Электрондық құжаттарды жасау


Электрондық құжаттарды жасап, оны қағазға, магниттік пленкалар мен слайдтарға шығаруға болады, бірақ бұл кезде олар электрондық түрін жоғалтып, өңдейге

икемді күйінен айырылады.

Сөйтіп, кұжаттарды электрондық түрде бір компьютердсн басқа ком-пютерге беру мәселесі тұады. Ең оңай шешім - құжаттық файлды дис-кетаға (немесе бірнеше дискетаға) көшіріп, басқа компьютсрге апару. Бұл бірнеше жылдар бойы пайдаланылған ең тиімді әдіс болып келді. Ал дис-кеіте информация берудің ең қолайлы құралы емес, әсіресе информация Көіі болғанда немесе дискета почтамен жіберілгенде. Егер бірнеше адам бір ғана құжатпен немесе бір ғана деректер базасымен бір мезгілде жұмыс Істсйтін болса, әрине ешқандай дискета кемектесе алмайды. Бұндай жағдай өмірде жиі кездеседі.

Мысалы, дүкенде бірнеше кассир бір мезгілде банкілік деректер база-сымсн жұмыс істесе-, сатып алушылардың элоктрондық несиелік карточ-каларымен есеп айырысады.

1-сурет. Жергілікті компьютерлік желі

Егер информация алмасатын компьютерлер бір-бірінен жақын орна- ласса, оларды не теледидар кабелі сияқты кабельді, не оптоталшықты кабе льді, не есілген жұп деп аталатын арнайы сымды пайдаланып жалғастыруға болады. Бұл үшін арнаулы желілік (сетевая) платалар және программалық жабдықтар керек. Бұл қосылу жергілікті компюьтерлік деп аталады.

Жергілікті компыотерлік желі құрұдың негізгі мақсаты - информациялық ресурстар мен компъютерлік техникаресурстарын: жадты, процессорларды, принтерлерді, сканерлерді және т. б. бірлесе пайдалану.

Бір компьютердің жадына орналастырылған деректерді енді кез кел-. ген басқа компыотерде пайдалануға болады ғой, және сол информация-ны орналастыру үшін соңғының жады керек етілмейді. Дәл солай, енді бір ғана программаның әр компыотерде бар болуы және іске қосылуы керек емсс - желінің кез келген компьютерінен сол программа бар бір компьютсрге қатынас жасауға болады. Істің мәнін тек ресурстарды үнем-деуде ғана емес. Банк өз компьютерлерінің жергілікті желісінсіз жұмыс істей ала ма? Әрине, жоқ! Банкінің әр түрлі бөлімшелерінде клиенттер-мен жүргізілген операциялар жайлы мәліметтер бірден орталық дерек-тер базасында көрсетілуі тиіс, әйтпесе әбден былық жағдай болады. Банк қызметкері өз компьютерінде клиентпен жүргізілген әрбір операциядан кейін өзгерістерді дискетаға жазып және сол дискетамен бас компьютер-ге жүгіруі мүмкін емес кой. Қызметкерлер жұмыс істеудің орнына бас компьютер диск жетігі жанында кезектер тұрар еді.

Ал, егер сол банкілік компьютерге алыстағы дүкенді косу қажет бол-са, не істеу керек? Шынымен жеке кабель тарту керек пе? Әркімнің қолы жететіндей қандай да бір коммуникациялык, желі жоқ па екен, ойласты-рып көрелік. Әрине, бар! Бұл өзінің 100 жылдан астам дамуында Жер шарының түкпір-түкпіріне дейін жеткен телефондық желі. Бірақ теле-фондык желі өз табиғатының ескілігінен оны компьютерлер тікелей пай-далануына бейімделмеген. Компьютерлердің цифрлық тілін телефондык сигналдарға және керісінше, түрлендіретін арнайы құрылғы қажет.

Компьютердің цифрлық сигналдарын телефондық сигналдарға түрлендіру модуляция деп, ал телефондық сигналдарды цифрлык түрлендіру демодуляция деп аталады. Мұны жүзеге асыратын құралдар модемдер (модуляция-демодуляция) деп аталады. Екі компьютердің те-лефондық желімен байланысу схемасы кескінделген.

Схемаға мұқият карай отырып, телефон желісінде екі компьютер ха-барды жіберу-қабылдау кезінде іске қосулы болуы ғана емес, хабарды жіберу-қабылдау программасымен жұмыс істеулері ксрек. Алдын ала келісіп, хабарды жіберу-қабылдаудың бір ғана программасын бір мезгілде іске қосып, осы процесстің аяқталуын күту керек, егер байланыс үзіліп қалса, осы процесті қайталау керек . . . Қысқасын айтқанда, екі компьютердің байланысы үшін телефондық, желіні тікелей пайдалану, әсіресе компьютерлер әр түрлі қалаларда болғанда, қолайлы бола қой-мас. Әрине, Қазакстандағы Нұрлан мұқиттың арғы жағындағы досы Джоннис бір-екі жыл сәлем хат жазуына мүлдем жарамайды.

Компьютерлік жалпы желінің кұрылуы информация алмасу жөніндегі көзқарасымызды түбірінен өзгертті. Бұл желінің жұмыс істсу принціпін түсіну үшін, уақытша компьютерлер, модемдер, телефондық желілер жайлы ұмытып, көдімгі почта жұмысын қарастырайық. Почтада әркім абонентік жәшік ашады да, онда сол жәшік адресіне келгсіі барлық хат-тар, газет-журналдар (корреспонденция) жинақталып, сақталып тұрады. Ал жәшік иесі оны өзіне қолайлы уақытта барып алады. Электрондық почта немесе Е-таіі осы принципке сөйкес жұмыс жасайды. Почта бөлімдерініңрөлін үнемі іске қосулы тұратын көптеген қалалардағы қуат-ты копьютерлер атқарады. Олар тек кәдімгі телефондық сымдар арқылы ғана емес, арнайы цифрлық байланыс кабельдерімен жөне спутниктік байланыс арналарымен (каналдармен) өзара жалғастырылған. Мұндай жүйе жалпы компьютерлік желі деп аталады.

2-сурет. Жалпы компьютерлік желі

Электрондық почта қызметін пайдалану үшін осындай компью-терлердің бірінде (оларды серверлер деп те атайды) сендерге адрестелген корреспонденцияның бәрі келіп түсетін абоненттік жәшік ашу қажет.

Сендердің абонеттік жәшіктерің қатты дискідегі ("винчестердегі") аймақ, ол корреспонденцияның алынуына байланысты босайды. Компьютерлік желі серверлері үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, хабардың қабылда-нуы жайлы біреумен келісудіц ешқандай кажеттігі жоқ. Модем арқылы өздерің қолайлы уақытта сервермен байланысып, өз почталарынды алып, жіберіп тұру жеткілікті.

Енді адрес туралы мәселеге оралайық. Хатты жібергенде елді, қаланы, почтабөлімшесін, абоненттік жәшіктің нөмірін көрсету қажет. Алғашқы үшкөрсеткіш(реквизит) алушының , хатпен айналысатын почталык қызметті анықтайды. Хатты әуелі халықаралық почта мекемесі алады, сонан соң ол қалалық почтамтка келеді, онда хат-тарды қала ішіндегі почта бөлімшелеріне бәледі, сонан кейін сендер жа-қын почтаға келеді, сонда жәшіктерін салынады. Қызметтің мұндай принципі иерархиялыкдеп аталады. Электрондық почта да осындай прин-циппен құрылған. Бірақ бұл иерархия географиядан онша тәуелді емес. .

Біріншіден, жалпы желі алғашында жеке адамдар үшін емес, қарулы күштерді стратегиялык басқару мен ірі ұлттық компанияларды басқару үшін құрылды. Бұл желі үшін абоненттің қай елде екені тіпті маңызды емес. Тек абоненттік жәшіктің қай серверде екені маңызды.

Екіншіден, сендер енді түсініп отырған шығарсыңдар, жалпы компьютерлік желілілер көп, олар әр түрлі құралдар мен программалық жабдықтар негізінде кұрылған, өзінің информацияны кодтау мен жіберу жүйесін - информацш алмасу хаттамашн (протоколын) пайдаланады. Жалпы желілердің біріктіруде көп қиындықтарды жеңе отырып, бір желі кұрылды. Қазір бұл желі Интернет деп аталады.

Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін, дискеттер, компакт-дискілер қолданылады Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса жәнс жұмыс кезінде онымен ұдайы алмасып отыру қажет болса, онда мұндай әдіс қолайсыз болады.

Сондықтан әлі компьютерлер даму таңында оларды арнайы кабельдердің және басқару бағдарламаларының жалғастырып, компьютерлер арасында нақты уақыт режімінде деректермен алмасу ойы пайда болады. Компьюті бірімен бірін байланыстыруды (қосуды) компьютсрлік желі деп атады.

Компьютерлік желі - бұл әр түрлі қорларды, мысалы бағ дарламаларды, құжаттарды және принтерлсрді Оіріі Іп ілану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютср и і

Бір-бірімен тікелей жақындықта (бір немссі ОІрмі көршілес ғимараттарда) орналасқан компькпгрш-р ОІр жергілікті желі деп атайды.

Мысалы, егер сендердің сыныптарыңіи. іц компіікп
желіге біріктірілген болса, онда өздерің құрпиі і, і

3- компьютерлік сыныптың бір рангілі жергілікті желісі

компьютеріңнен принтерге, ол оған тікелей қосылған принтер сияқты бірден шығара аласыңдар.

Сонымен қатар орындарыңнан түрмай-ақ басқа компью-терге "қонаққа баруға" болады жөне онда қандай қапшықтар мен файлдардың барын көруге, қалауларың бойынша қажеттісін өз компьютерлеріңе алуларыңа болады.

Бір бөлмедегі компьютерлер жергілікті желіге әр түрлі жолмен біріктірілуі мүмкін. Біріктірілудің бір түрі (варианты) көрсетілген.

Бұл схемадан барлық компьютерлер бір-бірімен желіге арнайы құрылғы-коммутатор арқылы біріктірілгені көрініп түр, егер қандай да бір компьютерді өшіретін болсақ, онда ол желідегі басқа компьютерлердің жұмысына әсер етпейді.

Сендер бүрыннан Жұмыс орнында (Рабочий стол) Сетевое окружение (желі ортасы) деген ете маңызды белгіше бар екенін білесіндер. Егер маус нүсқағышын сол белгішеге апарып екі рет шертсеңдер, онда сендердің дисплей сыныптарыңны11 желіде жұмыс істейтін компьютерлерін түгел көрсететін қан шық ашылады.

Егер сендердің компьютерлік сыныптарың басқа мектептің компьютерлік сыныбымен байланысқан болса, онда желіге қосылған барлық компьютерлерді көру үшін, Вся сеть (барлық желі) белгішесін пайдалану керек. Сонда экранда онда компьютерлердің барлық, жұмыс топтары көрсетілген терезе пайда болады (жұмыс тобы бір сыныптың компютерлері (3-сурет) . Маустың батырмасын жұмыс топтарының белгішелерінің бірінде екі рет шертсеңдер сол сыныптың желісіне қосылған компьютсрлерді көресіңдер.

4-сурет. Вся сеть қапшығының терезесі

ҚОРЛАРҒА ҚАТЫНАУ

Қорларды (ресурстарды) пайдалануды шектеуге болады. Оны жүзеге асырудың екі жолы бар:

  1. Пайдаланушылар деңгейінде
  2. Қорлар деңгейінде

Пайдаланушылар деңгейіндегі шектеулер қорлауғақатынауға рұқсат берілген жұмыс топтарының немесе пайдаланушының атын компютерде көрсету арқылыжасалады. Қорлар деңгейінде әр бір қорға пароль құпия сөз тағайындалады. деңгейінде ол ортақ қорға қатынау мүмкіндігін алғысы келеді пайдаланушы осы ресурсқа тағайындалған пароль білуі керек. Егер қорға пароль тағайындалмаса, онда кез келген пайдаланушының бұл қорға толық қолы жетеді (яғни еркін қатынай алады) .

Қорға (мысалы, дискіге) қатынаудың үш деңгейі мүмкін толық- (ақпаратты оқуға, өзгертуге, бірақ өзгертулерді
жоюға және, сақтауға болады)

  • жергілікті (қорға желі арқылы қатыпауга болмайды) .

Шағын жергілікті желілерде (Доступ на уровне ресурсов) Қорлар деңгейінде қатынау қолданылады.

КОМПЬЮТЕРЛЕРІҢДЕГІ ДИСКІЛЕР МЕН ҚАПШЫҚТТАРҒА ҚАТЫНАУ

Қапшыққа немесе дискіге қатынауға рұқсат ету үшін, келесі:

  • қапшықтың (дискінің) белгішесін бөліп алу (белгілеу) ;
  • белгіленген Доступ командасын тандау ;
  • ресурсжағдайына қою;
  • егер желі атын өзгертукерекболсаонда Сетевое имяөрісіне және Заметкиөрісіне енгізу
  • қажетті қатынау құқын орнату)
  • сәйкес парольді (егер керск болса) енгізу;
  • ОК-ді басу қадамдарын орындау керек.

Ортақ қордың (ресурстың) белгішесіпде осы қорды басқа пайдаланушыларға үсынып тұрғандай қол бейнеленеді.

Егер дискіге қатынау ашық болса, онда осы дискінің барлық қапшықтары да сол қатыпау құқтарымен мүмкін болады. Бұл жағдай кірістірілген қапшықтарға да қатысты.

Қатынауға мүмкіндік беруді тоқтату үшін ауыстырып қосқышты Локальный ресурс жағдайына келтіру жеткілікті.

Дискіге немесе қапшыққа қатынау деңгейіп беру компьютердің қорларын бірлесіп пайдалануға рұқсат етілгеннен кейін ғана мүмкін болады. (Команда - Пуск > Настройка => Панель управления => Сеть, вкладка Конфигу рация, кнопка Доступ к файлам и принтерам . . . ) -

ЖЕЛІЛІК ҚОРДЫ ҚАЛАЙ АШАДЫ

Қандай да бір желілік қорды пайдалану үшін:

  • Сетевое окружение қапшығын ашывдар да, онда қажетті қор бар компьютерді таңдаңдар;
  • компьютердегі қорды (мысалы, дискіні немесе қапшықты) ашу керек;
  • егер қорға қатынау шектелмеген болса (Полный (толық), паролі жоқ), онда бұл дискімен немесе қапшықпен жергілікті қормен сияқты жұмыс істеуге болады;
  • егер қорға қатынау парольмен шектелген болса, пайда болған диалог терезесіне (тіл мен регистрді ескеріп) парольді енгізіп, ОК-ді басу керек.

Егер Парольдер тізіміне (Список Паролей) Сохранить пароль жалаушасын қойса, онда келесі жолы (операциялық жүйені қайта жүктеу алдында) осы қорға қатынауға пароль сұратылмайтын болады.

Желілік қорды пайдалану мысалын қарастырайық.

Басқа компьютерге "қонаққа барып", өзіңніңкомпьютсріңе бір нәрсені көшіру үшін келесі әрекетерді орында:

1. Сетевое окружепнс белгішесінде маустың батырмасын екі рет шерт.

2. Ашылған терезедегі взің "қонаққа баратын" компьютердің белгішесін маустын батырмасын екі рет шерт.

3. Пайда болған терезеде ( қалшығының белгішесін екі рет шерт. С: қатқыл дискісінің терезесі ашылады.

4. Одан өзіңнің компьютеріңс көшіретін қапшықты немесе құжатты тап.

5. Өз компьютеріпдеп Мой помпыотер белгішесін екі рет шерт қапшығының

6. Ашылған терезеде дискісі нің белгішесін маустың батырмасып скі рет шерт

7. Өз компьютеріңе онда өзіңе упаған қапшықты немесе құжатты көшіретін қапшықты аш.

8. Қажетті құжатты немесе қапшықты бөліп алып, оны маустың көмегімен Мои документы қапшығына немесе Жұмыс орнын а тасымалда

9. Өзің "қонаққа барған" компьютердің барлық терезелсрін жап,

Қатынау мүмкіндігін тек қапшықтар мен дискілерге ғана емес, шалғай құрылғыларға, МЫСАЛЫ, принтерге, модемге және т. б. да жасауға болады. Құрылғыға қатынауға ашу принциптері қапшыққа немесе дискке қатынау ашумен ұқсас. Мысалы, принтерге қатынау үшін

1. Басты менюдс Пуск ^ Масгройка => Принтеры тізбегін орындау керск.

2. Оған қатынау ашу ксрск болатын принтердің контексті менюінен Доступ . . . командасын беру керек.

3. Ауыстырып қосқышты Общий ресурс жағдайына қою керек.

4. Егер қажет болса, Желілік қор желіде көрінетін (иишды • і метки) енгізу керок керек жөне Заметки өрісіне сәйкесбелгілеулер жасау керек.

5. Егер қажет болса Пароль енгізу керек

ЖЕЛІЛІК ПРИНТЕРМеН ЖҰМЫС

Егер компьютерге қосылған принтер жоқ болса онда жергілікті желінің оған қатынауға принтерінде басуға болады.

1. Принтеры қапшығын ашу керек (Пуск - Принтеры) .

2. Принтерді орнату Шеберін (Мастер

іске қосу үшін, маустың батырмасын Установка принтер белгішесінде екі рет шерту керек

3. Шебердің нұсқауын орындау ксрек (Далее Әрі қарай батырмасы - келесі қадамға өту) .

Желілік принтерге қатынау орнатылғаннан кейін Принтер қапшығында желілік принтердің белгішесі пайда болады.

ЖЕЛІ ҰҒЫМЫ

Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы (бір не-месе бірнеше мемлекет шегіндегі) компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірілсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе территориялық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мындармен есептеледі.

Жалпы зқслілер - бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең белгілі жөне қол жететін (қатынауға болатын) жалпы желі Интернет болып табылады. Интернет желісі тұрақты құрылым емес, оны Миллиондаған пайдаланушылар ұдайы өзгертіп отырады. Бұл жалпы желінің өте маңызды ерекшелігі: Интернет ешкімнің меншігі емес. Интернеттің орталықтандырылған басқаруының жоқтығының нөтижесі - ақпараттық кеңістіктің шексіз бостандығы болып табылады,

Интермст өз тарихын бұдан 30 жылдан артық уақыт бұрын АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған Arpanet компыотерлік желісінен бастайды. Бұл желі оқу және ғылыми зертеу орталықтарындағы, соғыс өнеркөсібі комплексінің ұйымдарындағы ЭЕМ ды біріктірді. Басында желі төрт комьпютерден тұрды, Бірақ бұл идея сәтті болғандықтан, жслісінен. тораптарының компьютердік орталықта-рының саны тез өсті. 1 ( ) 72 жылға қарай тораптар саны әжептеуір өсті. Енді қырық компыотсрлік орталықтар өзара электрондық поштамен алмасып, бірнеше жүз және мың километр қашықтықтағы машиналармен жұмыс жүргізетін және деректері бар файлдарды жібере алатын болды.

Егер, сендердің сыныптарыңтың машинасының ең болмаса біреуі, Іпtеrпеt- ке қосылған болса, онда сендер Іпtеrпtі желісіне қатынап сыныптарыңның кез келген машинасынан электрондық пошта арқылы хабар жіберіп және ала аласыңдар.

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІЛЕР

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.

Компьютерлерді қосуға болатын көптеген өдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде . Әр қосылу - деректер үшін жаңа маршрут. Желі топологиясы - бұл оның геометриялык. пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру жөне жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар (жұлдызша, сақина және шина) .

«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. 39-суретте «Жүлдызша» топологиясы бар желі көрсетілген.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері өр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның

6-сурет «Жұлдызша» топлогиясы бар желі

негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.

«Жүлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бүзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе - жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртүтас сақина құраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі түйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғывда желінің басына барады. Осывдай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. 40-суретте «Сақина» топологиялы желі мысалы келтірілген

7-сурет «Сақина» топологиясы бар желі

«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі - оған барлык. желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері - деректер біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде ұстап қалуына мүмкіндік береді.

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады. Мұндай желінің үлгісі 8-суретте бейнеленген.

8-сурет «Шина» топологиясы бар желі

«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытга бірдей жылжиды. Кабель-шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай, желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден токтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сакина» желісіндегідей, оның осал түсы - бүкіл желінің деректері өр желілік компьютерден өтеді.

Деректерді беру жылдамдығымен, оның құнына сәйкес өзгешеленетін деректерді берудің түрлі технологиялары (тәсілдері) бар. Ең танымалдары: Еnthernet, АКСNЕТ және ІВМ Token ring.

Еnthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Раlо Аltо зерттеу орталығында жасады. Еnthernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Канал ретінде коаксиалды кабель қолданылғанда, Еnthernet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткізгіш қолданылған болса, Еnthernet жұлдызша кескінделеді. АRСNЕТ технологиясы Datapoint Согрогаtіоп фирмасында 1968 жылы жасалған. АRСNЕТ технологиясының желісі де, Еnthernet желісі сияқты, екі топология бойынша («жұлдызша» немесе «шина») құрыла алады. Токеп Rіпg «жұлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын ІВМ арнайы құрылысымен (Мulti-stаіоп Ассеss Unit, МАU) орталық хаб ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр

9-сурет Tokin Ring желісі

компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша - қабылдайды. 42-суретте Тоkіп Rіпg-тің ІВМ желісіндегі деректер маршруты көрсетілген.

Осылайша, Tokin Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты безендірілген.

Жергілікті желіде ақпарат жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді.

Жергілікті есептеу желілері бірыңғай жөне иерархиялық болып бөлінеді.

Бірыңғай желі - барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана - 10-15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз - ресурстары осы сөтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдарымен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды құжаттардың пайда болуы
ҚАЗАҚСТАНДА АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ПРОБЛЕМАСЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Электронды құжаттар және мұрағаттар
Мұрағаттардың құжаттарымен жұмыс жасауды автоматтандырылған іздестіру жүйесін пайдалану
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
Қазақстан Республикасында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету: дамуы және проблемалары
Мемлекеттік мекеме бойынша есеп беру
Мұрағаттық құжаттарды цифрлық форматқа айналдыру технологиялары, отандық және шетелдік тәжірибе
Құжат жасау негіздері туралы
Құжаттарды сақтау. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz