Химиялық талшықтардың классификациясы


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ХИМИЯЛЫҚ ТАЛШЫҚТАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

КІРІСПЕ

Жоғарғы сапалы синтетикалық талшықтарды ескергендегі техникалық сипаттамасы берілген полимерлердің шығарылым көлемін ұлғайту еліміздің ұзақ уақытқа берілген әлеуметтік және экономикалық дамуындағы негізгі мәселелердің қатарына жатады. Синтетикалық маталарды өндірудің негізі жұмсалатын шикізаттың арзан болуына, мата шығының кемшілігіне еңбек және энергетика ресурстарының дәл сондай табиғи ата өндіру шығынынан кем болуына, оларды өңдеудің технологиясының қарапайымдылығына байланысты. Табиғи және химиялық шикізаттар негізіндегі тоқыма талшықтары өндірісінің көлемі техникалық жағынан бағалы түрлі полимер маталары өндірісінен асып түседі. Табиғи, жасанды және синтетикалық талшыұар текстильді маталарды жасаудың және тұрмыстық пен техникалық бағытта тағайындалған бұйымдарды жасаудың негізі болып табылады.

2001 жылы әлемде талшықтарды өндәрудің жалпы көлемі 60 млн. тоннадан астам болды. Текстиль талшықтары негізгі түрлерінің өндіріс өсімінің динамикасы (млн. тонна) 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте

ЖылТалшық:

Жыл

Талшық

1900: 1900
1950: 1950
1960: 1960
1970: 1970
1980: 1980
1990: 1990
2000: 2000
2001: 2001
ЖылТалшық: Жасанды
1900: 0, 001
1950: 1, 7
1960: 2, 6
1970: 3, 6
1980: 3, 6
1990: 3, 1
2000: 2, 8
2001: 2, 8
ЖылТалшық: Синтетикалық
1900: 0
1950: 0, 07
1960: 0, 7
1970: 4, 8
1980: 10, 6
1990: 15, 4
2000: 30, 3
2001: 30, 1
ЖылТалшық: Мақта
1900: 3, 2
1950: 6, 6
1960: 10, 1
1970: 12, 0
1980: 13, 8
1990: 19, 0
2000: 18, 9
2001: 21, 2
ЖылТалшық: Жүн
1900: 0, 7
1950: 1, 1
1960: 1, 5
1970: 1, 6
1980: 1, 6
1990: 1, 9
2000: 1, 4
2001: 1, 3
ЖылТалшық: Барлығы
1900: 3, 9
1950: 9, 4
1960: 14, 9
1970: 22, 0
1980: 29, 6
1990: 39, 4
2000: 53, 4
2001: 55, 4

2001 жылы 33 млн. тонна өндірілген химиялық талшықтардың құрамындағы полиэфирлі және полипропиленді талшықтар 60% және 18% -ға жуығын құрайды. Бұл олардың функционалдық қасиеттерінің ерекшелігімен, шикізаттың қолжетімділігімен, заманауи технологияларымен, экономика және экология өндірісімен талаптандырылған.

2001 жылы БҰҰ мемлекеттеріндегі химиялық талшықтар мен жіптер өндірісі 430 мың тоннаны, соның ішінде Ресей-162 мың тонна құрайды. Осылайша өндіріс қарқыны өсе бастады, ағымдағы салаға инвестиция, даму, іскерліктегі өнер кәсіптер реконструкциясы және жаңаларды құру жүзеге аса бастады.

Соңғы жылдары химиялық талшықтардың кемшіліктерін жою және олардың құрамын өзгерту мақсатында химиялық модификация жүргізіліп отыр. Химиялық талшықтар мен жіптердің қолдану аясын кеңейту мақсатында беріктігі, созылымдылық қасиеті жоғарғы, термотұрақты, жану дәрежесі төмен, жарыққа төзімді және өзге де арнайы қасиеттері бар талшықтар жаратылуда.

  1. ХИМИЯЛЫҚ ТАЛШЫҚТАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Химиялық талшықтар деп, жасанды және синтетикалық талшық құраушы жоғарғымолекулалық қосылыстардан алынатын талшықтарды атайды. Химиялық талшықтар оларды құрайтын полимерлер сияқты органикалық және бейорганикалық болып топтастырылады. Органикалық талшықтар тобы жасанды және синтетикалық деп топтастырылады.

Жасанды талшықтар деп, жасанды полимерлерден алынатын, яғни жоғарғы молекулалы қосылыстардан табиғи шикізатты (ағаш және мақта целлюлозасы) химиялық өңдеу жолымен алынатын талшықтарды атайды. Жасанды талшықтар г идроцеллюлозды, эфироцеллюлозды және ақуызды болып топтастырылады.

Гидроцеллюлозды талшықтар гидрат целлюлозадан, яғни қайта тұңбаға түскен целлюлозадан тұрады. Гидроцеллюлозды талшықтарға вискозды, полинозды, медноаммиакты және фортиан жатады.

Эфироцеллюлозды талшықтарды целлюлоза ацетатынан - целлюлоза диацетаты (ЦДА) және целлюлоза үшацетатынан (ЦҮА) өндіреді. Сәйкесінше диацетатты және үшацитатты талшықтар болып топтастырылады.

Жасанды ақуызды талшықтарды сүттен (казеин), кукурузадан және соядан (зеин) алынатын химиялық өңделген ақуыздардан өңдіреді. Сол себепті, жасанды ақуызды талшықтарды казеинді және зеинді деп топтастырады. Мұнай ақуызы негізінде микробиологиялық синтезделген ақуызды талшықтар дәрежелі болып есептелінеді.

Синтетикалық талшықтарды синтетикалық полимерлерден өндіреді. Олар өзін құрайтын полимерлерге байланысты карбошынжырлы және гетерошындырлы талшықтар болып топтастырылады.

Карбошынжырлы талшықтарды карбошынжырлы полимерлерден - негізгі шынжыры көміртегі байланысынан тұратын органикалық полимерлерден өндіреді. Карбошынжырлы талшықтарға, мысалы полиолифенді талшықтар (полиэтиленді және полипропиленді), поливинил - спиртті талшықтар (винол), полиакрилонитрилді талшықтар (нитрон), галогеноқұраушы талшықтар (хлорин, фторлон, полифен) .

Гетерошынжырлы талшықтарды гетрошынжырлы полимерлерден - негізгі шынжыры көміртегі атомынан және өзге де атомдардан (оттегі және азот жиі кездесетін) құралған органикалық полимерлерден өндіреді. Гетерошынжырлы талшықтардың аңызды мүшесі - полиамидті талшықтар (капрон, анид, энант) және полиэфирлі талшықтар (лавсан) .

Бейорганикалық талшықтарды бейорганикалық заттардан - графит, шыны, асбест, металл және өзге де заттардан алады. Бейорганикалық талшықтарға көміртекті және графитті талшықтар, шыны талшықтар, асбестті талшықтар, керамикалық талшықтар және т. б. жатады.

Химиялық талшықтар өндірісінде түрлі халық шаруашылығы салаларындағы сұраныстарға сәйкес келетін қасиеттер кешеніне ие талшықтарды алуға мүмкіндік беретін талшыққұраушы сополимерлер қолданылады.

Химиялық талшықтардың классификациясы 1-суретте көрсетілген.

2. ХИМИЯЛЫҚ ТАЛШЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ

Химиялық талшықтарды өндіру үрдісі келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Талшыққұраушы полимерді таңдау және дайындау.
  2. Тоқыма ерітіндісін немесе балқымасын дайындау.
  3. Талшықты пішіндеу.
  4. Қорытынды өңдеу.

Талшыққұраушы полимерді таңдау және дайындау қажетті қасиетке ие талшықты алуда маңызды рөл атқарады. Полимерлер келесі маңызды талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Полимер оптималды молекулалық массаға ие болуы қажет. Егер полимерлің молекулалық массасы төмен болса, талшықтың физика-механикалық көрсеткіштерде төмен болады. Молекулалық массасы тым жоғарғы болған жағдайда талшықты пішіндеу үрдісі күрделенеді, себебі тоқу балқымасы немесе ерітіндісі жоғарғы тұтқырлық қасиетке ие, ал талшықты пішіндеу температурасы әдетте полимерді деструкциялау температурасына жақын болады. Сол себепті, талшықты пішіндеу үрдісі сәтті жүріп, нәтижесінде берік және иілгіш талшық алынатын полимер өндіруге талпынады.
  2. Полимер сызықты құрылымға ие болуы тиіс. Молекуланың созылымдылығы мен сызықтығы талшыққұраушы полимердің маңызды ерекшелігі болып табылады. Сызықты молекулалардың асиметриясын жоғарғы дәрежесі мен полимердің стереожүйелігі молекулааралық әсерлесу мен қалыптасатын талшықтың беріктігінің жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді.
  3. Полимер тоқыма балқымасы немесе ерітіндісін түзуге қабілетті болуы тиіс. Басқаша айтқанда, полимер не жайылмай балқуы (тұтқыраққыш жағдайға өтуі) тиіс, немесе техникалық жағдайда ыңғайлы және әлдеқайда арзан, қолжетімді ерітінділерде еруі тиіс.
  4. Полимер арзан және қолжетімді болуы тиіс. Біздің елімізде химиялық талшықтардың кез-келген түрін өндіруге қажетті шикізат базасы кең қолданыста: жасандыларға - ағаш целлюлозасы, синтетикалықтар үшін - мұнай мен газ.

Бастапқы шикізат (талшыққұраушы полимер) түсігімен қатар алғашқы шикізат - талшыққұраушы полимер алынатын зат түсінігі де қолданылып келеді. Мұндағы полиэтиленді алудағы алғашқы шикізат этилен болып табылады. Полиэтилен полиэтиленді талшық өндірісінде бастапқы шикізат болып келеді.

Талшыққұрпаушы полимерлерді өндіру мен олардан химиялық талшық пішіндеу химиялық өнеркәсіптермен қамтамасыз етеді.

Тоқыма ерітіндісін немесе балқымасын дайындау бірінші кезекте полимер қасиетіне байланысты. Егер полимер жайылмай балқитын болса, ендеше талшықты пайда болған балқымадан пішімдейді. Егер полимер балқымасы немесе пайда болған балқыманы пайдалану технологиялық тұрғыда ыңғайсыз болса, ендеше қолжетімді технологиялық тұрғыдан тиімді еріткіш қолданылады. Кей жағдайда еру дәрежесіне қол жеткізу үшін полиер химиялық өзгеріске ұшырайды. Осылайша целлюлоза жайылусыз балқымайды, ал ерітінді ретінде оған 70 %-дық күкірт қышқылы ерітіндісі қолданылады. Бұл еріткіш қолдануға тиімсіз. Сол себепті, визкозды және полинозды талшықтарды алуда тазартылған целлюлозаны (ол α-целлюлозасы деп аталады) 6 %-дық натрий ерітіндісінде еритін целлюлоа ксантогенатына айналдырады. Еру үрдісі араластыру кезінде жүреді және кей жағдайда суытуды қажет етеді.

Кейін тоқыма ерітіндісін механикалық қоспалар мен полимердің ерімейтін бөлшектерін жою үшін фильтрацияға жібереді. Фильтрациядан кейін ерітінді вакуум қысымымен немесе қарапайым атмосфералық қысымымен ауасыздандырылады, себебі ауа бөлшектері мата жібінің үзілуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Химиялық талшықтан жіпті алу үрдісі талшықты пішіндеу деп аталады. Мұны фильера деп аталатын талшыққұраушының көмегімен жүзеге асырады.

Фильера тоқыма ерітіндісі сығылатын саңылаулары бар қақпақша пішіндес болады. Фильераның көмегімен тоқыма ерітіндісінің жалпы ағыны ағыстарға бөлінеді, бұл ағыстар кейінірек қатып талшыққа айналады. Фильтрдағы жалпы саңылаулар саны бірнеше данадан бірнеше мыңға жетеді.

Химиялық талшықтарды пішіндеудің екі әдісі кеңінен қолданылып келеді: дымқыл және құрғақ. Пішіндеудің құрғақ әдісінде тоқыма ерітіндісінің ағысы ыстық немесе суық ауасы бар шахтаға жіберіледі: ерітіндіден пішіндеу кезінде жоғары температурада ағыстардағы еріткіштер буланып кетеді, балқымадан пішіндеу кезінде суық ауаның әсерінен полимер ағыстары қатып қалады. Пішіндеудің дымқыл әдісінде тоқыма ерітіндісінің немесе балқымасының ағысы тұнба ваннасына түседі, мұнда құрамы анықталған суық судың әсер етуінің нәтижесінде олардың ыдырауы жүреді.

2-суретте химиялық талшықты пішіндеу үрдісін жабдықтау көрсетілген, мұнда мөлшерлегіш (тоқыма) насос (1) жекелеген фильера үшін (3), механикалық қоспалардан ерітіндіні немесе балқытпаны тазарту фильтрі(2), шахта немесе тұндырғыш ванна (4) және жаңапішінделген талшықты қабылдау құрылғысы (ролик немесе бобина) бар.

2-сурет. Химиялық талшықты пішімдеу әдісі.

Қорытынды өңдеу дің негізі жаңапішінделген талшықтарды созу, ағарту, жуу (пішіндеудің дымқыл әдісінде), термоөңдеу(синтетикалық және ацетатты талшықтар үшін), майлау және бұрмалаудан құралады.

Созу макромалекулалардың орнығуы есебінен талшықтың беріктігін ұлғайтады. Ағарту ашық түстерге бояу мақсатында өндірілген талшықтардың түс ашықтағының дәрежесін жоғарылату масатында орындалады. Жуу тұндыру ваннасының компоненттерін талшық бетінен жою үшін орындалатын операция. Термоөңдеу эксплуатация немесе бұйым жасау кезіндегі мата талшықтарының отыруын алдын-алады. Үрдіс кезінде созылмаған жағдайдағы талшықтардың қысқа мерімде жоғары температурада болуы қарастырылады, мұның нәтижесінде талшық біртекті иілгіш қасиетке ие болады және ұзындығы бойынша қысқарады. Майлау талшықтың келесі үрдістерде электрленуін және қажалуын алдын-алады. Бұрмалау жіптің беріктігін жоғарылатады және дайындалған бұйымның сапасын жақсартады.

3. ХИМИЯЛЫҚ ТАЛШЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН МОДИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ

Өндірістік масштабта өндірілетін белгілі химиялық талшықтардың модификациясы оларға жаңа, алдын-ала белгіленген қасиеттер береді. Осыған байланысты талшықтардың сапасы жақсарып, қолдану аясы кеңейеді. Химиялық талшықтардың қасиеттерін модификациялауда қолданылатын барлық әдістерді екі топқа топтастыруға болады: бірінші топқа физикалық(құрылымдық) модификация әдістері, екіншіге химиялық модификация әдістері жатады.

Талшықтардың физикалық модификациясы талшықты пішіндеу немесе кезекті әрлеу үрдістері жүру кезінде жүзеге асады. Ол келесі әдістерден құралады.

  1. Толық немесе бөлшекті релаксациялаумен талшықты созу және орнықтыру, бұның нәтижесінде дымқыл және құғақ жағдайдағы беріктік және өзге де талшықтың механикалық қасиеттері жақсарады.
  2. Полимер ерітіндісіне немесе балқымасына аз мөлшердегі антиоксиданттарды, термо- және фотостабилизаторларды, түрлі әсерлерге беріктігін арттыру мақсатында қолданылатын, полимер диструкциясына әкеліп соқтыратын толықтырғыштарды енгізу.
  3. Полимер қоспасынан талшықт арды пішіндеу, мұнда қоспа құрамына енетін әрбір компоненттін бағалы қасиетін талшық сақтап қалады.

Талшықты созу вискозды техникалық жіпті, беріктігі жоғарғы вискозды штапельді талшықты, сонымен қатар карбо- және гетерошынжырлы талшықтарды алудағы міндетті үрдіс болып табылады. Созудың нәтижесінде химиялық талшықтардың үзілуге беріктігі 2-3 есе артады, сонымен қатар тәжірибелі түрде бағалы қасиеттерге ие өзге де кешендері жақсарады.

Құрамында аз мөлшерде төменмалекулалы заттары бар тоқыма ерітіндісі немесе балқымасының қосышасы көмегімен алынатын талшықтардың термиялық, термоқышқылдық және фотохимиялық диструкциясына беріктігін арттыруға болады. Көп жағдайда бұл қоспалардың маңызы шынжырлы радикалды механизмінің ыдырауына әкеліп соғады. Талшықтың малекулаларының функционалдық топтарын өзара байланыстырушы антиоксиданттарды қосу полимер деструкциясының қышқылдық және термоқышқылдық үрдістерінің жүру жылдамдығының төмендеуін қамтамасыз етеді. Талшыққа матирлейтін заттар қоспасын енгізу оның жылтырлығын төмендетеді. Қажетті дәрежедегі ағаруға қол жеткізу үшін тоқыма ерітіндісіне оптикалық ағартушы заттар (ОАЗ) қосады. Бактерицидті қасиеттерді иемденетін қоспалар микроағзалардың әсеріне төзімді талшықтарды алуды қамтамасыз етеді. Талшыққа антипирендерді енгізу жану қабілеті төмен талшықтарды алуға мүмкіндік береді.

Талшықты полимер қоспаларынан пішіндеу химиялық талшықтар қасиеттерін модификациялау әдістерінің бірі болып табылады. Енгізілетін қоспалар негізгі полимер еритін ерітінділерде де еритін талшыққұраушы полимер болып табылады. Бұл қоспалар талшық құрылымын құрауда қатысады және алынатын талшық қасиеттерінің кешеніне әсер етеді. Пішіндеу үрдісінде қол жеткізген малекулабеттік қасиеттерге ие талшыққұраушы ЖМҚ -ды араластыру әр полимерге ие бағалы қасиеттерді жинауды қамтамасыз етеді.

Дайын талшықтың қасиеттерін физикалық модификациялау үшін екі әдіс қолданылады:

  1. Термоиілгіш талшықтарды өндеу немесе биокомпонентті талшықтарды пішіндеу жолымен текстурирленген көлемді жіптерді алу. Текстурирленгендеп ерекше физикалық және физика-химиялық жолмен талшықтарды өндеуден алынатын, макроқұрылымы өзгерген талшықтарды атайды.
  2. Әртүрлі химиялық талшықтардың немесе табиғи мен химиялық талшықтардың қоспасынан түрлі текстильді бұйымдарды алу.

Текструрирленген жіптерді өндірудің жалпы талаптары көп жағдайда жіпке механикалық әсер етуге, яғни беткі қабаттың жылтырлығын өзгертуге, құрылым тығыздығына және үлпілдек, борпылдақ жіпті алуға байланысты болып келеді. Жіпке механикалық әсер ету мақсатында түрлі әдістер қолданылуы мүмкін - бұрмаланған термофиксацияланған жіптерді қайта бұрау, гофрирлеу, жіптерде қысымды тудыру, макроқұрылымды бұзу.

Үлкенкөлемді тоқыма жібі екі типті штапельді талшықтың қоспасынан алынады: отыруы жоғарғы (қоспаның 30-50 %) және отыруы төмен (қоспаның 50-70%) . Отыруы жоғарғы талшықты қыздыру кезінде талшықтар қысқарып отыруы төменгі талшықтарды иілуге мәжбүрлейді, яғни қоспада өндірілген тоқыма жібінің ұзындығы қысқарып, қалыңдығы ұлғаяды.

Жоғарғы иілгіш текстурирленген жіптерді алудың кеңінен таралған түрлерінің бірі - жалған бұрау әдісі: бұралған жіп қысымды азайту мақсатында термоөңдеуден өтеді, кейін қайта бұралады. Мұндағы жіп иілуге ұмтылады да ілгекті құрайды, оның ұзындығы әлдеқайда кемиді, жіп үлпілдектікке және үлкен көлемге ие болады.

Текстурирленген жіптерді биокомпонентті талшықтардан да өндіруге болады, мұндағы алу әдісінің негізі екі полимердің балқымасының немесе ерітіндісінің фильерасынан пішіндеуге негізделеді. Сонымен қатар ағымдардың араласуын алдын-алады, және әр жіп жеке екі полимерден құралады. Бұл компоненттер физико-химиялық және физикалық қасиеттері бойынша ажыратылады. Биокомпонентті талшықтарды алу үшін біртектес құрамды полимерлерді, бірақ молекулалық салмағы бойынша немесе жоғарғы температура әсерінен отыруы жүретін әртүрлі термоиілгіш сополимерлерді пайдаланады. Биокомпонентті жіптерді тормоөндеуге жібергенде өз ішінде полимер компоненттерінің әрқайсысын көлемі бойынша әртүрлі отыруға әкеліп соқтыратын бөлшектік релаксация жүреді.

Текстиль талшықтарының химиялық модификациясын бірнеше әдіспен жүргізуге болады.

І. Сополимерлерден талшық алу. Сополимер малекулалары құрылымының жүйесінің бұзылуы нәтижесінде дайын талшықтың қасиеттері өзгереді. Сополимерден алынған талшықтар жоғарғы ерігіштігімен, боялу қабілетінің жақсаруымен, жоғарғы гигроскопиялығы және иілгіштігімен ерекшеленеді. Мұндай талшықтарды алу үшін екі типті сополимерлер қолданылады:

1) құрамындағы бір компоненттің үлесі 80-85 %-ды құрайтын, ал екінші компоненттің кішкене бөлігін кейбір қасиеттерді жақсарту (мысалы, боялу қабілетін) мақсатында қосатын сополимерлер. -

2) құрамындағы бастапқы екі мономердің сәйкестік үлесі жуықтағанда тең болатын сополимерлер. Бұл жағдайда талшық қасиеттері кешені толықтай өзгереді.

ІІ. Ұластырылған сополимерлерден талшық алу. Ұластырылған сополимерлерден талшық алу әдісі химиялық және табиғи талшықтардың қасиеттерін өзгертуде қолданылуы мүмкін . Ұластырылған сополимерлерді алуда радикалды полимеризация әдісі кең қолданыс тапты. бастапқы талшықтың қасиеттерін модификациялау үшін ұластырылатын полимер саны әдетте талшық массасының 30-40%-ын құрайды. Әдетте бастапқы полимер малекуласының құрамына ұзартылған шынжырлардың салыстырмалы аз есебі енеді. Мономердің ұластырылуы технологиялық үрдістің әртүрлі деңгейінде жүзеге асуы мүмкін: бастапқы полимерге, құрылған талшыққа немесе дайын бұйымға жеке-жеке. Ұластырылған сополимерлерден жаңа спецификалық (өртке қарсы, ионалмастырғыш, бактерицидті, май және су өткізбейтін) қасиеттерге ие талшық алуға болады. Дайын талшықтың қасиеттерін өзгерту үшін реакционды*қабілетті топтар мен молекулалар арасындағы кері химиялық байланыс түзу есебінен полимерлердің химиялық айналымын пайдаланады.

4. ХИМИЯЛЫҚ ТАЛШЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН САПАСЫ

Химиялық өнеркәсіпте талшықтын төменде келесі түрлері өндіріледі:

  1. Текстильді жіптерді топтастыратын қосымша жіптер;
  2. Талшық
  3. Моножіптер
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқыма маталардың классификациясы және қасиеттері
Басқа талшықтар араласқан жасанды жіптерден тоқылған маталар
Материалдарды колорирлеу
Тоқыма талшықтары
Талшықтар қоспасынан жасалған текстиль маталарын колорирлеу
Талшықтардың классификациясы
Материалдарының түрлерінің құрылымы
Тоқыма талшықтарының химиялық қасиеттері
Табиғи талшықтар
«Химиялық талшықтардың технологиясы» пәнінен студенттердің практикалық сабақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz