Тері мен үлбірінің тауарлық көрсеткіші


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Орындаған: Қонақпаев Е.

Тобы: ТК - 321

Тексерген: Игенбаев А. К.

Семей, 2016 жыл

Төменде көпшілік аң терілерінің сорттылық сипаттамасы келтірілген.
I сортқа жүні жетілген, қылшығы жиі, әрі ұзын, түбіті қою терілер; II сортқа - жүні онша өскелең емес, қылшығы мен түбіті жетілмеген терілер, III сортқа - жүні шамалы, қылшығы мен түбіті жетілмеген терілер немесе қылшығы тықыр, түбіті мүлде жоқ немесе аздап қана шыққаң түбіті бар (қасқыр, кұну, шиебөрі) терілері жатады. I сортты терілердің кейбіреулерінен жоғары сорты (экстра) бөлінеді.
Ерте көктемдегі терілер II сортқа жатқызылады; ерте көктемдегі ақтиін терілері дербес сортқа бөлінеді. Ерте көктемдегі терілерде көктемгі түлеу белгісі басталады.
Терілерді түсіне қарай бөлу. Теріні түсіне қарай бөлгенде Жүн талшығының түсі күшті өзгеретіндерін ғана алады. Мұндай түрге ақтиін, күміс түсті қара түлкі, сусар, қаракүзен, сазқұндызы, құну, көгілдір және ақ түлкілер, сілеусін, бұлғын жатады.
Әсіресе торда ұсталатын аң терілері жүнінің түсі өте өзгермелі келеді. Бұған жататындар: қаракүзен, сазқұндызы.
Терілерді акауына қарай бөлу. Мехтық ан терілері жартылай фабрикаттарында ақау жиі кездеседі. Олар тері құнын кемітеді.

1 Бұлғын терісі мен үлбірінің тауарлық көрсеткіші

Бұлғын (лат. Martes zibellina) - сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 40 - 55 см, құйрығы - 20 см-дей, салмағы 0, 4 - 1, 6 кг. Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Құлақ қалқаны жалпақ, дөңгеленген ұшы үшбұрышты. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей, түсі - бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл дағы болады. Сирағы қысқа, қимылы икемді келеді. Ұсақ жәндіктермен, самырсын жаңғағымен, жидекпен қоректенеді. Кейде жабайы бал арасының балын да жейді. Шыршалы, майқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді. Мекендейтін жерлерінен көп ұзамайды, азығы азайған жылдары орманның бір жерінен екінші жеріне қоныс аударады. Табиғи жағдайда 1 жыл 3 айда жыныстық жағынан жетіледі. Бұлар 2 рет (наурыз - маусымда және тамыз - қарашада) түлейді. Бұлғын маусым - тамызда шағылысып, 245 - 300 күннен кейін наурыздың аяғында, 2 - 6 соқыр күшіктен туады. Күшіктерінің салмағы 30 г-дай, дене тұрқы 11 - 12 см. 30 - 36 күнде олардың көздері ашылып, тістері шыға бастайды, ал 3, 5 айда тұрақты тістері қалыптасады. Бұлғын - терісі өте бағалы аң. Терісінен бас киім тігіледі. Таралған жері. Ол Манғолияның солтүстігінде, Қытайда Жапонияда, Кореяда тараған. Совет одағында бұл аң негізінен Оралда, Батыс және Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Алтай өлкесінде кездесетін. Мұндағы бұлғынның мекендейтін жерлерінде 1974 - 1977 жылдары оның саны 665 - 690 мыңдай болған. Бұлғын көбінесе жер бетінде тіршілік етеді. Бұл аң Алтай тауларындағы майқарағай қылқан жапырақты орман аралас, шыршалармен балқарағайлар немесе бұталар аралас өсетін шыршалар аралас ормандарды мекендейді. Ағашқа шапшаң өрмелеп шығады, соның қуыстарына тығылып жатады, қалың бұталардың арасында да қоныстанады. Ол орман ішінде кездесетін үлкен жақпар тастардың қуыстарында да мекендейді. Кейбір жағдайларда бұлғын қорегі мол жерлерді іздеп, сол маңдағы бұталардың жартастардың, кәрі ағаштардың қуысын паналайды. Ал қайсыбірі жағдайларында жабайы жемістері бар ағаштардың арасын мекендеп, сонымен қоректеніп жүреді.

Қоректенуі. Бұлғынның тіршілік еткен жеріне қарай қорек түрлері де алуан болып келеді. Ол көбіне орман тышқанын, шақылдақты, боршаны, ақтиынды, қоянды және басқа да кеміргіштерді ұстап қоректенеді. Бұлғын жаңғақты өзі жұлып жемейді, ол көбіне боршанның, ақтиынның және ұсақ кеміргіштердің жинап қойған қорларын тауып алады да, оларды бітеулей жұтады. Бұлғын қоректерін көбіне іңір қараңғылығында бастап аулайды. Дегенмен де кейде ол азығын күндіз де іздейді. Бірақ негізгі азығы - ұсақ кеміргіштер көбіне іңірде және түнде жүретіндіктен, Бұлғын да сол мезгілде шығады. Бұлғын бір күнде 150-170 грамм қорек жейді. Егер жемтігі тым үлкен болса, жегеннен қалғанын қардың не бұтаның астына тығып тастайды. Ал ұсақ кеміргіштнрді көп ұстаса, оларды қатарлап жинап қояды. Бұлғын ұстаған жемтігін алдымен миын, бауырын және бүйрегін, кейін қалған жерін жейді. Сондай-ақ бұл аң кішкентай торғайларды, олардың жұмыртқаларын, кездессе аққкіс және аққалақ сияқты ұсақ жыртқыш аңдарды да жейді. Бұлғын қорек іздеп күніне 15-20 километржер жүреді екен.

Көбеюі - бұлғын жылына бір рет қана балалайды. Февраль айының аяғында бұлғын күйлей бастайды. Осы кезде олар қарға аунап, еркектері бір- бірімен таласып, ұрғашыларының соңынан шұбырып жүреді. Бірақ бұл уақытта бұлардың шағылысқандары байқалмайды. Бұл процес ұзаққа созылып, “нағыз” июнь -июль айларында б асталады. Бұлғын төрт айға жуық буаз болып жүреді де март айының аяғында немесе апрель айының басында туады. Ол бірден онға деиін, көбіне 3 - 4, ал сирек 5 күшік табады. Жаңа туғанда. Жаңа туғандағы түсі ашық болады, біраз уақыт өткеннен кейін жүндері өсіп, өзгеріп шымқай қоңыр түске айналады. Ұрғашы бұлғындар күшіктерін қатты қлрғайды. Егер қауіп туа қалса, оларды басқа жаққа алып кетеді. Күшіктеріне ұяны жұмсақ кең етіп жасайды. Ұя сына түрлі жұмсақ шөп, құстардың қауырсындарын, мүк төсеп тастайды. Олар тез өседі. Егер жаңа туған күшігінің салмағы 30- грамдай болса, төрт айдан кейін оның тұрқы үлкен бұлғынға тең келеді. Жас бұлғынның жыныс мүшесі 2-ші жылда жетіледі. Бұлғынның 20 жылдай тіршілік етеді. Жылына 2 рет, яғни көктемде және күзде түлейді.

2 Қарапайым тиынның үлбірі мен терісінің тауарлық көрсеткіштері

Тіршілік иелерінің барлығы әртүрлі өзгерістерге ұшырап жатса да, әлі күнге дейін өзгермеген жануар ол -тиіндер екен. Мұның себебін ғалымдар да анықтай алмай отыр.
1. Жаңа туылған тиіннің салмағы 50 грамм, ал бойы бір дюймді құрайды.
2. Басқа да кеміргіштер сияқты тиіннің де алдыңғы төрт тісі үздіксіз өседі.
3. Тиін ең таза кеміргіш.
4. Африкалық ергежейлі тиіндер кеміргіш тұқымдастардың ішіндегі ең кішкентайы болып саналады. Өйткені, бұл тиіндердің тұмсығынан құйрығына дейін бар болғаны 2, 5 см құрайды.
5. Қазіргі күні дүниежүзінде тиіннің 365 түрі бар. Негізінен аталмыш түр жеті туыстан тұрады. Оған: дала иттері, саршұнақтар, суырлар жатады.
6. Тиіндердің иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған. Аталық тиін бірнеше шақырым жерден аналықтың иісін сезіп қояды.
7. Тиіндер туылған кезде мүлдем соқыр болады. Тек 6-8 аптадан кейін ғана көздері ашылады.

Тиіндер - тиінтәрізділер тұқымдасының бір туысы. Оның тұрқы 16 - 28 см, салмағы 450 - 600 г. Түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін) . Құлағында шашағы болады. Ұясын ағаш басына кейде кеуегіне не жартас жарығына салады. Тиін - тұрғылықты аң, бірақ қорегі (шырша, т. б. қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы) тапшы болса, кейбір жылдары жаппай қоныс аударуы мүмкін. Қысқа қарай қор жинайды. 2 жаста жыныстық жағынан жетіліп, ақпан - наурыз айларында ұйығады. Жылына 2 рет (әр жолы 3 - 10) балалайды. Тиіндер терісі үшін ауланады. Тиін - әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша дүние жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұқымдастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер мен жаңғақтарды бөлек-бөлек топыраққа мұқият көмеді, не ағаш қуыстарына жасырады. Дене тұрқы 16 - 28 см, салмағы 450 - 600 г. Түсінің үстіңгі бөлігі ақшыл сұр не жирен, қоңыр, ал астыңғы бөлігі толығымен ақ болып, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін) болып келеді. Артқы аяқтары ұзынырақ және мықты болған соң ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алады. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Тұрғылықты аң, орманды және ағашты жерлерде, тоғайларда мекендейді. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Қоректері аз жылдары олар ауып, ауыл шетіндегі бау-бақшаға, парктерге келеді. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының арағайлы ормандарында мекендейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуегіне, не жартас жарығына, немесе тоқылдақ тескен ойықтарға 30-40 см диаметрде салады. Ұясының ішін мүктермен және шөптермен әрлейді.

3 Сілеусін терісінің және үлбірінің тауарлық түрі

Сілеусін (Lупх Іупх) - биік таулардың жыл бойы қар басып жатқан жерлерінде тіршілік етеді. Қары қалың жерлерде тіршілік етуіне байланысты аяқтары ұзын және табаны жалпақ болады. Тұрқының ұзындығы 87 - 104, құйрығы 20 - 31 см, салмағы 13 - 23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішіндеТүркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сілеусін-былайша ұқсастығы онша болмағанымен кәдмгі үй мысығының бір туысы. Сонымен қатар Сілеусіннің мысыққа қарағанда бітімі шомбал сирақты келетіні тағы да бар. Сілеусіннің құлағында қылшықты шашағы, ал екі ұртында сәнді сақалы болады. Сілеусін -сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Оның Қазақстан аумағында 3 түр тармағы (еуропа, алтай және түркістан) кездеседі. Олардың таралу аумағы шағын алқапты қамтиды әрі саны да аз болғандықтан, Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның қызыл кітабына (2010) тіркелген. Сілеусіннің еуропа түр тармағы - Орталық Қазақстанда, алтай түр тармағы - Оңтүстік Алтай тау сілемдерінде, ал түркістан түр тармағы еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс алқаптарындағы тау тізбектерін мекендейді. Сілеусін таулы алқаптардың қылқан және жалпақ жапырақты орман өскен белдеулерінде таралған. Оның дене тұрқының ұзындығы 87-104 см., салмағы 13, 2-23, 2 кг. дейін жетеді. Дене тұлғасы мығым әрі жұмырланып келеді. Басының пішіні жұмыр, құлақ қалқаны үшбұрышты әрі үшкір. Құлақ қалқанының ұшындағы шоқ қылшықты ұзын шашағы қара түсті болып айқын байқалады. Екі ұрт тұсындағы ұзын қылшықты түгі денесіндегі басқа түктерінен ерекшеленіп тұрады. Үстіңгі етті ернінде ірі қылшықты ұзын мұртшалары бар. Жон арқа тұсының түктері қызғылт-қоңырқай, ал құрсақ тұсындағы түктері ақшыл-бозғылт түсті. Сілеусіннің түгі қалың әрі үлпілдеп тұрады. Аяқтары біршама жуан әрі ұзын. Арқа тұсындағы түктерінде қарақошқыл көптеген ұсақ дақтары бар. Құйрығы жуан, оның ұзындығы 20-31 см жұмырланып ұшы шорт кескен бөренедей болып көрінеді. Табандары жалпақ жүрген кезде тырнақтарының ізі жерге түспейді. Тырнақтары мен тістері жақсы дамыған әрі өткір болып келеді. Көзі өте қырағы, есту қабілеті де жақсы дамыған. Жүрген кезде ешбір дыбыс байқалмайды. Ол ағаш басына және жартастарға жылдам өрмелеп шыға алады. Қатты секірген кезде 3, 5-4 метр қашықтықты қамтиды. Қорек іздеген кезде тәулігіне 10-15 шақырым жерге бара алады. Сілеусін екі жаста жыныстық жетіледі. Ақпан айының соңында бір айға жуық ұйығады. Буаздық мерзімі 67-74 тәулікке созылып, жылына бір рет 2-3 күшік туады. Күшіктері алғашында соқыр, әлжуаз болады. Екі айдай тек ана сүтімен қоректеніп тез жетіледі де, одан соң өз бетінше қоректене алады. Күшіктеріне аталығы да, аналығы да бірдей қамқорлық жасайды, қорек ұстауға үйретеді. Сілеусін көбіне ағаш тамырларының қуыстарына немесе таса жерлерге жасырынып жататын орын (жатақ) әзірлейді. Жатағының ішіне қураған шөп, қауырсын, жүн қалдықтарын төсеп ыңғайлап алады. Өте сақ жыртқыш аң. Сәл қауіп төнген кезде иіс сезу арқылы бірден байқайды. Ерте кездерде сілеусін Солтүстік ¬Ам嬬рика және Еуразия құрлығының сол¬түс¬¬тік өңірлеріндегі таулы орманды алқап¬тарда кеңінен таралған. Терісі қымбат баға¬лан¬-ғандықтан көптеп ауланып, соңғы кезде барлық алқаптарда саны азайып кеткен. ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін сілеусін Қазақстанның орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы таулы ормандарда көптеп кездесіп, үнемі ауланып отырғандығы туралы тарихи деректер сақталған. ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейін сілеусін Сыр бойының Қаратау жоталарын да мекендеген. Сілеусінге тікелей қатысты атаулар, сөз тіркестері де көптеп кездеседі. Мысалы, көрнекті қоғам қайраткері, тіл зерттеуші әрі этнограф ғалым ағамыз Жәрдем Салихұлы Кейкіннің (1925-2012) «Қазақ атаулары мен байламдар» атты кітабында (2000 ж) «ілбиін» - ұрғашы сілеусін, інсін - сілеусін күшігі» деген деректер келтірілген. «Сілеусін көз» деген сөз тіркесі көзі сілеусіннің көзіндей қырағы деген мағынаны білдіреді. Тарихшы ғалым Жамбыл Артық¬баевтың 2009 жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрген аса құнды «Баянауыл» атты кітабында Павлодар обылысындағы Қызылтауда сілеусін болатынын айта келе, «Баянауыл мен Торайғыр тауларының жартастарының қуыс-қуысын сілеусіндер мекендейді. Мәшіндері өсіп жетілгенше, оларға бұл жерде қауіп жоқ» деп жазған. Бұл арада біз сілеусіндердің күшігін қазақ тілінде «мәшін» деп аталатындығын аңғарамыз. Сілеусіннің терісі бағалы жыртқыш аң екендігі Мағжан Жұмабаевтың, Кенен Әзербаевтың, Қалихан Ысқақов¬тың, Қабдеш Жұмаділовтың, т. б. шығар¬маларынан да кездестіруге болады. Сілеусін көбінесе қояндарды, еліктерді, құдырларды, түлкілерді, жас бұғы төлдерін, шіл, құр, т. б. жануарларды аулайды. Сілеусін көбіне өзіне қолайлы ағаш басына шығып, аңдып жатып, жақындап келгенде оқша атылып, секіріп ұстайды. Кейде қорегінің біраз бөлігін қор ретінде сақтайды. Кейде өлекселермен де қоректенеді. Қазіргі кезде сілеусінді аулауға ¬тыйым салынып, қатаң қорғауға алынған. Ол еліміз¬дің Қаратау, Ақсу-Жабағылы, Ал¬маты, Марқакөл және Батыс Алтай та¬биғи қорықтарында және Сайрам-Өгем, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, «Көлсай көл¬дері», Қатонқарағай, Баяндауыл, Қар¬қаралы, Көкшетау, Бурабай ұлттық табиғи саябақтарында және таулы алқап¬тар¬дағы табиғи қорықшаларда қорғауға алынған. Сілеусін хайуанаттар бақтарында қолдан көбейтіледі. Сілеусінді қорғау қажеттігі туралы жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу қажет.

4 Күзгі түлкінің тауарлық түрі

Түлкі ең ажарлы жыртқыш аңдардың бірі. Терісінің реңі қызғылт сары, құйрығы ұзын әрі жүндес, тұмсығы ұзын әрі жіңішке, ал көздерінен ақыл әрі айлакерлік аңғарылады. Түлкі кішкентай ит шамалас. Жирен аңның реңі шіп-шикіл түстен сұр түске дейін кездеседі. Солтүстік жақта мекендейтін түлкілердің терісі қызғылт түсті, қыр далада мекендейтін түлкілердің терісі сұр және сары түстес. Терісі қара түсті түлкілер де болады. Қара сұр түлкі терісі ең әдемі болып саналады. Сол себептен қара сұр түсті түлкілерді бұрыннан бері фермаларда өсіреді. Кәдімгі түлкі әлде жирен түлкі (лат. Vulpes vulpes ) - жыртқыштар отрядының иттер тұқымдасына жататын аң.

Кәдімгі түлкі Еуропаның барлық территориясында, Солтүстік Африкада, Азияның көптеген аумағында және Солтүстік Америкада кездеседі. Кәдімгі түлкі Аустралияда акклиматизациядан өтіп, содан бастап сол материкте кең таралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңдар терісі мен үлбірінің тауарлық көрсеткіші
Былғары және үлбір тауартануы
Жасанды үлбір жайлы
Үлбір туралы
Теңіз жануарлары
Жасанды үлбір
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Топырақтардың химиялық құрамы
Сілеусіндер, бархытты мысық, жанаттар, ескекаяқтылар
Алматы облысы Кеген ауданындағы марал қоры және оны тиімді пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz