Қaзaқстaн Республикaсының туризм сaлaсындaғы инвестициялық жағдайы мен инвестициялық сaясaты
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестицияның экономикалық мазмұны мен жіктелінуі ... ... ... ... ... 7
1.2 «Инвестициялық саясат» түсінігі, рөлі, қағидалары ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3 ҚР.ғы инвестициялық қызметтің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ
2.1 Халықаралық және Қазақстандағы туризм индустриясының ағымдағы жай.күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Қазақстан экономикасы мен туризм саласындағы инвестициялық процестерді талдау ... ... ... ... 33
2.3 Қазақстан Республикасының туризм саласының дамуына кедергі келтіретін мәселелерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
3 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИСТІК КЛАСТЕР
3.1 Қазақстандық туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру .туризм саласын дамытудың негізгі шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 52
3.2 «EXPO ASTANA . 2017» хaлықaрaлық көрмесі . Қaзaқстaнның инвестициялық даму жолындaғы үлкен қaдaмы ... ... ... ... ... ... ... . 65
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 73
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75

«Туризм» – деген сөз aдaмзaт болмысынa 19 ғaсырдa енді. Бүгінгі тaңдa өркениетті елдерде қaржының 35%-дейін туризмнен түседі екен. Бұл сала әлемнің көптеген елдері үшін табыс көзі екендігі жасырын емес. Сонaн дa болaр, Біріккен Ұлттaр Ұйымы осы ғaсырды «туризм ғaсыры» деп aтaуғa шешім қaбылдaғaн.
Әлемде туристік қaтынaстaрдың шaрықтaй өскендігі соншaлық, 2012 жылы 1 млрд. aдaмғa жетіп отыр. Aл мaмaндaр 2020 жылы туристік қaтынaстaр 2,5 млрд. aдaм қaмтиды деп болжaмдaудa. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның деректеріне сүйенсек, туризм саласынан түсетін пайда 3,5 трлн. долларға бағаланып отыр, бұл әлемдік жиынтық ішкі өнімнің 10,9 пайызын, әлемдік инвестицияның 7 пайызын құрайды. 2000 жылдан бастап туризм индустриясы әлемдік тауар мен қызмет түрлерін экспорттауда жетекші бірінші орынға ие.
Біздің еліміз 2011-2014 жылдар аралығында туризм саласының даму деңгейі бойынша әлемдік рейтингтте 88-ші орында. Бұл рейтингттің бағалау көрсеткіштерінде: елдегі қоршаған орта жағдайы, туризм саласының дамуы, байланыс және ақпараттандыру жүйесі, елдегі саяси жағдай мен туристердің қауіпсіздігі, елдегі денсаулық сақтау жүйесі мен туризм саласының инфрақұрылымы, елдегі баға саясаты мен мәдениет деңгейі ескерілген. Туризм саласының дамуы ел экономикасына, жалпы жиынтық ішкі өнім көрсеткішіне тікелей әсер ететіндігі белгілі.
Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның бағалауы бойынша, Қазақстан Республикасының туризм саласының әлеуеттік мүмкіндігі еліміздегі туристік инфрақұрылымның туристтерді қабылдайтын жетекші елдердегідей даму жағдайында жылына 17 млн туристерді қабылдауға жеткілікті. Өкінішке орай, бүгінгі күні елімізге іскерлік, туристік, демалу, т.б. мақсаттармен келетін шетелдік қонақтар саны 1,5-1,7 млн адамды құрайды. Туризм саласы жалпы ішкі өнімнің 0,3 пайызын ғана құрайды. Бұл көрсеткіштер біздің еліміздің туризм саласының әлеуеттік мүмкіндігіне сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуы ел экономикасына шетел валютасының құйылуына, елдегі халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін шағын және орта бизнестің дамуына, қызмет көрсету саласының дамуына, еліміздің туристік имиджін қалыптастыру мен әлем елдеріне танымалдылығының артуына ықпал етеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев туристік кластерді құру және дамыту жоспарын дайындаудың бірінші кезектегі маңызды мақсат екенін айқындап көрсетті. Бұл жоспарды дайындауда ескерілетін негізгі бастамалардың бірі - туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестицияның тартылуы. Біздің еліміздің тек қана өндірістік салада ғана емес, сонымен қатар туризм саласына да инвестицияның жұмылдыруы негізгі пайда көзі болып табылады.
«2020 жылға дейінгі туризм саласының дамуы» тұжырымдамасында Республикамызда туризм саласының қажетті деңгейде дамуына тосқауыл болатын негізгі себептер көрсетілген. Ол себептер қатарына: еліміздегі туристік орындардағы инженерлік, транспорттық, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуының тежелуі, қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, туризм саласында қызмет атқаратын білікті мамандардың аздығы, туризм саласына жұмылдырылатын инвестиция тиімділігінің дұрыс айқындалмауы жатқызылады.

1 Об утверждении Концепции развития туристской отрасли Республики Казахстан до 2020 года: Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 мая 2014 года № 508 [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.kit.gov.kz/html/proect-koncepcia.html
2 Асилова А.С. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу. Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2009.-248 б.
3 Омарова А.К. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу. Оқулық – Алматы, 2009.- 236 б.
4 Қазақстан Республикасының «Инвестиция туралы» Заңы. 2003, 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен.
5 Қаңтарбаев А. Инвестицияларды талдау. Оқулық-Алматы, 2004. –65 б.
6 Кaдеровa Н.Н. Финaнсировaние и кредитовaние инвестиций. Учебное пособие – Aлмaты, 2008. – 632 с.
7 Квaртaльнов В.A. Туризм. Учебное пособие – Новосибирск, Киев-Хaрьков, Минск, 2006. – 231 с.
8 Алдашева А.А. История туризма Казахстана. Учебное пособие-Алматы, 2006.-75 б.
9 Кусаинов Х.Х., Сергеева А.М. Туризм экономикасы. Оқу құралы. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы-Алматы, 2012.-208 б.
10 Смыкова М.Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг. Учебник-Алматы, 2006. -220 с.
11 Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана: «Новое десятилетие - Новый экономический подъем - Новые возможности Казахстана»: Указ Президента РК от 29 января 2010г. № 925 [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.akorda.kz/ru/page/poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-a-nazarbaeva-narodu-kazakhstana-2010
12 Отчет Всемирной Туристской Организации - 2014г. (Tourism Highlights - 2014). - 16 с. [Электронный ресурс]. - Режим доступа: http://tourlib.net/wto/WTO_highlights_2014.pdf
13 О Концепции по вхождению Казахстана в число 30-ти самых развитых государств мира: Указ Президента Республики Казахстан от 17 января 2014 года №732 [Электронный ресурс]. - Режим доступа: http://www.minplan.gov.kz/pressservice/78/55525/
14 Ағыбетова Р.Е. Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсету нарығының әлеуметтік-экономикалық аспектілері: тенденциясы және даму болашағы. 6D090200-Туризм. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Астана, 2014
15 Сейдахметов А.С. Кластердің экономикасы және ұйымдастыру негіздері. Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2011.-372 б.
16 Еспаев С.С. Ұлттық кластерді қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасы. Оқу құралы– Алматы, 2013.-234 б.
17 Қaзaқстaн Республикaсы Стaтистикa aгенттігінің ресми сaйты. [Электронды ресурс]. –Кіру тәртібі: http://www.stat.gov.kz.
18 Суюндыков Б.Т.Туризм инфрақұрылымы. Оқу құралы - Ақтау, 2011жыл. – 20 б.
19 Жукова М.А. Индустрия туризма: менеджмент организации. Учебное пособие – М.: Финансы и статистика, 2002. – 200 с.
20 Тажиева С.Қ. Қазақстан Республикасындағы туристік кластердің қалыптасуы: мәселелері мен болашағы: Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. Авторефераты – Алматы, 2010. – 25
21 Абиш М.А. Туристік кластерді мемлекеттік реттеудің басым бағыттары : [Туризм: Әлемдік тәжірибе] Оқу құралыАлматы - 2011.- 65 б..
22 Дуламбаева Р.Т. Қазақстан Республикасында туристік кластерді қалыптастырудың маңыздылығы. Оқу құралы. Алматы. - 2014. -34 б.
23 Ағыбетова, Р.Е. Туристік қызмет нарығын жетілдіруде отандық туристік кластерлерді құру, дамыту мәселелері. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. Авторефераты - Астана, 2014.- 7-10б.
24 Рахимбаев, А.Б. Теория и практика маркетинга. Учебное пособие- Алматы: Нұр-Пресс, 2007.
25 Смыкова, М.Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг. Учебное пособие- Алматы: Нұр-Пресс, 2006.- 220 с.
26 Бейжанова, А.Т. Туристік маркетинг: оқу құралы - Қарағанды, 2013.
- 214 б.
27 Ердәулетов, С.Р. Туризм географиясы: туризмология негіздері пәні бойынша оқу құралы - Алматы, 2011.- 331 б.
28 Бейжанова, А.Т. Қазақстан Республикасындағы туризм саласында маркетингтің дамуы. Оқу құралы-Алматы, 2009.
29 Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан -2030» стратегиялық Бағдарламасы
30 Окончательный отчет по разработке системного плана развития туризма Республики Казахстан. Департамент Туризма. Астана, 2014

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тaқырыбы: Қaзaқстaн Республикaсының туризм сaлaсындaғы инвестициялық
жағдайы мен инвестициялық сaясaты
050902 – Туризм мaмaндығы бойыншa
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1Инвестицияның экономикалық мазмұны мен жіктелінуі ... ... ... ... ... 7
1.2Инвестициялық саясат түсінігі, рөлі, қағидалары ... ... ... ... ... ... ...14
1.3ҚР-ғы инвестициялық қызметтің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ
2.1Халықаралық және Қазақстандағы туризм индустриясының ағымдағы
жай-күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .. 23
2.2Қазақстан экономикасы мен туризм саласындағы инвестициялық
процестерді талдау ... ... ... ... 33
2.3Қазақстан Республикасының туризм саласының дамуына кедергі
келтіретін мәселелерді 41
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
3 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИСТІК КЛАСТЕР
3.1Қазақстандық туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру 52
-туризм саласын дамытудың негізгі шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2EXPO ASTANA - 2017 хaлықaрaлық көрмесі – Қaзaқстaнның 65
инвестициялық даму жолындaғы үлкен қaдaмы ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 73
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР 75
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Туризм – деген сөз aдaмзaт болмысынa 19 ғaсырдa енді. Бүгінгі тaңдa
өркениетті елдерде қaржының 35%-дейін туризмнен түседі екен. Бұл сала
әлемнің көптеген елдері үшін табыс көзі екендігі жасырын емес. Сонaн дa
болaр, Біріккен Ұлттaр Ұйымы осы ғaсырды туризм ғaсыры деп aтaуғa шешім
қaбылдaғaн.
Әлемде туристік қaтынaстaрдың шaрықтaй өскендігі соншaлық, 2012 жылы 1
млрд. aдaмғa жетіп отыр. Aл мaмaндaр 2020 жылы туристік қaтынaстaр 2,5
млрд. aдaм қaмтиды деп болжaмдaудa. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның
деректеріне сүйенсек, туризм саласынан түсетін пайда 3,5 трлн. долларға
бағаланып отыр, бұл әлемдік жиынтық ішкі өнімнің 10,9 пайызын, әлемдік
инвестицияның 7 пайызын құрайды. 2000 жылдан бастап туризм индустриясы
әлемдік тауар мен қызмет түрлерін экспорттауда жетекші бірінші орынға ие.
Біздің еліміз 2011-2014 жылдар аралығында туризм саласының даму
деңгейі бойынша әлемдік рейтингтте 88-ші орында. Бұл рейтингттің бағалау
көрсеткіштерінде: елдегі қоршаған орта жағдайы, туризм саласының дамуы,
байланыс және ақпараттандыру жүйесі, елдегі саяси жағдай мен туристердің
қауіпсіздігі, елдегі денсаулық сақтау жүйесі мен туризм саласының
инфрақұрылымы, елдегі баға саясаты мен мәдениет деңгейі ескерілген. Туризм
саласының дамуы ел экономикасына, жалпы жиынтық ішкі өнім көрсеткішіне
тікелей әсер ететіндігі белгілі.
Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның бағалауы бойынша, Қазақстан
Республикасының туризм саласының әлеуеттік мүмкіндігі еліміздегі туристік
инфрақұрылымның туристтерді қабылдайтын жетекші елдердегідей даму
жағдайында жылына 17 млн туристерді қабылдауға жеткілікті. Өкінішке орай,
бүгінгі күні елімізге іскерлік, туристік, демалу, т.б. мақсаттармен келетін
шетелдік қонақтар саны 1,5-1,7 млн адамды құрайды. Туризм саласы жалпы ішкі
өнімнің 0,3 пайызын ғана құрайды. Бұл көрсеткіштер біздің еліміздің туризм
саласының әлеуеттік мүмкіндігіне сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуы ел экономикасына
шетел валютасының құйылуына, елдегі халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз
ететін шағын және орта бизнестің дамуына, қызмет көрсету саласының
дамуына, еліміздің туристік имиджін қалыптастыру мен әлем елдеріне
танымалдылығының артуына ықпал етеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев туристік кластерді құру және дамыту жоспарын
дайындаудың бірінші кезектегі маңызды мақсат екенін айқындап көрсетті. Бұл
жоспарды дайындауда ескерілетін негізгі бастамалардың бірі - туристік
инфрақұрылымды дамыту үшін инвестицияның тартылуы. Біздің еліміздің тек
қана өндірістік салада ғана емес, сонымен қатар туризм саласына да
инвестицияның жұмылдыруы негізгі пайда көзі болып табылады.
2020 жылға дейінгі туризм саласының дамуы тұжырымдамасында
Республикамызда туризм саласының қажетті деңгейде дамуына тосқауыл болатын
негізгі себептер көрсетілген. Ол себептер қатарына: еліміздегі туристік
орындардағы инженерлік, транспорттық, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуының
тежелуі, қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, туризм саласында қызмет
атқаратын білікті мамандардың аздығы, туризм саласына жұмылдырылатын
инвестиция тиімділігінің дұрыс айқындалмауы жатқызылады.
Туризм саласындағы инвестициялық саясат бұл қаржы көмегімен жаңа
туристік объектілерді салу және пайда табу мүмкіншілігін арттыру мақсатында
туристік қызмет көрсететін орындарды жаңғырту және қайта құру.
Кез келген саладағы инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты елдің
экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту негізіндегі стратегиялық
жоспарды жүзеге асыру, отандық экономика мен туристік сала өндірісінің
тиімділігін жоғарылату болып табылады.
Еліміздің туризм саласына шетел инвестициялaрын тaртудың қaзіргі
бетaлысы мен зaңдылықтaры отaндық өндірістің мaқсaттaры мен міндеттеріне
сaй емес және оның күшті бәсекелестік ортaдa қaрқынды дaмуынa әкеліп
соқпaйды. Экономикaны инвестициялaндыру теориясының тәсілдері, ішкі
инвестициялық қорлaрды пaйдaлaнуды жaндaндыру мәселелері,
инвестициялaндырудың бaсымды бaғыттaрын aнықтaу әлі де толықтaй
зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық,
тәжірибелік мaңызы және бұл бaғыттың толықтaй зерттелмегендігі дипломдық
жұмыс тaқырыбын тaңдaуғa себепші болды.
Зерттеу жұмысының мaқсaты мен міндеттері: Қaзaқстaн Республикaсының
туризм сaлaсынa тaртылғaн инвестициялaрды тaлдaу және шетел кaпитaлы
экономикaның бәсекелестігін aрттырудың бaсты фaкторы болaтындығын aйқындaу.
- шетел инвестициялaрын тaртудың қaжеттілігін aнықтaу;
- инвестиция терминінің мәні мен қызметін тaлдaу;
- шет елдерінің инвестициялық сaясaтын зерттеу;
- туризм сaлaсындaғы инвестициялық жобaны бaғaлaу тәсілдерін тaлдaу;
- туризм сaлaсынa шетел инвестициялaрын тaрту мaқсaтынa aрнaлғaн
мемлекеттік шaрaлaрды сұрыптaу.
Зерттеу пәні: елдің экономикaсынa инвестициялaрды тaрту кезінде пaйдa
болaтын экономикaлық қaтынaстaр.
Зерттеу обьектісі: Қaзaқстaнның ұлттық экономикaсын түрлендіру
жaғдaйындaғы туризм сaлaсының инвестициялық әрекеті .
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тaрaудaн,
қорытындыдaн, пaйдaлaнғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды. Жұмыстың көлемі 76
бет, оның ішінде 16 сурет, 5 кесте қaрaстырылғaн.
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инвестицияның экономикалық мазмұны мен жіктелінуі
Инвестиция термині латынның invest сөзінен аударғанда салым салу
мағынасын білдіреді. Қазақстанда нарықтық қатынастарға өтумен байланысты
және экономикадағы реформаларды жүргізу нәтижесінде инвестиция ұғымы пайда
болды. Жоспарлы экономика кезінде негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне және
оның жөнделуіне кеткен шығындар деген термин бойынша капитал салымы
немесе капитал жұмсалымы, яғни ұзақ мерзімде негізгі капиталға салым салу
термині қолданылған. Қазіргі уақытта инвестиция термині әртүрлі мағынада
қолданылады, солардың бірнешеуіне тоқталайық.
Инвестиция – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілерге салынатын
заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын, жылжитын және жылжымайтын
мүліктерді, интелектуалдық құндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы
қағаздарды білдіреді.
Инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын салу, табыс
немесе пайда табу үшін сатып алынған мүлік.
Инвестиция – экономикалық жүйеде қызмет ететінкапитал көлемінің, яғни
адамдармен құрастырылған өндіріс құралдарының ұсынылған мөлшерінің ұлғаюы.
Инвестиция – ол өнеркәсіптің, құрылыстың, ауылшаруашылықтың және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып
жұмсалатын шығындар жиынтығы. Сонымен қатар, инвестиция – капиталсалу және
күрделі қаржы.
Инвестиция – бұл жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да еңбек
құралдарын енгізумен байланысты өндірістің ұлғаюына және жаңаруына
жұмсалатын шығындар.
Инвестиция – бұл аруашылық өмірге бағыттталған салымдар және капитал
құнын сақтайтын немесе өсіретін, сондай-ақ табыстың өсуіне әкелетін капитал
жұмсау әдісі [2].
Қазақстан Республикасының Инвестициялар туралы заңына сәйкес
инвестиция – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын,
сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық
капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған
тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген
активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының)
концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері болып
табылады. Қорыта айтқанда, инвестиция –бұл пайда табу мақсатында тауарларды
өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталатын барлық мүліктік және
интеллектуалдық құндылықтардың түрлерін сипаттайды.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде инвестиция түсінігі әртүрлі мағынада
қолданылады. Кең мағынасында инвестиция пайда табу кезінде активтердің
қолданылуын түсіндіреді.
Инвестицияларға ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалдар, өндірістік
қорлар және тағы басқалар жатады. Халықаралық заңдарда инвестицияны саяси
және әлем шаруашылығы аспектілері шеңберінде сипаттайды. Инвестицияны
қарастырғанда, оның мазмұндық сипаттамасынан бұрын инвестицияның мақсатты
бағыттарын білу керек. Осы тұрғыдан алғанда инвестиция – табыстың ең
маңызды бөлігін құрайды. Себебі, ол жалпы ұлттық табысты өндіруге жұмсалады
және капитал құру мен ақша капиталына қарағанда нақты капиталды ұлғайтумен
байланысты өндірісті ұлғайтуға, оны кеңейтуге кеткен шығындарды көрсетеді.
Экономикалық қызметіне байланысты инвестицияның жалпы капиталы келесідей
бөліктерге бөлінеді: ауыл шаруашылығы, орман және аң аулау шаруашылықтары,
балық аулау шаруашылығы, өндіріс, сауда, автокөлік жөндеу, қонақ үй мен
мейрамхана, көлік пен байланыс, қаржылық қызмет, жалға беру қызметтері,
мемлекеттік басқару, білім және әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі,
коммуналдық қызметтердің көрсетілуі.
Инвестициялар экономикалық категория ретінде келесі негізгі функцияларды
атқарады:
- өндірістік және өндірістік емес сферадағы негізгі қорлардың жай және
кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерісі;
- айналым капиталын қамтамасыз ету және толтыру үдерісі;
- капиталды бір сферадан басқасына, аса тартымды, нақты және портфельді
инвестициялардың негізінде қайта құю үдерісі;
- басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алу және активтеріне
қаражаттарды салу жолымен меншік иелері арасында капиталды қайта бөлу
үдерісі;
- адам әлеуетін, жаңа технологиялар мен материалдарды дамыту;
- болашақтағы экономикалық өсу үшін негізді қалау.
Макроэкономикалық деңгейде, инвестициялар, әсіресе капитал жұмсалымы
ұлттық экономиканың дамуына және қоғамдық өндірістің тиімділігін
жоғарылатуға негіз болып табылады. Атап айтқанда:
- кәсіпорындардың және өндірістік емес аяның өндірістік қорларын жүйелі
түрде жаңарту;
- ғылыми - техникалық прогрессті жеделдету, отандық өнімнің сапасын
жоғарылату мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- барлық халық шаруашылығының салаларын тепе – тең түрде дамыту;
- қажетті шикізат базасын құру;
- елдің экономикалық әлеуетін үдету және мемлекеттің қорғаныс
мүмкіндігін қамсындандыру;
- өндіріс пен айналыс шығындарын төмендету;
- экспорт құрылымын жоғарылату мен жақсарту;
- әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде жұмыссыздық мәселесін шешу;
- шаруашылық субъектілері арасында меншікті қайта бөлу және т.б.
Микродеңгейде инвестициялар келесі мақсаттарға жету үшін қажет:
- қызмет аяларын жоғарылату мен ұлғайту;
- негізгі өндірістік қорлардың тым моральдік және физикалық тозуын
келтірмеу;
- өндірістің және өткізілетін өнімнің өзіндік құнын төмендету;
- жаңа техника мен технологияларды енгізу негізінде өндірістің
техникалық деңгейін жоғарылату;
- өнімнің сапасынжақсарту мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
қамсыздандыру;
- қауіпсіздің техникасын жоғарылату және табиғатты қорғау шараларын
өткізу;
- кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- бағалы қағаздарды сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне
қаражаттарды жұмсау;
- акцияның бақылау пакетін сатып алу және т.б.
Сонымен, инвестиция экономикалық санат ретінде экономиканың дамуында
маңызды рөл атқарады. Макроэкономикалық деңгейде олар жай және ұдайы
өндірісті қамтамасыз ету, сонымен қатар өндіріс көрсеткіштерін, халықтың
жұмыспен қамтылу деңгейі мен өмір сүру деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік
береді.
Экономикалық теорияда инвестиция түсінігі бойынша көзқарастар
әртүрлілігімен қатар, инвестицияны қолдану аясына байланысты инвестиция
жіктелімі әртүрлі сипат алады [6].
Кең тараған инвестиция жіктелімі келесі белгілеріне байланысты
қарастырылады:
- инвестиция бағыттары бойынша;
- меншік формасы бойынша;
- инвестиция объектісін басқару мүмкіндігіне байланысты;
- инвестициялау мерзімі бойынша;
- тәуекел деңгейі бойынша.
Инвестицияның бағыттылығына байланысты инвестицияның келесі түрлері бар:
Нақты инвестициялар негізгі капиталға, айналым қаражаттарын толтыруға
бағытталған инвестициялар ретінде танылады. Яғниғ жаңа өндірісті құруға,
әрекет ететін өндірісті қайта жаңғыртуға, ұлғайтуға бөлінген капитал
жұмсалымы болып табылады. Нәтижесінде, өндірістік капитал қлғаюына әкелетін
нақты инвестицияларда капитал құрушы негіз бар.
Қаржылық инвестициялар бағалы қағаздарға, депозиттерге, басқа да
қаржылық құралдарға бағытталған жұмсалымдар, сондай-ақ қарыздарды,
несиелерді беру түрінде сипаталады. Қаржылық инвестицияларда ақшалай негіз
бар, соның нәтижесінде ақша капиталы ұлғаяды.
Нақты және қаржылық инвестицияларды айқындау жіктелімнің негізгі
белгілері болып табылады. Қазақстан экономикасының нарықтық негізде даму
жағдайында инвестицияның көп бөлігі нақты инвестициялармен байланысты.
Дегенмен де, экономикасы дамыған мемлекеттерде инвестициялардың едәуір
бөлігі қаржылық инвестициялардан тұрады. Қаржылық инвестициялардың көлемі
ұлттық қаржы нарығының және оның институттарының даму қарқынына тәуелді.
Ұлттық қаржы нарығының дамымауы инвестициялау мүмкіндігін қысқартады және
қысқа, ұзақ мерзімге жұмсауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен де, қаржылық
инвестициялау нақты инвестициялардың өсуіне жағдай жасайды. Яғни екі форма
бір-біріне бәсекелес емес, ал керісінше өзара байланысты болып келеді.
Материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларға мүліктік
құқықтарды қолдану бойынша құқықты иемдену (мысалға, жер учаскелерін, жер
қойнауының объектілерін пайдалануға құқық), патенттерді, лицензияларды
сатып алу жатқызылады.
Интеллекті инвестициялар адам ресурстарына (әлеуметтік аяға, мамандарды
даярлауға, қызметкерлер біліктілігін жоғарылатуға) қаражат жұмсау, сонымен
өатар ғылыми зерттеу және тәжірибелік - құрастыру жұмыстарына бағытталған
қаражаттар ретінде анықталады.
Инвестициялардың меншік формасына байланысты инвестицияның төмендегі
типтерін анықтауға болады:
Мемлекеттік инвестициялар, оларды жүзеге асырушылар ретінде:
- бюджеттік (республикалық және жергілікті бюджет), бюджеттен тыс
қорлардың қарыздық қаражаттары есебіндегі мемлекеттік органдар;
- меншік және қарыздық қаражаттар есебіндегі мемлекеттік кәсіпорындар;
- меншік және қарыздық қаражаттар есебіндегі мемлекеттің қатысуы бар
кәсіпорындар.
Шетелдік инвестициялар, оларды жүзеге асырушылар ретінде:
- шетелдік мемлекеттер;
- халықаралық ұйымдар;
- шетелдік заңды және жеке тұлғалар.
Жеке инвестициялар, оларды келесілер жүзеге асырады:
- жеке тұлғалар;
- мемлекеттік емес меншік формасындағы кәсіпорындар.
Біріккен инвестициялар, отандық пен шетелдік инвесторлардың бірігуі
негізінде жүзеге асырылады.
Инвестициялау объектісін басқару мүмкіндігіне байланысты инвестициялар
келесідей бөлінеді:
Тікелей инвестициялар нақты инвестицияларға жатқызылады. Олар
кәсіпкерлік объектісін басқаруға құқық береді. Негізінен тікелей инвестор
өз қаражатын жаңа немесе әрекет ететін объектіні салу кезінде оның меншік
иеленушісіне кәсіпорынның тең құрылтайшысы болып табылады. Тікелей инвестор
жай акциялардың қомақты үлес иеленушісі ретінде де, компанияның меншік
иеленушісінің бірі де болады. Қазақстанда тікелей инвестициялар ретінде
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кепілмен байланысты және ресми
техникалық көмек не гранттардан басқа, шетелдік және отандық инвесторлардың
негізгі капиталға жұмсалымның барлық түрлері жатады. Тура жұмсау кезінде
инвестор инвестициялау объектісін таңдауға қатысады. Сондықтан да, тікелей
инвестициялауды инвестициялау объектісі туралы нақты ақпараты бар,
инвестициялау механизмін жетік білетін, дайындалған инвесторлар жүргізеді.
Жанама инвестициялар ақшалай негізі бар портфельдік және басқа да
инвестициялар. Жанама инвестициялардың соңғы мақсаты ретінде ақшалай сыйақы
түріндегі пайданы алу болып табылады. Сондықтанда олар инвестиция
объектісін басқаруға құқық бермейді. Тікелей инвестицияларға қарағанда
портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды, корпоративтік облигацияларды
сатып алуға бағытталады. Бірақ, жай акциялардың қомақты пакетін
иемденушілерді негізінен тікелей инвесторларға жатқызады. Жай акциялардың
көп емес үлесі де бағалы қағаздар ұстаушыларға кәсіпкерлік объектісін
басқаруға құқық бермейді.
Басқа инвестицияларға кәсіпорынның басқару қызметіне қатысуға құқығы жоқ
несие ұйымдарының несиелерді беруі жатады.
Инвестициялау мерзіміне қарай инвестициялар келесідей жіктелімнен
тұрады:
Қысқа мерзімді инвестициялар бір жылға дейінгі капитал жұмсалымы ретінде
танылады. (мысалға, қысқа мерзімді банктік салымдар, қысқа мерзімді жинақ
сертификаттарын және қысқа мерзімді бағалы қағаздарды сатып алу және т.б.).
Орта мерзімді инвестицияларға бір жылдан жоғары, бірақ бес жылға дейінгі
салымдар тән (мысалға, орта мерзімді банктік салымдар, бағалы қағаздарды
сатып алу және т.б.).
Ұзақ мерзімді инвестициялар ретінде бес жылдан жоғары кезеңге жұмсалған
салым деп түсіндіріледі.
Тәуекел деңгейіне байланысты инвестициялар:
- төменгі тәуекелді инвестициялар;
- орташа тәуекелді инвестициялар;
- жоғарғы тәуекелді инвестициялар болып бөлінеді.
Жаңа ғылыми жобалар, жаңа технологиялар аясына, сондай-ақ өте жоғарғы
пайданы алуды күтетін жоғарғы тәуекел деңгейі бар кәсіпорындарға
бағытталған инвестицияларды венчурлік инвестициялар деп атайды.
Инвестиция объектісінің ауқымына байланысты келесідей түрлерін атап
көрсетуге болады:
Шағын жобалар көлемі жағынан үлкен емес. Оларжай және көлемі жағынан
шектеулі болып келеді. Американдық тәжірибеде, шағын жобаларға капитал
жұмсау 10-15 млн. АҚШ долларын, алеңбек шығындары - 40-50 мың адам-сағатты
құрайды.
Мегажобалар құрамында көптеген өзара байланысты жобалардан тұрады;
оларға жалпылама мақсат, бөлінген ресурстар және уақыт кезеңі тән. Мұндай
бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік (Қазақстан мысалында – бұл Астана
қаласының құрылысы), аймақтық, салалық және аралас болуы мүмкін.
Мегажобалар жоғары құндылығымен (1 млрд. АҚШ доллар және одан жоғары
шамасында), капитал сыйымдылығымен, іске асыру уақытымен (5 жылдан жоғары)
сипат алады. Бір мега жоба бірнеше шағын жобалардан тұрады.
Ұдайы өнідіріс үдерісіне қатысу деңгейіне қарай нақты инвестициялардың
келесідей түрлері анықталады:
- реинвестициялар, олар өндірістік капиталдың тозған бөлігін жөндеуге
бағытталады;
- нетто-инвестициялар, олар өндірістік үдерісті ұлғайту, қайта құру
және модернизациялау үшін бағытталған;
- брутто-инвестициялар реинвестиция мен нетто-инвестиция жиынтығынан
тұрады, өндірістің ұлғаюына және халықтың өмір сүру деңгейін
жоғарылатуға ықпал келтіру арқылы, өндірістік, ұдайы өндірістік
үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Инвестиция түсінігі инвестициялық қызмет, инвестициялық қызметтің
субъектісі және инвестициялау объектісі түсініктерімен тығыз байланысты.
Инвестициялық қызметтің алғашқы кезеңі – инвестициялау объектісін таңдау
болып табылады.
Инвестициялау объектісі дегеніміз – инвестицияға бағытталған кәсіпкерлік
қызметтің кез-келген түрі.
Инвестициялау объектісіне:
- ақша-қаражаттар, мақсатты банктік салымдар, акциялар және басқа да
бағалы қағаздар;
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер;
- авторлық құқық, ноу-хау және т.б. интеллектуалдық құндылықтар;
- жер учаскелері және басқа да ресурстарды пайдалану құқықтары,
сонымен қатар, басқа да мүліктік құқықтар мен құндылықтар жатады.
Инвестициялық қызметтің субъектілеріне:
- жеке және заңды тұлғалар;
- мемлекет;
- шетелдік мемлекеттер;
- басқа да халықаралық ұйымдар жатады.
Инвестициялық қызметтің субъектілері ретінде, бір жағынан, бос
инвестициялық ресурстарға ие қатысушылар (инвесторлар), екінші жағынан
инвестициялық ресурстарға қажеттілігі бар кәсіпорындарды, ұйымдарды және
т.б. қарастыруға болады. Инвестициялық қызметтің үшінші жағы инвестициялық
институттар мен инвестициялық ресурстардың тұтынушылары арасындағы өзара
қарым-қатынасты қамтамасыз ететін делдалдар болып табылады.
Инвестициялық қызметте инвесторлар маңызды орын алады. Инвесторлар
салымшылар, тапсырыс берушілер, несие берушілер, сатып алушылар ретінде
инвестициялық қызметтің кез-келген қатысушының функцияларын атқара алады.
Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметінің кез-келген объектілері мен түрлеріне
инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар [3].
Отандық заңнамаға сәйкес инвестор – бұл инвестициялық жобаға өзіндік
және басқа тартылған меншікті және интеллектуалдық қаражаттарды салуды
жүзеге асыратын және шешім қабылдайтын, сондай-ақ олардың мақсатты
пайдалануын қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлға деп көрсетілген.
Сонымен қатар, инвесторлар:
- мемлекеттік және жергілікті мүліктік құқықтарды, мүлікті басқаратын
органдар;
- жеке тұлғалар, соның ішінде шетелдік жеке тұлғалар;
- кәсіпорындар, кәсіпорын одақтары және басқа да заңды тұлғалар,
соынмен қатар шетелдік заңды тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық
ұйымдар болуы мүмкін.
Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметінің инвестицияларды жүзеге асырылатын
объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері Инвестициялар
туралы заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде
және тиісті шарттарда белгіленген. Сонымен қатар, инвестордың құқықтары мен
мүдделері толық және сөзсіз қорғалады, ол ҚР-ның Конституциясымен, ҚР-ның
инвестициялар туралы заңдарымен және басқа да нормативтік-құқықтық
актілерімен, сондай-ақ ҚР бекіткен халықаралық шарттармен қамтамасыз
етіледі.
Инвестор мемлекеттік органдардың ҚР-ның заң актілреіне сәйкес келмейтін
актілер шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының
заңсыз әрекеттерінің салдарынан өзіне келтірілген зиянды ҚР-ның азаматтық
заңдарына сәйкес өткізуге құқығы бар.
Қазақстан Респбуликасының Үкіметі инвесторлар мен ҚР-ның мемлекеттік
органдары арасында жасалынған шарт-талаптарының тұрақтылығына кепілдік
береді.
Бұл кепілдіктер импорттың, өндірістің, акцизделетін тауарларды өткізудің
тәртібі мен талаптарын өзгеретін ҚР-ның заңдарындағы өзгерістерге және ҚР-
ның халықаралық шарттарын күшіне енгізу мен олардың өзгерістеріне, сондай-
ақ ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен имандылықты
қамтамасыз ету мақсатында ҚР-ның заң актілеріне енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға қолданылмайды.
Сонымен қатар, инвесторлар:
- ҚР-ның заңдарына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді төлегеннен кейін өзінің қызметінен алынған
кірістерді өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы;
- ҚР-ның аумағындағы банктерде ҚР-ның банктік және валюталық заңдарына
сәйкес ұлттық валютамен және шетелдік валютамен банктік шоттар ашуға
құқылы.
Инвесторлардың заңды тұлғаларды тіркеуі, олардың жарғылары, жылжымайтын
мүлікпен мәмілелерді тіркеуі, берілген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-
ақ олардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты коммерциялық
және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын ҚР-ның заңнамалық
актілерімен көзделген өзге де ақпаратқа еркін қол жеткізуі қамтамасыз
етіледі.
Инвесторлардың инвестициялық қызметін бақылауды ҚР-ның заңдарымен
осындай құқық берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады [4].
1.2. Инвестициялық саясат түсінігі, рөлі, қағидалары
Инвестициялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі
болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттің экономикасына, шаруашылық
субъектілерінің кәсіпкерлік қызметіне әсер етуші құрал.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты – бұл инвестициялық қызметті
жандандыру, экономиканы көтеру, өндірістің тиімділігін көтеру, әлеуметтік
мәселелерді шешу және басқа да әртүрлі жағдайларды жасау бойынша шаралар
жиынтығы.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты арқылы өндіріс саласын кеңейтуге,
ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, қоғамдық өндіріс құрылымын
өзгертуге және басқа да көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге болады.
Сондықтан да, инвестициялық саясат бюджет тапшылығын болдырмауға,
орталықтандырылған инвестиция көздерін қысқартуға, керісінше
орталықтандырылмаған көздер есебінен инвестицияларды қаржыландыруға
бағытталуы тиіс. Себебі, еліміздің өндірістік әлеуетінің өсуі, еркін
экономикалық аймақтардың дамуы, экологиялық мәселелердің шешілуі,
өндірістік материалдардың және рухани игі көздердің көлемінің ұлғаюы және
сапалы болуы, сонымен қатар нарықтық инфрақұрылымның жеке дамуы осы
инвестициялық саясатқа тікелей байланысты [6].
Инвестициялық саясаттың түрлері:
Амортизациялық саясат – мемлекет амортизациялық аударымдарды есептеу мен
пайдалану тәртібін бекіте отырып, ұдайы өндіріс жылдамдығын және сипатын
реттеуі. Амортизациялық саясат негізгі қорларды жаңартуға және ғылыми-
техникалық прогресті жеделдетуге жағдай жасауы тиіс.
Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты деп - ғылыми-техниканың дамуы және
олардың нәтижелерін халық шаруашылығына енгізетін шаралар жүйесін айтамыз.
Инвестициялық саясат ғылыми-техникалық саясатпен өте тығыз байланысты.
Ғылыми – техникалық үдерісті жеделдету экономикалық өсудің негізгі факторы
болып табылады және мемлекетті индустриялды мемлекетке өзгеруіне мүмкіндік
береді.
Шетел инвестицияларын тарту бойынша саясат дегеніміз – қолйлы
инвестициялық климат құру арқылы елімізге шетел инвестициясын тарту.
Қазақстан өзінің шетел инвестицияларын тарту бойынша саясатында
инвесторлармен қарым-қатынаста тұрақтылық және ашықтық қағидаларын,
инвесторлардың мүдделерін қорғау, жергілікті және шетел инвесторлары үшін
теңдей жағдай жасау, жасалынған келісім-шарттардың тұрақтылық қағидаларын
жетік қарастырған [5].
Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты – отандық экономиканың өсуіне
және қоғамның өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған инвестициялық
қызметті белсендендіру болып табылады.
Инвестициялық саясатты жүргізудің бағыттары:
- халық қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірісті оңтайландыру;
- қоршаған ортаға зиян келтірмеу жағдайында табиғи ресурстарды аз
мөлшерде пайдалану.
Инвестициялық саясаттың құрылымдық элементтері:
- инвестицияны қаржыландыру көздері мен әдістерін таңдау;
- инвестициялық саясатты жүзеге асыратын органдардың болуы;
- инвестиция нарығында қызмет ету үшін қажетті нормативтік-құқықтық
негізді салу;
- инвестиция тарту үшін жағымды жағдайлар жасау.
Инвестициялық саясаттың тиімділігі инвестициялық климатты жағымды жағына
қарай өзгерту дәрежесімен анықталады [2].
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін
жаңа инвестициялық толқынның берері мол.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған
инвестициялық саясатты жүргізу инвестициялық бағдарламаларға сәйкес,
мемлекеттік инвестицияларды, бюджеттік қаржы бөлулерді және бюджеттен тыс
қорды тікелей басқаруда, сараланған проценттік мөлшерлемелер мен
жеңілдіктерді енгізуде, экономиканың нақты жағдайына қатысты өлшенген
қаржылық баға (мемлекеттік секторда), сонымен қатар несие саясатын
жүргізуде, инвестициялық жобаларды тиісінше сараптау жағдайларында жүзеге
асырылады.
Инвестициялық саясатты жүргізудің алғышарты ретінде 1997 жылы 28 ақпанда
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы ҚР-ның заңы қабылданды.
Бұл заң мемлекеттегі тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
үдерісіндегі пайда болатын қатынастарды реттеді. Сонымен қатар, шетел
инвестицияларының құқығын және ҚР-ның территориясында инвестициялық
қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітті. Тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың құрылымы:
- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заңдық кепілдіктері;
- инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты белгілі бір
жеңілдіктер немесе артықшылықтар жүйесінің болуы;
- инвесторлардың мүддесін қорғайтын арнайы мемлекеттік органның болуы;
- ҚР Үкіметінің халықаралық ұйымдармен бекіткен келісімдер және белгілі
бір нормативтік-құқықтық актілері негізінде саяси тәуекелдерді жабу
кепілдігін беруі.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау экономиканың басыңқы
секторында жүзеге асырылды. Экономиканың басыңқы секторларын ҚР-ның
Президенті бекітеді. Осыған сәйкес 1998 жылы 5 сәуір айында тікелей
Отандық және шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР-ның экономикасының
басыңқы секторларының тізімін бекіту туралы ҚР Президентінің Жарлығы
шыққан.
Жарлықтағы басыңқы секторларға жататындар:
- өндірісітк инфрақұрылым;
- өңдеуші өнеркәсіп;
- ірі қалаларға құрылыс объектілері;
- үй ғимараттары;
- әлеуметтік орындар мен туризм объектілері;
- ауыл шаруашылығы.
Инвестициялық үдерістегі мемлекеттің рөлі орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған салымдардың мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Сондай-ақ мемлекеттің функциясы икемді экономикалық саясатты жүргізу,
нарықта қаражаттардың қозғалысын реттеу, мемлекеттік бағалы қағаздардың
проценттік ставкасын басқару жолымен инвестициялық үдерісті реттеу болып
табылады.
Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық жағдайды
жақсарту үшін қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі
жұмыс жүргізілуде.
Басыңқы өндірістердің инвестициялық тартымдылығын арттыру шеңберінде
мемлекет:
- миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге;
- кәсіпорындарды тіркеудің жеңілдетілген жүйесін енгізуге;
- қызмет түрлерін лицензиялаудың ашық жүйесін құруға;
- кәсіпорындардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшуін
жеделдетуге;
- ұлттық инновациялық жүйені- экономикалықдамуды басқарудың жаңа
жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға;
- мемлекеттік даму институттарының жұмысын үйлестіру жөніндегі іс-
әрекеттерді жандандыруға, олардың қызметінің ашықтығын арттыруға
бағытталған шараларды одан әрі қабылдайтын болады [3].
1998 жылдың 8 қарашасында ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР-ның инвестиция
бойынша мемлекеттік Комитеті құрылды. Бұл орталықтандырылған атқарушы орган
– тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік басқару
мен бақылау қызметін атқара бастады. 1999 жылдан бастап ол ҚР-ның
инвестиция бойынша Комитеті болып өзгертілді. Бұл Комитеттің негізгі
мақсаттары мемлекеттегі инвестициялық климатты жақсарту, экономикаға
тікелей отандық және шетел инвестицияларын тартумен қатар, оларды қолдау,
инвесторларға инвестициялық жобаны дайындау мен жүзеге асыруына көмек беру,
инвесторлардың құқықтары мен кепілдемелерін сақтау болып табылады.
Сондай-ақ қойылған мақсаттарға жету үшін Комитеттің міндеттері:
- мемлекеттің инвестициялық саясатын дамыту стратегиясын дайындау мен
жүзеге асыру;
- инвестициялық климатты жақсартатын шараларды жасау;
- инвесторлармен өзара байланыстың тиімді жүйесін құру және
инвесторлардың құқықтары мен мен қызығушылықтарын қорғау;
- тікелей инвестицияларды тарту мен пайдалану бойынша жұмысты
ұйымдастыру;
- Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы жарнамалық,
ақпараттық акцияларды жүргізу.
Комитеттің келесідей функциялары бар:
- ҚР-на тікелей инвестицияларды тарту бойынша шараларды ұйымдастыру;
- инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ҚР ның мемлекеттік
органдары қызметтерін шоғынландыру;
- әрбір инвестициялық жобаны іске асыруға құқық беретін құжаттарды,
лицензияларды, визаларды берумен қамтамасыз ету;
- бекітілген инвестициялардың ҚР-да сапалы қызметтерді және тауарларды
жүргізуіне көмек көрсету;
- инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына бақылау жасау.
Осы функцияларды орындауда Комитеттің келесідей өкілеттіліктері бар:
- орталық және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты алуға
және сұрауға;
- келісім-шартқа сараптама жүргізу және оны әзірлеу үшін тиісті
мемлекеттік органдардың мамандарын, сондай-ақ басқа да елдерден кеңесшілері
мен сараптама жүргізушілерін тартуға және сырттан шақыртуға;
- іске асырылатын инвестициялық жобаға шетелдік инвесторлардың қатысуын
ынталандыру мақсатында орталық және жергілікті органдармен шетелдегі
дипломатиялық қызметті үйлестіруге;
- келісім-шарттарды әзірлеуге, оларды іске асырумен байланысты мәселелер
бойынша министрліктердің, өзге де өкілетті ұйымдардың орындалу үшін
қаулылар шығаруға құқығы бар.
Комитет қызметінің негізгі бағыттарының бірі – инвестициялар бойынша
мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру. Ол инвесторларға инвестициялық
преференциялар беретін, келісім-шарттарды жасайтын, экономика секторына
салынған инвестицияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Біріншіден, преференциялар салықтық және кедендік түрде беріледі.
Екіншіден, ҚР-ның шикізаттық емес секторына инвестицияларды тарту
мақсатында шетелдік компаниялармен келіссөздер ұйымдастыру және олармен
мемлекеттік институттардың қарым-қатынасын дамытуды өзара үйлестіру ісі де
осы Комитетке жүктелген. Үшіншіден, бұл Комитет ҚР Президенті жанындағы
Шетел инвесторлары Кеңесінің қызметін қамтамасыз ететін оның жұмыс органы
болып табылады, ал Кеңестің өзі кеңес беруші орган ретінде Қазақстанда
жұмыс істейтін инвесторлармен тікелей сұхбатты қамтамасыз етеді, сондай-ақ
инвестициялық қызметке байланысты проблемалық мәселелерді шұғыл шешу
мақсатында Мемлекет басшысының 1998 жылғы 30 маусымындағы Жарлығымен
құрылған. Сонымен қатар, Комитет инвестицияларға арналған шарттардың
бірыңғайлылығы мен әділдігін қамтамасыз етеді, мемлекеттердің экономикалық
ынтымақтастығын нығайту және инвестициялық бастамаларды ынталандыру сияқты
мәселелермен айналысады [4].
1.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің дамуы
Инвестициялық қызмет инвестицияларды салу үдерісін сипаттайды. Ол
берілген инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ынталы заңды және жеке
тұлғалардың, мемлекеттің тәжірибелік мақсатты кешенін қамтиды.
Инвестициялық қызмет экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатын көздейді.
Сонымен қатар, ғылыми-техникалық, өндірістік үдерісті қамтиды және оның
кейбір мәселелеріне (мысалы, негізгі өндіріс қорларын жөндеуден өткізуге,
жаңа техниканы өндіруге) әсер етеді.
ҚР-да инвестициялық қызмет заңдармен реттеледі және бағдарламалық
мақсаттық сипатқа ие болып табылады.
Инвестициялық қызмет – бұл инвестицияларды салу және инвестициялау,
инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік қызметтер жиынтығы.
Сонымен қатар, инвестициялық қызмет инвестордың инвестициялық объектіні
таңдауы және құруы, оны пайдалануы мен жоюы, қажетті қосымша салымдарды
жүзеге асыруы мен сыртқы қаржыландыруды тартуы бойынша инвесторлардың
қызметін түсіндіреді.
Қазақстан Республикасының заңында инвестициялық қызмет – жеке және заңды
тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі
не кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе
ұлғайту жөніндегі, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия
шарты шеңберінде жасаған және алған, тіркелген активтері жөніндегі қызметі
деп көрсетілген [5].
Жалпы инвестициялық қызметті құқықтық реттеудің 2 формасы бар:
- ұлттық құқықтық реттеу;
- халықаралық құқықтық реттеу.
Ұлттық құқықтық реттеу формасы – бұл инвестициялық қызметке байланысты
және оны реттеуге бағытталған сол елдің аумағында әрекет ететін заңдылықтар
мен нормативтік-құқықтық актілер кешені.
ҚР-да инвестициялық қызметті реттейтін негізгі заң Инвестициялар
туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 8 қаңтардағы №373-ІІ заңы
болып табылады. Осы заңның қабылдануымен байланысты ҚР-ның инвестициялар
туралы заңдары Шетелдік инвестициялар туралы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы
ҚР-ның заңы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің Шетелдік инвестициялар туралы ҚР-ның
заңын күшіне енгізу тәртібі жөніндегі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қаулысы,
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы 1997 жылғы 28
ақпандағы ҚР-ның заңы күштерін жойды.
ҚР-ның инвестициялар туралы заңдары ҚР-ның Конституциясына негізделеді
және Инвестициялар туралы заңы мен ҚР-ның өзге де нормативтік-құқықтық
актілерінен тұрады. Сонымен қатар, бұл заң мемлекеттік бюджет қаражатынан
инвестицияларды жүзеге асыруға, коммерциялық емес ұйымдарға – оның ішінде
білім беру, қайырымдылық, ғылыми немесе діни мақсаттар үшін капитал салуға
байланысты қатынастарды реттемейді.
Инвестициялар туралы заң ҚР-дағы инвестицияларға байланысты
қатынастарды реттейді, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және
экономикалық негіздерін айқындайды. ҚР-да инвестицияларды жүзеге асырған
кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды
мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін
белгілейді.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі негізінде ҚР-ның заң
актілерінде инвестициялық қызметте шектелетін немесе оған тыйым салынатын
қызмет түрлері мен аумақтары белгіленген.
Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне
және оны анықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты
дайындау шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі
міндеттері болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел
инвестицияларына әсер ететін факторларды анықтауға; екіншіден, мемлекеттегі
жағдайларды тереңірек бағалауға; үшіншіден, шетел субъектілерінің мінез-
құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық климат мемлекеттік, аймақтық, салалық инвестициялық қызмет
жағдайларын анықтайтын нормативтік-құқықтық актілер, ұйымдық, экономикалық,
әлеуметтік, саяси, мәдени және т.б. бір-бірімен байланысты факторлар
әсерінен қалыптасады. Яғни, инвестициялық климатты бірқатар көрсеткіштер
арқылы бағалауға болады, олар:
- экономикалық реформаның жағдайы;
- банк жүйесінің тұрақтылығы;
- саяси реформаның тұрақтылығы;
- табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;
- инвестициялық қызметтің құқықтық реттеу дәрежесі және нормативтік-
құқықтықактілердің болуы;
- инфляция қарқыны;
- сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі;
- білікті жұмыс күшінің болуы;
- мемлекеттік нарық әлеуетінің сипаты;
- нарық инфрақұрылымының және валюта нарығының дамуы.
Шетелдік инвесторлар осы көрсеткіштерді бағалап мемлекеттегі
инвестициялық климатты жағымды немесе жағымсыз екендігін анықтайды. Егер
инвестициялық климат жағымды болса, инвестиция бойынша шешім қабылдайды.
Инвестициялық климат инвестициялық саясаттың әсер ету объектісі болып
табылады. Бұл бір жағынан инвестициялық саясатты жасау үшін алғашқы
жағдайларды анықтаса, ал екінші жағынан инвестициялық саясаттың нәтижесі
болып табылады [4].
Қазіргі кездегі мемлекеттің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін
анықтайтын маңызды өлшемдердің бірі инвестициялық климат болып табылады.
Мемлекеттердің шетелдік инвестицияларды тарту құқығына бәсекелестік күресте
климаттық жағдайлар, еңбектің мәдени дәстүрлері мен ерекшеліктері және
т.с.с. елеусіз, кейде экономикаға байланысты емес факторлар үлкен
мүмкіндікке ие болады. Сонымен бірге, инвестициялық климатты айқындайтын
басты факторлардың бірі салық және кеден режимдері болып табылады.
ҚР-ның салық және кеден режимдері Қазақстанның экономикасына
инвестициялау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл
ретте Қазақстан Үкіметі республика экономикасының шикізаттық емес секторына
сыртқы да, ішкі де инвестицияларды ынталандыру үшін барлық қажетті
алғышарттарды жасады.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты – экономиканың дамуы үін
қолайлы инвестициялық климат жасау және осы заманғы технологияларды қолдана
отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен
жаңартуға, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ
қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру
болып табылады. Инвестициялық преференциялар дегеніміз - ҚР-ның
инвестициялық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңды тұлғаларына ҚР-
ның заңдарына сәйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтары [6].
Шаруашылық өмірге бағытталған салымдар және капитал құнын сақтайтын
немесе өсіретін, сондай-ақ табыстың өсуіне әкелетін ең ірі елдердің
инвесторлары мен инвестициялары Қазақстанда:
- Қытай. Қытай компаниялары Қазақстан нарығына өңделген стратегиямен
келген. Олар тек қана кен орындары активтерін иемденбейді, сонымен
бірге істеп шығарылған өнімді инвестициялайды, көліктермен шығаруды
қамтамасыз етеді. Бұрынғы ШНОС пен Ақтөбемұнайгаз АҚ 50 пайызын
иемденген PetroKazakhstan Inc компаниясы Қазақстанның ішкі нарығына
мұнай мен бензин жеткізеді. 2006 жылы ішкі нарыққа 2,1 млн тонна,
немесе 20% түсті. Сонымен қатар, Қытай Қазақстанның атом өнеркәсібіне
де қызығушылық танытып отыр. Қытайда ядролық энергетиканы дамытудың
жаңа бағдарламасы қабылданды, онда Қазақстанға да көп көңіл бөлінген.
- Америка Құрама Штаттары. АҚШ инвестициялары Қазақстанның
экономикасында ең жоғарғы деңгейде, олар тәуелсіз республика
жылдарында 12 млрд долларды құрады. Республикада америка капиталының
қатысуымен 374 кәсіпорын мен АҚШ компанияларының 91 өкілдігі
тіркелген. АҚШ еліміздің мұнай газ кешенінде көшбасшы болып табылады.
Қарашағанақ жобасында ChevronTexaco-ның 20% үлесі бар. Батыс
Қазақстан облысы Қарашағанақ кен орны әлемдегі ең ірі мұнай газ
конденсатты кен орны болып табылады. Осымен байланысты, АҚШ
Қазақстанның энергетикасында тек мұнай жобаларымен ғана шектелмейді.
Қазақстанда Америка Құрама Штаттары өнеркәсіптік ядролық реакторларда
отын ретінде қолдану үшін төмен байытылғыш уран өндіріледі. АҚШ
Қазақстанды, ең алдымен, импортты шикізат жеткізілімдерін
әртараптандыру мүмкіндігі ретінде қарастырады. АҚШ Қазақстанды
энергетикалық қауіпсіздіктің тұрақты кепілі деп көруді қалайды.
- Ұлыбритания - Қазақстан экономикасында Америка Құрама Штатттарынан
кейінгі екінші ірі инвестор. Тәуелсіздік алғаннан кейін 3 млрд фунд
стерлинг инвестициялаған. Инвестиция негізінен мұнай газ секторындағы
ірі трансұлттық корпорацияларымен жүргізілді. Қазақстанда жүзден аса
компания жұмыс істейді. Олар толығымен британ немесе британ
серіктестерімен бірге құрылған. Қазақстанда британ компанияларының
негізгі қызметі мұнай газ саласы болып табылады. Мұнда, British Gas,
BP мен Shell компаниялары, сондай-ақ көптеген ірі қызмет көрсету
компаниялары мен жеткізушілер жұмыс жасайды. BG Group (Ұлыбритания)
Қарашағанақ жобасына қатысады, оның үлесі -32,4%. Британдықтар
азаматтық авиация саласында танылған, British Airways компаниясы оның
құрылуына қатысқан және Air Astana ұлттық тасымалдаушы акциясының 49%-
ін иеленді. Қазақстанда Frontier Mining LTD компаниясы алтын
өндірумен айналысады және кен орнын барлау мен игеруді
қаржыландырады. Oriel Resources plc. Британ компаниясы Солтүстік
Қазақстанда никель шығару үшін Шевченко никель жобасында жұмыс
істейді. Ntw Power Systems Itd британ компаниясы Казсабтон ЖШС-нен
сатып алған Степногорск тау-кен химиялық комбинатының инвесторы
болды.
- Ресей Федерациясы. Экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан Ресей
стратегиялық серіктес болып табылады. Ресей мен Қазақстан экономикасы
айрықша біріккен. Ресей инвестициялары Қазақстанда басқа елдерге
қарағанда көлемі жағынан көп орын алады. Негізінен, олар мұнайгаз
және таукен секторына бағытталған. Қазақстанда Роснефть АҚ,
Сибнефть АҚ, Газпром АҚ, Лукойл АҚ өз олрындары бар.
Экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан, әрине, Қазақстанда энергетикалық
сала ашық. Бұған әртүрлі елдер қызығушылық танытып отыр. Біздің
байқап отырғанымыздай, біздің еліміздің энергетика ресурстарына АҚШ,
Ресей, Қытай сияқты негізгі әлемдік державалар арасында күрес болып
жатыр. Осыған байланысты, біздің елімізде әлемдік экономикадағы тар
шикізатты мамандандыруды бекіту оңай жүзеге асатынын ұмытпағанымыз
жөн. Еліміздің мұндай дамуы мүмкін, оның үстіне кейбір елдер қатары
біздің экономикамыздың осындай сценарий бойынша дамуына қызығушылық
танытып отыр. Батыс елдері үшін бұл ресурстарға еркін қол жеткізу
жолымен олардың энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету және біздің бай
жер қойнауымызда энергия таратушы өңдеуінің либералды режимін ұсыну
болып табылады.
- Индия сияқты инвестор Қазақстан үшін стратегиялық болып табылады.
Жақын 10-15 жылда біздің еліміздің қызығушылығы бұдан да артады. Ал,
әзірше Қазақстан экономикасына Индия инвесторларының жалпы көлемі
13,2 млн долларды құрайды. 2005 жылы Индия экономикасы 8,1%-ке өсті,
2010 жылы Boston Consultancy Group болжамы бойынша қарқыны 13,3%-ға
жетеді. Тағы 15 жылда Әлемдік банк сарапшылары елдің әлемдегі ЖІӨ
көлемі бойынша Қытай мен АҚШтан кейін үшінші орынға шығуын байқайды.
Индия энергетика ресурстарына өте зәру, бұл елдің тұрғындары жер
шарының көлемді ауданын алып отыр және тез қарқынмен дамуда.
Халықаралық энергетикалық агенттігі осы өңірде мұнайға жыл сайынғы
сұраныстың өсуі 3-4% шегінде, ал газға 4-6% шегінде бағалайды. Индия
алдағы он жылдықта күніне 100 млн баррель мұнай шикізатын импорттауды
көздеп отыр. Бұл аудандағы проценттік қатынаста жалпы сұраныстың
ширегі, басқаша айтқанда, Индияның мұнайды импорттауға тәуелділігі
елдің мұқтажын 70%-ке дейін (ал кейбір сарапшылар 80% деп те айтып
жүр) жауып отыр. Бұл әлі кем дегенде 2020 жылға дейін созылады [11].
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ
2.1 Халықаралық және Қазақстандағы туризм индустриясының ағымдағы жай-
күйі
Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм жетекші және
серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік
туристік ұйымның деректері бойынша туризм тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің әлемдік экспортында (7,4 %) тек автомобильдер, химия және отын
өнімдерінің экспортына жол бере отырып, төртінші орынды иеленеді. Ал кіріс
жағынан бұл сала әлемде мұнай өндіру өнеркәсібі мен машина жасаудан кейін
үшінші орынды иеленеді.
Қазақстан бай туристік-рекреациялық әлеуетке ие бола отырып, туризмнің
жеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталады. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі
(тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер ғана есептеледі)
шамамен 0,3 %-ды құрайды.
Сурет 1. Шығу және кіру туризмі (мың адам)
Ескерту –[18] әдебиет негізінде құрастырылды
1-суретте 2008-2014 жылдар аралығындағы еліміздің шығу және кіру
туризмінің динамикасы көрсетілген. Ең көп келу саны 2013 жылы байқалған –
6841 (мың адам). Ал, шығу туризмі бойынша біз тұрақты оң динамиканы байқай
аламыз. 2008-2009 жылдар аралығындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 2012
жылы шығу туризмінің көрсеткішінің қатты өскенін байқауға болады.
Мамандардың ойынша, бұған себеп болған:
– халықтың әлеуетінің өсуі;
– туристік фирмалардың шығу туризмінен алатын пайдасы жоғары
болғандықтан, олардың ішкі турларға көңіл бөлмеуі;
– еліміздің Үкіметі бұл салаға көп жылдар бойы көңіл аудармауы (соңғы
жылдары ғана осы саланы дамыту үшін белгілі бір қадамдар жасалды).
Сурет 2. Орналастыру орындарының саны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz