Фтор және оның қосылыстарымен улану кезінде жүргізілген токсикалық анализ
Кіріспе ... ... ... ... ..3
IІ. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ..6
ІІI. Негізгі бөлім ... ... ... ... ...11
3.1. Фтор және оның қосылыстарына сипаттама ... ... ... ... ... ... .11
3.2. Фтор қосылыстарының жануар ағзасына тигізетін әсері ... ... ... .13
3.3. Фтормен улану кезіндегі клиникалық белгілер ... ... ... ... ... ... ..15
3.4. Фтор қосылыстарымен уланудың алдын алу ... ... ... ... ... ... ...17
3.5. Уланған мал өлексесіндегі патолого.анатомиялық өзгерістер ... ... 19
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... .20
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ..21

Халқымыздың өскелең талабына барынша қамтамасыз ету үшін, көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Осындай шаралар қатарына өсімдіктер мен жануарларды әртүрлі зиянкестерден қорғау және олардың өнімділігі мен өсімталдығын арттыру жатады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының үлкен жетістіктерге жетуі түрлі тыңайтқыштарды, химиялық заттарды тиімді түрде қолдануына тікелей байланысты. Химиялық заттарды жүйелі түрде дұрыс қолдана білмесе, олар өсімдіктер мен жануарға және жалпы сыртқы ортаға уытты әсер етіп, айтарлықтай зиянды әсерін тигізеді.
Себебі, химиялық пестицидтер өсімдіктер организмінде жинақталып, жануарлар ағзасына төмендегідей тізбек бойынша өтуі мүмкін:
Топырақ – өсімдік – жануарлар – жануарлар өнімі – адам.
Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерттеуде токсикология ғылымының маңызы өте зор.
Токсикология – улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар, өсімдіктер, т.б.) тигізетін әсерін зерттейтін ілім; бұл ілім улы заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан – жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар уланудың алдын алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады.
Қоршаған табиғатта улы заттардың болатындығы адамдарға көне дәуірлерден-ақ белгілі болған. Бұған дәлел осы заманға дейін сақталып келген ежелгі Греция мен Египеттің материалдық көне мәдени құралдарында адамдардың улы заттарды қолданғандығы жайлы бұлтарытпас айғақтар бар. Ол замандаулар тек қана өлтіру мақсатында пайдаланылатын. Қоғамдық өмірдің дамуы мен көптеген елдердің экономикалық өркендеуі нәтижесінде улардың қолданылу аясы кеңейді. Қазіргі кезде улар ауыл шаруашылығының көптеген салаларында минералдық заттар мен пестицидтер ретінде, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда да кеңінен қолданылады. Алайда, осы кезге дейін «Улар» деген атауға толық, ғылыми анықтама берілген жоқ. Тіптен осы заманның өзінде кейбір ғалымдар «у» деген атаудың нақтылы анықтамасы болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды.

1. С.В. Баженов Ветеринарная токсикология / С.В. Баженов - Л: Колос. 1970.-C.319-323
2. Г.В. Грачева Об остаточных количество пестицидов пищевых продуктах. Гигиена применения и токсикология пестицидов, и клиника отравлений / Г.В. Грачева – Киев: 1965. - C.133 - 135
3. В.Н. Александров Отравляющие вещества/ В.Н. Александров, В.И. Емельянов.-М.: Военное изд-во.1990.–С.270
4. М.М. Ганиев Химимческие средства защиты растений/ М.М. Ганиев, В.Д. Недорезков- М.: Колос.2006.-C.95-104
5. Н.Н. Мельников Справочник по пестицидам/ Н.Н. Мельников, К.В. Новожкилов, С.Д. Билан, Т. Н. Пылова – М.:1985.-C.156-165
6. Н.В. Жуленкo Исследование стойких пестицидов в органах и тканях сельскохозяйственных животных и пути их снижения в мясных продуктах / Н. В. Жуленкo Мясная индустрия СССР. №1./ - М.:1982.–C.26
7. В.Г. Каплин Основы экотоксикологии: учеб пособ/ В.Г. Каплин-М.: Колос.2006.-C.124-132
8. Е.М. Қорабаев Токсикология оқулық/ Е.М. Қорабаев-А.: ЖШС РПБК «Дәуір».2011.- 36-44 б.
9. Г.В. Грачев К вопросу о накоплении пестицидов в организме. Гигиена применения, токсикология пестицидов и клиника отравлений/ Г.В. Грачев.–Киев: ВНИИГИТОКС, вып.6, 1968.– C.461
10. Н.Н. Мельников Пестициды (Химия,технология и применение)/ Н.Н. Мельников - М.: Химия.1987.–713 б.
11. Д.Д. Полоз Ветеринарная токсикология / Д.Д. Полоз, Г.А. Хмельницкий, В.Н. Локтионов – М.: Изд-во с/х. лит-ры, 1952.
12. Л.И. Медведь Справочник по пестицидам гигиена применения и токсикология/ Л.И. Медведь - Киев: Урожай. 1977. – C.375
13. Г.А. Хмельнецкий Ветеринарная токсикология : учеб пособ/ Г.А. Хмельнецкий, В.Н. Локтионов, Д.Д. Полоз-М.:Агропромиздат. 1987.-C.78-94
14. В.Н. Жуленко Ветеринарная токсикология/ В.Н. Жуленко - М.: Колос. 2002.- C. 145-154
15. М.А. Ғабдолов Өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау/ М.А. Ғабдолов, РМҚК « Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті», 2007. - 45-78 б
16. В.Н. Жуленко Ветеринарная токсикология/ В.Н. Жуленко, М.И. Рабинович, Г.А Таланов - М.: Колос. 2004. - C.68-78
17. Т. Сайдуллин Орысша- қазақша мал дәрігерлік сөздігі/ Т.Сайдулдин, 1993.
18. Н.Ю. Келина Токсикология таблицах и схема / Н.Ю. Келина, Н.Б. Безручко -РНд.: Феникс. 2006.-C.85-9

Аннотация
Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау пәнінен
жазылған Фтор және оның қосылыстарымен улану кезінде жүргізілген
токсикалық анализ атты курстық жұмысым 21 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
IІ. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
ІІI. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3.1. Фтор және оның қосылыстарына сипаттама ... ... ... ... ... ... .11
3.2. Фтор қосылыстарының жануар ағзасына тигізетін әсері ... ... ... .13
3.3. Фтормен улану кезіндегі клиникалық белгілер ... ... ... ... ... ... ..15
3.4. Фтор қосылыстарымен уланудың алдын алу ... ... ... ... ... ... ...17
3.5. Уланған мал өлексесіндегі патолого-анатомиялық
өзгерістер ... ... 19
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Кіріспе
Халқымыздың өскелең талабына барынша қамтамасыз ету үшін, көптеген
шаралар жүргізіліп жатыр. Осындай шаралар қатарына өсімдіктер мен
жануарларды әртүрлі зиянкестерден қорғау және олардың өнімділігі мен
өсімталдығын арттыру жатады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының үлкен
жетістіктерге жетуі түрлі тыңайтқыштарды, химиялық заттарды тиімді түрде
қолдануына тікелей байланысты. Химиялық заттарды жүйелі түрде дұрыс
қолдана білмесе, олар өсімдіктер мен жануарға және жалпы сыртқы ортаға
уытты әсер етіп, айтарлықтай зиянды әсерін тигізеді.
Себебі, химиялық пестицидтер өсімдіктер организмінде жинақталып,
жануарлар ағзасына төмендегідей тізбек бойынша өтуі мүмкін:
Топырақ – өсімдік – жануарлар – жануарлар өнімі – адам.
Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерттеуде токсикология
ғылымының маңызы өте зор.
Токсикология – улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар,
өсімдіктер, т.б.) тигізетін әсерін зерттейтін ілім; бұл ілім улы заттардың
табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан – жануарлардың улы заттарға
деген сезімталдығын, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері
мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі
клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар
уланудың алдын алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік
тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады.
Қоршаған табиғатта улы заттардың болатындығы адамдарға көне
дәуірлерден-ақ белгілі болған. Бұған дәлел осы заманға дейін сақталып
келген ежелгі Греция мен Египеттің материалдық көне мәдени құралдарында
адамдардың улы заттарды қолданғандығы жайлы бұлтарытпас айғақтар бар. Ол
замандаулар тек қана өлтіру мақсатында пайдаланылатын. Қоғамдық өмірдің
дамуы мен көптеген елдердің экономикалық өркендеуі нәтижесінде улардың
қолданылу аясы кеңейді. Қазіргі кезде улар ауыл шаруашылығының көптеген
салаларында минералдық заттар мен пестицидтер ретінде, сондай-ақ ғылыми
мақсаттарда да кеңінен қолданылады. Алайда, осы кезге дейін Улар деген
атауға толық, ғылыми анықтама берілген жоқ. Тіптен осы заманның өзінде
кейбір ғалымдар у деген атаудың нақтылы анықтамасы болуы мүмкін емес деп
тұжырымдайды.
Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С.В.
Баженовтың пайымдауынша, удың жалпы биологиялық және токсикологиялық
анықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: У дегеніміз – тірі
ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық
құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат.
Мысалы, ас тұзының көп мөлшері құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін улы,
ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Улану – жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері
нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у – себеп, улану –
салдары.
Улы заттар ағзаға ас қорыту, тыныс алу жолдары, тері беті, кілегей
қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген, яғни ағзаға
бөтен заттардың (ксенобиотик, xenos-бөтен) әсерінен болады.
Жануарлардың түріне қарай, олардың ағзасындағы уды әр түрлі әдістермен
бейтараптауға болады. Кейбір құсу актісі тән жануарлар ағзасын улы заттан
босату мақсатында құстыратын заттар береді (апоморфин, вератрин). Ірі қара,
жылқылардың асқазанындағы уды зонтпен жуу арқылы ал кейбір жағдайларды,
руминаторлық дәрілік заттар көмегімен сыртқа шығаруға болады.
Асқазанындағы улы заттары тазалап алып тастағанмен де онда удың аздаған
мөлшері қалып қалатынын есте ұстау керек.
Улануды емдеуде адсорбенттерді қолданудың маңызы өте зор. Адсорбция –
ас қорыту жүйесіне улы заттардың сіңуін айтарлықтай немесе толық тоқтатып
тастай алатын, өте құнды физикалық құбылыс. Адсорбентті заттар удың
құрылысын бұза алмаса да қолданғанда, олардың ағзаға әсерін тежейді.
Уланғанда қолданылатын негізгі адсорбенттердің бірі – белсендірілген
көмір. Оның алколоидтарды, сынап және мышьяк қосылыстарын, әр түрлі газ
түзгіш уытты заттарды сіңіру қасиеті өте жоғары. Бірақ, қарындағы уға
қарағанда оны ішектегі уға әсері өте әлсіз, сондықтан, малдың уланғанына
біршама уақыт өтіп кетсе, адсорбенттермен қатар, белсенді іш өткішгіштер
(карбохолин, пилокарпин, прозерин, глаубер тұзы) берсе, ем нәтижелі болары
сөзсіз.
Төмендегі екі түрлі әдіспен ағзаға түскен уды құрғатуға және олардың
уыттылық қасиетін жоюға болады.
- Физикалық – улы заттардың адсорбциясы;
- Химиялық – улы заттардың құрамының бұзылуы.
Қазіргі кезде фтор және оның қосылыстарын ауыл шаруашылығында кеңінен
қолданады. Көбіне ағаштарды шіруден қорғау мақсатында, зиянкес насекомдарға
қарсы, кеміргіштерге қарсы қолданады. Сонымен қатар фтор қосылыстары кейбір
саз балшықтың сорттарында да кездеседі.
Жануар ағзасында фтордың аз мөлшерде кездесуі тироксин гормонының
түзілуін бәсеңдетеді. Себебі қалқанша бездің құрамындағы йод пен фтор
алмасуын бұзады.
Фтор алмасуының бұзылуынан, жануарлар арасында флюороз ауруы пайда
болғаны анықталған. Бұл ауру ішетін судың құрамында фтордың қалыпты
мөлшерден көп болуының салдарынан болады. Кейіннен, басқа елдерде бұл
аурудың ауыл шаруашылық малдарында да жиі кездесетіні белгілі болды.
Жануарларда асқынған түрде фтор қосылыстарымен улану көбіне күйіс
қайыратындарда және шошқаларда кездеседі, ал құстарда сирек кездеседі.
Көбіне фтор қосылыстарымен улану еліміздің биогеохимиялық аудандарында
жиі байқалады, себебі фтор қосылыстары суда өз мөлшерінен көп деңгейде
болады.
Фтор қосылыстарымен уланған жануарларға жалпы емдік шараларын
қолданады. Ол үшін асқазанды 1-2% натрий гидрокарбанат ерітіндісімен немесе
1% известь ерітіндісімен шаяды. Іш айдағыш препарат ретінде натриймагний
сульфат ерітіндісін енгізеді.
Кальций-фтор алмасуын жақсарту үшін рацион құрамына кальцийдің
компоненттерін қосамыз және Д дәруменін енгізеді және де келесі улануды
алдын-алу үшін минералды азықты берер алдында, оның құрамындағы фтордың
деңгейі, оның тағайындалған мөлшеріне сәйкес келуін қадағалап отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Фармакология, токсикология және
токсикологиялық талдау пәнінен алынған білімдерімді пайдаланып, фтор және
фтор қосылыстарымен улану туралы түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
➢ Фтор және оның қосылыстарына сипаттама беру;
➢ Фтор қосылыстарының жануар ағзасына тигізетін әсерін анықтау;
➢ Фтормен улану кезіндегі клиникалық белгілерін анықтау;
➢ Фтор және оның қосылыстарымен уланудың алдын-алу шараларымен
танысу.
ІІ. Әдебиетке шолу
С.В. Баженовтың зерттеулері бойынша фтор және фтор қосылыстарының
ағзаға түсу жолдары: сумен, топырақпен, шөп арқылы. Көктем кезінде
витаминдер жетіспегенде өңдеу ағаштарын кеміргенде жануар ағзасына түседі.
Фтор қосылыстарының жануар организіміне түсуінің токсикалық деңгейінің
төмендеуі әртүрлі функциялардың әсерінен болады. Сондықтан гонадотоксикалық
және эмбриотоксикалық эффект пайда болады екен.
Фтор қосылыстарын ет және сүт тағамдарында 3мгкг мөлшерінде қолдануға
рұқсат етіледі. Ет және сүт тағамдары фтормен уланғанда рұқсатсыз қолдануға
тыйым салынады. Еттің толық биологиялық құндылығының төмендеуі әртүрлі
қосылыстардың әсерінен болады. Соның ішінде триптофан және оксипролиннің
бұзылуы салдарынан [1].
Г.В. Грачеваның зерттеулері бойынша әсер ету уақыты қатты күйдегі улар
сұйық уларға қарағанда баяуырақ әсер беретіні байқалады. Газ және өте ұсақ
дисперсті (аэрозоль) күйдегі заттардың әсері өте тез дамиды. Заттың
улылығына - оның химиялық құрамының да ықпалы зор. Мысалы, мышьяктың
бейорганикалық қосылыстары (мышьякты қышқылдармен оның тұздары) күшті улы
заттар болса, оның органикалық қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның
тұздары т.б.) улылығы өте төмен заттар. Зат улылығы оның негізгі
қосылыстарының құрылымына әртүрлі спецификалық топтар және радикалдар (ОН,
NН2,СН3.,т.б.) енуіне де байланысты. Кейбір жағдайда құрамындағы
радикалдарға байланысты зат уыттылығы төмендейді немесе керісінше
жоғарылайды. Мысалы: бензол молекуласына гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол
фенолға, ал амин тобы енгізілсе (NH2) - анилинге, метилрадикалы (СН3)
енгізілсе - толуолға айналады. Бұл заттардың әрқайсысының улылығы әртүрлі
болып қана қоймай, олардың ағзаға әсері және ағзаның қарсы жауап
реакциясыда әр алуан болып келеді. Улылық қасиет заттардың әртүрлі химиялық
реакцияларға (тотығу, тотықсыздану алмасу, орын басу т.б.) түсу
ерекшеліктеріне де байланысты [2].
В.Н. Александровтың зерттеулері бойынша улы заттардың ағзамен
әсерлесуі барысында удың ерігіштік қасиеті маңызды міндет атқарады. Себебі,
ерігіштік қасиеті неғұрлым жылдам болған сайын, оның сіңгіштігі де соғұрлым
жоғары болады да, әсер етуі тез арада пайда болады. Сонымен бірге,
ерігіштігі жоғары заттардың ағзаға таралуы да шапшаң. Яғни, олардың
мүшелерге де әсер етуі тез болады. Асқазан-ішек сөлдерінің де көптеген
заттарды жақсы ерітетін қасиеттері бар. Суда немесе ағза сөлдерінде
ерімейтін заттар әдетте денеге сіңбейді және олардың ешбір токсикологиялық
маңыздылығы болмайды [3].
М.М. Ганиевтің айтуы бойынша уланудың себебін анықтағанда, су
көздерінің (бұлақ, бастау, көл, өзен) жағдайына да көңіл аудару керек.
Себебі, ашық ағын сулар химиялық заттармен ластануы мүмкін, әсіресе олар,
зауыт, фабрика және басқа да мекемелерге жақын орналасса.
Жануарлардың химикаттармен улануы, жайылымдарды ауыл шаруашылық
зиянкестерінен жою барысында пестицидтермен кездейсоқ ластанғанда, басқа да
химиялық заттарға дұрыс көңіл аудармай, оларды әрқилы пайдалануға
байланысты. Құстарға, сондай-ақ, жануарларға өте қауіпті болып келетін,
дератизация жасауға арналған препараттарды қолдану ерекше сақтықты қажет
етеді [4].
Н.Н. Мельников, К.В. Новожкилов, С.Д. Билан, Т. Н. Пыловалар
профилактикалық жолмен калий йодын, аскорбин қышқылын, магний және цинк
сульфатын, альюминий сульфатын, бор қосындыларын созылмалы флюораза жолымен
қоспаларды араластырған болатын. Қоспаның ішіндегі заттар ішек-қарын
трактісіне әсер еткенде әртүрлі өзгерістер байқалады. Сондықтан бір фтор
қоспасының құрамына 10-12 әртүрлі компоненттер кіреді.
Фтордан жасалған қоспаны жануарға күніне бір рет азықпен қосып береміз
екен.
Жануарлар фтормен жоғары деңгейде уланған кезде тамаққа тәбеті
төмендейді. Ересек жануарларда остеомоляция пайда болса, жас төлдерде рахит
пайда болады.
Фтор қосылыстарының су мен азықтық құрамында жетіспеуі тістердің
шіруіне әкеліп соқтырады. Ал жануар ағзасына фтор көп мөлшерде түскен кезде
жіті және созылмалы уланулар байқалады [5].
Н.В. Жуленкoның айтуы бойынша улы заттар ағзаға түсуіне байланысты
жергілікті және жалпы әсер етеді. Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол
жердегі ұлпалармен ғана байланысқа түседі. Ал жалпы әсер еткенде улы зат
қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекелеген мүшелер жүйесін
зақымдайды да, клиникалық белгілері пайда болады.
Улы заттар мал ағзасына талғамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас
қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі
көрінісі болып табылады.
Улы заттардың резорбтивті (қанға сіңгеннен кейінгі) әсері ағзаның қан
тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және
тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды бүкіл ағзаға тасымалдайды
және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бұзылуы, қатерлі
белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер,
гликозидтер және алколойдтар жатады.
Ағзаға түскен улы зат ұлпалармен өзара әрекеттесу барысында көптеген
өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер удың физикалық-химиялық қасиеттерімен
анықталады, сондай-ақ ағзаның залалсыздандыру мүмкіндігіне немесе удың
бөлінуіне де байланысты болады [6].
В.Г. Каплиннің зерттеулері бойынша фтордың қосылыстары ерімейтін
қосылыстар түрінде сыртқа нәжіс, зәр арқылы бөлінеді.
Зәрдің 1 литріндегі фтордың мөлшері 10мг-нан асса, онда организмде
фтордың көп мөлшерде екенін немесе жіті уланғанын немесе созылмалы
интоксикация салдарынан сүйек ұлпаларынан шыққанын байқаймыз [7].
Е.М. Қорабаевтың зерттеулері бойынша кейбір улар ағзада сорылып
(сіңіріліп), ұлпалар мен торшаларға таралып, олармен өзара әсерлеседі. Улы
заттардың ағзада таралуы бірдей немесе кейбір мүшелерге көп мөлшерде
таңдамалы түрде жинақталуы мүмкін. Сондықтан да мүшелердің зақымдалуы
әртүрлі бағытта болады. Әсіресе алиментарлы (азықтық) улану кезінде улы
заттар бауырда көп жинақталынады. Сонымен қатар, көп жағдайда зақымданған
мүшелерде у залалсызданады. Мұндай жағдайлар көбінесе созылмалы улану
кезінде байқалады. Мысалы: фтор қосылыстары сүйек ұлпасында немесе
хлорорганикалық қосылыстардың май ұлпаларында шөгуінен (қор – депо) пайда
болады. Бұл ауыр металдар мен басқада көптеген улы заттарға да қатысты [8].
Г.В. Грачевтің айтуы бойынша негізінен фтордың өзіне тән күшті иісі
бар зат. Ол табиғатта минералды қосылыстардың құрамында кездеседі. Сонымен
қатар фтор қосылыстарын алюминий, әйнек, кірпіш, фосфор, цемент, минералды
тыңайтқыштарды өңдеу салаларында қолданады. Ал ветеринария саласында
гельменттерге қарсы препарат ретінде қолданады [9].
Н.Н. Мельниковтің дерек көздеріне сүйенсек, фтордан, ас тұзынан
уланғанда ішке әк суын және 10%-ды хлорлы кальций ерітіндісін 0,1 мгкг
мөлшерінде күре тамырға егеді. Кейбір кездері антидоттардың орнына улардың
преципитациясын немесе тұнуын болдыратын заттарды да қолданады. Бұл
жағдайда танин және йод ерітіндісі үлкен белсенділік танытады. Таниннің
(еменнің қабығы ерітіндісі) 1%-дық сулы ерітіндісі немесе 10-20%-дық
концентрациясы алколойдтарды тұндырады. Йод ерітіндісі алколойдтарды
шөктіреді, кобальт және мырыш қосылыстарының белсенділігін айтарлықтай
төмендетеді. Ақ мышьякпен және кейбір алколойдтармен (морфин, кониин,
атропин) уланғанда танинді антидот ретінде қолдану керексіз.
Умен қосыла отырып, оның құрылымын өзгертетін және кешендік сипаты бар
қосылыстар түзетін уыттылығы жоқ дәрілік заттарды арнайы (спецификалық)
антидот деп санауға болады. Мұндай әсердің көрнекті мысалы ретінде, ауыр
металмен қатынастағы дикаптол және унитолды (әсіресе құрамында сынап және
мышьяк бар препараттарды) айтуға болады. Спецификалық, бірақ поливалентті
антидоттарға кейбір темір қосылыстарын, магний күкіртсутегін және т.б.
жатқызуға болады [10].
Д.Д. Полоздың деректері бойынша малға беретін азық пен судың
құрамындағы фтордың мөлшері бір литр суда 1мг-нан аспауы тиіс. Құстар
сүтқоректілерге қарағанда фтор қосылыстарынан улануына өте төзімді келеді.
Егер құстың азығының құрамында фтордың мөлшері 300-400мгкг-ға дейін рұқсат
етілсе, ал ірі қараға 10 есе аз болуы керек, яғни 30-40 мгкг [11].
Л.И. Медведьтің айтуынша улы заттар ағзадан әртүрлі жолмен бөлініп
шығады. Алиментарлы жолмен түскен улар ағзадан құсу актісі арқылы шығуы
мүмкін, ал удың сорылып болғаннан кейінгі негізгі шығу жолы бүйрек пен
несеп шығару жолдары болып табылады. Көбінесе улардың ағзадан бөлінуіне ас
қорыту жолы (қи, нәжіс), тыныс алу мүшелері және бездер (сүт, сілекей,
тері) белсенді әсер етеді.
Улы заттар ағзадан құсу арқылы шыққанда, олар өзгермеген күйде шығады.
Сондықтан, құсықты зерттеудің улануды балаудағы маңызы өте құнды болып
есептеледі.
Несеп сынамаларын зерттеген кезде, көп жағдайда удың өзі емес
қалдықтары табылады. Бұл атропин, стрихнин секілді заттармен уланғанда
болуы мүмкін. Несеп бөлу мүшелері арқылы таралатын заттар шығарылады.
Несептің құрамында алколойдтар, нитраттар, эфир майлары, метал қосылыстары
болады. Жіті және созылмалы улануларда несепті зерттеудің улануды балауда
маңызы зор. Құсу актісі тән емес барлық малдарда улы заттар нәжіспен
шығарылады. Бұл негізінен ірі қара малы мен жылқыларға қатысты. Дегенмен,
құсу актісі тән болса да, улы заттың бір бөлігі нәжіс арқылы шығарылады.
Бұл көбінесе, удың ішекте нашар ыдырап, қанның құрамына енбеген жағдайда
болады. Осындай жолмен ағзадан алколойдтар, металл қосындылары, кейбір улы
заттар өзгермеген қалпында бөлініп шығады [12].
Г.А. Хмельнецкий өз әріптестерімен бірге фтор ионының әсер етуіндегі
басты ерекшелігі, оның ағзадағы энзимді құбылыстарының, ұлпалардың оттегін
қабылдауының және бұлшық еттерде сүт қышқылы түзілуінің төмендеуімен
сипатталатынын анықтаған [13].
Н.В. Жуленкoның жазғанына тоқтала кететін болсақ, ересек шошқалар
фтор қосылыстарына төзімді келеді. Бірақ, соңғы жылдарда бұларда улану бір
емес бірнеше рет байқалған. Улану аскаридоз және басқа да гельминтозды ауру
кезінде фторды антигельминтті препарат ретінде қолдану салдарынан болады.
Уланған малдың жағдайы күйзелген, тәбеті болмайды, мазасыздану байқалады,
малдың нәжісі сұйық және жиі бөлінеді, бұлшық еттері дірілдейді. Ал қалған
клиникалық белгілері басқа жануарларға ұқсайды [14].
М.А. Ғабдоловтың айтуы бойынша ағзаны улы заттардан тазалаған соң,
зақымданған мүшелердің жағдайын жақсарту, яғни, симптоматикалық көмек
көрсету керек.
Орталық жүйке жүйесі жағынан болған өзгерістер қысылуымен, тежелумен
аяқталса, оған стрихнин, ал қозғанда барбитураттарды қолдануға болады.
Жүрек-қан тамыр жүйесі әлсірегенде, оның жұмысының жақсаруына камфора,
кофеин және кордиамин препараттары көмектеседі. Асфиксиямен аяқталатын
улануларда көмірқышқыл газын қолдану, ал синиль қышқылымен уланғанда
метгемоглобин түзушілерді қолдануға кеңес беріледі [15].
Н.В. Жуленкo, М.И. Рабинович, Г.А Талановтардың зерттеулері бойынша
фтормен уланудың әлсіз дәрежесінде жылқылар күйзеледі, тәбеті төмендейді,
қатты шөлдейді, қозғалысы қиындайды, сұйық нәжіс бөлінеді, бұлшық еттердің
фибриллярлы дірілі байқалады. Кілегейлі қабықтарын зерттегенде оның сары
немесе қаралау түске (уралит) боялғанын көреміз. Тыныс алуы, тамыр соғысы
жиі. Дене қызуы қалыпты немесе субфибрильді. Өлімге душар ететін немесе
ауыр түрінде мал мазасызданып, қозады. Шаншу белгілері жиі байқалады.
Кілегейлі қабықтары гиперемияланады, ісінеді, мал дефекация кезінде
ауырсынады. Тамыр соғуы (80-100) және тыныс алуы (40-60) жиілейді
(минутына). Зәр қоюланады және түсі күңгірттенеді. Өлім жүректің және тыныс
алудың салдануынан туындайды. Осы симптомдарға қарамастан дене
температурасы қалыпты болады [16].
Т. Сайдуллиннің айтуы бойынша улану кезінде несеп бөлу ағзаларында да
үлкен өзгерістер болады. Мысалы айқын көрінетін нефроз сынап қосылыстарынан
уланғанда көрініс тапса, нитраттармен уланғанда гипермиялық қан ұюларды
байқауға болады. Сондай-ақ, қан түсінің өзгеруінің де үлкен диагностикалық
құндылығы бар. Мысалы, сутек тотығынан уланғанда қан қызыл шие түстеніп
кетсе, метгемоглобин түзетін улармен уланғанда қоңыр немесе қоңырқай
(шоколад түстес) түстеніп кетеді [17].
Н.Ю. Келинаның зерттеулері бойынша фторды анықтау зертханалық жағдайда
жүргізілуі қажет. Зерттеу үшін әр түрлі зерзат (жануарлардың органы, дән,
шөп, құрама жем, су, т.б.) жіберуге болады. Бұдан басқа сапалы анықтау үшін
көптеген реакциялар қояды. Асқазан ішіндегі жынның құрамында фтордың бар-
жоғын тез анықтау үшін және де тіс пен сүйекті зерттеу үшін, Николаев әдісі
бойынша күкірт қышқылын қолданады [18].
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1. Фтор және оның қосылыстарына сипаттама
Фтор (Fluorum) F – қалыпты жағдайда өзіне тән иісі бар, ақшыл сарғыш газ,
галоген тобына жатады. Алғашқы рет 1810 жылы француз ғалымы физик А.Ампер
алған, ол алғашқыда фторды флуор атымен атаған,ал кейіннен фтор (фторис)
сөзінен алынған – бұзушы, қиратушы деген ат берген. Бізде бұл екі атауда
сақталған, ал басқа елдерде флуор деп атайды. Француз химигі А.Муассон
жарты ғасыр өткеннен кейін фторды таза күйінде алған.
Фтор – табиғатта кең таралған. Ол көптеген минералды заттардың
құрамына кіреді: флюорит, апатит, криалит және т.б. фтор су көздерінде де
болады, өсімдік және жануарлар ағзасының құрамдас бөлігі.
Фтор және оның қосылыстарын ауыл шаруашылығында кеңінен қолданады.
Көбіне ағаштарды шіруден қорғау мақсатында, зиянкес насекомдарға қарсы,
кеміргіштерге қарсы қолданады. Сонымен қатар фтор қосылыстары кейбір саз
балшықтың сорттарында да кездеседі.

аурудың ауыл шаруашылық малдарында да жиі кездесетіні ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz