Кәсіпорынның өңдірістік құрылымы. Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері. Тәуекелділік және оны бағалау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпорынның өңдірістік құрылымы.

Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері.

Тәуекелділік және оны бағалау.

Орындаған: Даулетұлы Қ.

Тобы: ТК - 321

Тексерген: Габдуллина Л. Б.

Семей, 2016 жыл

Жоспар

  1. Кәсіпорынның өңдірістік құрылымы.
  2. Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері.
  3. Тәуекелділік және оны бағалау.
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кәсіпорынның өңдірістік құрылымы.

Өндіріс - қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.

Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми - техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын - цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.

Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым- қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды. Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды. Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.

Цехтардың 3 түрі болады:

Негізгі

қөмекші

қосалқы және т. б.

Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға - құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға - қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендіретін қораптар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, тасымалдау, түсіру) .

Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар:

заттай;

технологиялық;

аралас.

Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.

Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың күрделенуі, жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.

Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да, технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасымалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістікциклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.

Өндірісті ұйымдастыру түрі дегеніміз - өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Өндірісті ұйымдастырудың түріне көптеген факторлар әсер етеді:

Мамандандыру деңгейі

өндіріс көлемі;

шығарылатын өнім номенклатурасының күрделілігі және төзімділігі т. б.

Өндірістің негізгі үш түрі болады:

жеке-дара өндіріс;

сериялық өндіріс;

жаппай өндіріс

Жеке-дара өндіріс - алуан түрлі және тұрақты емес, номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі трубиналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және т. б. Сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.

Ерекшеліктері:

әр түрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;

жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;

әмбебап құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану;

қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;

жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;

өндіріс циклының ұзақтығы;

аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.

Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.

Негізгі ерекшеліктері:

біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;

жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;

бөлшектер мен өнімдерді партичмен шығару;

мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп қолданылуы;

қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;

орташа білікті жұмысшылар санынының көп болуы;

өндіріс циклының ұзақ еместігі;

өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы.

Түрлері - ұсақ сериялы, орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер, мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.

Жаппай өндіріс - өндірісті мамандандырудың ең жоғары сатысы. Мысалы, автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырылады.

Ерекшеліктері:

тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;

жұмыс орнының тек қана бір операцияныорындауға мамандандырылуы;

жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;

арнайы және мамандандырылған технологиялық құрал-жабдықтардың үлкен көлемі;

механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық процестердің көп қолданылуы;

операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;

қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;

ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану;

өндіріс циклының қысқаруы;

өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;

кәсіпорындарды басқаруда автоматтандыруды енгізу.

Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері.

Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және табыс табу жатады.

Кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнешеуі:

- өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу

- жоғары сапалы өнім өндіру

- технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену

- қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану

- жұмыс бастылықты барынша жоғары деңгейде жеткізу.

Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:

- қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек

- бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек

- өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек

- қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек

- қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады

- өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.

Егер кәсіпкерліктің ұжымдық түрін таңдаса онда кәсіпорын бойынша жауапкершілікті серіктестерімен бөліседі. Кәсіпкерге өндірістік және қойма үйлерін, құрал-жабдықтарын, станоктар мен құрал-саймандар, шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, коплект бұйымдарын дайындау, жұмыс күшін тарту қажет болады.

Жұмыс барысында іскерлік саясат іс-әрекеттердің нақты жоспарына айналады, ол әдетте үш кезеңнен тұрады:
А) кәсіпорын қол жеткісі келетін сандық көрсеткіштерді анықтау;
Б) алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды бағыттар мен іс-әрекеттерді анықтау.
В) кәсіпорын қызметінің құрылымына сәйкес икемді ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін жасау және стратегиясын анықтау.
Бәсекелестік -нарықтық жүйедегі бақылаудың басты әдісі.
Бәсекелестікке кері ұғым - монополия.
Өндірістік кәсіпорын дегеніміз- өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қанағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субьектілер тобын айтады.
Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және табыс табу жатады.
Кәсіпорынның өнім өндіру және өткізу мүмкіндіктерін, экономикалық конъюнктураны талдау және нарықты терең, жан-жақты ғылыми-тәжірибелік тұрғыда зерттеу, нарықты сегментке бөлу (сегменттеу), нарық сұраныстарына өндіріс пен өнім өткізудің икемді болуы, инновациялық жаңалық енгізу, жоспарлау және тағы басқаларды оқып білу қажет.

Тәуекелділік және оны бағалау.

Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.

Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т. б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық тәуекел - бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел - қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т. б.

Инвестициялық тәуекел - бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел - бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.

Тәуекелді талдаудың схемасы:

Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.

Айқындалған факторларды талдау.

Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.

Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.

Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.

Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.

Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.

Материалдық зиян - бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.

Еңбек зияны - жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.

Қаржылық зиян - бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т. б.

Уақытты жою - бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.

Арнайы зиян түрлері - бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан кәсіпорындарындағы бизнес-жоспарлаудың мәселелері
Экономикалық тәуекелділікті басқарудың теориялық негіздері
Менеджмент туралы ақпарат
Кәсіпкерлік қызметтің негіздері
Инвестициялық қызметтің объектілері
Қаржы менеджментінің мазмұны
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Шағын және орта кәсіпорын менеджменті пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кәсіпорынның өңдірістік құрылымы жайлы
Бизнес – жоспарлаудың мәні мен мазмұны лекция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz