Ірі қаралар мен қойларды бордақылау



І. КІРІСПЕ БӨЛІМ ... ... ... ...3
II.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... 5
ІІI. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1. Ірі қараны бордақылау және жайып семірту ерекшеліктері
3.2.Ірі қараны жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы ... ... ... ... ... ... ...6
3.3. Биязы жүнді қозыларды қыс мезгілінде үдемелі бордақылау және ет өнімділігі ... ... ... .8
3.4. Қозыларды бордақылауда өндірілген еттің қауіпсіздік көрсеткіштері ... ... ... ... 10
3.5. Ірі қараны көктемгі жайылымда бағып семірту кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің өзгерістері ... ... ..11
3.6. Ірі қараларды жазғы жайылымдарда жайып семірту кезіндегі ет өнімділігінің өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3.7. Ірі қараны азықтандыру және бордақылау ... ... ... ... ... ... ... 21
3.8. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3.9. Жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бордақылау , ет өнімділігі және өндірілген қой етінің қауіпсіздігі ... ... ... ...26
ІV. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ...29
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ..31
Қазақстан – мал шаруашылығы өркендеген мемлекет ТМД елдеріндегі бүкіл қой санының 28%-ті бізде шоғырланған, қой етінін төрттен бірі бізде өндіріледі, жүннің бестен бірі, барлық қаракөл елтірісінің үштен бірі Қазақстанда өндіріледі.
Ірі қара басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы-тасты жерлердің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.
Бірден-бір арзан және ең бағалы негізгі азықтың көзі жайылымдағы жасыл шөп болып табылады. Қысқы және жазғы жайылымдарды тиімді пайдалану, қойды қалыпты азықтандыруға мүмкіншілік туғызады.
Мал шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.
Ірі қараны өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі.
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.
Нарықтық экономика жағдайында, өндірістің экономикалық тиімділігі өнімнің бәсекелестігі, ең алдыңғы меже болып тұрғанда ғылыми дәйектелген жаңа алдыңғы дәрежелі технологияны жасау, ендіру, сала ісін жүргізуде қой етін және жүн өндіру үшін, қойдың толық биологиялық мүмкіндігін пайдалану кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан сапалы қозы және жас қой етін өндіру кезінде, қозылар мен еркек тоқтыларды олардың жас ағзасының өсу қуаттылығын толық пайдалануға негізделген, жайып семірту және бордақылаудың қарқындылығын арттырудың маңызы зор.
Азықтандырудың қолайлы жағдайын жасау және өсіру кезіндегі күтімі, жайып семіртумен, бордақылауға жұмсалатын азықты, жұмыс күшін, неғұр-лым үнемдеуді қамтамассыз етеді және өндірістің тиімділігін жоғарылатады. Қазақстан Республикасында оның кең байтақ жері мен табиғи климаттылық жағдайының алуан түрлілігі, экономикалық және басқа себептерге байланысты қарқынды технология жергілікті жағдайлары мен қорларды терең білуге құрылғаны жөн.
1.Кулешов П.Н. Мал өсіру негіздері/ П.Н.
, 1986ж.б15
2Ермеков М.А. Овцеводство.-М.: Колос, 1979.-201с7.
3Наурызбеков А.А. Породы овец мира.-М.: Колос 1984с8
4Мырзабеков Ж Б. Мал өсіру.- Алматы: Қайнар, 1987с3.
5Гершуннын В.И. Мал өсіру және селекция/ Оқулық.- Алматы: Бастау, 2006..-592
6Беляков И.М ‟Инбридинг и препотентность баранов- производителей ”.-Павлодар,2003.-10с
7Воробьев Н.А. Разведения сельскохозяйственных животных.-М.: Колос, 1967.
8.Воробьев Н.А. Овцеводство. М: колос, 1983.
9Балмонтов В.А Малды нормалық азықтандыру-Алматы.1998ж
10Болмонтов В.А., Голодонов А. В Қазақстан қойларының жоспарлы тұқымдары.-Алматы, 1985.
11Болмонтов В. А.., Хамицаев Р:С.‟Промышленное скрещивания овец”. – М.Агропромиздат, 1986.-260
12Болмонтов В.А Зоотехния негідері. Оқулық.-Астана: Фолиант, 2007.-456 б.
13Лопырин А.И. Курс овцеводства.-М.: Сельхозгиз, 1947
14Сларкевич В.В. Мясо-сальные овцы.-м., 1964.
15Иванов М.Ф. Пути развития овцевотства// Собрания сочине-ний.- М. 1964
16Иванов М.Ф. Овцевотства.-М.: сельхозгиз, 1935
17Бутарин Н.С. разведение селькохозяйственных животных.-М.: Агропромиздат,1990
18Кулешов П.П., Лобанов В.Т., Джапаридзе Т.Г. Разведение сельскохозяйственных животных.- М.: Агропромиздат, 1990.
19Кисловский Д. А., Өтегенов Ж., Қой өсіру технологиясы. Алматы: Қайнар , 1988
20Болмонт В.А (Аудармашылар Ә.Ермаханов , Ә. Жұмашев ) Мал шаруашылығы негіздері.- Алматы,1985
21Сабденов Қ.У., Нартбаев А. Және т.б ‟Северо –казахские мериносы”.-Шымкент, 1996.-190 с.
22Модяновв А.Қ., Сарбасов Т. Қазақстанныңқой шаруашылығы-Алматы: Қайнар , 1984.-320бет
23Cолун А.С. “Актуальные проблемы частной генетики сельскохозяйственных животных”.-Алматы, Ғылым, 1981.-340 с.
24Коршаков П.П., Ерохин А. Овцеводство.-Алматы, 2005.-305 Николаев А.
А, Ерохин А.И. Овцеводства.-М., 1987.-350 б.
25Омаркожа П А. Қойды тиімді азықтандырудың фианологиялық негіздері.- Алматы: Қайнар, 1980.
26Абдулаев М Н. Малды тиімді азықтандырудың ғылыми негіздері-Алматы.-2001
27Кулатов Б. С.Омарқожаұлы Н., Әкімбеков Б.Р. Мал шаруашылығы: Оқулық.-Астана: Фолиант, 2007.-424 б.
28Акилейков Б.А.Омарқожаұлы Н., Шуркин Р.Мал шаруашылығы практикумы.-Астана,2007.
29.Омаркожа П .Н. Эдильбаевская овца-Алма-ата,1951
30Медеубеков Б. Қой шаруашылығының тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар.-Астана,2008.-95 б.
31Сарбасов Қ.С. Абдуллаев М., Қулатаев Б. Қой шаруашылығының технологиясы.-Астана,2008.-295 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Мал шаруашылығы пәнінен жазылған Ірі қаралар мен қойларды бордақылау
атты курстық жұмысым 34 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.

ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..3
II.Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..5
ІІI. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1. Ірі қараны бордақылау және жайып семірту ерекшеліктері
3.2.Ірі қараны жайып семірту, ет өнімділігі және
сапасы ... ... ... ... ... ... ...6
3.3. Биязы жүнді қозыларды қыс мезгілінде үдемелі бордақылау
және ет
өнімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..8
3.4. Қозыларды бордақылауда өндірілген еттің қауіпсіздік

көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3.5. Ірі қараны көктемгі жайылымда бағып семірту
кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің
өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3.6. Ірі қараларды жазғы жайылымдарда жайып семірту кезіндегі ет
өнімділігінің
өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..14
3.7. Ірі қараны азықтандыру және
бордақылау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.8. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .24
3.9. Жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бордақылау , ет өнімділігі
және өндірілген қой етінің
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ІV. ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 29
V. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
КІРІСПЕ
Қазақстан – мал шаруашылығы өркендеген мемлекет ТМД елдеріндегі бүкіл
қой санының 28%-ті бізде шоғырланған, қой етінін төрттен бірі бізде
өндіріледі, жүннің бестен бірі, барлық қаракөл елтірісінің үштен
бірі Қазақстанда өндіріледі.
Ірі қара басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы-
тасты жерлердің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда
ондай жайылымдар көп.
Бірден-бір арзан және ең бағалы негізгі азықтың көзі жайылымдағы жасыл
шөп болып табылады. Қысқы және жазғы жайылымдарды тиімді пайдалану, қойды
қалыпты азықтандыруға мүмкіншілік туғызады.
Мал шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде
ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен
тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген
өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке,
қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге,
елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.
Ірі қараны өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде
себеп-салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи
жағдайларға төзімділігі, бейімділігі.
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния
ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп
қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.
Нарықтық экономика жағдайында, өндірістің экономикалық тиімділігі
өнімнің бәсекелестігі, ең алдыңғы меже болып тұрғанда ғылыми дәйектелген
жаңа алдыңғы дәрежелі технологияны жасау, ендіру, сала ісін жүргізуде қой
етін және жүн өндіру үшін, қойдың толық биологиялық мүмкіндігін пайдалану
кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан сапалы қозы және жас қой етін өндіру
кезінде, қозылар мен еркек тоқтыларды олардың жас ағзасының өсу қуаттылығын
толық пайдалануға негізделген, жайып семірту және бордақылаудың
қарқындылығын арттырудың маңызы зор.
Азықтандырудың қолайлы жағдайын жасау және өсіру кезіндегі күтімі,
жайып семіртумен, бордақылауға жұмсалатын азықты, жұмыс күшін, неғұр-лым
үнемдеуді қамтамассыз етеді және өндірістің тиімділігін жоғарылатады.
Қазақстан Республикасында оның кең байтақ жері мен табиғи климаттылық
жағдайының алуан түрлілігі, экономикалық және басқа себептерге байланысты
қарқынды технология жергілікті жағдайлары мен қорларды терең білуге
құрылғаны жөн.
Курстық жұмыстың мақсаты – Ірі қараны бордақылаумен және жайып семірту
әдістерімен танысу. Ауыл шаруашылық малдары пәнінен алынған білімді
тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеттері – қой бордақылау және жайып семірту
ерекшеліктері, қой етін өндіру және ет сапасын жақсартудың, қозы жүнін,
терісін көбейтудің басты ерекшеліктерімен таныстыру. Бордақылау түрлері
туралы түсінік беру.

II.Әдебиетке шолу

П. Н. Кулешов, А. Доромыслов, С. Н. Боголюбский, М. Ф. Иванов, М. А.
Ермеков, А. В. Голоднов, Қ. Ұ. Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б.
құйрықты қой тұқымдарынан түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда
маңызы ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе,
құйрықты қойдан алынатын ет өнімі, оның сапасы, қой дың бордақылау немесе
жайылымда семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен
жан-жақты мағлұматтар алуға болады.[1]
М. А. Ермеков, А. В. Голодновтардыңдеректетерінде табиғи сұрыптау мен
қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі — қазақтың
құйрықты қойы. СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті мен Москва
зоотехникалық институты 1927— 1930 жылдарыэкспедициясының материалдарында
Қазақстанда құйрықты қойлардың географиялық 22 варианты бар екендігі
көрсетілген. Осы варианттардың бір бұтағы Жезқазған облысының
шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге
өте шыдамды.[2]
И. Наурызбаевтың айтуынша,азықтағы қоректік заттар мал организмінің
тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші көзі болып
табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделіп
өсіп өніп ұрықтанып көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары ретінде
қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар
энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау
керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне
байланысты басқа да қызметке жұмсалады.
Қоректік заттардың маңызы мен атқаратын қызметі мал мен кұс түріне
байланысты да өзгереді. Айталық, карапайым қарынды мал түзуге тек белок
азотын қосындыларды пайдалана алатын болса, күрделі қарынды күйіс қайыратын
мал алдыңғы қарын микроорганизмдерінің көмегімен басқа да азотты заттар
аммиагін игереді. Сол микроорганизмдер қатысуымен олар басқа мал мен құс
қорыта алмайтын азық жасунығын жақсы қорытып, өсімдік көмірсуларының
энергетикалық қуаттылығын толығырақ пайдаланады [3].
Ж. Мырзабековтың пікірінше, азықтандыруда олардын қорытылу
ерекшелігін, таратуғаыңғайлылығын ескереді. Әдеттегіде ірі азықты
шырышты азықтан бұрын таратады. Оның ішінде пішенді танертең беріп,
түнге сабан салып қойған дұрыс. Ұнтақты шырынды азықпен араластырып
берген жөн. Азықтандыру мен суару тәртібі әсіресе жұмыс аттарына кушті
әсер етеді. Оларды міндетті түрде суытып барып азықтандырып, содан
кейін суарады. Суыту ушін алдымен ірі азык беріп, кейін шырынды азық
таратып, суарады да, артыншан жем береді. Сұлыны суарғаннан кейін 30-45
минут, арпа мен басқа жемді 1-1,5 сағат өткен соң береді. Жұмысқа аттарды
азықтандырғаннан кейін бір сағат өткен соң шығарады. Тәуліктік азық
мөлшерінің ірісі негізінен кешке салып қояды, өйткені алдыңғы қарны жоқ
жылқы малы жұмыстан бос уакытының көбін азықтануға жұмсайды. Ертеңгісін ірі
азықтың аз бөлігін, ал түсте тіпті аз мөлшерде салады. Өйткені жемшөпті
мұқият шайнап жұтатын жылқы берілген азықты жеп үлгермейді. Жемді де
ертеңгісін және түсте бірдей көлемде, кешкісін ұлғайтып береді [4].
В.И. Гершунның, Р.К. Туякованың әдебиеттеріне суйенсек, рацион
құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы көректілігін %-дық қатынасы
рацион құрылымын структура рациона)айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым
азық тобы не жеке-леген азық мал азықтандыру типін (тип кормления)
белгілейді. Азықтан-дыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына
сәйкестендіріледі. Айталық, табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды
азықтандыру типі (пастбищный тип кормления) қолданылса, жері жыртылған,
түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтық
қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді (силосный),
картопты-жемді (картофельно-концен-тратный), тамыржемісті-жемді
(корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т.с.с. азықтандыру типтерін
ажыратады.Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми-зерттеу
орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген типтік
азықтандыру рациондарын ұсынады [5].
Беляков,И.М. мағлұматы бойынша азыктағы қоректік заттарға мал
тіршілігіне қажетті барлық қосындылар жатады. Азық құрамын зерттегенде олар
организмде атқаратын фи-зиологиялық-биохимиялық қызметі бойынша
топтастырылатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Олардың ішінде негізгі
қоректік заттар ретінде алмасу барысында, яғни ыдырағанда, энергия (жылу)
бөлетін шикі протеин, шикі май, шикі жасунық пен азотсыз экстрактивті
заттар тобы алынады. Сонымен қатар, бұл қосындылардың ыдырап, алмасуға
қатысуына қолайлы жағдай туғызатын азық минералды және биологиялық әсерлі
қосындыларын да қоректік заттарға жатқызады.
Н. А. Воробьев ,С. И. Боголюбский жүргізген зерттеулерде әр түрлі
жүнді, салмағы ауыр қошқарлар мен ірі саулықты будандастырғанда болмаса,
енелерінің салмақтары орташа не ұсақтау болған жағдайларда қандай қозы
туатындығын байқай отырып, селекциялық шешімге келді.[6]
В.А. Бальмонт, М.А. Ермеков, А. Елеманов, Бутарин, Т. Бөкенбаевтар
Қазақстанда 1930 жылдан бастап ғалымдар мал селекциясын жүйелі түрде қолға
алып, ғылыми негізде жұмыс жүргізе бастады.
В.А. Бальмонт, Е.В. Баканова, А.И. Пшеничный 1931 жылы жаңа тұқымды
зерттеп анықтады. Авторлары Одақтың мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары
атанды.[7]
А.И.Лопыриннің деректері бойынша биязы жүнді қойдың құрсақтағы жалқы
төлі 20 күндігінде - 0.05 г, 30 күндігінде - 0,77 г, 40 күндігінде - 3,8 г,
50 күндігінде - 17 г, 60 күндігінде - 80 г, 90 күндігінде - 900 г, 120
күндігінде - 2900 г және 150 күндігінде 4300 г салмақ тартады. Ғылыми
деректерге қарағанда іште жалқы төлі бар саулықтар қысыр қойға қарағаңда
буаздылығынын, сонғы 7 апталығында қоректік заттарды 2 есе артық, ал егіз
болса, 2,5-3 есе артық қажет етеді[8].
В. В.Сларкевич ставрополь өлкесінде шығарылған Кавказ қой тұқымын
толық зерттеген, сол үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.
Қойдың маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі – шөп жайылымдарында
өсетін ең аласа шөптерден бастап, ірі бұтақты сексуеілге дейін жеуге
бейімделген. Бязы жүнді қойлар 48 – 55 % , құйрықты қойлар 42 – 50 % , ірі
қара 33 – 35 %, жылқы 27 – 34 % қана жейді.
Қойдың қоректенетін жусан түрлерінің жер шарында 500 түрі, ТМД
бойынша 170 түрі, Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Жусанның құрамында
қоректік зат мол, эфир майы бар, өзі әсіресе қой мен ешкінің жақсы азығы.
Жем-шөптің немесе рацион белогінің биологиялық құнарлылығы - деп
малдың белокқа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады[9].
М. Ф. Иванов қойдың арғы тегі - муфлонды биязы жүнді қойдың
саулықтарымен шағылыстырып, қойдың жаңа тұқымын шығарды. Ол жұмыстар
Украинада Аскания-Нова қорығында тегіс жерде жүргізілген [10].
Н. С. Бутарин өз жүмысында таулы жерде өсірілетін тұқым шығару үшін
муфлонның орнына арқарды пайдаланды, өйткені арқар биік 3000-4000 метрден
астам тауда өсетін қой тектес жануарларды зерттеген[11] .
П.Н. Кулешов ауыл шаруашылық мал тұқымдарының дамуына байланысты
тарихи шолу жасады[12].
Д.А. Кисловский дүиие жүзі мал шаруашылығының теориясы мен
тәжірибесі жоніндегі кең көлемді деректерді жинақтап, қорытып және П.Н.
Кулешовтың пікірлерін құптай отырып, үй малы адам еңбегінің жемісі болып
табылады деген ғылыми тұжырымды жақтады. Ол тұқымдардың пайда болуына
сыртқы ортаның әсер ететінін мойындаса да шешуші шарт адамның еңбегі мен
техникасы деп санады[13].
В. А. Бальмонттың басқаруымен Е. В. Баканова, А. И. Пшеничный
Қазақстанда өзінің жергілікті жағдайына лайықты биязы жүнді қойдың жаңа
тұқымын шығару мәселесімен айналысқан. Бұл жұмысты академик жұмыс істеді.
Негізгі селекциялық жұмыстар К. Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында
жүргізілді. Жаңа тұқым шығару үшін қазақы қойларының тәуірлері іріктеліп
алынды, олар таза тұқымды прекос қошқарымен шағылыстырылды.
Биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта жақсы
азықтандырып, дұрыс бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына,
салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің
ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды
құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу
технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның
ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды.
Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ
сатылық 1,5 – 17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек.
Сондай – ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 –
3% – ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге,
минералдық – дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті
шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп,
қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты
ерекшелігі – туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы
кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің
биологиялық құндылығын жақсартады[14].
Қ.Сәбденовтың мәлімдеуінше, азықтандыру – қойдың ет өнімділігін сан
мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды
азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне
көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс.
Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір
өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм
қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады. Азықтандыру деңгейі
бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды,
сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы
азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым
бөлігін май басып кетеді де еті аз болады.
А.В. Модяновтың тәжірибесінде қойға берілген жоңышқа құрғақ затының
қорытылуы, гүлденуінің алғашқы кезеңінде -64 %, ал кеш орылып, жиналғанда
-51% пішен мен қызылшадан тұратын рационның құрғақ затының қорытылуы 60,3,
ал пішен мен бидай кебегін бергенде -51,7% болған.
Тек жоңышқа шөбін бергенде қой 100 кг тірілей салмағына 2,1 кг-дай
құрғақ зат қабылдайды, ал әр түрлі азық бергенде (астық тұқымдастар мен
бұршақ тұқымдастар шөбі, дән мен қызылша) рациондағы құрғақ заттың желінуі
мөлшері артып, 2,3-2,7, кейде тіпті 3 кг-ға дейін жетеді. Ал енді қой
организміне түсетін қоректік заттардың мөлшерін арттыру үшін, азықтың
желіну пайызын көбейтуге тырыспай, қорытылу коэффициентін жоғарылатуға
ұмтылу керек; ол үшін рационға құнарлы, сапалы азық енгізу қажет[15].
А.С.Солун буаз және сүтті саулықтардың рационында жеңіл еритін
углеводтардың жеткіліксіз болуы эндогендік авитаминоздың өршуіне себепкер
болатындығы, минерал заттарының сіңімділігін төмендететіндігі, белоктың
пайдалануын кемітетіндігі туралы болжам айтты[16].
П.Н.Коршаковтың зерттеуі, жүннің беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі
сияқты қасиеттері осы микроэлементке тікелей байланысты екенін дәлелдеді.
Мал азығында кобальт жеткілікті болса, малдың асқазан, ішек-қарын жолындағы
бактерияның мөлшері бір жарым-екі есе көбейеді, ал мұның өзі мал
организміндегі клеккалардың пайда болып, жетіле беруіне көмектеседі. Сөйтіп
кобальт әсерімен организмдегі белоктың синтезі күшейіп, жүн неғұрлым жедел
өсетін болады.
Жүгеріде кобальт аз, осыған орай жүгері сүрлемімен мал дұрыс
азықтандырылмаса жүннің сапасы да нашарлап кетеді. П.Н. Коршаковтың 1983
тәжірибелеріне қарағанда, бір қойға тәулігіне 2,5 миллиграмнан хлорлы
кобальт бергенде, қосымша 230 г жүн қырқылған, әрі оның сапасы да
жақсарған.
Салмағы 55-60 кг тартатын буаз меринос қойының азық рационында шамамен
1400-1700 г құрғақ зат болуы қажет. Ол жақсы желінетін әр түрлі азықтан
құралуға тиіс. Мұндай рационның құнарлығы арта түседі, әрі жақсы
қорытылады. Мысалы бордақыдағы қозылардың рационы астық тұқымдас шөп пен
жүгері дәнінен тұрғанда, олар тәулігіне орта есеппен 86 грамнан, ал бұршақ
тұқымдастар мен жүгері дәні берілген басқа топ -145 грамнан салмақ қосқан.
Қойлар 1 кг тірілей салмағына азық өлшемінің төмендегідей мөлшерін
жұмсайды: сақа қойлар -10-12, алты айға дейінгі қозылар -4-5, бір жасқа
дейінгілер -7-9,1 кг жүн алу үшін орта есеппен 60, ал бір қаракөл елтірісін
алу үшін -132 азық өлшемі жұмсалады[16].
Н.А. Омарқожаұлының зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың
сүйсініп жейтін, үйреншікті жем – шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта
өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал
шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы
қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем – шөп қорытылуы
үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені
шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың
аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын
зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық
рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік
заттың қорытылуын нашарлатады[17].
М.А. Абдулаевтың айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан жағдайында
қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын
жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол жайылымдарды
неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен қосымша
салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға мүмкіндік
береді[18].
Б.С.Құлатаевтың зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой
күніне 6 – 8 кг қозылары бар саулық 12 – 15 кг шамасында шөп жейді. Егер
жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл нормалар тиісінше 15 – 30%
кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін анықтағанда осының барлығы
ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына, жазғы мезгілінде, қой басы 7
кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға күніне 49ц шөп керек, ал
жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып шығады. Көк шөптің түсімі
гектарынан 10ц деп есептегенде, 700 бас қойға маусымына 588га жайылым керк
болған болар еді. Бірақ, жайылым шөбін қой тегіс, жей алмайды, тек 60 – 70%
жейді. Сондықтан керекті жайылым көлемі 30 – 40% артық болуы тиіс. Атап
айтқанда, ірі қой басына шөл, шөлейіт жерлерде жайылым 0,8 – 1 га – дан кем
болмау керек, ал таулы ойпатты жерлерде 0,5 – 0,7 га қажет болады. Оның
үстіне күнде жайылымды ауыстырып тұрған дұрыс. Айында көшкеннің аты семіз,
күнде көшкеннің қойы семіз деген халық мақалы осыны дәлелдейді[19].

Б.А.Әкімбековтың мәлімдеуінше, қойды азықтандыруда мүйізді ірі қара
малды азықтандыруға кететін барлық жем – шөп түрлерін қолдануға болады.
Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты
қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындықтан, көптеген жем – шөп
түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа малдан жоғары игереді.
Сондықтан да олардың осындай жайылым оты мен ең арзан азықтарды ұтымды
түрде молынан пайдаланса, өндірісімен өнімінің өзіндік құны арзан болмақ.
Мұның шаруашылық экономикасына тигізер пайдасы көп.
Көктемдік эфемерлік ерте көктеген күнгей жоталарының өсімдіктерін жол
– жөнекей қоректеніп, жаз аптабынан жайлауға айдалған қой отарлары таулы
альпілік және субальпілік жайылымдардың алуан түрлі санды жайылымдарға
жайылады. Қыстың шуақты күндері күнгей беттердегі ашық қыстық жайылымдарына
жайып, боранды, қарлы күндері дайындаған пішен, жаздық дақыл сабаны, ал
мүмкіншілік болған жағдайда пішендеме, сүрлеммен азықтандырып, мал
қоңдылығына қарай есептелінген жем жегізеді[20].
Н.Н.Омарқожаұлының әдебиеттерінде, қойлар тұмсығы мен ауыз қуысының
анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты табиғи жайылым отын, аумақты көк
және ірі азықтарды мейлінше жете пайдаланып, жақсы қорыта алады. Сондықтан
қойды оған дейін жылқы немесе мүйізді ірі қара мал жайылған жерлерге,
астығы орылған алқаптарға жаюға болады[21].
Б.Медеубековтың зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың асқазан қызметін,
организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына, витаминдердің
көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді. Сүрлем азықтың дәмін
кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді, ондағы қоректік заттың жақсы
қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған сүрлем көп азықтың бағасы қасиетін
өзінде сақтайды. Көк азықтың сүрленуі сүт қышқылы бактерияларының
өсімдіктерді тез ашуы әсерінен болады. Олар сүрленетін шырындағы қантты
пайдаланады және сүт қышқылын бөліп шығарады, бұл қышқыл азықты
қышқылдандырады да шіріткіш бактериялардың дамуына және әрекеттеріне
кедергі жасайды. Сүрлеу процесі кезінде азықта сүт қышқылының біраз мөлшері
жиналады, ол сүрлемге жақсы иіс пен дәм береді, мұның өзі қойдың сүрленген
азықты сүйсініп жеуіне себеп болады[22].
А.П.Сарбасовтың мәліметтерінде, ет өнімділігінің саны мен сапасына
әсер етіт негізгі факторлардың бірі малды дұрыс толық құнды рационмен
азықтандыру болып табылады. Азық рационын құрғанда, ең алдымен ондағы азық
өлшемі мен қорытылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет. Рационда
азық өлшемі нормаға сәйкес мол болады, сондықтан бордақылаудағы қойдың
азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын, бір өнім мөлшеріне жұмсалатын азық
аз жұмсалады[23].
М.Абдулаевтың айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан жағдайында
қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын
жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол жайылымдарды
неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен қосымша
салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға мүмкіндік
береді.
Азықтандыру жағдайы бордақылау процесінің экономикалық көрсеткішіне
ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар еттің сапасына да ықпалына тигізеді.
Мысалы, көп уақыт бойы суыққа жарымаған арық малды бордақылауға қойса, онда
оның салмағының басым бөлігі май болып кетеді де ет, яғни белокты ет, аз
болады.
Ұшаның төмен сапалы болып келуі қойды бордақылаудың бастапқы кезінде
жақсы азықтандырып каеліп соңынан азықтандыру деңгейін төмендетіп жіберуден
де болады. Сондықтан да биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр
уақытта да жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп – бағу қажет. Бордақылаудағы
сақа қойдың протеинге деген қажеттілігі аса жоғары болмайды. Ал өсіп келе
жатқан қозылар үшін протеин мөлшерінің ерекше маңызы бар.

Андрюс пен Орсовтың
(1978) мәліметтері бойынша, салмағы 20, 25, 30 және 35 кг қозылар үшін
протеиннің оптималдық концентрациясы рационның құрғақ затына шағып
есептегенде, тиісінше 17,5; 15; 12,5 және 12,5% болу керек. Малдың
қоңдылығы артқан сайын оның протеинге деген қажеттілігі төмендей
түседі[24].

ІІI. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1. Ірі қараны бордақылау және жайып семірту ерекшеліктері
3.2. Ірі қараларды жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы

Ірі қараларды жас балауса шөптерге жайып, суға еркін түсіру олардың
қоңдылығын көтеріп, салмағын жоғарылатады, сонымен қатар малдарды күтудің
технологиялық процесін нығайтып, ет өндірудегі шығынды айтарлық-тай
қысқартады.
2004 жылы енесінен ажыратқаннан соң жайылымда бағып семірту кезінде
және өт өнімділігінің өзгерістерін, өсу ерекшеліктерін зерттеу мақсатында
қозылардан 2 топ құрылды.
Аз салмақпен төменгі қоңдылықтағы қозылардан құралған бірінші топтағы
қозылар енесінен ажыратылғанан соң жайып семіртуге қойылды.
Қозылардың жайып семіртуге қойған кездегі бақылау тобының тірілей
салмағы 26,8±0,7 кг болды. Бұл ірі қара тобы тау етегіндегі табиғи
жайылымдарда жайылды. Тәжірибе тобындағы қозылардың орташа салмағы 26,6±0,8
кг болды. Ірі қара түскі демалыс уақытына сағат 1200-ге дейін күздік бидай
аңызында, ал бұдан соң сағат 1500-тен қараңғы түскенше жоңышқа көрпесінде
жайылды. Жайып семіртудің алғашқы кезінде қозылар (30 күн) тәулігіне
жайылым азығымен бірге күн сайын 350 г, ал мәрелі кезінде (30 күн) 450 г
бүтін арпа дәнімен үстеме азықтандырылды. Ірі қаралардың екі тобы да суды
бір мезгілде тау өзенінен ішті, суғару таң ертең және күннің екінші
жартысында жүргізілді. Ірі қараларды жайылымға шығару таңертеңгі сағат 600-
700 басталды. Күндіз сағат 1200 жайылым тоқтатылып, малдар талдың
көлеңкесінде сағат 1500 дейін демалды. Сағат 1500 кейін малдарды жайылымға
шығарып сағат 21-2200 дейін жайды. Ірі қараларға қосымша жем кешкі
жайылымнан кейін берілді.
60 күнге созылған жаздық жайылым кезінде І және ІІ топтағы қозылардың
тірі салмағы тиісінше 26,8 және 26,6 кг-нан 31,4 және 35,5 кг-ға дейін
өсті.
Жайып семірту кезіндегі тәжірибе тобындағы ірі қаралардың өсуі (148
г), бақылау тобындағы тетелестеріне қарағанда (90 г) жоғары дәрежеде болды,
бірінші топтағы ірі қаралардың орташа тәуліктік салмағы 58г болмаса соңғы
топтағылардан 64,4 % пайызға артық болды. Тәжірибе тобындағы қозылардың
жалпы өсімі мен тірілей салмағының тәуліктік жоғарылығы бақылау тобындағы
тұрғыластарына қарағанда нақтырақ (Р0,99 және Р0,999) екендігі анықталды.
Жайып семірту барысында ұшаның салмағының өсуі әсіресе іш майлары-ның
өсуі (1,22-1,46 және 1,54,-2,69 есе) дененің таза салмағына (1,17-1,31
есе), қарағанда жедел түрде жүрді. Осыған байланысты ұшаның іш май шығымы
және сойыс шығымы бұл кезеңде едәуір тиісінше 40,3,1; және 41,3 пайыздан
41,7-44,1; 1,3-2 және 43,1-46,1% пайызға шейін жоғарылады.
Тәжірибе тобындағы қозылардан бақылау тобындағы жастастарына қара-
ғанда (12,7 кг; 41,7 және 1,3%) тым ауырлау (15,14 кг), жоғарғы шығымды
(44,1%) ұшалар, жеткілікті іш май (2%) алынды. Ұшасының шығымы жөнінен
тәжірибе тобындағы қозылардікі ет өндірісінде талап етілетін мөлшерден
едәуір асық болды (41,3%). Ұшаның іш майының және сойыс салмағы бойынша
тәжірибе тобындағы қозылардың нақтылығы (Р0,95) бақылау тобындағы
жастастарына қарағанда басымырақ болды.
3.3. Биязы жүнді қозыларды қыс мезгілінде үдемелі бордақылау
және ет өнімділігі
Қысқы бодақылаудың тиімділігін анықтау мақсатында әдеттен тыс және
жергілікті азықтарды пайдаланып 2008 жылы қаңтар айының басында Төлеби
ауданына қарасты Атамекен жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде биязы
жүнді қозылардан екі топ құрылды. Қойғандағы орташа тірілей самақтары І-
бақылау тобынікі 34,9 кг және ІІ- тәжірибе тобынікі 35,3 кг болды.
І- бақылау тобындағы биязы жүнді қозылардың азық мөлшері, шаруашы-
лықта қалыптасқан орташа бордақылаудың алғашқы (45 күн) кезінде
төмендегідей азық құрамы болды: 0,4 кг бидай кебегі, 0,3 кг бидай қалдығы,
0,5 кг жоңышқа сүрлемі, 0,2 мақсары тұқымын тазалағаннан кейінгі қалдық
және 0,3 кг күздік бидай сабаны. Биязы жүнді қозыларды орташа бордақылаудың
мәрелі кезінде азық мөлшерінің жұғымдылық құны, құрамында 120 г ақуызы бар,
0,95 азықтық өлшемді құрады. Биязы жүнді қозыларды орташа бордақы-лаудың
мәрелі кезінде (45 күн), жоңышқа сүрлемі мен күздік бидайдың сабанының
мөлшері 100 г-ға көбейтілді. Биязы қозыларды орташа бордақылаудың мәрелі
кезінде азық мәзірінің жұғымдылық құны, құрамында 128 г ақуызы бар, 1,05
азықтық өлшемді құрады.
ІІ- тәжірибе тобындағы биязы жүнді қозылардың азық мөлшеріне, үдемелі
түрде бордақылаудың алғашқы (30 күн) кезінде төмендегідей азық құрамы
кірді: 0,4 кг бидай кебегі, 0,4 кг бидай қалдығы, 0,6 кг жоңышқа сүрлемі,
0,3 мақсары тұқымын тазалағаннан кейінгі қалдық және 0,4 кг күздік бидай
сабаны. Биязы қозыларды қарқынды бордақылаудың мәрелі кезінде (30 күн) азық
мәзірінің жұғымдылық құны, құрамында 141 г ақуызы бар, 1,20 азықтық өлшемді
құрады. Биязы жүнді қозыларды бір қалыпты бордақылаудың мәрелі (45 күн)
кезінде, жоңышқа сүрлемі мен күздік бидайдың сабанының мөлшерін 100 г-ға
көбейтілді. Биязы қозыларды қарқынды бордақылаудың мәрелі кезінде азық
мәзірінің жұғымдылық құны, құрамында 157 г қорытылған протеин бар, 1,33
азықтық өлшемді құрады.
90 және 60 күндік жеделдете бордақылау кезінде бақылау және тәжірибе
тобындағы биязы жүнді қозылардың тірілей салмағы тиісінше 34,9 және 35,1 кг-
нан 45,1және 45,2 кг-ға болмаса, 10,2 және 10,1кг-ға өсті.
Тәжірибе тобындағы биязы жүнді қозылардың бордақылау барысындағы
жеделдете өсуі (168 г), бақылау тобындағы жастастарына қарағанда (113г)
біршама жоғары болды, тәжірибе тобындағы қозылардың орташа тәуліктік
салмағының өсуі, бақылау тобындағыларға қарағанда 55 г болмаса 48,7% пайыз
жоғары болды. Осыған байланысты тәжірибе тобындағы қозылардың азық өтемі
(7,5 азық бірлігін.) бақылау тобындағыларға қарағанда (8,9 азық бірлігіне)
жақсырақ болды.
Соярдан алдыңғы тірі салмаққа шаққанда, бордақылауға қояр кездегі
бақылау сойысындағы ұшаның салмағы 14,5 кг және шығымы 42,5% пайыз болды.
Бордақылаудан кейін бақылау сойысын жүргізгенде тәжірибе тобындағы
қозылардан бақылау тобындағы жастастарына қарағанда ауырлау ұшалар (20,1 кг
қарсы 19,2 кг) алынды, сондықтан оларда ұша шығымы (46,1%) соңғы топтағы
қозыларға қарағанда жоғары (44,8%) болды. Тәжірибе тобындағы қозылардың іш
май шығымы ет өнеркәсібінің мөлшерлік талаптарына (2%) сай болды, сондықтан
олардың сойыс шығымы бақылау тобындағы құрдастарына қарағанда 1 бірлікке
артық болды.
3.4. Қозыларды бордақылауда өндірілген еттің қауіпсіздік көрсеткіштері
Қозыларды 60 күн бойы бордақылағанда жергілікті (жоңышқа пішені,
күздік бидай сабаны, бидай дәнінің қалдықтары, арпа дәні) және дәстүрлі
емес (мақсары дәнін жинағаннан кейінгі қалдықтар) қолданылды.
Күздік бидай, арпа, мақсары және жоңышқа егілген жерлерде гербицидттер
және тыңайтқыштар қолданылған жоқ. Еркек қозыларды бордақылау кезінде
суғару құбырлар жүйесі бойынша берілетін таза сумен жүргізілді.
Бұл жоғарыда көрсетілген жағдайлар өндірілген қозы етінің экологиялық
тазалығын жобалап көрсеткенімен Оңтүстік Қазақстан обылыстық малдәрігер-лік-
бактериологиялық зертханада ионоволттік амперметрлік талдағышпен (ХАН-2)
бордақылауда қолданған азықтарды және өндірілген қозы етінде ауыр металдар
мөлшерлері анықталды.
Қозыларды бордақылау кезінде жоңышқа шөбінде 0,015 мгкг кадмий,
0,338 мгкг мыс, сабанда – 0,015 мгкг кадмий 0,116 мгкг қорғасын және
1,296 мгкг мыс, бидай дәнінің қалдықтарыда – 0,001 мгкг кадмий және 0,350
мгкг мыс, арпада-0,010 мгкг кадмий және 0,342 мгкг мыс болды
Азықтар ішінде қорғасын тек сабанда, ал кадмий және мыс барлық азықтар
түрінде болды.
Кадмий мөлшері бидай сабаны мен жоңышқа пішенінде (0,015 мгкг) және
арпа дәнімен, бидай дәнді қалдықтарында (0,010-0,011 мгкг) бірдеңгейде
кездеседі. Мыс бидай сабанында жоғары дәрежеде (1,296мгкг), ал басқа
азықтар түрлерінде 0,338-0,350 мгкг аралығында болды.
Бордақыланған қозыларды сойғаннан кейін етте 0,019 мгкг қорғасын,
1,187 мгкг мыс болатыны анықталды, бұл көрсеткіштер мемлекеттік стандарт
талаптарына сай рұқсат етілетін шектік мөлшерден анағұрлым төмен болды.
Бордақылаудан кейін сойылған қозы етінде кадмий, күшәлә, сынап болмады.
3.5. Ірі қараларды көктемгі жайылымда бағып семірту
кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің өзгерістері

Ғылыми негізде ұйымдастырылған жайып семірту, мал етінің сапасын
жақсарту мен өндірісін молайтуда маңызды қор болып табылады.
Сиырлардың ет өнімінің қалыптасуының көктемгі жайып бағу кезінде жете
зерттелмегенін есепке ала отырып, көктемгі жайып семірту кезінде 2005 жыл-
дың 5 сәуірінде Қарабау тәжірибе шаруашылығында оңтүстік қазақ мерино-сы
еркек тоқтыларынан тәжірибелік қойылу салмағы 31,8 кг (жүнін есептеме-
генде) тобы құрылды. Қырқым кезінде жүннің орташа салмағы 3,45 кг болды.
Жас малдар суғару өзеннен таң ертеңгісін және күнің екінші жартысында
жүргізілді.
Ірі қараны жаю таңертеңгі сағат 6-700-де басталды. Күндіз сағат 1200-
де жайылым тоқтатылып, сағат 1500-ке дейін талдың көлеңкесінде демалыста
болды. Сағат 1500-тен қойларды жайылымға шығарып, онда олар сағат 2100-2200-
ге дейін бағылды.
20-күндік жайылым кезінде яғни 5-сәуірден 25-сәуірге дейін тау
бөктеріндегі жайылымда биязы жүнді қойлардың тірілей салмағы 31,8 кг-нан 36
кг-ға дейін өсті, ал абсолюттік өсімі 4,2 кг болды. Биязы жүнді тоқтылардың
бұл кездегі өсуі жедел түрде жүрді және орташа тәуліктік тірілей өсімі
салмағы 210 г құрады.
Жайылым шөбінің өнімділігі сәуір айында 35 цга болды, бұл еркек
тоқтылардың жедел өсуіне жағдай жасады. Осыдан кейінгі 34 күндік жайып
семірту кезінде 29-мамырға дейін тау етегіндегі жайылымда еркек тоқтылардың
тірілей салмағы 36 кг-нан 41,6 кг-ға дейін өсті. Бұл уақытта да тоқтылардың
қарқынды өсуі жоғары дәрежеде болып, олардың орташа тәуліктік тірілей
салмақ өсімі 165 г болды.
Мамыр айында жайылым шөбінің шығымдылығы жоғары болып, 29,5 цга
құрады, тоқтылардың жедел өсуіне себепші болды.
Салмағы төмен малды сою кезінде салмағы орташа 11,9 кг болатын
қоңдылығы, төмен ұшалар алынды.
Биязы жүнді тоқтылардың бақылау сойысының нәтижелері

1 - Кесте
Көрсеткіштері Ірі қара Өсу
коэффи-циенті
жайып семіртуге жайып семірту-ден
қойғанда кейін
Мал басы саны 3 3 -
Сояр алдындағы тірілей 30,6±0,9 38,9±0,6 1,27
салмағы, кг
Ұшаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ақбас сиыры
Өсімдіктері - түрлі шөптер басым астық тұқымдастар
Қойлардың азықты қорту жүйесі бойынша биологиялық ерекшеліктерімен толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру және азық қажеттілігін есептеу
Өнеркәсіп негізінде жүн мен қой етін өндіру
Азықтың химиялық құрамын зерттеу
Қозылы қойды азықтандыру
Түйіршіктелген құрама жем
Мал азығы
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Құйрықты және майлы құйрықты қой тұқымдары
Пәндер