Уәкілетті мемлекеттік орган, құрылымы және міндеті. Техникалық комитеттер


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Уәкілетті мемлекеттік орган, құрылымы және міндеті. Техникалық комитеттер.

Орындаған: Даулетұлы Қ.

Тобы: ТК - 321

Тексерген: Смагулова М. Ғ

Семей 2016 жыл

Жоспар

  1. Уәкілетті мемлекеттік орган, құрылымы және міндеті.
  2. Техникалық комитеттер.

Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” заңда, сондай-ақ осы органдардың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесін айқындайтын заңдарда белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға құқылы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Уәкілетті органның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды ҚР-ның Үкіметі белгілеген стандартау, метрология және сертификатау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертхана орталықтарына қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.

Стандарттау, меетрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның сертификаттау саласындағы құқықтары мен міндеттері:

стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері:

мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру;

сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сертификаттауды дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу;

міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін дайындау;

мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекеттік сертификаттау тәртібі бойынша тіркеу;

сарапшы-аудиторларды аттестаттау;

сынақ зертхана орталықтарымен өнімді, процестерді, жұмыстарды сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;

мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүргізу;

мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік сертификаттарымен белгілерінің нысандарын, оларды беру және қолданудың тәртібін белгілеу;

құзіретті ұйымдарға сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге бірақ рұқсат беру;

сертификаттау ережелері мен рәсімдерінің бұзылуына кінәлі адамдарға заңдарда белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдану.

Техникалық комитеттер

ҚР-да стандарттау бойынша техникалық комитеттердің әрекеті мен функцияларының негізгі ұстанымдары ҚР 1. 15-2005 «Стандарттау бойынша техникалық комитеттер. Құрастыру және қызмет ету тәртібі» СТ нақтыланған. Осы құжатқа сәйкес ТК бекіту туралы негізделуі бар ұсыныстар бір немесе бірнеше министрліктермен, ведомстволармен немесе шаруашылық субъекттерімен дайындалып, стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органға жолданады.

Ұсыныстар құрамына кіру керек:

- ТК бекітілетін стандарттау нысандарының тізімі немесе әрекет ету саласы;

- нормативті-техникалық құжаттар, соның ішінде ТК бекіту керек әрекет ететін құжаттар;

- болжамдалатын жұмыс бағдарламасы;

- ТК болжамдалатын мүшелерінің тізімі.

Көрсетілген мәліметтер қарастырылған соң ТК бекіту немесе көрсетілген ұсыныстан бас тарту туралы сұрақ шешіледі.

ТК бекіту ТК құрау туралы ұсыныс берген стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органның және министрлік, ведомство немесе шаруашылық субъектінің келісілген қаулысымен толтырылады.

ТК бекітілгеннен кейін бір ай ішінде ТК жауапты хатшысы стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органға нағыз ережеге сәйкес құрастырылған анық бір ТК құрылымы мен ережелерін келісімдеу мен тіркеуге жолдайды.

ТК тіркеуде оған екі белгіден тұратын сандық нөмір беріледі.

ТК атауы «ҚР стандарттау бойынша техникалық комитеті» сөздерінен және мемлекеттік стандарттау нысанының немесе әрекет ету саласының атауынан тұру керек.

ТК негізгі функциялары:

- өнімнің бекітілген номенклатурасы немесе әрекет ету салалары бойынша стандарттау саласында техникалық саясатты құрастыру;

- мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ) және техникалық шарттар жобаларын құрастыру, қарастыру, келісімдеу және бекітуге дайындау; стандарттар мен техникалық шарттарды қайта қарау мен өзгертулерді дайындау, сонымен қатар стандарттар мен техникалық шарттарды алмастыру бойынша ұсыныстар дайындау;

- ҚР СТ өндірістік-дамыған шетелдердің және ТМД елдерінің мемлекетаралық, халықаралық, ұлттық стандарттарымен үйлестіру және үндестіру;

- әрекет етудің ұқсас облыстарында ұйымдармен және техникалық комитеттермен әріптестілікті жүргізу;

- өнімнің бекітілген номенклатурасы бойынша мемлекеттік стандарттаудың дайын жоспарын құастыру, мемлекетаралық стандарттау және кешенді стандарттау бағдарламаларын құрастыруға қатысу;

- талаптардың қолданылуы мен сақталуы бойынша кәсіпорындармен және стандарттарды пайдаланушы-ұйымдармен әріптестікті жүргізу;

- ТК бекітілген НТҚ техникалық деңгейін бағалау;

- стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органға жыл ішіндегі ТК жұмысы туралы ақпаратты дайындау және ұсыну;

- ТК енетін шағын комитеттер және жұмыс топтарының жұмысын үйлестіру;

- стандарттау саласында стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің ережелеріне сәйкес басқа нормативті құжаттарды құрастыру.

ТК органдыры мен лауазымды тұлғаларының функциялары, құқықтары мен жауапкершілігі ТК туралы Ережені ескерумен нақтыланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
ИСО халықаралық стандарттары
Стандарттау
Ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары
Стандарттау жүйесі
Әділет органдарының актілері
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
Өкілетті органдар
Конституциялық Кеңесті құжаттау және оның құжаттамасын басқару
Мемлекеттік аппарат туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz