Талшықтар қоспасынан жасалған текстиль маталарын колорирлеу


XVI ТАЛШЫҚТАР ҚОСПАСЫНАН ЖАСАЛҒАН ТЕКСТИЛЬ МАТАЛАРЫН КОЛОРИРЛЕУ.
Кіріспе
Текстиль маталарын өндіру, пайдалану мен оған деген сұраныс аралас текстиль маталары дәуіріне еніп кетті десек қателеспейтініміз анық. Соңғы 20 жылда олардың маңызы қарқынды дамып келеді. Құрамында 100% бір типті талшықтардан өндірілген текстиль маталары тіпті шығарылмайды. Тіпті х/б және жүннен жасалған текстиль маталарының «таза» деп маркіленген сұрыптарында олардың физика-механикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында бірнеше пайыз синтетикалық полиэфирлі немесе полиамидті талшықтар қосылады.
«Аралас текстиль маталары» терминінің толықтай мағынасын дұрыс түсініп алған жөн. Бұл анықтама матаға, тоқыма матасына және бейматаға қатысты болады.
Аралас текстиль маталары табиғаты әртүрлі физикалық және химиялық филаментті жіптер немесе талшықтар қоспасынан құралады. Бұл анықтамаға филаментті жіптер қоспасынан, әртүрті типті тоқыма жібі қоспасынан, табиғаты әртүрлі физикалық және химиялық штапельді талшықтардың гомогенизделген қоспасынан алынған аралас тоқыма жібінен жасалған тоқыма маталары, талшықтар қоспасынан жасалған бейматалы маталар, биокомпонентті талшықтардын жасалған текстиль маталары жатады.
Егер химиялық табиғаты әртүрлі талшықтардың құрылған ассортименті 12 атауға ие болады деп есептеген жағдайда, тек осылардан ғана комбинация құратын болсақ теория жүзінде 66 екілік [(11х12) /2] және 220 үштік [(10х11х12) /6] қоспалар комбинациясын құруға болады. Бұл комбинациялар әртүрлі құрамды қоспалар сәйкесігінің өзгерісін ескермейді. Егер бір химиялық құрамды талшықтардың физикалық құрылымының өзгеріс мүмкіндігін ескерсек пайда болатын комбинациялардың санының мүмкіндігі айтарлықтай ұлғаяды. Тәжірибеде текстиль матасына, бірінші кезекте тұтынушылық нарыққа қойылатын талаптар кешеніне жауап беретін қоспалардың теория жүзінде мүмкін болатын комбинациясының барлығына қатал таңдау жүргізілді. Негізгі талаптарға келесідей төмендегілерді жатқызуға болады:
- Тұтынушылық пен технология үнемділігінің артуы;
- Текстиль матасына жаңа эстетикалық қасиет беру немесе қалыптасқан эстетикалық қасиеттерін жақсарту;
- Текстиль матасының физика-механикалық көрсеткіштерін жақсарту.
Осы талаптарды ескере отырып араласқан текстиль маталарының ассортименті құрылды, мұнда 40 бинарлы, және 23 үштік комбинация есептеледі. Тұтынушылық маңызы бойынша бұл қоспалар тең дәрежелі емес. Олардың ішінде мүлтіксіз үздіктері, сонымен қатар экзотикалықтары да бар.
Біз маңызы көбірек комбинацияларды, және бірінші кезекте полиэфирлі және мақта талшықтарының қоспасын қарастырайық, ол 1995 жылы әлемдегі барлық текстиль тұтынушылығының 16%-ын және аралас текстиль маталарының жалпы көлемінің 55-60%-ын құрады.
Осы жылы барлық аралас текстиль маталары дүние жүзіндегі текстиль тұтынуының 25-30%-ын құрады, бұл біз аралас текстиль маталарының дәуірінде өмір сүріп жатқанымызды дәлелдейді. Өндіріс тәжірибесінде кеңінен таралған және аралас текстиль маталарын пайдаланудағы ПЭ/мақта қоспасынан өзге ПА/мақта, ПЭ/жүн, мақта/жүн, вискозды талшық/жүн, ПА/жүн, жүн/ПАН, вискозды талшық/ПА қоспаларын да атап өткен жөн. Сонымен қоса оларға диференциалды боялатын полиамиді және полиэфирлі талшықтарды да жатқызуға болады. Қазіргі уақытта АҚШ-да катионды бояғыштармен боялатын полиэфирлі және полиамидті талшықтар шығарылады. Бұл қабілет катионды бояғыштар ионды байланыспен байланысатын сополимерлер қосындысы ретінде қышқылды топтар (модифицирленген полиакрилонитрильді талшықтарға ұқсас) құрамын енгізуді қамтамасыз етеді.
Бұл талшықтардың қышқылды және дисперсті бояғыштармен боялатын классикалық полиамиді және полиэфирлі талшықтармен алмасуы қызықты коллориялық әсер алуға мүмкіндік береді.
Танымалдылығы төменірек, бірақ кей жағдайда тәжірибелік қолданыс табатындарға келесі қоспаларды жатқызуға болады: ПЭ/ПА, ацетатты/вискозды және ПЭ/вискозды талшықтар.
Табиғи целлюлозды мақталы талшықтан басқа аз мөлшерде болса да табиғи целлюлозды талшықтардың барлық өзге түрлері: зығыр, джут, рами және т. б. пайланылады. Гидратцеллюлозды талшықтардан вискозды талшықтан басқа N-метилморфолин ерітіндісінен экологиялық таза технология бойынша алынған жаңа заман талшықтары («лиоцелл» тектес) қолданылады.
Аралас текстиль маталарынан алуға ниеттенетін колористік әсер түріне байланысты келесідей колористік (технологиялық) шешімдерді пайдаланады:
- Екі компонент те түс реңкі және интенсивтілігі бойынша бір түсті иемденген жағдайда біркелкі (біртүсті, біртонда) түс алу мақсатында бояу (басып шығару) ;
- Қоспаның бір немесе бірнеше компоненттері боялмайтын (ақ түсті болып қала берген) жағдайда қоспа компонеттерінің бірінде бояуды резервілеу;
- Қоспадағы компоненттер әртүрлі контрастты бояуға ие болғанда меланжды әсерді алу. Контраст анық болуы мүмкін және бояу интенсивтілігі, жарқырау мен түс реңкі бойынша айырықшалануы мүмкін немесе интенсивтілігі бойынша ерекшеленеді.
Жекелеген құраушыларды бояуға кететін уақыт пен салыстырғанда қоспаны бояу уақытының үнемді болуы маңызды. Бұл бірфазалы периодты немесе үздіксіз бояу әдісімен (баспадағы бірдеңгейлі бекіту) жүзеге асады.
XVI. 1 Қоспалар классификациясы
Қоспалардың көптеген классификацисы бар (химиялық және физикалық табиғаты бойынша, қоспадағы компоненттер сәйкестігі бойынша және т. б. ), бірақ колорист-технолог үшін қоспаларды колорирлеуде қолданылатын бояғыштардың классы мен түрін таңдауға негізделген классификацияны таңдау дұрыс.
Егер бояғыштардың барлық классын үш топшаға бөлетін болсақ: анионды топ (А), катионды топ (К) және дисперсті топ (Д), сәйкесінше мүмкін болатын барлық екілік және үштік қоспаларды осы үш топтың бояғыштарын пайдалану қажеттілігіне байланыстыкелесідей етіп болуге болады: А, АК, АКД, АД, КД, Д. Біз бұл классификацияға пигменттерді қоспадық, себебі олармен кез-келген затты бояуға және бояуды босып шығаруға болады.
Мұндай маркілеу былайша түсіндіріледі:
А - қоспаны анионды табиғатты бояғыштармен колорирлеуге болады;
АК - қоспаны анионды және катионды табиғатты бояғыштар қоспасымен колорирлеуге болады;
АКД - қоспаны анионды және катионды табиғатты бояғыштар қоспасымен және дисперсті бояғыштармен колорирлеуге болады;
АД - қоспаны анионды және дисперсті бояғыштар қоспасымен колорирлеуге болады;
КД - қоспаны катионды және дисперсті бояғыштар қоспасымен колорирлеуге болады;
Д - қоспаны дисперсті бояғыштармен ғана колорирлеуге болады;
А тобындағы анионды бояғыштар топшасына бояғыштардың алты классы енеді, соның ішіндегі бесеуі целлюлозды талшықтар үшін пайдаланылады: тікелей, белсенді, күкіртті, кубты, азоидты(талшықта синтезделетін ерімейтін азодақтар) . Қышқылды бояғыштар ақуызды және полиамидтә талшықтарды бояйды.
Келтірілген классификация қоспаларды колорирлеуге арналған бояғыштардың класстар комбинациясының кең таңдауын ұсынады. Дегенмен тәжірибе жүзінде бояғыштар класының кей комбинациялары ғана тапсырмалардан, бірінші кезекте технолгияның экономикалық тиімділігі тапсырмасынан өтті. Бояғыштар классы мен аралас текстиль маталарын колорирлеу технологиясын таңдауда келесі факторларды ескерген жөн:
- Қойылған колористі тапсырма қандай: біртонды эффект "үндестік үндестікке", құрастырылғандағы біреуінің резервирленуі және т. б. ;
- Бояу беріктігіне деген тұтынушының талаптары;
- Соңғы өңдеу талаптарында алынған бояудың беріктігі;
- Колорирлеу талаптарына құрастырылған қоспаның беріктігі;
- Түрлі құрастырылған қоспалар үшін қолданылатын бояғыштар класстарының сәйкестігі;
- Қажетті құралдарды таңдау мүмкіндіктері;
- ТВВ мен бояғыштардың құны;
- Барлық колорирлеу циклының экономикасы.
Технолог-колрирст үшін қоспаны құрайтын табиғи талшықтар бойынша (табиғи, жасанды, синтетикалық) аралас текстиль маталардың классификациясы маңызды болып келеді.
Бұл классификация бойынша аралас текстиль маталарын келесі топтар бойынша бөлуге болады:
- Табиғи талшықтардан құралған;
- Табиғи және жасанды талшықтардан құралған;
- Табиға және синтетикалық талшықтардан құралған;
- Жасанды талшықтардан құралған;
- Жасанды және синтетикалық талшықтардан құралған;
- Синтетикалық талшықтардан құралған.
Қиындықтарды қарастырған кезде қоспаларды берілген классификациясы бойынша қосымша талдау жасаймыз, бірақ А, АК және т. б. классификацияларын ескере отырып.
XVI. 2. Табиғи және жасанды талшықтарының қоспаларынан жасалған текстиль маталарын колорирлеу
Табиғи және жасанды талшықтарын қоспаның бір тобы бойынша карастыратын боламыз. Жасанды талшықтар түрлі физикалық құрылымның және түрлі алу әдістерінің (вискозды, жоғарымодульді және т. б. ) гидратцеллюлозды талшықтар мен ацетатты (уксусқышқылды эфирлі целлюлоздар) . Күрделі эфирлі целлюлоздар болып келетін өзінің колориристті қасиеттері бойынша целлюлозды талшықтардан ерешеленеді және синтетикалыққа жақынырақ болып келеді (гидрофобты, дисперсті бояғыштармен боялынады) . Табиғи және жасанды талшықтардан жасалған аралас текстиль маталарының өнімі екі себеппен мотивирленеді:
- Қымбат табиғи талшықтарға (жүн, мақта, зығыр) арзан жасандылардың (гидратцеллюлозды, ацетатты) қосындының арқасында олардың сапасының нашарлануысыз өнімнің құны арзандалу мүмкіндігі;
- Жаңа тұтынулы қасиеттерінің берілуі (эстетикалық, физика-механикалық және т. б. )
Нақты колористі эффектлерінің жетістігі бойынша келесі сорбционды қасиеттерінен бояғыштарды қолдануға болады:
А) бір табиғи туындысы бар бояғыштармен колорирлеу, яғни құралған қоспаларға қатысы бойынша жақын собционды бейімдігі. Мұндай қоспаларының мысалдары табғи жібек пен жүннің қоспалары (қышқыл, белсенді бояғыштармен колорирлеу) немесе түрлі физикалық құрылымның (азоидті, күкіртті, кубты, белсенді, тура бояғыштармен колорирлеу) целлюлозды талшықтар қоспасынан жасалған текстиль маталары болып келеді. Мұндай жағдайда тегіс бояу алу өте қиын және "үндестіктен үндестікке" эффектісін алу оңай болып келеді. Бұл жағдайда бояу технологиясы бірваннды әдіс бойынша жүзеге асады;
Б) құралған қоспалардан жасалған түрлі табиғи туындыларының әрбір бояғыштарды колроирлеу. Мысалы, протеиндер мен целлюлозды талшықтардың қоспасы. Бұл жағдайда да тегіс бояуға жету қиын. Әрбір класстан (қышқылды, белсенді, тура) бояғыштарының нақты маркаларына сәйкес ала отырып, "үндестіктен үндестікке" боуы немесе меланжелі эффектіні алу қиын емес. Жеткілікті қымбат және жалғастырмалы процесс жасайтын бояу технологиясы еківанналы әдісі бойынша жүзеге асады.
Егер екітүсті меланжелі эффектіні алу (М), құрылған қоспаларының бірін резервирлеу (Р), екі компоненттің біртекті бояу (О) сияқты формуландыру мүмкіндіктері мен колоритті мақсаттар болса, онда аралас текстиль маталардың әрбір типі үшін келесі жетерлік колористті эффектлкрді анықтауға болады (21-кесте) .
А жағдайы (бір табиғи туындыларының бояғыштары) бойыншабіртекті эффектіге қол жеткізу үшін сорбцияда бояудың екі құралған қоспасымен айырмашылық азаюдың мақсатымен бояу, жұмыс уақыты (уақыт, температура) мен бояу рецептурасында (рН, электролит, ТВВ) таңдау күрделі қиындық туындайды.
Б жағдайы (түрлі табиғи туындының бояғыштары) бойынша бояу таңдауы жеңілдейді, алайда басқа деструкцияға әсер етілмейтін бір компоненттің колорирлеудің талабын таңдау мен түрлі әсерлерге (О, М) бояу беріктігінің жақын мағынасы, бояу бойынша бірдей түс пен түр (О) қамтамасыз ететін түрлі класстардың бояуларын таңдау қиындық болып қалады.
Целлюлозды талшықтармен қоспада жүн үшін қышқылды бояғыштарды қолдану қышқылды орта целлюлоздың қышқыл гидолизіне әсерленбеу керек; аққуыз ташықтардың сілтілі гидролизіне ісерленбеуі үшін сілтілі орта күкіртті және кубты бояғыштармен құралған целлюлозды бояуда осы қалыпта болу керек.
Түрлі химиялық табиғаттың талшықтарынан (целлюлозды/аққуызды, целлюлозды/ацетатты, аққуызды/ацетатты) тұратын құрылған қоспаның тек бірін бояудыңолористті тапсырмасы шешілген кезде келесі мағлұматпен басқару қажет:
- Екінші қрылғанға минимум (нөлге тең) туындысы бар бояғыштардың маркаларын және класстарын таңдау;
- Екінші құрылған қоспасын бояуды резервирленген заттар қосындысы;
- Екінші құрылған қоспасының резервирлеуіне мүмкіндік туғызатын колорирлеудың жұмыс уақыты мен рецептурасын таңдау;
- Талшықтан фиксирленбеген бояғыштарды кетіру үшін соңғы стадиясында дұрыстап жуу (көпіршіктеу) .
Табиғи және жасанды целлюлозды талшықтардың қоспаларын колорирлеу.
Бұл аралас текстиль маталарының топтарынан үлкен маңызын білдіретіндер: мақта/зығыр, мақта/вискозды талшық, вискозды/ацетатты талшық. Целлюлозды талшықтан жасалған қоспаларының алғашқы екі типтері бір химиялық, бірақ бір класстың бояғыштармен колорирленетін түрлі физикалық құрылымнан тұрады. Түрлі физикалық құрылымдағы целлюлозды талшықтардың диффузиялы сіңіргіштігімен және сорбционды қабілетімен тегіс бояуда қиындықтар туындайды.
Талшықтың собционды қабілет пен диффузиялы сіңіргіштік бояу процессінің екі жағынан ісерін береді. Сорбционды қабілет бояудың тепе-теңдікке жақын жағдайда талшықпен сорбирленуге қабілетті бояғыштарының максималды көлемін анықтайды. Диффузиялы сіңіргіштік бояу жылдамдығын анықтайдлы. Осы екі факторлар аралас текстиль маталарының колорирлеуде ескерілуі қажет.
Сорбционды қабілет тураға жақын араларвында тығыз байланысы бар талшықтың суммарлы ішкі қабатымен немесе бос көлемнің үлкендігімен анықталады.
Талшықтың бос көлемді жіне суммарлы ішкі қабат олардың ортақ кеуектінің, яғни криссталды және аморфты облыстарының әсеріне байланысты. Диффузиялы сіңіргішітік сонымен қатар криссталды және аморфты облыстарынан, саңылаулардың орта өлшемдерінен, талшықтың ішкі қабатының қабілетінен және талшықтың молфологиясының тарқатылуына байланысты. Жоғары берілген теориялық оймен байлнысты целлюлозды талшықтардан жасалған қоспаларды колорирлеудің тәжірибесі келесі ұсыныстарды формуландыруға мүмкіндік береді:
- Жоғары емес температураны мүмкіндігінше қолдану;
- Электролиттің жоғары концентрациясын қолданбау;
- Мүмкіндігінше жарық түске колорирлеу, өйткені физикалық құрылымында қара түстерде айымашылық қатты байқалады. Әсіресе, тегіс бояуды қоңыр, көк, қара жасыл түстерде тегіс бояу қиын болады;
- Әрбір құрылған үшін максимум собцияға жететін түрлі температурада бояу;
- Тегістелмейінше бояуды жалғастыру;
- Талшықтың физикалық құрылымында айырмашылықты минималды анықталатын бояуларды (бояу өндірісі кеңестерін береді) таңдау.
XVI. 3. 1. Мақта мен зығыр қоспасы
Бұл қоспаның спецификалық ерекшелігі мақтамен салыстыру бойынша зығырдың диффузиялы сіңіргіштігінің аздығы жіне мерсеризірілмеген мақта мен зығырдың сорбционды ерекшелігінің жақын мағынаы ьолып келеді. Зығырдың төмен диффузиялық сіңіргіштігі талшықтың ішкі қабатын жабатын пектинді заттар қорғаныс бетінің ерекшелігі болып келеді.
Бұл диффузиялы барьердің жетуі үшін пектинді заттардың жұмсаруын туындататын бояу температураын көтермелеу.
Мамық пен зығыр қоспасын жиі тура, кубы және белсенді бояғыштармен колорирлейді. Тура бояғыштармен бояу мақтадан жасалған текстиль маталарын бояуына жақын режимі бойынша өткізіледі, бірақ жоғарғы температурада зығыр зиян тигізе алатын карбонат натрияның Na 2 CO 3 қосындысыз. Диффузия тездету үшін төменгі температурада кубты бояғыштармен бояу жағдайда пектинді заттарды жұмсартатын бояу ваннасына жуғыш қосылады. Бояу температурасы 60°C-тан төмен болмауы керек, бірақ лейкоқосындыларын туындататын температураға дейін жқғары емес. Тудырғыш ретінде дитионит натрияны қолданады. Индантренды қатардың көк маркалар кубты бояғыштарын бояған кезде сульфид натрия қолданылуы мүмкін, қайнатудың температурасында бояу өткізіледі. Белсенді бояғыштармен колорирлеу мақтаға арналған рецептура мен режим бойынша теді, бірақ бояғыш типтерін және фиксация режимін жоғарғы температура және төменгі сілті құрамдымен (жоғарғы сілті құпталмайды (NaHCO 3 , Na 2 CO 3 ) ) таңдалады.
XVI. 3. 2. Мақта мен вискозды талшықтар қоспасы
Бұл қоспалар тура, кубты, күкіртті, белсенді, азоидті бояғыштармен колорирленеді. Ұқсас қоспалар келесі ассортименттегі өндірісте қолданылады: жамаулы мата (негізгі мақта, висклзды қосымша), жазғы киімдерге арналған маталар, аяқкиім матасы, бөлімше маталары (бас киімдерге арналған ленталар) .
Ұқсас аралас текстиль маталары үшін барлық жағдайда қара түстерде әсіресе жасыл мен көк түсте қин оындалатын тегіс бояу қажет етіледі. Бұл қоспаларда вискозды, гидратцеллюлозды талшық аморфты облыстарда үлкен күшінде мақтадан қарағанда үлкен сорбционды қабілеті бар. Осыған байланысты қоспалар төмен температурада (85-90°C-тан өмен емес) және электролиттің төменгі құрамында (0-20% талшықтың массасы) боялынады.
Үлкен сезімтал вискозды талшықтың күшіне белсенді, азоидті, күкіртті және кубты бояғыштармен сілтінің әсеріне жұмсақ сілтінің барында жүргізілуі қажет.
ХVI. 3. . 3. Вискозды және ацетатты талшықтар қоспасы
Мұндай гидрофильді гидратцеллюлозды және гидрофобты ацетатты талшықтар қоспасы үшін келесідей колорирлеу әсерлерін алуға болады:
- Біртонды бояу;
- Екітонды бояу;
- Бір компонентті бояу және екіншісін резервілеу;
Ацетатты талшықтарды қоспада бояғыштар маркасы ассортиментінен сублимацияның («төмен энергиялы») жоғарғы температурасын иемденетін дисперсті бояғыштармен бояйды. Вискозды талшықтарды тікелей, кубты және белсенді бояғыштармен бояйды. Соңғы екі жағдайда сілтілік гидролиз есебінен ацетатты талшықтардың қажетсіз көбіктенуінің мүмкіндігін ескереді. Сондықтан белсенді бояғыштар жағдайында жұмсақ сілтілік агенттер және кубты бояғыштармен бояуда төмен температуралар қолданылады. Тікелей және дисперсті бояғыштар комбинациясы бірванналы әдіспен орындалады. Бояу ваннасы екі класстың да бояғыштарынан және электролиттен (целлюлозды талшықтарды тікелей бояғыштармен бояуда ұсынылатын концентрация) құралады. 30 минут ішінде температураны 80 0 С-ға дейін көтереді және осы температурада 60 минут бойы бояйды. Егер де дымқылды өндеуге беріктігі жоғарғы бояуды алу керек болса, тікелей және дисперсті бояғыштарды сәйкестендіру және диозотирлеу жолымен беріктендіреді. Бұл жағдайда химиялық құрылымы анықталған тікелей немесе дисперсті бояғыштарды таңдау керек: азотоптағы булы жағдайда аминотобы барлары.
Екітонды әсерге қол жеткізу үшін әртүрлі түсті дисперсті және тікелей бояғыштар комбинацияларын қолданады, мұнда талшықтың бір түрін бояп, екіншісін бұлғамайтындай бояу маркасын таңдайды.
Кубты жіне дисперсті бояғыштарды комбинациялау ұсынылмайды, себебі біріншілері пигмент пішінінде ацетатты талшықтар құрамына еніп кету қабілеті болғандықтан (бұл жағдайда дисперстіге ұқсас) оларды бұлғайды. Беткі қабатында бекітілген дисперсті бояғыштарды жою мақсатында орындалатын сілтілік-қалыптастыру өндеуі, полиэфирлік талшықтар жағдайындағыдай, ацетет талшықтарына олардың сілтілік гидролизге сезімталдығына байланысты орындалмайды.
Қоспаны құраушылардың бірін бояу әсерін алу үшін әдетте ацетатты талшықтарды бұлғамайтын және жақсы еруі үшін сілтілік ортаны қажет етпейтін тікелей бояғыштарды қолданады. Бояу ваннасына тікелей бояғышты енгізеді де, температураны 90-95 0 С- ға дейін көтеріп 1 сағат бойы бояйды. Егер дымқылды өндеуге төзімділігі жоғарғы бояуды алу керек болса, оны тікелей бояғыштар үшін дәстүрлі әдістер бойынша жеңілдетеді.
ХVI. 4 Ақуызды талшықтар қоспасынан жасалған
текстиль маталарын колорирлеу.
Ақуызды талшықтарға жүн, модифицирленген жүн, табиғи жібек, регенирирленген ақуызды талшықтар жатады.
Модифицирленген жүн деп - қабыршақты қабатты бөлшектік жою мен жүннің жақсы боялуы мақсатында қышқылдық өңдеуге (хлорирлеу немесе хромпикпен өндеуге) жіберілген жүнді айтады. Регенирленген ақуызды талшықтарды жүн қалдықтарын химиялық өндеу жолымен алады.
Ақуызды талшықтардың осы барлық түрлері бір-бірінен физикалық құрылымы, морфологиялық және химиялық құрылысы бойынша ерекшеленеді. Сол себепті осы талшықтардың барлығының собциялығының максималды көлемі және боялу жылдамдығы әртүрлі, нәтижесінде ақуызды талшықтар қоспасынан жасалған текстиль маталарында біртегіс бояуды алуда бірталай қиындықтар туындайды. Біртегіс бояуға қол жеткізу үшін ортаның анықталған рН көрсеткішін және температуралы-уақытты тәртіпті дұрыс таңдау міндетті болып келеді.
ХVI. 4. 1 Жүн/табиғи жібек қоспасы
Жүн мен табиғи жібек ақуызды талшықтар бола тұра бір-бірінен көптеген көрсеткіштер бойынша ерекшеленеді:
- Бастапқы құрылымының әртүрлі болуы, яғни полипептидті макромолекулаларының химиялық құрылымы, сәйкестінің әртүрлілігі және аминоқышқылдарының кезектестігінің әртүрлі болуы. Химиялық құрылымы бойынша ең күрделісі жүн кератинінде, ал ең қарапайымы жібек фибрионында;
- Әртүрлі екіншілік құрылым. Кератиннің полипептидті тізбектері α-спираль пішінін, ал жібек фибриондары - ß бүктелмелі пішінін иемденеді;
- Жоғарыдағы екі ерекшелік нәтижесі - буып-түю тығыздығының артықшылығы: фибрион кератинге қарағанда әлде-қайда тығыз физикалық құрылымға ие;
- Изоэлектрлік (ИТ) нүкте мағынасының ерекшелігі. Жүнде ИТ - 3, 6, табиғи жібекте ИТ - 4, 5;
- Қышқыл сыйымдылығы көлемінің ерекшелігі: жүнде - 0, 9мэкв/кг, табиғи жібекте - 0, 22 мэкв/кг. Яғни, теңестіру талаптарында жүн теория жүзінде табиғи жібекке қарағанда 4 есе көп қышқылды бояғыштарды байланыстыра алады;
- Жүнде бояғыштар үшін диффузионды кедергі бола алатын қабыршақты қабаттың (кутикула) қатысуы;
- Желімсіздендіру үрдісінде жойылуға тиіс болған желім -серициннің (~20%) табиғи жібек құрылымында қатысуы.
Бояу уақыты шектелген жағдайда табиғи жібек пен жүннің боялуына температура әртүрлі әсер етеді. 80-90 0 С температурадан төмен болмаған жағдайда табиғи жібек мұқият боялады, себебі мұндай температурада жүннің қабыршақты қабаты бояғыштар диффузиясына қатты тоқтатушылық әсер етеді. 90-100 0 С температурасында керісінше жүн терңірек мұқият боялады, себебі жүннің қылшықты қабатының ісінуі жүреді және жүн мен қылшық арасында қышқылды көлем ерекшелігіне тең келетін теңестіру сорбциясының артықшылығы байқала бастайды. Талшықтың екі түрінде де жалпы теңсалмақты сорбцияның төмендеуідегі температура жоғарылаған сайын, сорбционды теңдікке де солайша жылдам қол жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz