Биосфераның құрамдас бөлігі



Кіріспе

1.Биосфераның құрамдас бөлігі
2.Айналымдардың қалдықсыз жүруі
3.Биосферадағы зат айналымдар


Қорытынды
Жер жарындағы негізгі тіршілік ортасы, тіршілік иелері өмір сүріп жатқан орта – биосфера деп аталатыны бәрімізге белгілі. Бірақ-та сол биосферадағы зат айналымы жайлы, оның тіршіліктегі маңыздылығын көбісі түсіндіріп бере алатын жағдайда емес. Әр ғылым өз алдында, өз түсініктері бойынша түсіндіріп бере алады. Мысалы, физика әлемнің материядан тұратынын, ондағы энергия немесе зат алмасу жоғалмайтынын, жоқтан пайда болмайтынын, тек бір түрден екінші түрге ауысып отыратынын түсіндіреді. Ал география ғылымдары, биосфераның басқа қабаттардан ерекшелігін, құрылымын түсіндіріп бере алады. Сол тәрізді биология ғылымдары да биосферадағы зат айналымдарды өз тұрғысынан түсіндіріп беруге тырысты, ондағы тіршілік иелері мен қоршаған ортаның байланысын, олардың маңыздылығын...Биосфера – адамдардың денесі сияқты,- дейді көрнекті орыс ғалымы, академик В.И.Вернадский. Ол қоғам мүшелерінің сапалық еңбек етуіне қажеттің бәрін береді. Олар бір жағынан биосфераның арқасында өмір сүрсе, екінші жағынан өздері табиғат құбылыстары мен өзгерістеріне, табиғаттағы заттар айналымына қатысып отырады. Сондықтанда адамдар өздерін өлтіргілері келмесе, табиғат үдерістерін елемеуге, ескермеуге, оларды бұзуға, кейіннен түзеуге болмайтын өзгерістер енгізуге құқықтары жоқ. Сонымен қатар
адамдар осы үдерістерді өздерінің саналы бақылауларына алып, өндірістік, тағы басқа іс әрекеттер биосфераға тән үдерістермен үйлестіріп жүргізілулері керек. Мұдан адамдар өздері өмір сүретін ортаны жақсартуға, өзгертуге құқықсыз деген ұғым тумайды. Тек сол жетілдірудің пайдалы, қолайлы жолын табу қажет. Қолайлы болғанда адамдардың бүгінгі қажеттерін өтеу үшін емес, табиғатта қалыптасқан теңдестік қолайлы болуы тиіс.
1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд.
5. Көшкімбаев Қ.С. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақуниверситеті», 2000.
7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Анатілі», 1991.
8. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

Жоспар

Кіріспе

1.Биосфераның құрамдас бөлігі
2.Айналымдардың қалдықсыз жүруі
3.Биосферадағы зат айналымдар

Қорытынды

Кіріспе

Жер жарындағы негізгі тіршілік ортасы, тіршілік иелері өмір сүріп жатқан орта - биосфера деп аталатыны бәрімізге белгілі. Бірақ-та сол биосферадағы зат айналымы жайлы, оның тіршіліктегі маңыздылығын көбісі түсіндіріп бере алатын жағдайда емес. Әр ғылым өз алдында, өз түсініктері бойынша түсіндіріп бере алады. Мысалы, физика әлемнің материядан тұратынын, ондағы энергия немесе зат алмасу жоғалмайтынын, жоқтан пайда болмайтынын, тек бір түрден екінші түрге ауысып отыратынын түсіндіреді. Ал география ғылымдары, биосфераның басқа қабаттардан ерекшелігін, құрылымын түсіндіріп бере алады. Сол тәрізді биология ғылымдары да биосферадағы зат айналымдарды өз тұрғысынан түсіндіріп беруге тырысты, ондағы тіршілік иелері мен қоршаған ортаның байланысын, олардың маңыздылығын... Биосфера - адамдардың денесі сияқты,- дейді көрнекті орыс ғалымы, академик В.И.Вернадский. Ол қоғам мүшелерінің сапалық еңбек етуіне қажеттің бәрін береді. Олар бір жағынан биосфераның арқасында өмір сүрсе, екінші жағынан өздері табиғат құбылыстары мен өзгерістеріне, табиғаттағы заттар айналымына қатысып отырады. Сондықтанда адамдар өздерін өлтіргілері келмесе, табиғат үдерістерін елемеуге, ескермеуге, оларды бұзуға, кейіннен түзеуге болмайтын өзгерістер енгізуге құқықтары жоқ. Сонымен қатар
адамдар осы үдерістерді өздерінің саналы бақылауларына алып, өндірістік, тағы басқа іс әрекеттер биосфераға тән үдерістермен үйлестіріп жүргізілулері керек. Мұдан адамдар өздері өмір сүретін ортаны жақсартуға, өзгертуге құқықсыз деген ұғым тумайды. Тек сол жетілдірудің пайдалы, қолайлы жолын табу қажет. Қолайлы болғанда адамдардың бүгінгі қажеттерін өтеу үшін емес, табиғатта қалыптасқан теңдестік қолайлы болуы тиіс.

Ғалымдар биосфераның ауадағы шекарасын жер бетінен есептегенде 15 км биіктікке дейін, суда -12 км тереңдікке дейін, жер қыртысында -5 км тереңдікке дейін болады деген ортақ шешімге келді.
Биосфера - экология ғылымының зерттеу саласы болып саналатын жер
шарындағы тірі организмдер орналасқан экологиялық жүйе. Биосфераның құрамына литосфераның жоғары қабаты, гидросфера түгелімен, сол сияқты атмосфера қабаты кіреді. Биосфера тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы орта. Оларға көлемі кішігірім ін, құс ұясы, қүмырсқа илеуі, ірі тау, дала, биоценоз бен экожүйелер жатады.
Биосфераның даму эволюциясы және оның болашағы тек Жер қыртысының дамуымен байланысты.
Академик В.И.Вернадский (1863-1945) биосфераны ғылыми тұрғыда толық зерттеп, оның теориялық негізін салған.Оның биосфера туралы ілімі - жаратылыстану ғылымдары бойынша осы күнге дейін маңызын жоймаған теориялық еңбек. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы негізгі идеялары өзінің Биосфера атты еңбегінде 1926 жылы жарық көрген. Аталған еңбекте академик биосферадағы тіршіліктің дамуын, қалыптасуын, оның шекарасы мен
болашағын зерттей келіп, биосферадағы тіршіліктің негізгі қозғаушы күші - Күн энергиясы мен химиялық элементтердің тірі және өлі заттар арасындағы миграциясы жүзеге асатын зат алмасу процесі, яғни организмдердің көбеюі мен дамуы деп тұжырым жасайды. Шын мәнінде, биосферадағы жалпы тіршіліктің пайда болуы бейорганикалық элементтер негізінде органикалық заттардың пайда болуы тұрғысынан қарастырылады.
Биосфера өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар - литосфера, гидросфера және атмосфера.
Академик В.И.Вернадский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей
келе химиялық элементтердің бір тобын тірі заттар деп атады. Олар биофильді заттарға жататын сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор және күкірт элементтері еді. Биофильді элементтердің атомы тірі организмдердің денесінде күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып, көмірсуларды, липидтерді, нәруыздар мен нуклеин қышқылдарын құрайды. Ал бұл органикалық заттар тіршілік тірегі екені мәлім.
В.И.Вернадский биосфераның қалыптысу және даму эволюциясындағы тірі заттардың рөлін өте жоғары бағалады. Тірі организмдердің, әсірісе адам
баласының іс-әрекетін биосфера шегіндегі биогеохимиялық фактор деп бағалай келіп, биосфера өзін-өзі реттеп отыратын табиғи жүйе екендігін дәлелдеді. Яғни, ғаламшардағы ең жоғары сатыдағы дамыған тіршіліктің өзі тірі
организммен байланысты екендігін баса айтты. Шын мәнінде, тірі организмдер
ғарыштық энергияны жердегі химиялық энергияға айналдыра отырып, ғаламшардағы тіршіліктің көптүрлілігінің дамуына мүмкіндік береді. Осының бәрі биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы болып табылады. Бұл процестер табиғаттағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі ғаламдық зат алмасулардың үздіксіз қозғаушы күшіне айналады.
Ең басты мәселе - биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі. Соның нәтижесінде, биосфера деп аталатын үйімізде ешбір басы артық зиянды қосылыстар түзілмейді, бәрі де қайтадан айналымға түсіп, табиғаттың
өзін-өзі тазартуы жүріп жатады. Ол процестердің ең басты қозғаушы күші - Күн сәулесі екенін естен шығармауымыз керек.
В.И. Вернадский табиғаттағы зат айналымдарының тұрақты даму процесіндегі адамның рөліне ерекше мән берді. Тіптен, оның дәлелдеуінше, адам баласы теңдесі жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық күш ретінде бағаланды. Яғни, болашақтағы биосфераның тағдыры адамзаттың ақыл- ойының сапасына немесе деңгейіне байланысты екендігін болжай келе өзінің өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады. Ол биосфераның жаңа тұрғыдағы сипаты, Жердің сапалы қабықшасы - ноосфера туралы болжамдар еді. Ал ноосфера деген ұғымды ғылымға француз математигі Э.Леруа енгізген болатын.
Академик В.И.Вернадский өзінің 1944 жылы жазған еңбегінде: ...болашақ ғаламшардың түр-сипаты мен тыныс-тіршілігі адам баласының ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және оған тәуелді болады. Ең бастысы, адамзаттың санасы мен ақыл-ойының нәтижесіне байланысты биосфера тағдыры шешіледі деген тамаша болжамын айтқан болатын. Шын мәнінде, қазіргі биосфераның тұрақтылығы тек адам баласының қолында екендігін әрбір көзі ашық, көңілі сергек адам түсінеді.
Экожүйе дегеніміз - зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен
қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.
Кейбір ғылымдардың көзқарасы бойынша биогеоценоз ұғымының мазмұны негізінен зерттеліп отырған макрожүйенің құрылымдық сипаттамасын берсе, ал экожүйе ұғымы ең алдымен оның функционалдық мәнін көрсетеді. Экожүйеге құмырсқа илеуі, орманның бір бөлігі, тұтас орман, космос кораблінің кобинасы, лантшафт және бүкіл биофераның өзі мысал бола алады. Жалпы алғанда биогеоценоз экожүйеге қатысты жекеден жалпыға қарай қатынаста болады.
Табиғи экожүйелер көлемі бойынша әр түрлі болуы мүмкін: су қоймасы,
мұхит, шалғындық, орман, тайга, дала.
Экожүйе - ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әр қайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.
Ағзалар бейорганикалық ортадан химиялық элементтер мен олардың
қосылыстарының таралуының ерекшеліктері туралы ақпарат алады. Бейорганикалық орта тірі ағзаларда олардың метоболизмның (зат алмасуы)
өнімдері туралы ақпарат алады. Тірі ағзалар бір-бірімен, азық қорының болуы,
жыныстық әріптесіне, агрессия (қарсыласына белгі беру) және т.б. ақпарат береді. Табиғатттағы ақпараттық байланыстар кеңістік және уақытпен
шектеледі. Зат немесе құбылыстың ақпараттық бағалылығы ондағы ақпараттық
санына емес, кім немесе ненің бұл ақпаратты пайдалануына байланысты.
Кейбір зерттеушілер тірі жүйелердің ұйымдасуын бағалау үшін ақпараттық математикалық ілім әрпін қолдануға талпынған. Бірақ, академик В.А.Энгельгарт атап көрсеткендей, ақпараттар ілімінің математикалық аспектілері тіршілік құбылыстарының элементарлық негіздерін анализдеуге әлі де болса сәйкес келмейді. Экологиялық жүйелер функционалдық және құрылымдық белгілері бойынша ерекшеленеді. Функционалдық жіктелу экожүйеге келіп түсетін энергия көзі, мөлшері және сапасына негізделген.
Экожүйелердің құрылымдық жікелуі өсімдіктер типіне және ландшафттың негізгі белгілеріне негізделген. Құрлық экожүйелері (биомдар) өсімдіктердің табиғи белгілері, ал су экожүйелері - геологиялық және физикалық белгілері бойынша ерекшеленеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат - тірі табиғаттың дамуының жалғасы
Адам жане биосфера жайлы
Географиялық қабық
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері
Биосфера және тірі зат туралы түсінік
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері туралы ақпарат
В.И. Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің еңбектері
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
IUCN Қызыл кітабы
Пәндер