Шошқаларды семірту үшін азық қолдану



I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
II.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... 6
ІІI.Негізгі бөлім ... ... .
3.1. Шошқаларды күтіп.бағу және шошқалардың өсіп.өну ерекшеліктері ... ... ... ... ...8
3.2. Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері мен нормалары
3.3. Шошқаны бордақылау кезінде азықтандыру ерекшеліктері ... ... ... 12
3.4. Шошқаларды бордақылау кезінде пайдаланылатын азықтар ... ... ... ... ...16
3.5. Торай емізетін мегежіндерді азықтандыру нормалары ... ... ... ..18
3.6. Шошқа азығындағы мырыштың (цинк) маңызы ... ... ... ... ... ..19
IV.Қорытынды бөлім ... ... ... ... .21
V.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ...23
Шошқа өсіру – өте пайдалы бизнес, себебі шошқалар өте жоғары өнетіндігімен және басқа жануарларға қарағанда тез өсу қарқынымен айрықшаланады. Мысалы, сойғанға дейінгі салмақтағы шошқаны өсіру үшін, бірнеше ай ғана қажет болады, ол осы бизнестен қайтарымды тез алуға мүмкіндік береді.
Бірақ, шошқа өсіру фермасына қажетті бастапқы шығындар АҚШ 90- нан 150 мың долларына дейінгі соманы құрайтын қомақты қаражатты қажет етеді. Оның үстіне, салымның орнының толтырылуы үш немесе төрт жыл мерзімінде ғана жүзеге асады. Сонымен бірге, шошқа өсірумен айналысатын аграршылдар істі 300-400 шошқа басынан бастауға кеңес береді, себебі бұл өте тиімді мал саны болады. Бірақ, егер де айналым қаражаты жеткіліксіз болса, жүз бас шошқамен де істі бастауға болады, бірақ онда жобаның орны толуы ұзақ мерзімге созылып кетеді. Кез- келген жағайда шошқа фермасында шошқаларды араластыру келесі сәйкестікте болу керек: жалпы мал санының 50%-ын ұрғашы шошқаның басы құрау керек, осы ұрғашы шошқаның жалпы санынан 7-8%- ын тұқымдатқыш қабандар құрау керек, басқа бастарды етке сату мақсатымен бордақылау да ұстау қажет. Ол салынған қаржылық ресурстардың тез арада орнын толтыруға мүмкіндік береді.
Шошқаны өсірудегі ең бір көкейкесті мәселелердің бірі сапасыз мал азығы болып табылады. Осы жағынан көптеген адамдар қатты шатасады, себебі олар шошқалар нені болса да жей береді деп ойлайды. Бұл тұжырым дұрыс емес, шошқаларға теңгерімді және дәрумендік азық қажет болады. Сонымен бірге, азықтың құрамы шошқаның шығу тегі мен жасына қарай айырмашылықта болады. Орташа статистикалық мәліметтерге қарағанда, 300 басты шошқа үйіріне жылына 300 мың тонна астық пен 3 тонна азықтық қоспалар қажет болады екен. Әдетте азықтарды дайындау мәзірлері барлық кәсіптік құрама жем зауыттарында болады, бірақ шошқа өсіру бойынша бай тәжірибесі бар аграршылар өздерінің жеке мал азығы рецептерін құрастырады.
1. Арзуманян Е. А., Бегучев А. И., Ссловьев А. А.,ФандееваБ.В., Скотоводство. /Под ред. Е. А. Арзуманяна/. - М.: Колос, 1984.122-145с.
2. Алимжанов Б.О. Интенсификация производство молока и говядины. -А.:Кайнар,1961.145-155с.
3. Даленов Ш.Д., М.Т. Скотоводство, технология производства молока и говядины/ Каримов Ж.К., Жомартов –Алматы.:Кайнар, 2001.45-455с.
4. Искакбаев Б.Б. Ipi қара шаруашылығы. - А.: Қайнар, 1996.
5. Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Майманов Д. Ipi қара шаруашылығы.- Қостанай, 1996.
6. Лобанов ВТ. Практикум по племенному делу. - М: Агропромиздат, 1988.
7. Государственные племенные книги крупного рогатого скота молочных комбинированных и мясных пород. - Алма-Ата: Кайнар.
8. Свечин К.Е. и др. Коневодство. - М.: Колос, 1984.
9. Дүйсембаев К.И., Бегімбетова Г.С., Жүнісов A.M. т.б. Жылқы шаруашылығы. -Алматы, АЗМИ, 1995.
10. Гурьевич Д.Я., Рогалев Г'.Т. Словарь-справочник по коневодству и конному спорту. -М., 1988.
11. Федотов П.А. Коневодство. -М., "Агропромиздат", 1989.
12. Васильев Н.А., Целютин В.К. Овцеводство и технология производства шерсти и баранины. -М., Агропромиздат, 1990.
13. Николаев А.И., Ерохин М.А. Овцеводство. - М.: Колос, 1987.
14. Медеубеков К.У. Справочник овцевода. -Алматы. Кайнар. 1990.
15. Сабденов К.С, Абдуллаев М.А., Шауенов С.К, Интенсификация овцеводства. -Алма-Ата "Кайнар", 1991.
16. Рахимжанов Ж.А., Сабденов К.С., Кусайнов А.К. Новые породы и типы овец и коз Казахстана 1 и 2. Учебное пособие. -Алматы. 1997.
17. Практикум по овцеводству и технологии производства шерсти, каракуля и баранины. Методические указания к лабораторным и практическим занятиям. -Алма-Ата, 1989.
18. Гильман З.Д. Свиноводство. Учебное пособие. -Мн. Ураджай, 1989.
19. Козловский В.Г., Лебедев Ю.В., Медведев В.А. и др. Племенное дело в свиноводстве. –М., Колос, 1987.
20. Князев П.Е. и др. Практические занятия по свиноводству. -М., Колос,1991.
21. Альпейсов Ш.А., Птицеводство. -Алматы, 2001.
22. Егеубаев А.А.; Құсайнов К.К. және басқалар. Мал азықтандыру. I-II бөлім. Оқу құралы. 1993.
23. Омарқожаев Н.О. Малды құнарлы азықтандыру. Оқу құралы.- Алматы, 1993
24. Танатаров А.Б. және басқалар. Құс шаруашылығы. -Алматы, 2005.
25. Танатаров А.Б. т.б. Құс шаруашылығы, практикум. -Алматы, 2008.
26. Баканов В.Н., Менкинь В.К: Ауыл шаруашылык малдарын азықтандыру /оқулық/. - М., Агропромиздат, 1989.
27. Петухова Г.А., Емелина Н.Т., Крылова B.C., Мартяиов И.М., Антонова О.А. Ауыл шаруашылық, малдарын азықтандыру практикумы. - М: ВО. Агропромиздат,1990.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Мал шаруашылығы пәнінен жазылған ІШошқаларды семірту үшін азық
қолдану атты курстық жұмысым 24 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.

Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
II.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ІІI.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

3.1. Шошқаларды күтіп-бағу және шошқалардың өсіп-өну
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3.2. Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері мен
нормалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .10
3.3. Шошқаны бордақылау кезінде азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...12
3.4. Шошқаларды бордақылау кезінде пайдаланылатын
азықтар ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3.5. Торай емізетін мегежіндерді азықтандыру
нормалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 18
3.6. Шошқа азығындағы мырыштың (цинк)
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .19
IV.Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..21
V.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Кіріспе
Шошқа өсіру – өте пайдалы бизнес, себебі шошқалар өте жоғары
өнетіндігімен және басқа жануарларға қарағанда тез өсу қарқынымен
айрықшаланады. Мысалы, сойғанға дейінгі салмақтағы шошқаны өсіру үшін,
бірнеше ай ғана қажет болады, ол осы бизнестен қайтарымды тез алуға
мүмкіндік береді.
Бірақ, шошқа өсіру фермасына қажетті бастапқы шығындар АҚШ 90- нан
150 мың долларына дейінгі соманы құрайтын қомақты қаражатты қажет етеді.
Оның үстіне, салымның орнының толтырылуы үш немесе төрт жыл мерзімінде
ғана жүзеге асады. Сонымен бірге, шошқа өсірумен айналысатын аграршылдар
істі 300-400 шошқа басынан бастауға кеңес береді, себебі бұл өте тиімді мал
саны болады. Бірақ, егер де айналым қаражаты жеткіліксіз болса, жүз бас
шошқамен де істі бастауға болады, бірақ онда жобаның орны толуы ұзақ
мерзімге созылып кетеді. Кез- келген жағайда шошқа фермасында шошқаларды
араластыру келесі сәйкестікте болу керек: жалпы мал санының 50%-ын ұрғашы
шошқаның басы құрау керек, осы ұрғашы шошқаның жалпы санынан 7-8%- ын
тұқымдатқыш қабандар құрау керек, басқа бастарды етке сату мақсатымен
бордақылау да ұстау қажет. Ол салынған қаржылық ресурстардың тез арада
орнын толтыруға мүмкіндік береді.
Шошқаны өсірудегі ең бір көкейкесті мәселелердің бірі сапасыз мал
азығы болып табылады. Осы жағынан көптеген адамдар қатты шатасады, себебі
олар шошқалар нені болса да жей береді деп ойлайды. Бұл тұжырым дұрыс емес,
шошқаларға теңгерімді және дәрумендік азық қажет болады. Сонымен бірге,
азықтың құрамы шошқаның шығу тегі мен жасына қарай айырмашылықта болады.
Орташа статистикалық мәліметтерге қарағанда, 300 басты шошқа үйіріне жылына
300 мың тонна астық пен 3 тонна азықтық қоспалар қажет болады екен.
Әдетте азықтарды дайындау мәзірлері барлық кәсіптік құрама жем
зауыттарында болады, бірақ шошқа өсіру бойынша бай тәжірибесі бар
аграршылар өздерінің жеке мал азығы рецептерін құрастырады.
Мал азығы мен азықтану гигиенасында ең бастысы малдың денсаулығы мен
оның өнімділігінің азықтың мөлшері мен санитариялық тұрғыдан
қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі кезде азықтың
құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының тапшылығы
мол денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір азайтты.
Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды азықтар
дайындау жолдары мен зерттеу әдістері.
Азықтың санитарлық сапасын жоғары сақтау үшін оларға арнайы өңдеу
жүргізіледі. Өңдеудің ең қарапайым түрі жем – шөпті дайындау барысында
кептіру, яғни қоректік заттарының бұзылып ыдырамай сақталуына бағытталған
микробиологиялық өзгерістерге негізделген. Жем – шөпті сақтауға
негізінен кептіру жағдайда қышқыл орта орнатуды қолданады. Мұндай
өңдеуден өткен азықта саңырауқұлақ өсіп - өнбейді, олар микотоксин,
түзбейді. Дайындалған азықтың сапасын сақтаудың ең тиімді жолы оның
ылғалдылығын жоғарлатпау болып табылады. Егер ылғалдылығы жоғары болып
торшалық тыныстану толастамаса, қоректік заттар ыдырауынан пішеннің ішкі
қызуы 30-50 градус асып, онда микробиологиялық үрдіс өрістейді.
Шошқа рационында мырыш жетіспесе зат алмасу бұзылып, төлдің өсіп –
жетілуі кешеуілдейді, мал бедеу болады, жүні түсе бастайды, тері аурулары
шығады. Бұзаулар енесін еміп жүрген кеғзде мырыш жетіспесе пеллагра
тәрізді дерматит немесе терінің паракератоз ауруы туындайды.
Мақта күнжарасын зарарсыздандырудың ең тиімдісі оны қыздырып, содан
кейін 1кг күнжараға 0,5 г күкірт қышқылды мырыш ерітіндісін қосады. Күкірт
қышқылды мырыш госсиполмен қосылып, оның қандағы эритроцитке деген
гемолитикалық қасиетін жояды.
Кейбір шаруашылықтарда мал азығының консервілеу жүргізіледі. Ол
үшін мынандай ерітінділерді қолданады: пропион қышқылын, сірке суын,
бензол қышқылдарын және т.б. ерітінділері өндірісте жиі қолданылып келеді.
Әрбір консервантты таңдағанда саңырауқұлақтардың токсин шығаратын
қабілетін ескерген жөн және сол таңдап алынған консерванттың әрбір
саңырауқұлақ түрінің өсіп - өнуіне жол бермейтін қасиеттерін еске
алмайынша және азықтың ылғалдылығын білмейінше консерванттардың ұзақ
уақыт өз қасиетін тиімді ұстап тұруы мүмкін емес. Сондықтан азықты
өңдеу нәтижесі мүлде аз немесе тиімсіз болуы ықтимал.
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір
оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй
талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз
қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына
жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай
елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар
АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы
дамыған.
Шошқа шаруашылығында азықтандырудың таза жемдік типінде, әсіресе,
оңтүстік аймақтарда, құрғақ азықпен автоматты оттықтардан өз бетімен
азықтандыру кең таралып отыр.
Азық малшаруашылық өнімділігінің өз құндылығының құрылымында жоғары
меншікті салмақ алады (сүт шаруашылығында 50-55% , шошқа шаруашылығында 65-
70%), сондықтан олардың сапасын жақсартуға өнімнің бірлігіне қоректі
заттардың шығынын төмендету үшін алғашқы деңгейлі көңіл аудару керек.
Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан ақтайтын өнімділік алу үшін
оларды қоректік заттармен, дәрумен, макро-микроэлемент пен негізгі азық
және азық қоспамен бірге ағзаға келетін биологиялық активті заттардың
қажеттілігін қанағаттандыру керек. Одан басқа, рацион жануарлар үшін
тартымды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни рацион азықтары
белгілі бір дәмді артықшылығы, консентенциясы, температурасы, ұсақтау
белгілі өлшемі және т.б. болуы қажет. Азық алынатын өнімділікке ықпал
етеді, сондықтан өнімділік бірлігіне азықтың минималды мөлшерімен шығымына
сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін рациондағы азықтың оптимальды
қатынасы қажет.
Азықтық базаны табиғи-климаттық зона бойынша табиғи және мәдени
өсімдік қауымын рационалды пайдаланып нығайту, дайындаудың прогрессивті
әдістерін пайдалану, консервілеудің әдістеріннің қалыптасуын, азықтандыру
алдындағы дайындық пен азықты сақтаудың-негізгі маңызды міндеттер болып
табылады, оларды біздің елдің мал шаруашылығының дамуында шешу керек.
Курсық жұмыстың мақсаты – ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
алған білімді тереңдету, азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын,
соның ішінде шошқаны толыққанды азындандырудың ерекшеліктерімен маңызын
анықтау тәжірибесін оқып білу, шошқаларды бордақылау кезінде пайдаланылатын
азықтармен және азықтандыру нормаларымен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті - жету жолында келесі міндеттер орындалады:
1. Шошқаларды азықтандыру техникасы туралы түсінік беру;
2. Шошқаларды азықтандыру типтері, ондағы құнарлы жем үлесін
анықтау;
3. Шошқалардың қоректік заттарға, азықтандыру межесіне қажет
талаптармен танысу.
4. Шошқаларды азықтандыру, өсіру және өсімін жеткізу туралы,
шошқаларды тамақ қалдықтарымен бордақылаудың ерекшеліктерімен
және шошқаларды азықтандыру ерекшеліктері туралы түсінік беру.
II. Әдебиетке шолу

В.Ф. Лемештің (1971), Р.Дмитриевтің айтуы бойынша (1972) сүрлем
салынған жоңышқа көптеген жоңышқа көптеген амин қышқылдары азаятынын
көрсетеді [1].
И.А. Богдановтың айтуы бойынша , (1918) өзінің зерттеу жұмысында
тамақтағы белоктан организмге майдың түзілуін түсіндірді. Ол пішіннің, көк
азықтың және тағы басқа азықтардың нәрлілігін анықтаудың өзіндік түпнұсқа
әдістерін зерттеді [2].
Ж.Мырзабековтің , П.Ибрагимовтің мәліметіне қарағанда (2005)
азықтың зоогигиеналық маңызында малды азықтандыру – олардың денсаулығына
өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды
факторларының бірі. Жануарлардың азыққа деген қажеттілігі олардың
тіршілігін қамтамасыз етуде, өсу және семіру кезінде денег жаңа
ұлпалардың тқалыптасуы мен жаңаруына, өнім өндіруге, репродуктивті
қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен қоректік және
биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады [3].
А.Ф. Кузнецовтың айтуы бойынша (1986) азықтағы қоректік заттардың
гигиеналық маңызы азық тапшылығына әсіресе жас, өсіп келе жатқан мал, буаз
мал, сүтті сиырлар төзімсіз. Төлдің өсуі бұзылады және сүйек қаңқасының
бұрын өте қарқынды өскен дене бөліктері одан әрі жетілмей қалады.
Терілерінің серпімділігі жоғалып, қатпарланады өзіне тән жылтырлығынан
айырылып, ұйпаланады. Азық тапшылығы одан әрі өсірілетін төлдің жыныстық
жағынан жетілуін тежейді, ұрғашы мал төлшілдігінің, ұрықтануының
төмендеуіне, сондай – ақ төлдегеннен кейін бұрынғы жыныстық циклінің
қалпына келуін 2-3 ай кідіртуге әкеліп соқтырады [4].
Г.Соколовтың зерттеуі бойынша (1982) улы заттар түзетін азықтарды
пайдалану гигиенасында кейбір жағдайларда мал аса сапалы азықтың өзінен
–ақ уланып жатады. Бұл белгілі бір жағдайда (дұрыс пайдаланбау, дұрыс
сақталмау т.б.) кейбір азықтағы усыз заттардың улы заттардың түзүлуінен
болады [5].
Муслимовтің Б.Б., В.И.Гершунның. зерттеулерінде азықтың минералды және
синтетикалық умен ластануының алдын алу шараларын қарастырған.(1994) Азыққа
удың түсу жолдары. Пестицидтер - өте кең таралған қуатты экзогенді у
болып табылады. Олар суда, топырақта, ауада, өсімдік құрамында болуы
мүмкін. Мал ағзаларына пестицидтер тікелей жанасқан кезде және аэрогендік,
алиментарлық жолмен түседі [6].
Лебедовтің айтуы бойынша Мал өсіру гигиенасы кітабындағы еңбегінде
әртүрлі бактериямен зақымданған азық гигиенасы туралы пікірі (1990)
өсімдікте әрқашан әртүрлі бактериялар, саңырауқұлақтар,
дрождар,актиномицеттер өмір сүреді. Ал жаңадан орып жиналған және сапалы
дәнді дщақылдар құрамында, көбінесе кокк таяқша формалы бактериялар
болады. Спора құрайтын бактериялар ішінде көбінесе, Pseudomanas herbicola
түрдегі өкілдер жиі кездеседі. Жаңадан орылып жиналған және сапалы азық
құрамында аталмыш бактериялар, басқа бактерияның барлық түріне қарағанда
92-95 пайыз құрайды. Бұл бктериялар дәнді бұзбайды және оның сапасын
төмендетпейді. Дәнді дақылды қамбада сақтағанда оның құрамындағы
Pseudomanas herbicola бактериясын саңырауқұлақтар мен кокки бактериясы
ығыстырып шығарып тастап отырады [7].
Лаптаев А.П. С.А.Поливскийдің зерттеулеріндегі ұсақ саңырауқұлақтармен
зақымданған азық гигиенасында (микотоксикоздар) (1990) 200-ден аса улы
метаболит түзетін, микроскопиялық саңырауқұлақтардың 250 ден аса түрі
белгілі. Микроорганизмдер, әсіресе ұсақ саңырауқұлақтар, интенсивті даму
кезінде азық сапасын және оның азықтық құндылығын төмендетеді [8].
И.Б. Наурызбаевтың айтуы бойынша Мал және мал шаруашылығына мал
қорасының гигиенасы еңбегінде азық цехына, азық дайындау құрал
–жабдықтарына қойылатын санитариялық –гигиеналық талаптары бойынша (1991)
мал азығына арналып дайындалған жем –шөпті азықтандыруға яғни малға
жегізуге алдын – ала дайындап, желінуін жеңілдетіп, қорытылуын
арттырады. Ол үшін шаруашылықта мүмкіндігінше арнайы азық дайындайтын
цех болғаны дұрыс. Оны арнайы бөлек орынға немесе мал қорасының жанына
біріктіріп, жапсарлата тұрғызады. Мақта күнжарасын зарарсыздандырудың ең
тиімдісі оны қыздырып, содан кейін 1кг күнжараға 0,5 г күкірт қышқылды
мырыш ерітіндісін қосады. Күкірт қышқылды мырыш госсиполмен қосылып,
оның қандағы эритроцитке деген гемолитикалық қасиетін жояды [9].
ІІI. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1. Шошқаларды күтіп-бағу және шошқалардың
өсіп-өну ерекшеліктері

Шошқаларды алғашқы рет шағылысуға 9-10 айлығында 100-110 кг салмаққа
жеткенде, қабандарды 10-11 айлығында 120-130 кг салмаққа жеткенде жібереді.
Ферма құрамына кіретін үйлер мен құрылыстар өндірісті дұрыс
ұйымдастыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетіндей болып
орналастырылады. Қора-жайларды неғұрлым қолайлы орналастыру ферманың
аумағын, ферма ішіндегі көлік жолдарын, сондай-ақ су, канализацияны, жылу
және электр жүйелерін ықшамдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін ферма үйлері
мен құрылыстары арасында қолданылып жүрген технологиялық және құрылыс
нормаларын, сонымен бірге өртке қарсы, санитарлық және зоотехникалық мал
дәрігерлік талаптар бойынша анықталған айырмашылық ережелерін сақтау
қажет.Әрбір ферма қоршалып тасталады. Оның аумағының шекарасын бойлай ағаш
отырғызылады.Ферманың аумағын жолдар мен өндірістік алаңдардың бедеріне
сәйкестендіре, жербеті суларының ағып кетуі үшін, еңістер мен науалар
(арықтар) жасап отырып көгалдандыру жоспарлары бойынша көріктендіреді.
Кешен мен ферманың аумағындағы үйлер мен құрылыстарды орналастырған
кезде аумақты аймаққа бөлу принциптерін қамтамасыз еттетін мал дәрігерлік-
санитарлық талаптар ескеріледі. Ферманы мынадай топтарға бөледі: өндірістік
және қызметпен қамту бағытындағы аймақ; өндірістік аймаң малды күтіп-бағуға
арналған барлық қораны және қолдан ұрықтандыру пунктін қамтиды. Шошқа
қораларын аймақтық шеңберінде орналастыру негізгі өндірістік тасқындарды
(азық, қи, мал, еңбек ететін адамдар) ұйымдастыруға қолайлылық туғызуға
тиіс. Торайлайтын мегежіндерді төлдетуге және мегежіндерді торайымен бірге
күтіп-бағуға арналған шошқа қораларының басқа қораларға қарағанда
мүмкіндігінше қолайлы жағдайлармен орналасқаны жөн. Аяңталған өндірістік
циклді кешендер мен ірі фермалардың өндірістік аймағы репродукция және
бордақылау аймақтарына бөлінуі тиіс.
Репродукция аймағы жер бедері бойынша жоғары және бордақылау алаңына
қатысы бойынша жел жағына орналастырылады. Өндірістік аймаққа машиналардың
кіруін шектеу үшін төсеніштер қоймасын, мал тиеуге арналған рампаны, қи
қабылдағышты, сондай-ақ, дайын азықты қабылдау пунктін өндірістік аймақтық
шекарасына орналастырады. Өндірістік аймаққа кіреберісте санитарлық және
дизенфекциялық барьер жасалынады. Аймақ қоршалып тасталады. Қызметпен қамту
бағытындағы аймақ көмекші шаруашылықты, қойманы және қосалқы үйлерді,
сондай-ақ, мал дәрігерлік объектілерді қамтиды. Аймақтық құрамында мыналар
болады: азық дайындау бөлмесі, азық қоймалары, ферма көлігінің тіркеме
құралдарына котельный, қызмет басындағы үйлер, тұрмыстық қызмет үйлері.
Әрбір шошқа фермасында мал дәрігерлік пункт, сондай-ақ, дезинфекция
құралдарының қоймасы болуы тиіс.
Мал ұстауға арналған қоралар күн сәулесі бірқалыпты және жақсы түсетін
жағында болғаны жақсы. Малды ылғалдылығы 70% азықпен азықтандырады. Ылғи
дәнді дақылды консервациялау үшін генцианвиолетті қолдану жақсы
нәтижесін көрсетуде. Саңырауқұлақ және бактериялардың өсіп - өну процесін
тоқтату ретінде ең тиімдісі оларды кептіру болып табылады. Мысалы, дәнді
дақылдағы ылғалдың мөлшері 10-12 пайызға дейін жеткізгенде зиянкестердің
өсіп -өнуі тоқталады. Әдебиеттегі мәліметке қарағанда кейінгі кезде азықты
гамма сәулесі арқылы зарарсыздандыруға болатын көрінеді. Азықтың
санитариялық сапасын жақсарту үшін және қызу процесін болдырмау ретінде,
шаруашылықта термикалық өңдеу жиі қолданылып келеді. Мұндай өңдеу
біріншіден азықты зарарсыздандырады, екіншіден азықты зиянкестерден
тазартуға қол жеткізеді.
Азықтардың белоктардың, көмірсутектердің және майлардың маңызы. Жем
–шөп мал организміне сыртқы ортадан бірден - бір протеин жеткізуші.
Құнарлы протеин жетіспесе қан сары суында белоктар синтезі төмендейді,
клеткалар мен ұлпаларда қалыпқа келтіру процестері тежеледі, олардың
қорғаныш қызметі әлсірейді. Құнарсыз протеин тұтынылса асқазан –ішек жолы
мен тыныс алу органдарының инфекцияға ұрынуына әкеп соқтырады.
Бұған әсіресе шошқа мен құс төзімсіз. Азықта нитраттар мен нитриттер,
рұқсат етілетін, шамадан асатын мөлшері кездессе олардың рационындағы
және судағы құрамы рұқсат етілетін коэфициенттен асып кетпесе малға
басқа, сапалы жем –шөппен қосып беруге болады. Малға берілетін азық
көлемін есептеген кезде рациондағы және берілетін судағы нитраттардың
тәуліктік мөлшері (г) дене массасының 1 кг : ірі қара мал үшін - 0,2;
жылқы мен қой үшін -0,4; үй қояны мен тауық үшін -1,0
Азықтық өсімдіктердің құрамындағы нитраттар мен нитриттер 0,2
пайыздан асып кетсе өте улы азоттың тотықтарын жинамас үшін щұңқырларды
2-3 күн бойы жаппай, құрамында көмірсутегі бар өсімдіктерден 40 пайыз
қоса отырып, көк массаны сүрлеп тастау қажет. Сондай –ақ, шөпті пішенге
шауып алып, шөп ұнына қайта өңдеуге, тұқымын алуға қалдыруға немесе
нитраттардың өсімдікте шоғырлануы барынша рұқсат етілетін коэффициентке
дейін төмендегенде шауып алуға болады.

3.2. Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері мен нормалары

Шошқаны азықтандыру толық теңестіру және астықты, ақуызды азықты,
витаминдерді, минералды қоспалар мен түрлі стимулярларды тиімді пайдалану,
бәрінен бұрын толық рационды құрама жем мен жемді қолдану арқылы ойдағыдай
қамтамасыз етіледі. Құрама жем мен жемді құрамында шырынды, т.б. көк
азықтыр бар рационмен қосып азықтандырады.
Жоғары сапалы құрама жемді шошқаларға сол қалпында береді, өйткені оны
булау бірқатар витаминдерді, антибиотиктерді ыдыратып және оның биологиялық
құндылығын төмендетіп жібереді. Азықтандырудың жемдік типінде оны сумен сөл
шылап беру ұсынылады. Әсіресе, арнайы түйіршіктелген жемді пайдалану жақсы
нәтиже береді. Олар біркелкі, мал жақсы жейді, бұрқылдамайды және
тасымалдау кезінде өздігінен сортталмайды, ұзақ сақталады.
Азықтандырудың жемді - картоп немесе тамыр жемісті жем типі кезінде
рационның құрамына кіретін барлық азықты араластырып, шошқаларға 70%-ке
дейінгі ылғалдылықта, қойытылған түрінде береді.
Дәнді азықты тек қана ұнтақталған түрінде пайдаланады, дәнді әр бөлігі
кемінде 1 миллиметр күйінде беруге болмайды.
Түйнек тамыр жемістерді сол қалпында береді. Бірақ оларды алдын ала
жуып, ұсақтамайды. Сүрлем мен пішенді паста тәрізді болғанша ұсақтайды.
Картопты булап беру ұсынылады, өйткені булап берген жағдайда оның
ңоректілік заттарын шошқалардың пайдалануы едәуір (20% -ке дейін) артады.
Шырынды азықтардың барлығын бұзылып кетпеу үшін жегізуден 1-2 сағат
бұрын әзірлейді. Азықты жылжымалы және тұрақты азық таратқыштармен таратып
береді. Барлық жастағы және өндірістік топтағы шошқаларды тәулігіне 2 рет
азықтандырады. Азықты неғұрлым жиі салу, тіпті, енесінен бөлінген
торайларды азықтандыру кезінде де онша пайда бермейді. Суару автоматтардан
жүзеге асырылады.
Екі айға дейінгі торайларды азықтандыру нормасы. Практикада еметін
торайларды өсірудің екі әдісі бар: енесінің бауырында 2 айға дейін ұстау;
енесінің бауырында 3-4 аптаға дейін ұстап, онан әрі жасанды сүтке немесе
арнаулы құрама азыққа көшіру. Қай жағдайда болсын, еметін торайлардың жақсы
өсуі үшін енесінің сүтті болуы қажет. Үш аптаға дейінгі қоректік заттар
қажеттігін ене сүті өтейді. Бұған қарамастан, осы кезде оларды үстеме
азыққа үйрету қажет. Торайлар өсімдікті, азық жеуді неғұрлым ерте бастаса,
соғұрлым енесінен бөлуге жақсы дайындалады, олардың асқазан жүйесі жақсы
жетіледі, екі айлығында салмағы да көп болады. Торайларға үстеме азықты
арнаулы рецепті бойынша әзірлейді және оны жеуіне қарай береді. Мұнда екі
айға дейінгі торайлардың әр 1 кг салмағы 0,07 азық өлшемі есебімен азық
береді. Алайда торайдың салмағы 6 кг-ға жеткенше оларды сүтпен не
қоректілігі жоғарғы сүтті алмастырушы азықпен асырау қажет. Әдетте,
торайларды бұл салмаққа жеткенше енесінің бауырында ұстайды, тек жетім
торайлар ғана бөлек күтіледі. Бұл кезеңде сүтті алмастырушы азықтың құрамы
шошқа сүтінің құрамына сәйкес болғаны жөн: протеин 31,8%, май 35,6% лактоза
27,7%, құн 5,6%, кальций 1,1%, фосфор 0,82%, натрий 0,2%, калий 0,41%,
магний 0,1% түріндегі микроэлементтер мен витаминдер болуға тиіс. Екі айдан
төрт айға дейінгі торайларды, азықтандыру нормасы. Екі айдан төрт айға
дейінгі торайларға қоректік заттары жеткілікті азықтың мол болғаны жөн. Бұл
кезеңде күтіп-бағу мен азықтандыру әр торай тәулігіне орта есеппен 400-500
г салмақ қоса алатындай дәрежеде ұйымдастырылуы тиіс. Салмағы 20 кг-ға
дейінгі торай 1 азық өлшеміне есептегенде: 130 г қорытылатын протеин:
салмағы 20-30 кг-ға дейінгі торай 125 г, салмағы 30-40 кг-ға дейінгі торай
120 г; амин қышқылдарынан осыған сәйкес: лизин 4,8%, 4,5% және 4,3%
метионин; 3,2% және 3% цистин; 1,1% және 0,8% триптофон (азықтағы жалпы
протеиннің), 4,5-5,5 г-нан артық емес жасұнық, 3-5 г ас тұзы, 8 г кальций,
6 г фосфор, 70 мг темір, 11 мг мыс, 50 мг марганец, 1 мг кабольт, 45 мг
мырыш, 0,2 мг йод алуы тиіс.
Витаминдер: 2500 ИЕ А, 225 ИЕ Д2, Е 18 мг, В, 1,5 мг, В2 3 мг, В3 12
мг, РР 20 мг, холин 1000 мг, В12 20 мг-нан айналуға тиіс.
Торайларға жасалған азық рационында бұл келтірілген қоректік заттар
нормасы міндетті түрде орындалуға тиіс екенін қатаң ескерген жөн. Бұлардың
біреуінің ғана ескерілмеуі бүкіл мал тұқымын асылдандыру мен шаруашылың
жұмысын жоққа шығаруы мүмкін.
Әрі қарай өсірілетін жас шошқаларға азық беру нормасы. Әрі қарай
өсірілетін жас шошқаларды азықтандырудағы негізгі мақсат - дені сау, мықты,
сүйегі мен бұлшық еттері жақсы жетілген шошқа өсіру. Бүкіл маусым бойы
олардың қосқан орташа тәуліктік салмағы 500-550г аралығында болуға тиіс.
Салмағы 40 киллограмға дейінгі әрі қарай өсірілетін жас шошқаға берілетін
әр азық өлшеміне 120 г қорытылатын протеин, салмағы 40 килограмнан 60
килограмға дейінгілері - 115 г, салмағы 60 килограмнан 80 килограмға
дейінгілері - 110 г, салмағы 80 килограмнан 100 килограмға дейінгілері 105
г, 100 килограмнан 150 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары
Шошқаларды семірту үшін азық қолдану Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері
Шошқа шаруашылығының маңызды және түрлері
Шошқа күтіп бағу гигиенасы
Шошқаның гигиенаcы
Жануарларды серуендету
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Шошқалардың гигиенасы
Шошқаның гигиенасы жайлы
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Пәндер