Қоршаған ортаның химиялық, радияциялық және биологиялық ластануы


Кіріспе

Әлемдік экологиялық проблемалардың қауіптілерінің бірі биосфераның ластануы болып отыр. Ол - жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуімен және экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде. Жер бетіндегі мұндай өзгерістерді ірі дауылдар, су тасқындары, жанартаулар атқылауы, жер сілкіну, теңз бен мұхит деңгейінің көтерілуі немесе тартылуы, қуаңшылық өрттер сияқты апаттар әкелуде. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерстірді өмірге алып келетін деңгейге жетті.

Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді. Өз кезегінде табиғат адам баласының жіберген қателіктеріне жауап ретінде экологиялық апаттарды сыйға тартады. Мәселен, қоршаған ортаның химиялық ластануы шер шарында жиі-жиі байқалып отырған жылу эффектісін, озонның жұқаруын, қышқыл жауындар, фотохимиялық улы тұмандар сияқты әлемдік экологиялық проблемалар туғызу үстінде. аталған апатты құбылыстар бүкіл планета тыныштығының тепе-теңдігін бұзып, әлемдік климаттың өзгеру қаупін туғызып отыр. Оны біз соңғы жылдары байқалатын қуаңшылықтан, сортаңданудан, су айдындарының тартылуынан көреміз.

Негізгі бөлім

Қоршаған ортаның химиялық ластануы.

Адамдардың шаруашылық әрекеті қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары таралып отырады.

Бізді қоршаған ортаның ластануы төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Химиялық ластану (көміртек өнімдері, күкірт, көмірсулар, ақаба сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыл металдар, аэрозольдер) .

2. Физикалық ластану (радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу жарық, шу және тербелістер) .

3. Биологиялық ластану (ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдар, зиянкес жәндіктер) .

4. Эстетикалық ластану (табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының өзгеруі, орман-тоғайлардың жойылуы, т. б. ) .

Өнеркісіптен бөлінетін әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа сіңіп, тізбектің бір айналымын екіншісіне өткенде, зат алмасу нәтижесінде адам организіміне түседі.

Бүкіл жер шарында химиялық ластаушы заттардың кездеспейтін жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті өнеркәсіп орындарын былай қойғанда, сонау алыста жатқан Антарктиданы алайық. Ғалымдар мұнда ғылыми бақылаулар жасау барысында осы заманғы өнеркәсіптердің әртүрлі улы заттарын байқаған. Олар бұл жерге басқа аумақтан ауа ағындары арқылы келген болуы мүмкін.

Табиғи ортаның ластушы химиялық заттар әр түрлі болып келеді. Олар қасиетіне, шоғырлануына және адам организіміне әсер етуіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Мұндай заттармен улану адамның басын айналдырып, жүрегін айнытып, тамағын жыбырлатып, жөтел тудырады. Адам организіміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуі кейде өлім қаупін туғызуы да мүмкін. Мұндай улы заттарға ірі өнеркәсіпті қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндерді де жатқызуға болады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің ісерімен реакцияға түсіп, жаңа қосындыларды түзеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі - күкірттің қос тотығы (SO 2 ) коксохимия заводтары мен тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінен шығарылады. Олар ауада ылғалды әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегейлі қабаттарына, терісіне әсер етеді және мұнан өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организиін улап қана қоймай, сонымен қатар жүйке ауруларын туғызады.

Ауадағы фторлы сутек өте улы зат. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутектің уландырғыш қасиеті өте жоғары. Осы газбен тыныс алған адмның тыныс жолдарының кілегейлі қабығы қабынып, өкпесі ісінеді.

Цемент заводтарынан шығатын цемент шаңы топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне әсер етеді. Ал фосфор заводына жақын жердегі топырақ құрамында фосфор мөлшерінң көбеюі заңды құбылыс. Сонымен бірге қазірге кезде қорғасынның металлургия заводтарының маңайындағы топырақты, жан-жануарды, өсімдікті және адам организімін ластауы шектен тыс артып отыр.

Улы заттар адам организіміне түскеннен кейін адамның тез шаршауы, ұйқы басу, ұйқының қашуы, бейжайлық, ұмытшалық, көңіл күінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі тез байқалады. Улы заттар адамның қан айналымына, жүйке жүйесіне, бауырына әсер етіп, созылмалы жүйке ауруларына, белсіздікке душар етуде. Жатырдағы ұрықтың дамуындағы аномалиялық өзгерістер мен ауру сәбидің дүниеге келуі көбеюде.

Сонымен қатар хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест сияқты түрлі өнеркәсіп қалдықтары ауа кеңістігінде кездеседі. Олардың қатерлі ісік және бұрын-соңды кездеспеген жаңа ауру түрлерінің тууына себепші болып отырғандығы анықталуда.

Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі де жатады. Есірткіні қолдану біздің елімізде де жаппай етек алуда. Оның негізгі көзі Шу алқабында өсетін жабайы кендір өсімдігі. Сол сияқты Ауғаныстан мен Орта Азиядан келетін есірткіні Еуропа тасымалдау Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Соның кесірінен есірткіні пайдаланушылардың жеткіншектер арасын атаралу байқалып отыр. Темекі түтүнінің құрамына 4 мыңға жуық химиялық улы заттар кіреді. Олардың қырыққа жуығы өкпенің қатерлі ісігін, қолқаның созылмалы ауруларын туғызады. Сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың балаларына да олардың зиянды әсері тиеді.

Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде ғаламдық экологиялық проблемаларды тудырып отыр. Олар жер шарындағы жиі бауқалып отырған жылу эффектісі, озонның жұқрауы, қышқыл жауындар, фотохимиялық у түтіндер.

Негізі химиялық ластағыштар

Ластағыштар
Негізгі көздері
Ластағыш заттардың түзілуі мен зардабы
Ластағыштар: Көмірқышқыл газы
Негізгі көздері: Энергетика, өнеркәсіп, жылу қазандықтары
Ластағыш заттардың түзілуі мен зардабы: Жылу эфектісі, климаттың өзгеруі, шөлге айналу, улы тұмшалар
Ластағыштар: Көміртек оксиді
Негізгі көздері: Металлургия өнеркәсәбә, жанармайлар, тұрмыстық отындар. Мұнай-газ кешендері
Ластағыш заттардың түзілуі мен зардабы: Атмосфераның жылу теңдестігінің бұзылуы
Ластағыштар: Күкіртті газ
Негізгі көздері: Өнеркәсіп, энергетика, тұрмысытқ отындар
Ластағыш заттардың түзілуі мен зардабы: Ғимараттардың бүлінуі, фауна мен флораның азаюы, аурулар, улы тұмшалар, қышқыл жауындар
Ластағыштар: Азот оксиді
Негізгі көздері: Афтокөліктер, ұшақ моторлары, домна пештер, химия өнеркәсібі, өрт
Ластағыш заттардың түзілуі мен зардабы: Улы тұмшалар, қышқыл жауында, фауна мен флоранфң құруы, су, ауа сапасының бұзылуы.
Ластағыштар: Фосфат
Негізгі көздері: Лас сулар, химиялық ақаба сулар, тыңайтқыштар
Ластағыш заттардың түзілуі мен зардабы: Су, азық-түлік сапасының нашарлауы
Ластағыштар: Қорғасын
Негізгі көздері: Жанармайлар, қорғасын кендерін байыту, химия өндірісі, пестицидтер
Ластағыш заттардың түзілуі мен зардабы: Улы заттармен улану, қан және зат алмасуының бұзылуы
Ластағыштар: Мұнай
Негізгі көздері: Мұнай-газ кешендері, кемелер апаты
Ластағыш заттардың түзілуі мен зардабы: Фауне мен флораның өзгеруі немес жойылуы
Ластағыштар: Гербицидтер, пестицидтер
Негізгі көздері: Ауыл шаруашылығын химияландыру
Ластағыш заттардың түзілуі мен зардабы: Адамның улануы, фауна мен флораның өзгеруі
Ластағыштар: Радиация
Негізгі көздері: Ядролық қаруларды сынау, АЭС, радиоактивті қалдықтар
Ластағыш заттардың түзілуі мен зардабы: Қатерлі аурулары, қаназдық, сәулелік аурулар

Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.

Радияциялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Радияциялық ластануды қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөліктерді бөлетін радиоактивті нуклеидтер құрайды. міне, осы бөлшектермен таралған сәулелер адам организіміне түскенде клеткалардың құрылымын бұзып, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Радияциялық ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэта сияқты радиоактивті сәулелер.

Адамға зиянды радияция көздері

Радиация көздері
Жылдық мөлшер, рентген
Радиация көздері:

1. Табиғи:

Ғарыштық сәулелер

Тау жыныстарының радиоактивтілігі

Радиоактивті заттар

Барлығы:

2. Жасанды:

Радиоактивті жауын-шашындар

Атом өндірісі қалдықтары

Медициналық рентгеноскопия

Теледидар

Барлығы:

Жылдық мөлшер, рентген:

25

50

25

100

1, 3

1, 8

100

10

113

Өлімге әкелетін радиациялық мөлшер

Рентген
Объектілер
Рентген:

1000-15000

1

1

8000-1000

1000-1

800-2000

600-1500

250-600

400

250-400

350

200

Объектілер:

өсімдік

қарапайымдар

ұлу

жылан

жәндік

балық, құс

тышқан

маймыл

адам

ит

ешкі

қой

Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиациялық ластану
Радиация туралы
Радиоактивті сәулелену
Адам денсаулығы және радиация
Радияциядан қорғау
Жер бетінің радиоактивті ластануы (семей ядролық полигоны)
Радиоактивтілік бірлігі
Қазақстандағы радиациялық жағдай
Алматы облысы Қарасай ауданының қоршаған ортасының экологиялық жағдайы
Адамзаттың XXI ғасырдағы табиғатты тиімсіз пайдалануына байланысты экологиядағы ғаламдық проблемалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz