Кәсіпорынның өңдірістік құрылымы жайлы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Орындаған: Рахимбаев Е.

Тобы: ТК - 321

Тексерген: Габдуллина Л. Б.

Семей, 2016 жыл

Кәсіпорынның өңдірістік құрылымы.

Өндірістік үрдіс-кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі. өндірістік үрдіс-дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді.

өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына еңбек құралдары ( машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т. б. ), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші, яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады.

Кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделігіне байланысты жай (қарапайым) және күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай өндірістік үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өңдеу арқылы дайын өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралельді жай үрдістердің қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады.

Технологиялық операция деп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін айтады.

Жұмыс орны деп жұмысшы нақты өндірістік операцияны орындайтын өндірістік ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және техникамен жабдықталады.

Өндірістік үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.

Негізгі үрдістерге еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер жатады.

Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау және т. б. жатады.

өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларын екі категорияға бөлуге болады:

- Жалпы нақты мазмұнына байланысты болмайды

- Арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.

Уақыт бойынша және кеңістікте кез келген өндірістік үрдісті ұйымдастыруға бағынышты болатын қағидалар:

- Мамандыру қағидасы, өндіріс үрдісіне жұмыс орындары және кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі мен оның шоғырлануын көрсетеді

- Паралельдік қағидасы, белгілі бір өнімді дайындауға байланысты өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді

- Пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек өнімділігімен сипатталады

- Тұра-дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі қысқа қозғалыс жлдарымен жүруін айтады

- үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді талап етеді

- Ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға бағытталады.

Өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады: ағындық, партиялық және бірлік.

Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары. өндірістік жетілдірудің негізгі факторларына мыналар жатады:

1. Өнім көлемі. Кәсіпорын неғұрлым ірі болған сайын, оның өндірістік цехтарының саны көп болмақ, ағындық жүйе күшті және мамандандырылған цехтардың саны шағын кәсіпорындарға қарағанда көп болады.

2. Пайдаланылатын материалдардың сипаттамасы. өндірістік үрдістің орындалу барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен материалдардың көп түрі қолданылатын болса, онда өндірістік құрылым да күрделі болады.

3. өндірісті шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау деңгейі мен нысандары.

4. Қолданылатын техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру нысандары

Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері.

Кәсіпорынның жүзеге асыратын қызметінің мәні қан қызметі мәселелері бойынша денсаулық сақтау мекемелеріне әдістемелік, консультативтік және практикалық көмек көрсету қызметі болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаттары емдеу-алдын алу мекемелерін қан, оның компоненттері және препараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін Кәсіпорын іске асырады:

  • қан және оның компоненттерін дайындаумен айналысатын барлық ЕАҰ донорларды медициналық куәландырудың дұрыстылығын бақылау, донор кадрларын есепке алу және жоспарлау;
  • қорлар, денсаулық сақтау және қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отыра тұрғындар арасында донорлықты насихаттау және үгіттеу жұмыстарын жүргізу;
  • препараттарды әзірлеу, қан компоненттерін алу, цитоферез және донорлық плазманы өткізу, консервіленген және толық алынған донор қанын дайындау;
  • денсаулық сақтау мекемесінің тәжірибесіне жаңа компоненттер мен қан препараттарын насихаттау және енгізу, қан дайындау бойынша жұмыстарды іске асыру;
  • өз аймағында қан қызметі мекемесінің өндірістік қызметін талдау және түйіндеу, алынған мәліметтер негізінде және жұмысты жақсарту бойынша белгіленген тәртіпте ұсынысты бекітуге беру, емдеу мекемелерін қан препараттарымен және компоненттерімен қамтамасыз ету;
  • орталық, бөлімше, қан кабинеттері қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
  • мекеме шығаратын қан препараттарын бақылауды іске асыру;

Облыстық қан орталығы дәрігерлерді, орта буын медициналық қызметкерлерді және сәйкес жұмыс бөлігі бойынша инженерлік қызметкерлерді алғашқы даярлау базасы болып табылады.

Кәсіпорын мемлекет пен қоғам қажеттіліктерімен анықталатын әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешу мақсатында құрылған.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мен міндеттері мемлекеттік басқару органдары анықтайтын спорт түрлері бойынша, дене шынықтыру, туризм және спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын алға қойылған мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін:

1) Тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарта отырып, дене шынықтыру - сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге;

2) халықаралық деңгейдегі спортшыларды спорттық резерв пен тәрбиелеуге дайындау;

3) спорттық, соның ішінде халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге;

4) спорттық-бұкаралық және спорттық оқу-жаттығу жиындары
ұйымдастыруға және өткізуге.

Тәуекелділік және оны бағалау.

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел - бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қырғыз асханасын жобалау
БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Бизнес-жоспар, оның үлгісі: Алматы қаласында сұлулық институтын құру ЖШС «Самал»
Кәсіпорынның кірісіне талдау жүргізу
Кәсіпорын - нарықтық экономиканың субъектісі ретінде
Метериалдық емес активтер мен негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы
Бизнес жоспарды құру негізі
Кәсіпорындағы персоналды басқаруды жүзеге асыру
Қаржылық жағдайсыздықты реттеу
Персоналды басқару және кадрлық саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz