Қазақ халқы салт- дәстүрлерінің бала тәрбиесіндегі алатын орны



Қазақ халқы салт. дәстүрлерінің бала тәрбиесіндегі алатын орны
Шашу.
Көрімдік
Шілдехана.
Ат қою
Бесікке салу.
Тұсау кесу.
Айдар.
Қыз ұзату, келін түсіру
Беташар.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев
« Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан » атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы 50 елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында (2003ж) ұлттық рухани және мәдени мұраларын сақтау, қалыптастыру, жетілдіру туралы халқына үлкен жанашырлық әрі көрегендікпен айтқан болатын.
Президент айтқан сол рухани мұраларымыздың ең көнесі де, ең қажеттісі де салт-дәстүр, әдет-ғұрып екені баршамызға мәлім. Ал дәстүр мен ұлт мәдениетін үйретудің басы – ана тілі. Б.Момышұлы “... анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту” – деп жазған.[1]
Салт-дәстүрлер халықтың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады.
Отбасылық ғұрыптар: Қауымдық – қоғамдық ғұрыптар:
Баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, қыз ұзату, өлген адамды жөнелту. Наурыз тойы, Ораза айт, Құрбан айт, ас беру, т.б.
Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары да бір төбе. [2]
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. ҚР Президентінің Халыққа жолдауы
2.Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1
3.http://www.kerekinfo.kz/tag/
4.http://kazakhi.info/heritage/traditions_and_way_of_life/242/
5.http://www.kuttybolsyn.kz/print:page,1,952-bala-kndk-sheshesne-nege-tartady.html
6.http://kk.wikipedia.org/wiki/

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқы салт- дәстүрлерінің бала тәрбиесіндегі алатын орны

Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана
емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды
Ғ.Мұстафин.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев
Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында атап өтілгендей,
әлем елдері арасында қуатты дамушы 50 елдің қатарына қосылу межесі барша
қазақстандықтарға қуат беруде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында
(2003ж) ұлттық рухани және мәдени мұраларын сақтау, қалыптастыру, жетілдіру
туралы халқына үлкен жанашырлық әрі көрегендікпен айтқан болатын.
Президент айтқан сол рухани мұраларымыздың ең көнесі де, ең қажеттісі
де салт-дәстүр, әдет-ғұрып екені баршамызға мәлім. Ал дәстүр мен ұлт
мәдениетін үйретудің басы – ана тілі. Б.Момышұлы “... анамыздың ақ сүтімен
бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту”
– деп жазған.[1]
Салт-дәстүрлер халықтың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен,
қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени
құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың
санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және басқа
этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы
атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп
үлкен екі топқа бөлуге болады.

Отбасылық ғұрыптар: Қауымдық – қоғамдық ғұрыптар:
Баланың дүниеге келуі, ержетуі, Наурыз тойы, Ораза айт, Құрбан айт,
келін түсіру, қыз ұзату, өлген ас беру, т.б.
адамды жөнелту.

Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары да бір
төбе. [2]

Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Әдетте,
шашуға кұрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, кәмпит пайдаланылған. Шашуды
жаңа түскен келінге, алғаш босаға аттаған күйеуге, тұсауы кесілген балаға,
алғаш атқа мінген балаға,т.б. жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні -жақсылық,
молшылық, кұт-береке тілеу.

Көрімдік-қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде көрімдікті
ұйымдастырушының алатын сый-кәдесі. Мысалы, қазақ алғаш көрген келінге,
күйеуге, нәрестеге, жаңа киімге, әшекей затқа, жаңа отауға көрімдік береді.

Шілдехана.Бала дүниеге келген күні шілдехана жасалады. Шілдехана
жасаудағы бірінші мақсат-дүниеге келген баланың қуанышына кішігірім
дастархан жайып сауық өткізу болса, екінші мақсат жаңа ғана дүниеге есігін
ашқан сәбиді түрлі жамандықтардан (жын, шайтан) қорғау. [3]

Ат қою. Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған. Мысалы,
баласына соған тартсын деп бір жақсы адамға ат қойғызған, немесе жақсы
адамның атын қойған. Мысалы, Абылай, Абай, Шоқан, т.б. белгілі, даңқты
адамдардың атын берген. Немесе Алдаберген, Құдайберген, Тілепалды деп
қойған. Мұндай аттарды ұзақ күткен, әулие-әнбиелердің басына түнеп тілеп
алған балаларға қоятын.

Бесікке салу. Бесікке салу рәсіміне, негізінен, әйелдер шақырылады.
Баланы бесікке салу сол ауылдағы сыйлы бәйбішеге тапсырылатын. Бесікті бала
атасына тартып өссін деген ниетпен атасының шапанымен, тонымен, атқа тақымы
мықты болсын деген тілекпен аттың жабуымен жапқан. Бала дүниеге келгеніне
40 күн толғанда қырқынан шығарады. 40 күнге дейін балаға тіл-көз тимесін
деп сырт адамға көрсетпеген. Қырқынан шығаруға да көрші-қолаң, туыстардың
әйелдері келеді. Бұл күні баланың қарын шашын (туғандағы шашы), тырнағын
алады, 40 қасық суға шомылдырады. Бала жүруге талпынғанда оның тұсауын кесу
рәсімі жасалады. [4]

Тұсау кесу. Тұсау кесуге де, негізінен, үлкендер жиналады. Баланың аяғын
ала жіппен, не койдың тоқ ішегімен тұсайды да, бала жүрейін дегенде тұсауды
пышақпен кесіп жібереді. Баланың аяғын ала жіппен, тоқ ішекпен тұсауда мән
бар. Қазақта ала жіп касиетті, адалдықтың белгісі саналған. Өзінің
адалдығын білдіргісі келген жан біреудің ала жібін аттағаным жоқ дейді.
Бұл бала адал болып өссін деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру
Қазақ салт-дәстүрлері
Той мерекелік салт-дәстүрлік әрекеттердің теориялық негіздері
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақта Баланы жастан
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Қазақ салт - дәстүрлері арқылы балаларға тәрбие беру барысы
Қыз бала тәрбиесі
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Пәндер