөлігіне дейін жетеді. Оңтүстік шекара
жыл сайын оңтүстікке қарай жылжуда, әсіресе құрғақ жаз кездерінде және
ылғалды жылдары солтүстікке қарай бағытталады (Нуакшот сызығы – Пшджикджа -
Калета – Асселяр – Адраф – Ифорас – Агадес – Фада). Сахара Сахельге өтеді,
ол араб тілінен аударғанда жағалау - шөлдің жағасы деген мағынаны
білдіреді. Шөлдің оңтүстік шекарасы 16° с.е.-те аз қозғомалы ежелгі
құмдақты дюндардан тұрады, оның оңтүстігінде Сахель орналасқан, Сахель –
Судан саваннасына өтпелі зона болып табылады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай
Сахара 2000 шақырымға созылады. Ал батыстан шығысқа қарай 4800 шақырымға
созылып жатыр. Сахараны батысында Атлант мұхиты шайып жатса, солтүстігінде
ол Атлас тауларымен және Жерорта теңізімен шектседі, ал шығысында Қызыл
теңізімен шекстесіп жатыр. Сахара басқа да шөлдер сияқты бұл – шөлдердің
топтары, олардың ішінде ірі бірқатар шөлдер ерекшеленеді. Оның шығыс бөлігі
Ливия шөлінен тұрады. Ніл өзенінің жағалауында Қызыл теңізіне дейінгі
аумақта Арабия шөлі орналасқан, оның оңтүстігіне қарай Судан аумағына кіре
берісте Нубия шөлі жатыр. Бұлардан басқа кіші көлемдегі шөлдер де бар.
Жоғары да айтқандай Сахар бір типті шөлдерге жатпайды. Дегенмен, көбінесе
шөлдер құмдақты-тастақты типті болып келеді. Шөлдердің құрамының ішінде
көптеген аймақтар ерекшеленеді: Тенере, Үлкен Шығыс Эрг, Үлкен Батыс Эрг,
Танезруфт, Хамада-эль-Хамра, Эрг-Игиди, Эрг-Шеш, Арабия, Ливия, Нубия
шөлдері. Сахара біртіндеп оннан астам мемлекеттердің аумақтарын қамтуда -
Алжира, Египет, Батыс Сахара, Ливия, Мавритания, Мали, Марокко, Нигер,
Судан, Тунис, Чад. Сахараның көптеген кеңістіктерінде халық қоныстанбаған,
кейбір жазиралы аудандарында (оазис) адамдар мекендейді. Сахара шөліне
жоғары деңгейдегі дүние жүзілік көрсеткіштер тән: Жер шарындағы ең жоғары
температура тіркелген; +59°С Алжирда, ең үлкен көлмедегі құмдақты шөлдер -
600 мың шаршы шақырым; Ең аз мөлшердегі жауын-шашын (кейбір аумақтарда
мүлде жаумайды); Батыс Сахарадағы ауа температурасының тәуліктік түсуі 30
°С. жетеді. Сахарада жыл сайын 160 мыңдаған сағымдар байқалады.

Сахараның ғарыштағы көрінісі

2.2 Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары
Геологиялық мәліметтерге сүйенсек, Сахара өте ежелгі шөл болып табылады.
Сахара түгелімен Африка платформасының шегінде орналасқан, оның көпшілік
бөлігі негізгі кристалдық және жанартаулық жыныстардан түзіліп, көлденең
тұнба шөгінді қабаттарымен көмкерілген үстірт болып табылады. Кей жерлерде
жер бетінде ежелгі қатпарлы жыныстар шығып жатады да, биік таулы қырат
құрайды немесе күмбез тәріздес қыраттар түрінде ежелгі интрузиялар шығып
жатады. Жер бетінде шөгінді тау жыныстарымен көмкеріліп жатқан жерлерге
нағыз куэсталық үстірттер мен жұрнақтары тән.
Сахараның қиыр шығысында, Қызыл теңіз бен Ніл аралығында кристалдық негіз
сәл көтеріңкі келіп, кей жерлері мезозой құмтастары қабаттарымен жабылған.
Онда биіктігі 2000 м дейін баратын төрткүл үстірттер көтеріліп тұрады,
эрозиялық күшті тілімделуден болғандығын дәлелдейтін бұларды терең, құрғақ
шатқалдарды кесіп өтеді. Облыстың бұл бөлігі Арабия және Нубия шөлдері
деген атаумен белгілі.
Сахара шөлі Сахара плитасында – ежелгі Африка платформасының солтүстік-
батыс бөлігінде орналасқан. Плитаның дәл ортаңғы бөілігі батысынан шығысқа
қарай Орталық-Сахара көтерілім зонасымен жалғасады, оның беткі бөлігінде
докембрийлік кристаллды фундаменті шығады: Регибат массиві батысында
Танезруфттық айрық арқылы Ахаггар таулы үстіртінен бөлініп жатыр. Ал
шығысқа қарай Тибести, Эль-Увейнат, Эль-Эглаб массивтері және батыстық
көтерілім Нубия-Арабиялық қалқаны (Этбай жотасы) жалғасып жатыр.
Көтерілген зонадан солтүстікке және оңтүстікке қарай Солтсүік-Сахара және
Оңтүстік-Сахара төмен түскен зоналар орналасқан – бұл платформа
фанерозойлық шөгінді жыныстардан тұрады. Бордың ортасына дейін бұл
зоналарда конитиненттік қалыңдық жиналған, ол кейіннен (бордың соңы –
палеогеннің басы) теңіз жыныстарымен жабылған (және де төмен түскен
зоналардың оңтүстік бөліктерінде теңіздік қалдықтардың қуатылығы
айтарлықтай кем). Олигоцен кезеңінде теңіз кейін шегінді, ал ежелгі
массивтер (әсіресе Ахаггар және Тибести) өте күшті көтерілу үрдістерін
бастан кешті. Оңтүстік Сахарада төмен түскен зоналарында сонымен қоса тегіс
Тауденни синеклизасы, Кіші-Нигер синклезасы және Чад синклезасы
орналасқан.
Платформаның тұрақтылығына байланысты палезой эрасының формациясы
көлденең болып қалды және аз өзгерді. Сахараның көптеген аудандары берілген
түзілімде мезозой шөгінділерімен жабылды. Шөлдің солтүстік бөліктері
берілген түзілімде сонымен қоса созылыңқы ойыстармен және алаптармен
байланысты. Шөл платформасының оңтүстік бөлігі ірі алабтар құрған, онда
кайнозойлық көлдер орналасқан( мысалы, мега-көл Чад және Унианга-Серрир
көлдер топтары.
Сахара аумағы мұнай және табиғи газдың қорына бай (Сахар мұнай-газ алабын
және Хасси-Мессауд кен орнын қосқанда) және темір рудасына (Кедиет
Иджил), мыс рудасы (Акжужт) шоғырланған. Алтын, вольфрам, уран және сирек
металлдардың кен орындары докембрийлік фундаментпен байланысты.

2.3 Жер бедері
Нілден батысқа таман дүние жүзінде ұланғайыр құм жинақталған Ливия
шөлінің үстірті өтеді. Солтүстігінде Сахараның беті бірте-бірте аласарады,
онда бірнеше терең ойыстар орналасқан, олардың кейбіреуі теңіз деңгейінен
төмен жатыр. Түбінің абсолюттік белгісі -133 м. Қатты ойысы - Жердегі ең
терең құрғақ ойыстардың бірі
Сахараның орталық бөлігін де кристалдық және жанартаулықжыныстардан
тұратын биік таулы қыраттары мен үстірттер түзеген. Олар: Тибести, Ахаггар,
Ифорос т.б. таулы қыраттары. Тибести тау қыратыныңең биік шыңы – сөнген Эми-
Куси жанартауы (3415 м), диаметрі 12 шақырым, бұл бүкіл облысының ең биік
шыңы. Массивтердің жер бедері қатты тілімденген, олардың беткейлері құзды
және жартасы, етектерін түрлі қираған материалдар басып кеткен.
Сахараның қалған бөлігін 300-400 м биіктіктер белең алған. Жер бетін
ізбес тасы, құм тас және сазды жыныстадың қабаттары жапқан.
Сахараның көп бөліктері моноклинальды құрылымды болып келеді, де қақсы
көрінетін куэсталық кемерлер құрайды. Жер бедердің мұндай типі солтүстік-
шығыстан Ахаггар тау қыратын қоршаған Тассилин-Адджер үстіртіне,
солтүстікке таман орналасқан Тадемоит үстіртінде, Антиатласты жиектеген
Джебель-Бани таулы үстіртіне және басқаларға тән. Сахараның куэсталық жер
бедерінің құрылуында тектоникалық және мұзбасудан кейінгі, қазіргі заманға
қарағанда анағұрлым ылғалды кезеңде орын эрозиялық үрдістердің рөлі зор.
Сахараның шөлді үстірттердің бетін арабтар уэд деп атайтын арналар
жүйесі торабы кесіп өтеді. Тек сирек жауатын жаңбырдан кейін ғана бұл
арналар суға толады, бірақ ары кетсе бірнеше күннің ішінде, кейде бірнеше
сағаттан кейін ол сулардың жұрнағы да қалмайды. Уэдтердің көпшілік бөлігі
негізінен сахара тау қыраттарының беткейлерінен жан-жаққа салаланып
тарайды, бұлардың өзі Сахарада эрозиялық қолаттар торабынан пайда болған
плювиал кезеңінде суайрық қызметін атқарады. Қазіргі кезде олардың түбін
аллювийлік құм материалдар басын қалған немесе саз жыныстар қатайтқан.
Көптеген уэдтер көлемі мен тереңдігі әртүрлі тұйық ойыстарға аяқталады,
бұл да Сахара жер бедері ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Жауыннан соң
ойыстар аз ғана уақытқа суға толады. Кейбір ойыстардың (себхтердің) түбін
тұз қабыршағы жауып жатады, ал жер асты ағыны барларының түбі тұзданбаған.
Ойыстардың пайда болуында тектоника, жер асты эрозиясы үрдістері, карст
түзілістері және үріп кетуі рөлін атқарады.
Үйілу үрдістерінің пәрменді түрде жүруі және олардың Сахарадан тыс
шықпауы ұлан-асыр кесек материалдардың шоғырланып қалуына әкеп соқты.
Шөлдің кейбір бөліктеріне, әсіресе куэста үстірттерді аралығындағы ояңдарға
және кең-байтақ шұңқырларға эрг деп аталатын орасан зор мөлшерде дюна
құмдарының жинақталуы тән. Қозғалыссыз өлі, құм учаскелерімен қатар
аумақты жерлерді алып жатқан құм дюналары да баршылық, бұлар үнемі басым
желдің бағытына қарай көшумен болады. Құм әсіресе Ливия шөлінде өте көп
жоғырланған. Дюналардың салыстырмалы биіктігі ондай 300 м жетеді.
Сахараға малта тастан тұратын қабаттары бар, кейде бетін құм жапқан
орасан зор тегіс учаскелер (реги немесе серир) тән.
Сахараның да көп жерінде кристалдық жыныстардың қирауынан пайда болған
қиыршық тастар үйіліп жатады. Мұндай тастақ алаптар хамада деп аталады.
Хамаданың қиыршық тасты үгінділерінің арасынан жартасты, қия беткейлі оқшау
үстірттер – гара көтеріліп тұрады.
Сонымен, шөлдің жер бедерінде 500 м биіктіктен аласа ойпаттар кездеседі,
ал Атлант мұхитының жағалауы мен Жерорта теңізінің жағалауынада бұл
көрсеткіш 200 м жетеді. Ірі көтерілімдер тек Орталық Сахарада Ахаггар
таулы үстірті (Тахат тауы, 3003 м) және Тибести (Эми-Куси тауы, 3415 м,
Сахараның ең биік нүктесі). Ахаггару және Тибести таулары оңтүстіктерінде
Ифорас жазығымен (728 м дейін), Аир (1900 м дейін), Эннеди ( 1310 м дейін)
қабысады.
Көптеген ағынсыз ойыстардың кейбіреулері теңіз деңгейінен төмен
орналасқан: Шотт-Мельгир Алжирлік Сахарада орналасқан (26 м),Ливия
шөліндегі Эль-Файюм, Сива, Каттара (133 м) және т.б.

Ахаггар таулы массиві

Сахарадағы бархандар

2.4 Климаты
Сахараның негізгі бөлігінің климаты шөлді, тропикалық, құрғақ және
ыстық. солтүстігінде субтропикалық болып келеді. Климатық жағдайлары
негізінен жыл бойы әсер ететін солтүстік-шығыс пассаттардың ықпалынан
қалыптасады. Сахараның қазіргі аридті климаты 10 мың жыл бойы өмір сүріп
келеді; мұздық кезеңде Сахараның климаты анағұрлым ылғалды болған. Тарихқа
сүйесек, Сахара халқы тек мал шаруашылығымен ғана емес, сонымен қоса
егіншілікпен де айналысқан, оған Сахараның әртүрлі аудандарындағы
қабырғалардағы суреттер дәлел бола алады. Ауа құрғақтығы (салыстырмалы
ылғалдылық 30-50%), ылғалдылықтың жетіспеушілігі өте жоғары және жоғары
буланушылық (потенциальды буланушылық 2500-6000 мм) Сахарының барлық
аумақтарына тән, тек жіңішке жағалаулық белдеуден басқа. Жауын-шашын
Солтүстік Сахарада тек қысқы мерзімде түседі, ал Оңтүстік Сахарада жазғы
мерзімде түседі. Жағалаулық аудандарда орташа жылдық жауын-шашын мөлшері
100-200 мм, Сахараның көп жазықты бөліктерінде 50 мм аз (таулы аудандарда
әдете 100 мм де аз түседі), Ал тіпті ішкі аудандарда бірнеше жылдар бойы
қатарынан жауын-шашын мүлде түспеуі мүмкін. На вершинах Ахаггара және
Тибести тауларының шыңдарына жыл сайын аз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шөлдің солтүстік және оңтүстік бөліктері
Шөлдер
Биогеографияның басқа ғылымдармен байланысы. Биогеография және Дарвинизм
Африканың шөлдену аймақтарының проблемалары
Африка елді мекені
Сахара шөлінің жоғарыдан көрінісі
Гоби шөлінің климаты
Қазақстанда шөлдену мәселесі
Африка халықтары жайлы
Африканың географиялық белдеулері
Пәндер